Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 шілдедегі №845 Қаулысы «Ішкі су көлігі туралы»



бет1/8
Дата09.06.2016
өлшемі2.73 Mb.
#124015
  1   2   3   4   5   6   7   8
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 09.12.2011 15:42:21
Ішкі су жолдарында жүзу қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 шілдедегі № 845 Қаулысы

 

«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 25) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Ішкі су жолдарында жүзу қағидасы бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі 

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы



Үкіметінің

2011 жылғы 22 шілдедегі

845 қаулысымен



бекітілген

 

 

Ішкі су жолдарында жүзу

 қағидасы

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ішкі су жолдарында жүзу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 25) тармақшасына сәйкес әзірленді, ішкі су жолдары бойынша жүзу тәртібін айқындайды және Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарында жүзу кезінде тиістілігіне қарамастан барлық кемелерге, құрамдарға, салдарға және басқа да жүзу құралдарына қолданылады.

2. Кемелерге және салдарға жазулар (литерлері мен тіркеу нөмірлері) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Қазақстан Республикасында кемені, соның ішінде шағын кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасына сәйкес жазылады. Осы Қағидада көзделмеген жазуларды жазуға немесе суреттерді кемелерге салуға рұқсат етілмейді.



 

 

2. Кемелердің қозғалысы және маневр жасау тәртібі



 

 

§ 1. Жалпы шарттар

 

3. Кемелер навигациялық жабдықтаудың латералды жүйесіндегі су жолдарымен жүзген кезде навигациялық жағдайдың белгілері бойынша бағдарлай отырып, кеме жүрісі шегінде қозғалады. Навигациялық жағдай су көлігіндегі уәкілетті бақылау органының аумақтық бөлімшесі бекітетін, кемелер немесе құрамдар габариттері мен су жолының белгіленген арақатынасын сақтай отырып, кеме жүргізуші кеменің немесе құрамның белгіден белгіге қозғалысын қамтамасыз ете алатындай етіп жасалады.

Белгіленген кеме жүрісінен тыс, сондай-ақ кеме жүрісі жабдықталмаған су жолдарында (олар кеме қатынасы үшін жарамды болған жағдайда) су көлігі және су көлігіндегі бақылау саласының уәкілетті органдарымен келісім бойынша ғана кемелер немесе арнайы мақсаттағы кемелер жүзе алады.

4. Кеме екіжақты қозғалыс учаскелерінде қозғалыс бағыты бойынша оң белдеумен, ал бұл қиын болған жерде (жол, гидрометеорологиялық немесе өзге де жағдайлар бойынша) кеме жүрісі өзегін ұстана және бұл ретте қарсы келе жатқан кемелермен сол жақ борттары арқылы қауіпсіз айырылысуға дайындықты қамтамасыз ете отырып жылжиды.

5. Осы Қағиданың 4-тармағының талаптары салды тіркеп сүйрейтін кемеге қолданылмайды.

6. Кемелер бір жақты қозғалыс кезінде, олар бірін-бірі басып озуға ниеттенбесе, берілген жылдамдық кезіндегі өзінің тежеуіштік жолын ескере отырып, берілген жағдайлар үшін өзара қауіпсіз арақашықтықты сақтайды.

7. Кеме айналымды өтетін кемелердің артқы жағы өткеннен кейін ғана орындайды. Жақындап келе жатқан кемелердің алдында мұндай маневр өзара іс-қимылдарды келіскеннен кейін ғана орындалады.

8. Жағадан, айлақтан және басқалардан келе жатқан кеме және басқа да айлақтық құрылыстар кеме жолымен жылжып келе жатқан кемелерді кедергісіз өткізеді, ал қосымша кеме жолынан келе жатқан кеме негізгі кеме жолында жүзіп келе жатқан кемені өткізеді. Тең мәнде қиылысатын кеме жолдарындағы кемелер жақындаған кезде өзінің оң жағында басқа кеме жоқ кеменің артықшылығы бар.

9. Кемелер айлақтарда және рейдтерде маневр жасаған кезде оң борты арқылы бірін-бірі өткізуді өзара келісу бойынша жүзеге асырады; бұл ретте жүрдек кемелер суығыстырым жағдайында болады.

10. Осы Қағиданың 3-тармағына сәйкес көлдер мен су қоймаларында жүзетін және кеме жолынан тыс жүзетін кемелер, бұл ретте осы Қағиданың 8-тарауында белгіленген, навигациялық жабдықтаудың түбегейлі жүйесіндегі учаскелер үшін тиісті қағидаларды басшылыққа алады.

11. Ұзындығы 20 метрден кемірек жеке кеме ұзындығы 20 метрден артығырақ кемелер мен құрамдардың қозғалысы мен маневр жасауына қиындық келтірмеуі қажет.

12. Сусиымдылығынсыз жағдайда жүрдек кемелердің қозғалысына жүзбелі навигациялық белгілер шамсыз кемінде 1 километрден көрінетін және айқын танылатын, тәуліктің жарық уақытында ғана рұқсат етіледі.

13. Жүрдек кемелер қозғалыс кезінде басқа кемелерге кильватер жасап жүрмейді.

14. Кемелер мен құрамдар мұзды жағдайларда дербес жүзген кезде осы Қағиданы басшылыққа алады, керуен құрамында мұздан өткізу кезінде жүзу арнайы ережелермен қосымша регламенттеледі.

15. Мыналарға рұқсат етілмейді:

1) кемелердің және басқа да жүзбелі құралдардың ішкі кеме қатынасы жолдарындағы сал ағызу қозғалысына;

2) авариялық жағдайларды және кешенді қызмет көрсету жағдайларын қоспағанда, борттары байланып қойылған, өздігінен жүретін үш және одан артық кемелердің қозғалысы, бұл ретте қозғалысты және маневр жасауды басқарады, сигнал беруді сол жақ борты бос кеме қамтамасыз етеді;

3) егер жоғары және төмен қозғалыс сол бір аралық арқылы жүзеге асырылатын болса, арналардың, арқанды өтпелердің (кеме жолының кеңдігі 200 метрден кемірек болған кезде) авариялық-жөндеу бөгеуші қақпалары аймағында, сондай-ақ көпірлерден жоғары және төмен 500 м шегінде кемелердің айырылысуы және бірін-бірі басып озуы.

Көпірден жоғары және төмен 500 м шегінде кемелердің айырылысуын және бірін-бірі басып озуын болдырмау олардың арақашықтығы 1 км және одан кемірек көпірлерге қатысты емес және жүрдек кемелер мен ұзындығы 20 метрден кемірек суығыстырымды кемелерге таралмайды;

4) кеме жолының кеңдігі 200 метрден кемірек болған кезде үш кеме траверзде бір мезгілде болғанда басып озу және айырылысу;

5) өзара іс-қимылдарды келісусіз жақындап келе жатқан кемелерден 1 километрден кемірек аралықта кеменің қозғалыс белдеуін немесе бүкіл кеме жолын қиып өтуі, бұл ретте барлық жағдайларда қиыпөту тік бұрышқа жақын бұрышпен жүргізіледі.

 

 

§ 2. Суығыстырым кемелерінің айырылысуы



 

16. Кемелер қарсы бағытталған қозғалыс кезінде жылдамдықтың осы жағдайлары үшін қауіпсіз сол жақ борттарымен айырылысады. Бұл ретте әрбір кеме бұл қаншалықты қажет және қауіпсіз екендігіне қарай, оң жаққа уақтылы ауытқу бойынша шаралар қабылдайды және қарсы келе жатқан кеме артта қалғанға дейін осылай жылжи береді.

17. Жол жағдайлары немесе қандай да бір себептер бойынша айырылысу қиындағанда, жоғары қарай келе жатқан кеме төмен қарай келе жатқан кемені байқаған сәттен бастап, өзінің қозғалысын кездесу неғұрлым қолайлы жерде өтетіндей етіп реттейді. Бұл ретте ол мұның қаншалықты қажет және қауіпсіз екендігіне қарай алдын ала оңға ауытқу бойынша шаралар қабылдайды және қарсы келе жатқан кемені сол жақ борты бойынша өткізуді жүзеге асырады.

18. Қарсы келе жатқан кемені сол жақ борты бойынша өткізу мүмкін болмаған жағдайда жоғары қарай келе жатқан кеме алдын ала бағыт бойынша сол жаққа неғұрлым қолайлы орынға өту жөнінде шаралар қабылдайды және солға ауытқиды, мұның қаншалықты қажет және қауіпсіз екендігіне қарай, қарсы келе жатқан кемені оң жақ борты бойынша өткізуді жүзеге асырады.

19. Төмен қарай келе жатқан кеме өткізуші кемеге жақындаған кезде жылдамдықты алдын ала азайту (ең аз шамасына дейін) шараларын қабылдайды, мұның қаншалықты қажет және қауіпсіз екендігіне қарай тиісті жағына ауытқиды және өткізуші кеме артта қалғанға дейін осылай жылжи береді.

20. Жоғары қарай келе жатқан кеме алдын ала бірінші болып, ал жол жағдайлары бойынша шектеулі шолу жағдайында - қарсы келе жатқан кемені көзбен шолып анықтаған кезде:

1) сол жақ борты бойынша айырылысқан (өткізген) кезде - сол жақ борттан бұлғау;

2) оң жақ борты бойынша өткізген кезде - оң жақ борттан бұлғау жасайды.

21. Төмен қарай келе жатқан кеме тиісті борттан бұлғау арқылы айырылысудың (өткізудің) көрсетілген жағын қабылдайды және дереу растайды.

22. Кеме артқы жүрісінде кеме жолымен келе жатқан кемені оның осіне қаратылған борты жағынан өткізеді, ол үшін ол бірінші болып үш қысқа дыбыс береді және тиісті борттан бұлғау жасайды.

23. Жүректерін алғанда, кемелер кеме жолына көлденең біріне-бірі қарсы қозғалыс кезінде кез келген борттарымен айырылысады, айырылысу жағын оң жағалаудан келе жатқан кеме анықтайды және оны алдын ала бұлғау арқылы көрсетеді.



 

 

§ 3. Сал құрамдары бар кемелердің айырылысуы



 

24. Салды тіркеп сүйреуге алған кеме алдын ала бірінші болып, ал жол жағдайлары бойынша шектеулі шолу кезінде - қарсы келе жатқан кемені көзбен шолып анықтау кезінде бұлғау арқылы айырылысу немесе өткізу жағын көрсетеді.

25. Қарсы келе жатқан кеме дереу тиісті бортынан бұлғау жасайды және сал сүйрейтін кеме көрсеткен бортпен айырылысуды немесе өткізуді жүзеге асырады.



 

 

§ 4. Кемелерді, құрамдарды және сал құрамдарын басып озу



 

26. Басып озу қуып жетілетін кеменің (құрамның) сол жақ борты бойынша жүзеге асырылады. Оң жақ борты бойынша басып озуға ерекшелік ретінде, жол, метеорологиялық немесе басқа жағдайлар себебінен сол жақ борты бойынша басып озу қиын болғанда рұқсат етіледі.

27. Басқа кемені (құрамды) басып озуға ниеттенген кеме қуып жетілетінге 0,5 километрден жақын емес қашықтықтан екі ұзақ және екі қысқа дыбыстардан тұратын сигналмен сұрау береді.

28. Қуып жетілетін кеме сұрауды алып, қуып жету мүмкін болған кезде өзі басып озуға рұқсат ететін борттан бұлғау жасайды, одан кейін мұның қаншалықты қажет және қауіпсіздігіне қарай жүрісін ақырындатады, қарама-қарсы жаққа ауытқиды және басып озу аяқталғанға дейін осылай жылжи береді.

29. Қуып жетуші кеме басып озуға рұқсат ала отырып, тиісті борттан бұлғау жасайды және одан ақыр аяғына дейін өтіп, артта қалғанға дейін қуып жетілетін кемеден қауіпсіз қашықтықты ұстай отырып, басып озуды жүзеге асырады.

30. Басып озу мүмкін болмаған кезде қуып жетілетін кеме «Ескерту» сигналын береді. Бұл жағдайда басып озатын кемеден қайталама сұраусыз берілетін рұқсат алғанға дейін басып озуға рұқсат етілмейді.

 

 

§ 5. Жүрдек кемелердің айырылысуы және басып озуы



 

31. Жүрдек кемелер қарама-қарсы қозғалыс кезінде өзара тек сол жақ борттарымен айырылысады, бұл ретте жоғары қарай келе жатқан кеме бірінші болып бұлғау жасайды.

32. Бір жүрдек кемені екіншісінің басып озуы қуып жетілетіннің сол жақ борты бойынша ғана жүзеге асырылады, бұл ретте қуып жетілетін кеме сұрауды алып және басып озуға рұқсат бере отырып, дереу жылдамдығын азайтады және басып озу аяқталғанға дейін суығыстырым жағдайында жылжи береді.

33. Сал сүйрейтін кемелерден басқа кемелерді басып озу және олармен айырылысу жақтарын жүрдек кеме анықтайды және көрсетеді. Бұл ретте, айырылысу сол жақ борттарымен жүзеге асырылады, ал басып озу қуып жетілетін кеменің сол жақ борты бойынша жүргізіледі. Қарсы келе жатқан және қуып жетілетін кемелер көрсетілген жақты бұлғау арқылы растайды және айырылысу немесе басып озу аяқталғанға дейін өз жолынан ауытқымайды.

34. Айырылысу және басып озу кезінде жүрдек кемелер борттарының арасында берілген жағдайлар үшін қауіпсіз арақашықтықты сақтай отырып, осы Қағиданың 20, 21, 22, 23, 24, 25, 27, 28, 29, 30-тармақтарында көзделген, суығыстырым кемелері сияқты өзара және басқа кемелермен осындай сигналдармен және сондай қашықтықтарда алмасу жүргізеді.



 

 

§ 6. Су асты жұмыстарымен айналысатын, су түбін тереңдеткіш және су түбін тазартқыш снарядтар мен кемелердің қасынан өту



 

35. Кеме кеме жолында жұмыс істейтін су түбін тереңдеткіш немесе су түбін тазартқыш снарядқа жақындаған кезде кемінде 1 км қашықтықтан бір ұзақ дыбыс береді.

36. Су түбін тереңдеткіш снаряд кемелер өткізу үшін жеткілікті кеме жолының бір бөлігін босатады және өтетін жақты түнде екі дөңгелек (тенттік) жарықтың жылтылдауымен (егер жер снаряды сол жақ жиегіне жылжыса - жасыл, оң жаққа - қызыл), күндіз - жарық импульсімен бұлғау немесе бұлғаушы тумен көрсетеді.

37. Су түбін тазартқыш снаряд өтетін жақты түнде бір дөңгелек жарықтың (кеме жолының сол жақ жиегіндегі жұмыс кезінде - ақ, оң жағында - қызыл) жылтылдауымен, күндіз - бұлғаушы тумен көрсетеді.

38. Кеме рұқсат берілген сигнал алған кезде тиісті борттан бұлғау жасайды және қажетті сақтық шараларын қабылдай отырып өтеді.

39. Сигналдар алмасу және кеме жолында су асты немесе сүңгуірлік жұмыстармен (кемелерді көтеру, құбырлар, кабельдер жүргізу) айналысатын кеменің қасынан өту осы Қағиданың 35, 37, 38, 40, 41, 42-тармақтарына сәйкес су түбін тазартқыш снаряд сияқты тәртіппен жүзеге асырылады.

40. Су түбін тереңдеткіш немесе су түбін тазартқыш снарядқа кемелер жоғарыдан және төменнен бір мезгілде жақындаған кезде төмен қарай келе жатқан кеме, ал жүрдек кеме қозғалыс бағытына қарамастан бірінші кезекте өтеді.

41. Су түбін тереңдеткіш және су түбін тазартқыш снарядтардан өту мүмкін болмаған кезде алдын ала, бірақ жақындап келе жатқан кемеге кемінде 1 км қалғанда «Ескерту» сигналын береді.

42. Кеме «Ескерту» сигналын алып, қайталама сұраусыз өтуге рұқсат алғанға дейін қозғалысын дереу тоқтатады.



 

 

§ 7. Көпірлерден, шлюздерден және арқанды өткелдерден өту



 

43. Кемелердің көпірлердің астымен өтуі осы Қағидаға 2-қосымшада белгіленген сәйкес тиісті навигациялық белгілермен және жарықтармен жабдықталған, осы мақсат үшін арналған кеме қатынасы аралықтары арқылы ғана рұқсат етіледі.

44. Кеме жүретін бір аралығы бар көпірге жоғарыдан және төменнен кемелер бір мезгілде жақындаған кезде оны төмен қарай келе жатқан кеме немесе қозғалыс бағытына қарамастан жүрдек кеме бірінші өтеді.

45. Облыстық пункттерден басқа барлық елді мекен пункттерінде қалқымалы көпірлерді ажырату және олар арқылы кемелер мен құрамдарды өткізу тәуліктің кез келген уақытында оларға соңғылары жақындаған және кемінде 1 км қашықтықтан бір ұзақ дыбыс беру кезінде жүзеге асырылады. Облыстық елді мекен пункттерінде ажырату және өткізу арнайы кесте бойынша жүзеге асырылады.

46. Кеме шлюзге немесе арқанды өткелге жақындаған кезде «Назар аударыңыз» белгісінің траверзінде, ал ол болмаған кезде олардан кемінде 1 км қашықтықта бір ұзақ дыбыс береді.

47. Арқанды өткел паромы кеме жолын келе жатқан кемелерге уақтылы босату жөнінде шаралар қабылдайды және олар жақындаған кезде жағадан қозғалыс бастамайды.

48. Шлюздер және қалқымалы көпірлер арқылы кемелерді өткізуді бағдаршамдық (семафор) сигнал беру жүйесінің көмегімен соңғылардың иелері жүзеге асырады.

49. Шлюздердің кіреберіс арналарындағы қозғалыс кезінде, шлюздеу үдерісінде, шлюз камерасына кіру және одан шығу кезінде осы Қағиданың талаптарынан басқа, су көлігі саласындағы уәкілетті органмен бекітілген кеме Шлюздер арқылы кемелерді, құрамдарды және салдарды өткізу қағидасының талаптарын орындайды.



 

 

§ 8. Қауіпсіз жылдамдық, авариялық жағдайдың алдын алу



 

50. Кеменің қауіпсіз жылдамдығын таңдаған кезде мыналар ескеріледі:

1) жол мен кеме габариттерінің арақатынасы;

2) осы ауданда кемелер қозғалысының болуы және қарқындылығы;

3) кеменің маневрлік мүмкіндіктері, әсіресе толық тоқтату үшін қажетті қашықтық және осы жағдайлардағы икемділік;

4) ағыстың, желдің және толқын көтерілуінің бағыты мен күші;

5) көру мүмкіншілігінің жағдайы және жағалаулардағы, сол сияқты меншікті жарықтардан жарық түсіру аясының болуы, навигациялық белгілердің болуы.

51. Радиолокаторды пайдаланатын кемелер қауіпсіз жылдамдық таңдау кезінде қосымша мыналарды ескереді:



1) радиолокациялық жабдықтың сипаттамасы, тиімділігі және шектеулері;

2) пайдаланылатын радиолокациялық қашықтық шкаласы салатын кез келген шектеулер;

3) су бетінің, метеорологиялық факторлардың, сондай-ақ басқа да кедергі көздерінің жай-күйлерін радиолокациялық анықтауға әсері;

4) радиолокатордың жеткілікті қашықтықта шағын кемелерді, мұзды және қалқымалы объектілерді, навигациялық жабдықтар белгілерін, аласа жағалауларды байқай алмау мүмкіндігі;

5) радиолокатор анықтаған кемелердің саны, тұрған жері және орын ауыстыруы;

6) жақын жердегі кемелерге немесе объектілерге дейінгі қашықтықты радиолокациялық өлшеу кезінде алынатын көру мүмкіндігінің неғұрлым нақты бағасы.

52. Кеме жағдайды бағалауға сенімсіздік жағдайында (басқа кемелердің іс-әрекеттеріндегі түсініксіздік, сигналдардың берілмеуі немесе қате расталуы, бағдарды жоғалту, навигациялық жабдық белгілерінің болмауы немесе жарамсыздығы) жүрісін азайтады немесе өзара іс-әрекеттерін келіскенге немесе жағдайды анықтағанға дейін қозғалысын тоқтатады.

53. Кеме жолдары шектеулі габариттерінің учаскелерінде, шығанақтарда, арнаның еңісіне, жағаға жақындаған кезде, жер снарядтарының, тұрған кемелердің, доктардың, мұнай станцияларының, өткелдердің, сүңгуір кемелердің және басқа да жүзу құралдарының жанынан өткен кезде олар үшін қауіпті толқын көтерілуін болдырмау үшін қозғалысын төмен жылдамдықпен (ең азына дейін) жүзеге асырады.

54. Өздерінің іс-әрекеттерін көрсету немесе келісу қажет болған жағдайларда кемелер бір-біріне көрінетін болғанда осы Қағиданың 155-тармағына сәйкес дыбыс сигналдарын береді.



 

 

§ 9. Тіркеп сүйреудің және итерудің ерекше жағдайлары



 

55. Тіркеп сүйреудің ерекше жағдайларында қозғалысты, маневр жасауды және сигналдар беруді басқару мына кездерде жүзеге асырылады:

1) өз машиналарын пайдаланатын кемеге (құрамға) көмек көрсету кезінде маневр жасауда немесе қиын учаскелерді өтуде (айлақтан бұрылу, оған жақындау, одан кету кезінде, шлюзге кіру кезінде, көпірлердің астынан өту кезінде, қайраңдар арқылы және ұқсас жағдайларда) - оған көмек көрсетілетін кеме;

2) тіркеп сүйреу немесе бірнеше кемелермен бірлесіп сүйреу және итеру кезінде - егер тіркеп сүйреуге берілген тапсырмада өзгеше белгіленбесе, неғұрлым қуатты басты қозғалтқыштарымен тіркеп сүйреуші (итеруші).

56. Осы Қағиданың 55-тармағында көрсетілген көмек көрсету және тіркеп сүйреу жағдайларында сигналдар береді:



1) алдыңғы кеме - егер тіркеп сүйреушілер кильватерге жалғанса;

2) тіркеп сүйреуші - бірлесіп сүйреу және итеру кезінде;

3) егер тіркеп сүйреуді борттары байланып қойылған кемелер жүзеге асыратын болса, одан сүйреу арқаны берілген кеме; бұл ретте одан сүйреу арқаны берілген кеменің сол жақ борты бос;

4) тіркеп сүйреуші - өздігінен жүретін кемеге көмек көрсету кезінде.

57. Борт астында тіркеп сүйреген кезде (рейдтіктен басқа) тіркеліп сүйрелетін кеме сүйрейтін кеменің оң жағында болады.



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет