Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы №95 қаулысымен бекітілген


-стратегиялық бағыт. Сот-сараптамалық қызметтi жетiлдiру



бет3/10
Дата23.02.2016
өлшемі1.15 Mb.
#4038
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


4-стратегиялық бағыт. Сот-сараптамалық қызметтi жетiлдiру

      4.1-мақсат. Сот сараптамаларының сапасын арттыру

      Осы мақсатқа қол жеткiзуге бағытталған бюджеттiк бағдарламаның коды – 002


Нысаналы индикатордың атауы, міндеттері және қол жеткізудің түпкiлiктi мерзiмi (кезенi) көрсетілген тiкелей нәтижелер көрсеткiштерi


Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

Есептік кезең

Орындалмау себептері

2012 жылғы жоспар

2012 жылғы деректері

1

2

3

4

5

6

Нысаналы индикатор




1. Өткiзiлген қайталама сот-сараптамалық зерттеулердiң жалпы санынан қарама-қайшы қорытындылары бар қайталама сараптамалардың үлесi.

Әділет министрлігінің есептік деректері

%

11,5

10,7 %

Есептік кезең ішінде Министрліктің Сот сараптамасы орталығының (бұдан әрі - Орталық) аумақтық бөлімшелеріне құқық қорғау органдарынан және соттардан 66 751 материал (2011 жыл – 73 754) келіп түсті, олардың ішінде 2011 жылдан орындалмаған сараптамалардың қалдығы


1 897 материалды құрайды, олардың ішінде 1 796 сараптама қаралуда.

Орындалған сараптамалардың жалпы саны – 62 859, олардың ішінде:



- 116 қайталама сараптама, олардың ішінде Орталық сарапшыларының қорытындыларына – 103, Денсаулық сақтау министрлігі Сот медицинасы орталығы сарапшыларының қорытындыларына – 3, жеке сарапшыларға – 9, Ресей Федерациясы коммерциялық ұйымдарының қызметкерлеріне – 1.

- 16 қарама-қарсы қорытындылары бар қайталама сараптама;

- сараптама жүргізудің белгіленген мерзімі асырыла отырып, 77 сараптама орындалды. Сараптаманы жүргізу мерзімін арттыру себептері сараптаманы тағайындаған органдардың зерттеу объектілері толық ұсынылғанға дейін сараптама жүргізуді тоқтата тұруды ұзарту туралы хаттары, сондай-ақ сарапшылардың үлкен жүктемесі, сараптаманың көп объектілігі мен күрделілігі болып табылады.

Соылай, қайталама сот-сараптамалық зерттеулердiң жалпы санынан қарама-қайшы қорытындылары бар қайталама сараптамалардың үлесi 2012 жылдың қорытындысы бойынша -10,7 % құрайды.






4.1.1-мiндет. Құқық қорғау және сот органдарын сапалы сот сараптамаларымен қамтамасыз ету

Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерi

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

Есептік кезең

Орындалмау себептері

2012 жылғы жоспар

2012 жылғы деректері

1

2

3

4

5

6

1. Сапасыз өткiзiлген сот-сараптамалық зерттеулер мәселелерi бойынша түскен арыздардың жалпы санынан жеке және заңды түлғалардың, құқық қорғау және сот органдарының дјлелденбеген шағымдары мен арыздарының үлесi.

Әділет министрлігінің есептік деректері

%

88,7

90,5

2012 жылы барлығы сапасыз өткiзiлген сот-сараптамалық зерттеулер мәселелерi бойынша 74 арыз, оның ішінде 7 недізді арыз түскен. Осылай, жалпы санынан жеке және заңды тұлғалардың, құқық қорғау және сот органдарының дәлелденбеген шағымдары мен арыздарының үлесi 90,5 %-ды құрады.






2. ISO 9001 халықаралық стандарты бойынша сертификат алған Сот сараптамасы орталығы зертханаларының саны.

Әділет министрлігінің есептік деректері

саны

4

ҚР ӘМ ССО 2012 жылы «Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» ИСО 9001 халықаралық стандарттары Орталықтың 4 аумақты бөлімшесі: Алматы қ., Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда облыстары бойынша Сот сараптамасы институттарының қызметіне енгізілді және тиісті тиісті сертификаттар берілді.





3. Шет елдердің сот-сараптама мекемелерінде біліктілікті арттыру курстарынан өткен Сот сараптамасы орталығы сарапшыларының саны.

Әділет министрлігінің есептік деректері

саны

20

Орталық 20 сарапшы үшін сот экологиялық сараптамасы мен гендік өзгерген өнімдердің сот сараптамасы бойынша оқытуды ұйымдастырды.

«Гендік өзгерген өнімдердің сот сараптамасы» мамандығы бойынша оқыту «Гигиена мен эпидемиологияның федералдық орталығы» Федералдық бюджеттік денсаулық сақтау мекемесі (Ресей Федерациясы, Мәскеу қ.) базасында 2012 жылдың 29 қазанынан 9 қарашасы аралығындағы кезеңде өткізілді.

«Сот экологиялық сараптамасы» мамандығы бойынша оқыту Сот сарапшыларының жоғарғы мектебі (Ресей Федерациясы, Мәскеу қ.) базасында 2012 жылдың 12 қарашасынан 22 қарашасы аралығындағы кезеңде өткізілді.

Оқыту соңынан емтихандар өткізіліп, оның нәтижесі бойынша сарапшыларға оқытудан өткендігі туралы сертификаттар берілді. Осы сертификаттармен қатар сарапшыларға аталған бағыттар бойынша әдебиеттер де ұсынылды.






Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар

Есептік кезең

Орындалмау себептері

2012 жылғы жоспар

2012 жылғы деректері

1

2

3

1. Сот сарапшылары қорытындыларын рецензиялау.

Орталық 125 сарапшының 551 сараптама қорытындысын рецензиялады.

2012 жылғы сараптамалық қорытындыларды рецензиялаудың нәтижесі бойынша теріс рецензия алған 14 сарапшыға ғылыми және әдістемелік әдебиеттерді зерделеу, сонымен қатар қосымша тағылымдамадан өту ұсынылды.







2. Сот-сараптамалық зерттеулердiң әдiстемелерiн жетiлдiру.

«Өнеркәсіп қалдықтарымен ластанған су айдынында өмір сүретін омыртқалы су жануарларының жаппай қырылуы себебін анықтау мақсатындағы сот-сараптамалық экологиялық зерттеу әдістемесі» әзірленді. Осы әдістеме Орталықтың Ғылыми Кеңесінде қарастырылып, мақұлданды және Сот-сараптамасы зерттеулерін жүргізу әдістемелерін бекіту жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) бекітуіне ұсынылған. Комиссияның шешімі негізінде әдістеме Сот-сараптамасы зерттеулері әдістемелерінің тізіліміне енгізіледі және әрі қарай сот экологиялық сараптамасын жүргізу тәжірибесіне енгізілетін болады.

Орталық сарапшыларының бір тобы «Этникалық, нәсілшілдік, діни және басқа да жақтырмаушылыққа арандатушылық тақырыбындағы көпшілік алдындағы пікірлер мен БАҚ-ның материалдарына құқықтық баға беруге мүмкіндік беретін психология-филологиялық сараптама жүргізу әдістемесін жетілдіру» бойынша жұмыс жүргізді. Жұмыс барысында филологиялық және дінтану зерттеуі бөлігінде міндеттер мен сұрақтардың шеңбері кеңейтілді.







3. Сот сарапшыларының біліктілігін көтеру, соның ішінде, шет елдердің сараптама мекемелерінде.

Сот сарапшыларын кәсіптік даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру мақсатында «Қазақ гуманитарлық заң университеті» АҚ базасында сот-сараптамалық зерттеулердің 6 бағыты (сот баллистикалық сараптама, сот трасологиялық сараптама, жол-көлік оқиғасы және көлік құралдарының сот сараптамасы, сот бейнефонографиялық сараптама, сот технологиялық сараптама) бойынша оқыту орталығы ашылды. Көрсетілген курстар бойынша оқытуды Қазақстан, Ресей және басқа елдердің алдыңғы қатарлы сарапшылары мен ғалымдары жүзеге асырады. 2012 жылы трасологиялық сараптама және құжаттардың сот-техникалық сараптамасы бойынша 2 біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылып өткізілді.

Бұдан бөлек, 20 сарапшы үшін Ресей Федерациясында сот экологиялық сараптамасы мен гендік өзгерген өнімдердің сот сараптамасы бойынша оқыту ұйымдастырылды.

Сот сараптамасы орталығы 4 семинарды ұйымдастырып, өткізді.

- 2012 жылдың 19-20 наурызында «Заттар мен материалдардың сот сараптамасы» тақырыбына семинар өткізілді.

- 2012 жылғы 24 мамырда «Компьютерлік технологиялар құралдарын сот сараптамалық зерттеу» тақырыбына семинар өтті.

- 2012 жылғы 29 қазанда «Сот тауартану сараптамасы» тақырыбына семинар өтті.

- 2012 жылғы 27 қарашада «Сот өрт-техникалық және жарылыс-техникалық сараптамасы» тақырыбына семинар өтті.





4. Сот сараптамаларын тағайындау мәселелерi бойынша құқық қорғау және сот органдары қызметкерлеріне ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

2012 жылы 349 іс-шара өткізілді, онң ішінде ІІО қызметкерлері үшін 161, қаржы полициясының қызметкерлері үшін 66, сот қызметкерлері үшін 40, прокуратура қызметкерлері үшін 23, басқа құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін 59 іс шара өткізілді.

Аталған бағыт тиімділігінің көрсеткіші қайталама сараптама санының азаюы болып табылады. Есетік кезеңде аумақтық бөлімшелердің сарапшылары 116 қайталама сараптама жүргізілді, ал 2011 жылы 186 қайталама сараптама жүргізілген болатын. Сонымен бірге 2011 жылмен салыстырғанда сараптама жүргізілмей қайтарылған материалдардың да саны азайды (2011 ж. – 4111, 2012 ж. – 3993). Бұдан бөлек, 2011 жылмен салыстырғанда сарапшыларға қойылған сұрақтарға МЕ (мүмкін емес) нысаныдағы жауаптар үлесі кеміді (2011 жылы 288730 сұрақ қойылды, МЕ нысаныдағы жауап – 7914, МЕ нысаныдағы жауап үлесі - 2,7%; 2012 жылы 385402 сұрақ қойылды, МЕ нысаныдағы жауап – 7837, МЕ нысаныдағы жауап үлесі - 2,0%).






5. Құқық қорғау және сот органдарының қажеттіліктері бойынша сот-сараптамалық зерттеулердiң жаңа түрлерін енгізу.

Құқық қорғау және сот органдарының қажеттіліктерін талдау сот электротехникалық сараптаманы, сот-психиатриялық сараптама кешенді психологиялық-психиатриялық сараптамаларды жаңғырту, сондай-ақ сот экологиялық сараптама мен гендік өзгерген өнімдердің сот сараптамасын әзірлеу және енгізу қажет екенін көрсетті.

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 233 бұйрығымен сот экологиялық сараптама және гендік өзгерген өнімдердің сот сараптамасы Орталықта жүргізілетін сараптама түрлерінің тізбесіне енгізілді. бөлігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Сот электротехникалық сараптама 1997 жылдан бастап бар болғанымен, осы бағыт бойынша сараптама толық жүргізілмеген, әдістеме жоқ. Көрсетілген сараптаманы жаңарту бойынша қосымша штаттық бірліктер және жоғары білікті мамандардың кандидатуралары қажет.





6. Сот сараптамалары зертханаларын халықаралық стандарттарға сәйкес жабдықтау.

Сот сараптамасы зертханаларын халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру мақсатында Орталық барлық аумақтық бөлімшелердің қызметіне «ИСО 9001:2008 Сапа менеджменті жүйесі» халықаралық стандартын енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Орталық зертханаларының халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келтіру сот сараптамаларының сапасын арттыруға бағытталған.

2011-2012 жылдары «Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» ИСО 9001 халықаралық стандарттары ОССИ (Астана қ.) Алматы қ., Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда облыстары бойынша Сот сараптамасы институттарының қызметіне енгізілді және сертификаттар берілді. Стандартты барлық зертханаларға енгізу бойынша жұмысты аяқтау 2015 жылға жоспарланып отыр.





7. Сараптама жүргізу сапасын көтеру мақсатында сот-сараптама қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру.

Заң жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарының 13 тамағына сәйкес әзірленді.

Заң жобасы Министрліктің мынандай негізгі:

- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығында жүргізілетін, олар бойынша сот сарапшысы біліктілігі берілетін, сот-сараптамалық зерттеулерінің түрлері мен мамандықтары тізбесін бекіту;

- сот сарапшысы біліктілігін беру үшін біліктілік емтиханын қабылдау тәртібі;

- сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссияның құрамы мен қызметінің тәртібін бекіту;

- сот сараптамасын ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі бағыттарындағы құзыреттілігін орнықтыру мәселесін реттеуге бағытталған.

Аталған заң жобасын әзірлеудің мақсаты тәуелсіз және әділ сот сараптама қызметін жүзеге асыру бойынша заңнаманы жетілдіру, Заңдағы ішкі қайшылықтарды жою, өзге де нормативтік құқықтық актілермен сәйкестікке келтіру, сот-сараптама қызметін ққықтық реттеудегі олқылықтардың орнын толтыру болып табылады.

А.ж. 30 маусымында заң жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 маусымдағы № 893 қаулысымен Парламентке енгізілді.

Қазіргі уақытта аталған заң жобасы Парламент мәжілісінің қарауында.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет