Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы №675 Қаулысы «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы»


§ 2. Капитанның кемені қабылдау және тапсыру кезіндегі функциялары



бет2/7
Дата26.06.2016
өлшемі366 Kb.
#159733
1   2   3   4   5   6   7
§ 2. Капитанның кемені қабылдау және тапсыру кезіндегі функциялары

 

52. Капитан ауысқан кезде кемені тапсыру және қабылдау кеме иесінің нұсқауы бойынша жүргізіледі. Кемені қабылдау мен тапсыруды капитан жеке өзі жүзеге асырады. Тапсырушы капитан болмаған жағдайда кемені қабылдау кеме иесі тағайындаған комиссияның қатысуымен жүргізіледі.

53. Кемені қабылдау және тапсыру кезінде капитан:



1) кемені белгіленген акт нысаны бойынша қабылдайды және тапсырады;

2) барлық кеме құжаттарын тізілім бойынша, ал ақшалай сомаларды, қаржылық құжаттарды және құнды қағаздарды - кассалық кітап бойынша қабылдайды немесе тапсырады;

3) артық немесе кем ақшалай сомалардың, қаржылық құжаттардың, құнды қағаздардың және кеме мүлкінің артығын немесе жетіспеушілігін тиісті актіде белгілейді.

Тапсырушы капитан және қабылдап алушы капитан кеменің командалық құрамынан олар сеніп тапсырылған меңгерімдердің және мүліктің жай-күйі туралы жазбаша рапортты талап етеді.

54. Кемені қабылдау кезінде капитан:



1) кеме экипажымен танысады;

2) кемені тапсырушы капитаннан кеменің конструктивтік ерекшеліктері және оның пайдалану, теңізде жүзу және маневрлік қасиеттері, кеменің алдағы рейске дайындығы туралы (жөндеу барысы туралы), орын алған авариялық жағдайлар және оның салдары туралы қажетті деректер алады;

3) кеменің рейстік тапсырмасымен және оны орындалу барысымен танысады;

4) кемені тапсырушы капитанмен бірлесіп және аға механиктің алып жүруімен аға көмекшінің қатысуымен кемені қарайды, қажетті түсіндірмелер мен мәліметтер алады;

5) кемені тапсыру және қабылдау аяқталғаннан кейін белгіленген нысаны бойынша қабылдау-тапсыру туралы акті жасайды және кеме иесіне жолдайды.

55. Тапсыру-қабылдау және тағайындалған капитанның кемені басқаруға кірісуі кеме журналында уақыты көрсетіле отырып тіркеледі, тапсырушы және қабылдаушы капитандардың қолы қойылады.

56. Ерекше жағдайларда кеме иесінің нұсқауымен тапсыру және қабылдау қысқа мерзімде жүргізілгенде жаңадан тағайындалған капитанның басқаруға кірісуі мынадай тәртіппен ресімделеді:

1) екі капитан кемені, ақшалай сомаларды, қаржылық құжаттарды және құнды қағаздарды кассалық кітап бойынша қабылдау-тапсыру туралы акті жасайды және қол қояды. Актіде - «Кеме қараусыз қабылданды» деп көрсетіледі;

2) кеме журналында тапсырушы капитанның кемені басқаруды тапсырғаны және жаңадан тағайындалған капитанның басқаруға кіріскені туралы жазба енгізіледі, оған екі капитан да қол қояды;

3) капитан басқаруға кіріскеннен кейін осы Жарғыда көзделген тәртіпке қатысты кемемен танысады, бұрын жасалған актіге аға көмекшінің және аға механиктің қолдары бар толықтыруды жасайды және кеме иесіне жолдайды.

 

 

§ 3. Капитанның кемені пайдалануға енгізген (пайдаланудан шығарған) және жүзуге дайындаған кездегі функциялары



 

57. Кемені пайдалануға беру (пайдаланудан шығару) кеме иесінің бұйрығымен жарияланады.

58. Кемені пайдалануға енгізу немесе теңізге шығару алдында капитан кеменің жай-күйін белгіленген техникалық талаптарға және тиісті қағидаларға сәйкестігін және кеменің жүзуге дайындығын тексереді.

59. Капитан рейс басталғанға дейін алдын ала:

1) кеменің қауіпсіз жүзуге техникалық және навигациялық дайындығын қамтамасыз етеді;

2) кемені экипажбен және алдағы рейске қажетті жабдықтың барлық түрімен жинақталуын және осы рейске арналған жүкті тасымалдайтын кеменің барлық үй-жайларының, оның сақталып тасымалдануы үшін дайын болуын қамтамасыз етеді;

3) капитанның аға көмекшісіне және аға механикке кеменің кетуге дайын нақты уақытын белгілейді;

4) рейс үшін қажетті түзетілген навигациялық карталардың және жүзуге арналған нұсқаулықтың болуын тексереді;

5) штурман құраммен алдағы жүзу маршруты және рейстің навигациялық бөлігі бойынша навигациялық және гидрометеорологиялық жағдайларды пысықтауды жүзеге асырады;

6) меңгеруге жауапты адамдар арқылы кеменің отынмен, сумен, азық-түлік қорларымен және материалдық-техникалық жабдықтаумен қажетті мөлшерде қамтамасыз етілуін тексереді;

7) жүзу қауіпсіздігі талаптарына сәйкес жүктердің кеме құжаттарында көрсетілген нормалардан артық тиелуіне жол бермей, кемеде жүктердің дұрыс орналастырылуын және қабылданған жолаушылар санын тексереді;

8) тіркеп сүйреу операцияларын жүзеге асыру кезінде жеке өзі немесе аға көмекші арқылы кеменің осы операцияларға дайындығын тексереді.

60. Жүктерді кемеге қабылдау алдында капитан алдын ала жүк жоспарын қарап шығады және белгіленген тиеу нұсқасы жүзу қауіпсіздігін, кеменің тиісті теңізде жүзу сапасын және сақталуын қамтамасыз ететініне сенімді болғаннан кейін оны бекітеді. Капитан, егер жүктерді тасымалдау қолданыстағы қағидаларға қайшы келсе немесе адамдардың, кеменің немесе жүктің қауіпсіздігіне қауіп төндірсе жекелеген жүктерді қабылдаудан бас тартады.



10) Жүк операциялары барысында капитан жүктерді трюмдерде және палубада дұрыс салуды және бекітуді, балласт пен бункердің орналасуын және басты және твиндті палубаларға жүктеменің рұқсат етілген нормалардан асып кетпеуін бақылауды қамтамасыз етеді. Капитан жүк операцияларын оларды жүргізу технологиясын бұзу анықталған немесе жүк жоспарынан ауытқуға жол берілген жағдайда тоқтатады.

62. Капитан аға көмекшіден және аға механиктен кету үшін белгіленген уақыттан 15 минут бұрын кеменің дайындығы туралы, бортта бүкіл экипаждың болуы туралы немесе кемеде бөгде адамдардың болмауы туралы рапорт қабылдайды.

63. Кемеде келе жатқан экипаж мүшелерінің немесе адамдардың біреуі кету үшін бекітілген уақытта келмеген жағдайда капитан бұл туралы келмеген адамдардың тегін, атын және әкесінің атын, сондай-ақ лауазымдары және кемеден кеткен уақыттарын көрсете отырып, кеме иесіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының порттарында - порт капитанына, ал шетелде Қазақстан Республикасының консулына дереу хабарлайды. Бір мезгілде капитан осы адамдарды кемеге қайтаруға барлық мүмкін шараларды қабылдайды.

64. Капитан алдағы болатын рейстің ұзақтығын ескере отырып, кеме құжаттарының қолданылу мерзімдерін уақтылы тексереді.



 

 

§ 4. Капитанның жүзу кезеңіндегі функциялары



 

65. Капитан да көмекшілерінен кеменің орнын неғұрлым дәлдікті қамтамасыз ететін барлық қол жетімді тәсілдермен және құралдарымен анықтауды осы анықтамалардың сапалы және уақтылы болуын бақылауды жүзеге асыра отырып, талап етеді.

66. Бағытты және жылдамдықты, басқару тәсілін және негізгі қоғалтқыштың жұмыс режимін белгілеп немесе өзгерте отырып, капитан бұл туралы вахталық көмекшіні хабардар етеді. Капитанның рұқсатынсыз, кемеге, адамдарға және жүкке қауіп төну жағдайларында вахталық көмекшіден басқасына ол бекіткен курсты өзгертуге рұқсат етілмейді, ол өз әрекеттері туралы капитанға дереу хабарлайды.

67. Вахталық көмекшінің шақыруы бойынша капитан дереу көпіршеге шығады. Тар жерлерде, қарқынды кеме қатынасы аудандарында, мұз жағдайларында ұзақ жүзген (12 сағаттан артық) кезде капитан демалыс уақытында өз орнына аға көмекшіні қалдырады.

68. Капитан тұрақты түрде ауа райы болжамын алуды талап етіп, бұл үшін кемеде бар барлық құралдарды пайдаланып, дауыл жағдайында алдын ала барлық қажетті шараларды қабылдай отырып, гидрометеорологиялық жағдайдың барлық өзгерістерін бақылайды.

69. Капитан теңізде жүзушілердің навигациялық хабарламалар мен навигациялық ескертулерді және навигациялық жағдайлардың өзгерісі туралы басқа да ақпараттар алуын, жүзу үшін карталарды уақтылы түзетуді, лоциялар мен басқа да оқу құралдарын алуды бақылауды үнемі жүзеге асырады.

70. Портқа кірген және одан шыққан кезде капитан барлық қауіпсіздік шараларын қабылдай отырып, көпіршеде болады және кемені өзі басқарады.

71. Лоцмандық міндетті алып өту аудандарда жүзген кезде капитан лоцманды кемеге алады. Лоцмандық алып өту міндетті болмайтын аудандардан өту кезінде капитан, егер оны қажетті деп есептесе, лоцманды кемеге алады.

72. Капитан лоцманды кеме бортына қауіпсіз қабылдауды және оны кемеден қауіпсіз түсіруді қамтамасыз етеді. Лоцманды кеме бортына қабылдай отырып, капитан оған алып өту үшін үшін қажетті кеме туралы деректерді хабарлайды, кемені басқарудың ерекшеліктерімен таныстырады, руль басқарушыға команда беру тәртібі туралы келіседі. Лоцманға кемеде үй-жай бөлінеді және кеме есебінен тамақтану ұсынылады.

73. Кемеде лоцманның болуы кеме капитанының кемені басқару жауапкершілігін алып тастамайды. Лоцман ұсыныстарының дұрыстығына күдіктенуге жеткілікті негіздер болған кезде кеменің қауіпсіз жүзуі мақсатында осы лоцманның қызметтерінен кеме капитанының бас тартуына рұқсат етіледі. Кемені лоцмандық алып өту міндетті болған жағдайда кеме капитаны лоцманды ауыстыруды талап етеді.

Көпіршеден кетерде капитан лоцманға ол болмағанда кемені басқаруға жауапты адамды көрсетеді.

74. Мұз жағдайларында жүзу кезінде, әсіресе теңізде мұзды кездейсоқ кездестіру қаупі болғанда, капитан кеме корпусына, винттер мен рульге зақым келтірмеу үшін барынша абайлап әрекет етеді. Кемені мұзжарғышпен алып өту жағдайында кеме капитаны мұзжарғыш капитанының өкімдерін орындайды және мұз арқылы мұзжарғыштар алып өтетін кемелерге арналған қағидаларды басшылыққа алады.

75. Ашық теңізде кемеде өмірге қажетті қорлардың, оның ішінде азық- түліктің азайтылмайтын қоры таусылған жағдайда капитан ортақ бөліп беру мақсатында кемедегі адамдардың билік етуіндегі азық-түлік қорына реквизиция немесе тағам үшін пайдаланануға болатын кемедегі жүкке ревизиция жүргізеді. Реквизиция туралы акт жасалады. Теңізде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзетін кемені кездестіргенде капитан одан көмек сұрай алады.

76. Капитан борт сыртына құлаған адамды құтқару үшін барлық шараларды қабылдайды, бұл ретте жақындағы құтқару үйлестіру орталығын ескертеді және іздестіру ауданынан іздестіру нәтижесіз екеніне көз жеткізгеннен кейін ғана кетеді.

77. Капитан өзінің кемесіне, экипажына және жолаушыларға қауіпсіз түрде:

1) теңізде табылған, өлім қаупі төнген кез келген адамға көмек көрсетеді;

2) өлім аузындағыларға көмекке, егер оған оларға көмек керек деп хабарланған болса, егер мұндай әрекетке оның тарапынан орынды сенуге болатындай болса барынша мүмкін жылдамдықпен жүреді.

78. Апатқа ұшыраған кемеге көмек көрсету кезінде капитан адамдарды құтқару үшін барлық шараларды қабылдайды. Капитан жүкті және басқа мүлікті құтқару шараларын апатқа ұшыраған кеме капитанының келісімімен ғана қабылдайды, ол құтқару туралы шартқа қол қоюы тиіс.



Апатқа ұшыраған кеменің капитаны табиғи немесе басқа да жағдайлар бойынша құтқару туралы шартқа қол қоя алмайтын болған жағдайда капитан алғашқы мүмкіндік кезінде шартқа қол қоюға оның келісімін алады, бұл туралы кеме журналында жазылады.

79. Теңізде экипажы тастап кеткен кемені кездестірген кезде бұл туралы капитан кеме иесіне дереу хабарлайды және бұдан әрі оның нұсқауы бойынша әрекет етеді.



Капитан кеме журналында тастап кеткен кеменің табылған орнының координаттарын жазады, сондай-ақ ол туралы жақын портқа және басқа кемелерге хабарлайды.

Тастап кеткен кемені шетел портына тіркеп сүйреу туралы тапсырма алғаннан кейін капитан бұл туралы өзі бағыт алуға ниеттенген Қазақстан Республикасының консулына және тиісті порт биліктеріне хабарлайды.

80. Егер кемеге апат төніп тұрса және ол көмекке мұқтаж болса, капитан мүмкіндігінше Қазақстан Республикасының туын көтеріп жүзетін басқа кемеден көмек алу үшін барлық мүмкін болатын шараларды қабылдайды.

81. Басқа кемемен соқтығысқан жағдайда капитан соқтығысқан кеме капитанынан:

1) көмек керектігін сұрайды және қажет болған кезде оны көрсетеді, егер бұл өз кемесіне, экипажына және жолаушыларына елеулі қауіп төндірмейтін болса;

2) соқтығысқан кеме капитанынан кеме атауын, тіркелу пунктін, шыққан және межелі пункттерін, алынған зақымдар сипаттамасын сұрайды, сондай-ақ өзінің кемесі бойынша ұқсас мәліметтерді соқтығысқан кеме капитанына хабарлайды.

82. Егер капитанның пікірі бойынша кемеге апат болу қаупі анық төнген жағдайда, ол кемедегі адамдарды құтқару үшін барлық шараларды қабылдайды. Жолаушыларды құтқару жөніндегі барлық шаралар қабылдағаннан кейін капитан кеме экипажына кемені тастап шығуға бұйрық береді.



Адамдарды құтқару кезінде капитан ең бірінші кезекте балаларды, әйелдерді және қарттарды құтқаруды қамтамасыз етеді. Кеменің маневрлеуін көрсететін теңіз карталарын және басқа навигациялық құжаттарды, сондай-ақ кеме, машина, радиотелеграф журналдарын, кеме құжаттарын және құндылықтарын, сондай-ақ экипаждық дипломдар мен сертификаттарын құтқаруға барлық шараларды қабылдағаннан кейін капитан кемеден соңғы болып кетеді.

83. Кеме апат болған жағдайда, оның экипажы қайда жеткізілсе капитан құтқарылған адамдарға қатысты өзінің құқықтары мен міндеттерін толық сақтайды. Егер экипаж шетел портына жеткізілген болса, капитан оның тез арада Қазақстан Республикасына жеткізілуіне барлық мүмкін шараларды қабылдайды.

84. Егер кеменің экипажы мен жолаушыларын шетел кемесі құтқаратын болса, капитан Қазақстан Республикасының азаматтары шетел кемесі бортында болғанда осы кемеде белгіленген тәртібін сақтау үшін шаралар қабылдайды.

85. Капитан барлық авариялық және жазатайым оқиғалар туралы кеме иесіне баяндайды және адамдардың, кеменің және жүктің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өзіне байланысты барлық шараларды қабылдайды.



Капитан белгіленген тәртіппен көрсетілген жағдайлар бойынша құжаттарды ресімдеуге шаралар қабылдайды.

Капитан кеменің маневрлеуін көрсететін теңіз карталары мен басқа да навигациялық құжаттардың рейс аяқталғанға және портқа кіргенге дейін, авариялық жағдайлар кезінде - оларды тексеру аяқталғанға дейін сақталуын және қол сұқпаушылығын қамтамасыз етеді.

86. Ауруға кемеде көрсетіле алмайтын жедел білікті медициналық көмек керек болған жағдайда капитан кеме иесіне ол жөнінде хабарлап, жақын портқа кіруі тиіс.

87. Капитан ауырған жағдайда кемені уақытша басқаруды аға көмекшіге тапсырады, ол жөнінде кеме иесіне дереу баяндайды, ал шетел портында Қазақстан Республикасының консулына хабарлайды. Кеме журналына басқару тапсырылған күні мен уақыты және кеменің тұрған жері жазылады.

 

 

§ 5. Капитанның порт тұрағында кеме тұрған кездегі функциялары



 

88. Кеме шет мемлекеттің аумақтық суларына немесе Қазақстан Респуликасының суларына, сондай-ақ кез келген портқа кіру кезінде капитан жергілікті порттық, кедендік, санитарлық және басқа да қағидаларды сақтайды.

Портқа жақындаған кезде капитан кемені және кемелік құжаттаманы порттық билік орындарына көрсету үшін дайындайды.

89. Кеме портқа келген кезде капитан кемедегі адамдардың ешқайсысы санитарлық, кедендік, шекаралық және порттық билік орындарының тиісті рұқсатын алғанға дейін жағамен қатынаста болмау үшін шаралар қабылдайды.

90. Капитан рейс аяқталғаннан кейін кеме иесіне рейстік хабарламаны ұсынады.

91. Кеме портта тұраққа тұрған кезде капитан порттық билік орындарының талабы бойынша портта немесе теңізде болып жатқан апаттық жағдайда өртті сөндіру үшін немесе көмек көрсету (кеме қауіпсіздігіне зиян келтірмей) үшін кемені, экипажды және кеме құралдарын ұсынады

92. Капитан жағаға шығарда, капитанның аға немесе вахта көмекшісіне кеме қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қажетті жұмыстарды жүргізу және шаралар қабылдау туралы ауызша немесе жазбаша тапсырма қалдырады, сондай-ақ жағада өзінің болатын жерін хабарлайды.

Капитан рейдте тұрған кемені, сондай-ақ бортында қауіпті жүгі бар кемені капитанның аға көмекшісіне қалдырады. Ерекше жағдайларда, кеме иесінің келісімі бойынша, капитан кемені ұзақ емес уақытқа капитанның екінші көмекшісінің жауапкершілігіне қалдырады.

93. Порттық, техникалық және қызметтік көмекші флоттардың капитандары кемелерді кеме иесі бекіткен тәртіпке сәйкес қалдырады.



 

 

§ 6. Капитанның кемені жасау және жөндеу кезіндегі функциялары



 

94. Кемені жасаушы зауыттан қабылдау кезінде капитан қысқа мерзім ішінде корпусты, тетіктерді, қондырғыларды, жүйелерді және техникалық құралдарды, сондай-ақ құжаттамалар мен мүліктерді ерекшеліктеріне сәйкес кеме мамандырының біліп тануын және қабылдауын ұйымдастырады.

95. Капитан аға механиктен кеме иесі бекіткен шектеу шеңберінде кемені жөндеуге қою үшін қажетті құжаттамаларды уақтылы жасауды талап етеді.



Жөндеу ведомстарын (жөндеу ведомстарына арналған материалдар) меңгерімдер бойынша аға механиктің басшылығымен кеме мамандары жасайды және аға механик пен капитан қол қояды.

96. Кемені жөндеуге қойған кезде және кеменің пайдаланудан шығуының басқа жағдайларында капитан кемені қорғауға және қауіпсіз тұрақта тұруға Шаралар қабылдайды.

97. Кемені докқа (слипке көтеру) қойған және оны доктан шығарған кезде (слиптен түсіру) капитан кемеде өзі болады және экипаж жұмысын басқарады. Докта тұрақта тұрған кезде капитан док әкімшілігіне жан-жақты жәрдем көрсетеді, сондай-ақ докта кемелердің тұрақта тұру ережелерін сақтайды.

98. Кемені докқа қойғаннан кейін капитан кеме жөндеу кәсіпорнының өкілдерімен және кеме мамандарымен бірлесіп, корпусты, түп-борттық арматураларын, қозғалу-рульдік кешенін сырттай қарауды жүргізеді және олардың жай-күйі туралы акт жасайды. Док әкімшілігі капитанға ұсынатын кемені суға түсіруге дайын болғандығы туралы актіге кеме комиссиясы түп-борттық арматураларын, бұрама-рульдік кешенін, эхолот пен лаганың вибраторларын және көрсеткіштерін және кеме корпусының су астындағы бөлігінің бүтіндігін тексергеннен кейін ғана қол қойылады. Тексеру нәтижелері кеме журналына жазылады.

99. Кемені жөндеу кезінде капитан жөндеу жұмыстары барысын үнемі қарауды және бақылауды ұйымдастырады.

 

 

6. Жалпы кеме қызметі



 

§1. Жалпы ережелер

 

100. Жалпы кеме қызметі кеме қауіпсіздігін (кеме жүргізуді қоса алғанда), жүк операцияларын, корпусқа қызмет көрсетуді, құтқару құралдарын, кемедегі адамдарға тұрмыстық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді және оны капитанның аға көмекшісі басқарады.

101. Жалпы кеме қызметіне:



1) капитанның көмекшісі;

2) палуба команд асы:

боцман;

аға матрос;

1-класты матрос;

2-класты матрос;

матрос;

сүңгуірлер кіреді.

3) тұрмыстық командасына:

аспазшы;

буфетші (стюард);

камбуздық персонал адамдары;

басқа тұрмыстық қызмет көрсету адамдары кіреді.

 

 

§ 2. Капитанның аға көмекшісі



 

102. Капитанның аға көмекшісі капитанға бағынады, оның бірінші орынбасары және кемеде жалпы кеме қызметін ұйымдастыруға жауапты болып табылады. Қажет болған жағдайда капитанның орнын үнемі ауыстыруға және кемені өзі басқаруға үнемі дайын болады. Капитан жоқ кезде аға көмекші өз бетінше қайта арқандап байлауды және қажет болған жағдайда лоцман мен порттық сүйрегіштерді шақырта отырып, порт суларында кеменің жүрісін дербес жүргізе алады.

103. Аға кемекшіге әкімшілік жағынан бүкіл экипаж бағынышты және оның кеменің тәртіп ережелерін, қызметті және күн тәртібін ұйымдастыру бөлігіндегі өкімдері бүкіл экипаж мүшелеріне және кемедегі адамдарға міндетті болады.

104. Аға көмекші жалпы кеме қызметінің бастығы болып табылады, палуба командасын және тұрмыстық команданы, сондай-ақ барлық капитан көмекшілерінің жұмысын басқарады.

105. Аға көмекші жүкті, багажды және поштаны қабылдау мен тапсыруды басқарады, олардың дұрыс қабылдануын, орналастырылуын, сақталуын, жиналуын, бекітілуін, тасымалдануын, түсірілуін, тапсырылуын қамтамасыз етеді және құжаттарды ресімдеуге жауап береді.



106. Капитанның аға көмекшісі:

1) кеме кестесін жасайды және түзетеді;

2) экипаждың кеменің өміршеңдігі үшін күресу, құтқару құралдарын пайдалану және адамдарды, жүкті және кеме мүлкін құтқару бойынша дайындығын ұйымдастырады және өткізеді, авариялық партиялар мен топтар дайындығын бақылайды, кеменің өміршеңдігі үшін күрес бойынша экипаж дайындығын тікелей өзі басқарады;

3) құтқару құралдарының дереу пайлануға дайын болуын, олардың тиісті жабдықтармен жинақталуын қамтамасыз етеді;

4) бортта азық-түліктің азаймайтын қорының болуын және тиісті сақталуын қамтамасыз етеді;

5) балласты және ауыз су цистерналарындағы су көлемін, оның жұмсалуын бақылайды және есебін жүргізеді;

6) қызмет басшыларымен бірлесіп экипаж мүшелері мен кемеге уақытша келген адамдарды тұрғын үй-жайларға орналастырады;

7) мыналар:

корпустың, палубалардың, қондырмалардың, кеме бөлмелерінің және ауыз су танклері үй-жайларының, ұйымдық қорғау, медициналық көмек және провизионды қойма бөлмелерінің, дозиметрикалық құралдардың, жеке басты қорғау және қараңғылау құралдарының, рангоут пен такелаждың, жүктің, зәкір, арқандап байлау, сүйрету, өнідіріс құралдарын, кеменің құтқару құралдарының;

өртке қарсы, авариялық-құтқару жабдықтарының, мүлік пен құрал-сайманның, өлшеу, әуе және қабылдау құбырларының;

ауаны бұру және желдетпенің дәнекерленген арналарын, клинкеттік есіктердің және олардың тартпаларының (машина қазандық бөлімдерден басқа), басқыштардың, шторм-басқыштардың және кран қорғағыштың;

дұрыс техникалық пайдаланылуын және тиісті тәртіппен сақталуын қамтамасыз етеді;

8) аға механикпен бірлесіп, кеменің су өткізбейтін бөліктерінің және жабуларының жағдайларын тексереді;

9) кеме жұмыстарын жүргізілуін бақылауды жоспарлайды және жүзеге асырады, тамақты дайындау сапасын қарайды;

10) теңізшілерді қызметтер бойынша, практиканттарды кеме қызметтері бойынша (практика жетекшісімен бірлесіп) орналастырады;

11) авариялық-құтқару, өртке қарсы және арнайы мүлікті және құрал-сайманды, жалпы кеме қызметі бойынша жабдықтайды және шығыс материалдарын уақтылы алуды, сақтауды, шығыстарды және олардың есебін қамтамасыз етеді;

12) кеме конструкциясын, жүктің ерекшеліктері мен қасиеттерін рұқсат етілген шөгу мен талап етілетін диферентті ескере отырып, жүк жоспарын жасайды, кеменің орнықтылығын және беріктігін, түсіру порттарының жүйелілігін қамтамасыз етеді;

13) жүктерді тиісті орналастырды және орнықтыруды, қауіпті жүктерді тасымалдаудың теңіз ережелерін орындауды бақылайды;

14) кеменің жүк операцияларының дайындығы туралы уақтылы хабарлайды, жүк құжатын және есебін жүргізеді;

15) өз меңгерімінің техникалық жай-күйі туралы есебі бойынша құжаттама жүргізеді, жөндеу тізімдемесін дайындайды, сабақтар, оқулар, қарауларды, тексерулер жүргізу жоспарларын жүргізеді және олардың орындалуын қамтамасыз етеді, бұйрықтардың кеме журналын жүргізеді.

107. Жүк операцияларының басталуы алдында және барысында капитанның аға көмекшісі:



1) жүктерді қабылдауға жүк құрылғыларын және үй-жайларды дайындауды қамтамасыз етеді. Аға механикпен, электро-механигімен (электрикпен) және өрт-техникалық бөліміне жауапты капитанның аға көмекшісімен бірлесіп олардың дайындығын тексереді;

2) үлкен габаритті және ауыр салмақты жүктерді тиеуді (түсіруді) және бекітуді, палуба жүктерін орналастыруды және бекітуді жеке өзі басқарады;

3) кеменің қауіпті жүктерді тасымалдауға дайындығын жеке өзі басқарады және оларды, сондай-ақ басқа да жүктерді, поштаны және багажды тасымалдау қағидаларының орындалуын қамтамасыз етеді;

4) құю кемелерінде жүкті қабылдау құрылғысының техникалық жай- күйін, жүктердің сулануына, араласып кетуіне, төгіліп кетуіне және ағып кетуіне жол бермей жүк танкілерінің тазалығын бақылайды.

108. Рейске шығар алдында капитанның аға көмекшісі:



1) кемені дайындауды және палуба құрылғылары мен жүктерді тиісті бекітуді қамтамасыз етеді;

2) руль, зәкір, арқандап байлау, шлюпка құрылғыларының, сигналдық-айрықша оттардың, жарық, дыбыс және авариялық сигнализация құралдарының, кеме ішіндегі байланыстың, машина телеграфының және басты қозғалтқыштарды дистанциялық басқарудың дайын болуын тексереді. Палуба мен борттардың трюмдерінің, люктерінің, қылталарының, каптардың және басқа саңылауларының берік жабылғанына көз жеткізеді;

3) шығарға дейін 2 сағат бұрын капитанға қызметтердің рейске дайын болғандығы туралы және 15 минут бұрын кеменің шығуға дайын болғаны туралы баяндайды.

109. Рейсте капитанның аға көмекшісі:



1) палуба құралдарының және жүктердің тиісті бекітілгенін бақылайды;

2) корпусқа су өткізбеушілігін, кеменің сыртқы контурының герметикалығын ұйымдастырады және бақылау жүргізеді және оларды қамтамасыз етуге шаралар қолданады;

3) кеменің теңіз дауылдарында жүзуге және мұзданумен күресуге дайындығын басқарады;

4) кемені экипаж қалдырған кезде кеменің үй-жайларын тексеруді қамтамасыз етеді және кемеде адамдардың қалмағанына көз жеткізеді.

110. Аға көмекші сағат 04.00-ден 08.00-ге дейін және сағат 16.00-ден 20.00-ге дейін вахталарды жүріп атқарады. Капитанның үшеуден көп көмекшісі бар кемелерде аға көмекші тәулігіне сағат 00.00-ден 08.00-ге дейін бір вахтаны жүріп атқарады және сағат 16.00-ден 20.00-ге дейін төртінші көмекшінің вахтасын бақылайды. Қиын жағдайларда капитанның нүсқауы бойынша вахталарды жүріп атқарады.

111. Арқандап байлау операциялары кезінде капитанның аға көмекшісі көпіршеде немесе капитанның нұсқауы бойынша басқа жерде болады.

112. Өрт-техникалық бөлімі бойынша капитанның көмекшісі лауазымы көзделмеген кемелерде оның міндеттері капитанның аға көмекшісіне жүктеледі.

113. Кеме дәрігері (фельдшер) лауазымы көзделмеген кемелерде олардың міндеттері капитанның аға көмекшісіне жүктеледі.

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет