Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы №675 Қаулысы «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы»



бет5/7
Дата26.06.2016
өлшемі366 Kb.
#159733
1   2   3   4   5   6   7
§ 8. Моторшы (машинист)

 

183. Моторшы (машинист) екінші механикке бағынады.

184. Моторшы (машинист):



1) басты және көмекші тетіктерге, олардың жұмысын қамтамасыз ететін кеме жүйесіне және техникалық құралдарға, палуба механикалық бөліміне және рульдік қондырғыларға қызмет көрсетеді;

2) барлық техникалық құралдарға қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарына қатысады;

3) кеме жүйелері құбырлары мен клапандарының орналасуын біледі және оларды басқарады;

4) энергетикалық қондырғылардың барлық механизмдерін және кеме жүйелерін басқарады;

5) слесарьлық-монтаж жұмыстарын орындайды;

6) кестеге сәйкес вахта атқарады.

185. Моторшы вахта механигінің басшылығымен вахтаны атқарады.



 

 

§ 9. Электрик



 

186. Электрик электр механигіне бағынады.

187. Электрик:



1) электр жабдықтары және автоматтау құралдарын пайдалану қағидаларын орындайды;

2) құралдарды біледі және генераторларға, электр қозғалтқыштарына, жүйенің бөлу қондырғыларына, қорғауды басқару және сигнализация жүйелеріне, телефонияға, оқтау қондырғысы бар аккумулятор шаруашылығына қызмет көрсетеді;

3) ескекті электр қозғалтқыштарын басқаруды біледі;

4) электр монтаждау жұмыстарын және электр жабдықтарды жөндеуді орындайды;

5) вахтаны кестеге сәйкес атқарады.

188. Электр механик лауазымы жоқ кемелерде электрик оның міндеттерін орындайды және екінші механикке бағынады.



 

 

9. Медициналық-санитарлық қызметі



 

§ 1. Жалпы ережелер

 

189. Медициналық-санитарлық қызмет экипаждың денсаулығын сақтауды және кеменің санитарлық жағдайын қамтамасыз етеді, жолаушыларға медициналық көмек көрсетеді және оны капитанға бағынатын кеме дәрігері (фельдшері) басқарады.

Кеменің штаттық кестесінде дәрігер (фельдшер) болмаған кезде, осы қызметті капитанның аға көмекшісі басқарады.

190. Кеме дәрігері (фельдшер) тиісті емдеу-профилактикалық мекемесі және санэпидстанция басшылығымен өз қызметін жүзеге асырады.



 

 

§ 2. Кеме дәрігері (фельдшер)



 

191. Кеме дәрігері (фельдшер) экипажды медициналық қамтамасыз етеді және кеменің санитарлық жағдайын қарайды. Оның меңгерімінде медициналық мақсаттағы үй-жайлар мен жабдықтар, медициналық аспаптар мен медикаменттер бар болады. Кеме дәрігерінің емдеу және санитарлық ережелер бөлігіндегі талаптар кемедегі барлық адамдар үшін міндетті болады.

192. Кеме дәрігері (фельдшер):



1) кемеде гигиеналық және санитарлық ережелерді сақтауды қамтамасыз етеді;

2) санитаралық-гигиеналық және эпидемиологияға қарсы іс-шараларды жүргізеді, капитанға жұқпалы және жаппай ауру жағдайлары туралы баяндайды;

3) кемедегі адамдарға және қажет болған жағдайда басқа кемелердің экипаж мүшелеріне емдеу-профилактикалық медициналық көмек көрсетеді.

Тексерудің және емдеудің қиын жағдайларында мамандардан радио арқылы кеңес алады;

4) кеменің санитарлық жағдайын, провизияны және төмендемейтін қорды сақтауды, ішетін су сапасын, құтқару құралдарының медициналық жинағын күнделікті бақылауды жүзеге асырады;

5) өз меңгерімінің тиісті тазалығын және дайындығын қамтамасыз етеді;

6) экипажға бірінші медициналық көмек әдістерін оқытуды жүзеге асырады;

7) экипаждың медициналық тексеруден және талап етілетін егуден уақтылы өтуін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

8) дератизация мен залалсыздандыруды уақтылы жүргізуді қамтамасыз етеді;

9) санитарлық ережелерді сақтауды бақылайды;

10) медициналық санитарлық жабдыққа тапсырыс береді, оны қабылдауды және жұмсауды, оның ішінде сақтау мен қатты әсер ететін дәрілер мен есірткелік құралдарды беруге бақылауды жүзеге асырады;

11) ас мәзірін жасауға қатысады, азық-түлік сапасын, олардың құнарлығын және астың дайындалуын бақылайды;

12) кеменің портқа келген кезде (кеткен) санитарлық формальдылық жағдайларды және карантин іс-шараларын орындауды жүзеге асырады;

13) капитанның аға көмекшісіне қызметтің рейске шығуға дайындығын баяндайды.

193. Дәрігер немесе фельдшер жоқ кемелерде оның міндеттерін капитанның аға көмекшісіне оның құзыреті және құқығы шеңберінде жүктеледі.



 

 

10. Вахта қызметі



 

§ 1. Жалпы ережелер

 

194. Кемелердегі вахта қызметі (вахта) постыда немесе жұмыс орнында міндетті болу мен назар аударуды талап ететін қызмет түрі болып табылады.

195. Вахтадағы кеме экипажының мүшелері вахталық деп аталады.

196. Пайдаланылатын барлық кемелерде тәулік бойы вахта қызметі бекітіледі.

197.  Пайдаланудан шыққан кемелерде вахтаны атқару қызмет тәртібін кеме иесі белгілейді.

198. Вахта қызметі кемені басқаруды, оның қауіпсіздігін, өміршеңдігін, өндірістік қызметін және кемеге бөгде адамдардың келуін бақылауды қамтамасыз етеді.

199. Кеме капитаны вахта қызметін ұйымдастыруға жауапты болып табылады, ал вахта қызметін ұйымдастыру тікелей басқару капитанның аға көмекшісі мен аға механикке жүктеледі.



Вахтаны тиісті атқару жауапкершілігі вахтаны атқарушыларға жүктеледі.

Вахтаға тиісті демалыс алған адамдар тартылады.

200. Кеме вахталары жүріп атқаратын және тұрақтау вахтасы болып бөлінеді. Жүріп атқаратын немесе тұрақтау вахтасын капитан нақты жағдайларға байланысты белгілейді.



Бір вахтаның ұзақтығы 4 сағатты құрайды, бірақ 8 сағаттан аспайды.

Кеме тұраққа тұрған уақытта немесе рейдте экипаж мүшелері кемеде кеме капитанның тапсырмасы бойынша белгіленген уақыттан тыс (негізгі жұмысты атқармай) кеменің қауіпсіздігі үшін, оның ішінде өртке қарсы қауіпсіздік үшін қалдыруға жол беріледі. Сондай-ақ кеме айлақтағы тұраққа тұрған кезде экипаж құрамының ең аз саны кемінде 30 %-ды, ал ашық рейдтерде кемінде 50 %-ды құрайды.

201. Вахта ауысымы вахта атқару орнына алдын ала келеді және вахтаға шыққанға дейін жүзу шарттары мен техникалық құралдар жұмысының режимімен танысады.



Командалық құрам адамдары вахта басталғанға дейін 10 минут бұрын келеді.

Вахтаға шығу туралы кезекті ауысым 15 минут бұрын ескертіледі. Ауысып жатқан вахта кіші вахта болып табылады және қажет болған жағдайда вахтаны уақытша күшейту немесе жекелеген вахталықтарды ауыстыру үшін пайдаланылады. Кеме тұраққа тұрған уақытта вахта тізімі трапта тақтайшада ілініп тұрады.

202. Вахталықтар осы қызмет түріне белгіленген киімде (формада) болады. Бұдан басқа кеме портқа тұраққа тұрған кезде капитанның вахталық көмекшісінің және вахталық матростың сол қолдарында үш жолақты қолға байланатын таңғышы болады. Таңғыштың жалпы ені 4,5 см, әр жолақ 1,5 см. Жолақтың түсі:



капитанның вахталық көмекшісінің таңғышы көк, ақ, көк;

вахталық матростың таңғышы қызыл, ақ, қызыл.

203. Вахта ауысымы бастығының рұқсатынсыз вахталықтардың постты қалдыруға немесе өз міндеттерін орындауға біреуге тапсыруға жол берілмейді.

204. Вахталықтар дабыл кезінде өз постысын дабыл кестесіне сәйкес вахтаға шығушы адамдарға тапсырғаннан кейін ғана дабыл бойынша кестеде көзделген өз орындарында болады.

205. Вахта кезінде капитанның вахталық көмекшісі, вахталық механик, вахталық электр механигі, вахталық радио операторы және вахта атқарушы командалық құрамның басқа да адамдары кемеде вахта қызметін көрсететін қажетті жазбалар жүргізеді, аяқталғаннан кейін осы жазбаларды тиісті журналдарға енгізеді.

206. Порттарда тұраққа тұрған кезде тиісті біліктілігі бар кеме экипажының кез келген адамы кеме капитанның тапсырмасы бойынша тиісті демалыстан немесе нұсқаулықтан кейін кемеде вахта атқаруға тартылады.

207. Вахтаға шығушылар вахта ауысымы бастығынан вахтаға шығу туралы рұқсат алады.

208. Кемені арқандап байлау операциясына дайындауды вахталық қызмет жүзеге асырады.

 

 

§ 2. Капитанның вахталық көмекшісі



 

209. Капитанның вахталық көмекшісі кеменің барлық вахталық қызметі бойынша жауапты болып табылады және тікелей капитанға, ал ол кемеде болмағанда капитанның аға көмекшісіне бағынады.

Капитанның вахталық көмекшісі өзіне жүктелген міндеттер шегінде кемеде вахталық қызметті тиісті атқаруға-және кеменің, адамдардың, кемедегі жүктердің және басқа мүліктердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ теңіз ортасы ластануын болдырмауға жауап береді.

Капитанның вахталық көмекшісінің тапсырмалары оның өкілеттігі шеңберіндегі кеме экипажының әр мүшесіне және кемедегі басқа да адамдарға міндетті болады.

Кеме капитанынан, ол болмаған жағдайда - капитанның аға көмекшісінен басқа, ешкімнің капитанның вахталық көмекшісінің тапсырмасын бұзбайды немесе өзгертпейді.

210. Капитанның вахталық көмекшісі кемені пайдалануға байланысты жұмыстарды орындау үшін, сондай-ақ кеменің тұрақта қауіпсіз тұруын қамтамасыз етуге аға механикті ескертіп, бірыңғай техникалық қызмет құрамынан тиісті мамандығы мен біліктілігі бар адамдарды шақыртады.

211. Капитанның вахталық көмекшісі кеме капитанның, ал ол болмаған кезде капитанның аға көмекшісінің рұқсатынсыз вахтадан кетіп қалмайды.

Вахтаға шыққан кезде капитанның вахталық көмекшісі вахта құрамымен танысады және вахта қызметін атқару бойынша нұсқау жүргізеді, вахтаны тапсырушыдан кеменің тұрағы, айналадағы жағдайы, тұрақ шарттары, жүк операцияларының барысы, жөндеу және басқа да жұмыстар, кемеде капитанның, командалық құрамның, команданың және экипаж құрамына кірмейтін басқа да адамдардың болуы туралы барлық қажетті мәліметтер, сондай-ақ кеменің қауіпсізідігін қамтамасыз етуге және пайдалану қызметіне байланысты басқа да мәліметтер алады, оның ішінде:

1) вахта ауысым бастығының тапсырмалары туралы;

2) кемені балласттау және кемедегі су, отын және май қорын танкілер мен цистерналарға бөлу туралы;

3) борт артындағы арматуралары бар ашық палубаларда ашық отты пайдалаңып жүргізіліп жатқан жұмыстарға ерекше назар аудара отырып, кеме және жөндеу жұмыстары туралы;

4) бортта және бакштовта жүзбелі құралдардың бар болуы туралы;

5) ашық люктер, мойыншалар және басқа борт артындағы саңылау туралы;

6) лас және тұрып қалған құдықтарды судың бар болуы туралы;

7) басты қозғалтқыштардың дайындығымен белгіленген кеменің рейдке шығуға дайын уақытын белгілеу және кеме жабдығының болуы туралы.

212. Вахта атқару кезінде капитанның вахталық көмекшісі:



1) порт бойынша қаулылар мен жергілікті ережелерді, Теңізде кемелердің соқтығысуын алдын алу үшін халықаралық ережелерді және қауіпсіз теңізде жүзуге, отты және басқа сигнализация құралдарын пайдалануға қатысты басқа да халықаралық талаптарды уақтылы және нақты орындауды қамтамасыз етеді;

2) вахталық қызметті тиісті атқаруды ұйымдастырады, кемеде тәртіп пен тазалықты, сондай-ақ бақылау мен байланысты тиісті ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

3) кеменің жағдайына сенімді бақылауды жүргізеді, адамдар, кеме және жүк қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды, барлық өрт сөндіру құралдарын пайдалануды ұйымдастырады;

4) тиісті ережеге сәйкес келетін, кеменің жай-күйі мен айналысатын қызмет түріне тиісті ерекше сигнал оттарын уақтылы қосуды, белгілер мен сигналдарды қоюды қамтамасыз етеді, олардың дұрыс жұмыс істеуін бақылайды;

5) лас және тұрып қалған құдықтардағы суды өлшеуді қамтамасыз етеді және кеме журналына нәтижелерін жазады:

жүрген кезде - әр вахтада;

зәкірде және арқандап байлау кезінде - тәулігіне 2 реттен сирек емес;

суды, отын қабылдау кезінде, мұздарда жүзген кезде, дауылды жағдайларында жүзген және басқа ерекше жағдайларда, кемеге борт артына суы түсу мүмкіндігін жиі бақылау талап етілген жағдайда - 2 сағат сайын бір реттен сирек емес. Дауылды жағдайларда жүзу кезінде ластарда суды өлшеу мүмкін емес болған жағдайда оларда судың болуын бақылау капитанның вахталық көмекшісінің нұсқауы бойынша тартуды бақылау жолымен жүргізіледі.

Су деңгейі жоғарлаған жағдайда капитанға баяндайды;

6) кеменің кренін және дифферентін бақылауды жүргізеді;

7) трюмдердің температуралық режимі мен желдетуін бақылайды;

8) кезекші шлюпкалардың түсуге дайындығын қамтамасыз етеді және шлюпка командирлерінен түсуге және борттан кетуге дайындығы туралы баяндаманы қабылдайды. Олар кемеге оралғаннан кейін шлюпка командирлерінен баяндама қабылдайды;

9) кемеге жақындап келе жатқан және оның бортындағы жүзбелі құралдардың орнын бақылайды, оларға бортта тұраққа тұру орнын көрсетеді. Кеменің жүзбелі құралдарын суға түсірер кезде оларды бақылайды және оларды бортқа уақтылы көтеру үшін шаралар қабылдайды;

10) адамдарды бортқа қабылдау кезінде, адамдарды кемеден түсіру кезінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шаралар қабылдайды.

11) кемеге төніп тұрған қауіпті (өрт, жарылыс, тесілу) байқаған кезде, сондай-ақ адам борттан құлаған кезде дербес дабыл жариялайды және қауіпсіздіктің алдын алу үшін немесе борттан құлаған адамды құтқару үшін барлық шараларды қабылдайды;

12) белгіленген тәртіп бойынша кеме журналында жазба жүргізеді.

213. Капитанның вахталық көмекшісі вахтаға шығушы капитан көмекшісі өз міндеттерін тиімді орындауға сенімді болмаса, вахтаны тапсырмайды. Мұндай жағдайда капитанға хабарлайды.



 

 

§ 3. Капитанның вахталық көмекшісінің жүріп атқаратын



вахтадағы қызметтері

 

214. Вахтаға түскен кезде капитанның вахталық көмекшісі:

1) компастық бағыт пен картаға түсірілген компастың жалпы түзетулерін тексереді;

2) карта бойынша жүзу ауданымен, навигациялық жағдаймен, сондай-ақ жүзу шарттарымен және жағдайларымен танысады;

3) вахтаны қабылдау кезінде картада есептелінген бойынша кеме орнын тексереді, оны лаг көрсеткіштерін соңғы обсервациямен салыстырады, мүмкін болған жағдайда - кеменің орнын өзі анықтайды;

4) алдыңғы тасқындар мен ағыстардың бағытқа және жылдамдыққа әсерін анықтайды;

5) кеме бағытын гирокомпас және магнит компас бойынша және оның түзетулерін тексереді, кеменің жылдамдығын тексереді, лага түзетулерін және басты қозғалтқыш жұмысының белгіленген режимге сәйкестігін тексереді;

6) қашықтықтан басқарылатын кемелерде механикалық қондырылған басты қозғалтқыштар осы уақытта (көпіршеден немесе машина үй-жайында) қалай жұмыс істейтінін анықтайды;

7) көпіршеде басты қозғалтқыштарды басқару кезінде басқару пультінің жай-күйі жарамдылығына және бақылау параметрлерінің белгіленген нормаларға сәйкес екеніне көз жеткізеді;

8) кеме жүргізу техникалық құралдарының дұрыс жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізеді;

9) курсограф лентасындағы уақыт белгісін тексереді;

10) көру қабілеті көру жағдайға үйреніскеніне көз жеткізеді;

11) капитанның вахталық көмекшісінің, вахтаны тапсырушының қатысуымен айналадағы жағдаймен (жаға, от, кемелер), ауа райы жағдайымен және көру мүмкіншілігімен, қабылданған ауа райы және дауыл ескертулерімен, сондай-ақ кеменің жүзуіне қатысты капитан берген барлық тапсырмалармен танысады;

12) жүріс оттарының дұрыс жұмыс істейтіне көз жеткізеді;

13) маневр атқару кезінде атқарылып жатқан іс-қимыл толығымен аяқталғанға дейін вахта тапсырылмайды.

215. Жүріп атқаратын вахта кезінде капитанның вахталық көмекшісі:



1) көпіршеде үнемі болады және айналадағы жағдайды бақылайды. Штурмандық рубкаға оның штурмандық міндеттерін орындау үшін ғана аз уақытқа жіберіледі, бірақ мүнын алдында ол бұл қауіпсіз екеніне және ол жоқ болған кезде тиісті бақылау қамтамасыз етілетініне сенімді болады;

2) кеме жүрісін есептейді. Кеменің орнын анықтау үшін кез келген навигациялық, астрономиялық және радиотехникалық мүмкіндікті пайдаланады, ішінен осы жағдайларға лайықтысын тандайды;

3) жүріс оттарының дұрыс жұмыс істейтінін бақылайды;

4) сағат сайын және бағытты әр өзгерткеннен кейін магниттік компас көрсеткіштерін гирокомпаспен салыстырады және белгіленген бағытта кеменің-дәл тұруын бақылайды;

5) кеме жүргізу техникалық құралдарының жұмысын бақылайды және оның түзетулерін анықтайды;

6) гидрометеорологиялық шарттар өзгерген кезде, белгіленген бағытты сақтау қауіпсіз емес болған кезде, есептелінген уақытта жаға, навигациялық белгі немесе болжамды тереңдік көрінбеген кезде, кенеттен жаға ашылған кезде, навигациялық белгі немесе тереңдік кенеттен өзгерген кезде, сондай-ақ басты қозғалтқыш, рульдік басқару немесе қандай да бір навигацилық жабдық бұзылған кезде, қандай да бір күдік пайда болған кезде дереу кеме капитанына баяндайды және оның нұсқауы бойынша әрекет етеді. Жоғарыда аталған барлық жағдайларда капитанның вахталық көмекшісі егер жағдай талап етсе, кешіктірмей кеменің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдайды;

7) айыру үшін қажетті шараларды талап ететін жақындап келе жатқан басқа кемені анықтаған кезден бастап қарсы кеменің қозғалысын анықтау мақсатында пеленг және қашықтық өзгерістерін бақылайды, нәтижелерін кеме капитанына баяндайды, қауіп төнген жағдайда кеменің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шараларды дереу қабылдайды;

8) өз кемесінің маневрлік мүмкіндіктерін жетік біледі;

9) тұман, жаңбыр, қар түсер алдында және көруді шектейтін басқа да атмосфералық құбылыстар алдында капитанға баяндайды, рульді қолмен басқаруға ауысады, радиолокациялық станция (бұдан әрі - РЛС) мен жүріс оттарын дереу жұмысқа дайындайды және қосады, дыбыс белгілерін беруге арналған қондырғыларды тексереді, алдын ала нұсқау беріп бақылаушыны қояды, вахталық механиктік мүмкін реверс туралы ескертеді, штурмандық рубка сағаты мен машина үй-жайындағы сағатты салыстырады, курсограммадағы уақытты белгілейді, мүмкіндігінше кеменің орнын анықтайды, бұдан әрі КСАХЕ-72 басшылыққа алады.

Көру қабілеті кенеттен нашарлаған кезде бір мезетте айтылған шараларды қабылдап капитан көпіршеге келгенге дейін КСАХЕ-72 басшылыққа алады;

10) жағаға, тар жерлерге, арналарға, суы аз жерлерге және қауіпті жерлерге жақындаған кезде капитанды және вахталық механикті алдын ала ескертеді, бакқа боцманды немесе І дәрежелі матросты шығарады, зәкірді түсіруге дайындайды, және осы аудандарда жүзу кезінде жүзу ауданын қамтитын және соңғы ақпарат ңегізінде (үнемі белгілі учаскелерде тар жерлер мен арналарда жұмыс істейтін порт, техникалық және қызметтік-көмекші флот кемелерінде, боцманды немесе І дәрежелі матросты бакқа шығару талап етілмейді) түзетілген ең үлкен масштабды картаны пайдаланады;

11) кездесетін барлық белгілерді және басқа да навигациялық қоршау құралдарын таниды;

12) дауыл жақындаған жағдайда дауыл жағдайларында кеменің қауіпсіз жүзуін қамтамасыз ететін қажетті шаралар қабылдайды;

13) қайықтар мен кемелердің, жүк садақтары мен крандардың, палуба жүктері мен палубадағы қозғалмалы заттардың мықты бекітілгенін, люк жабуларының жағдайын бақылайды;

14) адам борт сыртына құлаған жағдайда дабыл қағады, оны құтқару үшін дербес барлық қажетті шаралар қабылдайды және болған жағдайды және қабылданған шаралар туралы кеме капитанға баяндайды;

15) гидрометеорологиялық бақылауды белгіленген уақытта жүргізуді қамтамасыз етеді;

16) кеме бортына лоцманды қабылдау кезінде кеменің орнын және оның қозғалысын бақылауды жалғастырады, ал іс-қимылдардан немесе лоцманның ниетінен күмәнданған кезде кеме капитанға баяндайды және алдын алу шараларын қабылдайды;

17) жарық және жалау сигнализация көмегімен байланысты жүзеге асырады;

18) кемені зәкірге қойған кезде кеменің орнын анықтайды.

216. Жүріп атқаратын вахтада капитанның вахталық көмекшісіне басқа жұмыспен айналысуға немесе вахтаны атқаруға қатысы жоқ міндеттерді өзіне алуға тыйым салынады.

217. Капитанның вахталық көмекшісі көпіршеде кеме капитанның болуына қарамастан өзінің вахтасы уақытында кеме капитаны кемені басқаруды бұл туралы ресми хабарлап өзіне қабылдағанға дейін кеменің қауіпсіз жүзуін қамтамасыз етеді.

218. Тұрақты вахтасы жоқ кемелерде машина үй-жайында және ПБО көпіршеде механикалық қондырғымен басқару кезінде капитанның вахталық көмекшісі көпіршеде механикалық қондырғымен басқару бойынша нұсқаулықты басшылыққа алады және механикалық қондырғы жұмысы туралы түсіп жатқан сигналдарды бақылауды жүргізеді; оның жұмысында бұзылу пайда болған кезде вахталық механикті шақырады. Қиын жағдайларда жүзу кезінде машина үй-жайына вахталық механикті шақырады.

219. Капитанның вахталық көмекшісі кемеге, адамдарға, жүктерге қауіп төну кезінде капитан белгілеген бағытты, жылдамдықты, басқару әдісін және басты қозғалтқыштың жұмыс режимін өзгертуге құқылы. Өндірістік өзгерістер туралы кеме капитанына дереу баяндайды.

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет