Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Ж. Төребаева, М. Н. Есенғұлова психологиялық-педагогикалық диагностика



Pdf көрінісі
бет50/129
Дата11.04.2024
өлшемі4.16 Mb.
#498442
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   129
анық интроверт деп есептеуге болады.
2, 4, 7, 9, 11, 14, 16, 19, 21, 23, 26, 28, 31, 33, 35, 38, 40, 43, 45, 47, 
50, 52, 55, 57 – иə;
Сұрақтардың бұл қатары эмоцияңыздың тұрақты неме-
се тұрақсыз деңгейін айқындауға бағытталған. Бұрыс жауаптар 
мұнда есепке алынбайды. Егер мұнда сіздер «+» белгісін 12-ден кем 
жинасаңыз, онда сіздің эмоцияңыз тұрақты. 6, 24, 36 – иə; 12, 18, 
30, 42, 48, 54 – жоқ.
Бұл түзету (корректуралық) шкаласы деп аталады, ол сіздің 
сұрақтарға қаншалықты шын, адал жауап бергеніңізді тексеру-
ге мүмкіндік береді. Егер мұнда сіз «+» белгісін 4-тен жоғары 
жинасаңыз, бұл сұрақтарға жауап беруде өзіңіздің алдыңызда аса 
адал болмағаныңызды білдіреді.
Өзін-өзі бағалауға арналған тест
Ұсынылған сұрақтарға жауап бере отырып, өзіңізді-өзіңіз баға-
лауды анықтап көріңіз. Өйткені бұл психологиялық тұрақты лықтың 
өте маңызды көрсеткіші болып табылады.
1. Сіз қайта туылып, өміріңізді басынан бастауды армандайсыз 
ба? (Иə-4, жоқ-16).
2. Сіздің ерекше шұғылданатын ісіңіз бар ма? (Иə-18, жоқ-5).
3. Егер сіздің жұмысыңыз алға баспаса, «Мұндай нəрсе тек 
менде ғана болады» деп айтасыз ба? (Иə-6, жоқ-12).


162
4. Біреудің сізді көре алмайтынын білсеңіз қуанасыз ба? (Иə-
16, жоқ-2).
5. Егер сіз туралы біреу жалықтыратын, сүйкімсіз адам ретінде 
пікір айтса, сіздің намысыңыз келе ме? (Иə-3, жоқ-12).
6. Сіздің танысыңызда да сіздің басыңыздан өткен ұнамсыз 
жайттар болғанғанын білу сізге қандай да бір жұбаныш əкеле ме? 
(Иə-2, жоқ-16).
7. Қандай да бір істің сіздің қатысуыңызсыз жақсы жүріп 
жатқанына көзіңіз жетуі сізді қобалжыта ма? (Иə-2, жоқ-16).
8. Лотореядан көп сома ұтып алу тілегі сізде жиі бола ма? (Иə-
4, жоқ-20).
9. Туыстарыңыз немесе достарыңыз қымбат зат сатып алғанын 
білсеңіз, сіздің тамырыңыздың соғуы жиілей ме? (Иə-1, жоқ-20).
10. Сіз үлкен көлемдегі тыңдаушылардың алдында пікіріңізді 
айтуды ұнатасыз ба? (Иə-16, жоқ-3).
Жиналған ұпай санын санап, алынған соманың шешімін 
алыңыздар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет