175
болады. Əрі қарай баладан ата-анаң сені қандай қатарға орналасты-
рар еді, апасы ше, ағасы, əжесі, атасы т.б.
туған туысқандарының
өзіне берер бағасын немесе орнын анықтаймыз. Ал егер тəрбиеші
немесе басқа бір туысқаны оны төменгі қатарда орналастырса, оның
себебін түсіндіруін ұсынамыз.
Қорытынды бағалау:
Бағалау əрбір серия бойынша бөлек есептеледі. Олар өзара салыс-
тырылады жəне төмендегіше сұрақтарға жауап алынады:
Бала өзі туралы тəрбиешінің ойын, пікірін,
қарым-қатынасын
қалай түсіндіреді?
Жауап қанағаттанарлық па?
Бала үшін маңызы қандай?
Баспалдақтың қайсысын бала қалайды?
Себебін түсіндіре алама?
Баланың өзін-өзі бағалауы
мен айналасындағы жақын
туыстарының бағасы сай келеме?
7- əдістеме «Керн-Йирасиктың мектепке оқуға даярлық
жөнінде бағдарлау сынағы»
Мақсаты: мектепке оқуға даярлықтың жалпы деңгейін анықтау.
Көрнекілік: таза ақ қағаз, екі жолақша.
Бірінші жолақшаға «сен су іш» деген сөйлемді жазамыз. Əріптер
көлемі 1х1,5.
Екінші жолақшаға нүктелер салынады, арақашықтығы вертикаль
жəне горизонталь 1 см., ал диаметрі 2 мм.
Зерттеу процедурасы:
1. Тапсырма: балаға төмендегіше нұсқау беріледі:
ақ қағазға
ер адамның суретін еркін түрде сал. Қосымша нұсқау берілмейді.
Қандай көмек сұраса да, балаға өзің сал, сен суретті жақсы саласың
деген нұскау беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: