Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің әәдістемесімен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды



бет3/5
Дата16.06.2016
өлшемі0.53 Mb.
#138655
1   2   3   4   5

5- кесте

“Жолаушыларды тасымалдау” АҚ 2003-2004 жылдардың басы мен соңындағы жағдайы негізінде кәсіпорынның авансталған капиталының құрамы мен құрлымы.





Көрсеткіштер

Жыл басында


Жыл соңында



Жыл бойында-ғы өзгеріс

Құрлы-мының өзгеруі (4гр-2гр )

Шамасы, мың теңге

Үлес салмағы %

Сома-сы, мың теңге

Үлес салмағы
%

Мың тг. (3гр-1гр)

%

(5гр/ 1гр* 100)




1

Авансталған капитал,

Соның ішінде:

1.1меншіктік капитал

1.2 Қарыздық капитал,

Оның ішінде:

Ұзақ мерзімді.



















х

2

Тәуелсіздік коэффициент (1.1 жол-1 жол)






















3

Қаржыландыру коэффициент (1жол/1.2жол)






















4

Қатыстырылған капиталдың меншіктік капиталға қатынасы коэффиценті (1.2жол/1.1жол)






















5

Инвистициялау коэффициенті.





















5-кестеден кәсіпорынның есеп беру жылдамдығы активтердің қалыптасу көзі 417780 мың теңгеге немесе31.04%-ға өскені көрініп тұр. Бұл өсу 2004 жылы 10878094 мың теңге болған, яғни 6010073 мың теңгеге немесе жылдың басындағы мөлшер мен салыстырғанда 2 есе өскен, қатыстырылған капиталдың өсуімен болған бұл кезде тәуелсіздік коэффиценті 0,754-ден 0,745-ға дейін немесе 0,088пунктке төмендеген. Алайда бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығының төмендегенін көрсетеді.

Бұны тәуелсіздік коэффициентіне кері болып табылатынын қатыстырылған капиталдың барлық авансталған капиталдағы үлес салмағы да дәлелдейді. Оны тәуелділік коэффициенті деуге де болады. Ол мына формуламен анықталады:

Кт=Кк /Ак немесе Кт=1-Ктс

Мұндағы : Кт-тәуелділік коэффиценті;

Кк-қатыстырылған капитал;

Ак-авансталған капитал; (баланс валютасы, жиыны);

Ктс-тәуелсіздік коэффициенті.

Бұл коэффициент авансталған капиталдың жалпы салмағындағы қарыздың үлесін сипаттайды.

Бұл үлес жоғары болған сайын , кәсіпорынның сыртқы қаржыландыру көздерін жоарылайды . Біздің кәсіпорынымызда оның деңгейі жылдың басында 0,246(1-0,754), ал 2004 жыл соңында 0,525(1-0,475)болады. Бұл көрсеткіш біршама өскеніиен, талданып отырған кәсіпорын өзінің қаржылық тәуелсіздігін жоғалтты деп айтуға болмайды. Жылдың басына және аяғына тәуелсіздік коэффициенті оның қалыпты мәнінен айтарлықтай жоғары. Келесі кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын меншікті капиталдың қатыстырылған капиталға қатынасын көрсететін қаржыландыру коэффициенті болып табылады.

Кк =Мк/Қк

Мұндағы: Кқ- қаржыландыру коэффиценті;

Мк- меншікті капитал;

Қк- қатыстырылған капитал.

Бұл коэффицент жоғары болатын сайын, соғұрлым банктер менинвесторлар қаржыландыруға соғұрлым сенімді кіред.

Бұл коэффициент кәсіпорын қызметінің қандай бөлігі өз қаражатымен , ал қандай бөлігі қарыз қаражатымен қаржыландырылатынын көрсетеді. Қаржыландыру коэффициенті<1 болатын жағдай (кәсіпорын мүлкінің көп бөлігі қаржы қаражатымен қалыптасқан) төлем қабілетінің өте қауіпті жағдайға жеткендігін және несие алуды қиындатқанын көрсетеді.

Бұл көрсеткіш ұсынылып жатқан мәнді сөзбе-сөз түсінуден сақ болу керек. Кейбір жағдайларда ,- деп жазады О.В.Ефимова –меншікті капиталдың оның жалпы көлеміндегі үлесі жартысынан да аз болуы мүмкін, бірақ сондада кәсіпорын айтарлықтай жоғары қаржылық тұрақтылығын сақтай алады. Бұл, бірінші кезекте , қызметі қызметі активінің жоғары айнамдылығымен, сатылатын өнімге тұрақты сұрансымен, тұрақты жабдықтау және өткізу арналары бар, шығындардың төменгі деңгейімен (мысалы, сауда және делдал ұйымдар) сипатталатын кәсіпорынға қатысты.

Сонымен қатар мақсатты бағыттағы активтердің айтарлықтай үлес салмағы (мысалы машмна жасау өнеркәсібінің кәсіпорындары)қаражаттар айналымы ұзақ капиталды көп қажет ететін кәсіпорындар үшін қарыз қаражаттарының үлесі 40-50%болуы олардың қаржылық тұрақтылығына өте қауіпті болуы мүмкін.

Батыс фмрмаларында қаржыландыру коэффициентінің кері көрсеткіші кеңінен қолданылады,қатыстырылған капитталдың меншіктік капиталға қатынасымен анықталатын қарыз және менщікті қаражаттар қатынасының коэффициенті:

Кк/м=Тк/Өк

Мұндағы: Кк/м-қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициенті ;

Кк- қатыстырылған капитал;

Мк- меншікті капитал;

Бұл коэффициент кәсіпорын активтеріне салыстырған меншікті қаражаттың әрбір теңгесіне қанша қарыз қаражаттың тартқанын көрсетеді. Біздің кәсіпорынымызда бұл көрсеткіш келесі берілгендермен сипатталады.

2003 жылы- 20.60(4868021/236301);

2004 жылы-41.61(1087094/-261401);

Бұның мәні кәсіпорын есеп беру кезеңінің басында активтерге салынған меншіктік қаражаттардың әрбір теңгесінен қарыз қаражаттың 17 тиынын тартқанын дәлелдейді. Есеп беру кезеңінің ішінде қарыз қаражаттарыменшіктік салымдардың әрбір теңгесінен 23 тиынға дейін көбейген. Демек, кәсіпорын қарыз қаражаттарын пайдалануға көп күш жұмсайды, бірақ өзінің қаржылық тұрақтылығын жоғалтпаған.

Арнайы әдебиеттерде (2,10) бұл көрсеткіш үшін қалыпты шектеу: Кк/м<1. Егер оның мәні 1-ден асып кетсе, онда кәсіпорынның қаржылық тәуелділігі мен тұрақтылығы қауіпті нүктеге (жағдайға) жетеді бірақ жауап әр уақытта бір жақты бола бермейді. Қарыз және меншікті қаражаттар қатынасның коэффициенті салалық ерекшеліктерге, кәсіпорынның салалық ерекшеліктерге, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің сипатына және айналым көрсеткіштерінің айналу жылдамдығына байланысты болады. Материалдық айналым қаражатының айналымдылығының жоғары көрсеткіштері және дебиторлық борыштың оданда жоғары айналымдылығы кезінде коэффициенттің қауіпті мәні бірден де асып кетуі мүмкін, ол сонда да кәсіпорының қаржылық дербестігіне ешқандай әсер бермейді.

Кәсіпорынның ең төменгі қаржылық тұрақтылығын сақтау үшін бұл коэффициент ағымдағы және ұзақ мерзімді активтердің қатынс коэффициентінің мәнімен шектеуі қажет.(10)

Кәсіпорынның тәуелділсіздік (дербестік) дәрежесін сипаттайтын ең бір маңызды көрсеткіштердің бірі қаржылық тұрақтылық коэффициенті болып табылады. Немесе оны басқаша инвестицияларды жабу коэффициенті деп аталады. Ол меншікті және ұзақ мерзімді қарыз капиталының жалпы (аванствлған) капиталдағы үлесін сипаттайды және мына формуламен анықталады:

Кқт=Мк+Ұм/Ак;

Мұндағы: Кқт- қаржылық тұрақтылық коэффициенті;

Ұм- ұзақ мерзімді міндеттемелер;

Ак- авансталған капитал;

Мк- меншіті апитал.

Бұл дербестік коэффициентімент салыстырғанда анағұрлым жұмсақ көрсеткіш. Батыс тәжірибесінде бұл коэффициенттің қалыпты мәні 0,9- ға тең болуы керек ал оның 0,75-тен төмендеуі қауіпті.(6)

Жоғарыда келтірілген көрсеткіштер арқылы кәсіпорые капиталының құрлымын сипаттай отырып , бөлек топтар мен көздердің құрлымының өзгеруіндегі әр түрлі тенденциялар көрсететін жеке көрсеткіштерді де пайдалану керек. Мұндай коэффициенттерге бірінші кезекте қарыз қаражаттарын ұзақ мерзімге тарту коэффициенті жатады. Ол ұзақ мерзімді міндеттемелердің меншктік капитал мен ұзақ мкрзімді міндеттемелердің сомасына қатынасымен анықталады. Көрсеткішті есептеу формуласы келесідей:

Кұ/м= Ұм/Мк+Ұм.

Мұндағы: Кұ/м- қарыз қаражаттарын ұзақ мерзімді тарту коэффициенті немесе ұзақ мерзімді міндеттемелер коэффициенті;

Мк- меншікті капитал;

Ұм-ұзақ мерзімді міндеттемелер.

Бұл коэффициент қаржылық есеп берудің активтерін қржыландыру үшін меншікті капиталмен қатар тартылған ұзақ мерзімді несиелер мен қарыздардың үлесін көрсетеді, кәсіпорын өндірісті жаңарту мен кеңейту үшін қарыз қаражаттарын қаншалқты интенсивті пайдаланып жатқанына баға береді.

Капиталдың құрылымын қалыптастырудың тиімділігін (қолайлығын) анықтау үшін жоғарыда келтірілген көрсеткіштермен қатар инвестициялар оэффициентін де қолдану ұсынылады. Ол батыс фирмаларында кеңінен қолданылады және меншікті капиталдың негізгі құралдарға қатынасымен анықталады. Біздің мысалымызда ол 2003 жылы 1,497-ге тең (236301/157849) ал 2004 жылы 1,655-ге тең(-261401/157946) болады. Бұл берілгендерге қарап меншікті капитал тек қана негізгі құралдарды сатып алуға ғана емес, кәсіпорынның қаржылық есеп берудің басқа да активтерін,соның ішінде ағымдағы активтерін сатып алуға да пайдаланылады деуге болады.

Активтерді құрудың ең дұрыс жолы болып,меншікті капитал барлық негізгі капиталды (айналымнан тыс активтер) және айналым капиталының бір бөлігін жабатын кездегі жол саналады. Кәсіпорын,барлық қарыз қаражаттары адынып қойылып жатса да өмір сүре беретін болады. Кәсіпорынның капиталын пайдалану туралы тағы бір қызық ой-меншікті капиталды тек қана негізгі құралдардысатып алуға жұмсап, ал айналым қаражаттары (ағымдағы активтер ) келксі жолмен қалыптасу керек:1/4-ұзақ мерзімді қарыздар есебінен, ал ¾ -қысқа мерзімді қарыздар есебінен. Кәсіпкер, егер өзінің капитплы аз, ал басқанікі көп болса, жақсы жұмыс істейтін болады. Нарықтық қарым қатынас осы принцип (қағида) бойынша құрылған. Аз ғана капиталды бола тұра, көп табыс алуға болады.

Меншікті, қарыз (қатыстырылған) және жалпы (авансталған) капиталдың қатынасын әр түрлі тұрғыдан сипаттайтын коэффициенттермен қалыптасқан жағдай, меншікті және қатыстырылған капиталдың (міндеттемелерінің) құрлымын және оның есеп беру кезіндегі өзгерістерін зерттеуді қажет етеді.

Меншікті капиталды талдау. Біздің отандық тәжірибеде кәсіпорынның меншікті капиталының құрылу көздері болып мыналар саналған: жарғылық капитал, резервтік қор, арнайы бағыттағы қорлар, мақсатты қаржыландыру мен салымдар (келіп түсулер), жалгерлік міндеттемелер, баланс пассивінің I

бөлімінде көрсетілген бөлінбеген табыс, сонымен қатар құрылтайшылармен есеп айырусылар, тұтыну қорлары, алдағы кезең шығындары мен төлемдер ркзервтері, күмәнді қарыздар бойыншарезервтер, 2004 құрылған баланс пассивінің II бөлімінде көрсетілген алдағы кезең табыстары. БЕС-2 сәйкес2004 жылдың балансында меншікті капитал және бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) кіреді.

Меншікті капиталды зерттегенде өзіндік айналым қаражаттарындағы болған өзгерістерге ерекше назар аударылады, яғни меншікті капиталдың қандай бөлігі иммобмльдік сипаттағы құндылықтарда бекітіогенін жне осы қаражаттарды неғұрлым азды-көпті еркін жұмсауға мүмкіндік беретін нысанда тұрғандығы анықталады. Меншікті айналым қаражатының кқлемін анықтау үшін, меншікті капитал сомасын баланс активінің бірінші бөлігінің жалпы соммасын (қортындысын) алып тастау керек.

2003 жыл басына меншікті айналым қаражаттарының көлемі 217531 мың теңге(236301-18770) құрады,2004 жыл аяғында –281402 мың теңге(-261401-20001), яғни- 302933 мың теңге немесе 34.4%-ға азайған.

Тәжірибе жүзінде күрделі салымдары қаржыландыру және негізгі құралдарды сатып алу үшін, меншікті капитлға теңестіріліп қосылатын. Ұзақ мерзімді несиелер мен қарыздар пайдаланылады. Қаржыландырудың осы қатвстырылған көзі ескеріліп, алдағы көрсеткіштерінің мөлшері анықталады. Бұл көрскткіш абсолютті болып табылады, оның динамикадағы өсуі-оң, ал төмендеуі-теріс бағыты ретінде қарастырылады.

Біздің кәсіпорынымызда бұл көрсеткіштің мөлшері меншікті айналым қаражаттарының мөлшеріне тең, себебі ұзақ мерзімді несиелерді кәсіпорын тартқан жоқ.

Талдау кезінде меншікті айналым капиталының абсолюттік мөлшерін анықтаумен қатар, оның жалпы меншікті капиталдағы үлес салмағын да табу керек. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының әлдеқайда нақты сипаттамасы болып саналады. Арнайы әдебиеттерде оны іс жүзінде жұмсау (маневрлық) коэффициенті деп аталады.

Ол кәсіпорынның меншікті қаражаттарының қандай бөлігі, осы қаражаттарды еркін жұмсауға болатын, мобильді нысанда екеніндігін көрсетеді және келесі формуламен анықталады:

Кж=Мак/Мк.

Мұндағы: Кж-жұмсау коэффициенті;

Мак-меншікті айналым капиталы;

Мк-меншікті капитал.

Бұл коэффициентті А.Д.Шеремет, Р.С. Сайффулин, Е.В.Негашев осылай анықтайды. Ұзақ мерзімді қарыз қаражаттары негізгі құралдарды алуға және капитал салымдарына бағытталатын ескере отырып , В.В. Ковалев, Э.А.Маркарьян және Г.П.Герасименко бұл коэффициентті меншікті капиталға ұзақ мерзімді міндеттемелерді қосып есептейді. ПВ.Ф.Паллий бұны “дұрыс” десе де біз оған қосыла алмаймыз, себебі сөз жұмыс капиталы жөнінде емес меншікті айналым капиталы жайында болып отыр. Жұмсау коэффициентінің төмен мәні кәсіпорынның меншікті қаражаттарының көп бөлігі иммобильді сипаттағы құндылықтарда бекітілгенін көрсетеді, ал олар тез айналатын қаражаттар емес, яғни ақшаға тез айнала алмацды.

Қаржылық көз қараспен айтсақ оның өсуі және жоғары деңгейі кәсіпорынның қаржылық жағдайыын оңды деп сипаттайды: бұл кезде меншікті қаражаттар мобильді, олардың көп бөлігі негізгі құралдарға да, айналымнан тыс активтерге де емес, айналым қаражаттарына салынған. Сондықтан жұмсау коэффициентінің өсуі кәсіпорын мүлкінің нақты құрлымындағы мүмкінболатын шектрінде ғана тиімді. Егер коэффициент негізгі құралдардың құнының азаюын емес, негізгі құралдарға қарағанда меншікті қаражат көздерінің тез өсуіне баайланысты көбейсе, онда коэффициенттің жоғарлауы шынымен кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының артқанын дәлелдейді.

Оптималды мөлшері ретінде жұмсау коэффициенті >0.5 деп алынуы мүмкін, бірақ іс жүзінде көрсеткіштің ұсынылып отырған деңгейі кәсіпорынның менеджері мен оның меншік иелері өз қаражаттарын мобильді және иммобильді активтерге салудың тепе-теңдік принциптерін сақтау керек екенін көрсетеді, бұл баланс өтімділігін қамтамассыз етеді.

Жұмсау коэффициентінің мәні, кәсіпорынның қызметінің сипатына байланысты: оның әдеттегі деңгейі материял сиымдылығын жоғары өзгерістерге төмен болуы керек (себебі қор сиымдылығы жоғары өзгерістерге меншікті қаражаттың айтарлықтай бөлігі негізгі өндірістік қорларды жабудың көзі болып табылады).

Кәсіпорынның тауарлы-материалдық қорлары мен шығындарының қалыптасу көздері мен қамтамассыз етілуінің абсолютті көрсеткіштері қаржылық тұрақтылықты талдау үшін бсты роль атқаратынына сәйкес, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының басты көрсеткіштерінің бірі болып қорларды қалыптастырудың өз көздері мен қамтамассыз етілуі коэффмциенті саналады,и ол меншікті айналым қаражаттарының тауарлы материалдық қорлар мен шығындардың құнына қатынасымен анықталады. Бұл көрсеткішті тауарлы- материалдық қорлармен шығындарды жабу коэффициенті деп аталады. Ол келесі формуламен есептеледі:

Кк/қ=Мак/Қтм.

Мұндағы : Кк/қ-тауарлы-материалдық қорлардың қамтамассыз етілу коэффициенті;

Мак-меншікті айналым коэффициенті;

Қтм-тауарлы-материалдық қорлар.

В.В.Ковалев, Э.А.маркарьян және Г.П. Герасименко оны меншікті айналым және ұзақ мерзімді қарыз қаражаттарының сомасын кәсіпорынның қорлары мен шығындарының құнына қатысуымен анықтайды.

Материалды айналым қаражаттарының жабу коэффициенті қандай дәрежеде тауарлы-материалды қорлар мен шығындар меншікті қаражаттармен жабылғанын және қарыз қаражаттарын тартуды қажет етпейтінін көрсетпейді.

“Шаруашылық тәжірибенің статистикалық орташаланған мәліметтердің негізіне алған оның қалыпты мәні,-деп жазады А.Д. Шеремет және Р.С.Сайффуллин,-келесі түрде болады”.

Кк/қ>0,6-0,8

Қорлар мен щығындардң меншікті айналым қаражатымен қамтамассыз етілудің қалыпты коэффициенті, меншікті қаражаттар мен қамтамассыз етілудің қалыпты коэффициенті, меншікті қаражат көздерімен қажетті қорлармен шығындарын, қалғандарын қысқа мерзімді қаражаттармен жабу назарға алынып анықталад. Бірақ бұл кезде қорлар мен шығындардың көлемі, олардың айналу жылдамдығы жоғарлаған кезде негізделген қажеттілікке сәйкес болу керек. Егер олардың мөлшері негізгі қажеттіліктен асып кетсе, онда меншікті айналым қаражаты материалдық қорлардың бір бөлігін ғана жабаалады, яғни көрсеткіш <1 болады. Керісінше кәсіпорынның материалдық қорлары үздіксіз жұмыс жасауға жеткіліксіз болғанда көрсеткіш >1 болуы мүмкін бірақ бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайы жақсы екендігін өрсетпейді. Сондықтан материалдық қорлардың меншікті айналым қаражаттарымен қамтамассыз нтілу көрсеткішінің деңгкйін ең бірінші материалдық қорлардың жағдайына байланысты болып қарастырылу керек.

Кәсіпорыннынның қаржылық тұрақтылығын тек қана қаражат көздерінің тұрақтылығымен емес, сонымен бірге қажылық есеп берудің активтеріне салудың дұрыстығымен де сипатталады. Сонымен меншікті қаражаттардың құрлымын бағалаумен қатар кәсіпорынның қарыз қаражаттарының құрлымы да қарастырылады.



Қатыстырылған капиталды талдау. Талдау жүргізөу үшін қарыз қаражатының әрбір баптарының есеп беретін көрсеткіштерін топтық қортындылар мен сәйкестендіру қажет, олардың базистік көрсеткіштерден ауытқуларын анықтап, қатысты өлшемдердің өзгерістерін көрсету керек. Біздің кәсіпорын есепті жылы ұзақ мерзімді ғана емес. Қысқа мерзімді несиелерді де қатыстырылған (тартпаған ). Басқа сөзбен айтқанда, қатыстырылған (қарыз) капитал кредиторлық борыштан тұрады, яғни ағымдағы міндеттемелер кредиторлық борышқа тең, ал оның көлемі 2004 жыл соңында 8081 мың теңге, жыл 2003 басында 4294 мың теңге болған, яғни 3787 мың теңгеге , немесе 1.9 есеге өскен. Оның құрлымында сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден лынған аванстар тез өсіп кеткен. Егер 2003 жылдың басында оның мөлшері 1018 мың теңге болған болса, 2004 жыл аяғында 6391 мың теңге құраған, яғни 6.3 есе көбеген, нәтижксінде есепті жылы баланстың осы бабының үлес салмағы 23.7%-дан 79.1%-ға өскен. Бұдан кейін талдаушы оны дебиторлық борышпен салыстырып талдауы керек. Дебиторлық және кредиторлық борыштың қатынасы негізінен 2/1 болуы керек деп ұсынды. Егер кредиторлық борыш дебиторлық борышпен қамтамассыз етілмеген болса, онда бұндай жағдайды жағымсыз деп айтуға болады,себебі ол өзіндік қаражаттың әлде бір өтімді бөлігінің ақшаға айналуын бәсеңдетуі мүмкін. Егер кәсіпорынның коммерциалдық несиесі дамыған болса, онда дебиторлық борыш қатты өсіп кетуі мүмкін.

Біздің кәсіпорынымызда кредиторлық борыш 2003 жылы дебиторлық борыштан 3.7 (4294/1165), 2004 жылы 4.8 есе көп болады. Мұндай кредиторлық борыштың дебиторлық борышпен өте төмен дәрежеде қамтамассыз етілуі, кредиторлармен де дебиторлрмен де ара қатынасы тиімсіз болуы да олардың өзара қарыздарының төмендеуінен болады. Мұндай кредиторлық борыштың дебиторлық борышпен өте төен дәрежеде қамтамассыз етілуі, дебиторлар мен де кредиторлармен де ара қатынасы тиімсіз болуы да олардың өзара қарыздарын төлемеуіне болады. Кредиторлық борыштың өсіп кетуі қаржылық жағдайды нашарлатпайды, себебі кәсіпорын бұл борышты зерттеліп жатқан уақытта қатыстырылған қаражат көздері ретінде пайдаланып жатыр деп айтуға болар еді. Бірақ таауар, бойынша есеп айырысуда үлкен кредиторлық борыштың болуы кәсіпорынның жұмысы мен жалпы оның қаржылық жағдайын тиімсіз жағынан сипаттайды.

Талдаудың келесі маңызы жұмысы кәсіпорынның қаржылық жағдайын, оның қаржылық тұрақтылығы дәрежесі бойынша топтауға

мүмкін.


Қаржылық тұрақтылықтың абсолютті көрсеткіштері тауарлы-материалдық қорлардың, олардың қалыптасу көздері мен қамтамассыз етілу дәрежесін көрсететін көрсеткіштер.

Тауарлы –материалдық қорлардың қалыптасу көздерін сипаттайтын үш негізгі көрсеткіш анықталады.



  1. Меншікті айналым апиталының бар болуы (Мак). Бұл көрсеткіш меншікті капиталмен (баланс пассивінің Iбөлімі) арасындағы айырма ретінде анықталады. Ол меншікті айналым қаражатын сипаттайды. Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда оның көбеюі кәсіпорынның қызметінің болашағы дамуын көрсетеді. Құрылысына қарай еншікті айналым капиталының бар болуын былай жазуға болады.

Мак=Мк-Ұа=ТбП-IбА

Мұндағы: Iбп-баланс пассивінің 1 бөлімі;

Мк-меншікті капитал;

IбА-баланс активінің 1 бөлімі.

Мак көрсеткі маңызды талдау коэффициентін есептеп табу үшін пайдаланады: кәсіпорынның ағымдағы активтерін жабу коэффициенті (бұл көрсеткіштің нормативті мәні 0.1-ден төмен болмауы керек). Тауарлы материалдық қорларды жабу коэффициенті (бұл көрсеткіштің нормативті мәні 0.6-дан төмен емес) және тағы басқалары.

2.Тауарлы-материалдық қорлардың меншікті және ұзақ мерзімді қарыздардың қалыптасу көздерінің бар болуы (Мак/ұз).

Бұл көрсеткіш алдындағы көрсеткішті меншікті айналым капиталының ұзақ мерзімді міндеттемелер сомасына қосу қосу жолы мына формуламен анықталады:

Мак/ұз=Мак+Ұзм=Мак+ IIбп

Мұндағы: Ұзм-ұзақ мерзімді міндеттемелер;

Мак-меншікті айналым капиталы;

IIбП-баланс пассивінің II бөлімі.

3.Тауарлы-материалдық қорлардың негізгі қалыптасу көздерінің жлпы мөлшері алдыңғы көрсеткішті қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар соммасына қосу жылымен, мына формула арқылы анықталады:

НҚ=Мак/ұз+Қнқ

Мұндағы: НҚ-негізгі көздер;

Қнқ-қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар.

Тауарлы материалдық қорлардың бар болуының үш көрсеткішіне тауарлы материалдық қорлар мен шығындардың олардың қалыптасу, көздерімен қамтамассыз етілуінің үш көрсеткіші сәйкес келеді.



  1. Меншікті айналым капиталының (Мак) артықтығы (+) немесе жетіспеушілігі(-).

Мак=Мак-ҚШ

Мұндағы ҚШ-тауарлы материалдардық қорлар мен шығындар.

2.Тауарлық материалдық қорлардың меншікті және ұзақ мнрзімді қалыптасу көздерінің артықтығы немесежетіспеушілігі(Мак/ұз):

Мак/ұз=Мак/ұз-КШ



  1. Қорлардың негізгі қалыптасу көздерінің (НҚ) жалпы мөлшерінің артықтығы немесе жетіспеушілігі:

НКНК-КШ.

Тауарлы материалдық қорлардың олардың қалыптасу көздерімен қамтамассыз етуілуінің үш көрсеткішін есептеукәсіпорынның қаржылық жағдайын оның тұрақтылығы дәрежесі бойынша келесі төрт типке бөлуге мүмкіндік береді.

1)қаржылық жағдайдың абсолютті тұрақтылығы;

2)қаржылық жағдайдың қалыпты тұрақтылығы;

3)тұрақсыз қаржылық жағдайы;

4) дағдарысты қаржылық жағдайы.

Қаржылық жағдайдың абсолютті тұрақтылығы мына теңсіздікпен сипатталатын уақытта қалыптасады:

ҚШ< Мак немесе Мак>ҚШ.

Бұл теңсіздік тауарлы материалдық қорлар меншікті айналым капиталымен жабылатынын көрсетеді, яғни кәсіпорын сыртқы кредиторлардн тәуелсіз болады. Мұндай жағдй өте сирек кездеседі.

Қаржылық жағдайдың қалыпты тұрақтылығы мына теңсіздік пен сипатталады:

Мак/ұз< ҚШ<НК.

Бұл келтірілген қатынас тиімді жұмыс істеп тұрған үшін әр түрлі “қалыпты”- меншікті және қатынастырылған қаражат көздерін пайдаланып жатқан жағдайға сәйкес келеді.

Тұрақсыз қаржылық және қалыптасқан жағдай келесі теңсіздік пен сипатталады:

ҚШ>НҚ немесе НК<ҚШ

Бұл қатынас кәсіпорын өзінің тауарлы материалдық қорларының бір бөлігін жабу үшін “қалыпты емес болып саналатын қосымша жабу көздерін тртуға келетін жағдайға сәйкес келеді.
6-кесте

Тауарлы материалдық қорлардың оларды қалыптастырудың қалыпты көздері мен қамтамассыз етілуі 2003-2004жылдардағы “жолаушыларды тасымалдау” Ашық акционерлік қоғамының

жағдайы.




Көрсеткіштер

Сим-волдар

2003 жыл

2004 жыл

Жылдар өзгерісі

1

2

3



4
5
6

7

8


9

10

11.



Меншікті капитал

Ұзақ мерзімді активтер

Меншікті айналым капиталының бар болуы (1 жол-2жол)

Ұзақ мерзімді міндеттемелер

Тауарлы материалдық қорлардың меншікті және ұзақ мерзімді қалыптасу көздерінің бар болуы (3 жол+4жол)

Қысқа мерзімді міндеттемелер мен қарыздар

Тауарлы материалдық қорлардың қалыпты негізгі қалыптасу көздері нің мөлшері (5 жол+6 жол)

Тауарлы материалдық қорлар

Өзіндік айналым капиталының артықшылығы немесе жетіспецшілігі

Тауарлы материалдық қорлардың меншікті және ұзақ мерзімді қалыптасу көздерінің артықтылығы немесе жетіспеушілігі(5ж-8жол)

Тауарлы материалдық қорлардың қалыпты негізгі қалыптасу көздерінің жалпы мөлшерінің артуынемесе кемуі(7жол-8жол).


Мк

Ұза


Мак
Ұзм
Мак/ұз

Қн

НК


Қ

Өак


Мак/ұз

+НҚ


84858

577053


217531

217531


-

217531
11153

228684

206378


101720

810042


-281402

-281402


-

-281402
17617

-263785

299019


-302933


-302933

-

-302933


+6464

-296469


-309397

Ішкі талдау кезінде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына төлеу қабілеттілігі балансын құру негізінде тереңдетілген зерттеу жүргізіледі, оған келесі өзара байланысқан көрсеткіштер топтары кіреі:



  1. Төлемеушіліктің жалпы мөлшері:

–банктің қарызы бойынша уақыты өсіп кеткен борыштатар;

-жабдықтаушылардың есеп айырысу құжаттары бойынша уақыты өсіп кеткен борыш;

-бюджетке салықты толық төлемеу;

-басқа да төлемеу, соның ішінде еңбек ақы бойынша;



  1. Төлемеушіліктің себептері:

–меншікті айналым қаражатының жетіспеушілігі;

–тауарлы материалдық құндылықтардың жоспардан тыс қорлары;

-сатып алушылар уақытында төлемеген тиеліп жіберілген тауарлар;


  • акцептен бас тарту себебті сатып алушылардың жаупты сақтауындағы тауарлар;

  • -айналым қаражатының күрделі құрылысқа, жұмысшылардың алған қарызы бойынша борыштарына жұмылдыру.

  1. Қаржылық шиеленісті азайту көздері:

-уақытша бос меншікті қаражаттар;

-қатыстырылған қаражаттар (қалыпты кредиторлық борыштың дебиторлық борыштан асып кетуі);

-айналым қаражатын уақытша толтыруға алған банк несиелері дәне тағы басқа қарыз қаражаттары).

Қаржылық шиеліністі азайтатын төлемеушілік пен қаржы көздерінің жалпы мөлшерін толық есептегенде,2-топ бойынша қортынды 1 және 3 топтар бойынша қортындылардың сомасына тең болу керек. Қаржылық жағдайды төлем тәртібі және несиелік қатынастарды талдау үшін берілген көрсеткіштерді динамикасында құрастырылу ұсынылады.

Тауарлы материалдық қорлардың қалыптасу көздері мен қатар қаржылық жағдай үшін барлық айналым капиталының, әсіресе тауарлы материалдық қорларға қатысты (айналымға қарсы) азаюымен көрінетін материалды айналым қаражатының айналымдылығы маңызды орын алады.

Тауарлы материалдық қорлардың жағдайын тереңдетіп талдау қаржылық жағдайды ішкі талдаудың құрамдас бөлігі болып табылады, себебі қаржылық есеп беруде жоқ және коммерциялық құпияға жататын тауарлы материалдық қорлар жөнінде ақпаратты қолдануды көздейді.






    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет