1-кестесіне кіретін өнімдер жатады.
7. Сәйкестік сертификаты сәйкестікті растау схемасында белгіленген мерзімге беріледі.
8. Сәйкестікті растау рәсімдерінен өткен құрама құрылыс құрастырмалары сәйкестік белгісімен таңбаланады.
Техникалық регламентке
4-қосымша
Полимер, синтетикалық және басқа құрылыс материалдары,
бұйымдары мен құрастырмаларының сипаттамаларына (қасиеттеріне)
қойылатын қауіпсіздік талаптары
1. Қауіпсіздіктің осы талаптары Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша кодтары бар (СЭҚ ТН) 3901-3914, 4002, 3917 31-40, 3920, 3921, 3921 90, 3916, 3919 10-90, 3918, 3922, 3925 10, 3925 20, 3925 30, 3925 90, 9406 00 90, 3917 10-29, 4003, 4008, 4010, 4016 91, 4412, 4410, 4411, 4408, 4413, 6807, 6809, 7019 31, 6806, 5904, 5705, 6812 полимер және синтетикалық құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмаларына қолданылады.
Осы құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмаларының жекелеген сипаттамалары (қасиеттері) адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, оның ішінде өсімдік және жануарлар әлемі үшін өрт және (немесе) химиялық қауіптілік нысандары болуы мүмкін.
2. Осы өнімдер сипаттамаларына (қасиеттеріне) мынадай ең төменгі қажетті талаптар белгіленеді: полимер, синтетикалық және құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмаларының адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, оның ішінде өсімдік және жануарлар әлеміне қауіпті және зиянды әсерлерін (оның ішінде өздігінен жануы салдарынан) болдырмауы қажет.
3. Қауіпсіздік көрсеткіштерінің нақтылы (егжей-тегжейлі) мәндері осы Техникалық регламентпен үйлестірілген полимер, синтетикалық және басқа да құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмаларына арналған стандарттарда белгіленуі тиіс.
4. Полимер, синтетикалық және басқа құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмаларының қауіпсіздігіне қатысты осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін бағалау мен растау мемлекеттік бақылау мен қадағалау, сәйкестікті міндетті растау түрінде жүзеге асырылады.
5. Мемлекеттік бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Сәйкестікті міндетті растауға осы Техникалық регламентке 9-қосымшаны 1-кестесіне кіретін өнімдер жатады.
7. Сәйкестік сертификаты сәйкестікті растау сұлбасында белгіленген мерзімге беріледі.
8. Сәйкестік туралы декларацияны қабылдауға осы Техникалық регламентке 9-қосымшаның 1-кестесіне кіретін өнімдер жатады.
9. Сәйкестік туралы декларация осы өнімді шығарудың жоспарланған мерзіміне сүйене отыра дайындаушы (орындаушы) белгілеген, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімге қабылданады.
10. Сәйкестікті растау рәсімдерінен өткен полимер, синтетикалық және басқа құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары сәйкестік белгісімен таңбаланады.
Техникалық регламентке
5-қосымша
Құрылыста пайдаланылатын химиялық өнімдер
сипаттамаларына (қасиеттеріне) қойылатын
қауіпсіздік талаптары
1. Қауіпсіздіктің осы талаптары Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша кодтары бар (СЭҚ ТН ): 3209, 3208, 3207, 3210, 3211, 3212, 3214, 3814, 3213 90, 3501, 3505, 3506, 2817, 2823, 2819, 2820, 2824, 2821, 2822, 2825 20-40, 2825 60-90, 2914 11, 3204, 3206 химия өнеркәсібінің өнімдеріне жататын құрылыс материалдары мен бұйымдарына қолданылады.
Осы құрылыс құрастырмалары мен бұйымдарының жекелеген сипаттамалары (қасиеттері) адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, оның ішінде өсімдік және жануарлар әлемі үшін өрт және (немесе) химиялық қауіптілік, сондай-ақ жарылыс қауіптілігі нысандары болуы мүмкін.
2. Осы өнімдер сипаттамаларына (қасиеттеріне) мынадай ең төменгі қажетті талаптар белгіленеді: құрылыс материалдары мен бұйымдары өздігінен жану және жарылыс мүмкіндігі болмауға және адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, оның ішінде өсімдік және жануарлар әлеміне кері әсерін тигізетін мөлшерде, концентрацияда және үйлесімде қауіпті және зиянды заттар бөлмеуге тиіс.
3. Қауіпсіздік көрсеткіштерінің нақтылы (егжей-тегжейлі) мәндері осы Техникалық регламентпен үйлестірілген құрылыс материалдары мен бұйымдарына - химия өнеркәсібі өнімдеріне арналған стандарттарда белгіленуі керек.
4. Құрылыс материалдары мен бұйымдарының - химия өнеркәсібі өнімдерінің қауіпсіздігіне қатысты осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін бағалау мен растау мемлекеттік бақылау мен қадағалау, сәйкестікті міндетті растау түрінде жүзеге асырылады.
5. Мемлекеттік бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Сәйкестікті міндетті растауға осы Техникалық регламентке 9-қосымшаның 1-кестесіне кіретін өнімдер жатады.
7. Сәйкестік сертификаты сәйкестікті растау сұлбасында белгіленген мерзімге беріледі.
8. Сәйкестікті растау рәсімдерінен өткен құрылыс материалдары мен бұйымдары - химия өнеркәсібі өнімдері сәйкестік белгісімен таңбаланады.
Техникалық регламентке
6-қосымша
Тұрғын және қоғамдық ғимараттардың құрылысында
пайдаланылатын құрылыс материалдары, бұйымдары мен
құрастырмалары сипаттамаларына (қасиеттеріне) қойылатын
қауіпсіздік талаптары
1. Қауіпсіздіктің осы талаптары Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша кодтары бар (СЭҚ ТН): 2515, 2516, 2517, 6801-6802, 6815, 2523 10, 2523 90, 2523 30, 3816, 2523, 2522, 2520, 6901-6904, 6808, 6809, 3816, 3824 50, 2520 20, 6810, 6907, 6908, 6905, 6901, 6806, 6811, 6812, 2524 00, 6810, 7005, 7004, 7003, 7007 19, 7008, 7016, 7014 00, 9406, 7303, 7610, 7308 тұрғын және қоғамдық ғимараттардың құрылысында пайдаланылатын құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмаларына қолданылады.
2. Осы өнімдер сипаттамаларына (қасиеттеріне) қауіпсіздіктің мынадай ең төменгі қажетті талаптары белгіленеді: құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмаларының рұқсат етілген мәндерден аспайтын табиғи радионуклеидтерінің меншікті тиімді белсенділігінің деңгейі радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және осы үйлерде тұратын немесе жүретін адамдар, жануарлар мен өсімдіктер үшін қауіпті және (немесе) қолайсыз жағдайларды жасамауға тиіс.
3. Қауіпсіздік көрсеткіштерінің үйлестірілген нақтылы (егжей-тегжейлі) мәндері осы Техникалық регламентпен (тұрғын және қоғамдық ғимараттар құрылысында пайдаланылатын) құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмаларына арналған стандарттарда белгіленуі тиіс.
4. Тұрғын және қоғамдық ғимараттардың құрылысында пайдаланылатын құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмаларының қауіпсіздігіне қатысты осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін бағалау мен растау мемлекеттік бақылау мен қадағалау, сәйкестікті міндетті растау түрінде жүзеге асырылады.
5. Мемлекеттік бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Сәйкестікті міндетті растауға осы Техникалық регламенттің 9-қосымшасының 1-кестесіне кіретін өнімдер жатады.
7. Сәйкестік сертификаты сәйкестікті растау сұлбасында белгіленген мерзімге беріледі.
8. Сәйкестік туралы декларацияны қабылдауға осы Техникалық регламентке 9-қосымшаның 2-кестесіне кіретін өнімдер жатады.
9. Сәйкестік туралы декларация осы өнімді шығарудың жоспарланған мерзіміне сүйене отыра дайындаушы (орындаушы) белгілеген, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімге қабылданады.
10. Сәйкестікті растау рәсімдерінен өткен құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары сәйкестік белгісімен таңбаланады.
Техникалық регламентке
7-қосымша
Тұрғын және қоғамдық ғимараттардың сыртқы қоршау
құрастырмаларында пайдаланылатын құрылыс материалдары,
бұйымдары мен құрастырмалары сипаттамаларына
(қасиеттеріне) қойылатын қауіпсіздік талаптары
1. Қауіпсіздіктің осы талаптары Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша кодтары бар (СЭҚ ТН): 4418 10, 4418 20, 3925 20, 3925 30, 6904, 6905, 6810, 6809, 7019 3-90, 6806, 6808, 6811, 6802, 3916, 3920, 3921 1, 3921 90, 3918, 3925 90, 9406 00, 7003, 7004, 7005, 7007 19, 7008, 7014, 7016, 6901, 3816, 6815, 6907, 6908, 2523 2-90, 2522, 2520 20, 3824 40, 3824 50, 7308 30, 7610 10 тұрғын және қоғамдық ғимараттардың сыртқы қоршау құрастырмаларында пайдаланылатын құрылыс материалдары мен бұйымдарына қолданылады.
