Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы №168 Қаулысы


№ 358 Қаулысын 14-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен



бет10/10
Дата24.02.2016
өлшемі0.6 Mb.
#14308
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
№ 358 Қаулысын 14-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 34 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 14-тармақ жаңа редакцияда

14. Премьер-Министрде, оның орынбасарларында, Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысында өткен кеңестер хаттамаларының тармақтарын, сондай-ақ Премьер-Министр орынбасарларының, Кеңсе Басшысының тапсырмаларын бақылауға қоюды Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің ұсыныстары бойынша Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі жүзеге асырады.

Бұл ретте, бақылауға қою туралы ұсыныстар бақылау секторына құрылымдық бөлімшелердің басшылары (олардың міндеттерін орындайтын тұлғалар) қол қойған қағаз жеткізгіште немесе ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық форматта ЭҚАБЖ арқылы беріледі.

ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 14-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 14-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



14-1. Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларын, Үкімет Бағдарламасын, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары бойынша Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкімет мәжілістерінің хаттамаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын бекіту туралы Үкімет қаулыларының орындалуын бақылауды тұтастай алғанда Макроэкономикалық талдау және бағдарламалық мониторинг бөлімі жүзеге асырады.

ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 15-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

15. Басшылықтың аймақтар әкімдеріне берген тапсырмаларының орындалуын бақылауды Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімі жүзеге асырады.

ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 16-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

16. Құпия құжаттардың орындалу мерзімдерін бақылау Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің құпия іс жүргізуінде жүзеге асырылады.

17. ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 17-1-тармақпен толықтырылды

17-1. ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

18. Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі Кеңсенің Басшысымен келісім бойынша осы Нұсқаулықтың орындалуына тексеру жүргізуге және бұзылуы анықталған фактілер туралы шешім қабылдау үшін Басшылыққа баяндауға құқылы.

ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 18-1-тармақпен толықтырылды



18-1. Бұрыштама соғар және қол қою алдында Премьер-Министр Кеңсесі құрылымдық бөлімшесінің жауапты қызметкері Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігі Басшылығының атына орындалуы туралы жауаптардың жобаларын Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бақылау секторына нөмірге сілтеменің, құжат нөмірі мен тапсырма тармағының дұрыстығын тексеру үшін жібереді.

ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 18-2-тармақпен толықтырылды



18-2. Премьер-Министрде бақылау тәртібімен қаралатын тапсырмалар (Үкімет мәжілістерінің, Премьер-Министрдегі кеңестердің хаттамалары) бойынша Премьер-Министр Кеңсесінің құрылымдық бөлімшесі апта сайын әр сенбіде сағат 11-ден кешіктірмей ақпаратты бақылаудағы әрбір тармағы бойынша бөлім меңгерушісінің, ал ол болмаған кезде - оның міндетін атқарушы тұлғаның қол қоюы үшін Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне береді. Мұндай тапсырмалардың тізбелерін Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің атына Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі апта сайын әр бейсенбіде жібереді.

 

 



2. Орталық және жергілікті атқарушы органдарда

 

19. Бақылаудағы құжаттардың уақытылы әрі сапалы орындалуына, заңнамалық және нормативтік құқықтық кесімдер жобаларының әзірленуіне, олардың Қазақстан Республикасының Президенті мен Премьер-Министрдің қарауына ұсынылуы үшін жауапкершілік орталық атқарушы органдардың бірінші басшыларына, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне жүктеледі. Бұл ретте, көрсетілген органдардың басшылары бақылау жұмысын ұйымдастыруға жауапты бөлімшелер мен лауазымды адамдарды белгілейді.

ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 19-1-тармақпен толықтырылды

19-1. Мемлекеттік органдарда және ұйымдарда Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуы үшін бақылауды мынадай лауазымды тұлғалар жүзеге асырады:



1) мемлекеттік орган мен ұйымның бірінші басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуына жалпы басшылықты және бақылауды жүзеге асырады;

2) мемлекеттік органның жауапты хатшысы, аппарат басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуы және орындаушылық тәртіптің сақталуы үшін бақылауды ұйымдастырады, мемлекеттік орган бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;

3)  мемлекеттік орган мен ұйымның бірінші басшысының орынбасарлары жетекшілік ететін жұмыс бағыттары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.

Көрсетілген лауазымды адамдар Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуы үшін дербес жауапты болады

ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 20-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 20-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



20. Тапсырмаларды бірнеше мемлекеттік орган орындаған кезде атауының жанында «(жинақтау)» белгісі бар орган жауапты болып табылады. Жауапты органның бірлесіп орындаушылармен келіскеннен кейін орындау мерзімін ауыстыру туралы ұсыныс енгізуге құқығы бар.

Тапсырмада жауапты орындаушы белгіленбеген жағдайда, яғни «(жинақтау)» белгісі болмаса, тапсырмада санамаланған барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдар тапсырма берушіге өз жауаптарын жібереді.

Тапсырмаларды орындау кезінде жинақтауды жүзеге асырушы мемлекеттік орган қажеттілік болған жағдайда, бірлесіп орындаушылармен бірге кеңес өткізеді.

Егер Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасында «өте шұғыл», «шұғыл» және «жеделдетілсін» белгілері бар болса, онда Премьер-Министрдің Кеңсесі дереу (сол күні) оларды орындаушы мемлекеттік органға (ұйымға) және бірлесіп, орындаушы мемлекеттік органдарға (ұйымдарға) хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар (ұйымдар):

1) тапсырма келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде - «өте шұғыл» белгісі бар, егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, үш жұмыс күнінен кешіктірмей - «шұғыл», «жеделдетілсін» белгісі бар, шұғыл бақылауға;

2) егер тиісті тапсырмамен өзгеше белгіленбесе, белгіленген орындау мерзіміне дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей, қысқа мерзімді бақылауға;

3) егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, тапсырманы белгіленген орындау мерзіміне дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей орта мерзімді бақылауға;

4) егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, белгіленген орындау мерзіміне дейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей ұзақ мерзімді бақылауға қойылған актілер мен тапсырмаларды орындау кезінде жинақтауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға (ұйымға) өз ұсыныстарын енгізеді.

ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 20-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 20-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



20-1. Бақылаудағы құжаттарды орындау үшін дайындалған құжаттар Үкімет және Кеңсе басшылығының атына енгізілгенге дейін олар ведомстволық бақылау қызметтерімен оларда Басшылық тапсырмаларына (Президент және Президент Әкімшілігі Басшылығының, Үкіметтің немесе Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшылығының актілері бойынша - тапсырманың нөміріне, күніне және нақты тармағына әрі берілген деректемелерге мөр қойылуға тиіс) олардың ресімделуінің дұрыстығына сілтемелердің болуы, сондай-ақ Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдері жобаларының орындалу мерзімдерінде және олармен бекітілген іс-шаралар жоспарларында келіспеушіліктердің жоқтығы мәніне келісілуі (бұрыштама қойылуы) тиіс.

ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 20-2-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 20-2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



20-2. Үкімет мәжілістерінің және Премьер-Министрде, оның орынбасарларында және Кеңсе Басшысында өткен кеңестердің хаттамаларында қамтылған тапсырмаларды орындау туралы есептерді мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар, егер тапсырмада өзгеше белгіленбесе, оларды орындау мерзімдері аяқталғанға дейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей, ал орындау мерзімі бес күннен кем тапсырмалар бойынша - тиісті хаттама келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде Кеңсеге ұсынады.

ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 20-3-тармақпен толықтырылды



20-3. Премьер-Министр, оның орынбасарлары немесе Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы өткізген кеңестердің хаттамаларында қамтылған тапсырмалардың орындалуы туралы есептер берген кезде жинақтауға жауапты орындаушы мемлекеттік орган хатпен әрбір тармақ бойынша атқарылған жұмыс және орындау туралы жиынтық ақпарат, сондай-ақ орындаушы мемлекеттік органдар хаттарының көшірмелерін береді.

ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен 21-тармақ жаңа редакцияда



21. Бақылаудағы құжаттарды бақылаудан алу, орындалу мерзімдерін ұзарту мен орындалуы туралы жауаптарды (есептерді) ұсыну Қазақстан Республикасы Yкіметінің Регламентіне сәйкес жүзеге асырылады.

22. ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен алып тасталды

23. ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен алып тасталды

24. ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен алып тасталды

25. ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен алып тасталды

ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 26-тармақпен толықтырылды



26. Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігі Басшысының актілері мен тапсырмаларын, сондай-ақ депутаттық сауалдарды, Парламенттің хаттары мен Парламент депутаттары бастамашылық еткен заң жобаларына қорытындыларды алған кезде Премьер-Министр Кеңсесінің құрылымдық бөлімшесі Премьер-Министр Кеңсесінде тіркелген күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, ал «өте шұғыл» белгісі бар тапсырманы - дереу, «шұғыл» немесе «жеделдетілсін» белгісі бар тапсырмаларды бір жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік органдардың атына тиісті тапсырма дайындайды.

ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 27-тармақпен толықтырылды



27. Орындалу мерзімі ағымдағы жылғы 20 желтоқсаннан келер жылғы 5 қаңтарға дейінгі кезеңді қоса алғанда аяқталатын бақылаудағы құжаттарды орындау бойынша ақпараттар, есептер жыл сайын ағымдағы жылғы 20 желтоқсанға дейін Премьер-Министрдің Кеңсесіне берілуге тиіс

ҚР Үкіметінің 2012.13.01. № 34 Қаулысымен 28-тармақпен толықтырылды



28. Президент, Премьер-Министр, Мемлекеттік хатшы, Үкімет, Президент Әкімшілігі мен Кеңсе басшыларының актілері мен тапсырмаларын орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың орындау сапасына бақылау жүргізуге, сондай-ақ Президент Әкімшілігі бекітетін жыл сайынғы кестеге сәйкес Экономикалық даму және сауда министрлігіне қорытындыларды беруге Премьер-Министр Кеңсесінің мынадай құрылымдық бөлімшелері жауапты болып табылады:

1) орталық мемлекеттік органдар бойынша - Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі;

2) жергілікті арқарушы органдар бойынша - Ұйымдастыру жұмысы және аумақтық даму бөлімі.

 

ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен нұсқаулық жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен бүкіл мәтін бойынша «қызметтік хат-хабар секторында», «қызметтік хат-хабар секторы», «қызметтік хат-хабар секторының» деген сөздер тиісінше «іс жүргізу және мұрағат секторында», «іс жүргізу және мұрағат секторы», «іс жүргізу және мұрағат секторының» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)



 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2008 жылғы 31 қаңтардағы

168 қаулысымен

бекітілген

 

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және

олардың орындалуын бақылау тәртібі туралы

НҰСҚАУЛЫҚ

 

1. Осы Нұсқаулық «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне (бұдан әрі - Кеңсе) келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібін регламенттейді.

2. Осы Нұсқаулықтың сақталуын бақылауды Кеңсенің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі жүзеге асырады.

ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



3. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін өтініштер Кеңсеге келіп түскен күні белгіленген нысандағы есеп карточкалары бойынша (1-қосымша) Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің іс жүргізу және мұрағат секторында (бұдан әрі - іс жүргізу және мұрағат секторы) тіркеледі. Өтініштің бірінші бетіне мөртабан қойылады, онда жеке өтініштер үшін автордың тегінің бастапқы әрпінен және өтініштің реттік нөмірінен (мысалы, А-1780), ұжымдық өтініштер үшін индекс ҰЖЫМ, нөмірі мен күнінен тұратын тіркеу индексі көрсетіледі. Күнді белгілеу мынадай кезектілікпен жүргізіледі: күні, айы, жылы (мысалы, 01.01.2008). Тіркеу индексі бір мезгілде кіріс және шығыс болып табылады және өтініштер бойынша барлық жауаптар осы нөмірмен тіркеледі. Бұдан кейін өтініш сипаттамасының коды қойылады. Бұдан кейін хатқа аннотация жасалады, ол жүйелі, қысқа, өтініштің (ұсыныстың, арыздың не шағымның) мазмұнын көрсетуге тиіс. Бұл ретте есеп карточкасындағы жазба өтінішті қарауға жіберудің адрестілігін негіздеуі қажет.

Жеке тұлғалардың өтініштері бойынша іс жүргізу және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша іс жүргізу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың және осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес басқа іс жүргізу түрлерінен бөлек жүргізіледі.

Осы Нұсқаулықтың ережелері электрондық цифрлық қолтаңбаны тексерудің оң нәтижесін белгіленген тәртіппен анықтау туралы растамасы бар электрондық құжаттарды қоса алғанда, тасымалдаушының түріне қарамастан, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастыруға қолданылады.

Өтініштерді қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.

4. Премьер-Министрдің Кеңсесіне тікелей жазбаша өтініш берген өтініш берушіге күні мен уақытын, іс жүргізу және мұрағат секторының өтінішті қабылдаған қызметкерінің тегі мен аты-жөні көрсетіліп, тиісті мөртабанмен куәландырылған А5 форматты талон беріледі.

5. Егер бірінші өтінішті тіркеген уақыттан бастап заңнамада белгіленген қарау мерзімі аяқталса немесе өтініш беруші өзінің өтініші бойынша қабылданған шешіммен келіспесе, сол адамнан сол бір мәселе бойынша келіп түскен жеке немесе заңды тұлғалардың өтініштері қайталама болып саналады. Сол автордың әр түрлі мәселелер бойынша өтініштері бастапқы болып саналады.

Сол бір адамның мүддесімен сол бір мәселе бойынша бірнеше өтініш түскен кезде бірінші өтініш негізгі өтініш ретінде тіркеледі, ал кейінгілері негізгі өтінішке толықтырылады және өтініш берушілерді бірінші өтініш келіп түскен күннен бастап есептелетін белгіленген мерзім шегінде оларды шешу нәтижелері туралы хабарлай отырып, бір өтініш ретінде қаралады.

Олар бойынша авторға толымды жауап берілген сол бір мәселе бойынша көп мәрте келген өтініштер қайталама болып саналмайды және қаралмайды.

Автор күнтізбелік бір жылдың ішінде сол бір мәселені қоятын жеке тұлғалардың қайталама өтініштеріне «екінші», «үшінші» деп және одан әрі көрсетіле отырып, бастапқы өтініштің тіркеу нөмірі қойылады, ал «қайталама» деген белгісі бар есеп карточкасы бастапқысымен бірге ағымдағы жылдың картотекасына орналастырылады. Қайталама өтініштерге оның алдындағы өтініштерді қарау материалдары қосып қойылады.

Кеңсенің іс жүргізу және мұрағат секторында немесе құрылымдық бөлімшелерінде толымды жауаптары бар жеке немесе заңды тұлғалардың бұрын қаралған қайталама өтініштері қосымша қарауға жатпайды, өтініш берушіге үш күн мерзімде бұл туралы хабарланады.

6. Өтініштер мазмұнына қарай Премьер-Министрге, оның орынбасарларына, Кеңсе Басшысына немесе оның орынбасарларына (бұдан әрі - Басшылық) баяндалады немесе Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі алдын ала қарау және Басшылық қарарын дайындау үшін Кеңсенің құрылымдық бөлімшелеріне береді не олардың құзыретіне сәйкес орталық және жергілікті атқарушы және өзге де органдардың атына үш жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде жолдайды.

Өтініштерді Кеңсенің бір құрылымдық бөлімшесінен екіншісіне беру тек олардың басшыларының келісімі бойынша есеп карточкасында тиісті белгі жасалып, Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің іс жүргізу және мұрағат секторы арқылы жүргізіледі.

ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 6-1-тармақпен толықтырылды

6-1. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері іс жүргізу және мұрағат секторы арқылы Премьер-Министр Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелеріне беріледі. Бұл үшін мынадай тіркеу, бақылау карточкалары (бұдан әрі -карточкалар) екі данада басылады: карточканың бір данасы құжаттармен қоса Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшелеріне одан әрі жөнелту үшін беріледі, қойылған қолы, күні бар екінші карточка қажеттілік болғанда -құжаттың алынған уақытынан бастап іс жүргізу және мұрағат секторының ағымдағы картотекасында сақталады.

ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Жеке тұлғалардың өтініштері орталық және жергілікті атқарушы және өзге де органдардың атына олар құзыретіне сәйкес қарауы үшін Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі қол қойған ілеспе хатпен бірге дереу жіберіледі, бұл туралы белгіленген тәртіппен өтініш берушіге жазбаша хабарланады.

8. Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің іс жүргізу және мұрағат секторы Басшылықтың жеке тұлғалардың өтініштері бойынша Кеңсеге жауап ұсынуды талап ететін «баяндалсын», «хабарласын» деген және басқа да нақты мерзімдері көрсетілген белгісі бар тапсырмаларын бақылауға алады, бұл ретте өтініштер мен карточкаларға «БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ» («Взято на контроль») және «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жауаппен бірге қайтарылуға жатады» («Подлежит возврату в Канцелярию Премьер-Министра Республики Казахстан вместе с ответом») деген мөртабандар қойылады.

9. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелеріне жіберілген Басшылықтың жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша тапсырмаларының орындалуын бақылау олардың басшыларына жүктеледі.

Егер жеке немесе заңды тұлғаның өтінішін қарау Кеңсенің бірнеше құрылымдық бөлімшелеріне тапсырылса, онда қарарда бірінші көрсетілген не атауының тұсында «(жинақтау)» деген белгі тұрған бөлімше орындалуын бақылау үшін жауапты болып табылады.

10. Басшылықтың нұсқауы бойынша жеке немесе заңды тұлғаның өтінішін қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, ол қосымша бақылауға алынады, хаттың есеп карточкасының тыс жағына іс жүргізу және мұрағат секторы бұл туралы белгі қояды, тиісті түзету енгізіледі және электрондық құжат айналымы жүйесінің тіркеу-бақылау карточкаларының дерекқорына тиісті есепті деректер енгізіледі.

11. Жеке тұлғалардың өтініштеріне Басшылық тапсырмаларының орындалу мерзімі 30 (отыз) күнтізбелік күннен аспайтын, ал қосымша зерделеуді және тексеру жүргізуді талап етпейтіндер 15 (он бес) күнтізбелік күннен аспайтын болып белгіленеді және оларды Кеңсеге тіркеген күннен бастап есептеледі.

Егер оған жауапта өтініштерде қойылған мәселелерді іс жүзінде шешу бойынша қабылданған шаралар туралы деректер қамтылмаса, өтінішті қарауды аяқталды деп санауға болмайды.

Өтініштерді қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайда оларды қарау мерзімі 30 күнтізбелік күннен аспай ұзартылуы мүмкін, бұл туралы қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 күнтізбелік күн ішінде өтініш берушіге хабарланады.

Өтініштердің нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірі қабылданады:

1) өтініштерді толық немесе ішінара қанағаттандыру туралы;

2) мұндай шешім қабылдаудың негізділігімен өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы;

3) өтініштің мән-жайы бойынша түсініктеме беру туралы;

4) өтінішті қарауды тоқтату туралы.

12. Жеке немесе заңды тұлғаның өтінішін бақылаудан, әдетте, оның тапсырмасы бойынша қаралған лауазымды тұлғаның өзі алады. Бұл ретте оның тиісті қарары өтінішті бақылаудан алу үшін негіздеме болып табылады.

Бақылаудағы өтініштерге жауаптар түскен кезде Кеңсенің олардың орындалуы үшін жауапты құрылымдық бөлімшелері өтініштерде қойылған мәселелерді шешудің сапасы мен толықтығын зерделейді және Басшылыққа қарау нәтижелері туралы бақылаудан алу, орындау мерзімін ұзарту немесе басқа да іс-әрекеттер туралы ұсыныспен бірге баяндайды. Жеке және заңды тұлғалардың бақылаудан алынған өтініштері бойынша Кеңсенің құрылымдық бөлімшелеріндегі орындаушылар есеп карточкасындағы тиісті бағанды толтырады, одан кейін өтініштер мен оларға материалдар құрылымдық бөлімшенің ағымдағы мұрағатына есеп карточкаларымен бірге тапсырылады.

13. Өтініш берушінің авторлығын белгілеу мүмкін емес, қолы, оның ішінде электрондық цифрлық қолы қойылмаған, почталық мекен-жайы көрсетілмеген өтініштері жасырын өтініштер деп саналады және оған мұндай өтініште дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстар туралы не мемлекеттік немесе қоғамдық қауіпсіздікке қауіп-қатер туралы мәліметтер қамтылатын және мұндай жағдайда іс жүргізу және мұрағат секторы Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісіне баяндалғаннан кейін олардың құзыретіне сәйкес мемлекеттік органдарға жедел қайта жіберілетін жағдайларды қоспағанда, қаралуға жатпайды.

Сондай-ақ мәселенің мән-жайы баяндалмаған өтініштер қаралуға жатпайды.

14. Күнтізбелік жыл аяқталған соң жеке және заңды тұлғалардың қаралған өтініштері мен оларға барлық материалдар іске түзіледі және мұрағатқа тапсырылады.

Бүркеншік өтініштер іс жүргізу және мұрағат секторында бір жыл сақталады, одан кейін актімен жойылады.

15. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен оларға қатысты материалдар мұрағаттан Кеңсе қызметкерлеріне Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің немесе оның орынбасарының рұқсатымен ғана беріледі.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, азаматтардың өтініштерін қарау туралы статистикалық деректер есепті кезеңдерде белгіленген тәртіппен ұсынылады.

16. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды Кеңсе Басшысы бекіткен кестеге сәйкес бөлімдердің басшылары және ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторлары Кеңсенің Азаматтарды қабылдау бөлмесінде жүргізеді. Жеке қабылдау кестесі Кеңсенің Азаматтарды қабылдау бөлмесінің кіреберісінде ақпараттық қабырғаға ілінеді.

Азаматтарды қабылдаудың есебі өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, оның жұмыс орны, лауазымы, мекен-жайы, өтініштің және тапсырманың қысқаша мазмұны және қарау нәтижелері көрсетіле отырып, карточкалар (2-қосымша) бойынша жүргізіледі.

Егер өтініш немесе шағым қабылдау кезінде шешілмейтін болса, онда азаматтар көтеріп отырған мәселелер жазбаша түрде жазылады және онымен әрі қарай жұмыс істеу азаматтардың хаттарымен жұмыс сияқты жүргізіледі.

17. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және оларға Басшылық тапсырмаларының орындалуы мерзімдерін бақылауды Кеңсенің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі жүзеге асырады.

18. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары мен олардың орынбасарлары жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды тікелей өздері басқаратын мемлекеттік органдарда жүргізеді.

* Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300, 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 358 қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге.

 

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін

қарау және олардың орындалуын бақылау

тәртібі туралы нұсқаулыққа



1-қосымша

(карточканың беткі жағы)

 

Түскен өтінішті

ЕСЕПКЕ АЛУ КАРТОЧКАСЫ

ТІРКЕУ

 

___________________________________________________________________

Өтініш берушінің Т.А.Ә.

мекен-жайы                 Тіркеу нөмірі            Тіркелген күні

___________________________________________________________________

Өтініш сипаттамасының коды

___________________________________________________________________

Әлеуметтік жағдайы                Өтініштің қысқаша түсініктемесі

Ұсыныс, өтініші, шағым, лебіз, сауал

Өтініш қай тілде жазылған

Қарарды орындаушының шифрі

___________________________________________________________________

(карточканың артқы беті)

Күні

Өтінішті кім жіберді, кімге

Қолхат

Істі сақтау/том:

Орындалуы               дейін ұзартылды

Бақылаудан алынды:

Тексерудің қорытындысы:

Құрылымдық бөлімше бақылауға қойды:

 

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін

қарау және олардың орындалуын бақылау

тәртібі туралы нұсқаулыққа

2-қосымша

(карточканың беткі жағы)

 

         КЕЛУШІЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ КАРТОЧКАСЫ

200_жылгы «__»»____________№________

           (қабылданған күн)

Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты______________________

______________________________________________________________

Жұмыс орны және атқарып отырған лауазымы______________________

______________________________________________________________

Тұрғылықты мекен-жайы_________________________________________

______________________________________________________________

Өтініштің қысқаша мазмұны_____________________________________

______________________________________________________________

______________________________________________________________

Қабылдау жүргізушінің тегі____________________________________

______________________________________________________________

_________________________________________________________

                                           (карточканың артқы беті)

Кімге және не тапсырылды, күні________________________________

______________________________________________________________

Өтінішті қарау нәтижелері_____________________________________

______________________________________________________________

Жауапты қашан және кім берді__________________________________

______________________________________________________________

 

 

 

 

 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет