84
«Жанұя суреті» əдістемесі
Мақсаты: жанұяішілік қарым-қатынастарды зерттеу.
Нұсқау: өз жанұясының əдеттегі іспен айналысу кезіндегі немесе
оны өзінің елесі бойынша суреттеп салып беру. Əдістеме балаларға
қолданылады.
Сурет салу процесінде назар аударылатын жағдай:
1. Суретті белгілер арқылы ретімен салуы.
2. Суреттерде түсініксіз бейнелердің салынуы қарым-қатынастағы
қиындықтарды білдіреді.
3. Детальдарды өшіру – импульсивтілік, сенімсіздік, күдіктену.
4. Баланың қапыл ойдан шығарған пікірлеріне, түсіндірмелеріне
назар аудару.
5. Эмоционалды реакцияларына жəне олардың бейнемен байла-
нысына көңіл бөлу.
Сурет салу кезінде балаға бірнеше сұрақтар қойған жөн. Мысалы:
Мұнда кім бейнеленген? Немен айналысып жатыр? Олар көңілді ме?
Неліктен? Олардың ішінде кім басшы? жəне т.б. Тікелей сұрақтар
қоймаған жөн жəне қайта-қайта қоя беруге болмайды.
Сұраққа
бірнеше уақыттан соң қайтып келу керек. Жобалау сұрақтарын
қолдану:
Мысалы:
Жарысты кім ұтар еді, сен бе, əлде апаң ба? Мамаң
өзімен бірге баруға кімді шақырар еді? Егер адам емес, ит салынған
болса, сеніңше ол кім болар еді?
Жағымды жəне жағымсыз жағдаяттар беріледі:
1. Сенде циркке 2 билет бар жəне
сен қасыңа кімді алып
баратыныңды елестет.
2. Сенің жанұяң қонаққа барайын деп жатыр,
бірақ жанұя
мүшесінің біруі ауырып қалды, үйде қалу керектігін елестет. Кім
қалар еді?
3. Сен конструктордан үй салудасың жəне саған көмек керек.
Жанұя мүшелерінен кімді шақырар едің?
4. Сенде киноға баруға 3 билет бар, ал жанұяда 4 адам
екенін
елестетіңіз. Үйде кім қалады?
5. Сен адам тұрмайтын аралға түскеніңді елестетіп көр. Сен
кіммен болғың келеді?
6. Сен сыйлыққа қызықты лотоға ие болдың. Барлық жанұя
ойнауға отырды, ал сіздерде 1 адам артық. Кім ойнамайды? Неліктен?