Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті


Мұнай және газ ұңғымаларын пайдалану тәртібі



бет2/5
Дата16.06.2016
өлшемі0.88 Mb.
#139913
1   2   3   4   5

1.2 Мұнай және газ ұңғымаларын пайдалану тәртібі
1.2.1. Ұңғымаларды игеру тәртібі
Мұнай және газ ұңғымаларын игеру, сынау жұмыстары, арнайы бөлімдерінде технологиясы әзірленуі тиіс, сынау жұмыстарын орындауға арналған техникалық құралдары мен өрт, жарылыс қауіпсіздігі шаралары белгіленген ұңғыманы салу жобасына сәйкес жүргізіледі.

Жұмыстарды бастамас бұрын дайындық, негізгі және қорытынды жұмыстардың жоспар-кестесі, сондай-ақ болуы ықтимал аварияларды жою жоспары қоса беріледі.

Жоспар-кестеге бұрғылауды игеру үшін қолданылатын жабдықты орналастыру және орап байлау кестесі қоса беріледі.

Ұңғымаларды игеру жөніндегі жұмыстар басталу алдында жауапты тұлға бригада мүшелеріне өрт қауіпсіздігі жөнінде нұсқау береді және «Жұмыс орнындағы қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқау беруді тіркеу» журналына тиісті жазу жазады.

Ұңғымаларды игеру жөніндегі жұмысқа қатысып жатқан бригаданың барлық мүшелері арнайы киім мен арнайы аяқ киімде жұмыс істейді.

Игеру объектілері өртке қарсы қондырғылармен жабдықталады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес өртке қарсы құрал-жабдықпен қамтамасыз етіледі.

Ұңғымалардағы ату-жару жұмыстары осы жұмыстардың жауапты жетекшісінің рұқсатымен және мұнай-газ өндіру немесе бұрғылау кәсіпорны геологының көзінше жүргізіледі.

Ату-жару жұмыстарының алдында лақтырындыларға қарсы құрал-жабдық жұмыс жоспарында көрсетілген қысымға ұқыпты түрде тексеріліп, қысып нығыздалады.

Көтеріп түсіру операциялары кезінде колонналық фланецке ұшқын қауіпсіз материалдан жасалған шұқыр орнатылады.

Ұңғыманы игергенде жылжымалы компрессорды ұңғыманың жел жағынан 25 метрден кем емес қашықтыққа орналастырылады.

Ұңғыманы мұнаймен жуып шайғанда агрегатты сағасынан кемінде 10 метр қашықтыққа орнатылады.

Газ және газ конденсатты ұңғымаларын сұңғылау арқылы игеру, ал фонтанды ұңғымаларды науалармен қалғалауға жол берілмейді.

Ұңғыманы сұңғылау мұнай лақтырындысын болдырмайтын, герметикалау қондырғысында фонтан арматурасының буферлі тиекке орнатылғанда жүргізіледі.

Фонтанды ұңғыманы сұңғылаумен игергенде:

жұмыс істеп тұрған агрегатты басқару пультын қорғау үшін қалқаның жанатын құрылғыларын оттан қорғау құраммен өнделеді;

бағыттау шұқырын ұшқын ату қаупі жоқ материалдан орнатылады;

көтергіш тракторды ұңғылау сағасынан 25 метр жақын емес қашықтықта орнатылады.

Ұңғымаларды жылжымалы агрегаттармен игергенде игеру үшін де, ұңғыманы өшіру жағдайында да қажетті агрегаттар санын жұмыс манифольдына қосу ықтималы қарастырылады.

Фонтан атқылау белгілері пайда болғанда аварияларды жою және аузын герметизациялау жоспарына сәйкес іс-қимыл жасалады.

Фонтан ұңғылауын игеру үдерісіндегі үзілістер мен тоқтатқан кездерде фонтан арматурасының және айқастырылған табан ағашының орталық тиегі жабылады.

Сығылған ауа немесе ауамен сұйықтықты ауа жіберу арқылы айдамалаумен ағын шақырғанда үдерісте үзілістерге жол берілмейді.

1.3 Компрессорлық станцияларды ұстау тәртібі
Компрессор жұмыс істеп тұрғанда тоңазытқыштардағы газ бен судың температурасына бақылау жүргізіледі.

Соңғы сатының шығарып тастау желісінде компрессордың қысылғаны (компрессор ғимаратынан тыс) жұмыс қысымын 10% асатын, қысымның әсерінен іске қосылатын сақтандырғыш құрылғысы құрастырылады.

Компрессордың қалыпты жұмыстан параметрлердің ауытқу сигнализациясы, сондай-ақ жағылып жатқан газдың (ауаның) қысымы мен температурасы көтерілгенде, салқын судың келуі тоқтағанда және қабылдау мен майлау жүйесіндегі қысым түскен кезде автоматты ажыратқышы болуы қажет.

Компрессордың қажалатын бөлшектерін үнемі майлап тұру, сондай-ақ пайдаланылған майдың температурасы қадағаланады.

Қысудың әр сатысынан кейін сығылған газды немесе ауаны майдан тазартпай, компрессорды жұмысқа қосуға жол берілмейді.

Әуе қоспасы компоненттері құрамының жұмыстың әр режиміне арналған регламентте және техникалық паспортта көрсетілгеннен асуына жол берілмейді.

Газды қысып отырған компрессорлардың ауаны сорып алуын болдырмау мақсатында сорып алу желілері шамалы артық газ қысымымен ұсталады.

Компрессор жұмысының жағдайы бойынша сорып алушы желі сиректетуде болуы тиіс болса, газды қысылғаннан кейін құрамында оттегі болуына жүйелі түрде талдау жасалады.

Газ компрессорлары мен газ құбырларының барлық қосуларын жүйелі герметикалықтығына тексеріледі. Газ шығып тұрғаны табылған жағдайда компрессор тоқтатылып, ақаулықтары жойылады.

Жарық беру құралдарын жөндеу кезінде немесе авариялық жағдайда электр энергиясы ажыратылғанда, газ компрессорлық станцияларында тек жарылыс қаупі жоқ жағдайда орындалғанда ғана аккумуляторлы шамдарды қолдануға рұқсат беріледі.

Газ компрессорлық үй-жайларында компрессорлық қондырғылардың жұмысына қатысы жоқ аппаратура мен жабдықты орналастыруға жол берілмейді.

Резервтегі компрессорлар газ қабылдау желілерінен және айдағыштардан герметикалық түрде ажыратылады.

Әуе компрессорлары үшін ауа ғимараттың сыртында жиналады.

Жанғыш бу немесе газдар бөлінетін жерлерде, сондай-ақ тұтану көздері пайда болуы мүмкін жерлерде ауа жинауға жол берілмейді.

Компрессорларға жанғыш булар мен газдардың түскені байқалғанда ол дереу тоқтатылады.

Компрессорларды, әуе компрессорлық станцияларының коммуникацияларының май шөгінділері кестеге және техникалық құжаттамаға сәйкес сульфонал су ерітіндісімен шайып тазартылады.




1.4 Мұнай және газ өндіруді қарқындату тәртібі

Өндіруді қарқындату әдістерін жүзеге асыру мұнай газ өндіретін кәсіпорынның басшысы (орынбасары) бекіткен жоспар бойынша жүргізіледі.

«Аварияларды жою жоспарын құру жөніндегі нұсқаулыққа» сәйкес шығаруды қарқындандыру әдістерін жүргізуді ескере отырып, ықтимал авариялар мен өрттерді жою жоспары белгіленген тәртіппен кәсіпорынның әкімшілігі әзірлеп, келісіледі және бекітеді.

Өндіруді қарқындату әдістері жүзеге асырылатын объектілер кәсіпорынның орталық диспетчерлік бекеті бар сенімді телефон немесе радио байланысымен қамтамасыз етіледі.

Байланыс құралдарында атауы мен сигнал беру тәртібі, өрт сөндіру бөлімінің, жедел жәрдем, газдан қорғау қызметінің басшылары мен жауапты адамдарын шақыру көрсетілген тақталар іліп қойылады.

Жұмыс істеу кезінде жылжымалы сорғыш агрегаттардың, автокөліктің пайдаланылған құбырлары ұшқын өшірушілері бар сөндіргіштермен жабдықталады.

Агрегаттар мен автоцистерна ыдыстарының ішіндегі мұнай мен химиялық реагенттердің қалдықтарын өнеркәсіптік канализацияға құюға жол берілмейді.

Барлық өндірістік және қосалқы үй-жайлар, құрылыстар мен қоймалар осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес тиісті алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етіледі.

Өртке қарсы құрал-жабдықтарды, авариялық және газдан қорғау құралдарын тікелей мақсатына арналмаған жұмыстарда қолдануға жол берілмейді.

Жер үсті белсенді заттары, мұнай өнімдері қолданылатын объектілерде от жағуға, темекі шегуге үзілді-кесілді жол берілмейді.

Химиялық заттар қоспаларын дайындағанда, қолданғанда және оларды сақтағанда темекі шегуге және от шығаруға жол берілмейді. Темекіні арнайы бөлінген жерлерде шегуге болады.

Көбік реагенті және басқа да жанғыш химиялық заттар бар ыдыстарда «От қауіпті» деген жазу болады.

Найзағай жарқылдаған кезде көбік реагенті мен басқа да жанғыш заттарды құйып төгуге болмайды.

Реагентті қабатқа айдауға арналған жылжымалы технологиялық жабдық, қажет болған жағдайда қауіпті зонадан шығуды және персоналды эвакуациялауды қамтамасыз ету үшін жердің бедері мен желдің бағыты ескеріліп орналастырылады.

Жылжымалы жабдықты, сорғыш қондырғыларды электр өткізгіштердің әуе желілерінің қорғау аймағы шегінде немесе мұнай, газ желілерінің үстіне орналастыруға жол берілмейді.

Жұмыс аяқталғанға дейін және бу генераторының қысымы атмосфералыққа қысымға дейін төмендегенше бу генераторлық қондырғыны қараусыз қалдыруға болмайды.

Жылжымалы электр жарығын беру ретінде бу генераторлық қондырғыда кернеуі 12 Вольттан аспайтын, жарылыс қаупі жоқ шамдар қолданылады.

Ұңғыманың қазбабөлім аймағына күннің жарығында бу, жылу өндеу жүргізуге рұқсат беріледі.

Отын сыйымдылығы бар арбада (шанада) орнатылған мөлшерлеу сорғышының электр жабдығы Электр қондырғыларын орнату қағидаларына сәйкес өрттен, жарылыстан қорғалған етіп қарастырылады.

Пеш белгіленген шектерде мұнайды ысыту температурасын реттейтін, сондай-ақ шығарушымен көзделген газ қысымы көтеріліп немесе төмендегенде оттыққа газ жеткізуді өшіретін автоматты қондырғылармен жабдықталады.

Отын құбыры жолында ретке келтірілген, қысқартатын қондырғы және оттықта сақтандырғыш қақпағы, сондай-ақ бақылау-өлшегіш құралдарына конденсаттың түсуін алдын алуға арналған қондырғы жабдықталады.

Пештің оттығын қосар алдында шиыршық түтікке мұнайдың толғанына көз жеткізіледі.

Мұнайға арналған ыдысы бар арбада (шанада) орнатылған электр жабдығы, сондай-ақ мұнайды қыздыруға арналған тұрақты қондырғылар жарылыстан қорғалып орындалады.

Техникалық қозғалыс құралдары (автомобильдері, тракторлары) ұшқын өшіргіштермен жабдықталады.

Ыстық мұнай ыдысы сағасының ық жағынан 10 метр қашықтықта орнатылады.

Мұнайды айдар алдында алмалы-салмалы шығарып тастау жолы сорғыштан ұңғымаға дейін барынша жоғары жұмыс қысымынан бір жарым еселі қысымға сығымдалуы тиіс.

Компрессорлар мен электр жабдығы 10 метр, ал іштен жану қозғалтқышы бар компрессор ұңғыманың сағасынан 25 метр қашықтықта орналасуы тиіс. Іштен жану қозғалтқышының пайдаланылған өнім құбыры ұшқын өшіргішпен жабдықталады.

Ұңғымаларды өндеу үшін тек газсыздандырылған конденсат ғана қолданылуы тиіс.

Газ конденсаты бар автоцистерналарда немесе басқа ыдыстарда «От қауіпті» деген жазу болады.

Газ конденсатын тек герметикалық түрде жабылған люктерде және ағызатын штуцерлерде ғана автоцистерналар арқылы тасымалдауға рұқсат беріледі.

Конденсатты автоцистернаға құю, ағызу алдында оны жерге қосу керек.

Автоцистерналардан газ конденсатын құйып ағызғанда темекі шегуге және ашық отты пайдалануға жол берілмейді.

Құю-ағызу, ұңғыманы өндеу тек күндізгі уақытта жүргізіледі.

Газ конденсатына толып тұрған автоцистернаны елді мекендер шегінде, ашық от бар жерлерде тоқтатуға жол берілмейді.

Агрегаттар мен автоцистерналар ұңғыманың құйылысынан 25 метр қашықтықта және жел жағынан бір бірінен 6 метр аспайтын қашықтықта орнатылады.

Суы бар автоцистерна газ конденсаты бар агрегаттар мен автоцистерналардан 25 метр қашықтықта орналастырылады.

Ұңғыманы өңдегенде газ конденсатын автоцистернадан бункерге және агрегат қабылдауға айдауға жол берілмейді.

Ұңғыманы газ конденсатымен өңдеу алдында және өңдеу үдерісінде жұмыс істеу аумағындағы газдылық тексерілуі қажет. ШРҚ (шекті рұқсат етілген қосылым) артық газ қосылымы болған жағдайда газ конденсатын айдау жұмыстары дереу тоқтатылып, аварияны жою жоспары бойынша шаралар қолданылады.

Ұңғыма газ конденсатымен өңделгеннен кейін агрегаттың манифольдты желісі мен ұңғыманың арматурасы сумен шайылады.

Манифольдты тек ұңғыманың арматурасында тиек жабылғаннан кейін және қысым атмосфералық қысымға дейін төмендегеннен соң ғана ажыратуға рұқсат беріледі.

Ұңғыманы газ конденсатымен өңдеу үдерісінде қызмет көрсету персоналы жұмыс жоспарында көрсетілген қауіпсіз қашықтықта болады.

Қабаттарды гидравликалық ажырату жөніндегі жұмыстарда қолданылатын агрегаттардың және басқа машиналардың пайдаланылған газ шығаратын құбырлары сөндіргіштермен және ұшқын өшіргіштермен жабдықталады.

Агрегаттарда тікелей жұмыстарды орындаумен байланысты емес адамдарды қауіпсіз аймақ шегіне жібергеннен кейін ғана агрегаттарды іске қосуға рұқсат беріледі.

Ажырату сұйықтықтарының және мұнайдың қалдықтары агрегаттар мен автоцистерна ыдыстарынан мұнай торына немесе арнайы ыдысқа құйылуы тиіс.

Қысқы уақытта жұмыстар ұзаққа тоқтатылғанда манифольдты және айдаушы құбыр жолдарын ашық отпен жылытуға жол берілмейді.

Күш беретін қондырғылардың отын бактары өртке қауіпсіз жерге орнатылып, бұзылулардан қорғалады.

Қабат ішіндегі жылжымалы жану мөлшері әдісімен қабатты өңдеу жүзеге асырылатын жер аумағы ескерту плакаттарымен жабдықталуы және қызыл жалаушасы бар, металлдан жасалған бекеттермен қоршалады.

Ұңғымаларда зиянды газдарды шығару қауіптілігі дәрежесі және мұнай мен газдың температурасы бойынша олардың санаттары көрсетілуі тиіс.

Кесте бойынша үнемі ұңғымалардағы газ концентрациясының тексерісі жүргізіліп тұруы қажет. Жабық үй-жайларда және учаскенің басқа да объектілерінде газдылықты бақылау салалық нұсқаулыққа және аварияларды жою жоспарына сәйкес жүргізіледі.

1.5 Мұнай мен газды жинау, дайындау, сақтау және тасымалдау тәртібі
Аппараттарда, ыдыстарда және құбыр жолдарында орнатылған сақтандырғыш, реттегіш және тіреу арматурасының жарамдылығы пайдалануға қосар алдында, сондай-ақ инженерлік-техникалық қызметкердің басшылығымен, бекітілген кестеге сәйкес тұрақты тексеріледі. Тексерістер мен қадағалау нәтижелері вахта журналына жазылады.

От қауіпті сұйықтықтардың деңгейін өлшеу үшін өртке қауіпсіз өлшеуіштер қолданылуы тиіс. Өлшеуіш шынылар шыныларды механикалық зақымданудан қорғаған, клапандар, автоматты жабатын қосқыш құбырлары және шыныда сұйықтық пен 0,6 МПа (бұдан әрі – МПа) (6 кгс/см2) аспайтын қысымның шекті рұқсат етілген деңгейін көрсететін қызыл жолағы болған жағдайда 0,6 МПа (6 кгс/см2) аспайтын артық қысыммен жұмыс істейтін аппараттар мен сыйымдылықтарда жіберіледі.

Жабдықтың жылу оқшаулағышы үшін өртенбейтін материалдар қолданылады.

Қыздыру аппараттарына бу немесе газ жіберер алдында жеткізу желілері қауіпті қысымдар немесе деформацияларын болдырмау үшін үрленеді.

Қыздырылған агентті аппараттарға қосуды аппараттардағы температураны бірте-бірте көтере отырып, баяу жүргізіледі.

Түсіру кезінде резервуар (ыдыс) аппараттарынан су мен жауын-шашынның тұнбаларының ағысы қадағаланады, жұмыс алаңшалары мен аумаққа мұнайдың төгілуіне жол берілмейді.

Сақтандырғыш клапаны диаметрі шығу тесігінен кем емес бұру жолымен жабдықталады.

Басқыштары, сепараторлары және басқа аппараттары қызмет көрсетуге арналған сатылармен және алаңшалармен жабдықталады.

Мұнай және газ аулағыштар өртенбейтін материалдардан салынуы тиіс. Ашық мұнай аулағыштың айналасында биіктігі кемінде 1 метр қоршау орнатылады.

Тұндырғыштар мен резервуарлардың науалары адамдар өтетін жерлерде металл жабындыларымен жабылады.

Шамшырақ тіреушесі кемінде 100 метр қашықтықта, ал жер қоймасы топталған қондырғының қоршауынан 50 метрден жақын емес орналасады. Қойманың айналасы кемінде 1 метр топырақпен үйіп бекітіледі, ал шамшырақ қондырғысы қоршалады.

0,7 кгс/см2 жоғары артық қысымда жұмыс істейтін басқыштар, сепараторлар және басқа аппараттар «Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды орнату және оларды қауіпсіз пайдалану ережесіне» сәйкес пайдаланылады.

Басқыштар мен сепараторларды үрлегенде үрлеу желісіндегі тиек қондырғысын ақырын және біртіндеп ашып жабылады.

Бірдей қысымы бар сепараторлар тобына сақтандырғыш қондырғыларынан шамшыраққа жалпы желіге (коллектор) бұруға болады.

Эрлифт ұңғымаларын сепараторларға қосқанда сепаратордан шығатын газ-ауа қоспасын ауаның бар-жоғына тексеріледі.

Басқыштардағы деңгей өлшегіш шыныларының жабық ыдысқа немесе канализацияға үрлеуге арналған бұрғыштармен қамтамасыз етіледі.

Отпен жылытқышы бар жылу ауыстырғыштарға арналған алаңшаның гидравликалық жабу арқылы өнеркәсіптік канализацияға жүретін науалармен жабдықталады.

Температуралық кернеулерден зақымдануды болдырмау үшін жылу ауыстырғыштарды (түскенде) қыздыруды және (көтерілгенде) суыту біртіндеп жүргізіледі.

Жылу ауыстырғыштарды жанғыш сұйықтықтардан босатуға тек жылу ауыстырғыштар суығаннан кейін ғана жүзеге асырылады.

Форсункалар тұратын алаңшаның қатты жабынымен және гидравликалық тиек арқылы өнеркәсіптік канализациясымен қосылған науаға қарай еңіспен қамтамасыз етіледі.

Пештерді тұтатып қосуды тек оны пайдалануға жауапты адамдар ғана жүзеге асырады.

Форсункаларды шамшырақтармен тұтатқанда оған тез өртенгіш сұйықтықты сіңдіруге жол берілмейді.

Пештерді жағуда қолданылатын шамшырақ құрғақ топырағы бар өртенбейтін жәшікте сөндіріледі.

Отын құбыр жолында отынды барлық форсункаларға жіберуін бір мезгілде тоқтата алатын (форсункалардан кемінде 10 метр қашықтықта) тиек, оттықтардың жануына қажет қысымға реттелген редукциялайтын құрылғы, сондай-ақ автоматика жүйесіне конденсаттың түсуін алдын алу үшін конденсат жинағы, бақылау-өлшеуіш құралдары мен оттықтар қарастырылады. Автоматты құрылғылардың авариялық сигнализациясы оператор бөлмесіне шығарылады.

Қондырғы жұмыс істемеген жағдайда отынды газ құбыры пештен герметикалық түрде өшіріліп, бітеуішке қойылады.

Газ құбырын пештен ажыратқанда барлық оттықтардың ысырмалары берік жабылғанша үрлеп жанатын шамдарды ашуға болмайды, сондай-ақ үрлеп жанатын шамның ысырмалары толықтай ашылады.

Пештердің тұрақты өрт сөндіру жүйесі үнемі іске жарамды жағдайда ұсталады. Өрт сөндіру жүйесі жарамсыз жағдайдағы пешті іске қосуға жол берілмейді. Жүйенің орамы өтуге қолайлы жерде орналасады және қызыл түске сырланады. Жүйені қосу автоматты және дистанциялық түрде болады.

Пештің өшіп қалған оттықтарын қызған панельдерден немесе пеш отынының сағасынан тұтатуға болмайды.

Пеш отынын алдын ала бумен үрлеп алмай оттықты жандыруға жол берілмейді. Пеш орамының үрлеу шамдары жоба мен техникалық құжаттамасына сәйкес қауіпсіз жерге шығарылады.

Форсункалардың (оттықтардың) газ құбырлары газ шамшырағын желіге шығарып, үрлеу желісімен жабдықталады.

Авария немесе өрт шыққан жағдайларда мұнай құюға арналған құрылғылар іске жарамды болуы тиіс. Авариялық құю ысырмаларының айыратын белгілері болуы, ал жағалаулары бос болуы тиіс. Авариялық құюды тек цех, қондырғы бастығының немесе аварияны (өртті) жою жөніндегі жұмыстардың жауапты жетекшісінің нұсқауы бойынша ғана жүргізуге болады. Авариялық құюды жүзеге асырғанда операциялардың реттілігі нұсқаулықта қарастырылады.

Авариялық ыдыстан ішіне ыстық сұйықтықты түсірер алдында ұқыпты түрде суланған өнімдерді шығарып, құрғақ бу жіберіледі.

Пеш форсункаларының фронттарында, ұқсас камераларда өрт шыққанда, көмейі мен түтіндігінде қара күйе жанғанда өрт сөндіру желілері арқылы бу жіберіп, өртке қарсы қызметі шақырылады.

Құбырлы пешті пайдалану кезінде құбырларының жағдайына жүйелі түрде бақылау қамтамасыз етіледі.

Құбырларда булықтары мен тесіктері болғанда, сондай-ақ құбырлардың тозу шегі асып кеткен пештердің жұмыс істеуіне жол берілмейді.

Пештерге жалындарды өшіру сигнализаторларын, форсункалар (оттықтар) өшкенде оларға отынның жетуін тоқтатын автоматты құрылғыларын, пештің беліне шекті рұқсат етілген температура сигнализациясы орнатылады.

Мұнай айдауға арналған үй-жай ұшқын қаупі жоқ түрде орындалған еріксіз құйып тартып алу желдеткішімен жабдықталады.

Желдеткіш бұзылған немесе өшірілген жағдайда сорғыштарды жұмысқа қосуға жол берілмейді.

Іштен жану қозғалтқышын орналастыруға арналған үй-жайларын сорғыштарға арналған үй-жайлардан газ өтпейтін қабырғалармен бөлу. Тез тұтанатын сорғыштар орнатылған үй-жайларда тегіс белдікті берілісті қолдануға жол берілмейді.

Аралық біліктер өтетін орындарының қабырғалары арасында тығыздамасы болады.

Сорғыштармен жұмыс істегенде қозғалыстағы бөлшектерін, сондай-ақ мойынтіректің температурасы мен сорғыштардың тығыздамаларын үнемі қадағалауды жүзеге асырады.

Сорғыштардың астында жағар майлардың жиналуына, ағуына және шашырауына жол берілмейді. Сорғыш үй-жайларының едендерін таза ұстап, үнемі сумен шайылады.

Сорғыш үй-жайларында сорғыштар мен құбырларды герметикалығына қадағалау орнатылады. Сорғыштардың тығыздамалары мен құбырлардың қосылыстарындағы саңылаулар дереу жойылады.

Ысырма блогы орналасқан жерлерде гидравликалық бекітпе арқылы өнеркәсіптік канализацияға сұйықтықтардың төгілуіне арналған арнашық орнатылады. Сұйықтықтардың өнеркәсіптік канализацияға құйылу мүмкіндігі болмаған жағдайда сұйықтықты сорғышпен тартып алатын жиналмалы жабық құдық орнатылады.

Сорғыш бөлмелерінде жанар-жағармай материалдарын бір тәуліктік қажеттіліктен аспайтын мөлшерде ғана сақтауға жол беріледі. Жанар-жағармай материалдары қақпақтары бар арнайы металл бөшкелер мен жәшіктерде сақталады.

Сорғыш бөлмелерінде тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды сақтауға жол берілмейді.

Сорғышты іске қосу және тоқтату алдында тиісті ысырмалардың дұрыс ашылып жабылуы тексеріледі.

Төгіліп қалған мұнай өнімдерін жою үшін сорғыш бөлмелері резина шлангтан су ағысымен жабдықталады.

Жұмыстан аяқталған соң сорғыштарды қабылдау және көтерулерде және резервуарлардың ысырмалары жабық, үй-жай тексеріліп, төгіліп қалған мұнай жойылып, барлық қондырғылар мен жарық беру шамдары өшіріледі.

Сорғыш станцияларына сондай-ақ осы «Жылу беру және желдеткіш» деген бөлімінің ережелері қолданылады.

Резервуарларды пайдалану «Металл резервуарлардың техникалық пайдалану ережесіне» және оларды жөндеу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі.

Құбыр жолдарының (мұнай, газ құбырлары) тасымалданатын заттарға байланысты мемлекеттік стандартқа сәйкес айырым түсі мен цифрлық белгісі болады.

Ыдыстарды аппаратурамен, аялдамамен және басқа да құрылыстармен байланыстыратын құбыр жолдарына әр құбыр жолының ерекше белгісі, ал тиек арматурасының нөмірлеуі бар технологиялық кестелер жасалады.

Қызмет көрсету персоналы ысырмалардың орналасу кестесін және олардың мәнін білуі, сондай-ақ технологиялық әрекеттер қатесіз орындалады.

Жаңа кесте кәсіпорынның басшысымен бекітіліп, рұқсат берілмейінше, қолданыстағы құбыр жолдарының орналасу кестесін өзгертуге жол берілмейді.

Құбыр жолдарын үрлеу және оларды герметикалығына және мықтылығына сынау нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі. Герметикалығына және мықтылығына құбыр жолдарын үрлеу және сынау жөніндегі нұсқаулық пен жұмыс жоспарын құрылыс ұйымы жасап, құбыр жолын пайдаланып отырған кәсіпорынның техникалық басшылығымен келісіледі.

Құбыр жолдарын үрлегенде және сынағанда аймақ шегінде автомобильдердің, тракторлардың жұмыс істеп тұрған қозғалтқыштармен тіркелуіне, сондай-ақ ашық отты пайдалануға және темекі шегуге жол берілмейді.

Темір немесе тас жолдарындағы құбыр жолда авария болған жағдайда авария алаңы дереу қоршалып, ескертетін белгілер қойылып, көлік қозғалысы тоқтатылып, аварияны жою жоспарына сәйкес шаралар қолданылады.

Ескертетін белгілер авария болған жерден жолдың екі жағына 800 метр кем емес қашықтықта орнатылады. Темір жол қызметі дереу ескертіледі.

Құбыр жолдарындағы тиек құрылғылары дұрыс жағдайда құбыр жолдарының жеке учаскелеріне мұнай мен газдың келуін сенімді түрде тоқтату мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін оңай қол жеткізуге болатындай етіп орналасады.

Ақаулықтар дереу жойылады.

Тиек құрылғыларын тексеру үшін кәсіпорында басшылар бекітетін кестелер жасалады. Құбыр жолдарындағы тиек құрылғылары тоқсанына кемінде 1 рет, ал ерекше жауапты тораптарда айына кемінде 1 рет қарап тексеріледі. Тексеріс нәтижелері журналға немесе құбыр жолдағы паспортқа енгізіледі.

Құбыр жолын тек дәнекерлеп қосуға ғана жол беріледі. Ажыратқыш құрылғылары, өткізбейтін тығызданулары бар, басқа арматурадан жасалған бақылау-өлшеуіш құралдары орнатылған жерлерде ойма және фланецті қосуларға жол беріледі.

Фланецті қосу төсемдері жоғары температураларда бұзылмайтын және пішіні өзгермейтін материалдардан жасалады.

Құбыр жолдарында пайда болған тығындарды құрыш шыбықтары және басқа да ұшқын тудыруы мүмкін құралдар арқылы тазартуға жол берілмейді.

Құдықтарда орналасқан тиек құрылғыларын тексерген немесе пайдаланғаннан кейін соңғыларының қақпақтары дереу жабылады. Құбырларды тексергеннен кейін ашық арнашықтар дереу жабылады.

Тиек құрылғыларын ақырын ашып жабу керек, тиек құрылғыларын ашу үшін ұшқын тудыруы мүмкін металлды заттарды қолдануға жол берілмейді.

Вакуумдық газ жинайтын желінің ішінде жарылыс қауіпі бар қоспаның пайда болуын болдырмау үшін:

вакуумдық торда ауамен бақылау жүргізіледі;

ұңғымалардан вакуумдық коллекторларды ажырату немесе тармақтарын бұзуда тиек құрылғыларын жабу және газ құбырларына бітеуіштер орнатылады.

Шамның алау құрылымы газ жағудың үздіксіздігі қамтамасыз етіледі.

Құбыр жолымен параллель кабель желілерін төсегенде олардың арасында көлденеңінен қашықтығын кемінде 1 метр етіп жасауға жол беріледі. Құбыр жолынан шамалы қашықтықта орналасқан кабельдер құбыр жолдарының бар аралық бойына төселеді. Құбыр жолдарының асты мен үстіне кабельдерді тік тегісте параллель төсем жасауға жол берілмейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет