Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы №168 Қаулысы


Қаулысымен 121-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара



бет5/10
Дата24.02.2016
өлшемі0.6 Mb.
#14308
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Қаулысымен 121-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

121. Мәжілісте қаралған мәселелер құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшелер құрылымдық бөлімшелердің басшылары бұрыштама қойған хаттамалық шешімнің жобасын, сондай-ақ ақпаратты электрондық жеткізгіштегі хаттаманың жобасын дайындайды және мәжілістен кейін екі күн мерзімде Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне табыс етеді.

Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі Кеңсе Басшысының орынбасары (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) да бұрыштама қойған хаттамалық шешімнің жобасын ұсынады.

122. Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі Үкімет мәжілісінің хаттамасын Кеңсенің мәжілісте қаралған мәселелер құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшелері дайындаған хаттамалық шешімдер жобаларының негізінде Үкіметтің елтаңбалық бланкісінде жасайды.

123. Елтаңбалық бланкіге ауыстырғаннан кейін хаттамаға орындаушы және Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің меңгерушілері (өздерінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша), Кеңсе Басшысының орынбасарлары (міндеттерді бөлуге байланысты), Премьер-Министрдің орынбасарлары, Кеңсе Басшысы бұрыштама қояды және мәжілістен кейін үш күні мерзімде Премьер-Министрге қол қоюға беріледі.

124. Хаттамаға қол қойылғаннан кейін Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі бір күн мерзімде Үкімет мүшелеріне, агенттіктердің төрағаларына және хаттамада өздеріне қатысты бөлігінде тапсырмалар берілген адресаттарға хаттамадан үзінді көшірме дайындайды, мемлекеттік тілге аударуды, мәтіндердің дәлме-дәлдігін тексеруді, бақылауға қоюды және таратуды қамтамасыз етеді.

125. Кеңсенің қаралатын мәселе құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшесі кеңеске материалдарды, шақырылғандардың тізімін, хаттаманың жобасын дайындауды ұйымдастыруға жауапты болып табылады.

126. Премьер-Министрдегі кеңеске шақырылғандардың тізімін Кеңсе Басшысы бекітеді.

127. Кеңеске материалдарды, Премьер-Министрде өтетін кеңесті жүргізу тәртібінің жобасы кеңеске дейін 1 күн бұрын Хатшылыққа жіберіледі.

128. Премьер-Министрдің орынбасарында, Кеңсе Басшылығында өтетін кеңеске материалдар тиісті қабылдау бөлмелеріне кеңестің алдындағы күні жіберіледі.

129. Кеңеске қатысушылардың келуін, оларды тіркеуді Кеңсенің қаралатын мәселе құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшесі қамтамасыз етеді.

130. Үкімет (Кеңсе) Басшылығында өтетін кеңестер міндетті түрде хаттамаланады. Хаттамаларға хронологиялық тәртіппен (жыл басынан бері) іс номенклатурасына сәйкес есептік нөмірлер беріледі.

131. Кеңесте жұмыс жазбаларын жүргізуді Кеңсенің мәселені дайындауға жауапты болып табылатын құрылымдық бөлімшесінің оған қатысып отырған қызметкері не төрағалық етуші белгілеген тұлға жүзеге асырады.

132. Хаттаманы ресімдеуді, Кеңсенің мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен келісуді және кеңесте төрағалық етушіге қол қоюға ұсынуды кеңес өткізілген күннен бастап 3 күннен кешіктірмей қызметкері хаттаманы жүргізген Кеңсенің бөлімшесі жүргізеді.

ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 133-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

133. Премьер-Министрде және оның орынбасарларында өткен кеңестердің хаттамалары міндетті түрде Кеңсенің Басшысымен келісіледі.

Премьер-Министрде, оның орынбасарларында және Кеңсе Басшысында өткен кеңестердің хаттамалары құқықтық сипаттағы мәселелер болған жағдайда, сондай-ақ Премьер-Министрдің, Үкімет пен Кеңсе басшылығының тапсырмалары бойынша Кеңсе Басшысының орынбасарымен (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) келісіледі.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының директорлар кеңесі мен «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы Қамқоршылық кеңесі мәжілістерінің хаттамалары да міндетті түрде Кеңсе Басшысының орынбасарымен (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) келісілуі тиіс.

 

 

7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен



Премьер-Министрінің өкімдері жобаларының Премьер-Министр

Кеңсесінде ресімделу және өту тәртібі

 

ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 134-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



134. Премьер-Министр Кеңсесіне енгізілетін Үкімет қаулыларының жобаларын (Премьер-Министрдің өкімдерін, заң жобаларын, Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларын және Премьер-Министрдің оларды щұғыл енгізуді көздейтін тапсырмаларын орындау үшін әзірленген нормативтік құқықтық акілердің жобаларын қоспағанда) үкіметтік шешімдерді шығару секторы алдын ала тексеру үшін қағаз және электрондық форматта (нысанда) БЭҚАЖ бойынша сәрсенбіде 9.00-дан бастап 18.00-ге дейін қабылдайды, Премьер-Министрдің өкімдерін, Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің жобаларын, заң жобаларын және Премьер-Министрдің оларды шұғыл енгізуді көздейтін тапсырмаларын орындау үшін әзірленген нормативтік құқықтық актілердің жобаларын үкіметтік шешімдерді шығару секторы күн сайын сағат 9.00-дан бастап 15.30-ға дейін қабылдайды.

ҚР Үкіметінің 2012.13.01. № 34 Қаулысымен 134-1-тармақпен толықтырылды



134-1. Қазақстан Республикасы Президентінің, Премьер-Министрдің, Президент Әкімшілігі басшыларының, Премьер-Министрдің орынбасарларының сондай-ақ Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысының тапсырмалары бар жобаларды қоспағанда, мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен Премьер-Министрі өкімдерінің жобаларын Кеңсеге ағымдағы жылғы 20 желтоқсанға дейін енгізеді.

135. Жобаны енгізген мемлекеттік органның өкілі жобаның төлнұсқасын үкіметтік шешімдерді шығару секторының меңгерушісіне тапсырады, ол жобаның Үкімет Регламенті мен осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкестігін тексереді.

ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 135-1-тармақпен толықтырылды

135-1. Үкімет қаулыларының немесе Премьер-Министр өкімдерінің жобалары түскен кезде тіркеу мөртаңбасы ілеспе хатқа қойылады.

Премьер-Министр Кеңсесіне енгізілетін Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің жобаларына, Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің жобаларына, заң жобаларына және Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкімет қорытындыларының жобаларына Үкімет Регламентіне сәйкес жобаны әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы (бірінші басшының міндетін атқару ресми түрде жүктелген тұлға не Үкіметтің және Премьер-Министр Кеңсесінің басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бірінші басшы ресми түрде өкілеттік берген тұлға) әр парағына алдын ала қол қоюға тиіс.

ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 136-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 136-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



136. Премьер-Министрдің Кеңсесінде Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі жобада заңдық техника ережелерінің сақталуын әрі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін тексеруді, Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі мемлекеттік және орыс тілдері ережелерінің сақталуын, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің дәлме-дәлдігін (мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің дәлме-дәлдігіне әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы дербес жауап береді) және Үкімет Регламентінің және осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкестігіне алдын ала тексеруді ұйымдастырады. Алдын ала тексеру жүргізуге арналған мерзім жоба түскен сәттен бастап үш жұмыс күнінен аспауы тиіс.

ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 137-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



137. Белгіленген тәртіппен тіркелген, бұрын тіркелген құжатқа келіп түскен (Үкімет немесе Кеңсе Басшылығы бұрын берген тапсырмаларды орындау үшін) Үкімет қаулыларының жобалары олардың құзыретіне сәйкес Кеңсенің құрылымдық бөлімшесіне тікелей жіберіледі.

Бұрын тіркелген нөмірге келіп түскен Үкімет қаулылары жобаларының көшірмелері, сондай-ақ Үкімет қаулыларының жобалары (егер оларды Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі алдын ала қараса) кейіннен Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөліміне жіберу үшін Кеңсе басшысы орынбасарының (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) қабылдау бөлмесіне беріледі.

ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 138-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



138. Үкімет қаулыларының жобаларын (заң жобаларын қоспағанда) алдын ала тексеру нәтижелері туралы Кеңсе басшысының орынбасары (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) мен Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Кеңсе Басшысын немесе оның міндеттерін атқарушы адамды хабардар етеді.

Баяндаудың қорытындылары бойынша Кеңсе Басшысы алдын ала тексерілген Үкімет қаулыларының жобалары бойынша бар ескертулерді талқылау үшін орталық атқарушы органдар жауапты хатшыларының (Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың) қатысуымен кеңес еткізу туралы шешім қабылдайды.

Кеңсе Басшысындағы кеңесте мынадай шешімдер қабылданады:

қаулының жобасы Үкіметтің мәжілісіне шығарылсын;

қаулының жобасы Кеңсенің тиісті бөлімінде пысықталсын және ол Үкіметтің мәжілісіне шығарылсын;

қаулының жобасы әзірлеуші мемлекеттік органға қайтарылсын.

ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 139-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



139. Жоба:

1) жобаны кез келген негіздер бойынша дауыс беруге шығарғанға дейін Премьер-Министрдің шешімі бойынша;

2) Премьер-Министрдің орынбасарларында өткен кеңестердің хаттамасы негізінде;

3) Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының шешімі бойынша пысықталуға қайтарылуы мүмкін.

Әзірлеуші мемлекеттік органның жобаны жұмыс тәртібімен пысықтау мерзімі 10 жұмыс күнінен аспауы тиіс.

ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 140-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



140. Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдері жобаларының Кеңседе өту мерзімі осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес белгіленеді.

Алдын ала тексеруді қоса алғанда, Кеңседе жобалардың өту мерзімі (жобаның тіркелген күнінен бастап қол қойылған құжатты шығаруға тапсырғанға дейін): Үкімет қаулыларының жобалары үшін 20 жұмыс күнінен (басымдықты заң жобалары мен шұғыл деп жариялау жоспарланып отырған, өту мерзімі 5 күнтізбелік күннен аспауы тиіс заң жобаларын қоспағанда); Премьер-Министр өкімдерінің жобалары үшін 5 жұмыс күнінен аспауы тиіс. Жобалар мәтінінің көлемі үлкен және күрделі болуына байланысты өту мерзімін (басымдықты заң жобаларының және шұғыл деп жариялау жоспарланып отырған заң жобаларының өту мерзімінен басқа) Кеңсе Басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға ұзартуы мүмкін.

141. Үкімет Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларына бастамашылық жасаған жағдайда олар Үкіметтің Регламентіне сәйкес Президент Әкімшілігіне енгізіледі. Бұл ретте енгізілетін жобалардың және оларға материалдардың көшірмелері Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің үкіметтік шешімдерді шығару секторында қалады.

142. Кеңсе Басшысы Премьер-Министрге келіп түскен жобалар, жобаны Үкіметтің мәжілісіне немесе Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс беруіне шығару туралы ұсыныстар туралы, сондай-ақ алдын ала тексеру барысында анықталған жобаға ескертулер туралы хабарлайды.

143. Үкімет мәжілісіне шығару туралы олар бойынша шешім қабылданған жобалар Үкімет мәжілісіне тиісті анықтама дайындау үшін Кеңсенің қаралатын жобалардың мәселелері құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшелеріне жіберіледі.

ҚР Үкіметінің 2012.13.01. № 34 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 144-тармақ өзгертілді

144. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері Үкіметтің отырысына шығарылатын жобалар бойынша:

үш күн мерзімде:

жобаларды Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінде бар, оның ішінде редакциялық сипаттағы және заңдық техника бойынша ескертулерді ескере отырып дербес пысықтайды. Қалған жағдайларда жобалар Үкімет немесе Кеңсе Басшылығының тапсырмасы бойынша пысықталады және жобаның түпкілікті нұсқасына әзірлеуші мемлекеттік орган қайтадан бұрыштама қояды, ал қажет болған жағдайда басқа мүдделі мемлекеттік органдармен қайта келісіледі;

жобаларды тиісті елтаңбалы бланкіде ресімдейді;

әр парағына қол қойылғаннан кейін жобаларға (қағаз тасығыштарда және электронды цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжаттар форматында) мүдделі құрылымдық бөлімшелердің басшылары және Кеңсе Басшысының орынбасарлары (олардың міндеттерінің бөлінуіне сәйкес) бұрыштама соғады;

Кеңседе әзірленетін жобаның пысықталатын тұстарының көлемі мен сипатын баяндай отырып, жоба бойынша анықтаманы Кеңсе Басшысына қол қоюға ұсынады. Үкімет отырысы өткізілгенге дейін екі күннен кешіктірмей толық дайындалған құжаттардың пакетін Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне береді.

Үкіметтің отырысында Үкімет мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданған қаулылардың жобалары сол күні Премьер-Министрдің орынбасарларына (тиесілілігі бойынша) және Кеңсе Басшысына бұрыштама соғуға беріледі, одан кейін Премьер-Министрге қол қоюға беріледі. Қаулының жобасына Кеңсе Басшысы қол қойған Үкімет мүшелерінің дауыс беру қорытындылары туралы анықтама қоса беріледі.

Тіркелген жобалардың төлнұсқалары Кеңсе Басшысының отырысында олар қаралғанға дейін Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінде сақталады.

145. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің Үкімет мәжілісіне енгізілген жобалар бойынша ескертулері Кеңсе Басшысына қол қоюға ұсынылатын анықтамада көрсетіледі.

146. Үкімет қаулыларының жобаларына сырттай дауыс беру Премьер-Министрдің немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша жүргізіледі.

147. Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс беруіне арналған мерзім дауыс беру үшін жоба (жоба бойынша материалдар) таратылған күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспауы тиіс. Қажет болған кезде Премьер-Министр және Премьер-Министрмен келісім бойынша Кеңсе Басшысы дауыс беруге арналған мерзімді қысқартуы мүмкін.

148. Сырттай дауыс беру мерзімі аяқталғанға дейін Үкімет мүшелері Премьер-Министрдің Кеңсесіне өз пікірлерін білдіретін жазбаша жауаптар жібереді. Жазбаша жауап көрсетілген мерзімде болмаған жағдайда Үкімет мүшесі жобаны қабылдау үшін дауыс берді деп саналады.

149. Егер жоба бойынша Үкімет мүшелері жалпы санының көпшілігі жобаны қабылдау үшін дауыс берсе, сырттай дауыс беру өтті деп саналады.

ҚР Үкіметінің 2012.13.01. № 34 Қаулысымен 149-1-тармақпен толықтырылды

149-1. Сырттай дауыс беру нәтижелері бойынша Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің орындаушылары бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы бойынша Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс беру нәтижелерін есепке алу парағын жасайды.

ҚР Үкіметінің 2012.13.01. № 34 Қаулысымен 150-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



150. Жоба бойынша сырттай дауыс беруді ұйымдастыру мен өткізуді Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі жүзеге асырады.

Бұл ретте, Кеңсе Басшысы қағаз және электрондық жеткізгіштердегі жобаларға тиісті тапсырмаға қол қояды, осыдан кейін үкіметтік шешімдерді шығару секторының қызметкері Үкімет мүшелерін ЭҚАБЖ бойынша тиісті тапсырма туралы хабардар етеді. «Қызмет бабында пайдалану үшін» жобалары фельдъегерлік немесе арнайы байланыс арқылы қағаз тасығышта жіберіледі.

151. Үкімет қабылдаған жобаны Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі бұрыштама қоюды (келісуді) қамтамасыз ету және қол қоюға ұсыну үшін Кеңсенің қаралатын жоба мәселелері құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшесіне жібереді. Бұл ретте жобаға қаулылардың (Премьер-Министр өкімдерінің) жобаларын Кеңседе келісу парағы қоса тіркеледі (7-қосымша). Қаулылар мен өкімдердің әрбір өту сатысында Кеңсенің барлық құрылымдық бөлімшелерінде келісу парағын толтыру міндетті. Қаулылар мен өкімдердің жобаларын келісу парағы қаулының немесе өкімнің жобасына басқа да материалдармен бірге істе болуға тиіс және алуға жатпайды.

152. Жобаға орындаушы қол қояды және Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшелерінің меңгерушілері, Премьер-Министрдің орынбасары (тиісті мәселелерге жетекшілік ететін), Кеңсе Басшысы және оның орынбасары (тиісті мәселелерге жетекшілік ететін) бұрыштама қояды және Хатшылық арқылы Премьер-Министрге қол қоюға ұсынылады.

ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 153-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



153. Қаулы мәтінінде оны жариялау қажеттігіне нұсқау болған не қаулыға Премьер-Министрдің немесе Кеңсе Басшысының (олар болмаған кезде - тиісінше Премьер-Министрдің немесе Кеңсе Басшысының міндетін атқарушы тұлғалардың) осы қаулыны жариялау туралы тапсырмасы қоса берілген жағдайда орындаушы тарату көрсеткішіне Премьер-Министрдің Баспасөз қызметін қосуға міндетті, ол Үкімет Регламентіне сәйкес қаулылардың бұқаралық ақпарат құралдарында уақтылы жариялануын және Үкіметтің Интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етеді.

Тарату көрсеткішінің дұрыс ресімделуі үшін, сондай-ақ оған қажетті лауазымды адамдардың, мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың кіргізілгені немесе кіргізілмегені үшін жобаның Кеңседе өтуі үшін жауап беретін Кеңсенің құрылымдық бөлімшесінің басшысы жауапты болады.

Орындаушы шығаруға толық дайын қаулының (өкімнің) түпнұсқасын қалыптастырады және сағат 9.00-дан бастап 18.00-ге дейін тапсырады, сондай-ақ БЭҚАЖ арқылы қол қойылған Премьер-Министрдің ЭЦҚ қойылған қаулыны (өкімді) келісу парағына қолын қойғызып, үкіметтік шешімдерді шығару секторының шығаруға жауапты қызметкеріне тапсырады.

154. Үкімет қаулыларының жобалары Үкімет мәжілісінде қарағаннан немесе сырттай дауыс беру мерзімі аяқталғаннан кейін үш күн ішінде Премьер-Министрге қол қоюға баяндалуға тиіс.

ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 155-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

155. Үкіметтік шешімдерді шығару секторы Үкіметтің қол қойылған қаулысын ала отырып, істі түпкілікті қалыптастырады, онда бастапқы материалдардың және оларға қосымшалардың бар-жоғын, қажетті келісулер мен тарату көрсеткішінің бар-жоғын тексереді.

ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 156-тармақ жаңа редакцияда



156. Істе барлық қажетті құжаттар болғанда және олар тиісінше орындалған кезде үкіметтік шешімдерді шығару секторының шығаруға жауапты қызметкері Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісіне бұл туралы хабарлайды, одан кейін Премьер-Министр (оның міндеттерін атқарушы адам) қол қойған жобаны тіркейді және оны тираждауды, Үкіметтің елтаңбалық мөрімен куәландыруды және Кеңсенің осы жобаны дайындауды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесінің меңгерушісі қол қойған тарату көрсеткішіне сәйкес адресаттарға жөнелту үшін іс жүргізу және мұрағат секторына беруді қамтамасыз етеді. Жекелеген жағдайларда тарату көрсеткішіне сәйкес адресаттарға қаулылардан оларға қатысты бөлігіндегі үзінді көшірме ғана жіберілуі мүмкін.

ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 157-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.21.12. № 1575 Қаулысымен 157-тармақ өзгертілді (



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет