Заңында белгіленген талаптарды орындау жолымен қамтамасыз етілуі тиіс.
10. Термиялық қауіпсіздік талаптары
Құрылыс материалдарының, бұйымдары мен құрастырмаларының термиялық қауіпсіздігі адам денесінің қорғалмаған жерлерінің құрылыс материалдарының жекелеген түрлерін дайындау, тасымалдау және сақтау кезінде орны болуы мүмкін температурасы жоғары немесе өте төмен беттермен түйісуіне жол бермеу жолымен қамтамасыз етіледі.
11. Санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптары
32. Тиісті машиналар, жабдықтар және жұмысты аз механикаландыратын әр түрлі құралдар пайдаланылатын жерде, құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмаларын дайындау кезеңдерінде орны болуы мүмкін, химиялық, физикалық және биологиялық факторлардың әсерінен, адам денсаулығы үшін санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік және оларды тұрғын және қоғамдық ғимараттардың қоршалған құрастырмаларында қолдану осы Техникалық регламенттің талаптарын орындау жолымен қамтамасыз етіледі.
33. Құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмаларын пайдалану кезінде туындайтын химиялық, физикалық және биологиялық факторлардың зиянды әсерін шектеу бөлігінде, құрылыс материалдарының, бұйымдары мен құрастырмаларының сипаттамаларына (қасиеттеріне) қатысты санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптары осы Техникалық регламентке 7-қосымшада берілген.
12. Құрылыс материалдарының, бұйымдары мен құрастырмаларының
жекелеген сипаттамаларына (қасиеттеріне) қойылатын
қауіпсіздік талаптары
34. Құрылыс материалдарының, бұйымдары мен құрастырмаларының қауіпті сипаттамаларына (қасиеттеріне) қатысты қауіпсіздік талаптары осы Техникалық регламентке 3, 4, 5, 6 және 7-қосымшада берілген.
Осы Техникалық регламентке 3, 4, 5, 6 және 7-қосымшалар құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын өндірушілерге арналған және оларды жеке де, сол сияқты мемлекеттік стандарттармен, сондай-ақ құрылыс материалдарының, бұйымдары мен құрастырмаларының қауіпсіздік көрсеткіштерінің нақты сандық мәндері жазылған ұйым стандарттарымен де пайдалана алады.
35. Осы Техникалық регламентке 8-қосымшада адам, оның мүлкі, жануарлар мен өсімдіктер, қоршаған орта үшін әлеуетті қауіп нысаны болуы мүмкін құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмаларының сипаттамаларына (қасиеттеріне) қатысты қауіпсіздіктің ең аз қажетті талаптары көрсетілген. Белгіленген талаптар осы өнімге тән әлеуетті қауіптіліктің әрбір түрі (пайда болуы) бойынша қауіпсіздіктің қажетті деңгейін сапалы анықтайды.
13. Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын
өндіру кезіндегі қауіпсіздік талаптары
36. Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын өндіру кезінде жобалық, нормативтік құжаттаманың және олардың негізінде әзірленген технологиялық регламенттің талаптарын, сондай-ақ «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру аясында әзірленетін тиісті техникалық регламенттер талаптарын сөзсіз орындауды қамтамасыз ету қажет.
37. Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын өндіру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың бүкіл жинағы орындалуға тиіс. Кәсіпорында құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын өндіру процесіндегі қауіпсіздікке байланысты барлық технологиялық операцияларды бақылау жүйесі іске қосылуы тиіс.
38. Егер құрылыс материалдарының, бұйымдары мен құрастырмаларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін табиғи сынақтар жүргізу талап етілсе, онда олар сынау әдістеріне арналған нормативтік құжаттаманың талаптарына сәйкес толық көлемде жүргізілуі тиіс.
39. Кәсіпорында қабылданған бақылау жүйесіне немесе қолданыстағы сапа менеджменті жүйесіне сәйкес барлық қауіпсіздік талаптарын орындауды талдау, қажет болған жағдайда, егер осы талаптар тиісті техникалық регламенттерде болатын болса, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын іске асырар алдында қауіп-қатерді бағалау жүйелі түрде жүргізілуге тиіс.
40. Құрама құрылыс құрастырмаларын өндіру кезінде жобадан ауытқу жоба авторымен келісілуі тиіс. Автордың келісімінсіз жобадан ауытқып әзірленген құрама құрылыс құрастырмаларын өткізуге рұқсат етілмейді.
41. Құрылыс объектілеріне түсетін құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары қажетті ілеспе құжаттамамен, ал базарға (саудаға) түсетіндер пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен қамтамасыз етілуі тиіс.
42. Барлық құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары таңбалануға (тікелей бұйымға, ыдысына, ілеспе құжаттамасына) және нақты сәйкестендірілуі (класс, таңба, сұрып, топтама, дайындау күні) тиіс.
43. Құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмаларын өндіру кезінде құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын өндіруге қатысы бар басқа техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптары да орындалуы тиіс.
14. Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын
тасымалдау және сақтау кезіндегі қауіпсіздік талаптары
44. Тасымалдау және сақтау кезінде құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын тасымалдау және сақтау шарттарының осы Техникалық регламенттің, сондай-ақ осындай талаптар белгіленетін басқа техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету қажет.
45. Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын сақтау және тасымалдау әзірлеушілердің жобалау (жасау) сатысында қарастырған және осы Техникалық регламентпен үйлестірілген құрылыс материалдарына, бұйымдары мен құрастырмаларына арналған стандарттарда көрсетілген қауіпсіздік жөніндегі және қорғау шараларының барлық талаптарын ескере отырып жүргізілуі тиіс.
46. Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын кәсіпорындардың қоймаларында және өткізетін орындарда сақтау кезінде ауада зиянды заттарды шекті рұқсат етілетін концентрациядан (мәндерден) жоғары болдырмайтын шаралар, сондай-ақ «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру шеңберінде әзірленетін техникалық регламенттерде келтірілген өрттер мен жарылыстардың пайда болуын, қоршаған ортаның ластануын не радиациялық бүлінуін болдырмайтын шаралар қарастырылуы тиіс.
47. Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын тасымалдау, егер өнімді шығарушы немесе оны тұтынушы өзгеше ескертпесе, көліктің осы түріне қолданылатын жүк тасымалдау ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
48. Құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары тиісті тәсілмен буып-түйілсе (қажет жағдайда), қауіпсіз сақтау, қауіпсіз тасымалдау және өткізу жөніндегі ұсынымдармен жасақталса, оларды сақтауға, тасымалдау мен өткізуге рұқсат етіледі.
49. Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын тасымалдау және сақтау кезінде:
1) өнімге рұқсатсыз қол сұғуды, кейіннен оның тұтынушылық қасиеттері мен қауіпсіздік көрсеткіштерін өзгертуді болдырмайтын, орамның (нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес) қымтақтығының, тұтастығының, беріктігінің сақталуы;
2) сақтау шарттары мен мерзімдері және штаттан тыс және авариялық оқиғалар туындаған жағдай үшін (қажет болған кезде) қысқаша нұсқаулықтар көрсетіліп, өнімнің әрбір партиясына берілген ілеспе құжаттаманың болуы;
3) құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын тасымалдау және сақтау кезінде ескерту таңбасын пайдалану, қызметкерлерді қауіпсіз жұмыс шараларымен таныстыру;
4) қорғаудың жеке және ұжымдық құралдарын, жеке бас гигиенасы құралдарын, санитарлық құралдар мен арнайы киімдерді беру (қажет болған кезде);
5) авариялық оқиғаларды болдырмау және жою жөніндегі және олардың зардаптарын жою жөніндегі шараларды, өрт сөндіру тәсілдері мен құралдарын қоса, әзірлеу қамтамасыз етілуі тиіс.
50. Қауіпті құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары үшін қажетті қауіпсіздік шараларын дайындаушы өнімді өткізу кезінде ілеспе құжаттаманың құрамына енгізілетін сапа паспортында көрсетуге тиіс.
51. Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын тиеуді, түсіруді, тасымалдау мен қаттап жинауды қауіпсіздік талаптарын сақтау үшін қажетті біліктілігі бар қызметкерлер жүргізуге тиіс.
52. Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын буып-түю үшін қолданылатын материалдар мен заттар қауіпсіз болуға тиіс.
53. Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын тасымалдау және сақтау кезінде нақты технологиялық процестер мен тасымалдау және сақтау шарттарын ескере отырып, қауіп-қатер дәрежесін бағалау жүргізілуі тиіс.
54. Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын тасымалдау және сақтау кезінде «Өрт қауіпсіздігі туралы», «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы», «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында, сондай-ақ «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру шеңберінде әзірленетін және құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын тасымалдауға және сақтауға қатысы бар басқа техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптары орындалуы тиіс.
15. Құрылыста қолдану, ғимараттар мен құрылыстарды және
азаматтардың тұрмыстық қажеттіліктері үшін пайдалану
процесі кезіндегі қауіпсіздік талаптары
55. Қазақстан Республикасының аумағына айналымға келіп түсетін құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары техникалық құжаттамада белгіленген кепілдік мерзімі немесе жарамдылық мерзімі ішінде қауіпсіз болуы тиіс.
56. Құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары тиісті тәсілмен буып-түйілсе (бұл қажет жерде) және (немесе) таңбаланса, ал қауіпті материалдар қауіпсіздік белгілерімен және тұрмыстық жағдайларда қауіпсіз қолдану жөніндегі мынадай:
1) өніммен жұмыс істеу кезінде жеке қорғану құралдары туралы;
2) адамға, қоршаған ортаға және мүлікке зиянды факторлардың әсер ету қаупін болдырмайтын еңбек тәсілдері мен әдістері туралы мәліметтер болуға тиіс нұсқаулықтарымен жасақталса, олар пайдалануға рұқсат етіледі.
57. Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын құрылыс объектілерінде ғимараттарды, құрылымдар мен құрылыстарды салу үшін пайдалану кезінде қажетті біліктілігі бар, еңбектің қауіпсіз әдістері мен тәсілдерін оқыған, қажетті сақтық және қорғау құралдарымен қамтамасыз етілген және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс істеуге жіберілген қызметкерлер жүзеге асыруға тиіс.
58. Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын құрылыс объектілерін салу үшін пайдалану кезінде қауіпсіздік мыналармен:
1) құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын қолдануға байланысты қауіптілікті азайтатын, технологиялар мен жабдықты (жұмыстарды механикаландыру құралдарын), еңбек тәсілдері мен әдістерін таңдаумен;
2) құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын қауіпсіз қолдануға бақылау жасайтын техникалық құралдарды пайдаланумен және тиісті күтіп ұстаумен;
3) ескерту таңбасын және хабардар ету құралдарын пайдаланумен;
4) жеке бас гигиенасы құралдарын, санитарлық құралдарды, жеке қорғану құралдарын және арнайы киімді пайдаланумен;
5) қызметкерлерді кезең сайын оқытумен және білімдерін тексерумен, авариялық оқиғалардың алдын алу тәсілдеріне жаттығумен және оларды жоюға арналған қажетті құралдармен жасақтау арқылы;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылыстағы қауіпсіздік техникасы, жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбегін қорғау ережелерін сөзсіз орындауды қамтамасыз етумен;
7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметкерлерді алдын ала және кезеңдік медициналық тексеруден өткізуді ұйымдастырумен қамтамасыз етілуі тиіс.
59. Ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану кезінде қолданылған құрылыс материалдарының, бұйымдары мен құрастырмаларының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін барлық шаралар кешенін орындау қажет.
60. Жөндеу жұмыстарын жүргізу не ғимаратты немесе құрылысты қайта жаңарту нәтижесінде тиісті құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын пайдалану салдарынан туындауы мүмкін қауіп-қатерді бағалау жүргізілу қажет. Осы қауіп-қатердің мәні тиісті техникалық регламенттерде көрсетілген рұқсатты (қолайлы) мәннен аспауға тиіс.
61. Жөндеуден өткен (қайта жаңартылған) ғимараттар мен құрылыстар үшін тиісті әдістер мен бақылау құралдарын қолдана отырып, пайдаланылған құрылыс материалдарына, бұйымдары мен құрастырмаларына байланысты қауіп-қатердің белгіленген мәндерін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар әзірленуі тиіс.
62. Пайдалану құжаттамасында ғимараттар мен құрылыстарды пайдалануды жүзеге асыратын тұлғаға немесе тұлғаларға қойылатын, пайдаланылған құрылыс материалдарының, бұйымдары мен құрастырмаларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптар қарастырылуға тиіс.
16. Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын
кәдеге жарату кезіндегі қауіпсіздік талаптары
63. Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын кәдеге жарату не оларды сақтау немесе жарамдылық мерзімінің аяқталуы бойынша, не оларды салу кезінде пайдаланылған ғимараттар мен құрылыстарды бөлшектеп алу, бұзу, қайта жаңарту нәтижесінде жүзеге асырылуға тиіс.
64. Қажетті тұтынушылық қасиеттері бар жаңа құрылыс материалдарын және жылу тасымалдағыштарды өнеркәсіптік қайта өңдеу жолымен алу мақсатында жарамсыз материалдар мен қалдықтарды пайдалана отырып, кәдеге жарату тәсілі басымдырақ болып табылады.
65. Кәдеге жаратылуы мүмкін емес қалдықтар термиялық залалсыздандыруға немесе өнеркәсіптік қалдықтарды залалсыздандыру және полигондарда көму арқылы жоюға жатқызылады. Қалдықтармен жұмыс істеу Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
66. Жарамсыз құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын не олардың қалдықтарын кәдеге жарату және жою кезінде жұмыс аймағы ауасындағы, атмосфералық ауадағы, ашық су қоймаларының суындағы зиянды заттардың концентрациясы шектік рұқсат етілетін концентрациялардан (ШРК) аспауға тиіс.
67. Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын айналымнан шығару, қалдықтарды кәдеге жарату немесе жою осы Техникалық регламентте және кәдеге жарату сатысындағы қауіпсіздік шараларын қарастыратын техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
68. Құрылыс материалдарының, бұйымдары мен құрастырмаларының қалдықтарын кәдеге жарату процестеріне қатысатын қызметкерлердің қажетті біліктілігі болуға, олар тиісті даярлықтан өтуге және еңбек қауіпсіздігінің барлық талаптарын сақтауға тиіс.
17. Тұтынушыларды адастыруға әкелетін іс-әрекеттердің
алдын алуға арналған ақпаратқа қойылатын талаптар
69. Өткізу нарығына айналымға шығарылатын құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары:
1) тікелей бұйымға, ыдысқа, орамға немесе ілеспе құжаттамасына басылатын сәйкестендіру таңбасы;
2) сапа паспортын немесе оның үзінді көшірмесін (ерекше қауіпті құрылыс материалдары, бұйымдары және құрастырмалары үшін);
3) құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын қолдану (монтаждау) жөніндегі қажетті техникалық құжаттаманы немесе қауіпсіз қолдану жөніндегі нұсқаулықты (сауда желісі арқылы өткізу үшін);
4) өрт сөндіру тәсілдері мен құралдарын (қажет болған кезде);
5) сәйкестікті растау туралы құжаттарды қамтуы тиіс ақпаратпен бірге жүруі тиіс.
70. Сақтандыру таңбасына кіретін ақпараттың құрамына және мазмұнына қойылатын ең аз талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді.
71. Сақтандыру және сәйкестендіру таңбасы мәтін, символ, пиктограммалар түрінде басылады (жазылады).
72. Тұтынушыларға арналған ақпарат анық және жеңіл оқылуға тиіс. Бұл кезде қауіпсіздік талаптары басқа қаріппен, түспен немесе басқа тәсілмен ерекшеленуге тиіс.
73. Ақпаратты басу құралдары өнімді сақтау, тасымалдау, өткізу және қолдану кезінде таңбаның төзімділігін қамтамасыз етуге тиіс.
18. Техникалық регламент талаптарына сәйкестікті растау
74. Өнімнің Техникалық регламентте белгіленген талаптарға сәйкестігін растауды:
1) сәйкестікті растауды жүргізу және сәйкестік сертификатын беру түрінде сәйкестікті растау жөніндегі орган;
2) өнімді тұтынушы берген тапсырма бойынша сәйкестікті растауды жүргізу сәйкестікті растау жөніндегі орган;
3) сәйкестік туралы декларацияны қабылдау түрінде өнімді өндіруші (орындаушы) жүргізеді.
75. Қазақстан Республикасы аумағындағы құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмаларының сәйкестігін растаудың міндетті және ерікті сипаттары болады.
76. Сәйкестікті міндетті растауға жататын өнімнің тізбесі осы Техникалық регламентке 9-қосымшада берілген.
77. Сәйкестікті міндетті растау «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, техникалық регламенттер және Қазақстан Республикасының, мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
78. Сәйкестікті растау нысандары мен схемаларын таңдау кезінде мыналар:
1) өмірлік циклдің белгілі бір кезеңдеріндегі құрылыс материалдарының, бұйымдары мен құрастырмаларының қауіптілік дәрежесі;
2) өндірістік немесе пайдалану факторларының өзгеруіне Техникалық регламентте белгіленген қауіпсіздік көрсеткіштерінің сезімталдығы;
3) сәйкестікті растаудан өткен өнімді қолданудан болған шығынды немесе сәйкестікті күмәнді бағалаудан болатын жинақтық қауіп-қатер ескерілуге тиіс.
79. Сәйкестікті міндетті растау кезінде расталатын құрылыс материалдарының, бұйымдары мен құрастырмаларының сипаттамалары (қасиеттерінің) қауіпсіздік көрсеткіштерінің тізбесі осы Техникалық регламентке 10-қосымшада берілген.
80. Сәйкестікті міндетті растау, сондай-ақ нақты өнім халықаралық келісімдердің, конвенциялардың және Қазақстан Республикасы қосылған басқа құжаттарда осы өнімге сәйкестікті міндетті растау қарастырылған құжаттардың қолданылу саласына жатқызылған жағдайларда қолданылады.
81. Жоғары қауіптілік объектілері болып табылатын жаңа құрылыс материалдарына, бұйымдары мен құрастырмаларына сәйкестікті міндетті растау түрлері СЭҚ ТН кодына сәйкес қолданылуы тиіс.
19. Техникалық регламентке сәйкестікке болжам
82. Өнім сипаттамаларына (қасиеттеріне) қойылатын қауіпсіздік талаптарын белгілеген кезде осы Техникалық регламентке 8-қосымшада көрсетілген құрылыс материалдарының, бұйымдары мен құрастырмаларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ олардың осы Техникалық регламент талаптарына сәйкестігін растау үшін үйлестірілген стандарттар пайдаланылады.
Үйлестірілген стандарттарда өнімнің тұтынушылық қасиеттерімен (сапасы) сипатталатын көрсеткіштерімен қатар қауіпсіздікті анықтайтын көрсеткіштердің нақты сандық мәндері түрінде олардың сандық сипаттамалары белгіленген және сәйкестікті болжау қағидаты пайдаланылады.
83. Үйлестірілген стандарттар талаптарына сәйкес дайындалған құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары осы Техникалық регламент талаптарына сәйкес деп есептеледі.
84. Құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары, егер олардың талаптары үйлестірілген стандарттарда көрсетілген талаптардан төмен емес, стандарттау жөніндегі өзге нормативтік құжаттардың талаптары бойынша, ал олар болмаған жағдайда сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкілетті орган келіскен нормалардан төмен болмаған жағдайда, дайындала алады.
Достарыңызбен бөлісу: |