Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Ж. Төребаева, М. Н. Есенғұлова психологиялық-педагогикалық диагностика



Pdf көрінісі
бет121/129
Дата11.04.2024
өлшемі4.16 Mb.
#498442
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   129
Генетикалық əдіс – психиканың түрлі формаларының 
тұқымқуалаушылық көріністерін ғылыми тұрғыда зерттеу əдісі.
Генотип –жүйке қызметінің туа пайда болатын түрі.
Гетеростреотипы – бір этностың басқа өкілдері туралы пікірлері. 
Этностардың өзара қарым-қатынасына қарай оның жағымды, 
жағымсыз түрлері болады.


285
Гештальтпсихология – психиканы бөлшектенбейтін, оны тұтас 
бейне деп түсіндіретін батыс психологиясының бір бағыты. 
Гиперболизация – заттың жеке сипаттары мен белгілерін 
үлкейтіп не кішірейтіп көрсетуде қолданылатын қиял бейнелерін 
жасайтын əдістерінің бірі.
Гипноз – арнайы əсерлердің салдарынан адам санасының белгілі 
уақыт көлемінде ұйқыға жуық күйі.
Гипнопедия – ұйқы кезінде адамды оқытудың ерекше бір əдісі.
Девианттық мінез-құлық (ауытқу) қоғамда қалыптасқан 
құқықтық жəне адамгершілік нысандарға қарама-қайшы келетін 
əрекеттер. Д.м.қ. негізгі түрлері – құқық бұзушылық жəне қылмыстық 
жауапкершілікке тартылмайтын моральға қайшы мінез-құлық.
Делинквент (құқық бұзушы) кейбір шектен тыс жағдайда 
іс-əрекеті қылмыстық жазалауға алып келетін, мінез-құлқында 
ауытқуы бар субьект.
Дисперсиялық анализ – түрлі факторлардың əсерін талдауға 
мүмкіндік беретін статистикалық əдіс.
Еркін ассоциациялар əдісі – адамдардың берген жауаптары 
арқылы оның бақылауынсыз айта салған сөздері мен ойларының 
негізгі себептері мен көздерін табуға мүмкіндік беретін терапиялық 
əдіс.
Жас ерекшелік дағдарылыстары – шұғыл психологиялық 
өзгерістермен сипатталатын онтогенез ерекше кезеңі. Неротикалық 
немесе травматикалық типтерге қарағанда, Ж.е.д. тұлғалық дамудың 
қалыпты дамуына қажетті заңды үрдіс болып табылады.
Жеке даралық – тұлғаның əлеуметтік маңызды сапаларының 
ерекше жəне қайталанбас көріністері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет