3.3 Қосалқы құрылғылар мен құрылыстарды ұстау тәртібі
Құбыр жолдары олармен тасымалданатын заттарға байланысты ажырату бояуымен, цифрлық белгілеумен және өнімнің қозғалыс бағытымен қамтамасыз етіледі.
Газ құбыры, өнім құбыры жарылған кезде авария ауданы дереу қоршалып, ескерту белгілері қойылып, осы аудандағы қозғалыс тоқталып, аварияны жою жөнінде шаралар қолданылады.
Газдың немесе мұнайдың кемуі бар құбыр жолы бұзылғанда, сондай-ақ өрт шыққан жағдайда өртке қарсы қызметі мен газдан қорғау қызметін шақыру қажет. Сонымен қатар аварияны жою жөнінде шаралар қабылданады.
Құбыр жолдарында тұйық учаскелердің болуына жол берілмейді.
Жарылу өртену қауіпі бар орталарды айдауға арналған құбыр жолдарында «қамыттар» болған жағдайда пайдалануға жол берілмейді.
3.4 Компрессорлық және сорғыш станцияларды ұстау тәртібі
Компрессорлар мен сорғыштардың технологиялық параметрлерін бақылау бойынша барлық бұғаттағыш және дабыл беру құрылғылары үнемі жарамды күйде ұсталады.
Сұйықтықтың деңгейін бақылап тұру үшін сепараторда дыбыс немесе жарық сигнализациясы қарастырылады. Сепаратордағы сұйықтықтың деңгейін бақылау жүзеге асырылады, жиналып қалуына және кейін компрессордың қабылдауына оның түсуіне жол берілмейді.
Газ сығымдағыштарының және олардың газ құбырларының барлық қосуларын герметикалығына үнемі тексеріледі. Газдың кемуі байқалған жағдайда компрессор тоқтатылып, ақаулық жойылады. Жұмыс істеп тұрған компрессорда газдың кемуін жоюға жол берілмейді.
Клапандық қораптар мен әуе поршень компрессорлары майлы шөгінділер мен күйіктерден үнемі тазартылады.
Жарық беру құрылғылары жұмыс істеген немесе электр энергиясын авариялық сөндіру кезінде газ компрессорлық станцияларында жарылыстан қорғалып орындалған аккумуляторлық шамдарды қолдануға рұқсат беріледі.
Компрессорлық үй-жайда газдылық немесе өрт шығу қаупі төнгенде компрессорларды авариялық түрде тоқтатып, қысымды түсіріп, авария орнына газ жеткізу тоқтатылады.
Жалпы сыйымдылығы үш тәуліктік қордан аспайтын майға арналған жұмсалатын шағын ыдыстарды өз бетімен сыртқа шығу жолы және сығымдағыштан бөлек өртке қарсы қабырғасы бар үй-жайға орналастыруға болады.
Компрессорлық және сорғыш станцияларының үй-жайларында барлық желдеткіш құрылғыларының дұрыс және үздіксіз жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі.
Тұрақты компрессорлардың авариялық тоқтату түймелері компрессор залдарының үй-жайларынан шығу орындарында немесе басқа да ыңғайлы және қауіпсіз жерлердегі басқару пульттерінде орналастырылуы тиіс.
Газ моторының тұтандырғыш білтесінің түйісуінде ұшқыны бар компрессордың жұмыс істеуіне жол берілмейді.
Компрессор ішінде ұшқындату арқылы шырақтардың жарамдылығын тексеруге жол берілмейді.
Компрессорды іске қосқанда пайдаланылған өнімді шығару жүйесінде тұтану мен жарылыстарды болдырмау үшін пайдаланылған өнімді шығару жүйесін қысылған ауамен үрлегеннен кейін магнетоны қосу және отын газы жеткізіледі.
Өрт, жарылыс қауіпті өнімдерді айдап қотаратын сорғыштар, сорғыштармен бір рамада орналасқан электр қозғалтқыштарының жерге қосылғанына қарамастан, жерге қосылады.
Сорғыштарды үрлегенде шығарылатын өнімді үй-жайдан тыс жерге, сұйық өнімді құбыр жолы арқылы арнайы сыйымдылыққа, ал булар мен газдар шыраққа немесе шамға шығарылады.
Сорғыштармен жұмыс істегенде үйкелетін бөлшектерін, сондай-ақ сорғыштардың мойынтіректері мен тығыздамаларының температурасы үнемі бақыланады. Майлау материалдарының ағуына және шашырауына жол берілмейді.
3.5 Алау шаруашылығын пайдалану тәртібі
Алау қашықтықтан жағылады.
Барлық қолданыстағы алаулар кезекші оттықтармен қамтамасыз етіледі.
Алаудың айналасындағы аумақ кемінде 50 метр радиуста қоршалады және сақтандырғыш белгілерімен көрсетіледі.
Алау аумағының қоршалу шегінде құдықтар, шұңқырлар және басқа да ойықтар орнатуға жол берілмейді.
Алау құбырына кіргізер алдында газ құбырларында қарауға және жөндеу жұмыстарын жүргізуге қол жететін от бөгеушілер орнатылады.
Магистралдық алау құбыры жолында шырақтың оқпанынан кемінде 50 метр қашықтықта орналасқан жалпы сепаратор қарастырылады. Алау құбыр жолының сепаратор жағына қарай еңкіш болуы қамтамасыз етіледі.
Жалпы алау жүйесіне:
жабдықты үрлегеннен кейін құрамында төменгі тұтану шегінен 50%-ға кем концентрациядағы жанғыш газдары бар инерт газын;
аппараттар мен құбыр жолдарынан шығарылған ауаны, сондай-ақ таза инерт газын;
шіруге, ашуға, полимеризациялауға, жылу шығаруға бейім және алау газ құбырының өткізу қабілеттілігін шектеуге қабілетті өнімдерді бұруға жол берілмейді.
3.6 Технологиялық жабдықты ұстау тәртібі
Кәсіпорындарда негізгі цехтерге, учаскелер мен қондырғыларға арналған технологиялық және электр жабдығын тазалау кестелері әзірленеді.
Пайдаланылатын технологиялық жабдық күн сайын (шикізатты алғаш қайта өңдейтін цехтерде – ауысымда кемінде бір рет), ал электр жабдығы, шамдар, электр өткізгіштері, техникалық өрттен қорғау құралдары (спринклерлік, дренчерлік, өрт хабарлағыштары), құрылыс құрылымдары, оның ішінде жабындар аптасына кемінде бір рет оларға отырған жанғыш тозаңнан, ұлпадан тазартылуы қажет. Бұл ретте тозаң жинау құралдарын (оның ішінде сығылған ауамен үрлеуді) және дымқылмен жинауды қолдану қажет. Кәсіпорын бұйрығымен лауазымды адамдар қатарынан осы жұмысты жүргізу үшін жауаптылар тағайындалады.
Технологиялық жабдық үрлеу және тазалау алдында ажыратылады.
Технологиялық жабдықтың барлық жіктері мен қосқыштары сенімді тығыздалады, бұл ретте өндірістік және қойма үй-жайларындағы ауа өткізгіштердің жіктері мен қосқыштары жанбайтын немесе Г1 тобындағы материалмен тығыздалады.
Машиналар мен агрегаттардың тозаңсыздандыратын құрылғыларынан ауаны тазалауға арналған сүзгіштер оқшауланған үй-жайларда орнатылады.
Жабдық сүзгіштерінің жанатын материалы мерзім сайын, бірақ жылына бір реттен жиі емес оттан қорғау құрамымен өңделеді.
Зығыр түткіш, иіру-дайындау, тоқыма дайындау, тоқыма және брактау-өлшеу цехтерінің жұмыс істейтін үй-жайларында тозаң қосылымы шекті мөлшерден ауына жол берілмейді.
Рециркуляциялау кезінде жабдықтан шығарылатын тозаңданған ауа тиісті сүзгіштерде екі сатылы тазартылады.
3.6.1. Өрт сөндіруді ұйымдастыру тәртібі
Кәсіпорынның барлық ғимараттары мен құрылыстарында еркін қол жеткізу қамтамасыз етіледі. Ғимараттар, құрылыстар, шикізат пен материалдар қатарларының арасындағы өртке қарсы аралықтарды үймелеуге жол берілмейді.
Шикізаттың, өндіріс қалдықтарының, өндірістік тозаңның, дайын өнімнің жануы (өздігінен тұтануы) анықталғанда дереу кәсіпорынның өрт күзетіне және өрт сөндіретін авариялық-құтқару бөлімшесіне хабарланады, қызмет көрсетуші персонал эвакуациялау шараларын қабылдайды және барлық жабдықты токтан ажыратып, болған оқиға туралы кәсіпорын басшысына хабарлайды.
Қауіпті авария алдындағы факторлар (жанған шикізаттың, күйіктің, түтіннің иісі, машиналардың айналатын бөлшектерінің авариялық үйкелісі, жабдыққа бөгде заттар түскен, машинаға өнімнің үйілуі кезіндегі жоғары температура, шу, діріл) пайда болғанда барлық көлік жабдығы тоқтатылып, мұқият тексеріледі. Оны іске қосу ақаулықтардың себептерін анықтағаннан және оны жойғаннан кейін ғана жүргізілуі мүмкін.
Технологиялық (көлік) желісі автоматты (авариялық) тоқтаған кезде бұғаттау іс-әрекетін жүргізуге сигнал берген құрылғыны (жылдамдықты бақылау релесі, шикізат беру тетігі, электр қозғалтқышы жетегінің шамадан тыс ток жүктемесінен қорғау ) айқындау, оны іске қосу себебін анықтап жою қажет. Технологиялық (көлік) желіні кезекті іске қосу алдында оны материалдардан босатып, ақаулығы жойылады.
Технологиялық, көлік немесе аспирациялық жабдықта жанып жатқан (бықсыған) өнім анықталған кезде оны дереу тоқтату қажет, ол туралы дереу цех бастығына, кәсіпорын басшысына және мемлекеттік емес өртке қарсы қызметке хабарланады. Бір мезгілде осы учаскеде (қажет болған жағдайда) барлық өндірістік жабдықты және желдеткіш қондырғыларын тоқтатып, желдеткіштің ауа жолдарын жауып, электр желісі өшіріледі.
Жану ошақтарын жойғаннан кейін барлық ауа өткізгіштерді, сүзгіш камераларын, тозаң камераларын (тозаңды жертөлелерді) және өзге де желдеткіш пневмо жабдығын, сондай-ақ технологиялық машиналарды әбден тазалағанға дейін желдеткіш және пневмокөлік қондырғыларын іске қосуға жол берілмейді.
Өрттерді өндірістің тозаңды қалдықтар суының бағытталған жиынтық ағыстарымен сөндіруге жол берілмейді.
Компрессорлы газ құбырларында
өрт сөндiру кезiнде ӨСБ міндеті :
ГТҚЖ-ның күшейтiлген буындарымен бiрнеше бағытта барлау жүргiзуге;
оқпандарды есiк, терезе және технологиялық ойықтар арқылы, саты торлары, көршi жайлар жағынан жанған жердiң алдыңғы жағынан беруге, оқпандарды бiр мезгiлде төмен және жоғары орналасқан қабаттарды және аралас жайларды, тозаң тұратын камералар мен шатыр жайларын қорғау үшiн беруге;
газ бар жайларға су шашатын оқпандарды қолдануға және тек бөлмелер дымқылданғанан кейiн ғана оны жинақталған оқпанмен сөндiруге;
ойықтарды қорғау үшiн дренчерлiк қондырғыларды қосуға, қондырғы болмаған жағдайда ойықтарды оқпандармен қорғауға;
пневматикалық және монорельстiк көлiктiң желдеткiш жүйелерiн өшiруге, егер осы жүйелер бойынан от тараған жағдайда оны сөндiру үшiн көбiктi қолдануға;
техникалық шатырларда, тозаңды жертөлелерде және басқа жертөле жайларында өрт шыққан кезде шашыранды суды немесе ұнтақты қолдануға мiндеттi.
4. Қозғалмалы өрт техникасымен өрт сөндіруді ұйымдастыру.
4.1. Өрт дамуының негізгі параметрлерін жобалау (1-ші нұсқа).
Өрт компрессорлы газ құбырлар нысанында пайда болды, келесі өрттің даму шарттарын қабылдаймыз:
-
сыртқы ауа температурасы + 80;
-
әр бөлмеде адамдар бар;
-
өрт тарауының тікелей жылдамдығы VЛ=3,0 м/мин
-
өрт машина залында пайда болды.
Нысанның жедел-тактикалық қатынаста меңгеру қорытындысында келесілер анықталды, компрессорлы газ құбырлар нысанында өрт пайда болған кезде қатты түтінденуден аса қиын жағдай туындайды және ғимаратқа үлкен материалды шығын әкеледі. Өрт ауыртпалығы 100 кг/м2 дейін құрайды.
Өрттің үлкен ауданы орама қоймасының ортасында пайда болған жағдайда болуы мүмкін, өрт әртүрлі материалдармен максималды жылдамдықпен тараған кезде.
1. Өрттің еркін даму уақытын анықтаймыз (оттың пайда болу уақытынан сөндіруге оқпандарды бергенге дейін).
tСВ = tОБН + tСООБ + tОБР.ИНФ. + tСБ + tСЛ + tБР
мұндағы: tОБН - өртті табу уақыты, мин;
tСООБ – өрт туралы хабарлау уақыты, мин;
tОБР.ИНФ – ақпаратты өңдеу уақыты, мин;
tСБ – жиналу уақыты (1 мин. деп аламыз);
tБР – жауынгерлік қанат жаю уақыты, мин;
tСВ = 3 + 1 + 1 + 1 + 4 + 3 = 13 мин.
сл60 * L
Vсл.
мұндағы: L - өрт бөлімінен нысанға дейінгі арақашықтық, км;
Vсл - ӨА жылдамдығының орташа жылдамдығы, км/сағ;
сл60 *34мин.
45
2. Өртің еркін даму уақытындағы отпен өтілген жолды анықтаймыз:
L (R) = = 5 х VЛ +VЛ х τ 2= 5 х 3,0 + 3,0 х 20 = 75 м
мұндағы: 1 = 10 мин – 0,5Vл жылдамдығымен өрттің тарау уақыты, анықталмаған кестелі көлемінің температуралық режимінен.
tСВ -1 = 29 - 10 = 19 мин.
Өрттің пайда болу орынынан от барлық жаққа тарады және қойма қабырғасына жетті, төмендегі уақыт ішінде:
а ; б ;
0,5Vл 0,5Vл
мұндағы: а – қойманың ені, м;
б – қойманың ұзындығы, м.
Оқпандарда берген уақытқа дейін от келесі бөлмеге тарайды және өрттің даму пішіні тік бұрышты болады.
3. Өрт ауданын анықтаймыз:
SП = а*b
мұндағы: а – өрт шебінің ені;
b – бөлме ұзындығы.
SП = 40*5 = 200 м2
Қол оқпанадарының аса тиімді сөндіру тереңдігі hm = 5 м, а лафетті опан - hm = 10 м.
4. Өрт сөндіру ауданын анықтаймыз:
SТ = n*a*h=40*5*0,8=160м2
5.Компрессорлы газ құбырлар нысанында өртті сөндіру үшін өрт сөндіру құралдарының (су) қажетті шығынын анықтаймыз:
QТТР = Sп * JТР = 200 * 0,06 = 12 л/(м2*с)
мұндағы, Jтр – су берудің қажетті интенсивтілігі, л/(с м2),
Jтр = 0,06 л/(м2*с)
6. Қорғауға өрт сөндіру құралдарының қажетті шығынын анықтаймыз, қорғау ауданын анықтаймыз:
QЗТР = Sт * JТР/4 = 160*0,06/4 = 2,4 л/(м2*с)
7. Жалпы қажетті шығынды анықтаймыз:
Q = Q + Q
Q = 12+ 2,4 = 14,4 л/(м2*с)
8. Өрт сөндіру үшін оқпандар санын анықтаймыз:
N = Q/qСТ = 12 /7 = 2ст. «А»,
-
Көрші бөлмелерді қорғау үшін оқпандар санын анықтаймыз:
Nоқп «Б» =ST J/Q оқп «Б»= 200*0.06/3.5=4 оқпан
N қорғау = 4 оқп «Б»
Шатырға қорғанысқа 1-оқпан «Б» береміз
Көрші бөлмелерді қорғанысқа 1-оқпан «Б» береміз
10. Судың нақты шығынын анықтаймыз:
Q = NТСТ * qСТ + NЗСТ * qСТ
Q = 2 * 7 + 4 * 3,5 = 28л/с
Салыстырамыз: Q и Q
28 > 14,4 теңестіру орындалды.
11. Объекттің сумен қамтылуын анықтау:
QВ = (VВ*dСЕТИ)2
мұндағы: QВ – су тарату жүйесінің су беруі
VВ – құбыр бойымен судың қозғалу жылдамдығы,
dСЕТИ – құбыр диаметрі труб, дюйм (1 дюйм = 25,4).
QВ = (1,3 *6)2 = 61 л/с
Объект сумен қамтылған.
12. Қажетті өрт машиналар санын анықтау:
NМ = Q/0,8*QН
QН – автомобильдің сорғыш шығыны, л/с.
NМ = 28/0,8 * 40 = 1 ПА
13. Қажетті бөлімше санын анықтау:
Nбөл = Q/Qбөл
мұндағы: Qбөл - бір бөлімше бере алатын өрт сөндіру заттарының шығыны, л/с.
Nбөл = 28/14 = 2 бөл.
Ірі өрттерді сөндірудің практикалық кемділігінен шыға отырып, түтінденген бөлмеде жұмыс жасап жатқан ГТҚҚ жеке құрамын ауыстыруға резерв қарастыру керек. Резерв өрт сөндіруде жұмыс жасап жатқандардың ГТҚҚ буынының санынан 30 % құрауы қажет.
NЗВ.ГДЗС = NЗВ.РАБ + 30 % = 3 + 1,2 = 4,2 (3 ГТҚҚ буынын қабылдаймыз)
14. Қажетті жеке құрам санын анықтыймыз:
NЛС = N*3 + N*2 + NМ + NПБ + NСВ + NРАЗ =
2*3 + 4*2 + 1+ 2 + 2 + 1 = 20 адам.
мұндағы: N*3 – өрт сөндіру бойынша оқпандар бағытында тұрған адамдар саны, оқпаншыларды қоса (ГТҚҚ буындары да ескерілген).
N*2 – қорғау бойынша оқпандар бағытында тұрған адамдар саны, оқпаншыларды қоса;
NМ – қысымды-жең жұйесіндегі жұмысты бақылаудағы адамдар саны (машина саны бойынша);
NПБ – қауіпсіздік постындағы адамдар саны (ГТҚҚ буындарының саны бойынша);
NСВ – байланысшылар саны;
NРАЗ – таратқышта және т.б. жұмыс жасаушылардың саны.
15. Негізгі тағайындалған бөлімдердің қажетті санын анықтау және гарнизонды кесете бойынша өртке шақыру номерін анықтау:
Nбөл = NЛС/4
Nбөл = 20/4 = 5 бөл.
16. Өрт сөндіру құралдарын беру бойынша шекті арақашықтықты анықтау:
LПР = [HН - (HР ± ZМ ± ZСТ)/SQ²]*20
мұндағы: HН – сорғыштағы қысым, м.;
HР – таратқыштағы қысым, м., (HР = HПР + 10);
ZМ – шекті арақашықтықтағы жергілікті жердің аса жоғары көтерілу (+) немесе түсу (-), м.;
ZСТ – таратқышты орнату орынынан немесе өрттегі жергілікті жердің аса жоғары оқпандардың көтерілуі немесе түсуі, м.;
S – бір өрт жеңінің кедергі келтіруі;
Q – бір аса жүктелген магистралды жең сызығының суммарлы су шығыны, л/с.;
SQ² - бір магистралды жең сызығындағы қысымның жоғалуы, м.
LПР = [90 - (50 + 0 + 4)/0,015 * 10,52]*20 = 208 м.
17. АЦ-да қарауылы екі бөлімше құрамында бере алатын өрт сөндіру құралдарын анықтаймыз. Қарауылы түтінденген бөлмеге бір оқпаннан бере алатын екі ГТҚҚ буыны ғана бар, сонда:
Qф = Nбөл * nбөл.ст * qст = 5* 3 * 3,5 =52л/с,
мұндағы: Nбөл – өрт орынына келген АЦ-дағы бөлімше саны;
qст – оқпандағы су шығыны, л/с;
nбөл.ст – өрт сөндіруге бір бөлімше бере алатын оқпандар саны (немесе қорғауға);
Qф = 52 л/с Qтр = 12 л/с
Сәйкесінше, өртке бірінші келген бөлім өрт сөндіруге қажетті оқпандар санымен қамтамасыз ете алмайды.
Бірінші келген бөлімнің күш пен құралдарды кіргізу сәтіндегі өрттегі жағдай және бірінші ӨСЖ қабылданған шешімдер:
-
барлау барысында анықталды:
-
жанып жатқан бөлмеде адамдар жоқ, бірақ басқа қабаттарда адамдар бар, қауіпті факторлар олардың өміріне қауіп төндіруі мүмкін;
-
компрессор залындағы өрт ауданы 200 м2 құрады;
-
өрттің тарау жылдамдығы 3 м/мин.
Бірінші өрт бөлімі келгенге дейін шешуші бағыт күш пен құралдары құтқару жұмыстарын қамтамасыз ету үшін жұмсалады.
Бірақ бірінші бөлім күш пен құралдарды өрт сөндіруді қамтамасыз ете алмайды, өртке келгендер:
АЦ-5-40, АЦ-2,5-40, АЦ-7-40,.
Өрттегі жағдайды және жеке құрамының тактикалық мүмкіндіктерін ескере отырып адамдарды құтқару бойынша шараларды жүргізу үшін барлау тобы ұйымдастырылды және ГТҚҚ буынымен өрт сөндіруге екі РС-70 оқпаны және бір РСК-50 берілді. ӨБП-қа қосымша күш пен құралдардың келуі үшін шақырудың жоғарылатылған нөмірін хабарлайды.
Адамдарды ғимараттан көшіру.
Адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты мәселелерді шешу, өзінің спецификалары бар болғандықтан үлкен қиындықты тудырады.
Көшірудің қажетті уақыты - өрт кезіндегі жұмыс аймағының деңгейінде өрттің қауіпті факторлары пайда болатын уақыт.
Көшірудің қажетті уақытын анықтау үшін өрттің қауіпті факторларының мағынасын білуі қажет, және одан басқа өрт кезінде осы мағыналардың пайда болу уақытын анықтай білу керек.
Өрттің қауіпті факторларының құрамына қоршаған орта температурасы, сәулелі ағындар, жанудың улы өнімдері және түтіндену саладарынан көрінудің жоғалуы жатады.
Қоршаған орта температурасы. Аса қауіптілікті қыздырылған ауаны жұту болып табылады, ол жоғарғы дем алу жолдарына зиян тигізеді, түншықтырады және өлімге әкеледі. 1000С жоғары температура әсері есінен танып қалуына және бірнеше минуттан кейін өлімге әкеліп соғады. Сонымен қатар тері күйіктері қауіпті. Медицинаның күйіктерді емдеуінің үлкен жетістіктеріне қарамастан 2 дәрежелі денесінде 30% күйік алса, тірі қалуға оның мүмкіндігі аз.
Кестеде қоршаған ортадан 2 дәрежелі күйік алған уақыт байланыстылығы келтірілген.
Қоршаған орта температурасы,0С
|
1093
|
371-482
|
176
|
100
|
71
|
2 дәрежелі күйік алған уақыты, с
|
1
|
3
|
7
|
15
|
26
|
Жүргізілген зерттеулермен анықталған, ылғал атмосферада екінші дәрежелі күйікті 550С температура 20 с. әсер еткен кезде тудырады және 700С кезінде 1 с. әсер еткен кезде тудырады, және өрт жағдайында 69-710С кезінде бірнеше минут адам өміріне кауіп төндіреді.
Сәулелі ағындар. Кейбір жағдайларда адамдарға сәулелі ағындар қауіп төндіреді. Зерттеумен анықталғандай, қонақүй мекемелерінде әртүрлі заттар мен материалдардың көшіру жолында жануы кезінде өрттің 0,5 мин кейін көшіріліп жатқан адамдарға сәулелі ағын қауіп төндіреді. Сәулелі ағындарды тағы бір үлкен интенсивтілігі әртүрлі технологиялық қондырғылдардың жануы кезінде байқалады. Кейбір жағдайларда арнайы қорғаныс құралдарынсыз адам мұндай қондырғыларға 10 м жақын алмайды.
Кестеде адам үшін қауіпті сәулелі ағындардың мағыналары келтірілген.
Жылулық радияцияның интенсивтілігі
Вт/м2
|
840
|
1400
|
2100
|
2800
|
3500
|
7000
|
8750
|
Орын ауыстыру уақыты,с
|
360
|
150
|
40-60
|
30-40
|
10-30
|
5-11
|
3-8
|
Жанудың улы өнімдері. Полимерлі және синтетикалық өнімдері көп АКЖ мекемелеріндегі өрт адам өміріне жанудың улы өнімдері қатты әсер етуі мүмкін. Жану өнімдерінің құрамында уландыру әсері бар 50-100 химиялық қоспалар түрі бар болады, әртүрлі мемлекеттің ғалымдарының айтуы бойынша өрт кезіндегі адамдардың өлімінің негізгі себебі көміртегі тотығынан улану болып табылады.
Көміртегі тотығы қан гемоглобинімен оттегінен гөрі 200-300 есе жақсы әсер етеді, артынша адам ағзасы оттегімен қамтылуынан айырылады. Оттегі жетіспеушілігі, ойлау қабілетін жоғалтады, адам ештеңе сезбейді, қауіптіліктен қашуға тырыспайды, басы айналады, қозғалыс координациясы бұзылады, ал тыныс алуы тоқтаған кезде - өлім келеді.
Кестеде өрттің қауіпті факторларының жобалы критикалық мағыналары келтірілген.
Өрттің қауіпті факторлары
|
Өлшемі
|
Критикалық мағынас
|
Қоршағанс орта температурасы
Сәулелі ағындар
орта әлсіреуі коэфф.
Ауадағы заттар концентр.:
цианистті сутегі
фосфор
азот тотығы
күкірт сутегі
хлорлы сутегі
көміртегі тотығы
күкірт ангидриді
көміртегі тотығы
оттегі
|
0С
Вт/м2
м-1
г/м3
|
70
3000
0,46
0,2
0,2
1
1,1
3
3,6
8
162
214 (немесе 15%)
|
Жоғарлатылған шақыру бойынша күш пен құралдарды енгізу сәтіне дейінгі өрттегі жағдайды анықтау.
1. Жоғарлатылған шақыру бойынша келген өрттің пайда болуынан соңғы бөлім оқпандарын бергенге дейінгі өрттің даму уақытын анықтаймыз:
τсв2 = τсв1 + τсл2 + τбр = 10,5 + 1,5 + 4,5 = 16,5 мин.
Мұндағы өрттің ауданын анықтаймыз.
Қойманың және көрші бөлмелердің қабырғаларының отқа төзімділік шегі 0,75 сағ. тең, яғни 45 мин, ал қосымша күштер мен құралдар өрт пайда болғаннан 16,5 минуттан кейін келеді, сонда өрттің дамуы өзгермейді, сондықтан: τсл = 60 *34,5мин.
40
2. Жоғарлатылған шақыру бойынша келген ӨСБ оқпандарды беру сәтіне дейінгі:
Sт = 60 м2 Qтр = 18 л/с
Қорытынды: Қарастырылған шығу кестесімен өрт бөлімдерінің жоғарлатылған шақыруы қоймадағы өртті сәтті сөндіруді қамтамасыз етеді. Күш пен құралдардың орналасуы (графикалық бөлімін қара 4-парақ).
Өрттегі орташа көлемді температураны анықтаймыз.
Жылу алмасу беткі қабатын анықтаймыз:
S = Sпол + Sпер + Sст,
мұндағы: Sеден , Sпер , Sст - еден, аражапқыш және бөлме қабырғаларының ауданы, м2.
Sеден = 12* 19 = 228 м2
Sпер = Sеден = 96 м2
Sст, = 8 32 = 48 м2
S = 96 + 96 + 48 = 240 м2
Жылулық ағын тығыздығын анықтаймыз:
q = *Vм*Sп*Qнр
3,6 S
мұндағы, - химиялық толық жанбаған коэффициенті;
Vм – материалдың жанып кетуінің масалық жылдамдығы, кг/( м2 ч);
Sп - бөлмедегі өрт ауданы, м2;
Qнр - жанудың төмен массалық жылулығы, кДж/кг;
= 0,95, Vм = 0,84 кг/( м2.мин);
Qнр = 16500,0 кДж/кг; Sп = 72 м2;
q = 5*50,4 *210 *47138,0 = 87780,0 вт/м2
3,6 * 180
Газалмасуда қатысатын қуыстар бір деңгейде орналасқан, сәйкесінше ақпалы қуыстар ауданын S1 қуыстар ауданының 1/3 тең аламыз.
S1 = 45,4 м2
Алынған мағыналар бойынша S1 және V0
S
кестеге сәйке (қосымша 7 /14/), табамыз m
мұндағы, V0 = 5,30 м3/кг- жануға ауа шығыны.
S1 = 45,4 = 1
S 180 4
Sеден = 228 м2
m = 4.2
Жылулық ағын тығыздығын ауа шығынының коэффициенті және өрттің мүмкін даму уақытын біле отырып «Өрт тактикасы» курсы бойынша әдістемелік көрсетулер номограммасы бойынша өрттің ортакөлемді температурасын анықтаймыз.
Есептеулер көрсеткендей өрттің ауданы бірінші келген бөлім сәтінен соңғы келген сәтіне дейінгі мезгілде өзгермеген, сонымен бірге ағу қуыстары мен жылу алмасу беттерінің ауданы өзгермеген. Сәйкесінше орта көлемді температураны тек қана келесі уақыт аралықтарында анықтаймыз:
I3,5 мин. , IIмин. – бөлімнің келу уақыты
tср135 = 450оС; tср16,5 = 525оС;
Түтіндену дәрежесі:
Өрт сөндіруге күш пен құралдар көрші бөлмелер жағынан есік қуысы арқылы енгізілгенін ескере отырып және олардың саны уақыт аралығында III өзгермейді. Сәйкесінше газ алмасуға қатысатын қуыстардың ауданы өзгермейді.
Есік қуыстары 1/3 жұмыс жасауын, ал жану өнімдерін жоюға 2/3 жұмыс жасауын ескере отырып бейтарап аймақтың орналасу биіктігін анықтаймыз.
Сонда бейтарап аймақтың орналасу биіктігі болады:
hн.з.= Нпр ,
3 в +1
п.г
мұндағы, Нпр = 2,25м – газ алмасуға қатысатын ең биіт есік қуысының биіктігі;
вп.г – сыртқы ауа және жану өнімдерінің тығыздығы.
Жану өнімдерінің тығыздығын «Өрт тактикасы» курсы бойынша әдістемелік көрсетілулердің 4-қосымшасы бойынша интерполяция әдісімен анықтаймыз:
п.г = Iп г - Iп г - IIп г -( tср -t1) ;
tср11 - tср1
1. tср = 550оС кезінде, п.г = 435 - 435 - 424 -( 550 -500) = 0,495
600-500
2. tср = 625оС кезінде, п.г = 338 - 338 - 329 -(625 -500) = 1,246
700-600
3. hн.з.= ____2,25 = 1,9 м
+1
485
4. hн.з.= ____2,25 = 1,43 м
3 +1
1,246
Газ алмасуға қатысатын қуыстар әртүрлі деңгейде ашық кезінде бейтарап аймақтың биіктігін анықтаймыз.
Есік қуыстарын аламыз – ағысқа жұмыс жасайтын.
Сонда бейтарап аймақтың орналасу биіктігі былай болады:
hн.з.= 1Hп+ hн.з.= 1Hп + H
2 2 S21 в +1
S22 п.г
в , п.г - сыртқы ауа және жану өнімдерінің тығыздығы, кг/м3;
S1 , S2 – қуыстар ауданы, м2;
Hп - қуыс биіктігі, м;
H - қуыстар орталығының арасындағы арақашықтық, м.
1. tср = 550оС кезінде,
hн.з.= 12,25 + ____4 = 2,45 м.
2 4542 * 1,342 +1
66,32 0,435
2. tср = 625оС кезінде,
hн.з.= 12,25 + ____4 = 2,22 м.
2 4542 * 1,342 +1
66,32 0,338
4.2. Өрт сөндіруді ұйымдастыру.
Шақыру бойынша шығу кестесіне сәйкес өрт орынына келесі техникалар келеді:
№ 17 БӨСБ
|
АЦ-40 (130) 63 Б
|
№ 17 БӨСБ
|
АЦ-2,5 -40 (433362)
|
№ 6 ӨСБ
№6 ӨСБ
|
АЦ-5-40 4310
АЦ-3,5-40
|
№ 6 ӨСБ
|
АЦ-5-40 камаз43114
|
Жеке құрам 28 л/с шығынымен су беруді қамтамасыз етеді, яғни сөндіруге ГТҚҚ буындарымен РС-70 2 оқпанын және қорғауға көрші бөлмелер мен жоғарға қабатқа РС-50 2 оқпанын береді. Сәйкесінше аға ӨСЖ ӨБП-қа күш пен құралдардың жеткілікті екендігі туралы хабарлайды.
Өртке аға жедел кезекшінің келуімен оған ӨСЖ өртте қалыптасқан жағдайды, қабылданған шешімдерді баяндайды. Аға жедел бастығы өзі барлау әдісімен жағдайды анықтайды және ӨСЖ әрекетін бағалайды.
Барлау барысында аға жедел бастық анықтайды:
-
адамдарға қауіптің төнуін;
-
олардың орналасу орынын, құтқару жолдары мен әдістерін;
-
өрт орыны мен өлшемін, оттың тарау жодарын;
-
мүмкін күш пен құралдарды енгізу жолдары мен бағыттарды;
-
ғимаратта кернеудің шешілуі жүргізілгенін;
-
конструкцияны бұзу және ашу қажеттігін және орынын;
-
шешуші бағыттың дұрыс таңдалғанын;
-
көшіру жолдарын қорғау қажеттігін және жану өнімдерін шығару мүмкіндігін;
-
қымбат қондырғыны қорғауды немесе көшіруді ұйымдастыру.
Аға жедел бастық өрт сөндіру басшылығын өзіне алып өртте қалыптасқан жағдайды және №3 жоғарылатылған шақыруды ӨБП-қа ақпаратты хабарлайды.
Өрт сөндіруді басқару және ұйымдастыру үшін ӨСЖ өрт сөндіру жедел штабын құрамында құрайды:
-
штаб бастығы;
-
тыл бастығы;
-
нысанның әкімшілігінің өкілдері;
-
қаланың өзара қызмет өкілдері.
Штаб бастығы болып ӨБ бастығының орынбасары тағайындалады. ӨСЖ жедел штаб құрамына тапсырмалар қояды. Бөлімдерді жақсы басқару үшін штаб орыны негізгі кіруден 15-20 м қашықтықта болады.
Өртті сөндіру әртүрлі бағытта жүргізілетін болғандықтан ӨСЖ бес жауынгерлік аймақ құруы туралы шешім қабылдайды.
1-ЖА 1-ші қабатта қоймада.
Тапсырма: Адамдарды көшіру. Қоймадан және басқа бөлмелерден адамдады көшіруге жұмылдырылады.
2-ЖА 1-ші қабатта бөлмеде.
Тапсырма: Қоймада жануды жою, өрттің көрші бөлмелерге тарауына жол бермеу. Аймаққа берген 1 РС-50 dн = 13 мм, 1 РС-70 dн = 19 мм, ГТҚҚ буынымен оқпандары беріледі.
3-ЖА 1-ші қабатта бөлмеге.
Қоймада жануды жою, өрттің көрші бөлмелерге тарауына жол бермеу терезе арқылы ағаш саты арқылы беріледі. Аймаққа берген 1 РС-70 dн = 19 мм, ГТҚҚ буынымен оқпандары беріледі.
4-ЖА 1-ші қабатта қорғауға.
Өрттің көрші бөлмелерге тарауына жол бермеу. Аймаққа берген 1 РСК-50 dн = 13 мм, ГТҚҚ буынымен оқпандары беріледі.
5-ЖА 1-ші қабат шатырды қорғауға.
Өрттің шатырға тарауына жол бермеу. Аймаққа берген 1 РС-50 dн = 13 мм, оқпандары беріледі.
ӨСЖ өзі немесе ШБ арқылы жауынгерлік аймақ бастықтарын тағайындайды.
ӨСЖ штаб бастығына өрт сөндіруге күш пне құралдарды енгізуі туралы анықтап тапсырмалар қояды. ӨСЖ штаб бастығына тапсырмалар қояды: өрт сөндіру үшін күш пен құралдарды орналастыруын жүргізуді; өртте байланысты үйымдастыруды; өрт туралы мәліметтерді ӨБП-қа хабарлауды; жедел құжаттарды жүргізуді.
ӨСБ тыл бастығына өзі немесе штаб бастығы арқылы тапсырмалар қояды: жоғарылатылған шақыру бойынша келген техникаларды күтіп алуын және су көзіне орналастыруын ұйымдастыруды; өрт сөндіруге екі РС-70 dн = 19 мм, екі РС-50 dн = 13 мм және қорғауға екі РС-50 оқпандарын беруді ұйымдастыруды.
Күш пен құралдар әртүрлі бағытта келгендіктен ӨСБ бөлімше командирін тыл бастығы көмекшісі етіп тағайындайды.
Бұйрықтарды бергеннен кейін ӨСЖ міндетті:
-
барлауды жүргізуге және өрттегі жағдайды бағалауға; тез арада адамдарды құтқаруды ұйымдастыруға және өзі басқаруға, бар күш пен құралдарды пайдаланып үрейді басуға;
-
шешуші бағытты, қажетті күш пен құралдарды, жауынгерлік әрекеттер әдістерін анықтауға;
-
бөлімдерге тапсырмалар қоюға, олардың өзара әрекеттерін ұйымдастыруға және қойылған тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етуге;
үзіліссіз өрттегі жағдайдың өзгеруін қадағалауға және сәйкес шешімдерді қабылдауға;
өрт орынына келісімен оның сырт көрінісі бойынша ӨСЖ-не ақпараттар беруге; шешімдерді қабылдап және бұйрықтар бергеннен кейін өрт мекен-жайын, не жанып жатқанын, қандай күш пен құралдар әрекетке кіргізілгенін, қосымша күш пен құралдар қажет екендігін хабарлауы керек; ӨБП-пен үзіліссіз байланыта болуға, жиі-жиі өрттегі жағдайларды және қабылданған шешімдер туралы хабарлап тұруға;
қосымша күш пен құралдарды бөлек-бөлек емес бір мезгілде шақыруға, және оларды қарсы алуды ұйымдастыруға;
өртке аға бастық келісімен жағдай туралы, өрт сөндіру бойынша қабылданған шешімдер туралы, өрт орынында қандай күш пен құралдар бар екендігін, әрекетке кіргізілгендерді, қосымша шақырылғандары туралы баяндауға;
жағдайға байланысты өртте жедел штабты ұйымдастыруға және оның орналасу орынын анықтауға;
жедел штабқа оның орналасу орынын және оған барлық қабылданған шешімдерді хабарлакға;
күш пен құралдардың резервін ұйымдастыруға, жұмыс жасаушыларға дем алуға, жылынуға және құрғақ киімге киінуге мүмкіндік беріп жиі-жиі ауыстыруға;
басқарушы құрам арасынан қауіпсіздік шараларын сақтауға міндеттіні тағайындауға; қажет жағдайда медициналық көмек пунктін ұйымдастыруға;
өртке күш пен құралдар әртүрлі бағыттардан келген жағдайда тыл бастығына қозғалыс және байланыс құралдарымен көмекшілер бөлуге;
өрт сөндіруге қатыстырылатын қызметтермен өзара әрекет ұйымдастыруға, объекттің инженерлі-техникалық жұмысшыларымен тұрақты байланысты ұстауға және объек нұсқауымен және ұсыныстарды ескере отырып сөндіру құралдары және әдістері туралы шешімдер қабылдауға;
өрт себебін анықтауға шаралар қабылдауға;
нақты өртеу немесе өрттің басқа себептері белгілі болған кезде өрт алғаш пайда болған орынын сақтауға, мемлекеттік өрт бақылау жұмыскерлерін қатыстырып өрт туралы акт толтыру үшін қажетті өрт себебі болған заттар мен мүліктерді сақтауға;
өзі жанудың жойылғандығына көз жеткізуге, жойылған өрт орынын бақылау қажеттігін анықтауға;
құнды матриалдарды көшіру бойынша, төгілген судан қорғауды және полиция қызметкерлері келгенше көшірілген құнды материалдардың күзетіне шеімдер қабылдауға;
өрт орынынан бөлімдердің және өзара әрекетті қызметтердің кету тәртібін анықтауға.
Өрт сөндіру үшін қосымша күш пен құралдардың қажеттігін анықтаған кезінде ӨСЖ ескеруі қажет:
-
шақырылған күш пен құралдарды енгізгенге дейін от қандай ауданға тарау мүмкіндігін;
-
оқпандарды беру үшін, адамдарды құтқару бойынша жұмыс көлемін, ғимарат конструкциясын бұзу мен ашу және мүліктерді көшіру бойынша қажетті күштер санын;
-
арнайы қызметтердің қатыстыру қажеттігін;
-
суды автоцистерналармен жеткізу қажеттігін немесе суды айдаумен беруді ұйымдастыруды.
ӨСЖ -нен штаб бастығы тапсырма алып ӨСЖ шешімін жүргізуді қамтамасыз етеді және штаб жұмысын ұйымдастырады. Күш пен құралдарды басқару үшін ШБ өртте байланысты ұйымдастырады. ӨСЖ -мен, тыл бастығымен және жауынгерлік аймақ басшысымен байланыс үшін штаб бастығы өзімен алып жүретін радиостанция пайдаланады, ал КҚЖБО-мен байланыс үшін АЦ-40 радиостанциясын және жергілікті ауданның телефонын пайдаланады. ӨСЖ бұйрықтарын бөлім бастықтарына жеткізуді қамтамасыз етеді. ӨСЖ қабылданған шешімдер туралы хабарлайды. Өрт сөндіру барысында штаб бастығы өрттегі жағдайды меңгереді, үзіліссіз барлауды қамтамасыз етеді және жауынгерлік аймақ бастықтарынан және объект өкілдерінен мәліметтер алады; ӨСЖ барлау қорытындысы туралы және өртсөндіру барысын хабарлайды. Штаб бастығы тұрақты ӨСЖ бұйрықтарын орындалуын бақылауды қамтамсыз етеді, жедел құжаттарды жүгізеді.
Тыл бастығы ӨСЖ тапсырма алып келген техникаларды күтіп алуды және жақын су көздеріне орнатуды ұйымдастырады. Жақын су көздері гидранттар болып табылады.
Үзіліссіз су беру үшін тыл бастығы сорғыштардың жұмыс режимін орнатады. Жұмыс барысында тыл бастығы тахниканы толық қуатында пайдаланады, жең сызықтарын күзетуді қамтиды және полиция қызметкерлері көмегімен өрт ауданын қоршауды жүргізеді, су жүйесінде қысымды жоғарылату бойынша шаралар қолданады және жедел құжаттарды жүргізеді.
Өрт сөндіру кезіндегі техника қауіпсіздігі.
1. Өрт сөндіруді жеке құрам ТОЖҚҚ-да жүргізуі керек. ТОЖҚҚ-дағы жұмыс «Өртке қарсы қызметінің газ-түтіннен қорғау қызметі бойынша тәлімдемесі» №446 ҚР ТЖМ бұйрығымен 22.12.2010 жылы бекітілген қауіпсіздік талаптарын сақтаумен жүргізіледі.
2. Автомобильдерді және үш иінді сатылардың орынын ауыстыруға жол берілмейді.
3. Тоқ және жарықтандыру жүйесін сөндіру қажет.
4. Өрт сөндіру кезінде әр жұмысшы құрылыс конструкцияларының жағдайын қадағалап отыруы қажет.
5. Өртті жою кезінде техника қауіпсіздігіне жауапты тағайындалады.
6. Қабаттардан әртүрлі материалдарды лақтыруға ғимарат жанындағы жұмыс жасаушыларға ескертпей тыйым салынады.
7. Жүргізуші өрттегі жұмыс кезінде ӨСЖ бұйрығысыз суды беруге немесе тоқтатуға, автомобильді сорғыш жұмыс жасап тұрған кезінде қозғалтуға тыйым салынады.
Достарыңызбен бөлісу: |