Мыналар:
-
МДТОҰ-да, сәбилер үйлеріндегі коммуникациялық жүйелер үй-жайлары (су құбырларының және кәріздеу бөлмелері, желдету және ауаны салқындату камералары), рекреациялық емес дәліздер, қойма және тұрмыстық бөлмелер, мүкаммалға арналған бөлмелер, жуынатын, себезгі бөлмелері мен дәретханалар, дезинфекциялау құралдарын дайындайтын бөлмелер, қоймалар;
-
жалпы білім беретін, арнайы (түзету) және интернат ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында: снаряд қоятын бөлмелер, қойма үй-жайлары (тез жанатын сұйықтықтарды сақтайтын бөлмелерден басқа), кітап сақтайтын бөлмелер, бойлер тұратын бөлмелер, су құбырлары мен кәріздеу сорғылары, желдету және ауа баптау камералары;
-
ТКБ, ЖОО-да: кітап сақтайтын бөлмелер, акт залдары, телестудиялар, фотозертханалар, киім ілетін орындар, себезгі бөлмелері, санитариялық тораптар;
-
мектептен тыс ұйымдарда: қойма және тұрмыстық бөлмелер, мүкәммалға арналған, снаряд қоятын, жуынатын бөлмелер, спорт залдарының және бассейннің жанындағы себезгі бөлмелері және дәретханалар, персоналға арналған дәретханалар, қыздарға арналған жеке гигиена бөлмелері, радиотораптар, кино-фотозертханалар, кітап сақтайтын бөлмелер, бойлер тұратын бөлмелер, су құбырлары мен кәріз сорғылары, желдету және ауа баптау камералары, дезинфекциялау құралдарын дайындайтын үй-жайлар, ғимараттың инженерлік және технологиялық жабдығын орнату және басқару үй-жайлары;
5) жалпы білім беретін ұйымдарда: акт залдары, кулуарлар, фойе, киім ілетін орындар, киім ауыстыратын бөлмелер, себезгі бөлмелері, санитариялық тораптар, радиотораптар, фотостудиялар және оларға зертханалар, асханалардың тамақтану залдары және ас блогының өндірістік үй-жайлары табиғи жарықтандырусыз жол беріледі.
-
Оқу үй-жайларында сол жақты бүйірден жарықтандыру көзделеді. Екі жақты жарықтандыру кезінде, оқу үй-жайларының тереңдігі 6 м астам болған жағдайда, төбеден кемінде 2,2 м биіктіктегі оң жақты жарықтандыру көзделеді. Негізгі жарық ағынының оқушылардың алдынан және арт жағынан түсуіне жол берілмейді.
-
Оқу-өндірістік шеберханаларда, спорт залдарында екі жақты табиғи бүйірден жарықтандырумен және аралас (үстіңгі және бүйір жақтан) жарықтандырумен қамтамасыз етуге жол беріледі.
-
Күндізгі жарықты барынша пайдалану және оқу үй-жайларын біркелкі жарықтандыру үшін ағаштарды ғимараттардан 15 м жақын емес, бұталарды – 5 м жақын емес қашықтықта отырғызады. Терезе әйнектерін бояуға жол берілмейді.
-
Топтық бөлмелердегі, ойын және жатын бөлмелердегі жарық түсетін саңылауларды реттелетін күннен корғайтын құрылғылармен (жалюзді, перделерді) жабдықтайды. Жатын үй-жайлардағы терезелер балалар ұйықтаған кезде перделермен жабылады, басқа кезде перделерді түріп қояды.
-
Терезелердің алдына табиғи жарықтандыруды азайтатын үлкен жапырақты гүлдерді орналастыруға жол берілмейді.
-
Жалпы жасанды жарықтандыру барлық үй-жайларда көзделеді. Жекелеген функционалды аймақтарды және жұмыс орындарын жарықтандыру үшін жергілікті жарықтандыру орнатылады.
-
Жасанды жарықтандыру үшін люминесценттік, қызу және электр қуатын сақтайтын шамдарды пайдаланады. Бір үй-жайда бір үлгідегі шамдар қолданылады. Шамшырақтар қорғаныш құрылғыларымен жабдықталады. Қыздыру шамдарымен жарықтандыру кезінде штангадағы аспалы шағылысқан және шашыраңқы жарықты шамдарды қолданады.
-
Люминесценттік шамдарды сыртқы қабырғадан 1,2 м және ішкі қабырғадан 1,5 м қашықтықта жарық түсіретін қабырғаға параллель орналастырады.
-
Жасанды жарықтандыру реттелетін және адамның көзін шағылыстырмайтын және басқа да қолайсыз әсері жоқ қауіпсіз болып көзделеді. Білім беру ұйымдарының үй-жайларындағы және балалар мен жасөспірімдер тұратын орындардағы жасанды жарықтандыру осы Санитариялық қағидаларларға 7-қосымшаға сәйкес нормаланады.
-
Күннен қорғайтын реттелетін құрылымының бастапқы қалпы терезенің жарық түсіретін алаңын азайтпауы және ТЖК нормаға келтірілген шамасын төмендетпеуі тиіс.
-
Сынып тақтасы оған параллель орнатылған екі шаммен жарықтандырылады, олар тақтаның жоғарғы шетінен 0,3 м жоғары және алдыңғы жағынан 0,6 м аралықта орналасады.
-
Соқыр және нашар көретін балаларға арналған объектілердегі оқу үй-жайларында (сыныптарға, кабинеттерге, зертханаларға, шеберханаларға), сондай-ақ оқу залдарына қызу шамдары қолданылатын жасанды жарықтандырудың аралас жүйесі жүргізіледі.
Көру патологиясының түріне байланысты жалпы және жергілікті жарықтандырудың жиынтық деңгейі мынаны құрайды:
-
жоғары деңгейдегі күрделі алыстан көрмейтін және жоғары деңгейдегі жақыннан көрмейтін оқушылар үшін – 1000 лк; көздің торлы қабығы мен көру нерві зақымдалған (көздің қарығуы болмайтын) балалар үшін – 1000 – 1500 лк;
-
жарықтан қорқу ауруынан зардап шегетін оқушылар үшін 500 лк-тен артық емес;
-
жасанды жарықтандыру деңгейі жалпы жарықтандыру жүйесінен 400 лк деңгейінде болады;
-
әр жұмыс орнына қуаты 40 ватт болатын қыздыру шамдары қолданылатын жергілікті жарықтандыру шамдарын орнатады. Шамдар үстелдің бетіне нығыз бекітіледі және еңкею бұрышы мен жарық көзінің биіктігін өзгертуге болатын иілімді кронштейні болуы тиіс.
-
Істен шыққан шамдар уақтылы ауыстырылады. Жұмыс істемейтін, істен шыққан люминесценттік шамдарды балалар мен оқушылар кірмейтін жеке үй-жайда сақтайды. Пайдаланылған люминесценттік шамдарды қоқыс жинайтын контейнерлерге тастауға жол берілмейді. Оларды сақтау және шығару мекеме басшысының бұйрығымен жауапты адамға жүктеледі. Пайдаланылған шамдарды жою және кәдеге жаратуды осындай қызмет түріне арналған лицензиясы бар ұйымдар жүргізеді.
-
Объектілердің балалар тұрақты болатын үй-жайларында штепсельді розеткаларды және ажыратқыштарды еденнен 1,8 м биіктікте орналастырады.
-
Вестибюльдерде, дәліздерде, рекреацияларда, гимнастика және акт залдарында, оқу шеберханаларында, ұйымдардың баспалдақтарында (еденде, негізгі аралықтардың сызығы бойынша және сатыларда) 5 лк болатын авариялық жарықтандыру жүргізіледі.
-
Терезелердің әйнегін жылына 3 – 4 рет және ішін айына бір рет жуады және тазалайды. Жарықтандыру арматурасын тазалауға балаларды тартуға жол берілмейді.
-
Объектілердің ғимараттары орталықтандырылған жылыту, желдету және ауа баптау жүйелерімен жабдықталуы тиіс.
-
Орталықтандырылған жылыту көзі болмаған жағдайда жеке қазандықты және газ жылуын пайдалануға жол беріледі.
-
Ауылдық елді мекендердегі орын саны 300-ден аспайтын аз жасақталған ауылдық ұйымдардың бір қабатты ғимараттарында пеш құрылғысына жол беріледі. Пеш жағу жеке кіретін жері бар оқшауланған үй-жайда жүргізіледі.
1-ші қабатта орналасқан сәбилер үйі, МДТОҰ ойын бөлмелерінде жылы едендер көзделеді.
-
Сәбилер үйлерінде, МДТОҰ-ғы балалардың күйікке шалдығуын және жарақат алуын болдырмау үшін жылыту құралдарын алмалы-салмалы ағаш торлармен қоршайды. Басқа ұйымдарда жылыту құралдарын сыртқы қабырғаларда, терезелердің астында, қоршаусыз орнатады.
-
Сору желдеткіші жүйесінің жекелеген жүйелері оқу сыныптарында, кабинеттерде (ауамен жылытылмайтын жағдайда), зертханаларда, акт залдарында, дәрісханаларда, оқу шеберханаларында, спорт залдарында, бассейндерде, тирлерде, асханада, медициналық пунктте, киноаппарат бөлмесінде, санитариялық тораптарда, тазалау мүкәммалын дезинфекциялау және өңдеу бөлмелерінде көзделеді.
-
Асханалардағы ауаның алмасуы технологиялық жабдықтан бөлінетін артық жылуды сіңіру есебімен жүргізіледі. Ас блогының өндірістік үй-жайларына тамақтанатын зал арқылы бір орынға сағатына 20 текше метр (бұдан әрі – м3/сағ) көлеміндегі ауаның кіруі көзделеді. Ауаны өндірістік үй-жайлар арқылы шығарады.
-
Зертханаларда, оқу-өндірістік шеберханаларда, дәрісханаларда, курстық және дипломдық жоба залдарында, акт және спорт залдарында, асханаларда, медициналық мақсаттағы үй-жайларда және санитариялық тораптарда сору желдеткішінің жеке жүйелері көзделеді.
-
Сәбилер үйлерінде, МДТОҰ-да ыстық сумен жабдықтау жүйесіне киім ауыстыратын орындардағы сыртқы киімді кептіруге арналған шкафтарда орналасқан жылыту құралдарын жалғайды.
-
Фрамугаларды және терезе желдеткіштерін жылдың кез-келген уақытында мақсатына сай қолданады. Металлопластикті терезелерді орнату фрамугаларды, терезе желдеткіштерін немесе күрделі ашумен жүзеге асырылады. Терезе желдеткіштерін ауданын еден ауданына кемінде 1:50 болатын қатынаста көздейді.
-
Өтпелі немесе бұрыштан желдетуді балалар болмаған кезде жүргізеді. Өтпелі желдетуді дәретханалар арқылы жүргізбейді.
-
Жатын бөлмелерде жылдың салқын мезгілінде фрамугаларды немесе тезере желдеткішін балаларды ұйықтату алдында 30 минут бұрын жабады, сосын ұйықтаған кезде ашып, балалардың ұйқыдан тұруынан 30 минут бұрын жабады. Жылдың жылы мезгілінде ұйықтаған кезде терезелер мен фрамугалар ашық қалдырылады.
-
Ұйымдардың негізгі (топтық ұяшықтар, оқу, тұрмыстық) үй-жайларындағы, сондай-ақ себезгі бөлмелері мен спорт залдың жанындағы киім ауыстыратын орындардағы, спорт залындағы, медициналық пункттің үй-жайларындағы ауа температурасын бақылау үшін балалардың бойына байланысты ішкі қабырғаға 0,8 – 1,2 м биіктікте бекітілген термометрлер орнатылады.
-
Оқу үй-жайларын үзіліс кезінде, рекреациялық бөлмелерді – сабақ өткізу кезінде желдетеді. Сабақтар басталғанға дейін және олар аяқталғаннан кейін оқу бөлмелерін өтпелі желдету жүргізіледі.
-
Станоктарда және механиздермен жұмыс істегенде жылу мен шаң көп бөлінетін шеберханалар сору-тарату желдеткішімен және жергілікті шаң ұстағыштармен және сору құрылғылармен жабдықталады. Объектілерде үй-жайлардың қолайлы микроклиматтық жағдайлары (температура және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы) қамтамасыз етіледі.
-
Жылыту кезеңінде ауаның температурасы мынадай болып көзделеді:
-
жатын және оқу үй-жайларында, кабинеттерде, зертханаларда, кітапханада, мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізілетін және демалу үй-жайларында, компьютер сыныптарында, қызметтік-тұрмыстық, кір жуатын орындарда плюс 18 – 22 градус Цельсий (бұдан әрі – °C);
-
тамақтану залдарында, буфеттерде, киім үтіктейтін, кептіретін бөлмелерде, қоймаларда және киім-кешек бөлмелерінде +16°C;
-
физиотерапевт кабинеттерінде, массаж кабинеттерінде +28°C;
-
медициналық үй-жайларда, топ бөлмелерінде, балалар тобындағы киім ауыстыратын орындарда, балалар тобындағы жатын бөлмелерде, балалар тобындағы дәретханаларда +20 – 22°C, оңтайлы ылғалдылық – 40 – 60°C;
-
оқу шеберханаларында, спорт залында және секциялы сабақтарды өткізуге арналған бөлмелерде, рекреацияларда, вестибюль мен киім ілетін орындарда, асханада, киімдер мен аяқ киімдерді кептіру бөлмелерінде + 15 – 17°C;
-
спорт залының киім шешетін орнында +19 – 23°C;
-
ваннасы бар бассейн үй-жайларында +30°C;
-
себезгі бөлмелерінде +25°C;
-
дәрігерлер кабинеттерінде +21 – 23°C.
Үй-жайлардағы ауаның оңтайлы ылғалдылығы 40 – 50 % -ды, асүйде және кір жуатын бөлмелерде 60 – 70 % -ға дейін құрайды.
165. Жыл сайын объектілерде сумен жабдықтау, кәріздеу, электрмен жабдықтау жүйелеріне, жылыту кезеңінің басталуына қарай жылыту және желдету жүйелеріне ревизия және жөндеу жүргізеді.
166. Апатты ғимараттарда және үй-жайларда орналасқан объектілерді пайдалануға жол берілмейді.
Объектілердің ғимараты объектінің апаттылығы туралы құзырлы органдардың актісі болған кезде апатты жағдайда деп танылады.
6. Балалар мен жасәспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілерінің аумақтарын және үй-жайларын күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
167. Балалар мен жасәспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілерінде осы Санитариялық қағидаларға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылары болуы тиіс.
168. Объектілердің аумағы таза ұсталуы, қар мен мұздан тазартылуы тиіс, қыс мезгілінде жолдарға құм себіледі. Ғимаратқа кіреберісте торлар, кілемшелер, щеткалар, қырғыштар орнатылады.
169. Ойын алаңдарындағы жабдықтар және шағын сәулет мүсіндері балаларды серуендету немесе ойнату алдында күнсайын шаңнан немесе ластан тазартылады, құмсалғыштағы құмдар жұмсартылады, аптасына бір рет қопсытылады, 7 – 10 күнде бір рет қайнатылған ыстық сумен өңделеді, жұмыстан тыс уақытта ластанудан қорғау үшін жабылады. Жылына кемінде бір рет және эпидемиялық көрсеткіштер бойынша құмды жаңа құммен ауыстырады.
170. Қоқыс жинағыштар (контейнерлер) 2/3 бөлігі толған кезде тазартылады.
171. Барлық үй-жайлар таза ұсталуы тиіс. Барлық үй-жайларды жинау жуу құралдарын қолдана отырып жүргізіледі және желдетіледі. Медициналық үй-жайларды, асхананы, буфетті және дәретханаларды күнсайын дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып жинайды.
172. Барлық үй-жайларды күрделі жинау (жиһаздарды қозғалта отырып едендерді жуу, жарықтандыру арматураларын, есіктерді, жиһаздарды дезинфекциялау және жуу құралдарының көмегімен сүрту) ай сайын және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып жүргізіледі.
173. Объектілерде қызмет көрсететін персоналдың (тәрбиешілердің көмекшілері, техникалық персонал) саны кемінде 3 жиын болатын арнайы киімі (костюм немесе халат, орамал, қалпақ, алжапқыш) бөлек шкафта сақталатын ауыстыратын аяқ киімі болады.
Дәретханаға кіру алдында халат шешіледі және шыққан соң қолды сабынмен мұқият жуады.
174. Қолданылатын дезинфекциялау ерітінділері дайындалған күні көрсетіле отырып, таңбаланған ыдыстарда нұсқаулыққа сәйкес дайындалады. Дезинфекциялау және жуу құралдары және олардың жұмыс ерітінділері балалар мен жасөспірімдер үшін қол жетпейтін орындарда сақталуы тиіс.
175. Үй-жайларды және жекелеген жабдық түрлерін (ас үстелдерін, ыдыс-аяқты, қабырғаларды, есіктерді, терезелерді, еденді) жуу және өңдеу үшін бөлек шүберек көзделеді. Шүберектер тиісінше таңбаланған ыдыстарда бөлек сақталады.
176. Жинау мүкәммалы (легендер, шелектер, щеткалар, шүберектер) таңбаланады және әр үй-жайға (санитариялық торап, медициналық кабинет, изолятор, ас блогы, ас блогындағы ет-балық цехы, буфет, рекреациялар, әр оқу бөлмесі, топтық үй-жайлар, зертханалар) бекітіледі және арнайы бөлінген орындарда сақталады. Оқу үй-жайларының топтары үшін жинау мүкәммалын пайдалануға жол беріледі.
177. Барлық ұйымдардың санитариялық тораптары үшін жинау мүкәммалының сигналды түсі болуы тиіс.
178. Сәбилер үйінде және МДТОҰ-ның топтық үй-жайларында, мектеп алды сыныптарында еден күніне екі рет жуылуы тиіс; жиһаздар, радиаторлар, терезелер, киімге арналған балалар шкафтары күнсайын сүртіледі және аптасына бір рет жуылады. Музыка және гимнастика сабақтары жүретін үй-жайларды жинау әр сабақтан соң жүргізіледі.
179. Жаңадан сатып алынған ойыншықтардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын сертификаттары болуы тиіс.
180. Пайдаланылған ойыншықтарды күнсайын жұмыс күнінің соңында 2% сабынды-содалы ерітіндіні пайдалана отырып жуады, ағып тұрған судың астында шаяды және кептіреді. Қуыршақтың киімдерін ластануына байланысты жуады және үтіктейді. Ойыншықтарды жууға арналған ыдыс пен щетка таңбаланады.
181. Жұмсақ ойыншықтарды пайдаланғаннан кейін күннің соңында ойыншықтан 25 см қашықтықта бактерицидті шамдармен 30 минут бойы дезинфекциялайды.
182. Сәби жастағы балалар үшін және изоляторда жұмсақ ойыншықтар және пенолатексті түкті ойыншықтарды пайдалануға жол берілмейді.
183. Жалпы білім беретін және интернат ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, ТКБ, КББО, ЖОО-да жуу құралдарын қолдана отырып, үй-жайларды күнсайын ылғалды жинау жүргізіледі:
1) сыныптарды, шеберханаларды және оқу кабинеттерін жинау әр ауысымдағы сабақ аяқталған соң жүргізіледі;
2) дәліздер мен рекреацияларды – әр ауысымның сабақтары аяқталғаннан кейін;
3) ойын залдарын – күн соңында;
4) тамақ ішу залы – әр тамақ ішкеннен кейін;
5) киім ілінетін орындар, вестюбюльдер – әр ауысымның сабағы басталу алдында;
6) спорт залдарында – желдете отырып, күніне 2 рет;
7) ғимараттың санитариялық тораптарында – әрбір үзілістен кейін.
Үй-жайларды ылғалды жинауды (едендерді жуу) ұйымның жұмыскерлері жүргізеді.
184. Объектілерде екі ауысымдық сабақтар болған кезде ауысым арасында үй-жайларды жинау және өтпе желмен желдету үшін ұзақтығы кемінде 45 минут болатын үзіліс көзделеді.
185. Спорттық мүкәммал шүберекпен сүртіледі, мүкәммалдың металл бөліктері өңдеуден кейін құрғағанға дейін сүртіледі. Былғарыдан жасалған төсенішті қоспағанда, төсеніштердің матадан жасалған алмалы-салмалы тыстары болады, олар аптасына кемінде бір рет және ластануына байланысты жуылады. Былғарыдан жасалған төсеніштер 2% сабынды-содалы ерітінді пайдаланыла отырып, ылғалды шүберекпен сүртіледі. Маталы төсеніштер аптасына кемінде 1 рет шаңсорғыштың көмегімен шаңнан тазартылады немесе ашық ауада қағылады.
186. Инфекциялық және паразиттік аурулар жағдайлары тіркелген кезде эпидемияға қарсы және дезинфекциялау іс-шаралары жүргізіледі.
187. Сору желдеткіші жүйелерінің жалюз торлары айына кемінде 1 рет шаңнан тазартылады. Сору желдеткіші шахтасын тазарту жылына кемінде бір рет жүргізіледі. Терезелер және терезе жақтаулары ластануына байланысты, бірақ үш реттен сиретпей іштен және сырттан (көктемде, жазда, күзде) жуылады.
188. Дәретханаларда едендер, есік тұтқалары, кран барашкалары, раковиналар және унитаздар күнсайын дезинфекциялауға жатады. Унитаздардағы отырғыштар сабынды жылы сумен жуылады. Унитаздың ішкі бетін тазалау және дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып, щеткалармен (квач) тазартады.
189. Пайдаланылған жинау мүкәммалы дезинфекциялау ерітіндісіне салынады, экспозициядан кейін шайылады және кептіріледі. Таза жинау мүкәммалы таңбаланған ыдыста шаруашылық шкафта немесе үй-жайларда жинау мүкәммалын өңдеу және сақтау үшін сақталады. Санитариялық тораптарды жинауға тәрбиеленушілер мен оқушыларды тартуға жол берілмейді.
190. САҚ-ты жинау күнсайын дезинфекциялық құралдарын қолдана отырып жүргізеді, қазылған шұңқырды дизенфекциялау 10 күнде 1 рет, қабырғаларды әктеу дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып, айына 1 рет жүргізіледі. САҚ-ны оның 2/3 бөлігі толуына байланысты, бірақ жылына бір реттен сиретпей тазартылады.
191. Ас блогы үй-жайларына (жатын және қажеттілігіне қарай басқа да үй-жайларда) шыбындар мен масалардың ұшып кіруінің алдын алу үшін желдету үшін ашылатын терезелерге, терезе желдеткіштеріне, фрамугаларға тор орнатылады.
192. Кілемдер күнсайын шаңсорғышпен тазартылады, күрделі жинау кезінде оларды ылғалды щеткамен сүртеді және желге қақтырады.
193. Құндақтау үстелдерін, балалардың жаялық астына салатын клеенкаларын, манеждердің, төбешіктердің жапқыштарын күнсайын және олардың ластануына байланысты сабынды сумен жуады. Нәжіспен ластанған жағдайда, жуу және дезинфекциялау құралдары қолданыла отырып, арнайы бөлінген шүберекпен бөлінділерден тазартылады.
194. Жеке түбектерді пайдалану қызмет көрсететін персоналдың қадағалауымен жүргізіледі. Түбектер пайдаланылғаннан кейін тазартылады, жуылады және дезинфекциялау ерітіндісі бар таңбаланған ыдысқа салынады, кейіннен оны шаяды. Таза түбектер дәретханаларда, жеке таңбаланған ұяшықтарда сақталады.
195. Объектілерінде жылына кемінде бір рет инженерлік жүйелерге, шатырға, қатты және жұмсақ мүкәммалға, жиһаздарға, жабдыққа және санитариялық-техникалық аспаптарға ревизия және қажеттілігіне қарай жөндеу (ауыстыру) жүргізіледі.
196. Объектілер жұмыс істеп тұрған кезде апаттық жағдайларды жою бойынша жұмыстарды қоспағанда, күрделі және басқа да жөндеу жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді.
197. Ұйымда шыбын-шіркейлердің, егеуқұйрықтардың және тышқан үлгіді кеміргіштердің болуына жол берілмейді. Дезинсекциялауды және дератизациялауды қызметтің осы түріне лицензиясы бар ұйым жүргізеді.
7. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілерінде тұру жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
198. Балалар мен жасөспірімдердің тұруына арналған объектілер ішіне-жапсарлас салынған ғимараттарда бөлек тұрған ғимараттарда, сондай-ақ оқу корпустарымен аралас орналасуы мүмкін.
199. Сәбилер үйлерінің, МДТОҰ-ның (балалар тәулік бойы болатын) жатын бөлмелерінің тұрғын ауданы 1 тәрбиеленушіге кемінде 2 м2, интернат ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, КББО-да кемінде 4 м2, полиемиелит және енжар паралич ауруларынан зардап шеккен балаларға арналған мектеп-интернаттарда кемінде 4,5 м2 көзделеді.
200. ТКБ оқушылары мен ЖОО студенттеріне арналған жатақханаларда 1 адамға кемінде 6 м2 аудан көзделеді және 1 бөлмеде 4 адамнан артық тұрмайды.
201. Сәбилер үйлерінің жатын бөлмелері төрт жағының қоршауы бар, ұзындығы 1,2 м, ені 0,6 м стационарлық кереуеттермен жабдықталады. Балалардың жасына байланысты төсектің еденнен биіктігі 0,3 – 0,5 м құрайды. Қоршау биіктігі еденнен 0,95 м.
202. МДТОҰ-ның жатын бөлмелері жеке стационарлық кереуеттермен жабдықталады. Үш жасқа дейінгі балаларға арналған кереуеттердің ұзындығы
120 см, ені 60 см құрайды, қоршауының және төсек биіктігі реттеледі, 3 – 7 жастағы балаларға арналған төсектердің ұзындығы 140 см, ені 60 см.
203. МДТОҰ-ның жатын бөлмелерінде кереуеттер өтуге және үй-жайды жинауға ыңғайлылықты есепке ала отырып, ұзын жағынан терезелерге параллель орналастырылады. Кереуеттер қатарлары арасындағы ең аз қашықтық – 0,5 м., бас жақтарының арасы – 0,2 м.
204. Интернат ұйымдарының, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының, КББО-ның жатын корпустарындағы және оқушылар мен студенттерге арналған жатақханалардағы жатын бөлмелер мынадай есеппен қатты мүкәммалмен жабдықталады: 1 адамға 1 кереует, 1 кереует жанындағы тумба, 1 орындық, киімге және аяқ киімге арналған киім ілгіш шкаф. Әр бөлмеде жазу үстелі көзделеді. Жатын бөлмелерде 7 жастан бастап қыз және ұл балалардың жеке тұруы көзделеді.
205. Жатын бөлмелердегі кереуеттер кереуеттердің ұзын жағының арасында 0,65 м, сыртқы қабырғадан кемінде 0,6 м, жылыту құралдарынан 0,2 м, екі кереуеттің бас жақтарының арасында 0,2 м, кереуеттер арасындағы орталық өту ені кемінде 1,0 м қашықтық сақтала отырып орналастырылуы тиіс.
206. Жатақханалардағы және жатын корпусындағы қосалқы және санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар (дәретханалар, қолжуғыштар, себезгі кір жуатын орындар, киім үтіктейтін орындар, киім кептіру бөлмелері, киімдер мен аяқ-киімдерді тазалау бөлмелері, ортақ асүйлер) осы Санитариялық қағидалардың нормаларына сәйкес бірінші қабатта көзделеді.
207. ТКБ және ЖОО жатақханаларының қабаттарындағы асүйлер тұрмыстық тоңазытқыштармен, пештермен, жуғыштармен, үстел-шкафтармен, ыдыс-аяққа арналған шкафтармен, қажет болғанда орындықтармен немесе табуреткалармен жабдықталады. Жабдық мынадай есеппен орнатылады: 5 адамға газ пешінің 1 конфоркасы, 3 адамға – электр пешінің 1 конфоркасы, 8 адамға – 1 жуғыш және 1 үстел-шкаф, 6 – 8 адамға – 1 тұрмыстық тоңазытқыш.
208. Бір жатын орынға төсек жабдықтарының үш жиынтығы көзделеді. МДТОҰ мен интернат ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, КББО-да барлық төсек жабдықтары (матрас, жастық, көрпе таңбаланады; жиналмалы кереуеттерді пайдаланған кезде төсек жабдықтары (жайма, жастық тыс, көрпе тыс) таңбаланады.
209. Интернат ұйымдарының, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының, КББО-ның жатын корпустарын санитариялық-техникалық жабдықпен қамтамасыз ету нормалары осы Санитариялық қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес көзделеді.
ТКБ оқушыларына арналған студенттік және жатақханаларда: 4 – 6 адамға 1 себезгі, 1 қол жуғыш және 1 унитаз және 50 адамға 1 биде орнатылады. әйелдердің жеке гигиенасы кабинасы 50 адамға 1 кабина көзделеді және жоғары көтерілетін себезгімен, унитазбен, себезгімен және қол жуғышпен жабдықталады.
210. Арнайы түзету ұйымдарындағы тұрғын үй-жайлардың санитариялық тораптарындағы санитариялық құралдардың, гигиеналық жабдықтардың саны ұйымның бейінін есепке ала отырып есептеледі:
1) тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларға арналған мектеп-интернаттарында 8 қыз балаға 1 унитаз, 12 ер балаға 1 писсуар және 8 ер балаға 1 унитаз, 6 адамға 1 қолжуғыш және 12 адамға 1 аяқ жуатын ванна; гигиеналық себезгілер – мектеп-интернаттарының 16 тәрбиеленушісіне 1 себезгі торы, 50 адамға 1 биде есебімен қыздар гигиенасы бөлмесі орнатылады;
2) соқыр және көзі нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернаттарында 8 қызға 1 унитаз, 10 ер балаға 1 унитаз және 0,5 м лотокты писсуар, 3 тәрбиеленушіге 1 қолжуғыш (қыздарға, ұлдарға), 6 тәрбиеленушіге 1 аяқ жуатын ванна, 30 қызға бір гигиена бөлмесі; оқу блогында персоналға арналған 1 дәретхана (бір унитаз, бір қолжуғыш); 12 тәрбиеленушіге бір себезгі торы есебімен гигиеналық себезгі; себезгі жанында ер балалар мен қыздарға бөлек бір унитаз, қолжуғыш, дәретханасы бар екі ванна;
3) тілінің мүкісі бар саңырау, көзі нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернаттарында 15 қызға бір унитаз және 20 ер балаға бір унитаз және бір писсуар; 8 тәрбиеленушіге бір қолжуғыш; 12 тәрбиеленушіге бір аяқ жуатын ванна; 70 қызға 1 гигиеналық кабина; мектеп-интернат персоналы үшін 2 дәретхана; 18 тәрбиеленушіге бір себезгі торы есебімен гигиеналық себезгі, ванна жанында ер балалар мен қыздарға арналған унитазы мен қолжуғышы бар бір ванна және бір дәретхана.
4) ақыл-есі дамымаған балаларға арналған мектеп-интернаттарда 8 қызға 1 унитаз, 10 ер балаға 1 писсуар және 1 унитаз; 4 тәрбиеленушіге 1 қолжуғыш, 8 тәрбиеленушіге 1 аяқ жуатын ванна; 35 қызға 1 гигиеналық кабина; 16 тәрбиеленушіге 1 гигиеналық себезгі есебімен гигиеналық себезгі; ер балалар мен қыздарға арналған үй-жайларда қолжуғышы бар бір ванна және бір унитаз көзделеді.
211. Балалар тәулік бойы болатын объектілерде оларды жуындыру төсек жабдықтары, іш киімді және сүлгілерді бір мезетте ауыстыра отырып, жеті күнде кемінде бір рет кесте бойынша жүзеге асырылады.
212. Киім-кешектерді жуу объектінің кір жуатын орнында жүзеге асырылуы тиіс, ол болмаған жағдайда, шарт бойынша кір жуатын орындарда жууды ұйымдастыруға жол беріледі. Инфекциялық аурумен ауыратын науқастардың киім-кешектері жуу алдында таңбаланған ванналарда дезинфекциялануға жатқызылады.
213. Төсек жабдықтарын, сүлгілерді ауыстыру ластануына байланысты, бірақ аптасына бір реттен сиретпей жүргізіледі. Лас киім-кешек кір жуу орнына қаптарда (клеенкалы және мата) жеткізіледі. Матадан тігілген қаптар жууға тапсырылады, клеенкалы сабынды-содалы ерітіндімен өңделеді. Таза киім жуылған қапта жеткізіледі.
214. Төсек жабдықтарының, жаңа және ескі киім мен аяқ-киімдердің, қатты мүкәммалдың қорын сақтау үшін қоймалар көзделеді.
215. Кір жуатын орынды орналастыру кезінде таза және лас киім-кешектің қарама-қарсы ағымы болмауы тиіс. Лас киім-кешекті тапсыруға және таза киім-кешекті алуға арналған терезелер бөлек болады және топтық бөліктер үй-жайына, жатын бөлмеге және ас блогына кіру есігіне қарама- қарсы орналастырылмайды; топтық үй-жайлардың терезесінің астына: ойын бөлмесінің, кіреберіс үй-жайдың, жатын бөлменің, сондай-ақ оқу үй-жайларының терезесі орналастырылмайды.
216. Лас киім-кешекті тапсыруға арналған терезесі бар шлюз кір жуу орнына қарай ашылуы тиіс. Сәбилер үйінің кір жуатын орындарында жас балалар тобы үшін ауданы 9 м2 болатын киім-кешектерді алғашқы өңдеуге арналған бөлме көзделеді.
217. Жобалық қуаты 280 адамға дейінгі мекемелерде кір жуатын үй-жайлар құрамында ауданы кемінде 4м2 болатын лас киім-кешекті өткізуге және сұрыптауға арналған, жеке есігі бар үй-жай көзделуі тиіс.
218. Кір жуатын орындар суық және ыстық су тартылған ванналармен жабдықталуы тиіс. Кір жуатын машина-автоматтарды орнатуға жол беріледі.
219. Балалар тәулік бойы болатын сәбилер үйлерінде, МДТОҰ-да, интернат ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, КББО-да төсек жабдықтары, сүлгілер, жеке гигиена заттары (тіс щеткасы, тарақ, жөке) әр балаға жеке бөлінеді. Жеке тіс щеткасын дәретханадан оқшауланған үй-жайдағы ашық ұяшықтарда сақтайды.
8. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру
объектілерінде тамақтандыруды ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
220. Қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілерінде мыналарға бөлінеді:
1) өндірістік шикізатты сатып алуды, аспаздық тағам өндіруді, білім беретін мекемелерді жабдықтауды жүзеге асыратын мектеп тағамының базалық ұйымы (мектеп тағамының комбинаты, мектеп-базалы асханалар);
2) жартылай фабрикаттардан тамақ және аспаздық бұйымдар дайындауды және оларды өткізуді жүзеге асыратын дайындауға дейінгі қоғамдық тамақтандыру ұйымдары;
3) апта күндері бойынша әртүрлі ас мәзіріне сәйкес тамақ өндіретін және (немесе) өткізетін азық-түлік шикізатымен немесе жартылай фабрикаттармен жұмыс істейтін асхана объектілері;
4) дайын тамақты, аспаздық, ұннан жасалған кондитерлік бұйымдарды өткізуді жүзеге асыратын буфеттер, буфеттер-тарату орындары.
221. Тамақтану объектілерінде тұруға, қоғамдық тамақтанумен байланысы жоқ жұмыстар мен қызметтерді орындауды, сондай-ақ жануарлар мен құстарды ұстауға жол берілмейді.
222. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілерінде шикізатпен немесе жартылай фабрикатпен жұмыс істейтін ас блогы көзделеді. Ас блогы 2 қабаттан жоғары орналастырылмайды. Ас блогын 2-ші қабатта орналастыру кезінде өнімді тасымалдау үшін жүк көтеретін лифтімен жабдықталады.
223. Шикізатпен жұмыс істейтін ас блогының құрамы мыналарды қамтиды: ыстық цех, тарату бөлмесі, салқындату цехы (немесе шартты аймақ), ет-балық цехы, көкөніс цехы, асхана ыдыстарын жуатын және жеке асүй ыдыстарын жуатын бөлме, құрғақ өнімдерді сақтайтын қойма, көкөністерді сақтайтын қойма, тоңазытқыш жабдығы бар тез бұзылатын өнімдерді сақтауға арналған үй-жай, жүк тиейтін бөлме, персоналдың бөлмесі, киім ауыстыратын орын, персоналға арналған себезгі және дәретхана.
224. Ас блогының үй-жайлары көлемді-жоспарлау және конструктивтік шешімдермен шикі өнімнің, шикі жартылай фабрикаттардың және дайын өніммен, пайдаланылған ыдыстың таза ыдыспен, келушілер мен персоналдың араласуын болдырмайтын технологиялық үдерістердің жүйелілігі көзделеді.
225. Жартылай фабрикаттармен жұмыс істейтін ас блоктарында мыналар көзделеді: дайындауға дейінгі (жартылай фабрикаттар мен дайын өнімді өңдеуге арналған аймақтарға шартты бөлінген) бөлме, сусымалы өнімдерді сақтау бөлмесі, асхана және асүй ыдыстарын жуатын орын, тоңазытқыш жабдығы бар үй-жай, тамақ тарататын бөлме, персоналға арналған үй-жай, персоналға арналған себезгі және дәретхана.
226. Құрғақ өнімдерді, көкөністерді сақтайтын қойма салқындатылатын камералар асүйден оқшауланады, ыдыс жуатын үй-жайлардың, себезгілердің және санитариялық тораптардың, сондай-ақ баспалдақтары бар өндірістік үй-жайлардың астындағы үй-жайларға орналастырылмайды.
227. Шикізатпен жұмыс істейтін, өнімділігі аз (50 отыратын орынға дейін) ас блогында үй-жайлар жиынын: тамақ тарату аймағы мен асхана және асүй ыдыстарын жуу аймағын (арақабырғамен бөлінген) бөле отырып, ыстық тамақ цехын, тамақ дайындайтын цех, көкөністі сақтау аймағын бөле отырып, сусымалы өнімдер қоймасын, персоналға арналған дәретхананы қысқартуға жол беріледі.
228. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның келісімі бойынша білім беру ұйымдарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес олардың талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы болған кезде мектеп тағамының базалық ұйымдарынан (мектеп тағамы комбинаттары, мектеп-базалық асханалар және тағы басқалары) және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан жартылай фабрикаттарды жеткізуге жол беріледі.
229. Буфеттерде тағамдарды, аспаздық бұйымарды сатуды, сондай-ақ ыстық сусындар мен жекелеген тағамдарды дайындауды (шұжық өнімдерін, жұмыртқаны қайнату, сүт тағамдарын дайындау, салаттарды араластыру, дайын өнімдерді кесу) жүзеге асыруға мүмкіндік беретін үй-жайлар және жабдық жиыны көзделеді.
230. Бейімделген ғимараттарда орналасқан жалпы білім беру ұйымдарында және шағын МДТОҰ-да тығыз орналасқан құрылыс жағдайларында, ауылдық елді мекендерде үлгідік асханаларды ұйымдастыруға арналған жағдайлар болмаған жағдайда, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісім бойынша үй-жайлардың қысқартылған жиыны: қойма үй-жайлары, шикізат дайындау, тамақ дайындау, дайын өнімді тарату және асхана мен асүй ыдыстарын жуу аймақтары бар асүй көзделеді.
Асүйдің ауданы кемінде 18 м2 болып қабылданады. Тұрғын үйлердің 1-ші қабатында орналасқан шағын МДТОҰ-да қолданыстағы асүйдің алаңдарында тамақ дайындауға жол беріледі.
231. Технологиялық, тоңазытқыш және жуу жабдықтарын орналастыру тамақты дайындау ағымдылығын есепке ала отырып жүзеге асырылады.
232. Жабдықтың ең аз жиыны мыналарды: духовкасы бар электр плитасын, сыртқа тарату шатырын, тоңазытқышты, электрлі су ысытқышты, ыдыс жууға арналған 2 секциялы жуғыш ваннаны, персоналдың қол жуатын раковинасын, шикі және дайын өнімге арналған бөлшектеу үстелдерін және жуғышты қамтиды.
233. Шикі және дайын өнімдер бөлек сақталады.
Жалпы білім беретін ұйымдардың жанындағы шағын – орталықтарда балаларды тамақтандыру топтармен жүзеге асырылады.
234. Тамақтану залының ауданы бір орынға кемінде 0,8 м2 есебінен көзделеді. Отыратын орын санын бір ауысымдағы оқушылар мен оқытушылар санының 1/3 есебінен айқындайды.
235. Барлық өндірістік цехтарда араластырғыш арқылы суық және ыстық су келтірілген раковиналар, жуғыш ванналар орнатылады.
236. Асхананың тамақтану залының жанында 20 отырғызу орнына 1 шүмек есебінен қолжуғыштар орнатылады. Орталықтандырылған сумен жабдықтау болмаған жағдайда суды қолмен құятын қолжуғыштар орнатылады. Қолжуғыштардың жанына электрлі сүлгі (екі раковинаға кемінде 1) орнатылады немесе бір рет қолданылатын сүлгі пайдаланылады.
237. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және білім беру объектілерінің қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жаңадан салынатын немесе қайта жаңартыланатын ғимараттары үшін асхана алдында қолжуғыштар орнату көзделеді: қолжуғыштардың жоғарғы бетінің еденнен биіктігі 1- сынып оқушылары үшін 0,5; 2 – 4- сынып оқушылары үшін 0,6 м және 5 – 11 (12)-сынып оқушылары үшін 0,7 м қабылданады.
Қолжуғыштар мен қабырғаның арасындағы өтетін жол кемінде 1,1 м, қолжуғыштардың екі қатарының арасында кемінде 1,6 м көзделеді.
238. Шамшырақтардың қорғаныш арматурасы болады, плиталардың, технологиялық жабдықтың және бөлшектеу үстелдерінің үстіне орналастыруға жол берілмейді.
239. Өндірістік, қоймалық және әкімшілік-тұрмыстық ас блогы үй-жайларының жабдығының тізбесі осы Санитариялық қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес жабдықталады.
240. Жабдық, өндірістік үстелдер, мүкәммал, ыдыс-аяқ, ыдыс тамақ өнімдерімен жанасуға рұқсат етілген, жуу және дезинфекциялау құралдарының әсеріне төзімді материалдардан дайындалады және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар үшін қауіпсіздік талаптарына жауап береді.
241. Тамақтану залдары жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, оларға өңдеу жүргізуге мүмкіндік беретін жабыны бар жиһазбен жабдықталады.
242. Қандай да бір технологиялық және тоңазытқыш жабдығы істен шыққан жағдайда, ас мәзіріне өзгерістер енгізіледі.
243. Тамақ өнімдерін, ыдыстарды, мүкәммалды сақтауға арналған стеллаждардың төменгі сөрелері мен тауарлардың астына қоятын тұғырлардың еденнен биіктігі кемінде 15 см көзделеді.
244. Асханаларды бір отыратын орынға кемінде үш жиын есебінен асхана ыдысымен және аспаптармен қамтамасыз етілуі тиіс.
245. Тамақтануды ұйымдастыру кезінде тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар үшін қауіпсіздік талаптарына сай келетін фарфордан, фаянстан және шыныдан жасалған ыдыстар (тәрелкелер, табақшалар, тостағандар, бокалдар) пайдаланылады. Дайын тамақтарды дайындауға және сақтауға арналған асхана аспаптары (қасық, шанышқы, пышақтар), ыдыстар тот баспайтын болаттан немесе материалдың гигиеналық қасиеттері бойынша ұқсас материалдан болуы тиіс.
246. Шикі және дайын өнімдерді бөлек сақтау, оларды технологиялық өңдеу және тарату үшін бөлек және таңбаланған жабдық, бөлшектеу мүкәммалы, асүй ыдысы пайдаланылады:
1) таңбасы бар өндірістік үстелдер: шикі ет «ШЕ», піскен ет «ПЕ», шикі балық «ШБ», піскен балық «ПБ», шикі көкөністер «ШК», піскен көкөністер «ПК», «нан», дайын өнім «ДӨ», қамырға арналған;
2) бөлшектеу мүкәммалы (бөлшектеуге арналған тақтай және пышақтар): шикі ет «ШЕ», піскен ет «АЕ», шикі балық «ШБ», піскен балық «АБ», шикі көкөністер «ШК», піскен көкөністер «ПК», «нан», «майшабақ», «гастрономия»;
3) таңбасы бар асүй ыдыстары: «I тағам», «II тағам», «III тағам», «сүт», «жұмыртқаларды өңдеуге арналған», «жұмыртқаларды жаруға арналған», «дайын өнімге арналған», «шикі өнімге арналған».
247. Пішіні өзгерген, жиектері сынған, сызаттары, сынықтары бар, эмалы зақымданған асүй және асхана ыдыстарын; алюминийден жасалған асхана аспаптарын; пластмассадан және сығымдалған жұқа тақтайдан жасалған бөлшектеу тақтайларын; сызаттары және механикалық зақымдалған бөлшектеу тақтайларын және ұсақ мүкәммалды пайдалануға жол берілмейді.
248. Ет және балықты қасаптауға арналған бөлшектеу тақтайлары, науалар тесіктері және саңылаулары жоқ тамақ өнімдерімен жанасуға арналған материалдардан дайындайды.
Етті қасаптауға арналған науаны арнайы тұғырыққа орнатады және күнсайын жұмыс аяқталған соң тазартады және бетіне тұз себеді. Науаның бетін жүйелі түрде сүргілейді және жонады.
249. Алаң жеткілікті (ас блогы үй-жайына бейімделген) болмаған жағдайда, піскен етті, піскен балықты, піскен көкөністерді тиісінше таңбаланған тақтай мен пышақтарды пайдалана отырып, «дайын өнім» деген үстелде турауға жол беріледі.
250. Ыстық дайын тамақты және салқын жеңіл тағамды жеткізу үшін ішкі беті тамақ өнімдерімен жанасу үшін рұқсат етілген материалдардан жасалған арнайы изотермиялық сыйымдылықтар пайдаланылады.
251. Ас блогының өндірістік және басқа да үй-жайлары тәртіппен және таза ұсталады. Тамақ өнімдерін еденде сақтауға жол берілмейді.
252. Тамақтану залын жинау әрбір тамақ ішілгеннен кейін жүргізіледі. Тамақтану үстелдерін арнайы бөлінген шүберекті және таза немесе пайдаланылған шүберекке арналған таңбаланған ыдысты пайдалана отырып, жуу құралдары қосылған ыстық сумен жуады. Шүберекті пайдаланғаннан кейін жуу құралдарын қоса отырып, жуады, дезинфекциялайды немесе қайнатады, шаяды, кептіреді және таза шүберекке арналған ыдыста сақтайды.
253. Асүй ыдысын жуу асхана ыдысынан бөлек көзделеді. Жуу үй-жайларында ыдыстар мен мүкәммалды жуу қағидалары туралы нұсқаулық ілінеді.
254. Жұмыс күнінің соңында эпидемиологиялық айғақтар бойынша барлық асхана, шай ыдыстарын, аспаптарды дезинфекциялау ерітіндісіне батырып қояды, содан кейін ыдысты ағынды сумен мұқият шаяды.
255. Асхана және асүй ыдыстарын жууға арналған жуғыш ванналардың көлемдік сыйымдылығының таңбасы болады және полимер және резеңке материалдардан жасалған тығындармен қамтамасыз етіледі. Дезинфекциялау құралдарын дозалау үшін өлшегіш ыдыс пайдаланылады.
256. Екі секциялы ванналарда асүй ыдыстарын жуу кезінде мынадай тәртіп сақталады:
1) тамақ қалдықтарын механикалық тазарту;
2) + 45°С төмен емес температурада және жуу құралдары қосылған суда щеткамен жуу;
3) + 65°С төмен емес температурада ыстық ағынды сумен шаю;
4) тор сөрелерде және стеллаждарда төңкерілген күйінде кептіру.
257. Арнайы жуғыш машинада асхана ыдыстарын жуу оларды пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі.
258. Үш секциялы ванналарда асхана ыдыстарын қолмен жуу кезінде мынадай тәртіп сақталады:
1) тамақ қалдықтарын механикалық тазарту;
2) ваннаның бірінші секциясында + 45°С төмен емес температурада жуу құралдары қосылған суда жуу;
3) ваннаның екінші секциясында + 45°С төмен емес температурада және ваннаның бірінші секциясына қарағанда 2 есе аз мөлшерде аз жуу құралдары қосылған суда жуу;
4) ваннаның үшінші секциясында + 65°С төмен емес температурада ыстық ағынды суда ыдыстарды шаю;
5) торларда, сөрелерде және стеллаждарда төңкерілген күйінде кептіру.
259. МДТОҰ-да және сәбилер үйлерінде буфеттерде асхана ыдыстарын жуу үшін тиісті таңбасы бар 2 ұялы жуғыштар немесе ыдыс жуғыш машина орнатылады.
Алдымен бірінші ұяшыққа рұқсат етілген жуу құралдарын қоса отырып + 45°С температурада шай ыдыстарын жуады, екінші ұяшықта + 65°С төмен емес температурада ыстық сумен шаяды, содан соң осындай кезекпен асхана ыдыстарын жуады. Асхана ыдысын жуу алдында оларды тағам қалдықтарынан тазартады, жуу құралдарын қосып, +45°С температурада жуғыштың бірінші ұяшығында ыстық сумен жуады, екінші жуғышта + 65°С температурада ыдысты ағынды сумен шаяды және тор-сөрелерде кептіреді.
260. Арнайы жуғыш орны және ағынды су жоқ болған кезде ыдыстарды үш легенде (легеннің көлемі кемінде 10 литр) жуу құралдарын қоса отырып, ыстық суда жуады, таза ыдыстар ыстық сумен шайылады, кейін кептіріледі.
261. Асхана аспаптарын сақтауға арналған сыйымдылықтар + 45°С төмен емес температурада жуу құралдарын қолдана отырып, ыстық суға жуады.
262. МДТОҰ-да және сәбилер үйлерінде емізіктерді жуады, он бес минут қайнатады және қақпағы жабық шыны ыдыста сақтайды. Сүт қоспаларына арналған бөтелкелерді жөкенің және майсыздандыратын құралдардың (қыша ұнтағы, ас содасы) көмегімен жылы ағынды сумен жуады, содан кейін он бес минут қайнатады және таңбаланған жабық эмаль ыдыста сақтайды.
263. Таза асүй ыдысын және мүкәммалды еденнен кемінде 0,5 м биіктіктегі стеллаждарда; асхана ыдыстарын шкафтарда немесе торларда; асхана аспаптарын тұтқасын жоғары қаратып сақтайды, оларды табақтарда шашылған күйде сақтауға жол берілмейді.
264. Технологиялық жабдықты өңдеуді күнсайын оның ластануына байланысты және жұмыс күнінің соңында арнайы бөлінген шүберекпен және сыйымдылықта жүргізеді.
265. Бөлшектеу тақтайларын және ұсақ ағаш мүкәммалын жууды асүй ыдысына арналған жуу бөлімшесінде (цехта) жуу құралдарын қоса отырып, +45°С төмен емес температурада ыстық суда жүргізеді, +65°С төмен емес температурада ыстық сумен шаяды және ыстық су құяды, содан кейін стеллаждарда қырынан тұрғызып кептіреді. Өңдегеннен және кептіргеннен кейін бөлшектеу тақтайларын және пышақтарды таңбаланған арнайы кассеталарда (тақтайларды қырынан) сақтайды, тиісті өндірістік үстелдерге (қырынан) тікелей сақтауға жол беріледі. Оларды үсті-үстіне қойып сақтауға жол берілмейді.
266. Ыдыс жууға арналған щеткалар мен шүберекті пайдаланғаннан кейін тазартады, жуу құралдарын қоса отырып, +45°С төмен емес температурада ыстық суға батырып қояды, дезинфекциялайды (немесе 15 минут қайнатады), ағынды сумен шаяды, кептіреді және арнайы ыдыста сақтайды.
267. Күрделі жинауды жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып және эпидемиологиялық айғақтар бойынша айына бір рет (қабырғаларды, жабдықты, әйнектің ішкі беттерін, жарықтандыру аппаратурасын, асүй және асхана ыдыстарын, ыдысты және мүкәммалды жуу) жүргізеді.
268. Ақ және қара нан бөлек (әр түрлі сөрелерде сақтауға жол беріледі) желдетуге арналған есігінде саңылауы бар шкафта сақталады, төменгі сөренің еденнен қашықтығы кемінде 35 см болады. Шкафтардың сөрелерін нанның ұнтағынан арнайы щеткалармен тазартады және 1%-дық асханалық сірке су ерітіндісін қолдана отырып, шүберекпен сүртеді.
269. Тамақ қалдықтарына арналған таңбаланған («тамақ қалдықтары») ыдыстардың қақпағы болады, арнайы бөлінген орында сақтайды және олардың 2/3 көлемі толуына байланысты қалдықтардан босатылады, жуу құралының ерітіндісімен жуады.
270. МДТОҰ, сәбилер үйі топтарының буфеттерінде тамақ қалдықтарын жинауға арналған ыдысты әрбір тамақ ішкеннен кейін тазалайды, жуу ерітіндісімен жуады, ыстық сумен шаяды және кептіреді.
Тамақ қалдықтарын ас блогының тарату немесе өндірістік үй-жайлары арқылы шығаруға жол берілмейді.
271. Тамақ ішу арасындағы аралық 3,5 – 4 сағаттан аспауы тиіс.
272. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілерінде балаларды тамақтандыру нормалары осы Санитариялық қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес қабылданады.
273. Жалпы білім беретін және интернат ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, КББО-да, сәбилер үйлерінде, МДТОҰ-да перспективалы маусымдық (жаз-күз, қыс-көктем) екі апталық мәзір жасалады.
274. Шығарылатын өнімнің перспективалы мәзірі және ассортимент тізбесі ас блогын пайдалануға беру кезінде, одан әрі қайта жаңарту жүргізілгеннен кейін, ас блогының бейіні немесе өндірістік үдерісі өзгерген кезде, сондай-ақ бұрын бекітілген ассортиментке өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы мемлекеттік органмен келісіледі.
275. Күнсайын тамақтанатын балалар мен жасөспірімдердің саны көрсетілген мәзір-тарату парағы, жас ерекшелігіне, сондай-ақ әрбір тағам бойынша өнімдердің шығыстарына байланысты порцияның массасын граммен көрсете отырып, осы Санитариялық қағидаларға 9, 10-қосымшаларға сәйкес тағам тізбесі жасалады.
276. Тамақтанудың іс жүзіндегі рационы бекітілген перспективалы мәзірге сәйкес келуі тиіс. Ерекше жағдайларда бір өнімді, тағамды және аспаздық бұйымдарды басқаларымен ауыстыруға жол беріледі.
277. Тамақты дайындау өнімдерді тарату, тағамдардың шығымы, тағамды дайындау технологиясы туралы мәліметтер көрсетілген технологиялық карталарға сәйкес тағамдар картотекасын пайдалана отырып жүргізілуі тиіс.
278. Перспективалы мәзірде бірдей тағамдарды немесе аспаздық өнімдерді бір күнде немесе келесі 2 – 3 күнде қайталауға жол берілмейді.
279. Күнсайын тамақтану рационына ет, сүт, сары май және өсімдік майы, қара бидай және (немесе) бидай наны, көкөністер және қант қосылады. Балық, жұмыртқа, ірімшік, сүзбе, тауық еті 2 – 7 күнде 1 рет қосылады.
280. МДТОҰ-да және балалар мен жасөспірімдердің тәулік бойы болатын объектілерінде таңғы ас көкөніс пен жеміс-жидек қосылған, ыстық тамақты (бірінші және екінші) және ыстық сусынды қамтиды.
Түскі ас салат, бірінші, екінші (негізгі ыстық тамақ еттен, балық немесе тауықтан) және үшінші (компот, кисель, шай) тағамнан тұрады. Аскөк қосып пісірілген және жас көкөністерден (қиярдан, қызанақтан, жаңа піскен немесе тұздалған қырыққабаттан, сәбізден, қызылшадан) жеңіл салаттар дайындалады. Бесін ас мәзіріне кремсіз тоқашты немесе кондитерлік өніммен бірге сусынды (сүт, қышқыл сүт өнімдері, кисель, шырын) қосады.
Кешкі ас көкөніс (сүзбе) тағамынан немесе ботқадан; екінші негізгі тамақтан (еттен, балықтан немесе тауықтан), сусыннан (шай, шырын, кисель) тұрады. Екінші кешкі ас ретінде қосымша жеміс-жидектерді немесе қышқыл сүт өнімдерін және кремсіз тоқаш немесе кондитерлік бұйымдарды қосады.
281. Тамақтану залында білім беретін мекеменің басшысы бекіткен, тамақтың көлемі мен аспаздық бұйымның атауы туралы мәлімет көрсетілетін мәзір күнсайын ілінуі тиіс.
282. Тамақ өнімдерін және азық-түлік шикізатын қабылдау олардың сапасы және қауіпсіздігін куәландыратын (шығарушының ветеринариялық-санитариялық сараптама құжаттары, сондай-ақ сәйкестік сертификаты) құжаттары болған жағдайда жүзеге асырылады.
Өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттар қоғамдық тамақтандыру ұйымдарында сақталады.
283. Тамақ өнімдерін тасымалдау санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар автокөлікпен жүргізіледі. Экспедитордың арнайы киімі болуы және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес медициналық тексеріп-қараудан өтуі тиіс.
284. Тамақ өнімдерін сатып алатын орындар білім беретін ұйымдардан кемінде 500 метрден артық радиуста орналасқан кезде өнімдерді қол жүгімен жеткізуге жол беріледі (50 отыратын орыннан аспайтын). Тасымалдау кезінде жеткізілетін өнімнің бұзылуы мен ластануын болдырмайтын жағдай қамтамасыз етілуі тиіс.
285. Балалар мен жасөспірімдер тағамына көрсетілген өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын зертханалық-құрал-саймандық зерттеулер нәтижелері болғанда, ауыл шаруашылығы мақсатындағы ұйымдарда, оқу-тәжірибелік және бау-бақшалық учаскелерде, білім беру ұйымдарындағы жылыжайларда өсірілген өсімдіктен алынған азық-түлік шикізатын пайдалануға жол беріледі.
286. Ас блогы үй-жайларына балалар мен жасөспірімдердің кіруіне және оларды тағамдар дайындаумен, көкөністі тазалаумен, дайын тамақты таратумен, нан кесумен, ыдыс жуумен, өндірістік үй-жайларды тазалаумен байланысты жұмыстарға тартуға жол берілмейді.
287. Шикі өнімдерді (тазаланбаған көкөністі, етті, балықты) өңдеу үшін бөлек жуғыш ванна көзделеді. Осы мақсат үшін асүй немесе асхана ыдыстарын жууға арналған ваннаны, қол жууға арналған раковинаны пайдалануға жол берілмейді.
288. Балықты өндірістік үстелдерде немесе 1 литр суға 7 – 10 г есебімен тұз қоса отырып, +12°С-тан аспайтын температурадағы суда жібітеді. Бекіре балықты немесе жон етін суда еріту ұсынылмайды.
289. Ет, жартылай фабрикаттар, балық және басқа да өнімдер екінші рет мұздатылмайды және бірінші өңдеуден кейін жылы өңдеуден өтеді. Жібітілген өнімді сақтауға жол берілмейді.
290. Жұмыртқаларды өңдеуді таңбаланған ыдыста жүргізеді. Жұмыртқаларды өңдеу олар ерітіндіге толық батырылған жағдайда, мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) өңдеу-кальцийленген соданың 1 – 2%-дық жылы ерітіндісінде;
2) өңдеу-кемінде 5 минут бойы ағынды сумен шаю.
291. Консервіленген өнімдердің жеке қаптамасын ашу алдында ағынды сумен шаяды.
292. Сусындарды құю тікелей тұтынушының ыдысына (стақандарға, бокалдарға) жүзеге асырылады, тарату алдында ортақ ыдысқа құюға жол берілмейді.
293. Тазартылған түрде пісіруге жататын тағамдарда, көкөністерде витаминдердің сақталуын қамтамасыз ету үшін тікелей қайнату алдында тазалайды және тұзды суда қайнатады (қызылшадан басқасын).
294. Тазартылған картопты және басқа да көкөністерді 2 сағаттан артық салқын суда ұзақ ұстап, алдын ала дайындауға жол берілмейді. Салатқа арнап пісірілген көкөністер + 2 – 4°С температурада 6 сағаттан асырмай тоңазытқышта сақталуы тиіс.
295. Салат дайындауға арналған шикі көкөністер мен аскөкті кейіннен термиялық өңдеуден өткізбей, 3%-дық сірке су қышқылы ерітіндісінде немесе кейіннен салқындатылған қайнаған сумен шаю арқылы 10 минут бойы 10%-дық ас тұзы ерітіндісінде ұстайды. Бөлшектеу «ПК» деген таңбасы бар үстелдерде және тақтайларда дайын өнімдер цехында жүргізіледі.
296. Аспаздық дайындыққа дейін жеткізілген тамақ өнімі немесе өнімдердің үйлесімі болып табылатын аспаздық өнімдерді дайындау кезінде мынадай талаптар сақталады:
1) піскен еттен, тауық етінен, балықтан жасалған екінші тағамдарды дайындау кезінде немесе бірінші тағамға піскен етті (балықты) жіберген кезде порциялық ет 5 – 7 минут бойы сорпада екінші рет қайнатылады;
2) бірінші тағамға арналған порцияланған етті таратуға дейін ыстық плитада немесе мармитте 1 сағаттан асырмай сорпада сақтауға жол беріледі;
3) тағам құрамына кіретін ингредиенттерді араластыру кезінде өнімге қолды тигізбей, асхана мүкәммалын пайдаланады;
4) гарнирлерді және басқа да тағамдарды тұздық қатықтауға пайдаланылатын сары май және сүтті алдын ала термиялық өңдеуден (еріту және қайнату) өткізеді;
5) жұмыртқаны су қайнағаннан кейін 10 минут бойы пісіреді;
6) рецептурасына жұмыртқа кіретін омлеттерді және пісірмелерді қуыру шкафында, омлеттерді – +180 – 200°С температурада 8 – 10 минут бойы 2,5 – 3 см қабатпен; пісірмелерді – +220 – 280°С температурада 20 – 30 минут бойы 3 – 4 см аспайтын қабатпен дайындайды; жұмыртқа массасын сақтау +2 – 4°С температурада 30 минуттан асырмай жүзеге асырылады;
7) пісірілген шұжықтарды, сардельдерді және сосискаларды су қайнаған соң кемінде 5 минут пісіреді;
8) тартылған еттен және балықтан жасалатын котлеттерді, биточкаларды 10 минут бойы екі жағынан қуырады және +220 – 250°С температурада дайын болғанға дейін духовка шкафында қуырады.
297. 1,5 жасқа дейінгі балаларға асылған еттен жасалған езбе ұсынылады, 1,5 жастан үлкен балаларға шикі тартылған еттен жасалған котлетті буға дайындауға жол беріледі. Бұл ретте тартылған етті тікелей котлетті дайындау алдында дайындайды. 2 жастан үлкен балаларға кейіннен бұқтырылатын қуырылған котлеттерді, сонымен қатар етті және биточкаларды беруге жол беріледі.
1,5 жасқа дейінгі балаларға сұйық және ұсақталған ботқалар, үлкен балаларға – жабысқақ және бытырап піскен ботқалар ұсынылады.
298. Кеспе бұйымдарын қайнаған тұзды суға салады және дайын болғанша пісіреді. Дайын кеспе бұйымдарын қайнаған ыстық сумен шаяды.
299. Бұршақ өнімдерін жуады және 3 – 4 сағат бойы суға салып қояды, бөрткеннен кейін суын төгеді және басқа суда қайнатады.
300. Тамақ дайындау кезінде мынадай талаптар сақталуы тиіс:
1) шикі және піскен өнімдерді өңдеуді тиісті таңбаланған бөлшектеу мүкәммалын пайдалана отырып, әртүрлі үстелдерде жүргізеді;
2) ет-сүйек сорпасын сүзіп алады;
3) салатқа арналған шикі көкөністерді «ПК» – піскен көкөністер деген таңбасы бар үстелдерде және тақтайларда өңдейді және турайды;
4) шикі және піскен өнімдер үшін бөлек кемінде екі еттартқыштың болуы;
5) ашыған сүтті тек қамыр дайындауға қолданады;
6) сүт өңдеу ұйымдары ұсақ орамаларда шығарған, қаймақ және сүзбе арнайы термиялық өңдеуді қажет етпейді.
301. МДТОҰ-да және балалар мен жасөспірімдер тәулік бойы болатын ұйымдарда гиповитаминоздың алдын алу және спецификалық емес иммунитетті жоғарылату мақсатында салқындатылған сусындарға (компотқа, кисельге) аскорбин қышқылымен жасанды витаминдеу жүргізіледі.
302. Компоттарды витаминдеу оларды өткізуден бұрын +15°С-тан аспайтын температураға дейін салқындатқаннан кейін қамтамасыз етіледі, кисельге аскорбин қышқылының ерітіндісін +30 – 35°С температураға дейін салқындатқан кезде қосады. Сәби балаларға арналған С витаминінің тәуліктік нормасы 50 миллиграмм (бұдан әрі – мг), ал мектепке дейінгі балалар үшін 60 мг. Витаминделген тағамдар жылытылмайды.
303. Дайын бірінші және екінші тағам дайындалған сәттен бастап мармитте немесе ыстық плитада кемінде 2 сағат не изотермиялық ыдыста (термоста) – тарату температурасынан төмен емес температураны қамтамасыз ететін уақыт ішінде, бірақ 2 сағаттан асырмай болуы мүмкін. Тарату температурасынан төмен, суып қалған дайын ыстық тамақты ысытуға жол берілмейді.
304. Салаттарды және олардың тұздығын дайындау тарату алдында тікелей жүзеге асырылады. Тұздық қатқан салаттарды сақтауға жол берілмейді.
305. Тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімі мен сақтау шарттары өндірушінің (дайындаушының) белгілеген жарамдылық мерзімдеріне сәйкес келеді.
306. Тез бұзылатын тамақ өнімдері осы Санитариялық қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес +2 – 6°С температурада тоңазытқыш камераларында немесе тоңазытқыштарда сақталуы тиіс.
Тоңазытқыш және тоңазытқыш камераларында температураны бақылау үшін термометрлер орнатылады. Сынап термометрлерін пайдалануға жол берілмейді.
Бір тоңазытқыш камерасы болған жағдайда, ет, балық және сүт өнімдерін сақтау орындары шектеледі.
307. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілерінде инфекциялық аурулардың және тамақтан уланулардың пайда болуы мен таралуын болдырмау үшін мыналарға жол берілмейді:
1) айран, сүзбе және басқа да сүт қышқылы өнімдерін, туралған ет қосылған құймақтарды, флотша макаронды, зельцтті, кремі бар кондитерлік өнімдерді, морсты, квасты, форшмакты, фритюрдегі өнімдерді, сілікпені, паштеттерді, фритюрде қуырылған өнімдерді, шала пісірілген жұмыртқаны, қуырылған жұмыртқаны, қаймақ қосылған салаттарды, окрошканы, саңырауқұлақты, үйде дайындалған өнімдерді дайындауға;
2) пастерленбеген сүтті, қайнатылмаған немесе термиялық өңдеусіз сүзбені және қаймақты, суда жүзетін құстың жұмыртқасын және етін пайдалануға;
3) алдында ішкен тамақтардың, сондай-ақ алдында дайындалған тамақты пайдалануға; ауыл шаруашылығы малының сырқаттанушылығы бойынша қолайсыз шаруашылықтардың сүтін және сүт өнімдерін; тіл мен жүректі қоспағанда ішек-қарынды; суда жүзетін құстың етін және жұмыртқасын пайдалануға жол берілмейді.
308. Сәбилер үйлері, МДТОҰ, интернат және жалпы білім беру ұйымдары мен ТКБ ас блоктарында сақтайтын тамақтану қағидатына сәйкес тез дайындалатын құрғақ тағамдық концентраттар, майонез қосылған салаттар, газдалған және алкогольсіз энергетикалық сусындар (минаралды және ауыз суды қоспағанда), чипсілер, кептірілген нан, гамбургерлер, ход-догтар; ащы тұздықтар, кетчуптар негізінде бірінші және екінші тағамдарға; сағыз сатуға және тамақ өнімдерін сататын автоматтарды пайдалануға жол берілмейді.
309. Жаппай сауықтыру емшаралары ретінде оттегі коктейльдерін педиатр-дәрігердің белгілеуінсіз өткізуге жол берілмейді. Емшараны тек медицина қызметкері ғана нұсқаулыққа сәйкес коктейльдерді дайындау шарттары бар болғанда жүргізуі тиіс.
310. Ас блогында ұйымның медицина қызметкері немесе жауапты адамы осы Санитариялық қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес сапасын бракераж журналына жазу арқылы дайын тағамның сапасын органолептикалық бағалау жүргізіледі.
311. Күнсайын ас блогында аспазшы дайын өнімнің тәуліктік сынамасын қалдыруы тиіс. Сынамаларды қақпағы бар таза шыны ыдысқа (гарнирді бөлек ыдысқа салады) алады және +2°С-тан +6°С-қа дейінгі температурада тоңазытқышта арнайы бөлінген орында сақтайды. Тәуліктік сынама келесі күні немесе демалыстан кейінгі (демалыс күндерінің санына қарамастан) күні дайындалатын тағаммен – таңғы аспен, түскі аспен, бесін немесе кешкі аспен ауыстырғанға дейін сақталуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: