Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 мамырдағы №410 Қаулысы «Техникалық реттеу туралы»


Тағамдық қоспаларды өндіру мен олардың айналымының



бет2/2
Дата03.07.2016
өлшемі378.82 Kb.
#173805
1   2
4. Тағамдық қоспаларды өндіру мен олардың айналымының

қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

 

17. Тағамдық қоспаларды өндіру бойынша объектілерді орналастыру және олардың айналасына санитарлық-қорғау аймақтарын белгілеу денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.

18. Өндірістік үй-жайларда техникалық жабдықтарды орналастыру шикізат және дайын өнім ағымының араласуын болдырмауы тиіс.

19. Объектілердің барлық өндірістік және қосалқы үй-жайларында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгілеген микроклиматтың гигиеналық нормативін қамтамасыз ететін желдеткіштің тиімді жүйесі болуы тиіс.

Жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттардың құрамы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгілеген шамамен рұқсат етілген концентрациядан аспауы тиіс.

20. Шикізатты қабылдау, сақтау, дайындау және қайта өңдеудің, тағамдық қоспаларды өндіру және сақтаудың барлық процестері тағам өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкес гигиенаны сақтау және оларды ластану мен бұзылудан, оларға өзге заттар мен заттектердің енуінен сақтау шарттарымен жүргізілуі тиіс.

21. Қайта өңдеуге келіп түсетін шикізатты кіріс бақылау оның қауіпсіздігін куәландыратын құжаттарды тексерумен және зертханалық зерттеулермен қамтамасыз етіледі.

22. Тағамдық қоспаларды өндірудің әрбір технологиялық процесі үшін технологиялық регламенттермен мыналар белгіленеді:



1) технологиялық операцияларды орындаудың дәйектілігі мен режимдері;

2) қауіпсіз өнімнің шығарылуын қамтамасыз ету үшін қажетті құралдар, критерийлер мен әдістер;

3) жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу және процестің жұмысын тұрақты жақсарту үшін қажетті ескерту және түзету шараларын қабылдау ережесі;

4) технологиялық процестің параметрлерін қадағалау, өлшеу, бақылау және реттеу жүйесі;

5) қауіпті бақылау нүктелері мен олардың қатерін талдау.

23. Өндіру технологиясын өзгерту және қолдануға бұрын рұқсат етілген және тіркелген тағамдық қоспаларды қолдану аясын кеңейту оң санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды болған кезде жүзеге асырылуы тиіс.

24. Тағамдық қоспаларды орауды, сақтауды, тасымалдауды қоса алғанда оларды өндіру кезінде, сондай-ақ өндірістің жаңа технологияларын әзірлеу және енгізу кезінде өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өндірістік тәжірибе принциптерін қолдану қажет.

25. Кешенді тағамдық қоспаларды дайындаушылар нормативтік-техникалық құжаттамада олардың құрамына енетін тағамдық қоспалардың, сондай-ақ егер бар болса, гендік-түрлендірілген объектілерден (немесе қолдану арқылы) алынған компоненттердің сандық құрамын көрсетуі тиіс.

26. Тағамдық қоспалар тез бұзылатын тамақ өнімдеріне жатпайды. Дайындаушы өнімнің түріне, сақтау температурасына, орау материалының және рецептуралық құрамының түріне байланысты тағамдық қоспаларды сақтау мерзімін белгілейді және шарттарын айқындайды.

27. Тағамдық қоспалар жүктерді тасымалдау ережесіне сәйкес көліктің тиісті түрінде жұмыс істеп тұрған барлық көлік түрімен тасымалданады.

28. Тағамдық қоспаларды сақтау және тасымалдау денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.

29. Адам өміріне және денсаулығына кері әсер етпейтін және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен Балалардың тағамы өнімдері, тағамдық және биологиялық жұғымды қоспаларды (нутрицевтиктерді), сумен және тағам өнімдерімен байланыста болатын бояғыштарды, материалдар мен бұйымдарды, химиялық заттарды, адамның денсаулығына зиянды әсер ететін, өнімдер мен заттардың жекеленген түрлерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтару ережесінің талаптарына сәйкес мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткен тағамдық қоспалардың айналымына рұқсат етіледі.

30. Айналымдағы тағамдық қоспалар денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен "Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі мен құндылығына қойылатын гигиеналық талаптар" санитарлық ережелері мен нормалары талаптарына сәйкес болуы тиіс.

31. Мынадай жағдайларда, егер:



белгілі бір технологиялық қажеттілік болса және нормативтік-техникалық құжаттамада көзделген мақсатқа басқа әдістермен қол жеткізу мүмкін болмаса;

тағамдық қоспалардың адам денсаулығы мен болашақ ұрпақ үшін қауіпті болмауы ғылыми негізде расталған болса;

оларды қолдану тұтынушыны жаңылыстырмаса;

сатып алушылардың (тұтынушылардың) тиісті топтарына арналған тамақ өнімдерін пайдаланудан басқа, өнімдер өзінің тағамдық құндылықтарын сақтаса тағамдық қоспаларды қолдануға рұқсат етіледі.

32. Шикізат немесе дайын тамақ өнімінің бұзылуын және сапасыздығын жасыру мақсатында тағамдық қоспаларды қолдануға рұқсат етілмейді.

33. Құрамында тағамдық қоспалар пайдаланылатын тамақ өнімдерін дайындаушы осы өнімде қолдану үшін рұқсат берілген және Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін барлық тағамдық қоспаларға арналған ерекшелігі бар ингредиенттерді қолданады.

34. Тағамдық қоспаның, хош иістендіргіштер болатын кейбір биологиялық белсенді заттардың және тамақ өнімдерінде қосалқы заттардың кетпейтін қалдықтарының рұқсат етілген құрамы нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес болуы және белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың, гигиеналық нормативтердің ең жоғары рұқсат етілген деңгейінен артпауы тиіс.

35. Тағамдық қоспалар тамақ өнімдеріне технологиялық әсерге қол жеткізу үшін қажетті мөлшерде және нормативтік-техникалық құжаттамада белгіленген талаптарға сәйкес қосылуы тиіс.

36. Адам ағзасына тағамдық қоспаларды қоса алғанда, тамақ өнімдерімен бірге стронций-90 мен цезий-137-нің түсуінен ішкі сәуле алу дозасының үлесі жылына 1 миллиЗиверттен аспауға тиіс.

37. Тағамдық қоспаларды қолдану кезінде тағамдық қоспалардың санын, барабар араласуын және өнімнің гомогендігін өндірістік бақылау қамтамасыз етілуі тиіс.

38. Мыналарды:



1) бөлшек саудада сатуға арналған ұнды дайындау кезінде «ұнды өңдеуге арналған заттарды» (арнайы түрлерінен басқа);

2) жаппай тұтынатын тамақ өнімдерін: сүтті, сары майды, ұнды, нанды (қатталып салынған және ұзақ уақыт сақтау үшін оралғаннан басқа), жас етті өндіру кезінде, сондай-ақ диеталық және балалар тағамы өнімдерін және «табиғи» ретінде белгіленетін тамақ өнімдерін өндіру кезінде консерванттарды;

3) өңделмеген тамақ өнімдерін; пастерленген немесе стерильденген, шоколадты сүтті, қышқылсүтті өнімдерін, хош иістендірілмеген пахтаны; консервіленген, концентрацияланған, қоюландырылған, хош иістендірілмеген сүтті, кілегейлерді өндіру кезінде бояғыштарды қолдануға рұқсат етілмейді.

39. Бояуға рұқсат етілмейтін өнімдерден басқа, қолданылуы техникалық құжаттармен регламенттелетін бояғыштарды тамақ өнімдерінің барлық түрлері үшін пайдалануға болады.

40. Мынадай тамақ өнімдерін:

1) пюрелерді, пасталарды (көкөністерден басқа) қоса алғанда, көкөністерді (зәйтүннен басқа), жемістерді, жас, кептірілген саңырауқұлақтарды, консервіленген саңырауқұлақтарды;

2) жұмыртқалар мен жұмыртқадан жасалған өнімдерді (пасхаға арналған жұмыртқалардың қабығын бояу үшін);

3) басқа ингредиенттер қосылмаған, шикі тартылған етті қоса алғанда, етті, құс етін, жабайы құс етін, балықты, шаян тәрізділерді, тұтас немесе кесек немесе ұсақталып тілінген моллюскаларды;

4) ұнды, жармаларды, бұршақ жармаларын;

5) жеміс және көкөніс шырындарын, пасталарды, пюрелерді;

6) қантты, глюкозаны, фруктозаны (рафинад қантты өндіруде ультрамаринді пайдалануға болады);

7) балды;

8) какао өнімдерін;

9) қуырылған кофені, цикорийді, шайды;

10) дәмдеуіштерді және одан жасалған қоспаларды;

11) ас тұзын, тұзды алмастырғыштарды;

12) үш жасқа дейінгі дені сау және ауыратын балаларға арналған арнайы тамақ өнімдерін;

13) шөлмекке құйылған ауыз суды;

14) сиыр сүтінен жасалған майды, май пастасын (B-каротиннен басқа) өндіру кезінде тиісті техникалық регламенттерде белгіленген белгілі бір бояғыштарды ғана қолдануға рұқсат етіледі.

41. Тамақ өнімдерін бояу үшін ең жоғары деңгейі бояғыштардың еритін нысандарына арналған регламенттерге (деңгейлерге) сәйкес келуі тиіс суда ерімейтін лак түріндегі бояғыштарды пайдалануға рұқсат етіледі.

42. Тағамдық бояғыштар үшін ең жоғары деңгейлер тамақ өнімінде негізгі бояйтын заттың мазмұнын көрсетеді.

43. Бояғыш тағамдық қоспаларға мыналар жатпайды:



1) қайта бояу әсері бар тамақ өнімдері (мысалы: жеміс және көкөніс шырындары немесе пюрелер, кофе, какао, шафран, паприка);

2) тамақ өнімдерінің жеуге болмайтын сыртқы бөлігін бояу үшін қолданылатын бояғыштар (ірімшіктер мен шұжықтардың қабықтары, етке таңба басуға, жұмыртқалар мен ірімшіктерді таңбалауға арналған).

44. Ет өнімдерін өндіру кезінде нитриттер кешенді тамақ өнімдерінің құрамында немесе нитритті-тұзды қоспалардың немесе жұмысқа арналған ерітінділер түрінде ғана оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда белгіленген сақтандыру шаралары сақтала отырып қолданылуға тиіс.

45. Тәтті дәм бергіштер (интенсивті) энергетикалық құндылығы төмен тамақ өнімдерінде және медициналық көрсеткіштер бойынша қантты пайдалануды шектеу (немесе пайдаланбау) ұсынылатын адамдарға арналған арнайы диеталық өнімдерде қолданылады.

46. Медициналық көрсеткіштер бойынша балаларға арналған арнайы өнімдерден басқа, балалар тағамы өнімдерін өндіруде тәтті дәм бергіштерді пайдалануға рұқсат етілмейді.

47. Табиғи қант алмастырғыштарды табиғи тәтті дәм бергіштерді және олардың қоспаларын, сондай-ақ басқа да тағамдық ингредиенттермен (толтырғыштармен, еріткіштермен, қантпен, глюкозамен лактозамен және Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген тағамдық қоспалармен) қоспасын пайдалану нормативтік-техникалық құжаттармен регламенттеледі.

48. Балалар тағамы өнімдеріндегі тағамдық қоспалардың қалыпты (ең жоғары) деңгейі пайдалануға дайын (қалпына келтірілген) өнімдерге жатады.

49. Бес айдан асқан балаларға арналған кейінгі қоспаларды, бір жастағы дені сау балаларды қосымша тамақтандыруға және бір жастан үш жасқа дейінгі балаларды тамақтандыруға арналған, үш жасқа дейінгі балаларға арналған арнайы диеталық өнімдерді өндіру кезінде "Балаларға арналған, диеталық және емдік-профилактикалық тағамы өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентіне сәйкес тағамдық қоспалар қолданылады.

50. Тамақ өнімдеріне тән табиғи дәмі мен хош иісін күшейту мақсатында және шикізаттың бұзылуына немесе сапасыздығына байланысты тамақ өнімі хош иісінің өзгеруін болдырмау үшін хош иістендіргіштерді пайдалануға рұқсат етілмейді.

51. Дайындаушы хош иістендіргіштер мен дәмін хош иістендіретін заттардың қолданылу аясы мен ең жоғары мөлшерін, жекелеген тәтті дәм бергіштер мен қантты алмастырғыштардың жаппай үлес салмағын санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органының келісімі бойынша белгілейді және нормативтік-техникалық құжаттамада көрсетеді.

52. Қантты алмастырғыштарды (сорбит, ксилит және басқалар) сату кезінде заттаңбасында «Бір тәулікте 15-20 г астам пайдалану әлсіздену әсерін туындатуы мүмкін» деген ескертпе жазулар, ал құрамында аспартам бар қоспаларды сату кезінде «Құрамында фенилаланин көзі бар» деген ескертпе жазу болуға тиіс.

53. Дәмін хош иістендіретін заттарды пайдалану және хош иістендіргіштердің құрамы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісіледі, бұл ретте өсімдік шикізатынан жасалған хош иістендіргіштер мен дәмін хош иістендіретін препараттардың құрамына енетін биологиялық белсенді заттардың тамақ өнімдерінің құрамында болуының рұқсат етілген деңгейі регламенттеледі.

54. Хош иістендіргіштің құрамына дәстүрлі тағамдық шикізаттар (мысалы: шырындар, қант, дәмдеуіштер), толықтырғыштар (еріткіштер немесе тасығыштар), байытқыштар, сергітетін заттар, ащы дәмдер және тағамдық қоспалар қосылуы мүмкін.

55. Өсімдік шикізатынан жасалған сулы-спиртті тұнбалар мен көмір қышқылды экстрактілер, сондай-ақ жеміс-жидек шырындары (концентрацияланғандарды қоса алғанда), сироптар, шараптар, коньяктар, ликерлар, дәмдеуіштер тағамдық хош иістендіргіштерге жатпайды.

56. Хош иістендіргіштерді дайындаушы ілеспе құжаттарда мыналарды:



1) техникалық құжаттармен регламенттелетін тағамдық қоспалардан басқа, тағамдық қоспалардың хош иістендіргіштеріне енетін мөлшерлік құрамын;

2) шектеулерге сәйкес биологиялық белсенді заттардың болуын көрсетеді.

57. Хош иістендіргіштерді халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісім бойынша бөлшек саудада сатуға рұқсат етіледі.



 

 

5. Тағамдық қоспаларды орауға және таңбалауға қойылатын талаптар



 

58. Тағамдық қоспаларды орау және таңбалау «Орауға, таңбалауға, заттаңбалауға және оларды дұрыс жазуға қойылатын талаптар» техникалық регламентінің талаптарына сай болуы тиіс.

59. Тағамдық қоспаларды орау контаминациялануды (ластануды) азайту үшін, зақымдануды болдырмау және таңбалау үшін барабар қорғанышты қамтамасыз етуге тиіс.

60. Орау материалдары көрсетілген сақтау және пайдалану жағдайларында тағамдық қоспалардың қауіпсіздігі мен жарамдылығы үшін уытты және қауіпті болмауға тиіс.

61. Тағамдық қоспаларды заттаңбасында мынадай қосымша ақпарат көрсетіледі:



1) егер «Е» индексі болса онда тағамдық қоспа қолдануға рұқсат етілген;

2) құрамы, салмақтық мөлшері (көп компонентті тағамдық қоспа үшін);

3) тағамдық қоспаны сақтау және қолдану, қарсы көрсеткіш жөніндегі қысқаша нұсқаулық (ұсыным);

4) хош иістендіргіштер үшін хош иістендіргіштің типі (табиғи, табиғиға ұқсас, жасанды) қосымша көрсетіледі.

62. Құрамында тағамдық қоспалары бар тамақ өнімдерінің заттаңбаларында қосымша мынадай ақпарат көрсетіледі:



1) тағамдық қоспаның функциялық сыныбы мен оның атауы немесе Е индексі (болған жағдайда), мысалы, «тотығуға қарсы аскорбин қышқылы» немесе «тотығуға қарсы Е300»;

2) аспартамды пайдаланғанда мынадай ескертпе жазу болуға тиіс: «Фенилкетонуриямен ауыратындарға пайдалануға болмайды»;

3) құрамында көп атомды спиртті бар (эритриттен басқа, сорбит, ксилит және басқалар) қантты алмастырғыштар үшін «Бір тәулікте 15-20 г астам пайдалану әлсіздену әсерін туындатуы мүмкін» деген ескертпе жазу болуға тиіс.

63. Құрамында дәмін хош иістендіретін препараттар бар тамақ өнімдерінің заттаңбаларында «табиғи хош иістендіргіш» деп немесе оның нақты түрі (мысалы: экстрактілер, тұнбалар, эфир майлары, майлы шайырлар және басқалар) көрсетіледі.

64. Қайта қалпына келтірілген өнімдерді өндіру үшін оларды пайдалану кезінде концентрацияланған өнімдерді алу процесінде бөлінген дәмін хош иістендіретін заттарды заттаңбада көрсетпеуге рұқсат етіледі.

65. Тамақ өнімдерінің заттаңбаларында мынадай жағдайларда:



1) егер мұндай тағамдық қоспалар түпкі тамақ өнімінде функционалдық әсер етсе;

2) егер мұндай тамақ өнімдері балаларға арналған және диеталық тағам болса, тағамдық ингредиенттерінің құрамына кіретін тағамдық қоспалар көрсетіледі.

66. Тамақ өнімдерінің заттаңбаларында қышқылды сүт өнімдері мен ірімшікті өндіру кезінде пайдаланылатын ферментті препараттардан басқа, оларды дайындау кезінде қолданылатын технологиялық қосалқы заттар көрсетілмейді.

67. Тағамдық қоспаларды дайындаушы заттаңбада (зат белгіде, қосымша қағазында) генетикалық түрлендірілген объектілерден алынған ингредиенттердің пайдаланылғаны туралы мәліметті көрсетеді.

 

 

6. Қатерді бағалау



 

68. Қатерді басқару мақсатында тағамдық қоспаларды дайындаушы:

1) мыналарды:

тағамдық қоспаларды дайындау кезінде ықтимал қауіпті факторларды талдауды;

қауіпті факторлар анықталуы мүмкін өндірістік процестердің қатерін сәйкестендіруді және бағалауды;

қауіпті нүктелерді қадағалау және бақылау рәсімдерін жүргізуді;

2) мыналарды:

қауіпті бақылау нүктелерін тиімді бақылау шараларын;

тамақ өнімінің сапасын басқарудың құжатталған жүйесін әзірлеуді қамтамасыз етеді. 

 

7. Сәйкестігін растау



 

69. Тағамдық қоспалар сәйкестігін міндетті растауға жатпайды. Олардың қауіпсізідігін растау денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен берілетін мемлекеттік тіркеу туралы белгіленген үлгідегі құжаттың болуы болып табылады.

70. Тағамдық қоспалар техникалық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тағамдық қоспаларды өндірушінің (дайындаушының) қалауы бойынша ерікті сертификаттауға жіберілуі мүмкін. 



 

8. Үйлестірілген стандарттардың тізбесі



 

71. Осы Техникалық регламентте белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін үйлестірілген стандарттардың тізбесі (дәлелдеу базасы) осы Техникалық регламентке 2-қосымшада келтірілген.

72. Осы Техникалық регламентте белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін тағамдық қоспалар бойынша қолданылатын стандарттарды үйлестіру Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

 

 

9. Қолданысқа енгізу мерзімі мен шарттары

 

73. Осы Техникалық регламент ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

74. Осы Техникалық регламент қолданысқа енгізілгенге дейін берілген сәйкестігін растау саласындағы құжаттар олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жарамды болып саналады.



 

 

Техникалық регламентке



1-қосымша

 

 

«Тағамдық қоспалардың, оларды өндіру мен

айналымының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар»

техникалық регламентінің талаптары қолданылатын өнімдердің

тізбесі*

 

СЭҚ ТН коды

Позицияның атауы

1

2

0905 00 000 0

Ваниль

0906

Корица және қоңыр ағаштың гүлдері:

0906 10 000 0

- бөлшектелмеген және ұсақталмаған

0906 20 000 0

- бөлшектелген немесе ұсақталған

0908

Мускат жаңғағы, мацис және кардамон:

0908 10 000 0

- мускат жаңғағы

0908 20 000 0

- мацис

0908 30 000 0

- кардамон

0910 10 000 0

- имбирь

0910 20

бәйшешек:

0910 20 100 0

- - бөлшектелмеген және ұсақталмаған

0910 20 900 0

- - бөлшектелген немесе ұсақталған

0910 30 000 0

- турмерик (куркума)

0910 50 000 0

- карри

  

- басқа да дәмдеуіштер:

0910 91

- - осы топқа 1б ескертулерде айтылған

қоспалар:

0910 91 100 0

- - - бөлшектелмеген және ұсақталмаған

0910 91 900 0

- - - бөлшектелген немесе ұсақталған

0910 99

- - өзгелері:

0910 99 100 0

- - - шөптес пажитник тұқымдары

  

- - - өзгелері:

0910 99 910 0

- - - бөлшектелмеген және ұсақталмаған

0910 99 990 0

- - - бөлшектелген немесе ұсақталған

1302

Шырындар және өсімдік экстракттары;

пектиндік заттар, пектинаттар және пектаттар; агар-агар және өсімдектерден алынған түрлері өзгерген немесе өзгермеген

өзге желімдер және қойылтқыштар: өсімдік шырындары және экстракттары:

1302 12 000 0

- - миядан

1302 13 000 0

- - құлмақтан

1302 14 000 0

- - пиретрумнан немесе құрамында ротенон

бар өсімдік тамырларынан

1302 19

- - өзгелері

1302 19 050 0

- - - шайыр

1302 19 300 0

- - - сусындар немесе тамақ өнімдерін дайындау үшін өсімдік экстракттарының қоспалары

1302 19 980 0

- - - - өзгелері

1302 20

- пектиндік заттар, пектинаттар және

пектаттар:

1302 20 100 0

- - құрғақ

1302 20 900 0

- - өзгелері

1806 20 700 0

- - - сүтті-шоколад үгіндісі

1806 20 800 0

- - - шоколадтың дәмін келтіретін қабықтар

1806 20 950 0

- - - өзгелері

1806 90 700 0

- - құрамында какао бар және өндіріс сусын өндіруге және дайындауға арналған дайын өнімдер

1806 90 900 0

- - өзгелері активті

2102

Ашытқылар (активті немесе активті емес);

өзге де жансыз бір клеткалы

микроорганизмдер (3002 тауарлық позициядағы

вакцинадан басқа); дайын наубайханалық

ұнтақтар:

2102 10

- активті ашытқылар

2102 10 100 0

- - дақылды ашытқылар

2102 10 310 0

наубайханалық құрғақ ашытқылар

2102 10 390 0

наубайханалық өзге де құрғақ ашытқылар

2102 10 900 0

- - өзгелері

2102 20

- активті емес ашытқылар; басқа да жансыз бір клеткалы микроорганизмдер

- - активті емес ашытқылар:

2102 20 110 0

- - - таблеткалар, кубиктер түріндегі немесе соған ұқсас нысандағы немесе таза массасы 1 кг-аспайтын орамдағы

2102 20 190 0

- - - өзгелері

2102 20 900 0

- - өзгелері

2102 30 000 0

- дайын наубайханалық ұнтақтар

2103

Тұздықтар және тұздық дайындауға арналған өнімдер; дәмдеуіш қосындылар және аралас дәмдеуіштер; қыша ұнтағы және дайын қыша:

2103 90 300 0

- - құрамында 44,2-49,2 об.-дан спирт және 1,5-6 мас. %-дан ащы дәм, дәмдеуіш және 0,5л. немесе одан аз сыйымдылықтағы құрамында 4-10%-дан қантты әртүрлі ингредиенттер бар хош иісті ащы дәмдер

2103 90 900 9

- - - өзгелері

2106 90 200 0

- - сусындар өндірісі кезінде пайдаланылатын хош иісті заттар негізіндегі

өнімдер спиртінен басқа, құрамда л. 100% спирттік жартылай фабрикаттар

  

- - дәмді-хош иісті немесе бояғыш

қосындылары бар қант шәрбаттары

2106 90 300 0

- - - изоглюкоза шәрбаттары

2106 90 510 0

- - - - лактоза шәрбаттары

2106 90 550 0

- - - - глюкоза шәрбаты және мальтодекстрин

шәрбаты

2106 90 590 0

- - - - өзгелері

2106 90 920 0

- - - құрамында сүт майлары, сахароза, изоглюкоза, глюкоза немесе крахмал жоқ немесе құрамында 1,5 мас. %-дан сүт майлары, 5 мас. %-дан сахароза немесе изоглюкоза, 5 мас. %-дан кем глюкоза немесе

крахмалы бар

 

* Өнімнің кодтары «Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасы» жіктеуініне сәйкес көрсетілген.

 

Техникалық регламентке



2-қосымша

 

Үйлестірілген стандарттардың тізбесі (дәлелдеу базасы)

ГОСТ Р 52177-2003 Тағамдық хош иістендіргіштер. Жалпы техникалық шарттар.

ГОСТ Р 52499-2005 Тағамдық қоспалар. Терминдер және анықтамалар.

ГОСТ Р 52481-2005 Тағамдық бояғыштар. Терминдер және анықтамалар.

ГОСТ 31227-2004 5,5-сулы үштік алмастырылған тағамдық натрий лимон қышқылы (натрий цитраты). Техникалық шарттар.

ГОСТ 490-2006 Тағамдық сүт қышқылы. Техникалық шарттар.

ГОСТ 908-2004 Тағамдық моногидрат лимон қышқылы. Техникалық шарттар.

ГОСТ 16280-2002 Тағамдық агар. Техникалық шарттар.

ГОСТ 16280-70 Тағамдық агар. Техникалық шарттар.

ГОСТ 16280-88 Тағамдық агар. Техникалық шарттар.

ГОСТ 21205-83 Тағамдық шарап қышқылы. Техникалық шарттар.

ГОСТ 29186-91 Пектин. Техникалық шарттар.

ГОСТ 30145-94 Эфир майы және эфир май өндірісінің өнімдері. Қабылдау, сынама алу және органолептикалық зерттеу әдістерінің ережесі.

ГОСТ 490-79 Тағамдық сүт қышқылы. Техникалық шарттар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет