I кезең – психологиялық тесттерді жүйелі стандартизациялау
жəне диагностикалау процедурасы деп аталады:
1) Тестілеу жағдайы (орналасу орны, аудиториядағы жарықтың
дұрыс болуы жəне басқа да сыртқы факторлар негізге алынады).
Таным процестерінің көлемін анықтау барысында кері əсер ететін
сыртқы факторлардың болмағаны дұрыс деп есептейміз.
2) Əдістеме мазмұнын ұсынудың ерекшелігі (дауыс ырғағы,
сөйлеу жылдамдығы). Мысалы, «Он сөз» тестіндегі əрбір сөз уақыт
интервалынан кейін ұсынылуы тиіс.
3) Стандартты стимул материалы. Мысалы, əдістеме қо ры-
тындысы берілген материалдардың мазмұнына тəуелді болады.
Мысалы, Роршах тестіндегі карточкалар өзіндік түстермен бей-
неленген.
4) Тестті орындау уақытының шектеулігі. Мысалы, ересек адам
үшін Равен тестін орындау уақыты 20 минут.
99
5) Тестті орындауға арналған арнайы бланктардың болуы тестің
өңдеу процедурасын жеңілдетеді.
6) Диагностикалық тест процесі нəтижелеріне əсер етеді. Мы-
салы, экспериментатордың респондентке «дұрыс жауапты» айтып
беруі, əрекетіне қолдау білдіруі жəне т.б. жағдаяттарды жатқызуға
болады.
7) Тестке қатысушы респонденттің тəжірибесіне тигізетін əсері.
Егер респондент бірнеше рет тесттен өткен болса, ол өзіне сенімді
болады.
II кезең. Психологиялық тест стандартизациясына тесттің орын-
далуын бағалау жүйелілігі мен алынған нəтижелердің өңделуі жа-
тады. Аталған кезеңде респонденттің жас ерекшелігі, жыны-
сы ескеріледі. Тапсырманы орындау нормалары мен алынған
көрсеткіштер салыстырылады.
III кезең. Тесттің орындалуы нормаларға сəйкес анықталады
жəне мамандықтардың ерекшелігіне байланысты болады.
Практикалық мəселелерді шешуде Ф. Гальтон тесттерді кеңінен
пайдалануды ұсынды. Бұл ұғым кейіннен қолданбалы психоло-
гияда «психотехника» деген атаққа ие болды. Сонымен қатар, бұл
ұғымды Д. Кэттелдің «Ақыл-ой тесттері жəне өлшемдер» деген
мақаласынан кейін психологтар кеңінен қолданылып келеді. Д. Кэт-
тел мақаласында былай деп жазған болатын: «Психология физикалық
ғылымдар секілді тұрақты əрі нақты ғылым болу үшін эксперимент
пен өлшемдерге сүйенуі тиіс. Көптеген адамдарға ақыл-ой тесттерін
қолдану психология саласындағы алғашқы қадам болып табыла-
ды. Мұның нəтижелері психикалық процестердің тұрақтылығын,
олардың өзара байланысы мен əр түрлі жағдайда өзгеруі ғылымның
құндылығын арттыра түседі».
XIX жəне XX ғасырлар əлеуметтік практика қабілеттерімен
даралық өзгешеліктерін зерттеудің ғылыми мəселелерін алға қойды.
1884 жылдан бері практикалық психодиагностикада тесттерді
қолдану дəуірі басталды. Психодиагностикадағы мəселелерді
ғылыми тұрғыдан шешу үшін тестологиялық зерттеу практикалық
психодиагностика аумағындағы көптеген мəселелерді шешуге
мүмкіндік береді. Тестологияның негізін салушы Ф. Гальтон болып
табылады. Ол өзінің зерттеулерін кең эксперименталды іріктеуден
бастады. Бұл жұмыстардың нəтижесінде психикалық қасиеттер мен
ағзаның физикалық жəне физиологиялық көрсеткіштері бойынша
эмперикалық мəліметтер алынған болатын. Барлығы 17 көрсеткіш
100
бойынша талдау жасалды. Д. Кэттел жұмыстарының нəтижесі
психологияның шынайы жəне нақты ғылымға айналуына мүмкіндік
берді. 1885 жылы ол адамның психикалық қасиеттерін өлшеу
тəсілдерін анықтады. 1890 жылы тесттердің 50 түрін қолдануға
ұсынды. Мəліметтерді өңдеу барысында математикалық статистика
жəне эмпирикалық əдіс кеңінен қолданылды. Осыдан кейін психо-
метрия ұғымы да жан-жақты пайдаланыла бастады.
Тесттің алғашқы дамуы ХІХ ғасырмен байланысты. Тесттің
теориялық жəне практикалық дамуына Француз дəрігері А. Бинэ
үлкен үлес қосқан. Альфред Бине (1857-1911) Франциядағы экс-
перменталды психологияның жəне тестологияның негізін салу-
шы болып табылады. 1889 жылы Сарбонда Франциядағы алғашқы
эксперименталды психология лабороториясының негізін салды.
ХХ ғасыр басында Симонмен бірге балалардың ақыл-ойы мен та-
ным процестерінің даму деңгейін анықтайтын тест құрастырды.
Сана жəне жеке адам патологиясы, ақыл-естің тежелуін, ойлау, ес
процестерінің индивидуалды ерекшеліктері жəне т.б. мəселелерді
өңдеумен шұғылданды.
Қазіргі кезде Стэндфорд – Бине тесті кеңінен қолданылады. Ол
тест сөйлеудің даму деңгейін, қабылдауын, ес пен логикалық ойлау
қабілетін бағалауға арналған шкалалардан тұрады. Бұл тест арқылы
зерттелушінің ақыл-ойы мен психологиялық жасын анықтауға бо-
лады.
Векслер тесті – ақыл-ойдың даму деңгейін бағалауға арналған.
Бұл тесттің бірнеше варианттары бар, зерттелушінің жасына бай-
ланысты қолданылады. Тест жеке субтесттерден тұрады. Осы суб-
тест бойынша алынған нəтижелер тесттің екі көрсеткіш негізінде
қорытындыланады. ВИП-вербалды қабілеттілік көрсеткіші, онда
сөздік тапсырмалардан тұратын субтесттерді ауызша түсіндіру
арқылы бағаланады. НИП-вербалсыз қабілеттілік көрсеткіші, онда
сөз қолданылмайды, жазбаша тапсырмаларды орындау бойынша
анықталады.
1904 жылы Францияда ақыл-ойы тежелген балалардың қабілетін
анықтауға арналған А. Бине жəне Т. Симон тесттер жиынтығын
ұсынды. Олар 1908 жылы «интеллектуалдық коэффициентін»
анықтайтын шкаласын ұсынса, кейіннен ол кəсіби құндылығы бар
тесттер қатарына жетті.
АҚШ-та Бине-Симон шкаласының кеңінен таралуына амери-
кан психологы К. Халл күш салды. Ол оқушылардың интеллектісін
101
анықтауда тəжірибиелік зерттеу нəтижесі мен педагогикалық прак-
тика тиімділігі арасындағы байланыстың бар екендігін анықтады.
1891 жылы неміс психологы Г. Мюнстерберг трамвайлардың ва-
гон басшыларын таңдауға арналған тесттерін ұсынды. Мектептер-
де тестология кеңінен қолданылды. АҚШ-та балалардың ақыл-ой
дамуын анықтауға арналған тесттерге баса назар аударылды. 1894
жылы АҚШ балаларды зерттеуге арналған 27 лаборотория құрылып,
4 арнайы журналдар шығарыла бастады.
Практикалық психологияның бұл бағытының Ресейде дамуына
В. М. Бехтерев үлес қосты. Ол рефлексология принциптерін алғаш
рет қалыптастырды, бұл адамның психофизиологиялық қасиеттерін
бағалауға арналған əдістерді өңдеуге ықпалын тигізді.
Ресейде еңбек психологиясы мен психотехниканың дамуы, ең
алдымен, И. М. Сеченов есімімен байланысты. Еңбек психологи-
ясы мен психотехника негізін салушылар қатарына А. Ф. Лазур-
ский, В. М. Бехтерев, Л. С. Выготский, В. Н. Мясищев, М. А. Берн-
штейн жəне т.б. үлес қосып, бұл кезеңде еңбекті ұйымдастыру, пси-
хология жəне психодиагностика мəселелерін зерттейтін 12 ғылыми
зерттеу институттары 150 лабороториялар ашылып, психологиялық
əдебиеттер шығарыла бастады.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдары Ресейде тестологияның экспери-
менталды теориясының дамуы байқалды. Кеңестік заманда психо-
логтар тест процедурасының валидтілігін төмен бағалағанымен,
психодиагностиканың жедел дамуына өз əсерлерін тигізді. Осы кезде
эксперименттік психологияның іргетасын қалаушылар қатарынан И. П.
Павлов жəне Л. А. Орбели, Л. С. Выготскийй, А. А. Ухтомский, Б. М.
Теплов жəне тағы басқа да ғалымдарымыздың зерттеулерін дүние жүзі
мойындауына тура келді. Тесттердің жаңа формаларының дамуына де-
ген қызығушылықты А. П. Болтуновтың (1928) «Ақыл өлшеу шкала-
сы» қалыптастырды. Бине-Симон шкаласының əйгілілігіне қарамастан,
Болтунов əдісі адамның ақыл-ой дамуын бағалауға арналған жаңа суб-
тесттерден тұрды. Жаңа нұсқау өңделді, хронометраж өзгертілді,
жастық ерекшеліктер анықталды, тестті топтық формада өткізу
ұсынылды. Отандық психодиагностикалық тарихында М. Ю. Сыркин
еңбектері негізгі орын алады. Жүргізілген жұмыстар А. Биненің «тест-
тер көрсеткіштері мен адамдардың əлеуметтік қасиеттері арасында
тұрақты статистикалық байланыс бар» деген болжамы дəлелденді.
Тестологияның дамуына зор ықпал тигізген Г. И. Россолимо
болды, ол психикалық процестердің нормалық жəне патологиялық
102
көрсеткіштерін психологиялық профиль өлшемін айқындайтын жо-
баны өңдеді. Сонымен қатар, жеке психикалық қасиеттерді анықтау
үшін тұлға туралы толық көрініс беретін сандық бағалау əдісін
əзірледі. Бұл əдіспен: зейін, қабылдаушылық, ерікті есте сақтау,
ассоциациялық процестер (ойда суреттеу жəне ойлау) – бес топқа
бөлінетін 11 психикалық процесті бағалау болады. Осының əрбір
процесін орындауға қарай арнайы шкаламен «күші» бағаланады.
Дұрыс жауаптар сызбада нүктемен белгіленеді. Осы нүктелерді
қосып, адамның «психологиялық бағыты» анықталады.
1920 жылы ғылыми-практикалық зерттеу бағдарламалары
өңделді. Олар 3 негізгі зерттеу бағыттарынан тұрды.
а) адамдарды зерттеу («еңбек күйінің субъективті жағдайы»)
б) еңбек құрамына икемделу жəне зерттеу («еңбек материалды
жағдайы»)
в) еңбекті ұйымдастырудың рационалды əдістері
1950 жылдың соңына қарай ғана психодиагностика бой-
ынша ғылыми-зерттеу жұмыстары қайта жаңғыртылды. 1958 жылы
К. К. Платонов басшылығымен бірінші ғылыми зерттеу жұмыстары
психотехникалық мəселелер бойынша жүргізілді.
1960 жылы эксперименталды жəне психодиагностиканың сандық
жəне сапалық көрсеткіштерін зерттеу күрт өсті. Компьютерлік пси-
ходиагностика іргетасы қаланып, компьютер мен математикалық
əдістер алғашқы орынға қойылады.
Психодиагностиканың негізгі құралы ретінде құжаттарын өнімді
еңбек жемістерімен жұмыс жасай білуге дағдыланады. Қоғамның
басты байлығы ретінде адам факторларға бетбұрыс жасау, оның
интеллектуалдық потенциалын дамыту, даралық шығармашылық
т.б. жеке тұлғаға тəн басты қасиеттерді қалыптастыру, мұғалім
қызметіне тікелей байланысты. Əр оқушының дамуына тиімді
жағдай жасап, жеке тұлғаны қалыптастырудың психологиялық стра-
тегиясын жүзеге асыратын мұғалім зерттеуге деген сұранысының
өзектілігі жоғары деңгейде.
Психологиялық диагностика əдістерін практикалық түрде қолдану
көпшілік сипатқа ие болып отыр. Мектептегі оқуға бейімділігін
анықтайтын психодиагностикалық дəрістің сенімділік дəрежесі үш
жағдайға: əдіс объективтігіне, тест міндеттерінің біртектілігіне жəне
балалардың өлшенетін қасиеттерінің тұрақтылығына байланысты.
Сондықтан да сенімділікті тексерудің дəстүрлі практикасы мен оның
жаңа модельдерін қалыптастыру қажеттілігі туындайды.
|