Осы құрылыс құрастырмалары, бұйымдары мен құрастырмаларының жекелеген сипаттамалары (қасиеттері) тұрғын немесе қоғамдық ғимараттарда тұратын немесе жүретін адамдар, жануарлар және өсімдіктер үшін гигиеналық қауіпсіздік талаптарының орындалмауына себеп болуы мүмкін.
2. Осы өнімдер сипаттамаларына (қасиеттеріне) мынадай ең төменгі қажетті талаптар белгіленеді: құрылыс материалдары мен бұйымдары ішкі үйлердің дыбыс оқшаулағышының қажетті деңгейін қамтамасыз етуі және жылу өткізуге кедергі келтіру, су және ауаның өтімділігі параметрлері бойынша осы үйлерде тұратын немесе жүретін адамдар, жануарлар мен өсімдіктер үшін қауіпті және (немесе) қолайсыз жағдайларды жасамау қажет.
3. Қауіпсіздік көрсеткіштерінің нақтылы (егжей-тегжейлі) мәндері осы Техникалық регламентпен үйлестірілген (тұрғын және қоғамдық ғимараттардың сыртқы қоршау құрастырмаларында пайдаланылатын) құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмаларына арналған стандарттарда белгіленуі тиіс.
4. Тұрғын және қоғамдық ғимараттардың сыртқы қоршау құрастырмаларында пайдаланылатын құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмаларына қатысты осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін бағалау мен растау мемлекеттік бақылау мен қадағалау, сәйкестікті міндетті растау түрінде жүзеге асырылады.
5. Мемлекеттік бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Сәйкестікті міндетті растауға осы Техникалық регламенттің 9-қосымшаның 1-кестесіне кіретін өнімдер жатады.
7. Сәйкестік сертификаты сәйкестікті растау сұлбасында белгіленген мерзімге беріледі.
8. Сәйкестік туралы декларацияны қабылдауға осы Техникалық регламентке 9-қосымшаның 2-кестесіне кіретін өнімдер жатады.
9. Сәйкестік туралы декларация осы өнімді шығарудың жоспарланған мерзіміне сүйене отыра дайындаушы (орындаушы) белгілеген, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімге қабылданады.
10. Сәйкестікті растау рәсімдерінен өткен құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары сәйкестік белгісімен таңбаланады.
Техникалық регламентке
8-қосымша
Өнімдер сипаттамаларына (қасиеттеріне) қойылатын
қауіпсіздік талаптары белгіленетін құрылыс материалдары,
бұйымдары мен құрастырмалары түрлерінің (топтарының) тізбесі
Р/с
№
|
Құрылыс мате-
риалдарының,
бұйымдары мен
құрастырмала-
рының түрлері
(топтары)
|
СЭҚ ТН коды
|
Қамтамасыз
етілуге тиісті
қауіпсіздік
түрлері
|
1
|
Полимерлік, синте-
тикалық және басқа
құрылыс материал-
дары мен бұйымдары
|
3901-3914, 4002, 3917
31-40, 3920, 3921,
3921 90, 3916, 3919
10-90, 3918, 3922,
3925 10, 3925 20,
3925 30, 3925 90,
9406 00 90, 3917
10-29, 4003, 4008,
4010, 4016 91, 4412,
4410, 4411, 4408,
4413, 6807, 6809,
7019 31, 6806, 5904,
5705, 6812
|
Өрт
Химиялық
|
2
|
Құрылыста пайдала-
нылатын химия
өнеркәсібінің
өнімдері
|
3209, 3208, 3207,
3210, 3211, 3212,
3214, 3814, 3213.90,
3501, 3505, 3506,
2817, 2823, 2819,
2820, 2824, 2821,
2822, 2825 20-40,
2825 60-90, 2914 11,
3204, 3206
|
Өрт
Жарылыс
қауіпсіздік
Химиялық
|
3
|
Ғимараттар мен
құрылыстардың кө-
терме элементтері
ретінде пайдаланы-
латын (құрама) құ-
рылыс құрастырмалары
|
9406 00 90, 7308 20,
7308 40, 7308 90,
7610, 4418 90, 6810
11 900, 6810 91, 6810
99, 7003, 7004, 7005,
7007 19, 7008, 7016
|
Механикалық
(соққы әсері)
|
4
|
Тұрғын және қоғам-
дық ғимараттардың
сыртқы қоршау құ-
растырмаларында
пайдаланылатын
құрылыс материал-
дары, бұйымдары
мен құрастырмалары
|
4418 10, 4418 20,
3925 20, 3925 30,
6904, 6905, 6810,
6809, 7019 3-90,
6806, 6808, 6811,
6802, 3916, 3920,
3921 1, 3921 90,
3918, 3925 90, 9406
00, 7003, 7004, 7005,
7007 19, 7008, 7014,
7016, 6901, 3816,
6815, 6907, 6908,
2523 2-90, 2522, 2520
20, 3824 40, 3824 50,
7308 30, 7610 10
|
Санитарлық-
эпидемиология-
лық (химиялық,
физикалық және
биологиялық
факторлар)
|
5
|
Кенсіз материал-
дар, кеуекті тол-
тырғыштар, табиғи
тастардан жасалған
жол қаптама мате-
риалдары мен тұр-
ғын және қоғамдық
ғимараттардың құ-
рылысында пайдала-
нылатын дайын метал бұйымдар мен
құрастырмалар
|
2515, 2516, 2517,
6801-6802, 6815,
2523 10, 2523 90,
2523 30, 3816, 2523,
2522, 2520, 6901-6904,
6808, 6809, 3816,
3824 50, 2520 20,
6810, 6907, 6908,
6905, 6901, 6806,
6811, 6812, 2524 00,
6810, 7005, 7004,
7003, 7007 19, 7008,
7016, 7014 00, 9406,
7303, 7610, 7308
|
Радиациялық
|
Техникалық регламентке
9-қосымша
Сәйкестікті міндетті растауға жататын құрылыс
материалдарының, бұйымдары мен құрастырмаларының тізбесі
1-кесте
СЭҚ ТН коды
|
Өнімнің атауы
|
1
|
2
|
3918 10
4814
5905 00
5904
3204 11 000 0
3204 13 000 0
3205 00 000 0
3206 19 000 0
3206 20 000 0
3206 30 000 0
3208
3209
3211 00 000 0
3211 00 000 0
3214 10 100 0
3214 10 900 0
2520 10 000 0
2522 10 000 0
2522 20 000 0
2523
2524 00
6810
6904 10 000 0
6904 90 000 0
3921 11 000 0
3921 12 000 0
3921 13
3921 14 000 0
6806
68 11 10 000 0
68 11 20 110 0
68 11 20 800 0
6807
7016 90 800 0
3925 20 000 0
3925 30 000 0
2520 20
2517
|
Полимер материалдардан жасалған, өздігінен
желімденетін немесе өздігінен желімденбей-
тін, орамдағы немесе пластиналардағы еденге
арналған төсеніштер, поливинилхлоридпен
сіңдірілген немесе жабылған негізден тұра-
тын, қабырғаларға немесе төбеге арналған
полимер жабындар.
Тұсқағаз қағазы (тұсқағаздар) және басқа қабырғалық жабындар; терезеге арналған
мөлдір қағаз.
Формасы бойынша пішілген немесе пішілмеген
линолеум; формасы бойынша пішілген немесе
пішілмеген текстиль негізіндегі жер
төсеніштері.
Астарлар, пигменттер, бояулар, эмальдар,
майғынды бояулар, сылайтын заттар,
тығыздағыштар, түсті лактар, түсті лак
негізіндегі препараттар.
Цемент басқа тұтқырлық материалдар (гипс,
әк және басқа жергілікті тұтқырлықтар).
Асбест.
Жеңіл бетоннан жасалған бетон және темір
бетон құрастырмалары.
Ауыр және жеңіл бетоннан жасалған, бекемдетілген және бекемдетілмеген, типті
жоба бойынша дайындалған (НД сериясы)
нақтырақ: іргетас блоктары, далдашалар,
ұзындығы 6 метрге дейінгі арқалықтар,
аражабын тақтайшалары, ұзындығы 7,2 метрге
дейінгі аражабындар, жиектер, қадалар, бетон құбырлар, тіреулер (ЛЭП тіреулері).
Құрылыс, қыш және силикат кірпіш, еденге арналған блоктар.
Дыбыс оқшаулағыш, жылу оқшаулағыш және дыбыс
жұтқыш материалдардан жасалған (минералды мақтадан, шыны мақтадан, шыныталшықтан, перлиттен, кеуек бетоннан, кеуекті және полимер материалдардан жасалған) бұйымдар.
Асбестцементтен және целлюлоза талшықтары бар цементтен немесе ұқсас материалдардан,
оның ішінде асбестцемент табақтарынан
жасалған бұйымдар.
Гидрооқшаулағыш шатыр материалдары (шатыр
пергаменті, қарақағаз және ұқсас бұйымдар).
Шыныпакеттер.
Пластмассадан жасалған құрылыс бөлшектері
(есіктер, табалдырықтар, терезелер, рамалар,
терезе қақпақтары).
Құрғақ құрылыс қоспалары.
Қиыршық тас.
|
Достарыңызбен бөлісу: |