2. Көлік қауіпсіздігіне заңсыз араласу актісіне не жатады:
A) адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге, материалдық залалға әкеп соққан не осындай салдардың туындау қатерін төндірген, көлік кешенінің қауіпсіз қызметіне қатер төндіретін құқыққа қарсы әрекет (әрекетсіздік), оның ішінде террористік акт;
B) көлік құралының жол бойымен жүруі процесінде және оның қатысуымен туындаған, адамның денсаулығына зиян келтіруге, өліміне, көлік құралдарының, құрылыстардың, жүктердің бүлінуіне не өзге де материалдық залалға әкеп соққан оқиға;
C) құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетіліп, былапыт сөйлеу, қорлап тиісу, кемсіту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдіру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер;
D) медицина және (немесе) фармацевтика қызметкерлерінің кәсіптік қызметін жүзеге асыруына кедергі келтіру, сол сияқты олардың кәсіптік қызметіне заңсыз араласу;
E) өндірістік ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің (маманының) болмауы.
3. Көлік қауіпсіздігі кімге бағытталған:
A) жолаушылар, жүк иелері, алушылар мен тасымалдаушылар, көлік құралдарының, көлік кешенінің иелері мен пайдаланушылары және оның қызметкерлері, елдің экономикасы мен бюджеті, көлік кешеніндегі қауіп-қатерлерден қоршаған орта;
B) IT-технологиялар саласындағы мамандар;
C) агроөнеркәсіптік кешен секторындағы мамандар;
D) заң қызметтерін көрсету саласындағы мамандар;
E) автожол төсемін жөндеумен айналысатын тұлғалар.
қабылдаудан бас тартуы;
E) жол-көлік оқиғаларын, жол жүрісінің экологиялық жағдайға, халықтың денсаулығына теріс әсерін болғызбауға, олардың зардаптарының ауырлығын төмендетуге, сондай-ақ осындай зардаптарды жоюға бағытталған қызмет жатады.
4. Көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге не бағытталған:
A) химиялық, бактериологиялық, ядролық және радиациялық қауіпсіздік;
B) су объектілерін заңсыз басып алу, оның ішінде сарқынды және басқа да суларды ағызу, заңсыз су пайдалану, су пайдалану құқығын қайта табыстау, сондай-ақ суға мемлекеттік меншік құқығын тікелей немесе жасырын нысанда бұзатын басқа да мәмілелер жасау;
C) мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілердің Қазақстан Республикасының мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасына сәйкес белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізудің шекті бағасын асырып жіберуі;
D) Қазақстан Республикасының аумағында сауда қызметін жүзеге асыру (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) кезінде қабылдауға міндетті дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді және (немесе) аударымдарды қабылдаудан бас тартуы;
E) жол-көлік оқиғаларын, жол жүрісінің экологиялық жағдайға, халықтың денсаулығына теріс әсерін болғызбауға, олардың зардаптарының ауырлығын төмендетуге, сондай-ақ осындай зардаптарды жоюға бағытталған қызмет жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |