3. Халықаралық қатынаста жол жүру және багажды алып жүру төлемi
272. Халықаралық қатынаста жол жүру үшін жол жүру құжаттарын (билеттерін) алу тәртібі осы Қағидада белгіленген облысаралық қалааралық қатынаста билеттер алу тәртібіне сәйкес.
Багаждың багаж автомобильдерінде жүруі, алып жүруі осы Қағиданың 6-тарауының 5-бөлімінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
273. Халықаралық қатынаста жол жүру және багажды алып жүру төлемі, жол жүру құжаттары (билеттері) сатып алынған мемлекеттің валютасымен жүргізіледі.
274. Багажды сақтау және беру тәртібі, аумағында оны сақтау және беру жүргізілетін мемлекеттің заңнамасымен реттеледі.
9-тарау. Жолаушылар мен багажды бір жолғы және тапсырыс сипатындағы тұрақты емес тасымалдауы
1. Жалпы ережелер
275. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты емес автомобиль тасымалдау жол желісі және тиісті автокөлік құралдары үшін рұқсат етілген жол құрылыстары бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Тасымалдауды жүзеге асыру алдында тасымалдаушы болжанып отырған тасымалдау маршрутындағы жолдар мен жол құрылыстардың жай-күйін, оның ішінде жол органдары мен жол полициясы органдарына сұрау салу түрінде алдын ала зерттеуді жүргізеді.
276. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды ұйымдастыру кезінде тасымалдаушы автокөлік құралында жүргізушінің рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық тексеруден және автокөлік құралының рейс алдындағы техникалық тексеруден өткені туралы белгілер бар борт журналының болуын қамтамасыз етеді.
277. Жолаушыларды және багажды тұрақты емес тасымалдау, осы қызметке белгіленген тәртіппен жіберілген және осы Қағиданың талаптарына сәйкес келетін автокөлік құралдарымен жүзеге асырылады.
278. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру кезінде аялдама пункттері жолаушылардың қауіпсіз отырғызылуы мен түсірілуін қамтамасыз етуі және жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарының аялдама пункттерімен сәйкес келмеуі тиіс.
Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын автобустардың, шағын автобустардың жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарының аялдама пункттерінде аялдама жасауына, сондай-ақ оларда жолаушыларды отырғызуға және түсіруге тыйым салынады.
279. Халықаралық қатынаста жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес белгіленген тәртіппен осы қызметке жіберілген тасымалдаушылар жүзеге асырады.
280. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау кезінде жолаушыларды автобустағы отыратын орындардың санынан асатын мөлшерде тасымалдауға және өлшемі 60х40х20 см және салмағы 35 кг артық қол жүгін тасымалдауға жол берілмейді.
Өлшемі осы тармақта көрсетілген өлшемдерден асатын жолаушылардың мүлігі автокөлік құралдарының багаж бөлімшесінде немесе автобусқа, шағын автобусқа еріп жүретін багаж автомобилінде тасымалданады.
281. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдау кезінде жол жүру және багажды алып жүру төлемін жолаушылар тасымалдаушыға (жүргізушіге) шарттың талаптарына сәйкес төлейді.
2. Жолаушылар мен багажды бір жолғы сипаты бар тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібi
282. Жолаушылар мен багажды бір жолғы сипаты бар тасымалдауды әдетте, бір ғана жолаушылар тобын тасымалдың бастапқы пунктінен соңғы пунктіне жеткізу және осы пункттердің арасында не көрсетілген бағыттардың бірінде жолаушыларды отырғызбай және түсірмей кері әкету мақсатында жүзеге асырылады.
283. Жолаушылар мен багажды бір жолғы сипаты бар тасымалдау кезінде тасымалдаушы осы Қағиданың 13-қосымшасына сәйкес жол парағын толтырады.
3. Жолаушылар мен багажды тапсырыс берілген автобустармен, шағын автобустармен және жеңіл
автомобильдермен тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібi
284. Жолаушылар мен багажды тапсырыс берілген автобустармен, шағын автобустармен және жеңіл автомобильдермен тасымалдаудың жүйелік сипаты бар және азаматтарды жұмыс, оқу орындарына жеткізу мақсатында, сондай-ақ туристік және экскурсиялық тасымалдауды жүзеге асыру үшін жүзеге асырылады.
285. Туристік және экскурсиялық ұйымдардың өтінімдері бойынша тапсырыспен тасымалдауды жүзеге асырған кезде тасымалдаушы осы Қағиданың 13-қосымшасына сәйкес жол парағын толтырады.
286. Тәрбиелеу және білім беру мекемелерінің өтінімдері бойынша балаларды тапсырыс бойынша тасымалдауды жүзеге асыру тәртібі осы Қағиданың 11-тарауында көзделген тәртіпте жүзеге асырылады.
287. Жолаушыларды және багажды тапсырыс берілген автобустармен тасымалдау қызметке тапсырыс беруші мен тасымалдаушының арасындағы жазбаша шарттың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады, оның көшірмесі автокөлік құралында болуы тиіс.
10-тарау. Жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау
1. Жалпы ережелер
288. Жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау осы Қағиданың 26-30-тармақтарының талаптарына сәйкес жабдықталған жеңіл автомобильдермен, тасымалдаушы мен елді мекендердің жергілікті атқарушы органдарының арасындағы жасасқан жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарттың негізінде (бұдан әрі - Шарт) жүзеге асырылады.
Жергілікті атқарушы орган тасымалдаушымен Шартты жасасқаннан кейін күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей Шарттың көшірмесін (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) көліктік бақылаудың аумақтық органдарына жібереді.
289. Такси тасымалдауды жүзеге асыру үшін кемінде төрт есігі бар өнімді топтап шығаруы жеңіл автомобильдер қолданылады.
Арнаулы басқаруы бар автокөлік құралдарын такси тасымалдауы үшін қолдану, соның ішінде барлығы қолмен, сондай-ақ басқару рулі оң жақтағы рұқсат етілмейді.
2. Таксимен тасымалдауды жүзеге асыру тәртібi
290. Жолаушылардың таксиге отыруы және одан түсуі жол желісінің учаскелерінде арнайы жабдықталған такси тұрақтарында, автомобильдердің тоқтауына жол қозғалысы ережелерінде рұқсат етілген жерлерде жүргізіледі.
291. Жабдықталған такси тұрақтарында жолаушылар кезек тәртібімен таксиге отырады. Таксиге кезектен тыс отыру құқығын мүгедектер, зейнеткерлер, жүкті әйелдер, мектеп жасына дейінгі балалары бар жолаушылар пайдаланады.
292. Жүріп келе жатқан таксиді, егер:
1) онда бос орындардың жеткілікті саны болса;
2) таксидегі жолаушы осылай тоқтауға келісім берсе, қол көтеріп тоқтатуға болады.
293. Жолаушы бос таксиге отыру кезінде жүргізушіге жүру маршрутын көрсетеді. Егер жолаушы өз бетімен оңтайлы жүру маршрутын анықтай алмай, тек қана сапардың соңғы пунктін атайтын болса, онда жүргізуші жолаушыны барынша қысқа жолмен баратын орнына жеткізеді.
294. Таксиге отыру және одан шығу толық тоқтағаннан кейін автомобильдің оң жағынан ғана жүзеге асырылады.
295. Жолаушы тасымалдау шартын бұзбай таксиден түседі. Бұл ретте жүргізуші таксидің жолаушыны күтіп тұрып қалған барлық алдын ала келісілген мерзім үшін ақша кепілін талап етеді.
Егер жолаушы оны күтіп тұрған такси-автомобильге алдын ала келісілген уақыт ішінде қайтып келмесе, тасымалдау шарты тоқтатылды деп есептеледі.
3. Тапсырыстар бойынша таксидің жұмысы
296. Такси беруге тапсырыстар қабылдауды тасымалдаушы орталықтандырылған түрде диспетчерлік қызмет арқылы қол жеткізімді байланыс құралдары бойынша ұйымдастырады. Такси беруге тапсырыстың құнын жолаушы сапар аяқталған соң жолаушылар мен багажды тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарт бойынша белгіленген тарифке сәйкес төлейді.
297. Таксиге тапсырыс берген жолаушыға, жіберілген автомобильдің нөмірі, тапсырыстың шамамен алғандағы құны және беру уақыты телефон бойынша хабарланады.
298. Шұғыл тапсырыстар қабылданған кезден бастап белгіленген уақыт аралығында орындалуы тиіс.
299. Алдын ала тапсырыс кезінде жүргізуші таксидің тапсырыста көрсетілген уақытқа берілуін қамтамасыз етеді.
4. Таксимен жол жүру төлемi
300. Таксимен жол жүру төлемін жолаушы өзі жүріп өткен қашықтық үшін қолданылып жүрген тарифке сәйкес сапар аяқталған және багаж түсірілген соң төлейді. Жүргізушімен есеп айырысу қолма-қол ақшамен жасалады. Аяқталған сапар үшін төлем туралы түбіртектер мен анықтамалар жолаушылардың талабы бойынша беріледі.
301. Егер таксимен тасымалдау процесінде, оның қозғалысын жалғастыру жүргізушіге қатыссыз жағдайлар бойынша мүмкін болмайтын жағдай туындаса, онда тасымалдау шарты мерзімінен бұрын бұзылған деп есептеледі және жолаушы жүрілген қашықтықты төлейді.
5. Қол жүгін, ұсақ жануарларды және багажды таксимен тасымалдау
302. Жалпы салмағы автомобильдің техникалық құжатында көзделгеннен аспайтын багажды таксидің багаж бөлімшесінде және тек багаж бөлімшесінің қақпағы жабық жағдайда ғана тасымалдауға рұқсат етіледі.
303. Багажды тиеу мен түсіруді таксидің жүргізушісі жүзеге асырады.
304. Таксидің салонында есік ойықтары арқылы еркін өтетін, салонның қаптамасы мен жабдығын бүлдірмейтін және ластамайтын, жүргізушіге автомобильді басқаруға кедергі болмайтын және артқы жақты көру айнасымен байқауды шектемейтін түрлі заттар мен бұйымдарды тасымалдауға рұқсат етіледі.
305. Таксиде ұсақ жануарлар мен құстарды себеттермен, торлармен немесе түбі тұтас сумкалармен тасымалдауға рұқсат етіледі.
Таксиде иттерді тасымалдауға тек мұндай тасымалға жүргізуші мен басқа жолаушылар келісетін болса ғана рұқсат етіледі.
6. Такси тұрақтары
306. Таксидің тұрақтары барлық жолаушылар жиналатын ірі пункттерде (әуежай, вокзалдар, ірі сауда және мәдениет орталықтары) ұйымдастырылады.
307. Такси тұрақтары басқа автомобильдердің тұрақтарынан жол таңбасының арнайы шектеу сызықтарымен бөлінеді немесе жергілікті атқарушы органдардың жол полициясы органдарымен келісімі бойынша белгіленген көгілдір түсті «Т» («Такси») деген айыру белгісі бар және арнайы белбеумен белгіленеді.
308. Такси тұрақтары тәуліктің қараңғы мезгілінде жарықтандырылады.
309. Такси тұрағына бөтен автомобильдерді қоюға рұқсат етілмейді.
11-тарау. Ұйымдастырылған балалар топтарын тасымалдау
1. Жалпы ережелер
310. Осы тараудың ережелері оқу, демалу, туристік-экскурсиялық іс-шаралар, спорттық, мәдени-ағартушылық және басқа да іс-шаралар орындарына балаларды жеткізу үшін (бұдан әрі - балаларды тасымалдау) бөлінген автобустармен үлкендерсіз (осы Қағиданың талаптарына сәйкес тағайындалған еріп жүретін адамдардан басқасы) сегіз және одан артық балалардың топтарын арнайы тасымалдауды ұйымдастыру мен жүзеге асыруды регламенттейді.
311. Балаларды жаппай тасымалдау көлік лектеріндегі қозғалыспен ұйымдастырылған екі және одан артық автобустардың топтарымен жүзеге асырылатын балаларды тасымалдау болып танылады.
312. Балаларды тасымалдау осы Қағиданың талаптарына сәйкес жабдықталған автобустармен, шағын автобустармен және әрбір балаға отыратын жеке орын беріле отырып жүзеге асырылады.
313. Балаларды тасымалдау бойынша қызмет көрсетуге тапсырыс беруші (бұдан әрі - тапсырыс беруші) балаларды арнайы тасымалдауды ұйымдастыруға жауапты заңды немесе жеке тұлғалар болуы мүмкін.
314. Тапсырыс беруші сондай-ақ оларға ұқсас қызмет көрсету мүмкіндігі ұсынылған жағдайда тасымалдаушының функцияларын дербес орындауы мүмкін.
Бұл жағдайда тапсырыс беруші осы Қағиданың тасымалдаушыларға қатысты талаптарын орындайды.
315. Балалардың ұйымдастырылған топтарын тасымалдауды қамтамасыз ететін тасымалдаушы Жүргізушілердің еңбек және демалысын ұйымдастыру қағидасының талаптарына сәйкес, сондай-ақ тахографтарды және мынадай жағдайларды ескере отырып:
маршруттар бойынша ұзақтығы 12 сағатқа дейін бір жүргізушімен, 12 сағаттан жоғары екі жүргізушімен;
маршруттар бойынша ұзақтығы 16 сағаттан артық жүргізушілердің және жолаушылардың кем дегенде 8 сағат толыққанды демалу үшін (қонақ үйлерде, кемпингілерде және т.б.) жағдайларды қамтамасыз етуді ескере отырып, жүргізушілердің жұмысын ұйымдастырады.
316. Автомобиль көлігімен балаларды тасымалдау (экскурсиялық және туристіктен басқа) жолда 4 сағаттан артық болған кезінде және басқа көлік түрімен балаларды жеткізуді ұйымдастыру мүмкін болмаған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
317. Тапсырыс берушінің талабы бойынша қала маңындағы аймаққа немесе қалааралық қатынаста балалардың бір жолғы тасымалдауын жүзеге асыратын тасымалдаушы техникалық жай-күйін кезектен тыс тексеру үшін жол полициясы бөлімшелеріне автобусты жол жүру қарсаңында көрсетеді.
318. Мектепке дейінгі жастағы балаларды жолда 4 сағаттан артық болған кезінде автомобиль көлігімен тасымалдауға тыйым салынады.
319. Балаларды жаппай тасымалдауды және балаларды алыс қашықтықтарға тасымалдауды тасымалдаушы, балаларды оқытушылар немесе арнайы тағайындалған ересек адамдар (15 балаға бір ересек адам) алып барған жағдайда ғана орындауы мүмкін.
320. Балалардың ұйымдастырылған топтарын тасымалдауларына жеті жастан кіші емес балалар рұқсат етіледі.
Жеті жасқа толмаған балалар білім беру мекемесі жұмысшыларының, сондай-ақ ата-анасымен және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды ауыстыратын адамдармен жеке алып жүруі кезінде ғана жол жүруге рұқсат етілуі мүмкін.
321. Балаларды жаппай тасымалдау кезінде тасымалдаушы Жол полициясы органдарын, маршруттағы қозғалысты қадағалауды күшейту және екі және одан артық автобустардың лектеріне жол полициясының арнайы автокөлік құралдарының еріп жүруі туралы мәселені шешу бойынша шаралар қабылдау үшін хабардар етеді.
322. Автобустарда жол жүруге мынадай балаларға және ересек еріп жүрушілерге рұқсат етілмейді:
1) қауіпсіздік шараларын бұзуға әкеп соғатын, толқыған жай-күйінде;
2) алкоголь, есірткі, психотропты және улағыш заттардың әсері болғанда.
2. Балалардың тасымалдауына тапсырыс берушінің әрекетi
323. Автобустармен балаларды тасымалдауды балаларды тасымалдау бойынша қызмет көрсетуге тапсырыс берушінің жазбаша өтінімдері негізінде тасымалдаушылар жүзеге асырады.
324. Өтінімде балаларды тасымалдау күні (күндері), уақыты, олардың саны мен жасы, жол жүру маршруты (бастапқы, соңғы және аралық пунктілер), отырғызу және түсіру орындары, тегі, аты, әкесінің аты және балалардың тасымалдауын ұйымдастыруға жауаптының лауазымы және әрбір автобус бойынша еріп жүретін ересек көрсетіледі.
Тапсырыс беруші меншікті көлігін тапсырылған автобустарға қосымша бөлу жағдайында тасымалдауға арналған көлік бірлігінің бөлінетін саны көрсетіледі.
Өтінімге тапсырыс беруші ұйымның бастығы немесе оның орынбасары қол қояды.
325. Тапсырыс беруші тасымалдауды орындау алдында бұйрықпен балалардың тасымалдауын ұйымдастыру туралы шешімді ресімдейді, онда лауазымды адамдардың, топтар бастықтарының, бірге еріп жүрушілердің міндеттері, маршруты, мезгілдері, дайындау және жол жүруді өткізу тәртібі, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар регламенттелінеді.
326. Балаларды жаппай тасымалдауды жүзеге асыруға арналған өтінімдер тасымалдаудың басталуына дейін 3 тәуліктен кешіктірілмей беріледі.
327. Балаларды жаппай тасымалдауды орындау алдында тапсырыс беруші 3 тәуліктен кешіктірмей тасымалдаудың бастапқы белгіленген мерзіміне дейін жол полициясының аумақтық бөлімшелеріне жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және мынадай көрсеткіштерді көрсете отырып, жол полициясының арнайы автомобильдерімен автобустардың еріп жүруі туралы мәселелерді шешу үшін ресми өтінім ұсынады:
1) күндері және қозғалыс маршруты;
2) санитарлық заңнаманың талаптарына сәйкес жабдықталған маршруттың бақылау пункттерінен өту уақытын, аялдама және демалу орындарын анықтау енгізілетін жүргізушілердің еңбек және демалыс режимінің талаптарына жауап беретін қозғалыс кестесі;
3) медициналық көмек көрсету, ауруханалар пункттердің көрсетілуімен қозғалыс жолының схемасы;
4) белгіленген жағдайда медициналық еріп жүруді растау;
5) автобустың (автобустардың) маркалары және мемлекеттік нөмірлері, білім беру аумақтық органдарымен бекітілген балалардың және оларға еріп жүретін адамдардың тізімін қоса бере отырып, балалардың тасымалдауын орындайтын жүргізушілердің аты-жөндері.
328. Балаларды жаппай тасымалдауды орындау алдында қосымша тапсырыс беруші:
1) автомобиль көлігімен балаларды тасымалдау кезінде қауіпсіздік шаралары, ауырған және зақымданған кезде алғашқы дәрігерлік көмек көрсету әдістері бойынша арнайы нұсқаулықпен - топтардың және еріп жүрушілердің жетекшілерін дайындауды ұйымдастырады;
2) мүмкіндік бойынша топтардың және еріп жүрушілердің жетекшілерін ұялы телефонмен қамтамасыз ету шараларын қабылдайды, тапсырыс берушінің әкімшілік өкілдерімен байланыс, жол жүру және жол жүруде туындаған ойда болмаған мәселелерді келісу барысы туралы баяндамалар мерзімдерінің тәртібін белгілейді;
3) топтардың және еріп жүрушілердің жетекшілерін маршрут жүретін аудандардың «жедел көмек көрсету», құтқару қызметтерінің, жол полициялары және полиция бөлімдерінің телефон нөмірлерімен қамтамасыз етеді және балаларға және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көмек көрсету қажет болған жағдайда оларға жүгіну тәртібін анықтау;
4) балаларды қоса алғанда, барлық жол жүру қатысушыларының ұялы телефондарының нөмірлері тізімін құрайды және осы тізіммен барлық ересек еріп жүрушілерді қамтамасыз етеді;
5) жол жүруге тілек білдіруші балалардың іріктеуін және олардың ата-аналарынан жазбаша түрде келісімін алуын қамтамасыз етеді;
6) жол жүруге жіберілгендер санынан денсаулық жағдайы бойынша жақпайтын балаларды табу және алып тастау бойынша балалардың медициналық тексеруін ұйымдастырады;
7) «Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерін, Көлік құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негізгі ережелер мен жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың міндеттерін және Арнайы түстік-графикалық схемалар бойынша арнайы түстік және дыбыстық белгілермен жабдықталуға және боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердің, көліктің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысымен бекітілген жол қозғалысы ережесінің «4. Жаяу жүргіншілердің міндеттері» және «5. Жолаушылардың міндеттері» деген тарауларын, сондай-ақ қауіпсіздік және автокөлікпен жол жүру кезіндегі ереженің шараларын балаларға оқытуды қамтамасыз ету;
8) жол жүруге дайындық кезінде балалар және олардың ата-аналары тиісті климаттық және жол киімі жағдайларына, аяқ киіміне, жеке гигиена құралдарына назар аударады;
9) балалардың тобына созылмалы ауруы бар балалар енгізілген жағдайда ескеріп, жол жүру уақытында дәрігер белгілеген қажетті дәрілердің, дәрілік құралдардың және тану материалдарының қажетті жиынтығымен дәрі қобдишасының әрбір автобуста бар болуын қамтамасыз етеді;
10) мүдделі адамдардың қатысуымен жол жүрудің ұзақтығы үш сағаттан артық кезінде балаларды сынбайтын ыдыстармен және тамақ өнімдерінің жиынтығымен (жолда тамақтық сапаларын кепілді сақтайтын, тамақтық улануды болдырмайтын құрғақ жарналармен) қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
11) ұзақтығы бір күннен артық жол жүру кезінде қоғамдық тамақтану мекемелерінде (асханаларда, кафелерде) ыстық тамақты күн сайын үш мезгіл қабылдауды, сондай-ақ мамандандырылған мекемелерде (қонақ үйлерде, кемпингілерде және т.б.) қонуды қамтамасыз етеді;
12) қалааралық тасымалдау кезінде маршруттан ауытқуын болдырмайтын және қозғалыс басы 6.00-ден ерте емес және соңғысы немесе қону аялдамасы 22.00-ден кешіктірмей көздейтін тасымалдаушымен бірлесіп тасымалдау кестесін жасайды;
13) маршрутты немесе қозғалыс кестесін өзгерту мүмкіндігін, ал қажет болған жағдайда және метеорологиялық және жолдардың жағдайлары нашарлаған кезде, балалардың тасымалдауын алып тастау үшін егер бұл жағдайлар тасымалдау қауіпсіздігіне қатер туғызатын болса маршрутты қысқартуды көздейді (көз көрерлік, тұман, қар басу, жаңбыр, тайғақ, сондай-ақ дауыл және басқа апат жағдайлары кезінде);
14) жол жүрудің алдында балаларға маршрутты, аралық және соңғы пункттердің атауын, тамақтану, демалу, түнеу үшін аралық аялдамалардың шамамен алған уақытын хабарлайды, қауіпсіздік шаралары және мінез-құлық ережелері, өздерінің ұялы телефондарының нөмірлері және топтан қалып қойған кезде іс-қимыл тәртібі туралы хабарлайды.
Достарыңызбен бөлісу: |