Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2304 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын іске асыру туралы есеп Есепті кезең: 2010 жыл Мақсаттарға


Функционалдық мүмкіндіктерді дамытуды талдау



бет2/2
Дата03.07.2016
өлшемі276.5 Kb.
#175223
1   2

Функционалдық мүмкіндіктерді дамытуды талдау


р/р

Жоспарланған шала атауы

Іс жүзінде орындалуы

1

Қаржы министрлігінің құзыреті бойынша нормативтік құқықтық актілерді үнемі өзекті ету

Министрліктің құзыреті бойынша нормативтік құқықтық актілерді уақытылы белсендіру бойынша жұмыс жүргізілді. Оның ішінде стратегиялық жоспардың міндеті шеңберінде салық және кедендік жүйені жетілдіру бойынша 5 заң жобасы әзірленді.

2

Қаржы министрлігі және оның құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметтерді орындауы мен мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша әкімшілік рәсімдемелерді (бизнес-процестерді) кешенді автоматтандыру

«е-Қаржымині» ИААЖ жүзеге асырудың 1-кезеңі орындалды. вэб-портал мен біріктіру шины, деректерді сақтау, талдамалы орталығы құрылды. Қаржы министрлігі және оның құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметтерді орындауы мен мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша әкімшілік рәсімдерді (бизнес-процестерді) кешенді автоматтандыру жұмысы жалғастырылуда

3

Аумақтық бөлімшелер қызметінің бірқатар көрсеткіштеріне негізделген және тиісті комитеттер жүргізетін Министрлік ведомстволары аумақтық бөлімшелері қызметінің тиімділігі мен сапасын рейтингтік бағалау

Қаржы министрлігінің комитеттері тұрақты негізде аумақтық бөлімшелер қызметінің тиімділігі мен сапасын рейтингтік бағалауды жүргізіп отырады.

4

Көрсетілетін қызметтерді алушылармен өзара іс-әрекет – ақпаратты, министрліктің Wев-сайтына жедел орналастыру, БАҚ жариялануын қамтамасыз ету, сауалдарға жауап беру

Ақпараттарды Қаржы министрлігінің Wев-сайтына жедел орналастыру, интерактивтік қызмет көрсету, атап айтқанда: сұрақтарға жауап беру, Web-сайт арқылы толық көлемде көрсетіледі, сондай-ақ, барлық нормативтік құқықтық актілерді жариялау, ҚМ жұмысына қатысты есептер ресми құжаттар, баспасөз-релиздер, әзірлеу нысаны мен заң жобаларының мәтіні.

5

Кадрлық әлеуетті тұрақты арттыру, білікті мамандарды, оның ішінде жоғары оқу орындарының түлектерін тарту, біліктілік деңгейін арттыру, сондай-ақ қызметкерлерді ынталандыру

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Жауапты хатшысының 2010 жылғы 18 наурыздағы № 120 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жүйесі қызметкерлерінің 2010 жылы біліктілігін арттыру туралы» бұйрығына сәйкес кадрлық әлеуетті арттыру жөнінде жұмыс жүргізілді.


Ведомствоаралық өзара қарым-қатынасты талдау


Қаржы министрлігі іске асыратын іс-шаралар

Салааралық үйлестіруді талап ететін іс-шаралар

Салықтық әкімшілендіруді жақсарту және қоғамның салық қызметі органдарының жұмысына қанағаттану денгейін өсіру жолымен салықтардың толық түсуін қамтамасыз ету

Жоспарланған шаралар

Іс жүзінде орындалуы

Жоспарланған шаралар

Іс жүзінде орындалуы

БАҚ арқылы салық мәселелері жөнінде ақпараттандыруды арттыру,


ҚР ҚМ Салық комитеті мамандарының жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерін түсіндіру бойынша түсініктемелері туралы ақпарат баспа және электрондық БАҚ-да мемлекеттік және орыс тілдерінде тұрақты түрде орналастырылады.

2010 жылы облыстар бойынша салық департаменттері, аудандардың салық басқармалары 6857 семинар-кеңес, 216 «дөңгелек үстел» 658 кездесу өткізді, баспасөзде 6571 мақала және 2900 хабарландыру жарияланды, 3741 сөз сөйлеу және теледидарда 23808 хабарландыру (соның ішінде жүгіртпе жол) жасалды, салық заңнамасы бойынша 481 194 ауызша және жазбаша түсініктемелер берілді.

Өткен кезең үшін "Қазақстан Республикасы салық қызметінің жаршысы" ведомстволық журналының 12 нөмірі жарыққа шықты. ҚР ҚМ Салық комитеті қолданыстағы салық салу жүйесі туралы ақпаратты тарату үшін әр түрлі тақырыптар бойынша буклеттер әзірледі.


Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі – ақпарат көлемін келісу, мемлекеттік сатып алуға тендерлерді уақтылы өткізу, өнім берушілермен шарттар жасасу, Қаржы министрлігінің ұсыныстарын келісу.

Ақпарат көлемін келісу, мемлекеттік сатып алуға тендерлер өткізу, қызметтерді берушілермен шарттар жасасу, ұсыныстарды келісу жөнінде тиімді өзара іс-қимыл жасау қамтамасыз етілді.

IT-жүйелерін жаңарту, сонымен қатар ЖСН/БСН аудару бойынша қызметтердің, лицензияланған БК, серверлік жабдықарының, арнайы мақсаттағы принтерлердің, штрих-код сканерлердің, ЖТ ұял топтарына арналған ноутбуктердің 20 техникалық ерекшеліктері келісілді.



Салық органдарының IT-жүйелерін жаңғырту

IT-жүйелерін жаңарту, сонымен қатар ЖСН/БСН аудару бойынша қызметтердің, лицензияланған БК, серверлік жабдықарының, арнайы мақсаттағы принтерлердің, штрих-код сканерлердің, ЖТ ұялы топтарына арналған ноутбуктердің 20 техникалық ерекшеліктері келісілді.




Халықаралық стандарттарға жауап беретін, ұсынылатын қызмет көрсетулердің сапасына бағдарланған тұрақты, тиімді қызмет ететін кеден жүйесін қалыптастыру

Жоспарланған шалалар

Іс жүзінде орындалуы

Жоспарланған шаралар

Іс жүзінде орындалуы

Кедендік ресімдеу үшін заманауи интеграцияланған ақпараттық жүйені және мынадай сипаттары бар бақылауды дамыту және енгізу:

1) электрондық үкімет ақпараттық жүйесін қолдану;

2) мемлекеттік және арнайы органдармен ведомствоаралық ақпараттық өзара іс-қимыл жасау.


Құжат айналымының бірыңғай электрондық жүйесі енгізілді және белсенді пайдаланылады. Сондай-ақ мемлекеттік органдардың интранет-порталымен жұмыс жүргізіледі.

Құқық қорғау және арнайы органдар үшін ақпарат алмасу жүйесіне рұқсат алынды. Бас прокуратура аталған жүйемен жұмыс үшін логиндер мен парольдерді берді. Сонымен қатар Бас прокуратура тарапынан сұрау салулар бойынша кеден органдарында бар деректерді ұсыну бойынша жұмыс жүргізілуде.



Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі – берілетін рұқсат құжаттарының электрондық тізілімін жүргізу, берілген рұқсат құжаттары бойынша тауарларды ресімдеу мониторингі, көліктік құралдары туралы ақпарат алмасу.

Тізілім жасалған жоқ


Тәуекелдерді басқаруды талдау


Стратегиялық жоспар мақсатының атауы

Тәуекел атауы

Қарсы іс-қимыл жасау тетіктері

мен шаралары

Іс жүзінде жүргізілген шаралар

Мемлекеттік мекемелер бюджеттерінің атқарылуына және шоттарына қазынашылық қызмет көрсету сапасын арттыру

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің төмен деңгейі

Бағдарламалық, техникалық және ұйымдастырушылық деңгейлерде ақпараттық қауіпсіздікті және ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі тұтас жиынтық шараларды қолдану

VLAN и FireWall виртуалды жергілікті желіні пайдалану, вирусқа қарсы базаларды жаңарту, желілік жабдықтарға тек рұқсат етілген топтар тұлғаларының кіруіне бақылау.

Салық қызметі органдары қызметіне қоғамның қанағаттануы деңгейін өсіруді қамтамасыз ету

Кадрлардың тұрақтамауының көбеюі, қызметкерлер біліктілігінің төмен деңгейі

Мүмкін болатын қаражаттар шеңберінде көтермелеу жүйесін жетілдіру, қызметкерлердің біліктілігін арттыру

1) Қызметкерлердің уәждемесін арттыру және кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында «Эврика» ведомстволық сайт жұмыс істейді. Сайт арқылы салық заңнамасын, ақпараттық жүйелерді, салық есептілігі нысандарын және тәжірибелік салықтық әкімшілендіруді жетілдіру бойынша ұсыныстар мен идеялар жіберіледі, жарты жылдық қорытындылары бойынша айқындалған жеңімпаздары ҚР ҚМ СК Төрағасының 2009.06.04. № 112 бұйрығымен белгіленген мөлшерінде ақшалай сыйлықақысымен көтермеленеді.











2) 2010 жыл ішінде 2 193 салық қызметі органдарының қызметкерлері біліктілігін арттыру курстарын өтті, ол штаттық санының(9 280) 23% құрайды.

Кіріс қағаздары мен өңделетін ақпарат көлемінің ұлғаюына байланысты ақпараттық жүйелердің тиісті емес жұмысы

Жаңа IT-технологиясына көшу

5 серверлік жабдық сатып алынды, оның есебінен деректерді өңдеу жылдамдығы арттырылды, Кеден одағы шеңберінде салық есептілігін сақтау және жанама салықтарды алу жүйесінің жұмыс істеуі үшін серверлік жабдық сатып алынды

2) 400 000 пайдаланушыларға «Certex» X.509» ашық кілттер сертификаттарын беруге және өңдеуге арналған 1 лицензия; КО шеңберінде салықтық әкімшілендіру функцияларын жүзеге асыру үшін АЖ құрауышының 1-ші кезеңі үшін салық есептілігін және СТК өндеу үшін 7600 процессорлық модуліне арналған IBM 1 лицензиясы; кеден одағы шеңберiнде ЭЦҚ қолданбай берiлетiн салық төлеушiлермен, салық есеп беруiнiң нысандарын әзірлеу үшiн Adobe Reader Extension 4 лицензиясы сатып алынды



Халықаралық стандарттарға жауап беретін, ұсынылатын қызмет көрсетулердің сапасына бағытталған тұрақты, тиімді қызмет ететін кеден жүйесін қалыптастыру


Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды ақпараттандырудың төмен деңгейі

Республикалық ақпараттық түсіндіру акцияларын өткізу, кеден саясаты бойынша Консультативтік кеңестіктің отырыстар, «дөңгелек үстелдерді» жүргізу, кеден органдарының Web-порталында және БАҚ-та мәліметтерді орналастыру жолымен ақпараттандырудың деңгейін арттыру

Тұрақты түрде сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың қатысуымен «дөңгелек үстелдер», кеден саясаты жөніндегі Консультативтік кеңестердің отырыстары өткізіледі, мәліметтер БАҚ-та орналастырылады.

Материалдық-техникалық жарақтандыруға арналған қаржыландыру көлемінің қысқаруы («орамды ашпастан» бақылау жабдықтарын сатып алу)

Кеден органдарын дамытуға бағытталған инвестициялық жобалар бойынша қысқартуды шектеу

2010 жылы материалдық-техникалық жарақтандыруға арналған қаржыландырудың көлемін қысқарту жүргізілген жоқ.

Құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қалыптастыру, кеден шекарасы арқылы заңсыз өткен тауарларды анықтау,

Құқық қорғау органдарымен ведомствоаралық өзара іс-қимылдар деңгейінің төмендігі

Ведомствоаралық өзара іс-қимылдарды және құқық қорғау органдарымен ақпарат алмасуды көтеру

2010 жылы қаржы полициясы жоспарлаған кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған 3 іс-шараның 7 өткізілді.

Транзиттік есірткі трафигін арттыру

Есірткінің заңсыз айналымының жолын кесу жөніндегі қабылданған жедел шаралар санын арттыру

Жыл сайын кеден органдарының есірткі құралдарын ұстау фактілерінің саны 150 дейінгі бірлікті құрайды. 2010 жылы кеден органдары есірткі құралдарын ұстаудың 132 фактісін анықтады.

Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін жетілдіру

ХҚЕСКҚ-тың Қазақстан Республикасында ХҚЕС-ті мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне ресми аудару және (немесе) жариялау шартын жасасудан бас тартуы соңғы өзгерістер ескерілмей бұрын мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне ресми аударылған және (немесе) жарияланған ХҚЕС қолдану тәуекелін туғызады

ХҚЕСКҚ-мен ресми келіссөздер жүргізу мен хат алмасу, қаржыландырудың қажеттілігі туралы уақтылы хабарлау


2009 жылдың желтоқсанында ХҚЕС-ті мемлекеттік тілге аудару және жариялау бойынша ХҚЕС Қорымен № 472-КН (MinFin)-waiver-2009 шарты жасалды.

Сонымен қатар, 2010 жылдың 05 қаңтарда ҚР Қаржы министрлігі ХҚЕС Қорының арасында шектеулі шекараларда авторлық құқықтан бас тарту бойынша №: 634-KZ (MinFin)-RU waiver-2010 шарты жасады, оған сәйкес ҚР Қаржы министрлігіне халықаралық стандарттарды орыс тілінде жариялауға құқық берілетін болады.

ХҚЕС-ке, әсіресе нақты сектордың көшу көрінісін толық көлемде бақылау мүмкіндігінің жоқтығы

Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік заңнамасына сәйкес ХҚЕС-ке көшуге міндетті, ХҚЕС-ке көшпеген заңды тұлғаларды айқындау жұмысын жүргізу, сондай-ақ оларға тиісті шаралар қолдану

Әкімшілік жазаға тарту шаралары. Әкімшілік құқық бұзу туралы хаттамалар құрылып және арнайы әкімшілік соттарына берілді

Қазақстанда ҚСХҚЕС саласындағы мамандардың жоқтығы

ҚСХҚЕС-ті енгізу жөніндегі тәжірибенің орнын басу, сондай-ақ оқыту үшін шетел консультанттарын тарту мақсатында, оның ішінде халықаралық шарттардың шеңберінде бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы қазақстандық мамандарды ҚСХҚЕС-ке шетелге жіберіп оқыту

Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептіліктің жүйесiн жетiлдiру нәтижесінде мүмкін болатын тәуекелдермен белсендi жұмыс жүргізілуде. ҚСХҚЕС-тың төңiрегiдегi мамандардың жоқтығына байланысты, жұмыс тобының мүшелерiнiң қатысуымен дөңгелек үстелдер жүргiзiледi, ҚР ҚМ-нің қызметкерлерінiң бiлiктiлiк сұрақтары бойынша мәжiлiстер өткізіледі, ҚСХҚЕС бойынша әдiстемелiк ұсыныстарды шығару барысында консультациялық көмек көрсету үшiн шетел консультанттары шақырылады. Сонымен бiрге, келесi алдын ала келiсiмдер жасалды: ҚСХҚЕС бойынша әдiстемелiк, консультациялық, аналитикалық жұмыс бойынша, және көлемі алдын-ала келісілген қаражат бөлуi арқылы халықаралық мамандарды оқыту үшін тартуға жан-жақты қолдау көрсетіледi.

Аудиторлық ұйымдардың ХАС-қа көшуін қамтамасыз ету

ХБФ-тың Қазақстан Республикасында ХАС-ты мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне ресми аудару және (немесе) жариялау шартын жасасудан бас тартуы соңғы өзгерістер ескерілмей бұрын мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне ресми аударылған және (немесе) жарияланған ХАС-ты қолдану тәуекелін туғызады

ХБФ-пен ресми келіссөздер және хат алмасу.

2008 жылы Қаржы министрлігіне аудиттің халықаралық стандарттары, сапа кепілдемесі мен кәсіби этика анықтамалығы (2008 жыл наурыз) бойынша аудиттің халықаралық стандарттарын қазақ тіліне көшіру мен жаңғыртуды рұқсат ететін, Қаржы министрлігі мен ХБФ арасында (IFAC) өзара түсінушілік туралы меморандумға қол қойылды.



Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Халықаралық бухгалтерлер федерациясы (IFAC) арасында аудиторлық қызмет сапасына тікілей ықпал ететін Аудиттің халықаралық стандартар және сапаны бақылау бойынша анықтамасына сәйкес мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жаңғырту, жариялау мен тарату. Қаржы министрлігіне мүмкіншілік беретін «Авторлық құқығы қорғалған материалдарды жаңғырту, жариялау мен тарату рұқсат ету туралы» Шартқа 2009 жылы желтоқсанда қол қойылған.

Заңды тұлғалардың банкроттық тетігін жетілдіру және төлемге қабілетсіз кәсіпорындарды қаржы-экономикалық сауықтыру


Кредиторлық берешектің болуы, өндірілмеген дебиторлық берешек, негізгі құралдардың тозуы, сатып алу қабілетінің төмендеуі


Борышкер қарызының барлық түрі бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұл, айыппұл), сондай-ақ алынған кредиттер бойынша сыйақылар есептеуді тоқтату;

Шығындарды қысқарту бағдарламасын әзірлеу және жүзеге асыру;

Активтерді басқаруды жақсарту;
Айналым қаражатын толықтыруға ұзақ мерзімді несиелер немесе қарыздар алу;

Өндірісте пайдаланылмайтын активтерді сату;

Әртүрлі деңгейдегі бюджеттерден өтеусіз немесе қайтарымды негізде мемлекеттік қаржылық қолдау алу.


2010 жылдың қорытындылары бойынша оңалту рәсіміне 43 борышкер тартылды, бұл өз кезегінде 23 942,4 млн. теңге мөлшерінде берешектің барлық түрлері бойынша төлемді аударуды қысқартуға мүмкіндік берді.

Әкімшілік шығыстардың қолданылуын бақылау оларды 44%-ға қысқартуға мүмкіндік берді.

Оңалту рәсімдері шеңберінде борышкерлер 1719,0 млн. теңге мөлшерінде айналым қаржысын толықтыруға қарыз және бюджет қаражатын алды.

636,4 млн. теңге сомада активтер өндіргенде пайдаланылмаған сома іске асырылды..



Дүниежүзілік банк бағалауы «Doing Business» респонденттерінің жауабына тәуелділігі (субъективті фактор) бағалау методологиясында өзгерістер мүмкіндігі

Дүниежүзілік банк сарапшылары мен респонденттерімен тұрақты ынтымақтастық пен банкроттылық саласында объективті деректер беру.

2010 жылы Комитет банкроттық, әкімшілік кедергілерді жою мәселелері бойынша мәліметтердің дұрыстығы мен ашықтығын арттыру бойынша шаралар қабылданды, Дүниежүзілік банк сарапшыларымен ынтымақтастық жолға қойылды және нәтижесінде . Дүниежүзілік банк сарапшылары респонденттермен сауал жүргізгенде «Кәсіпорында тарату» индикаторы бойынша Қазақстан позициясы 54 орыннан 48 орынға дейін көтерілді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет