Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы №675 Қаулысы «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы»



бет1/7
Дата26.06.2016
өлшемі366 Kb.
#159733
  1   2   3   4   5   6   7
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 08.12.2011 14:49:31
Қазақстан Республикасының теңіз көлігі кемелеріндегі қызмет жарғысын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 675 Қаулысы

 

«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 31) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының теңіз көлігі кемелеріндегі қызмет жарғысы бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы



Үкіметінің

2011 жылғы 20 маусымдағы

675 қаулысымен



бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасының теңіз көлігі кемелеріндегі қызмет

жарғысы

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Қазақстан Республикасының теңіз көлігі кемелеріндегі қызмет жарғысы (бұдан әрі - Жарғы) «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 31) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының теңіз көлігі кемелеріндегі (бұдан әрі - кемелер) қызметті ұйымдастыру негіздерін анықтайды.

2. Осы Жарғы типіне, мақсатына және меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуді жүзеге асыратын және белгіленген тәртіппен тіркелген барлық теңіз кемелеріне қолданылады. Осы Жарғы Қазақстан Республикасының Әскери-Теңіз Күштерінің және шекаралық қызметтің теңіз бөлімдерінің туын көтеріп жүзетін кемелерге қолданылмайды.

3. Осы Жарғының талаптары кеме экипажы мүшелеріне олар кемеде болған кезде де, жағада қызметтік міндеттерді орындау кезінде де, сондай-ақ уақытша болған және кемеде қызметтік міндеттері мен жұмысын орындап жүрген тұлғаларға да міндетті болады.

4. Экипаж еңбегін кеме капитаны қолданыстағы еңбек заңнамасына, «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және осы Жарғыға сәйкес ұйымдастырады.

5. Осы Жарғыға кірмеген экипаж мүшелерінің лауазымдық міндеттері кеме капитанымен келісім бойынша кеме иесінің лауазымдық нұсқаулығында анықталады.

6. Кемелерде қызметтерді ұйымдастырудың негізі экипаждың барлық мүшелерінің, сондай-ақ жолаушы ретінде кемеде уақытша болатын тұлғалардың міндеттерін анықтайтын кеме кестесі болып табылады.



 

 

2. Мемлекеттік ту



 

7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы кемеде Қазақстан Республикасының туын көтеріп жүзу құқығына куәлік алғаннан кейін көтеріледі. Туды алғашқы көтеру күні кеме мерекесі болып есептеледі.

8. Кемеде көтерілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы кеменің Қазақстан Республикасына тиесілі екенін көрсетеді.

9. Мемлекеттік ту кеме жүзген кезде және ол тұрақта тұрған кезде күн сайын таңғы сағат 8-ден бастап көтеріледі және күн батысымен түсіріледі.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы таңғы сағат 8-ден ерте көтеріледі және күн батқаннан кейін, оның көріну жағдайында, мынадай жағдайларда түсірілмейді:

1) кеме портқа кірген кезде және ол порттан шыққан кезде;

2) теңізде Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын көтеріп жүзетін әскери кемелермен және сауда кемелерімен кездескен кезде, олардан қашықтағанға дейін.

10. Қазақстан Республикасының туын көтеріп жүзетін әскери кемемен немесе Қазақстан Республикасымен дипломатиялық қатынастағы мемлекеттің әскери кемесімен кездескен кезде кеме оған Мемлекеттік туды бір мәрте түсірумен жауап береді. Қазақстан Республикасымен дипломатиялық қатынаста емес әскери кемемен кездескен кезде жауап беру осы мемлекеттің аумақтық және ішкі суларында ғана жүргізіледі.

11. Шетелдік мемлекеттің аумақтық және ішкі суларында жүзу және тұраққа тұру кезінде фок-мачтада (сигналдық мачта) осы мемлекеттік туы көрсетілген сулардан шыққанға дейін тұрақты көтеріледі және алып жүріледі.

12. Фок-мачтада (сигналдық мачтада) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы кемеде ресми тұлғалар ретінде:



1) Қазақстан Республикасының Президенті;

2) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі;

3) Қазақстан Республикасының Президентін немесе Қазақстан Республикасының Үкіметін білдіретін басқа тұлғалар болған кезде көтеріледі.

Кеме бортында шетелдік мемлекеттің жоғарғы билік орнының ресми тұлғасы болған кезде Қазақстан Республикасы портында кеме тұраққа тұрған кезде фок-мачтада (сигналдық мачтада) осы мемлекеттің Мемлекеттік туы көтеріледі.

13. Кеменің тұрағы порты елінің ерекше салтанатты және мерекелік күндері немесе ұлттық мерекесі күндері (Қазақстан Республикасы консулының келісімі бойынша) кеме Халықаралық Сигналдар Жиынтығы туларымен түрлендіріледі.

14. Қаралы күндері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мачтаның жартысына дейін түсіріліп тұрады. Қазақстан Республикасының порттарында ту порт капитанының тапсырмасы бойынша, ал шетелдікте Қазақстан Республикасының консулдың және порт билік орындарымен келісім бойынша түсіріледі.

15. Кемеде осы Жарғының 12-тармағында көрсетілген тұлғалар болған кезде кеме капитаны жеке өзі оларды кеме трапында күтіп алады және рапорт береді. Рапортта кеменің атауы, рейс, кеме экипажы туралы қысқаша мәліметтер көрсетіледі және кеме капитанының тегі хабарланады.



Кемеде шетелдік мемлекеттің ресми тұлғалары болған кезде Қазақстан Республикасының елшілігі немесе консулдығының келуімен капитан оларды қарсы алады және өзін таныстырады.

 

 

3. Кеме экипажы



 

16. Барлық техникалық құралдар, жабдықтау және жарақтау бұйымдары, сондай-ақ кеме үй-жайы, олардың сенімді жұмысын, техникалық қызмет көрсетуін, жұмыс істеуге дайындығын және сақталуын қамтамасыз ету мақсатында кеме экипажының белгілі бір мүшелеріне бекітіледі.

Кеме экипажының мүшелерін және олардың қызметтерін бекіту осы Жарғыда, кеме кестесінде, лауазымдық нұсқаулықтарда анықталады және оны капитан бекітеді.

17. Экипаждың әрбір мүшесі:



1) мемлекеттің беделін, Қазақстан Республикасының туын көтеріп жүзетін теңізшінің ар-намысы мен абыройын қолдайды;

2) мемлекеттік құпияны сақтайды;

3) мемлекет меншігін қатаң қорғайды;

4) Қазақстан Республикасы заңдарының, осы Жарғының талаптарын, кеме иесі мен кеме капитанының бұйрықтары мен өкімдерін, сондай-ақ теңіз флоты кемелеріндегі қағидалар мен нұсқаулықтарды орындайды;

5) теңіздегі қеме қатынасына қатысты халықаралық нормативтік құжаттар талаптарын сақтайды;

6) қызметтік міндеттерді орындайды, тәртіпті болады, командирлер өкімдерін мүлтіксіз және тез орындайды;

7) теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, өз мамандығын, кеме құрылысын және оны меңгерімін білу, үнемі өз білімін жетілдіреді;

8) өз міндеттеріне сәйкес кеменің өміршеңдік техникалық құралдарын, авариялық-құтқару және өртке қарсы мүлікті және құрал-сайманды пайдалана отырып, кеме өміршеңдігі үшін күрес бойынша өз міндеттерін атқарады, жеке және ұйымдық құтқару құралдарын пайдалана біледі;

9) қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі қағидаларын және санитарлық қағиданы білу және қатаң сақтау, жазатайым оқиғалар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетуді біледі;

10) таза және ұқыпты киінеді, арнайы киімді кию қағидаларын сақтайды.

18. Кеменің техникалық құралдарын пайдаланатын тұлғалар және тұрмыстық қызмет көрсету құралдарын пайдаланушылар олар кімнің қарамағында болғанына қарамастан олардың дұрыс пайдаланылуына толық жауап береді. Кең орта пайдаланатын кеменің техникалық құралынан хабардар экипаж мүшелері осы құралдың пайдалану тәртібі туралы нұсқаулықтың болуын қадағалап отыруы керек.

19. Экипаж мүшесі кеменің техникалық құралдарының дұрыс жұмыс істемеуін немесе қанағаттанарлықсыз жағдайын анықтаған кезде капитанның вахталық көмекшісіне (вахталық механикке), сондай-ақ тікелей командирге осы туралы дереу баяндайды, егер кеменің техникалық құралдарының жұмыс істеуін жалғастыру кеменің қауіпсіздігіне, экипаж мүшелерінің өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін болса, онда оларды жою үшін барлық мүмкін шараларды қабылдайды.

20. Өз командирінің рұқсатынсыз және капитанның вахталық көмекшісіне ескертпей (вахталық механик) экипаж мүшелеріне техникалық құралдардың уақытша бұзылуымен байланысты жөндеу, профилактикалық немесе реттеу жұмыстарын жүргізуге жіберілмейді.

21. Әрбір экипаж мүшесі кеменің қауіпсіздігіне қамқорлық жасауға тиіс және тұлғаларға, кемеге, жүкке және техникалық құралдарға төніп тұрған қауіпті анықтаған кезде, бір мезгілде оны жою үшін барлық мүмкін шараларды қабылдап, капитанның вахталық көмекшісіне (вахталық механикке) осы туралы дереу баяндайды.

22. Экипаждың барлық мүшелері капитан жариялаған авариялық және авралды жұмыстарды орындайды. Авариялық жұмыстарға капитанның қарауы бойынша кеме бортындағы барлық тұлғалар тартылуы мүмкін.

23. Кеме экипажының мүшелері оларға сеніп тапсырылған құндылықтарды сақтауды қамтамасыз етеді.

24. Кемедегі жұмыс түрі бойынша азық-түлікті сақтауға, пайдалануға әзірлеуге, таратуға немесе сатып алуға қатысты тұлғалар (аспазшы, стюард, буфетші, кеме артельшісі және басқалар) уақтылы дәрігерлік караудан өтейді.



Экипажда штаттық кеме артельші жоқ болған кезде кеме комитетінде алдын ала талқыланған кандидатура экипаждың жалпы отырысында сайланады және кейін капитан бұйрығымен азықты сақтау және есептеу міндетін орындауға тағайындалады.

25. Егер арнайы даярланған кадрлардың болуы экипаждың штат санын қысқартуға мүмкіндік берсе, еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен бір тұлғасының екі немесе бірнеше мамандықты (лауазымдарды) оның жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы шегінде қоса атқаруына жол беріледі.



Екі немесе бірнеше мамандықтарды (лауазымдарды) жұмыс істейтін адамдарда біліктілік құжаттары болады және осы Жарғыда және мамандықтарды (лауазымдарды) қоса атқару тәртібі мен кемелерде еңбекті ұйымдастырудың тиісті нысанын белгілейтін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндеттер мен талаптарды орындайды.

26. Қызметтік міндеттерді орындау кезінде өзара қарым-қатынас ресми болады. Командалық құрамдағы тұлғаның лауазымы бойынша төмен экипаж мүшесімен сөйлескен кезде соңғысы орнынан тұрады.



Қызметтегі тапсырмалар бұйрық түрінде беріледі. Бұйрық нақты әрі қысқа болуы тиіс. Бұйрық алушы оны қайталайды және орындағаннан кейін, сол сияқты орындау мүмкін болмаған кезде бұйрық берушіге баяндайды.

Біріншісін орындауға кедергі келтіретін командалық құрамның басқа тұлғасынан бұйрық алған жағдайда орындаушы екінші бұйрық берген тұлғаға осы туралы баяндауға, және бұдан әрі оның нұсқауы бойынша әрекет етуге тиіс.

27. Экипаж мүшесін кеме есебінен шығару кезінде ол жұмыстарын еркін жасалған қабылдау-тапсыру актісіне сәйкес өзінің меңгергенін және оның атына есептелген мүлікті жаңадан тағайындалған тұлғаға немесе қызметінің тікелей бастығы атаған тұлғаға тапсырады.

28. Экипаж мүшелерін жағаға шығару кеме капитаның нұсқауы бойынша жүргізіледі.

Кеме экипажының мүшелері кемеден өздерінің тікелей бастықтарының рұқсатымен және капитанның вахталық көмекшісін ескертіп қана кете алады. Кемеге оралғаннан кейін олар капитанның вахталық көмекшісіне осы туралы хабарлайды. Кеме кететін күні бүкіл экипаж капитан бекіткен уақытта кеме бортына келеді.

29. Экипаж мүшелері жағаға шыққан кезде кеме бортында кеменің қауіпсіздігін және қажетті жұмыстарды орындауды қамтамасыз ете алатын экипаждың бір бөлігі қалады. Ашық рейдтерде кеме тұраққа тұрған кезде экипаждың 30 % - ынан көп емес, ал ішкі порттық рейдтерде және айлақтарда - экипаждың 50 %- ына дейін шығаруға рұқсат беріледі.

30. Кеме экипажын кеме портта тұраққа тұрған кезде де, кеме белгілі бір уақытқа жүзу мерзімінде де ауыспалы экипажбен ауыстыруға жол беріледі. Ауыспалы экипаждың саны экипаж ауыстырылатын кеменің түріне қарай белгіленген тәртіппен кеме иесі бекіткен штат кестесінде белгіленеді.

Өз қызметінде ауыспалы экипаж осы Жарғыны басшылыққа алады.

 

 

4. Кеменің командалық құрамы



 

31. Командалық құрам қол астындағыларының әрекеттерін басқарады және жеке өзі кемені басқаруға және оны пайдалануға қатысады.

32. Командалық құрамның тұлғалары кеме экипажының басқаларына еңбекте және тұрмыста үлгі болады, талапшылдықты қол астындағыларды күнделікті қорғаумен епті байланыстыра біледі, олардың бастамашылдығын дамытады, олардың біліктілігін көтеруге ықпал етеді, қол астындағылардың тапсырылған іске, техникалық құралдар мен кеме мүлкінің сақталуына жауапкершілік сезімін, Отанға, теңіз флотына және өз кемесіне деген патриоттық және сүйіспеншілік сезімін тәрбиелейді.

33. Командалық құрамның тұлғалары:

1) өзінің қол астындағыларының жұмыстарын ұйымдастырады және басқарады, олардың арнайы және жалпы дайындығын көтереді, еңбек өнімінің өсуіне әрекет етеді;

2) қол астындағылардан еңбек тәртібін бұлжытпай сақтауды, осы Жарғыны, теңіз көлігінде қолданылатын бұйрықтарды, насихаттарды, нұсқаулықтарды білуді және орындауды талап етеді және қол астындағылардың өз қызметтік міндеттерін дәл орындауын тексереді;

3) кеменің құрылғысын, өндірістік және техникалық деректерін біледі, кеменің өміршеңдігі үшін күрес жөніндегі іс-шараларды, өз меңгеріміндегі техникалық құралдарды және осы құралдарды пайдалану қағидаларын біледі;

4) өз меңгеріміндегі техникалық құралдарды белгіленген мерзімде куәландыруға ұсынады және олардың ақаулары мен зақымдарын уақтылы жоюға тиісті шаралар қабылдайды;

5) өз меңгеріміндегі техникалық құралдарды рейске шығуға дайындайды, дайын болу жағдайы туралы өз командиріне баяндайды, теңіз дауылы жағдайларында өзінің меңгерімінің жүзуге дайындығын қамтамасыз етеді;

6) өз қол астындағыларын міндеттер, алдағы рейстің жағдайы және ерекшеліктері туралы хабардар етеді;

7) өзінің меңгерімі бойынша техникалық қызмет көрсету жоспар-кестесін жасайды және оның орындалуын қамтамасыз етеді;

8) аға механикке өзінің меңгерімі бойынша материалдық-техникалық жабдықтауға және ауытылымды-қосалқы бөлшектерге өтінім жасайды және ұсынады, жабдықтарды алуды, оны сақтауды, тиімді пайдалануды және есепке алуды ұйымдастырады;

9) аға механикке өзінің меңгерімі бойынша жөндеу тізімдемесін (жөндеу тізімдемесі үшін материалдар) жасайды және ұсынады, жөндеу барысын және сапасын бақылайды.

34. Кемеге тағайындау немесе экипаж мүшелерін лауазымы бойынша ауыстыру кезінде, қол астына жаңадан тағайындалғандар келетін командалық құрамның тұлғасы оларды кемемен, дабыл және басқа да кемелік кестелер бойынша міндеттерімен, бүкіл кеме бойынша авариялық-құтқару және өртке қарсы мүліктердің, жабдықтардың және құрал-сайманның мақсатымен және орналастыруымен, меңгерімнің қызмет көрсету қағидаларымен және басқа да қызметтік міндеттермен, қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі және ішкі тәртіп қағидалармен таныстырады.

35. Кемеге жаңадан тағайындалған командалық құрамның тұлғасы өз алдында болған адамнан өзінің меңгерімі бойынша жабдықты, техникалық құралдарды, құрал-сайманның, материалдар мен құжаттаманы еркін жасалған қабылдау-тапсыру актісіне сәйкес қабылдайды.

36. Командалық құрамның тұлғалары кеме кестесіне сәйкес жүру және тұрақтау вахталарын атқарады.



 

 

5. Капитан



 

§ 1. Жалпы ережелер

 

37. Капитан кеме экипажының басқарушысы, кеменің сақталуына, ондағы тұлғалардың өміріне және тасымалданатын жүкке жауап беретін кеме иесінің сенім білдірген тұлғасы болып табылады.

38. Капитан кемені дара басшылық негізінде басқарады және тікелей кеме исіне бағынады.



Кеменің қызметіне қатысты барлық нұсқаулар капитанға тапсырылады, ол олардың орындалуына жауап береді.

39. Кеме бортында жоғары лауазымды тұлғалардың болуы капитаннан оған жүктелген міндеттерді орындауға жауапкершілігін алып тастамайды.



40. Капитан:

1) экипаж мүшелерінің және кемедегі барлық тұлғалардың заңды мүдделерін және құқықтарын қорғауды;

2) кемеде Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық конвенциялар мен келісімдерді сақтауды;

3) кемеде сыныптау қоғамының және басқа да қадағалау органдарының нормативтік құжаттарының, осы Жарғының, нұсқаулықтардың, насихаттардың, бұйрықтар мен кеменің, тұлғалардың, жүктердің қауіпсіздігін, кеменің өндірістік қызметін және оны техникалық пайдалануды қамтамасыз ету бойынша басқа да нормативтік құжаттардың талаптарын сақтауды;

4) рейстік тапсырмаларды және кеменің рентабельді жұмыс істеуін орындауды;

5) еңбек тәртібін сақтауды және кеме қызметін ұйымдастыруды;

6) экипаждың тәрбиелік жұмысының және моральды-этикалық жай-күйінің жоғары деңгейін;

7) кемеде мемлекеттік құпияны сақтау жөніндегі қажетті шараларды сақтауды;

8) экипажды кеменің өміршеңдігі үшін күреске, теңізде адамды құтқару бойынша іс-қимылдарға дайындықты ұйымдастыруды және бақылауды;

9) кеме кестелерін тексеруді және бекітуді;

10) еңбек заңнамасына және қолданыстағы теңіз көлігі кемелерінің жүзу құрамының жұмыс уақыты және демалыс уақыты туралы ережеге сәйкес экипаждың еңбек және демалыс режимін;

11) жолаушыларды, жүктерді, багажды және поштаны тасымалдау қағидаларын және жолаушыларға қызмет көрсетудің жоғары деңгейін сақтауды;

12) экипаждың экономикалық және техникалық оқуын ұйымдастыруды және бақылауды. Командалық құрам мен кеме командасы тұлғаларының біліктілігін арттыру бойынша үнемі қамқорлық көрсетуді. Командалық құрам тұлғаларының қызмет бойынша өсуіне ықпал етуге, оларға өзінің білімі мен тәжірибесін беруді;

13) кемеге жолданған курсанттардың, студенттердің және оқушылардың тәжірибесін жалпы басқаруды;

14) нақты кемеге техникалық қадағалауды жүзеге асыратын сыныптау қоғамы қағидаларының талаптарына сәйкес кемені және техникалық құралдарды уақтылы куәландыруға ұсынуды;

15) кеме, машина, радиотелеграф журналдарын және басқа да құжаттамалардың дұрыс жүргізілуін бақылауды;

16) кемені басып алуға жол бермеуді және ондағы тұлғаларды, құжаттарды, жүктерді және басқа да мүліктерді сақталуды;

17) қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі қағидаларын және кеме бортындағы санитарлық қағидаларды сақтауды қамтамасыз етеді.

41. Кеменің және жүктің қауіпсіздігін, сондай-ақ рейстің барынша тиімді болуын қамтамасыз ету мақсатында капитан өзі қажет деп санайтын жүру жолын таңдайды.

42. Рейстік тапсырма алғаннан кейін капитан командалық құраммен алдағы рейсті пысықтайды және оның негізгі міндеттері мен ерекшеліктерін экипаждың барлық мүшелеріне жеткізеді.

43. Кемеге және ондағы адамдарға қауіп төну жағдайында, не болмаса басқа кемеге немесе адамдарға көмек көрсету үшін капитан басты қозғалтқыштардың немесе кеменің басқа техникалық құралдарының жұмыс режимін белгіленген нормалардан өзгерте отырып белгілейді. Берілген бұйрық туралы кеме, машина және электромеханикалық (электроходтарда) журналдарында тиісті жазба жасалады.

44. Кемеге және ондағы адамдарға немесе жүкке қауіп төну жағдайында, сондай-ақ басқа да қажетті жағдайларда капитан кеме кеңесін шақырады. Кеме кеңесіне аға көмекші, аға механик, кеме қызметтерінің басқа да басшылары кіреді. Капитанға кеңес отырысына қатысуға экипаждың басқа да мүшелерін тартуға жол беріледі. Кеме кеңесі капитанның құқығын шектемейді. Соңғы шешімді капитан қабылдайды.

45. Капитан өз құзыреті шегінде кеме бойынша бұйрықтар және өкімдер шығарады, олар кемедегі барлық адамдардың мүлтіксіз орындалуына жатады.



Кемедегі кімде-кім осы Жарғының талаптары мен капитанның өкімдерін орындамаған жағдайда капитан осы адамдарға қатысты кеме экипажының осы адамын қызметтік міндеттерден шеттетуге және оны кемеден шығарып тастауға дейін шаралар қабылдайды.

Капитан құқыққа қарсы әрекет белгілері бар, кемеге немесе ондағы адамдарға және мүлікке қауіп төндіретін адамды ерекше үй-жайда оқшаулайды. Бұл үй-жайда аталған адам кеме бірінші қазақстандық портқа келгенге дейін ұсталады.

46. Жүзіп келе жатқан кемеде, кеменің тіркелу порты орналасқан, аумақта Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасында белгіленген қылмыстық белгілері бар әрекеттер жасалған жағдайда, капитан оны жасаған адамның жауапкершіліктен жалтармауы үшін тиісті шаралар қабылдайды, анықтау жүргізеді, бұл ретте Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасын басшылыққа алады.



Капитан қылмыс жасаған деп күдіктенген адамды ұстайды. Ұсталған адам кеме кіретін бірінші қазақстандық портта тиісті билік орындарына тапсырылады. Қажет болған жағдайда капитан осы адамды анықтау материалдарымен бірге Қазақстан Республикасына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзетін кез келген кемемен жібереді.

Егер Қазақстан Республикасының портындағы кемеде Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасында көзделген қылмыстық белгілері бар әрекет жасалған жағдайда, капитан аталған әрекетті жасаған адамды тиісті жергілікті билік орындарына тапсырады.

47. Нәтижесінде кеме иесіне талаптар қойылатын, кемеде авариялар, бұзылу, ақаулар немесе тасымалданудағы жүктің немесе багаждың жоғалуы, адамдарға зақым келтіру жағдайларында және басқа да жағдайларда, капитан осы жағдайларды Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімдеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.

48. Капитан кемеде экипаж мүшелерін таңдауды және орналастыруды жүзеге асырады. Экипаж мүшелерінің атқарып отырған лауазымдарына сәйкес келмеуі анықталған кезде капитанның талабы бойынша оларды ауыстыруға рұқсат беріледі.

49. Капитан жұмыстың нақты жағдайларына немесе еңбекті ұйымдастырудың жаңа нысандарын енгізуге байланысты Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жекелеген экипаж мүшелері арасында міндеттерді қажетті қайта бөлуді жүргізеді.

Барлық экипаждың немесе оның көпшілік бөлігінің қатысуын талап ететін жұмыстарды орындау қажет болған жағдайда капитан қауырт және авариялық жұмыстарды хабарлайды.

50. Кемеде бала туылған немесе қайтыс болған әрбір жағдай туралы капитан екі куәгердің және кеме дәрігерінің (фельдшердің) қатысуымен акт жасайды, сондай-ақ кеме журналында жазба жасайды. Капитан кемедегі адам жазған өсиетті куәландырады, оны сақтауға қабылдайды және Қазақстан Республикасының теңіз порты әкімшілігінің басшысына немесе шетел портындағы Қазақстан Республикасының консулына тапсырғанға дейін сақтайды.

51. Қайтыс болу туралы актіге қайтыс болған адамның кемедегі мүлкі туралы тізімдемесі қоса беріледі, оның сақталуына капитан қажетті шаралар қабылдайды. Қайтыс болған адамның мәйіті кемеде оқшауланады. Қазақстан Республикасының портына немесе Қазақстан Республикасының консулы бар шетел портына келген кезде капитан қайтыс болған адамның қазасы және оның мүлкі туралы кеме актісін және сондай-ақ оның тізілімдемесін Қазақстан Республикасының теңіз порты әкімшілігінің басшысына, ал шетел портында Қазақстаң Республикасының консулына тапсырады және Қазақстан Республикасының консулымен бірлесіп, жергілікті билік органдарын тарта отырып, қайтыс болу себептерін куәландыру мен қорытынды жасау жөнінде шаралар қабылдайды.

Егер қаза болу жағдайы теңізде болған болса, онда бұл рәсімдер кірген бірінші портта жүргізіледі. Жерлеу, қайтыс болған адамның денесін кремациялау немесе марқұмның мәйітін тіркелу орнына тапсыру мәселелерін Қазақстан Республикасының консулы халықаралық құқық нормаларына сәйкес кеме иесінің, марқұмның туғандарының келісімімен шешеді. Ерекше жағдайларда кеме ұзақ уақыт теңізде болса және марқұмның мәйітінің сақталуы мүмкін болмаған жағдайларда, капитан тиісті актіні жасау арқылы мәйітті теңіз дәстүрлеріне сәйкес теңізге жібереді.

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет