Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 шілдедегі №845 Қаулысы «Ішкі су көлігі туралы»


§ 5. Тіркеп сүйреу және тұрақта тұрған кезіндегі өздігінен жүрмейтін кемелер



бет3/8
Дата09.06.2016
өлшемі2.73 Mb.
#124015
1   2   3   4   5   6   7   8
§ 5. Тіркеп сүйреу және тұрақта тұрған кезіндегі өздігінен жүрмейтін кемелер

 

113. Өздігінен жүрмейтін кемелер оларды арқанмен, борт астына тіркеп сүйреген, сондай-ақ тұрақта тұрған (тіркеп сүйреушімен немесе онсыз) уақытта:

1) ұзындығы 50 метрден кемірек жеке кеме - бір ақ айналма от (борт астына тіркеп сүйреген кезде бұл от топтық отқа ауыстырылады);

2) ұзындығы 50 м және одан артығырақ - алдыңғы және артқы бөлігінде бір ақ айналма оттан (борт астына тіркеп сүйреген кезде бұл оттар тиісінше топтық от пен артқы отқа ауыстырылады);

3) құрамда - әрбір кеменің алдыңғы бөлігінде және әрбір соңғы кеменің артқы бөлігінде бір ақ айналма оттан алып жүреді.

114. Мұнай жүктері, олардың қалдықтары, жарылғыш немесе улы заттар бар тұрақтағы өздігінен жүрмейтін кемелер осы Қағиданың 113-тармағымен ұйғарылған оттарға қосымша әрбір кемеде бір қызыл айналма оттан алып жүреді. Күндіз олар «Б» сигналдық жалаудан (қалқаннан) алып жүреді.

115. Өздігінен жүрмейтін итерілетін кемелер тұрақта итерушімен немесе онсыз жүктің түріне байланысты осы Қағиданың 113 және 114-тармақтарына сәйкес тіркеп сүйреуші кемелер сияқты осындай оттар алып жүреді.

116. Өздігінен жүрмейтін кемелер оларды итерушімен құрамда арқанмен тіркеп сүйреген кезде осы Қағиданың 104-тармағына сәйкес итерілетін кемелер сияқты осындай оттар алып жүреді.

117. Рейдте немесе жағада тұрған жалғастырылған өздігінен жүрмейтін кемелер тобында жүріс жағындағы кемелер және алдыңғы счалдың барлық кемелері алдыңғы бөлігінде, ал соңғы (артқы) счалдың барлық кемелері - артқы бөлігінде де бір ақ айналма оттан алып жүреді.

118. Мұнай айдайтын, мұнай бункерлейтін және тазартқыш станциялар осы Қағиданың 114-тармағына сәйкес мұнай жүктері бар тиісті мөлшерлердегі өздігінен жүрмейтін кемелер сияқты оттар мен белгілер алып жүреді.

119. Дебаркадер діңгекте бір ақ айналма от және қондырма қабырғасында кеме жолы жағынан көрінетін бір ақ от алып жүреді.

120. Арқанды өткел паромы тұрақта және бір жағадан екінші жағаға қозғалыс кезінде ақ айналма от алып жүреді, паром өткелінің арқанына екі жағалауда да жоғарыдан қорғаныш күнқағарларымен тасаланған шамдармен жарық түсіріледі.

121. Өздігінен жүрмейтін кеме қайраңда осы Қағиданың 113-тармағына сәйкес ол үшін белгіленген тұрақ оттарын және одан басқа жүзбелі навигациялық белгі деңгейінде - егер оның жанынан басқа кемелердің өтуі мүмкін болса, кеменің кеме жолына шығып тұратын бөлігінде ақ айналма от; егер өту мүмкін болмаса - үш қызыл айналма от, күндіз - үш қара шар немесе көрінерлік жерде тігінен орналасқан ұқсас заттар алып жүреді.

 

 

§ 6. Тұрақтағы өздігінен жүретін кемелер



 

122. Тұрақтағы механикалық қозғалтқышты жеке кеме:

1) алдыңғы бөлігінде (діңгекте, тутұғырда, алдыңғы штагында) бір ақ айналма от;

2) 1800 секторда (траверзден 900 бойынша) көрінетін, жол жағындағы жүргіншілер шағын көпірінің шетінде бір ақ от;

3) көлденең орналасқан екі артқы от;

4) ені 5 м және одан кемірек кезде - діңгекте бір ақ айналма от;

5) күндіз зәкірде тұрған кезде - алдыңғы бөлігінде неғұрлым көрінерлік жерде қара шар алып жүреді (ені 5 м және одан кемірек кеме қара шар алып жүрмейді).

123. Мұнай жүктері, олардың қалдықтары, жарылғыш немесе улы заттар бар тұрақтағы өздігінен жүретін кеме осы Қағиданың 105-тармағымен ұйғарылған оттар мен белгілерді және олардан бөлек қосымша - қызыл айналма от, күндіз - «Б» сигналдық жалау (қалқан) алып жүреді.

124. Тұрақтағы итерушілер немесе тіркеп сүйреушілер құрамдарымен (салдарымен) жеке өздігінен жүретін кеме сияқты осы Қағиданың 122-тармағымен ұйғарылғандай оттар мен белгілер алып жүреді.

125. Өздігінен жүретін кеме қайраңда осы Қағиданың 122, 123-тармағына сәйкес ол үшін белгіленген тұрақ оттардан және одан басқа жүзбелі навигациялық белгі деңгейінде кеменің кеме жолына шығып тұратын бөлігінде - егер оның жанынан басқа кемелердің өтуі мүмкін болса, ақ айналма от; егер өту мүмкін болмаса - үш қызыл айналма от, күндіз - үш қара шар немесе көрінерлік жерде тігінен орналасқан ұқсас заттар алып жүреді.



 

 

§ 7. Салдар және тіреулік жүзбелі құралдар



 

126. Жүрістегі салдар:

1) ұзындығы 60 метрден кемірек кезде - салдың артқы бөлігінде бір ақ айналма от;

2) ұзындығы 60 м және одан артығырақ, бірақ 120 метрден кемірек кезде - екі ақ айналма от (біреуі оған тіркеп сүйреуші бекітілген алдыңғы бөлігінде, екіншісі - артқы бөлігінде);

3) ұзындығы 120 м және одан артығырақ, бірақ 240 метрден кемірек кезде - салдың бұрыштары бойынша төрт ақ айналма от;

4) ұзындығы 240 м және одан артығырақ, бірақ 480 метрден кемірек кезде - салдың борттары бойынша алты ақ айналма от (екеуі алдыңғы бөлігінде, екеуі - ортаңғы және екеуі - артқы); ұзындығы 480 м және одан артығырақ кезде әрбір 240 м сайын салдың борттары бойынша екі ақ айналма от қосылады (толық немесе толық емес);

5) кошельді сал - екі ақ айналма от, бірі - алдыңғы бөлігінде, екіншісі - артқы бөлігінде;

6) ұзындығы 60 метрден кемірек сал-сигарада - сигараның артында бір ақ айналма от, ұзындығы 60 м және одан артығырақ кезде - оның шеттерінде бір ақ айналма оттан алып жүреді.

127. Сал құрамының көл немесе су қоймасы бойынша қозғалысы кезінде, егер дауыл жағдайларына байланысты салдың оттары сөніп қалса және оларды орнату мүмкін болмаса, басқа кемелер жақындаған сайын салға мезгіл-мезгіл тіркеп сүйреушінің прожекторымен жарық түсіріледі.

128. Салдар жүру жолдарындағы тұрақта жүрістегі сияқты оттар алып жүреді.

129. Құрастыру рейдінде тұрған салдар кеме жолы жағынан әрбір 500 м сайын (толық немесе толық емес) түсі тиісті навигациялық белгілердің оттары сияқты айналма оттар алып жүреді.

130. Орман орлары мен айлақтарының орман бағыттаушы және орман қорғаушы жүзбелі құрылыстары шет жақтарында, сондай-ақ бүкіл ұзындығы бойынша әрбір 100 м сайын түсі тиісті жүзбелі навигациялық белгілердің оттары сияқты айналма оттар алып жүреді.

131. Жүзбелі айлақ-понтондар, сорғы станциялары, суға шомылатын орындар кеме жолына қарай шығып тұратын бөлігінде ұзындығы 50 метрден кемірек кезде бір ақ айналма от, ұзындығы 50 м және одан артығырақ кезде - әрбір 50 м сайын ақ айналма оттар алып жүреді.



