Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы №675 Қаулысы «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы»



бет7/7
Дата26.06.2016
өлшемі366 Kb.
#159733
1   2   3   4   5   6   7
86-тармағында қарастырылған жағдайларда капитан немесе капитанның нұсқауы бойынша басқа адам хабарлайды.

Кемені қалдырған кезде капитанның аға көмекшісі кеме үй-жайларын тексереді, ал аға механик машина үй-жайларын тексереді және онда адамдардың қалмағанына көз жеткізеді.

Экипаждың паспорттары, кеме, машина, электр механикалық және радиотелеграфты журналдары, оқиға алдындағы кеменің жолдары көрсетілген жол карталары, кеме кассасы мен қатаң есептілік құжаттары бар адамдар кемені қалдыру кезінде аталған құжаттар мен құндылықтарды құтқару үшін шаралар қабылдайды.

251. Мынадай дабыл сигналдары белгіленеді:



1) жалпы кемедегі дабыл - жеті немесе одан да көп қысқа дыбыс және соңынан ұзақ дыбыстық сигнал. Одан кейін дауыс зорайтқыш байланысы бойынша «Әскери»/ «Оқу» фразаларын бере отырып, дауыспен қайталанады, дабыл түрін атайды (Өрт, оқпен тесу, рульмен авариялық басқаруға өту, мұнай өнімдерінің төгілуі, таяз жерге отыру, қарақшылар шабуылы және тағы сол сияқты). Өрт кезінде тұраққа тұру уақытында портта жалпы кемедегі дабыл сигналы қосымша кеме қоңырауына жиі соққылаумен жалғасады;

2) «Борт сыртында адам» дабылы - қатты соғу қоңырауымен үш оң сигнал (сигналдың ұзақтығы - 5-6 секунд), сигнал 3-4 рет қайталанады;

3) шлюпкалық дабыл - қатты соғу қоңырауымен жеті қысқа және бір ұзақ сигнал, сигнал 3-4 рет қайталанады;

4) «Радиациялық қауіп» - бір қысқа және екі ұзақ дыбыс. 2 секунд аралықпен 3 рет қайталанады және дауыс зорайтқыш байланыс жүйесі бойынша жалғасады;

5) «Химиялық дабыл» төрт қысқа және бір ұзақ дыбыс. 2 секунд аралықта 3 рет қайталанады және дауыс зорайтқыш байланыс жүйесі бойынша жалғасады.

Қатты соғу қоңырауы істен шыққан кезде сигналдар бу ысқырығымен, тифонмен немесе сиренамен беріледі.

252. Барлық дабылдардың сигналдары кеменің трансляциялық желісі бойынша дабыл түрін атап, дауыспен қайталанады, өрт немесе оқпен тесілген жағдайда олардың орындары көрсетіледі. Трансляция болмаған жағдайда дабыл түрі, өрт пен оқпен тесілген орындар кез келген құралдармен хабарланады. Барлық дабылдарды тоқтату дауыспен хабарланады және трансляция бойынша командамен жалғасады. Жаттықтыру оқуларын (оқу дабылдарын) жүргізген кезде осы бапта белгіленген сигналдан кейін дауыспен немесе трансляция бойынша «оқу» деген сөз беріледі.



Экипаждың барлық мүшелері кеме дабылдарын хабарлағаннан кейін кесте бойынша жылдам өз орындарында тұрады, өздерімен бірге құтқару желеттері болады (кеудешелер) және шлюпкалық дабылды немесе «Борт сыртында адам» дабылын хабарлағаннан кейін киеді.

253. Дабылдар бойынша кестелер кеменің көпшілікке қолжетімді үй- жайларында көрнекі жерге ілінеді.



Экипаждың әрбір мүшесінің койкасының үстінде олардың дабыл кезіндегі міндеттері көрсетілген карточка болады.

254. Жолаушылардың жатын орындарында мынадай нұсқаулар болады:



1) кеме дабылдарының сигналдары;

2) кеме дабылдары бойынша жинау орны;

3) ұжымдық пайдаланатын құтқару құралдарының (шлюпкалардың, қайықтардың және тағы сол сияқты) нөмірлері мен орындары;

4) жеке құтқару құралдарын кию тәсілдері мен әдістері бойынша суретті нұсқаулық.

Каютадағы карточкалар мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде дайындалады.

255. КӨКТ бойынша іс-қимылдарды іс жүзінде орындау үшін кемеде үнемі КӨКТ-ға сәйкес дабылдардың барлық түрлері бойынша жаттығу оқулары жүргізіледі. Әрбір оқу-жаттығудан кейін оны талқылау жүргізіледі.



Жолаушылар оқу дабылдары және оларды өткізу қағидалары туралы алдын ала ескертіледі.

Кеме дабылдары бойынша оқулар СОЛАС-74 және КӨКТ жазылғаннан кем жүргізілмеуі тиіс.

 

 

12. Кеме ережелері



 

256. Кемеде темекі шегуге осыған арналған орындарда ғана рұқсат етіледі.

257. Экипаж мүшелері:



1) капитанның рұқсатынсыз бөгде адамдарды, олардың жүктері мен багаждарын, сондай-ақ экипаж мүшелеріне тиесілі жүкті тасымалдамайды;

2) борт сыртына қоқыс, күл, тамақ қалдықтарын тастамайды және мұнай өнімдері мен олар ластаған суды айдап шығармайды;

3) капитанның вахталық көмекшісінің рұқсатынсыз борт сыртында суға шомылмайды.

258. Кеме экипажы мүшелеріне спирт ішімдіктерін ішуге және мас күйінде кемеде болуға жол берілмейді.

259. Спорттық іс-шаралар (жүзу, шлюпкада жүру және т.б.) капитанның немесе капитанның аға көмекшісінің рұқсаты бойынша ғана өткізіледі.

260. Көрсетілген іс-шараларды қауіпсіз өткізуді бақылау капитан көмекшілерінің біріне жүктеледі.



 

 

 

 

 

 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет