10. КУРС ОҚЫТУ САЯСАТЫ МЕН ТӘРТІБІ
Тыңдаушылардың міндетті:
- барлық сабаққа қатысу және дәрісханаға уақытында келу. Сабаққа жүйелі түрде қатысу. Қатысым семестр бойы тексеріледі. Жіберілген материалдарды меңгеру курсанттың міндеті болып табылады.
- оқу үрдісіне белсенді қатысуға;
- жеке жұмыстарды ынталы орындауға;
- курсанттар ұсынылған оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттерді немесе басқа да деректемелерді қолдана отырып, өзіндік жұмысын белгіленген мезгілде және белгіленген мөлшерде орындауға;
- аралық бақылау, сынақ – емтихан сесиясының кестесін қатаң сақтауға;
- жіберілген немесе қанағаттанарлықсыз бағаларды уақытында өтеуге;
- оқытушыға кедергі келтірмей, оқу бағдарламасын меңгеруге.
- оқытушыға сабақ жүргізуге немесе курсанттарға оқу бағдарламаларын меңгеруге кедергі жасамауға. Мысалы: әңгімелесу, үнемі келіспеушілік білдіру, үнемі басқа курсанттардың сөзін бөлу, жеке балағаттау, аудиторяны алаңдататын ауызша ұсыныс және басқаларын айту, оқытушының тапсырмасын орындаудан бас тарту. Аудиторияны жұмыстан алаңдататын ұялы телефон немесе басқа да электрондық құралдарды ұстауға қатаң тыйым салынады.
Аралық аттестация ерекшеліктері:
1) Емтиханда дәріс конспектілерін, кітаптарды, басқа да жазбаларды қолдануға тыйым салынады. Қорытынды емтиханда қорытынды бағаларды жақсарту үшін қосымша тапсырмалар қарастырылмаған. Емтиханды өткізу саясатын сақтамаған курсант емтиханнан шығарылады, сондай-ақ емтиханды тапсырмаған болып есептеледі.
2) Емтиханда «қанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда курсант емтихан сессиясы толық аяқталғаннан кейін ғана қайта тапсыруға мүмкіндік алады.
«Қанағаттанарлықсыз» бағаны екі рет қайта тапсыруға рұқсат етіледі:
- бірінші қайта тапсыру кезінде емтихан өткізудің бастапқы, бекітілген нысаны сақталады.;
- екінші қайта тапсыру комиссиялық емтихан түрінде жүзеге асырылады.
Екінші қайта тапсыру қорытындысы бойынша "қанағаттанарлықсыз" баға алған курсанттар академиялық үлгермегені үшін оқудан шығарылады.
Достарыңызбен бөлісу: |