3. Механикалық көлік құралының жүргізушісінде:
А) Қазақстан Республикасында берілгендерді қоспағанда, көлік құралын басқару құқығына жүргізуші куәлігі не жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәлік;
B) кез келген елде берілген көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік не көлік құралына меншік құқығы туралы куәландыратын құжат;
C) жүргізушінің жеке куәлігі;
D) дұрыс жауаптар А және С;
E) Барлық жауаптар дұрыс.
4. «А» санатына көлік құралдары жатады:
A) Мотоциклдер;
B) рұқсат етілген ең жоғары массасы үш мың бес жүз килограмнан аспайтын автомобильдер;
C) жолаушылар тасымалдауға арналған және сегізден астам отыратын орны бар автомобильдер;
D) рұқсат етілген ең жоғары массасы жеті жүз елу килограмнан асатын тіркемеге тіркелген;
E) трамвайлар.
5. Қазақстан Республикасының Көлігі:
A) темір жол, автомобиль, теңіз, ішкі су, әуе, қалалық рельстік, магистральдық құбыр көлігі;
B) темір жол, автомобиль, теңіз, су, әуе, қалалық рельстік;
C) темір жол, автомобиль, теңіз, ішкі су, әуе, қалалық рельстік;
D) теміржол, автомобиль;
E) теміржол, автомобиль, мосркой, ішкі су, әуе.
6. Жолаушыларды тасымалдауға арналған және жүргізушінің орнынан басқа сегізден астам отыратын орындары бар автомобильдер қай санатқа жатады:
A) «А»Санаты;
B) «D»Санаты;
C) «B»Санаты;
D) «C»Санаты;
E) «BE»санаты.
7. Рұқсат етілген ең жоғары массасы жеті жүз елу килограмнан асатын тіркемемен тіркелген автомобильдер қандай санатқа жатады:
A) «BE»санаты;
B) «D»Санаты
C) «B» Санаты.
D) «А»Санаты.
E) «C»Санаты.
8. Автомобиль жолы-бұл:
A) автомобильдер мен басқа да көлік құралдарының белгіленген жылдамдықпен, жүктемелермен, габаритпен үздіксіз, қауіпсіз жүрісін қамтамасыз ететін, автомобильдер жүрісіне арналған инженерлік құрылыстар кешені, сондай-ақ осы кешенді орналастыру үшін берілген жер учаскелері (көлік жерлері) және олардың үстіндегі белгіленген габарит шегіндегі әуе кеңістігі;
B) Қазақстан аумағындағы елді мекендер мен жекелеген объектілерді біріктіретін және көлік құралдарының жүруіне, жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған жолдар желісі;
C) Көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің жүруі үшін жайластырылған немесе ыңғайластырылған және пайдаланылатын жердің барлық бөлінген жолағы не жасанды құрылыстың үсті;
D) Көлік құралдарының қозғалысы үшін пайдаланылатын жолдың бөлігі;
E) көлік қозғалысына арналған және тиісті белгілермен белгіленген жеке жол немесе жолдың бөлігі.
Достарыңызбен бөлісу: |