Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Ж. Төребаева, М. Н. Есенғұлова психологиялық-педагогикалық диагностика


Болжамалы іс-əрекет түрлерін анықтау əдістемелері



Pdf көрінісі
бет92/129
Дата11.04.2024
өлшемі4.16 Mb.
#498442
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   129
Болжамалы іс-əрекет түрлерін анықтау əдістемелері
ДДО - Е. Л. Климовтың Диффернционалдық-диагностикалық 
сұрақнамасы, адамдарды биологиялық белгілер бойынша нақты 
психологиялық типтерді анықтау тесті
«ДДО –М» - методикасы
Мақсаты: Мамандықтың айқын түріне бейімділігін анықтау
Құралдар: Сауалнама қағазы, жауап парағы
Жұмыс барысы: Оқушыға жауап парағы жəне сұрақтар беріледі. 
Жиырма сұрақтан тұратын а, б нұсқаулары бар сауалнама беріледі, 
оқушы мұқият оқи отырып, өз таңдауын жасауы керек. Сауалнама-
лар белгілі мамандық ісіне қатысты əрекеттерге бағытталған. Оқушы 
тек жауап парағына сауалнамалардың нөмірімен нұсқауларының 
тұсына ұнаса - 1+, ал айқын ұнаса - 2++, өте қатты ұнататын болса, 
3+++ белгілерін қойылады. Егер де берілген мамандықтар əрекеті 
ұнамаса 1- , айқын ұнамаса 2- - , тіпті ұнатпаса 3 - - - белгілерін қоюы 
тиіс. Берілген екі нұсқауға да осындай жауаптар беруі тиіс. Ең басты 
талап сұрақтардың екі нұсқауына бірдей жауап беруге болмайды.
Сауалнама парағы
Егер сізге екі жағдайда тек бір шешім қабылдау керек болса, онда 
сіз қай əрекетті таңдар едіңіз.
1а. Жануарларға қамқорлық жағдай 
жасау керек
немесе 1б. Машинаға, приборларға 
қызмет ету, құрал қадағалау, 
реттеу
2а. Ауыратын адамдарға көмектесу, 
оларды емдеу
немесе 2б. Есеп машинасына схема, 
таблица, программа құру
3а. Кітаптың сапалық мазмұнын 
суреттеп, сипаттап, зерттеп отыру
немесе 3б. Өсімдіктердің өсіп жетіуін 
бақылап отыру
4а. Материалдарды өңдеу (ағаш, мата, 
метал, платика жəне т.б.)
немесе 4б.Тұтынушыларға тауарларды 
жеткізу (жариялау, сату)
5а. Ғылыми танылған кітаптарды, 
мақалаларды талқылау
немесе 5б. Көркем əдебиетті талқылау 
(пьесаларды, концерттерді)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет