Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Ж. Төребаева, М. Н. Есенғұлова психологиялық-педагогикалық диагностика


Жеке адамды анализдік-синтездік зерттеу



Pdf көрінісі
бет13/129
Дата11.04.2024
өлшемі4.16 Mb.
#498442
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   129
Жеке адамды анализдік-синтездік зерттеу.
Түрлі жағдайларда жəне қызмет бабында, өзге адамдармен 
қарым-қатынас барысында жеке адамның сан-салалы психикалық 
ерекшеліктері, бет бейнесі ашылады. Анализдік зерттеу психиканың 
элементтерін жеке адамның өмірі жəне қызметінің түрлі жағдайын 
тануға мүмкіндік береді, ал синтездік зерттеу барлық психикалық 
көріністердің өзара байланысын анықтауға жəне адамды толық си-
паттайтын тұрақты қасиеттерді табуға көмектеседі.
Анализдік-синтездік принциптік ұстаным қажеттілігі жеке адам-
ды терең, жан-жақты зерттеу, танымдық, эмоциялық, ерік-жігерлік 
процестердің жеке жақтарын, қасиеттерін зерттеу жəне адамның 
тұтас психикалық бейнесіндегі өзара байланысын, шарттылықтарын 
зерттеуді қажет етеді. Бұл екі бағыттың бірлікте болуы, бір жағынан 
жеке адамның психикалық ерекшеліктерін түсіну жəне дұрыс бағалау 
болса, ал екінші жағынан жеке адамның ерекшеліктерін бір-бірімен 
салыстырмалы талдау, олардың өзара тəуелділігі мен бірлігін ұғыну.
Сонымен 
психологиялық 
зерттеулерді 
құрудың 
негізгі 
принциптері: объективті принцип, психикалық құбылыстарды 
олардың даму барысында зерттеу жəне жеке адамды анализдік-
синтездік зерттеу. Жеке адамды зерттеу процесі негізінде оның 
типтік ерекшеліктерін, жəне жеке қасиеттерін, олардың өзара байла-
нысын анықтауды қажет етеді.
3.2 Жобалау əдістердің анықтамасы, тарихы жəне түрлері
Психоанализдің теориялық дəйіктемесінде «проекция принципі», 
«қорғаныс механизмі», «санасыздық» категориялары енгізілген. 


33
Проективті əдістемелер психоанализ бойынша жеке адамның деза-
даптация себептерін диагностикалауға бағытталады.
Проективті əдістер – белгілі бір мінез-құлық пен бейнелерге 
негізделген жобалаушы əдістер. Алғаш рет 1894 жылы «Жобалау» 
термині З. Фрейдтің «Невроз страха» мақаласында қолданылған 
болатын. Проективті əдістер тарихы хронология жəне табиғат ту-
ралы түсініктермен, оны тəжірибе барысында зерттеу техникасы-
мен ажыратылады. 1904-1905 жылы К. Юнг өзінің ауызша ассо-
циациясын құрған соң, жобалық əдісті қолдану дəстүрге айналды. 
Қазіргі уақытта психология ассоциациясының жобасына енгізілген 
жаңалықтар Вунд жəне Гальтон есімдерімен байланысты, бірақ 
феноменнің ашылуы мен дəлелдеулері Карл Юнгпен байланысты 
болды. К. Юнг өзінің бүкіл жобалық əдісінде негізінен ессіз қобалжу 
жеке тұлғаға əділ диагностика жасауға қолайлы екенін дəлелдеді. 
Диагностика жобасын қолдану 1921 жылы шыққан Г. Роршахтың 
неміс тілінде жарық көрген «Психодиагностика» еңбегімен байла-
нысты (Герман Роршахтың өмірбаяны мен кəсіби жолы). Роршахтың 
медицина саласындағы диссертациясы галлюцинация механизмін 
зерттеуге арналған болатын. Ол ғылыми еңбегінде өзінің басынан 
өткен жағдайға байланысты тəжірибе жасап, адамның арманы мен 
қиялы өткен жағдайлар туралы ой береді деген қорытынды жасады. 
Роршах көргенді елестетуге бағытталған қара нүкте қара моторлы 
қиялды жандандырады, сергітеді деп шешті.
1935 жылы жобалау əдісінің дамуына өз үлесін қосқан Морган 
мен Мюррейдің алғаш рет қиялдауды тəжірибе жүзінде дəлелдеген 
жобасының тақырыптық апперцептивтік тесті (ТАТ) жарық көрді. 
Томкинстің пікірінше, психиатрлар мен психологтар адамдардың 
түрлі жағдайларға деген мазмұнды да, шынайы көзқарасын сурет-
терде көрсеткен бейнелердің негізінде көрсете білген. Жалпы ТАТ 
фруструация өзіндік «МЕН-нің» қажеттігіне ішкі қарсылығына 
байланысты сипатталады. Мюррейдің пікірінше, ұйқыдан безіну, 
тамаққа тəбеті жоғалу, өтіп кеткен сəттілік немесе сəтсіздікке жауап 
тақырыптық апперцептивтік тестте баяндалады.
Алғаш рет психологиялық жобалау əдісінің негізгі принциптерін 
Лоуренс Фрэнк (1935-1948) тұжырымдады. Л. Фрэнктің пікірінше, 
адамның ойы мен сезімін білдіруге деген мүмкіндік белгісіз ын-
таландыру күштерінің салдарынан болады деп есептеді. Бұл жоба 
негізінде ұсынылған бейне жеке тұлғаның ішкі жан дүниесін ашуға, 
субъектінің қобалжуына, сезіміне, ойына үмітіне бағытталады. 


34
Проективті зерттеу шарты тест жағдайының бірізділігі мен 
шынайылылығы болып табылады. Бұл шынайылылық жасандылық 
бейнесін алып тастауға мүмкіндік береді. Мұндай жағдайда жеке 
адам өзіне тəн мінез-құлықты көрсетеді. Жеке адамға құрылымдық 
стимулдық материалдармен байланысы барысында санасыз 
еліктеулер, инстинкттер, конфликттерді сыртқа шығаруға мүмкіндік 
беріледі. Проективті əдіс жеке адамды тұтас əмбебап жүйе ретінде 
көрсетуге əсер етеді. Жеке адамның əлеуметтік ортамен қарым-
қатынасы «өмірлік кеңістіктің» құрылымдық үдерісін көрсетеді. 
Экспериментте зерттеушінің алатын орны белгісіз жағдайлардан 
тұрады: зерттелуші «өмірлік кеңістік» элементтерін таңдау бары-
сында еркіндік алады жəне оларды құру тəсілдерін өзі таңдайды.
Эксперименттік зерттеулер проективті əдістерге төмендегідей 
жаңа түсініктер енгізді: «бақылау», «когнитивтік стиль». Жоба-
лау əдісінің құндылығы тапсырманы орындау барысында таным 
əрекетінің күрделі негіздері туралы түсінік береді, бұл когнитивті 
жəне мотивациялық компоненттер түрінде қарастырылады. Жоба-
лау əдісі жетістіктермен жəне кемшіліктермен сипатталады. Соны-
мен бірге проективті əдістер жеке адамның қасиеттерімен интеллект 
ерекшеліктерін өлшеуге бағытталады.
Олар стандартты əдістермен ерекшеленеді:
1) Стимулды материалдардың ерекшелігі;
2) Зерттеу жұмысының алдына қойылған міндеттерінің ерекшелігі;
3) Нəтижелерді өңдеу жəне талдау ерекшелігі.
Проективті əдістемелердің стимулды материалдарының 
ерекшелігі сонда нақты құрылымы біртекті болмағандықтан жоба-
лау принципдері жүзеге асырылуы қажет. Жеке адамның стимул-
ды материалдармен өзара əрекеттестік процесі барысында құрылым 
жүзеге асады, мұнда жеке адам өзінің ішкі дүние ерекшеліктерімен, 
мұқтаждықтарымен, мазасыздықтарын жобалайды.
Тапсырмалардың жүйесіздігінен сан қырлы жауаптардың болуы 
жəне зерттелінушінің жауабына талдау жасау барысында зерттеушіге 
қиындықтар туғызады.
Проективті əдістерді стандарттауда кейбір əдістемелер 
алынған мəліметті обьективті өңдеу үшін қажет математикалық 
ақпаратты қамти алмайды. Проективті əдістер жеке адамды зерт-
теуде неғұрлым сапалы көрсеткіштер алуға мүмкіндік бергенімен, 
психометриялық тесттер сияқты сандық көрсеткіштерді бере алмай-
ды, сондықтан бұл əдістердің сенімділігімен валидтілігін анықтаудың 


35
тепе-теңдігі сақталмайды. Проективті əдістер қөмегімен алынған 
мағұлматтардың нақтылығын тексеру үшін басқа да əдістемелердің 
нəтижелерін қосымша салыстырып талдау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет