117
Б) символдар S (формалық белгілер,əріптер,цифрлар,ноталар,
кодтар);
В) семантикалық M (концептуалды информациялар: вербалды
идеялар, ұғымдар, түсініктер);
Г) мінез-құлық B (кісіаралық
қатынастар процесін бейнелеуші,
адамдардың мінезін анықтаушы мəліметтер);
2. Мəліметті өңдеу барысындағы операциялар:
А) тану операциясы C (мəліметті сыртқа ортадан ажырату, тану
жəне мағнасын түсіну);
Б) дивергентті ойлау D (ұсынылған мəлімет пен логикалық
байланыстағы бірнеше альтернативті шешімдерді табу);
В) конвергентті ойлау N (мəселенің бір ғана шешімін таба алу
қабілеті);
Г) есте сақтау M (есте сақтау, есте қалдыру операциялары);
Д) мəліметті бағалау E (мəліметті белгілі бір критерий бойынша
салыстыру жəне бағалау);
3. Мəліметтерді өңдеу қорытындыларына мыналар жатады:
А) элементтер U (мəліметтің жеке бірліктері);
1-сурет. Гильфорд бойынша интеллекттің құрылымы
Ԥɪɟɤɟɬɬɟɪɞɿԙ ɨɪɵɧɞɚɥɭɵ
Ɍɚɧɵɦɞɵԕ ɮɭɧɤɰɢɹ - ɋ
ȿɫ - M
Ⱦɢɜɟɪɝɟɧɬɬɿ ɨɣɥɚɭ - Ⱦ
Ʉɨɧɜɟɪɝɟɧɞɿ ɨɣɥɚɭ - N
Ɇԥɥɿɦɟɬɬɿ ɛɚԑɚɥɚɭ - ȿ
ɗɥɟɦɟɧɬɬɟɪ - U
ȱȱ - ɤɥɚɫɬɚɪ ɋ
ȱȱȱ - ԕɚɬɵɧɚɫɬɚɪ R
ȱV - ɠԛɣɟɥɟɪ S
V - ԕɚɣɬɚ ԕԝɪɭ T
VI - ԕɨɥɞɚɧɭ I
Ɇɚɡɦԝɧɵ
1 2 3 4
Ȼɟɣɧɟɥɿɤ
ɋɢɦɜɨɥɞɵԕ
ɋɟɦɚɧɬɢɤɚɥɵԕ
Ɇɿɧɟɡ-ԕԝɥɵԕɬɵԕ
118
Б) кластар C (ортақ элементтер
мен қасиеттер бойынша
объектілерді белгілі бір топқа, кластарға орналастыру);
В) түрлі қатынастар R (мəліметтер бірліктері арасында, объектілер
арасында байланыс, қатынас орнату);
Г) жүйелер S (мəліметтік бірліктердің құрылымдық жүйесіне
жеке элементтерден құрылған тұтас блоктар жатады);
Д) трансформация T (мəліметтерді модификациялау, яғни
мəліметтерді қайта құру, салыстыру, қайта анықтау);
Е) импликация I (мəліметтерге қатысты жаңа байланыстарды
құру, қорытындылау)
Моделдің негізгі артықшылығы негізгі Дж. Гильфорд
интеллекттің кеңейтілген моделін ұсынды. Қазіргі күні
оның кон-
цепциясы интеллектілі қабілеттіліктердің жүйеленген моделі бо-
лып табылады. Дж. Гилфордтың моделіне сəйкес əрбір қабілеттілік
үш өлшемнің əрқайсысы бойынша оның тиімді жағдайымен
анықталады. Бұл модель интеллект
құрылысының моделі деп ата-
лады. Тек Дж. Гилфордтың ғана теориясы сынға ұшыраған жоқ.
Интеллектінің барлық қозғау күші мен талдау модельдері тез арада
психологтарды қанағаттандыруын тоқтатты.
Көптеген психологтардың пікірі бойынша біздің ғасырымыздың
басында интеллектуалдылық тест ситуациясын туындатты. Бұл си-
туациялар адамды таңдауға қояды, адамдардың əр түрлі мəселелерін
интеллектуалды орындау мүмкіндігі бойынша бағалай отырып,
олардың интеллектісін өлшеуге болады. Сондықтан кейбір психо-
логтар интеллектуалды тесттер мен өлшемдерді интеллектуалды деп
атайды. Интеллектуалдылық коэфициент
интеллектінің синонимі
болып табылады.
Жоғарыда айтылғандардың басқа жағы интеллектінің табиғи, ту-
мыс қасиеттері деп мойындауға келіп тіреледі. Бұған тұрақты түрде
ұзақ уақыт бойына интеллектісін зерттеу керек. Зерттеуде байқалған
IQ-қатысты жиілігі басқа себептермен түсіндірілуі мүмкін. Соны-
мен, IQ тұрақтылығының тағы да екі себебін анықтауға болады.
Олардың бірі, ұзақ қоршаған адамдарда болатын өзгеріс. Екінші
себебі, индивидтер өз өмірінің ерте кезеңдерде жəне олардың тез
дамуын қамтамасыз ететін іскерлік пен дағдылар. Бұлар сақталады
жəне келешекте дамудың өкілі болып қызмет етеді.
Интеллектуалды тестте қоршаған ортаның əсерін ескеру қажет.
Көптеген
жеке тесттерде, баланың жеке қасиеттерін анықтау үшін
қарастырылып, зерттелген. Жаңа шарттарға бейімделу, тесттің ең
119
қажетті талабы. Белгілі бір жасқа арналған тесттерді басқа жастағы
балаларға қолдануға болмайды.
Тест сенімділігін тіркеу (ретестілеу) əдісі бойынша жəне тесттің
есептерінің гомогенділігі əр серия бойынша бағаланады. АҚШ
оқушыларының 450-ін тексеру үшін 0,85 коэффициенті, ал жоғары
білімі бар адамдарды зерттеу үшін – 0,82 коэффициенті алынды. Əр
түрлі таңдаудағы гомогенділіктің орташа коэффициенті 0,71 – 0,91
аумағында болды.
Достарыңызбен бөлісу: