Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы №715 Қаулысы «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы»


Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды тіркеу тәртібі



бет2/4
Дата09.06.2016
өлшемі214 Kb.
#125210
1   2   3   4
7. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды тіркеу тәртібі

 

51. Комитеттің аумақтық органдары ведомстволық бағыныстағы аумақта шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстардың (бұдан әрі - курстар) оқу ұйымдарын тіркеуді жүзеге асырады, кеме жүргізушілерді аттестаттауды жүргізу барысында даярлау және қайта даярлау сапасын айқындайды.

52. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу бағдарламасы (бұдан әрі - оқу бағдарламасы) шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды тіркеу кезінде Комитеттің аумақтық органының басшысымен келісіледі.

53. Оқу бағдарламасын шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымы осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлаудың үлгілік бағдарламасының негізінде әзірлейді.

54. Курстарды тіркеу Комитеттің аумақтық органына шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды ұйымдастырушылардың өтініші бойынша мынадай құжаттарды ұсыну арқылы жүргізіледі:



1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы және көшірмесі немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі (жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік) Құжаттардың түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін қайтарылады;

2) оқытушылар құрамының су көлігі мамандығы бойынша жоғары немесе орта техникалық білімі дипломдарының түпнұсқалары және көшірмелері немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері. Құжаттардың түпнұсқалары тексерілгеннен кейін қайтарылады;

3) Комитеттің аумақтық органында келісілген шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу бағдарламасы;

4) оқу үдерісін ұйымдастыру үшін меншік құқығындағы немесе жалға алынған үй-жайдың бар екендігін растайтын құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін қайтарылады.

55. Оқу бағдарламасын келісу мен курстарды тіркеу Комитеттің аумақтық органына өтініш берген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

56. Комитеттің аумақтық органында шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды жабу оқу ұйымы басшысының өтініші бойынша жүзеге асырылады.

57. Оқу ұйымының басшысы шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі қызметтің жүзеге асырылуы туралы Комитеттің аумақтық органына жыл сайын хабарлайды. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстардың қызмет етуі туралы ақпарат бір жыл ішінде (мерзімі курстар ашылған күннен бастап есептеледі) берілмеген жағдайда бұл курстар есептен шығарылады.

58. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды Комитеттің аумақтық органының есебінен шығарғаннан кейін курстарды бітіргені туралы куәліктер (анықтамалар) курстарды жапқан кезеңнен бастап жарамсыз деп есептеледі.

 

 

8. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастыру



 

59. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау бойынша оқыту бағдарламасын меңгерген адамдар оқу ұйымдарында оқытудың толық курсы көлемінде қорытынды емтиханнан өтеді.

60. Жүргізілген емтихан қорытындылары бойынша курс тыңдаушылары оқытқан ұйымның атауы, сағатпен көлемі және меңгерген пәндері бойынша сынағы көрсетілген шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерінің курстарын бітіргені туралы куәлік (анықтама) алады. Емтихан тапсыру қорытындылары емтихан ведомосінде ресімделеді. Куәлік (анықтама) оқу ұйымы басшысының қолымен, оқу ұйымының мөрімен куәландырылады.



 

 

9. Оқу үдерісін ұйымдастыру



 

61. Оқу ұйымы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектерде бағалау жүйесін, оқыту нысанын (күндізгі немесе қашықтан) таңдауды, кадрларды іріктеуді, орналастыруды, қаржылық, шаруашылық және өзге де қызметтерді дербес жүргізеді.

62. Әрбір пән бойынша теориялық сабақтар шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау бағдарламасын негізге ала отырып жоспарланады.

63. Теориялық сабақтар арнайы жабдықталған сыныптарда (кабинеттерде) өткізіледі.

64. Меңгерілген оқу материалдарының сапасын және әрбір оқушы мен тұтастай алғанда оқу тобының білімін бағалау үшін оқу ұйымында кеме жүргізу бойынша қорытынды теориялық емтихандар мен сынақ жүргізіледі. Барлық өткен оқу пәндері бойынша жақсы баға алған тұлғалар Комитеттің аумақтық органдарына аттестаттауға жіберіледі.

65. Теориялық емтихан тапсыра алмаған оқушылар практикалық кеме жүргізу бойынша сынақты тапсыруға жіберілмейді.

66. Қорытынды емтихан тапсырған адамдарға шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерінің курстарын бітіргені туралы куәлік (анықтама) беріледі.

67. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курсты бітіргені туралы куәлік (анықтама) шағын көлемді кемелерді басқару құқығын беретін құжаттар болып табылмайды және шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік алуға аттестаттаудан өту үшін Комитеттің аумақтық органдарына беріледі.

 

 

10. Оқу-материалдық база



 

68. Оқу ұйымдарында оқу жоспарларын, бағдарламаларды іске асыру және шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау мен қайта даярлаудың жоғары сапасын қамтамасыз ету мақсатында оқуды оқу сыныптарында (кабинеттерінде), оқытудың техникалық құралдары, оқыту және көрнекі құралдардың көмегімен жүргізеді.

69. Тақырыптарды зерделеген кезде плакаттар, макеттер, бейне техника қолданылады.



 

 

11. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлаудың үлгілік бағдарламасы



 

70. Нақты бағдарламаларды, тақырыптық және жұмыс жоспарларын жасау кезінде әзірлеушілер топ дайындалатын кемелердің үлгісіне бағдарланады.

71. Шағын көлемді кемені басқарудың практикалық дағдысын пысықтауға бөлінетін сағат санын оқу ұйымы оқушының шағын көлемді кемені басқаруға жеке дайындығына байланысты белгілейді.



Оқу нәтижесінде кеме жүргізушісі мынадай пәндер бойынша білім алады:

1) шағын көлемді кемелердің жіктелуі және кеме теориясының негіздері;

2) кеменің құрылысы;

3) шағын көлемді кемелерді пайдалану, олардың теңізде жүзу қабілеті және маневрлік қасиеттері;

4) кемедегі құрылғылар, жүйелер және жабдықтар (құтқару, сигнал беру және өртке қарсы құралдар);

5) кемелерге қызмет көрсету мен оларды жөндеу (такелаждық және сырлау жұмыстары);

6) іштен жанатын қозғалтқыштардың сыныпталуы (қысқаша техникалық сипаттамасы, шағын көлемді кемелерде қолданылуы);

7) шағын көлемді кемелердің қозғалтқыштары, сыныпталуы мен қағидаттық құрылысы;

8) шағын көлемді кемелердің қозғалтқыштарына қызмет көрсету кезіндегі қауіпсіздік шаралары;

9) шағын көлемді кемелердің сыныпталуы, құрылысы және желкенді жабдықтары;

10) желкенді кемені басқару техникасының негізі, оған қызмет көрсету және жүзудің кауіпсіздігін қамтамасыз ету;

11) шағын көлемді кемелердің электр жабдықтары;

12) су жолдарының жалпы сипаттамасы мен оған қысқаша шолу;

13) гидрометеорологияның негіздері, ішкі кеме жүзу жолдарының лоциялары;

14) ішкі су жолдары бойынша жүзу қағидасы;

15) теңіз навигациясының негіздері мен теңіздердің лоциясы, теңіздердің навигациялық жабдықтарының құралдары (НЖҚ);

16) кемелердің теңізде соқтығысуынан сақтандырудың халықаралық қағидалары;

17) шағын көлемді кемелерді әртүрлі жағдайларда жүргізудің әдістері мен күрделі гидрометеорологиялық жағдайларда жүзу кезінде басқару ерекшеліктері;

18) алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсетудің негіздері.

72. Осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес үлгілік бағдарламада шағын көлемді кемелердің жүзу аудандары бойынша оқу сағаттары көрсетілген.



 

Кеме жүргізушілерін шағын



көлемді кемені басқару

құқығына аттестаттау

қағидасына

1-қосымша

 

 

Фотоға

арналған орын

 

М.О.

 

Кеме жүргізушінің жеке карточкасы

 

Емтихан комиссиясының төрағасы

___________________________________

___________________________________

(ҚР ККМ Көліктік бақылау комитетінің

аумақтық органы басшысының лауазымы)

____________облысы (қаласы) бойынша

____________________________________

(Т.А.Ә. туған жылы, үйінің мекенжайы)

____________________________________

 

 

Өтініш

 

Сізден мені

_____________________________________________________________________________________________________________ауданында

(жүзу ауданын (аудандарын): ТЖ, ІСЖ, ІСЖӨ жэне ІСЖК)

______________________________________________________________________________________________________________________

(шағын көлемді кеменін үлгісін (үлгілерін): катер, мотоқайық, желкенді, желкенді, гидроцикл)

басқару құқығына емтихан тапсыруға жіберуіңізді өтінемін.

Құжаттарды ұсынамын:

1.____________________________________________________________________________________________________________________

(оқығаны туралы құжаттың атауы, кім бергені, нөмірі және берілген күні)

2.____________________________________________________________________________________________________________________

(шағын көлемді кемені басқаруға жарамдылығы туралы медициналық анықтама, нөмірі, берілген күні, медициналық мекеменің атауы)

3.____________________________________________________________________________________________________________________

(3x4 фотосурет - 2 дана, басқа құжаттар - атауы мен берілген күні)

______________________________________________________________________________________________________________________

(басқа құжаттар, көрсету)

Жүзе білемін / білмеймін _________________________________________________________________________________________________

Ұсынылды.____________________________________________________________________________________________________________

(паспорт, жеке куәлік, тұруға ықтиярхат, сериясы, нөмірі, берілген күні, кім берген, тіркеу - комиссия хатшысы емтихан күні толтырады)

Мекенжайы, байланыс телефондары (факс)________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________________________________________

«___» __________20___ж. ______________________________________________________________________________________________

(өтініш берушінің қолы)

Емтиханға жіберу туралы шешім __________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________

(комиссия төрағасы ресімдейді, күні, қолы; бас тартқан жағдайда - негіздемесі, күні, қолы)

 

Емтиханның нәтижелері

 

Пәннің және жүзу ауданының атауы

Білімді бағалау (сынақтан өтті, сынақтан өткен жок)

Емтихан қабылдау күні

Емтихан алушының қолы

Ескертпе

Кеме жүргізу мен шағын көлемді кемелерді пайдалану қағидалары

 

 

 

 

ТЖ - теңіздердің аумақтық және ішкі сулары

 

 

 

 

 

 

 

 

ІСЖ - кеме жүретін ішкі су жолдары

 

 

 

 

 

 

 

 

ІСЖӨ және ІСЖК- Қазақстан Республикасының кеме қатынасы үшін ашылған ішкі су жолдарының тізбесіне енгізілмеген ішкі су тоғандары

 

 

 

 

 

 

 

 

ТЖ және ІСЖ - теңіздердің аумақтық ішкі сулары және кеме жүретін ішкі су жолдары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Емтихан комиссиясы отырысының 20___ж.«_____»___________________№_________

хаттамасы негізінде_____________________________________________________________________________________________________

(кеме жүргізушінің тегі, аты, әкесінің аты)

______________________________________________________________________________________________________________________

(кеме (кемелер) үлгісі, желкен ауданы)

басқару құқығына сериясы «___ » № ___куәлік берілді.

Жүзу ауданы (аудандары) _______________________________________________________________________________________________

Емтихан комиссиясының төрағасы________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________

(Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органы басшысының лауазымы)

 

20 __ж.«__»______________

 

________________________________

(комиссия төрағасының қолы)

____________________________

(тегі, аты, әкесінің аты)

 

М.О.

 

Кеме басқарудың практикалық дағдылары__________________тексерілді____

(кеме үлгісі)

 

_______________________

(тексеру күні)

_________________________________________________________________________________

(басқару дағдысын тексерген адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты және қолы)

 

20___ж. «__» __________________________________________________________

 

________________________________________

(Комитеттің аумақтық органы басшысының қолы)

____________________________

(тегі, аты, әкесінің аты)

 

Кеме жүргізушілерін шағын



көлемді кемені басқару

құқығына аттестаттау

қағидасына

2-қосымша

 

 

Емтихан комиссиясы отырысының 20__ ж.«___»___________________________

____хаттамасы________________________________________________________________________________________________________

(Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті аумақтық органының атауы)

Тераға_____________________________________________Хатшы______________________________________________________________

Комиссия мүшелері_____________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________

Жүмыстың басталуы_.___сағ.__.мин. Жұмыстың аяқталуы ___сағ.__ мин.

 

Р/с



Тегі, аты, әкесінің аты

Туылған күні

Емтихан жұмысының түрі

Емтихан нәтижесі (тестілеу әңгімелесу

Берілді

Жүзу ауданы

Кеменің үлгісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Төраға________________________________________________________________________________________________________________

Комиссия мүшелері_____________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________

М.О.                  Хатшы_______________________________________________________________________________________________

 

Кеме жүргізушілерін шағын



көлемді кемені басқару

құқығына аттестаттау



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет