2 тарау. Ғимараттың өрт қауіптілігінің сипаттамасы
Ғимаратта жанғыш материалдар көп мөлшерде болуы мен өрт таралу көздерінің түрлі жолдары өрт қауіптілігін туындайды. «Сити» сауда орталығың өрт қауіпсіздігі жанғыш болып келетін тауардың көп болуына және түрлі тұтану көздері және өрттің тарау жолдары болуына байланысты.
«Сити» сауда орталығында қатты жанғыш материалдар мен заттар (жиһаз, қағаз, мата), сұйықтықтар және газдар жануы мүмкін. Көбіне өрт пайда болу себебі тауар сату және сақтау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін дұрыс пайдаланбау болып табылады.
Ғимаратта қатты жанғыш заттар мен газ және сұйық материалдар жануы мүмкін (жиһаз,қағаз,мата) . Ғимараттың өрт жүктемесі 50 ден 300 кг/м2 дейін.Жану өнімдері және жалын сауда орталығында көлденең, тік, есік, терезе өтпелері, баспалдақ торлары, желдету жүйесі және басқа да инженерлі коммуникациялар арқылы таралуы мүмкін. Сауда өндірісі орнындағы заттар мен материалдардың ылғалдылығы 8 – 10 % құрап, осы материалдардың тез тұтануына және оттың таралуына әсерін тигізеді. Осы кезде түтін тігінен тез тарайды, бірінші қабатты түтіннің басуы сонымен түсіндіріледі. Ашық оты және ұшқын, механикалық энергия және химиялық реакциялардың жылу көрінісі, атмосфералық электр тұтану көздері болуы мүмкін. Ғимараттарда жану мен жалын өнімдері есік, терезе, технологиялық өтпелер, лифт шахталары, кіреберісі, желдету және басқа да тұрғын үй-коммуналдық арқылы көлденеңінен және тігінен тарала алады. Эвакуация жолдарын жанғыш материалдармен әрлеу дәліздерде және залдарда немесе баспалдақ торларында кілемдерді пайдалану өрттің қарқынды таралуына әкеледі. Түтін тігінен ерекше таралады. Кейде өрттің таралуы жасырынды болады: ішкі аспалы төбелер, алынбалы едендерде (жасанды еден) және т.б.Тез тұтанғыш және өрт қауіпті тауары бар сауда бөлімдерін (аэрозолды қораптағы парфюмерия, пластмасс және синтетикалық материалдардан жасалған бұйымдар, тұрмыстық химия тауарлары) бірінші қабатта, құтқару жолдары мен есіктеріне жақын орналастырылмауы адамдарды құтқаруды қиындатады.
Адамдар жаппай жиналатын және бөлмелердің қиындылығы мен жоспарлауын білмеу, адамдарды эвакуациялау кезінде ұйымдастырушылық жетіспеу өрт кезінде адамдар өлімі болуы мүмкін
Статистикалық берілгендердің анализі өрттің себептері мыналар болып табылатының көрсетеді:
-
Электроқондырғыларды және электро аспаптарды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін бұзу және олардың ақаусыздығы.
-
Электро газ пісіру және басқа жөндеу жұмыстарды өткізу барысында өрт қауіпсіздік ережелерін орындамау;
-
Оттегі баллондарды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін бұзу;
-
Электро тоғының және атмосфералы электрлі жылулық құбылыстары;
-
Жылыту аспаптарды, кондиционерлерді, желдету қондырғыларды пайдалану ережелерін бұзу;
Отты байқаусыз пайдалану (темек шегу, құбырларды қыздыруға ашық отты пайдалану, территорияда жалындарды жаңдыру) және т.б. Өрттің пайда болу кезегінде адамдарды қауіпсіз көшіруге бағытталған сақтандыру шаралардың арасында ерекше орның оларды уақытында ұйымдастырылған көшіру сұрағы тұрады. Адамдардың сәтті көшіруі ойланған конструктивті – жоспарлы шешімдермен ғана емес, сонымен қатар ұйымдастырылған шараларымен жүзеге асырылады. Осындай ұйымдастырылған шараларға өрт туралы хабарлау жүйелерді еңгізу, адамдарды көшірудің жалпы және жеке жоспарлары жатады.
Қоғамдық ғимараттарда электро қалқан бөлмелері, трансформатор шағын станциялары от төзімділік шегі 0,75 сағ. Кем емес жаңбайтын материалдардан тұратың ара қабырғаларымен оқшауланады.Электро қондырғылары бар желдету камералары басқа бөлмелерден оқшауланады. Аудан бойынша отсектерге бөлу. Секционды емес қоғамдақ ғимараттардың жертөледарын от төзімділік шегі 1 сағаттан кем емес жаңбайтын материалдардан тұратын қабырғаларымен 500 м2өртке қарсы секцияларға бөледі. «Сити» сауда орталығында өрт кезінде адамдардың мерт болуы мүмкін, себебі мұндай ғимараттарда адам көп болады, бөлмелердің орналасуын дұрыс білмегендіктен, адамдарды құтқаруды ұйымдастыруға әсерін тигізеді.
3 тарау. Жоба материалдарының сараптамасы
Жоба шешімдерінің жеке әдістеме тексерісін және құрылыс конструкцияларын, ішкі жоспарының, өртке қарсы бөгетерінің, көшіру жолдар мен шығулардың, желдету жүйелерінің түтінге қарсы қорғанысының, жарлыс қарсы қорғанысының, өрт сөндірушілерінің сәтті жұмысын қамтамасыз ететін техникалық шешімдерінен, объект бас жоспарының сараптамасының және кесте құруынан тұрады.
Жобалау кезінде өрт қауіпсіздік ережелерінің бұзушылықтарын табудың негізгі әдісі ретінде сәйкестіру болып табылады. Осы әдісі барысында жобамен көзделген шешімдер өрт қауіпсіздік талаптарына сәйкес келушілігіне тексеріледі және соныңда қорытынды жасалынады. Көптеген жағдайларда бұл сәйкестіру нақты сандық көрсеткіштермен, ал кейбір кездерде сапалық көрсеткіштермен көрсетілуі мүмкін. Мысалы: көшіру жолдар мен шығулардың сараптамасы кезінде бөлме немесе ғимараттан шығулардың бар болуы сапалық баға болатын болса, ал осы шығулардың минималды, максималды және жалпы еңі сандық көрсеткіші болып табылады.
Барлық тексерілетін элементер және техникалық шешімдерді сараптау кестеге еңгізеді. Жобаның архетиктуралы – құрылыс бөлімін тексерген кезде құрылыс конструкциялардың, ішкі жоспарының, өртке қарсы бөгеттердің, көшіру жолдар мен шығулардың, өрт сөндірушілердің сәтті жұмысын қамтамасыз ететін техникалық шешімдерінің сараптамасы өткізіледі.
-
Құрылыс конструкциялардың сараптамасы
Құрылыс конструкциялардың сараптамасын ғимаратың қажеті от төзімділік шегін арнайы немесе кешенді нормативті құжатармен анықтаудан бастайды.
Қоғамдық ғимараттардың қажетті от төзімділігі, тағайындалуына, қабат ауданына, сыйымдылық пен қабаттылығына байланысты нормалар бойынша анықталады.
Ғимараттың қажетті от төзімділік дәрежесін сәйкес арнайы және кешендік құжаттардың сәйкес пунктері бойынша біле отырып, құрлыс конструкциялардың қажетті от төзімділік шегі және конструкциялар бойымен оттың рұқсат тарау шегі көрсетіледі. Егер осы берілгендер жоқ болса, онда қажетті от төзімділік шегі мен конструкциялар бойымен оттың таралу рұқсат шегі әдебиет (14) екінші кестесі бойынша анықталады. Құрлыс конструкциялардың сараптау кестесіне ғимаратта бар барлық құрылыс конструкциялар кіреді.
Конструкциялардың тізімі және олардың қысқаша сипаттамасы түсіндіру хат, сызбалар көмегімен алынады.
Кейбір кезде архитектура құрылыс сызбаларынан басқа конструкциялардың, саймандардың, есіктердің, каталогтары пайдаланылады. Олардың нөмірі мен сериасына түсіндіру хатында және жобаның жұмыс сызбаларында сілтеу жасалынады.
Әдеттегідей бір ғимаратта бір типті унифицерленген конструкциялар пайдаланылады, сондықтанда әрбір бөлек бөлме және цех үшін сәйкестігі бойынша тексерісін өткізуге қажет емес.
Жоба материалдары сараптамасы кезінде бірінші ретте мыналар тексеріске жатады:
1. Сыртқы қабырғалар, ішкі қабырғалар, баспалдақ тор қабырғалары.
2. Қаңқалы қабырғалар: бағаналар, ригельдер, қаңқа толтыруы, қаңқалы қабырғалар элементтерінің қиысу түйіндері.
3. Ара қабырғалар.
4. Бағаналар.
5. Ара жабындылар (жертөле үстінде, қабат аралық , шатырлы).
6. Сатылар: ( аланшалар, марштар, косоурлар, баспалдақтар).
7. Ішкі қабырғалардың, ара жабындылардың, ара қабырғалардың, саты элементтерінің қапталануы.
8. Тасушы жабындылар: тасушы элементтер (балкалар, фермалар, прогондар, аркалар), жамылғы, жылытқыш, шатыр.
9. Ілмелі төбелер.
10. Есіктер (есік ілмелері және қорабшалары): ішкі қабырғалар және ара қабырғаларында, сыртқы қабырғаларында, паспалдақ тор қабырғаларында, шатырға кіреберісте, өртке қарсы бөгеттерде.
11. Терезе ойықтарының толтырылуы: сыртқы қабырғаларда, Ішкі қабырғаларда және ара қабырғаларда, баспалдақ тор қабырғаларында, өртке қарсы бөгеттерде.
Конструкциялардың нақты от төзімділік шегі және оттың таралу шегі (15) кесте мен пунктері бойынша анықталады. Құрылыс конструкцилардың от төзімділік шегі көптеген факторларға тәуелді және конструкциялардың бөлек түрлеріне ғана тән.
Қабырғалар мен ара қабырғалардың нақты от төзімділік шегі материалға, қалындығына, конструктивті орындалуына, от қорғау қабатының түріне байланыста болады.
Бағана және колоналардың от төзімділік шегі материалға, көлденен қима өлшеміне, арматура өсіне дейінгі қашықтық қыздыру әдісіне, от қорғау қабатының түрі мен қалындығына тәуелді.
Темірбетонды балкалардың от төзімділік шегі көлденен қима еңіне, арматура өсіне дейінгі қашықтығына, арматура классына, балка қабырғаның еңіне тәуелді болады.
Бір жақты қызу кезінде балкалардың от төзімділік шегі темірбетон плиталарға сияқты анықталады.
Темірбетон ара жабын және жабын плиталарының от төзімділік шегі олардың түріне, тірелу әдісіне, тұтастау контуры бойынша, бетон түріне, арматура класына тәуелді болады.
Қабырғалы темірбетон плиталардың от төзімділк шегі 6 және 7 таблица бойынша балкаларға сияқты алынады. Қабырға қалындығы ретінде екі плита қалындығы алынады.
Темірбетонды фермалар және аркалардың от төзімділік шегі конструктивті элементтін көлденен қима еңіне, бетон түріне арматура өсіне дейінгі қашықтығына, арматура классына тәуелді.
Болат және ағаш балкалары бойынша от төзімділік шегі, болат және ағаш фермалардың, рамалардың аркалардың от төзімділік шегі дайындау материалына тәуелді.
Есіктер және терезе ойықтардың толтырулардың от төзімділік шегі дайындау материалына, конструктивті элементінің қалындығына конструктивті дайындау ерекшеліктеріне тәуелді болады.
Ілмелі төбесі бар ара жабын мен жабындылардың от төзімділік шегі ілмелі төбесіне, ілмелі төбе қалындығына тәуелді болады.
Мынаны ескеру керек:
- жаңбайтын материалдардан орындалған конструкциялар таралмайтын болып саналады (таралу шегі 0 – ге тең); жаңғыш материалдардан орындалған конструкциялар;
- жаңғыш материалдан орындалған конструкциялар тігінен 25 сантиметр, көлденен 40 сантиметр таралу шегі болады..
- қиын жаңатын немесе жаңбайтын материалмен қапталған жаңғыш материалдар орындалған конструкциялар әдетегідей таралу шегі көлдене 25 сантиметр, тігінен 40 сантиметр болады.
Әрбір конструкция үшін нақты от төзімділік шегің анықтағанан кейін оның пайдалану облысы табылады (ғимаратта қарастырылып жатқан конструкцияны пайдалануға болады). Бұл ғимаратың нақты от төзімділік шегін анықтау үшін қажет.
Нақты және қажетті от төзімділік туралы берілгендерді еңгізгінен кейін құрылыс констукциялардың сараптау кестесінде конструкциялардың өрт қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы қортынды жасалынады.
Осында жалпы ғимарат үшін және оның параметірлеріне келісі өрт қаупсіздік шарты орындалуы тиіс:
О тр. = О ф. (1)
П ф.≥ П тр.; . (2)
L≤ L. (3)
Мұндағы: П ф., П тр - құрылыс конструкциялардың нақты және қажетті от төзімділік шегі.
L, L - құрлыс конструкциялар бойымен оттың рұқсат таралу шегі
(18) п.1.14. кесте1 сәйкес БММ 2 қабатты ғимарат үшін ауданы 3002 м2және сыйымдылығы 600 бала кезінде қажетті от төзімділік шегі II кем емес болуы тиіс.
ІІ от төзімділік дәрежелі ғимарат үшін конструктивті шешімдер: тасушы және қоршаушы конструкциялар нағыз және жасанда тас материалдардан, бетон немесе темірбетонан, ғимараттын жабындыда қорғалмаған болат конструкцияларды пайдалануға рұқсат етіледі.
Кесте 1
|
Конструкция аталуы және олардың қысқаша сипаттамасы
|
Жобамен қабылданған
|
Тәлімдеме пункттеріне сілтеме
|
ОТД қандай ғимараттарда пайдалануға болады
|
Норма бойынша қажет
|
Норма пункттеріне сілтеме
|
Қорытынды
|
Пф
САҒ
|
LФ
СМ
|
Птр
САҒ.
|
Lдоп
СМ.
| -
|
Сыртқы қабырғалар:
Темірбетон МЕСТ 530-95-2002 бойынша қалындығы 500мм
|
4
|
0
|
кесте 10, п.2
|
I
|
2,5
|
0
|
ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2009 кесте 2
|
Сәйкес келеді
| -
|
Ішкі тасушы қабырғалар, темірбетон, қалындығы 120 мм
|
2,5
|
0
|
кесте
3 п. 2.24
|
I
|
2,5
|
0
|
ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2009 кесте 2
|
Сәйкес келеді
| -
|
Баспалдақ тор қабырғалары: кірпіштен МЕСТ 530-95-2002 бойынша, қалындығы 200мм
|
2,5
|
0
|
кесте 4 п. 2.24
|
I
|
2,5
|
0
|
ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2009 кесте2
|
Сәйкес келеді
| -
|
Кірпіш ара қабырғалар
|
2
|
0
|
кесте
3
п. 2.23
|
I
|
0,5
|
0
|
ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2009 кесте2
|
Сәйкес келмейді
| -
|
Көп қуыстары бар темірбетонды плиталардан тұратын ара жабын, плита қалындығы 120 мм, жылытқышы бар, арматура өсіне дейінгі қашықтығы 45 мм, контур бойынша тіріледі.
|
2
|
0
|
кесте 8
|
I
|
0,75
|
0
|
ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2009 кесте 2
|
Сәйкес келеді
| -
|
Сатылар, тұтас темірбетонды баспалдақ алаңшалар.
|
3
|
0
|
кесте8 п.
2.27
|
IIIб
|
1
|
0
|
ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2009 кесте2
|
Сәйкес келеді
| -
|
Шатыр Гидрооқшаулау – мырышталған шатырлы болат, қалындығы 0,8 мм.
|
Нормаланбайды
| -
|
Барлық бөлмелерде есік пен терезелер ағаштан жасалынған.Еден керамикалы және ағаш.
|
Нормаланбайды
|
Құрылыс конструкциялардың сараптамасы нәтижесінде бұзушылықтар табылған жоқ.
-
Ғимараттың ішкі жоспарының сараптамасы
Ішкі жоспарына қойылатын нормалардың өртке қарсы талаптар тексеріске жатқызылатын тізіміне кіру тиіс. Бұл жоспар шешімдерінің қысқаша сипаттамасынан кейін құрастырылады.
-
Ғимаратты өрт отсектерге бөлу қажеттілігі: аудан бойынша, функционалды тағайындалуы бойынша, өрт қауіптілігі бойынша.
-
Өрт отсектерін секцияларға немесе бөлек бөлмелерге келесі мақсатпен бөлуге:
Өрт қауіптілігі бойынша әр түрлі өңдіріс процестерін бөлу;
Бөлмелерді немесе процестерді функционалды тағайындалуы бойынша бөлу;
-
Өрт қауіптілігі бойынша сәйкес емес процестерді оқшаулау;
Аса құнды материалдар мен қондырғысы бар бөлмелерді оқшаулау; Улы заттары бар процестерді оқшаулау;
-
Ғимараттың жер төлені және цокольді қабаттарды оқшаулау;
-
Жер төле үстіндегі ара жабын от төзімділігі;
Бірінші қабат бойынша шығудың бар болуы; Жер төлеге жеке және өздігінен кірулердің бар болуы.
-
Баспалдақ торларды ғимараттың басқа бөлмелерінен оқшаулау.
Ғимарат ІІ ОТД жатады. Жоспарлы шешімдерге қойылатын өртке қарсы талаптардың сәйкестігін тексеру қажет. Сараптамаға келісі шешімдер жатады:
Кесте 2
№
т/б
|
Не тексеріледі
|
Жобада көзделген
|
Норма бойынша қажет
|
Нормаларға сілтеме
|
Қорытынды
| -
|
Аудан бойынша өртке қарсы отсектерге бөлу қажеттілігі.
|
Көзделмеген: қабат ауданы 2198 м2
|
Бір отсекте өртке қарсы қабырғалар арасында 4000 м2 көп емес.
|
ҚР ҚНжЕ 3.02-02-2009 п.1.14 кесте.1
|
өртке қарсы қабырғаларды орнатылуында қажеттілігі жоқ.
| -
|
Функционалды тағайындалу бойынша бөлу.
|
Көзделмеген
|
Ғимараттың функционалды тағайындалу әр түрлі бөліктерді бір – бірінен бөлу қажет.
|
ҚР ҚНжЕ 3.02-02-2009 п.1.37
|
Сәйкес келеді
| -
|
Баспалдақ торларды ғимараттың басқа бөлмелерден оқшаулау қажеттілігі.
|
оқшауланған
|
оқшаулау
|
ҚР ҚНжЕ 3.02-02-2009 п.1.97
|
Сәйкес келеді
| -
|
Жер төледен өздігінен және жеке шығулардың бар болуы.
|
Сыртқа жер төледен 3 өздігінен шығу көзделген
|
Жер төлелерден шығуларды тікелей сыртқа көздеу керек.
|
ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2009 п. 4.5, ҚР ҚНжЕ 3.02-02-2009
п. 1.97
|
Сәйкес келеді
| -
|
Төбе мен шатырға шығулардың бар болуы.
|
Көзделмеген
|
Төбе мен шатырға шығуларды баспалдақ торладан немесе сыртқы өрт сатылардан көздеу керек.
|
ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2009 п.2.9
|
Сәйкес келмейді
|
Достарыңызбен бөлісу: |