 

 

§ 8. Техникалық флот кемелері



 

132. Кез келген құрылымдағы және мақсаттағы су түбін тереңдеткіш снаряд кеме жолындағы жұмыс кезінде:

1) діңгекте бір жасыл айналма от;

2) кеме жолының оң белдеуіндегі жұмыс кезінде жүріс жағынан брезент жаппа биіктігінде алдыңғы және артқы бөліктерінде орналасқан екі қызыл айналма от (жаппалық), сол белдеудегі жұмыс кезінде - тиісінше екі жасыл айналма от (кеме жолына көлденең жұмыс кезінде - су асты өтпелері үшін орлар әзірлеу - жоғарыда көрсетілген екі брезент жаппалық от жер снарядының алдыңғы немесе артқы бөлігінде тиісінше жиегінде орналасады);

3) рефулерлік снарядтың жүзбелі топырақ өткізгішінде - әрбір 50 м сайын айналма оттар (топырақ үйіндісі кезінде қызылдар кеме жолының оң жиегіне, ақтар - сол жиегіне) алып жүреді.

133. Көпшөмішті жер снаряды кеме жолының бүкіл кеңдігі бойынша жұмыс кезінде діңгекте қосымша бір жасыл айналма от - төрт жаппалық от (екеуі қызыл кеме жолының сол жиегіне қаратылған жағында, екеуі жасыл - оң жиегіне) алып жүреді.

134. Су түбін тазартқыш снарядтар және су асты жұмыстарымен (сүңгуірлік жұмыстарсыз кемелерді көтеру, құбырлар, кабельдер төсеу және басқалары) айналысатын кемелер діңгекте бір жасыл айналма от, күндіз - «Б» сигналдық жалау (қалқан) алып жүреді.

135. Кеме жолында немесе одан тыс топырақ өндіретін жүзбелі крандар және су түбін тереңдеткіш снарядтар (тек кеме жолынан тыс жұмыс кезінде) зәкірде тұрған кезде тиісті мөлшерлердің өздігінен жүрмейтін кемелері сияқты осындай оттар алып жүреді.

136. Сүңгуірлік жұмыстармен айналысатын кеме тігінен орналасқан екі жасыл айналма от, күндіз - «А» екі сигналдық жалау (қалқан) алып жүреді.

137. Түбін тереңдеткіш және түбін тазартқыш снарядтар, сүңгуір кемелер және су асты жұмыстарын жүргізу үшін арналған, өзінің негізгі операцияларын орындаумен айналыспайтын кемелер жүрісте және тұрақта тиісінше өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін кемелер сияқты оттар мен белгілер алып жүреді, бұл ретте топырақ өткізгіште әрбір 50 м сайын ақ айналма оттар қойылады.



 

 

§ 9. Балық аулау кемелері



 

138. Жабдықтардан тұратын, ау құратын немесе өзендерде шығарған ауымен ағыс бойынша ағып кететін балық аулау кемесі оң жағалауда жұмыс істеген кезде діңгекте - екі қызыл, сол жағалауда - тігінен орналасқан екі ақ айналма от; күндіз - тиісінше екі қызыл немесе екі ақ сигналдық жалау алып жүреді. Шығарылған құрал-саймандар бойына әрбір 100 м сайын қайықтарда немесе басқа құрылғыларда түсі тиісті жүзбелі навигациялық белгілердің оттары сияқты айналма оттар қойылады.

139. Осы Қағиданың 138-тармағында көрсетілген кеме қасынан өтетін кемені алдын ала мынадай сигналдармен: түнде оң жағалаудағы жұмыс кезінде - қызыл оттың жылтылымен, сол жағалауда - ақ оттың жылтылымен; күндіз тиісінше қызыл немесе ақ бұлғау жалаумен ескертеді. Қасынан өтетін кеме өтетін жағын тиісті борттан бұлғау беру арқылы растайды.

140. Көлдерде және су қоймаларында балық аулаумен айналысатын, сондай-ақ навигациялық жабдықтаудың түбегейлі жүйесі учаскелеріндегі кеме:

1) тралдау кезінде - тігінен орналасқан, екі айналма от (олардың жоғарғысы жасыл, төменгісі - ақ); күндіз - төбелері бірге екі қара конустан тұратын белгі (кеменің ұзындығы 20 метрден кем болғанда, көрсетілген белгінің орнына себет қоюға болады);

2) аулаудың басқа тәсілдері (тралдаудан басқа) кезінде - тігінен орналасқан, екі айналма от (олардың жоғарғысы қызыл, төменгісі - ақ); күндіз - 140-тармақтың 1-тармақшасына сәйкес тралдау кезіндегідей белгі (немесе себет);

3) егер ол суға қатысты жүріске ие болса, осы тармақтың 1, 2-тармақшаларында көрсетілген оттарға қосымша, осы Қағиданың 97-тармағы 2 және 3-тармақшаларында көзделген борттық және артқы оттар алып жүреді.

141. Жүрістегі немесе тұрақтағы, аулаумен айналыспайтын балық аулау кемесі тиісті мөлшерлердің өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін кемелері сияқты оттар алып жүреді.

142. Балық аулаумен айналысатын кемелерге:

1) балық аулау жабдықтарын кеме жолының жартысынан артығына құруға;

2) балық аулау жабдықтарын кеме жолында көпірлердің кеме қатынасы аралықтарынан 1 километрден кемірек қашықтықта құруға;

3) 1 километрден кемірек шектеулі көру мүмкіндігі кезінде кеме жолына шығуға;

4) балық аулау жабдықтарын жақындап келе жатқан кемелердің алдында құруды бастауға рұқсат етілмейді.

 

 

6. Дыбыс сигналдары



 

 

§ 1. Жалпы талаптар және шарттар

 

143. Ұзындығы 7 м және одан артығырақ механикалық қозғалтқышты кемелер, сондай-ақ су түбін тереңдететін снарядтар ұзақ және қысқа дыбыстар шығаруға қабілетті дыбыстық-сигналдық құрылғылармен жабдықталады.

Осы құрылғылармен берілетін дыбыс сигналдары ұзындығы 20 м және одан артығырақ кемеден берілген кезде - кемінде 2,0 км, ұзындығы 20 метрден кемірек кемеден берген кезде - 1 км қашықтыққа естіледі.

144. Дыбыс сигналдары түнде жарықпен (прожектормен, ақ айналма отпен) қайталанады, бұл ретте жарықтың сәулесі басқа кемелердің кеме жүргізушілерінің көздерін шағылыстырмайды.

145. «Қысқа дыбыс» термині ұзақтығы 1 сек шамасындағы дыбысты, «ұзақ дыбыс» 4-тен 6 секундқа дейін созылатын дыбысты білдіреді.

146. Өздігінен жүрмейтін кеме экипажымен қоңыраумен немесе дыбыс сигналдарын беру үшін металл затпен жабдықталады.

147. Дыбыс сигналдарын (апат сигналдарынан және авариялық жағдайды болдырмау үшін арналған сигналдардан басқа) беру жолдың сол немесе өзге учаскесінде қабылданатын шектеулерге байланысты.

148. Осы Қағидамен ұйғарылған сигналдар ретінде қате қабылдануы мүмкін дыбыс сигналдарын беруге рұқсат етілмейді.



 

 

§ 2. «Ескерту» және «Борт сыртындағы адам» сигналы

 

149. Кеме онымен байланысты берілген жағдайдан туындайтын шаралар қабылдау (қозғалысты тоқтатуға дейін) талап етілетін қауіп туралы басқа кемені ескерту ниетінде болғанда кемінде бес қысқа дыбыс береді.

150. Өздігінен жүрмейтін кеме тиісті дыбыстық-сигналдық құрылғылары болмаған кезде осы сигналды осы Қағиданың 155-тармағының 8) тармақшасына сәйкес қайталай отырып, бұл сигналды қоңырауға немесе металл затқа жиі соғумен береді.

151. Адамның борттың сыртына құлауы және батып бара жатқан адамды құтқару кезінде кеме үш ұзақ дыбыс береді.



 

 

§ 3. Шектеулі көру мүмкіндігі кезіндегі сигналдар



 

152. Жүрістегі өздігінен жүретін кеме шектеулі көру мүмкіндігі кезінде 2 минуттан аспайтын уақыт аралығында бір ұзақ дыбыс беріп отырады.

153. Кемелерді немесе салдарды итеретін немесе тіркеп сүйрейтін кеме шектеулі көру мүмкіндігі кезінде 2 минуттан аспайтын уақыт аралығында бір ұзақ және екі қысқа дыбыс береді.

154. Өздігінен жүретін жеке кеме немесе зәкірдегі немесе қайраңдағы құрам кеме жолы шегінде шектеулі көру мүмкіндігі кезінде жақындап келе жатқан кемелерді ескерту үшін бір қысқа, бір ұзақ және бір қысқа дыбыстар береді. Өздігінен жүрмейтін кеме экипажымен бұл жағдайда қоңырауға немесе металл затқа жиі ұру арқылы сигнал береді.

 

 

§ 4. Маневр көрсету және ескерту сигналдары



 

155. Кемелер қолданатын сигналдар, олар бір-біріне көрінерлік болғанда, мынадай мәндерге ие:

1) бір қысқа дыбыс - «Мен өз бағытымды оңға өзгертемін»;

2) екі қысқа дыбыс - «Мен өз бағытымды солға өзгертемін»;

3) үш қысқа дыбыс - «Менің қозғалтқыштарым артқы жүріске жұмыс істейді»;

4) төрт қысқа дыбыс - «Мен айналым жасауға ниеттендім», «Мен тоқтауға ниеттендім»;

5) бір қысқа және бір ұзақ дыбыстар - «Жүрісті арттыруды сұраймын»;

6) бір ұзақ және бір қысқа дыбыстар - «Жүрісті азайтуды сұраймын»;

7) бір ұзақ, бір қысқа және бір ұзақ дыбыстар - «Радиобайланысына шығуды сұраймын»;

8) күндіз бұлғаушы тудың, түнде ақ оттың көлденең қозғалысы, «Тоқтауды сұраймын»;

9) бір ұзақ, бір қысқа, бір ұзақ және бір қысқа дыбыстар - «Мен Сізді түсіндім».

156. Жолаушылар кемесі айлаққа кеметұрағына жақындаған кезде бір ұзақ дыбыс, рейске кеткен кезде - бір ұзақ және үш қысқа дыбыс береді.



 

 

§ 5. Апат сигналдары



 

157. Кеме апатқа ұшырағанда және көмек талап еткенде мынадай сигналдарды (бірге немесе бөлек қолданылатын) пайдаланады немесе ұсынады:

1) дыбыс сигналдарын беру үшін арналған кез келген аппаратпен үздіксіз дыбыс, сондай-ақ қоңырауға немесе металл затқа үздіксіз жиі соққылар;

2) айналма отпен, прожектормен жиі жылтылдату немесе жалауды немесе отты тігінен орын алмастыру (жоғары - төмен);

3) қызыл жұлдыздар шашатын, қысқа уақыт аралықтары арқылы бір-бірлеп жіберілетін ракеталар немесе гранаталар;

4) парашютті ракетаның қызыл жарығы немесе қызыл түстің фальшфеері;

5) кемеде жанып жатқан шайырлы немесе мазутты бөшкенің жалыны;

6) оның үстіндегі немесе астындағы шармен немесе шарға ұқсас затпен шаршы жалаудан тұратын сигнал;

7) қолдарды екі жаққа созып, баяу көтеру және түсіру және қайталау;

8) радиотелеграфтық апат сигналы;

9) апат туралы радиотелефондық хабарлама.

158. Кемелерде жоғарыда көрсетілген сигналдардың кез келгенін апат туралы нұсқау мен қажетті көмектен өзге мақсаттарда қолдануға немесе ұсынуға рұқсат етілмейді.



 

 

7. Шағын көлемді және желкенді кемелердің жүзуі



 

 

§ 1. Шағын көлемді және желкенді кемелердің қозғалысы

 

159. Осы тараудың нормалары ішкі су жолдарында шағын көлемді (желкенділерді қоса алғанда) және шағын көлемді емес желкенді кемелерге қолданылады және осы Қағиданың басқа бөлімдерінің нормаларын ескере отырып қолданылады.

160. Жеке немесе тіркеп сүйрелетін (итерілетін) шағын көлемді кемелермен жүретін шағын көлемді кемелер, сондай-ақ желкенді кемелер кеме жолының шегінен тысқары жүреді (белгіленген қозғалыс белдеулері немесе навигациялық жабдықтаудың түбегейлі жүйесі учаскелеріндегі ұсынылған бағыттар). Жол жағдайына байланысты мұндай жүріс мүмкін болмаған жағдайда, олар бағыт бойынша оң жиекті бойлай кеме жолымен одан 10 метрге дейінгі шекте бір қатар болып жүреді. Бұл ретте олар кеме жолында шағын көлемді емес кемелердің қозғалысын және маневр жасауын қиындатпайды, ол үшін күні бұрын дыбыс және көру сигналдарымен алмасусыз олардың жолынан кетеді.

161. Шағын көлемді және желкенді кемелер қажет болған кезде кеме жолын (қозғалыс белдеуін, ұсынылған бағытты) кесіп өтеді, сондай-ақ әдетте кеме жолын қиып өте отырып, өтетін шағын көлемді емес кемелердің кормасының артынан бұрылысты орындайды. Жақындап келе жатқан кемелердің бағытын кесіп өту маневрі олардан кемінде 0,5 км қашықтықта аяқталады. Кесіп өту тік бұрышқа жақын бұрыш арқылы және мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізіледі. Кеме жолын ұйғарылған жерде кесіп өткен жағдайда да осы шарттар сақталады.

162. Шағын көлемді және желкенді кемелердің шлюздер арқылы өтуі олар арқылы кемелерді өткізу туралы қолданыстағы ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.

163. Шағын көлемді және желкенді кемелерге олар өндірістік тапсырмаларды орындаған жағдайларды қоспағанда:

1) келе жатқан немесе тұрған шағын көлемді емес кемелердің, жер снарядтарының, жүзбелі крандардың маңында және олардың арасындағы аралықтарда маневр жасауға және тоқтауға;

2) кеме жолы шегінде (қозғалыс белдеулері, ұсынылған бағыттар), сондай-ақ жүзбелі навигациялық белгілер маңында тоқтауға немесе зәкірге тұруға;

3) олардан жоғары және төмен 200 метрден кемірек қашықтықта жолаушы және жүк айлақтарында, дебаркадерлер маңында тоқтауға;

4) 1 километрден кем шектеулі көру мүмкіндігі кезінде кеме жолына шығуға, ал желкенді кемелерге түнде де рұқсат етілмейді.

164. Желкен астында жүретін және сол бір мезгілде мотормен қозғалысқа келтірілетін шағын көлемді емес кемеге кеме жолында түнде жүзуге рұқсат етілмейді, ал күндіз осы Қағиданың 160-тармағына сәйкес 10 метрлік белдеу шегінде ғана рұқсат етіледі.

165. Шағын көлемді жүрдек кеме 0,5 километрден кемірек шектеулі көру мүмкіндігі жағдайларында, сондай-ақ жарық түсірілмеген бағдарлар 0,5 километрден кемірек қашықтықта танылатын, тәуліктердің қараңғы уақытында қозғалысты суығыстырым жағдайында ғана жүзеге асырады.

166. Шағын көлемді және желкенді кемелерге 10 метрлік белдеуден тыс кеме жолы бойынша жүзуге спорттық және басқа да ұйымдастырылған іс-шараларды өткізу кезінде және су көлігіндегі уәкілетті бақылау органының аумақтық бөлімшесімен жазбаша келісілгенде ғана рұқсат етіледі.

167. Шағын көлемді және желкенді кемелерге олар бойынша қозғалыс рұқсат етілмейтін порттар айдындарында, арналарда және жолдың жекелеген учаскелерінде олар үшін жеке қозғалыс белдеулері белгіленеді.

168. Шағын көлемді және желкенді кемелер су қоймаларында, көлдерде және навигациялық жабдықтаудың түбегейлі жүйесі аудандарында шектеулі көру мүмкіндігі кезінде осы бөлімнің нормаларынан басқа, сондай-ақ осы Қағиданың 8-тарауы 3-параграфын басшылыққа алады.



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет