9. Мұнай өнімдерін сақтауға қойылатын
қауіпсіздік талаптары
200. Резервуарды таңдау мұнай өнімінің сипаттамасына, тұтанғыштықты, өрт қауіптілігін, жарылыс қауіптілігін, буланғыштылығын, ұшқырлығын, уыттылығын ескере отырып, буланудан болатын мұнай өнімінің шығынын барынша азайтуды ескере отырып пайдалану шарттарына байланысты техникалық-экономикалық есептеулерге негізделуі тиіс.
Мұнай өнімдерінің ауамен тұтануының рұқсат етілетін шектері және мұнай өнімдерінің өрт және жарылыс қаупі бар қасиеттерінің басқа сипаттамалары осы регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.
201. Төгу-құю және сақтау кезінде барлық операцияларды ең жоғарғы саңылаусыздандыруды қамтамасыз ету қажет.
Мұнай базаларының және жағармай құю станцияларының жұмыс аймағында ауада зиянды заттардың мүмкін шектегі шоғырлануы осы регламенттің 2-қосымшасында берілген көрсеткіштерден аспауы тиіс.
202. Әрбір сорттың немесе марканың мұнай өнімдері жеке, оларға арналған жарамды, ішкі май-бензинді және буға төзімді қорғанышты жабынды, электр статикалық ұшқын қауіпсіздігінің талаптарын қанағаттандыратын резервуарларда сақталуы тиіс.
203. Резервуарларда мұнай өнімдерін қыздыру температурасы 900С-тан аспауы тиіс және жабық ыдыстарда мұнай өнімдері буларының жарқ ету температурасы 150С-қа төмен болуы тиіс. Мұнай өнімдерін қыздыру температурасына нәтижелерді журналға тіркеумен тұрақты бақылау орнатылуы тиіс.
204. Сорт ауысымы кезінде мұнай өнімдері сапасының сақталуын қамтамасыз ету үшін резервуардың тазалығы және оны толтыруға дайындығы 1510-84 МЕМСТ-қа сәйкес болуы тиіс.
205. Мұнай өнімдерін ыдыста сақтауды арнайы жабдықталған қоймалық ғимараттарда, қалқаның астында және ашық алаңдарда жүзеге асырады. Сақтау тәсілін климаттық жағдайларға, сақталатын мұнай өнімдерінің физикалық-химиялық қасиеттеріне, ыдыстың түріне байланысты қабылдайды.
Тез тұтанатын мұнай өнімдерін, сондай-ақ мұнай өнімдерін ашық алаңдарда ағаш ыдыста сақтауға жол берілмейді.
206. Ыдыстағы жанғыш мұнай өнімдерін бір қабатты жерасты құрылыстарында сақтауға рұқсат етіледі. Резервуарлардың жалпы көлемі 20000 м3 дейінгі кәсіпорындарда жарқ ету температурасы 1200С-тан жоғары, 60 м дейінгі мөлшерде мұнай өнімдерін жанғыш материалдардан жасалатын жерасты құрылыстарында, осы құрылыстарды 0,2 м-ден кем емес қалыңдықта топырақ қабатымен (нығыздаумен) көмілген және едені жанбайтын материалдардан жасалған жағдайда қоса сақтауға рұқсат етіледі.
207. Мұнай өнімдерін ыдыста сақтауға арналған алаңдар (ашық және қалқаның астында) қатты топырақты және су ағу үшін еңісті болуы тиіс. Алаңдардың периметрі бойынша тұйық үйінділеу немесе жанбайтын материалдардан жасалған биіктігі 0,5 м қоршау қабырға, ал өту немесе алаңға жүру орындарында - пандустар көзделуі тиіс.
208. Тұтқыр мұнай өнімдерін төгу кезінде темір жол цистерналарында және құю кезінде резервуарларда қыздыру мен қотаруға ең аз шығын кетіретін температураға дейін қыздырады. Қыздыруға оңтайлы температураны анықтау үшін бастапқы деректерді таңдау төгу-құюдың нақты шарттарына, мұнай өнімдерінің және қоршаған ортаның температурасына, мұнай өнімдерінің ерекшеліктеріне байланысты болады.
209. Мұнай өнімдерін төгу-құюдың өздігінен ағуы кезінде қыздыруға оңтайлы температура теміржол және автомобильдік цистерналарға, кемелерге белгіленген мерзімдерде төгу-құюды қамтамасыз ету шарттарына байланысты анықталады.
10. Мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларын
консервациялау және тарату кезінде қойылатын
қауіпсіздік талаптары
210. Мұнай базаларын, автожанармай құю станцияларын консервациялау және тарату жобасының негізінде жүргізіледі. Консервациялау және тарату бойынша жұмыстар өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жобалық шешімдердің орындалуын қамтамасыз ететін жоспарларға сәйкес жүргізіледі.
211. Консервациялау және тарату кезінде технологиялық жүйеде жарылыс қаупі бар қоспалардың, сондай-ақ гидраттүзілімі немесе сұйықтардың қатуы нәтижесінде тығындардың түзілімін болдырмаудың шаралары көзделуі тиіс (инертті газбен үрлеу, үрлеудің тиімділігін бақылау және т.б.).
212. Қауіпті өндірістік объектіні консервациялаудың ұзақтығы жобамен көзделген мерзімдерден асса немесе асуы мүмкін болса және мүлікке, тұрғындардың өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға зиян тудыру қаупі туындаса немесе туындауы мүмкін болса, авариялардың тәуекеліне азайтататын қосымша қауіпсіздік шаралары әзірленуі және іске асырылуы тиіс.
11. Сәйкестігін бағалау
213. Мұнай базасының автожанармай құю станциясының регламентке сәйкестігін бағалау мына кезеңдерде жүргізіледі:
ғимараттарды, құрылыстарды және төңірегіндегі аумақтарды пайдалануға қабылдау;
Қазақстан Республикасында өндірілетін және оның аумағына енгізілетін техникалық құрылғыларды, материалдарды Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес пайдалануға рұқсат ету;
мұнай базалары мен автомай құю станцияларын пайдалану.
214. Мұнай базаларының, автожанармай құю станцияларының ғимараттарының, құрылыстарының және іргелес аумақтарының сәйкестігін бағалау және пайдалануға қабылдау олардың жобалық құжаттамаға сәйкестігін Қазақстан Республикасының белгіленген Заңнамасымен құрылған комиссияның тексеруінен кейін жүргізіледі.
215. Қоршаған ортаға әсерді бағалауды Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы экологиялық кодексінде белгіленген тәртіпте қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстар мен қызметтерді орындауға лицензия алған жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
216. Пайдаланылатын мұнай базаларының және/немесе жағармай құю станцияларының персоналы мен авариялық-құтқару қызметтерінің аварияларды оқшаулау және салдарын жою жөніндегі іс-қимылдарға дайындығын бағалау өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы заңнамамен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
217. Өрт және өртке қарсы қауіпсіздік саласындағы регламентті сақтауды бағалау өрт қауіпсіздігі туралы заңнамамен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
218. Электр энергетикасы саласындағы техникалық регламенттің талаптарын сақтаудың сәйкестігін бағалауды электр энергетикасы туралы заңнамамен белгіленген тәртіпте уәкілетті орган жүзеге асырады.
219. Техникалық реттеу саласында сәйкестігін бағалау техникалық тәртіппен реттеу туралы белгіленген заңнамада жүзеге асырылады.
12. Техникалық регламентке сәйкестік презумпциясы
220. Мұнай базалары мен автожанармай құю станциялары регламентте көрсетілген үйлесімді стандарттарға сәйкес олардың өмірлік циклының процестері осы техникалық регламенттің тиісті талаптары болып саналады.
13. Үйлестірілген стандарттардың тізбесі
221. Үйлестірілген стандарттардың тізбесін мұнай-газ саласының уәкілетті органымен келіскен құзыретті орган бекітеді.
МЕМСТ 9.602-89 ТҚҚ БЖ. Жер асты құрылыстары. Тоттанудан қорғауға қойылатын жалпы талаптар.
МЕМСТ 12.1.005-88 ЕҚСЖ. Жұмыс аймағының ауасына қойылатын жалпы санитарлық-гигиеналық талаптар.
МЕМСТ 17.0.0.04-90 Табиғатты қорғау. Өнеркәсіптік кәсіпорынның экологиялық паспорты. Негізгі ережелер.
МЕМСТ 356-80 Шартты, сынамалы және жұмыс қысымдары.
МЕМСТ 1510-84 Мұнай және мұнай өнімдері. Таңбалау, орау, тасымалдау және сақтау.
МЕМСТ 3242-79 Пісіру қосылыстары. Сапаны бақылау әдістері.
МЕМСТ 7512-82 Бұзбайтын бақылау. Пісіру қосылыстары. Радиографикалық әдіс.
МЕМСТ 14782-86 Бұзбайтын бақылау. Пісіру қосылыстары. Ультрадыбыстық әдістер.
МЕМСТ 18442-80 Бұзбайтын бақылау. Капиллярлық әдістер. Жалпы талаптар.
МЕМСТ 21105-87 Бұзбайтын бақылау. Магниттік-ұнтақтық әдіс.
МЕМСТ 23055-78 Бұзбайтын бақылау. Металды балқытумен пісіру. Радиографикалық бақылау нәтижелері бойынша пісіру қосылыстарын жіктеу.
МЕМСТ 25225-82 Бұзбайтын бақылау. Пісірілген құбыржолдардың біріктірілген жерлері. Магнитографикалық әдіс.
ҚР ҚНжЕ 2.01-19-2004 Құрылыс конструкцияларын тоттанудан қорғау.
ҚР ҚН 2.02-14-2002 Газ тәріздес және сұйық отындық сыйымдылығы аз жылыту қазандарын технологиялық жобалау нормалары. Өртке қарсы қойылатын талаптар.
ҚНжЕ 2.04.05-2002 Табиғи және жасанды жарық түсіру.
ҚНжЕ 2.09.02-85 Өндірістік ғимараттар.
ҚНжЕ 2.11.03-93* Мұнай және мұнай өнімдерінің қоймалары. Өртке қарсы нормалары.
ҚР ҚНжЕ 4.01.02-2001 Сумен қамтамасыз ету. Сыртқы жүйелері және құрылыстары
ҚРҚНжЕ 4.01.41-2006 Ғимараттардың ішкі су құбыры және канализациясы.
ҚР ҚНжЕ 4.02-42-2002 Жылыту, желдету және кондиционерлеу.
ҚР ҚНжЕ 4.04-10-2002 Электротехникалық қондырғылар.
ҚР ҚНжЕ 5.03-37-2005 Негізгі және қоршау қондырғылары.
ҚР ҚН 2.02-11-2002 Ғимараттарға, үй-жайлар мен құрылыстарға автоматтық өрт сигнализациясы жүйесін, өрт сөндіру және адамдарға өрт туралы хабарлау автоматтық қондырғыларын орнату нормалары.
ҚР ҚН 3.02-15-2003 Мұнай және мұнай өнімдерінің қоймалары.
ҚН 4.01-15-2001 Блоктық-контейнерлік типтік авто-жанармай құю станцияларын технологиялық жобалау нормалары.
СанНжЕ 3.01.067-97 Ішуге жарайтын су.
ӨҚСЕ-01-94 Құрылыс-монтаждау және отпен жұмыс кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелері.
ҚР ӨҚЕ 08-2006 ҚР Өрт қауіпсіздігінің ережелері Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің 2006 жылғы 08 ақпандағы № 35 бұйрығымен бекітілді.
ҚР ӨҚСЕ 10-98 Мұнай өндіру өнеркәсібіндегі өрт қауіпсіздігінің ережелері.
Ережелер ҚР Мемтехқадағалау 1996 жылғы 25 қазанда бекіткен «Стационарлық, контейнерлік және жылжымалы станцияларды техникалық пайдалану ережелері».
ЭҚЕ-2003* электр қондырғыларын орнату ережелері.
14. Қолданысқа енгізілу мерзімдері мен талаптары
222. Осы техникалық регламент алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Мұнай базаларының және
автожанармай құю
станцияларының қауіпсіздігіне
қойылатын талаптар» техникалық регламентке
1-қосымша
Мұнай өнімдерінің өрт және жарылыс қауіпті
қасиеттеріне сипаттама
Зат
|
Температу-
ра, 0С
|
Ауамен тұтану шегі
|
жарқ
ету-
лер
|
өзді-
гінен
тұтану
|
Температу-
ралық, 0С
|
шоғырлану, %
(көлемі бойынша)
|
тө-
менгі
|
жоғар-
ғы
|
төмен-
гі
|
жоғар-
ғы
|
Бензиндер:
Б-70 авиациялық
Б-91/115 авиациялық
Б-100/130 авиациялық
А-72 автомобильдік
Дизель отыны:
арктикалық
қыстық
жаздық
Керосин:
ашық
тракторлық
Мазут:
флоттық
100 отындық
40 отындық
Отын:
Т-1
ТС-1
Уайт-спирит
|
-34
-38
-34
-36
64
48
71
57
27
158
145
140
30
28
33-36
|
300
435
474
300
330
240
310
216
250
390
420
380
220
220
227
|
-34
-38
-34
-36
57
69
62
35
27
106
143
138
25
20
33
|
-4
-4
-4
-7
105
119
100
75
69
133
170
145
65
57
68
|
0,79
-
0,98
0,79
-
-
-
1,40
1,40
-
-
-
1,4
1,2
-
|
5,16
-
5,46
5,16
-
-
-
7,5
7,5
-
-
-
7,5
7,1
-
|
«Мұнай базаларының және
автожанармай құю
станцияларының қауіпсіздігіне
қойылатын талаптар»
техникалық регламентке
2-қосымша
Мұнай базасы мен автожанармай құю станциясының
жұмыс аймағының ауасында зиянды заттардың рұқсат
етілетін шекті шоғырлануы
Заттар (булар мен
газдар)
|
Рұқсат етілетін
шекті шоғырлану,
мг/м3
|
Қауіптілік сыныбы
|
Бензин
(еріткіш, отындық)
|
100
|
IV
|
Бензол*
|
5
|
II
|
Керосин (С-ға қайта
есептеуде)
|
300
|
IV
|
Дизель отыны (С-ға
қайта есептеуде)
|
300
|
IV
|
Минералдық мұнай
майлары *
|
5
|
III
|
Мұнай*
|
10
|
III
|
С1-С4 көмірсутек-
терімен қоспадағы
күкіртті сутек
|
3
|
III
|
Күкіртті сутек
|
10
|
II
|
Тетраэтилқорғасын*
|
0,005
|
I
|
Толуол
|
50
|
III
|
Уайт-спирит (С-ға
қайта есептеуде)
|
300
|
IV
|
Ескертпе: * заттар теріге тиген кезде қауіпті. Рұқсат етілетін шекті шоғырлануды арттыруға тыйым салынады.
Достарыңызбен бөлісу: |