Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Ж. Төребаева, М. Н. Есенғұлова психологиялық-педагогикалық диагностика



Pdf көрінісі
бет34/129
Дата11.04.2024
өлшемі4.16 Mb.
#498442
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   129
1 - субтест «толықтыру» – күрделілігі өсу ретімен орналасқан 
12 тапсырмадан тұрады. Əр тапсырманың сол жағында 3 белгілі 
логикалық бірізділікпен 5 фигура орналасқан (кеңістікте орналасу 
көлемі, саны жəне т.б. өзгерістері бар). Логика өзгерістерін таңдай 
отырып, оң жақта орналасқан 4-5 фигураның ішінен заңдылыққа 
сəйкес келетінін жəне сол жақта орналасқан 3 фигураның логикалық 
бірізділігін жалғастыра алатынын таңдау қажет.
2 субтест «классификациялау» – күрделілігі өсу ретімен 
орналасқан 14 тапсырмадан тұрады. Əр тапсырма 5 фигура 
қатарынан тұрады. Мұнда 4 фигура əрдайым қандай да бір жалпы 
белгімен біріктірілген. Əр қатардан басқалардан ерекшеленетін 1 
ғана фигураны табу қажет. 4 фигураға жалпы болып табылатын белгі 
формасы, түсу, саны, фигуралар элементтері арасындағы кеңістіктік 
қатынасты табу қажет.
3 субтест «матрица» – күрделілігі өсу ретінде орналасқан 
12 тапсырмадан тұрады. Бұл тапсырмалар логикалық жағынан 
1 тапсырма субтестіне ұқсас келеді. Сол жақтағы матрицада 
біріктірілген 3 фигураға сəйкес заңдылықты оң жақта орналасқан 5 
жауап вариантының ішінен табу тапсырмада берілген заңдылықты 
аяқтайтын 1 ғана фигураны табу қажет, яғни матрицаны дұрыс 
толықтыру қажет. Бұл субтестінің ерекшелігі белгілердің кешендік 
талдаудан тұруында (матрицаны тігінен жəне көлдењінен, диаго-
налды талдау). Берілген субтесттің тапсырмаларын құру негізінде 
жататын белгілер – бұл кеңістіктегі орналасулары, формасы, көлемі, 
саны, түсі жəне берілген белгілердің комбинациясы.
 субтест «типология» – күрделілігі өсу ретімен орналасқан 8 
тапсырмадан тұрады. Тестілеуді ұйымдастыру алдында психолог 
зерттелушіге жауаптар парағын жəне тест дəптерін береді. Психолог 
тест дəптерінің 1-ші бетін ашып, жалпы нұсқауымен таныстырады.
Одан кейін психолог нұсқауды оқып, дұрыс түсіндірілгеніне 
көзін жеткізгеннен соң, «парақтың келесі бетін ашыңдар да, 


120
субтесттің 1-ші бөлімімен жұмыс жасауды бастаңдар» дейді. Əр 
субтест зерттелушіге орындалынатын тапсырма логикасын түсінуге 
мүмкіндік беретін 2-3 мысалдардан басталады. Қалған 2 мысал өз 
бетінше шешіліп, ол жауаптар парағында белгіленеді. Психолог 
жауаптардың дұрыстығын тексеріп, зерттелушімен бірге қателерін 
дұрыстайды. 
Жауап парағы тесттің екі бөліміне сəйкес келетін екі бөлімнен 
тұрады. Жауап парағының əр бөлімі 4 субтестке сəйкес келетін 4 
қатардан қаралады. Қатар жолының саны əр субтесттегі тапсырмалар 
санына сəйкес келеді. Мысалы, тапсырмаларды орындап болғаннан 
кейін психолог «парақты аударып, келесі беттегі тапсырмаларды 
орындаңдар» дейді де, уақытты белгілейді. «Тоқта» командасымен 
жұмыс аяқталады. Тесттің екі бөлімдердің арасында аздаған үзіліс 
жасауға болады. Екі бөліммен жұмыс жалпы нұсқаудың негізгі 
моменттерін қайталаудан басталады. Бірінші бөлімнің ерекше болып 
табылатын себебі, екі бөлімде де мысал тапсырмаларға ешқандай 
вербалды түсініктемелер берілмейді.
Зерттелушінің жауаптар парағындағы нəтижелері арнайы 
«кілтпен өңделеді». Əр дұрыс жауапқа 1 балл беріледі. «Шикі, 
аяқталмаған» ұпайлар жиынтығы субтесттің 1 жəне 2 бөлімдері бой-
ынша бөлек жəне бірге есептелінеді. «Шикі» балдар шкалалы балы-
на аударылады. Тесті жеке жəне топ бойына өткізуге болады. Топқа 
жүргізгенде əр зерттелушінің тест дəптері мен жауаптар парағы бо-
луы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет