Өнеркәсіптік алмас, өзгелері
Табиғи алмастың үгіндісі мен ұнтағы
Өңделген, бірақ өнеркәсіптік емес, жиектелмеген немесе бекітілмеген алмас, өзгелері (гауһар).
Асыл тастардан және
табиғи інжуден жасалған бұйымдар
7102 21 000 0-ден
7102 29 000 0
7105 10 000 0
7102 39 000 0
7116 20-дан
7116 10 000 0-дан
Асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидаларына 3-қосымша
Мәлімдеушінің өндірістік базасының болуы және ______ жылғы ____ жарты жылдық ішінде меншікті өндірісінде дайындалған өнім көлемі туралы
АҚПАРАТ
Мәлімдеушінің атауы ____________________________________________
Өндірістік базасының болуы Меншікті өндіріс өнімі
өндірістік алаңдар (ш.м) технологиялық жабдық тізбесі (станоктар саны және типтері) негізгі өндірісте жұмыс істейтіндер саны (адам) өнімдер номенклатурасы есептік кезеңде меншікті
өндірісте өндірілді
(кг) Таңбаланды (тек меншікті өндіріс өнімі) (дана)
____________
* Егер мәлімдеуші өндірістік қызметін жарты жылдан кем жүзеге асырса, нақты жұмыс істеген уақыты ішінде өндірілген өнімнің саны көрсетіледі.
Мәлімдеуші лауазымының атауы _______ _________________________
қолы Т.А.Ә.
М.О.
Асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидаларына 4-қосымша
Үлгі
Қайта өңдеуге әкелінетін (әкетілетін) өнімдер
ТІЗБЕСІ
Р/с
№ Мәлім-
деуші КО СЭҚ ТН бойынша қайта өңдеу өнімдер-інің коды Келісім-шарт КО СЭҚ ТН
бойынша
қайта өңдеу
өнімдері нің коды КО СЭҚ ТН бойынша өлшем бірлігі Қайта
өңдеу
өнімдері-
нің саны Құны,
АҚШ
доллары Тауар
өнімі Қайта
өңдеу
қалдық-
тары Құнды-лықтардың шығыны Құндылықтардың қалдықтары Кеден
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Мәлімдеуші лауазымының атауы Мемлекеттің органның уәкілетті тұлға лауазымының атауы
_________ _______________ ___________ _____________
(қолы) (Т.А.Ә.) (қолы) (Т.А.Ә.)
Мәлімдеушінің
бас бухгалтері _______ ____________
(қолы) (Т.А.Ә.)
М.О. М.О.
Қайта өңдеуге әкелінетін (әкетілетін) өнімдердің тізбесін толтыру қағидалары
1. 2-бағанда мәлімдеушінің атауы көрсетіледі.
2. 3-бағанда қайта өңдеуге әкелінетін (әкетілетін) өнімдердің атауы көрсетіледі.
3. 4-бағанда келісімшарттың (шарттың) деректемелері көрсетіледі, оған сәйкес қайта өңдеу өнімдері әкелінеді (әкетіледі).
4. 5-бағанда КО СЭҚ ТН бойынша қайта өңдеу өнімдерінің он белгілік коды көрсетіледі.
5. 7-бағанда КО СЭҚ ТН (6-баған) бойынша тауар позициясына сәйкес қайта өңдеу өнімдерінің саны өлшем бірліктерімен көрсетіледі.
6. 8-бағанда қайта өңдеу өнімдерінің құны АҚШ долларымен көрсетіледі.
7. 9-12-бағандарда бір өлшем бірлігімен тауар өнімдерінің, қалдықтарының, шығынының және қалдықтардың саны көрсетіледі.
8. 13-бағанда қайта өңдеу өнімдерін және қалдықтарды кедендік декларациялауды жүргізетін кеден органы көрсетіледі.
Асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидаларына 5-қосымша
Үлгі
Қайта өңдеуге әкелінетін (әкетілетін) құндылықтардың
ТІЗБЕСІ
Р/с № Мәлімдеуші КО СЭҚ ТН бойынша құндылықтар атауы Келісім-шарт (шарт) КО СЭҚ ТН бойынша құндылықтар коды КО СЭҚ ТН бойынша өлшем бірлігі Құндылықтар саны Құны, АҚШ доллары Кеден
1 2 3 4 5 6 7 8 9
Мәлімдеуші лауазымының атауы Мемлекеттік органның уәкілетті тұлға лауазымының атауы
_________ _______________ ___________ _____________
(қолы) (Т.А.Ә.) (қолы) (Т.А.Ә.)
Мәлімдеушінің
бас бухгалтері ________ ______________
(қолы) (Т.А.Ә.)
М.О. М.О.
Қайта өңдеуге әкелінетін (әкетілетін) құндылықтар тізбесін толтыру қағидасы
1. 2-бағанда мәлімдеушінің атауы көрсетіледі.
2. 3-бағанда қайта өңдеуге әкелінетін (әкетілетін) құндылықтар атауы көрсетіледі
3. 4-бағанда әкелінетін (әкетілетін) құндылықтарға сәйкес келісімшарттың (шарттың) деректемелері көрсетіледі.
4. 5-бағанда КО СЭҚ ТН бойынша құндылықтардың он белгілік коды көрсетіледі.
5. 7-бағанда КО СЭҚ ТН бойынша тауар позициясына сәйкес құндылықтар саны өлшем бірліктерімен көрсетіледі (6-баған)
6. 8-бағанда құндылықтың құны АҚШ долларымен көрсетіледі.
7. 9-бағанда қайта өңдеуге әкелінетін (әкетілетін) құндылықтарды кедендік декларациялау жүргізетін кеден органы көрсетіледі.
Асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидаларына 6-қосымша
Асыл тастардың, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдардың жалпы құнын есептеудің ұсынылатын нысаны
Бұйымдардың атауы және сипаттамасы Саны, Бағасы (теңге) Негіз Келісімшарттың құны (АҚШ доллары (2х3 – бағ.) Асыл тастардың, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдардың жалпы құны (АҚШ доллары)
(2х4 – бағ.)
салмағы келісім-
шарттық асыл тастарға прейскуранттар, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдардың әлемдік бағасы (прейскуранттың нөмірі және прейскурант бойынша позициясы)
1 2 3 4 5 6 7
Келісімшарттық құны
- - - + +
оның ішінде:
А бұйымы, дана
+ + - + +
оның ішінде:
зүбаржат, карат
+ - + - +
Асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидаларына 7-қосымша
__________________ № ______________экспорттық келісімшартқа өңделмеген асыл тастарды пайдалану туралы
анықтама
Р/с № Шикізат құжатта-рының №№, күні Беру актіле-рінің №№, жинақтау ведомос-
тарының №№ Келісімшарт, беру актілері, жинақтау ведомостары бойынша өңделмеген асыл тастар Экспортқа өткізу үшін өңделген асыл тастарды жасауға пайдаланыл-ған өңделмеген асыл тастар Ішкі нарықта сату үшін өңделген асыл тастарды жасауға пайдаланыл-ған өңделмеген асыл тастар Қосымша нарықта сатылған өңделмеген асыл тастар Бұрын әкетілген өңделмеген асыл тастар Әкетуге мәлімдел-ген өңделмеген асыл тастар Қоймадағы немесе өндірістегі өңделмеген асыл тастардың қалдығы
салмағы, карат құны, АҚШ доллары салма ғы, карат құны, АҚШ доллары салма ғы, карат құны, АҚШ доллары салма- ғы, карат құны, АҚШ доллары салма- ғы, карат құны, АҚШ доллары салмағы, карат құны АҚШ доллары салмағы, карат құны АҚШ доллары
Кәсіпорын басшысы
Бас бухгалтер, М.О.
Асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидаларына 8-қосымша
200 ж. «____»_____________ №___________________ келісімшарт бойынша экспортқа (ішкі нарыққа) асыл тастарды жасау үшін өңделмеген асыл тастарды пайдалану туралы анықтама
Р/с
№ Келісімшарттар-дың және өңделмеген асыл тастарды беру актілерінің күні және №№
Өңделмеген асыл тастарды сатушы
Келісімшарт бойынша өңделмеген асыл тастар Әкетілетін асыл тастарға сәйкес келетін өңделмеген асыл тастар Әкетілетін асыл тастар Жарамды шығу,
% Өңделмеген асыл тастардың қалдығы (өндіріс және қоймадағы)
салма-ғы, кар. құны, АҚШ доллары салма-ғы, кар. кұны, АҚШ доллары салма-ғы, кар. құны, АҚШ доллары
салма-ғы, кар. құны, АҚШ доллары
есептік келісім-шарттық
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
1. Экспорт
Ішкі нарық
…
ЖИЫНЫ:
Кәсіпорын басшысы
М.О.
Асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидаларына 9-қосымша
Салмағы 10,80 карат және одан астам алмас шикізатын пайдалану туралы анықтама
Р/с
№
Келісім-шарттың, беру актісінің, жинақтау ведомосының № және күні
Алмас шикізатының сипаттамасы (түсі, ақауы)
Келісімшарт бойынша алмас шикізаты Гауһарға сәйкес келетін алмас шикізаты Алынған гауһар
крис-талл салма-ғы (кар.) құны, АҚШ доллары крис-талл салма-ғы (кар.) құны, АҚШ доллары дана-лары қыр-лау нысаны сипатта-масы (түсі, ақауы, тобы) салма-ғы (кар.) 1 кар. үшін есептік/ белгілен-ген бағасы (жеңілдік-термен, үстемелер-мен), (АҚШ доллары) есептік/ белгілен-ген құны (жеңілдік-термен, үстемелер-мен) (АҚШ доллары) келісім-шарт-тың құны, АҚШ доллары
1 2 3 4 5 4.1 5.1 6 7 8 9 10 11 12
1.
жиыны:
…
Жалпы қорытынды:
Ескертпе: -Салмағы 6.00 караттан жоғары гауһар саны, салмағы мен есептік және келісімшарттық құны бойынша қорытынды шығару қажет;
- Егер кристалдың бір бөлігі пайдаланылған жағдайда, онда 4, 5-бағандарда кристалдың бастапқы салмағы мен құны көрсетіледі, 4.1 бағанда кристалдың пайдаланылған бөлігінің салмағы және осы бағанда (*) жұлдызшамен кристалдың пайдаланылмаған бөлігінің салмағы көрсетіледі.
- Егер кристалдың бір бөлігі бұрын өңделген болса, онда 4, 5-бағандарда кристалдың бастапқы салмағы мен құны көрсетіледі, 4.1 бағанында (#) тормен гауһардың бұрын пайдаланылған бөлігінің салмағы және ағымдағы тиеп жөнелту бойынша пайдаланылған бөлігінің салмағы көрсетіледі.
- Егер шикізат келісімшарты бойынша қалдықтар технологиялық қажеттіліктерге пайдаланылған жағдайда, бұны шикізатты есептен шығаруды растайтын құжаттарды көрсетіп, ескертпелерде жазу қажет.
- 9-бағанды толтыру кезінде алынған орташа, ұсақ көлемді гауһарды біріктіруге жол беріледі.
Кәсіпорын басшысы
М.О.
Асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидаларына 10-қосымша
_________№ ________ экспорттық келісімшартқа өндірістік-техникалық мақсаттағы бұйымдарда асыл тастарды пайдалану туралы анықтама
Р/с№ Шикізат құжаттарының №№, күні, асыл тастарды сатушы Келісімшарттар, беру актілері, жинақтау ведомостары бойынша асыл тастар Өндірістік-техникалық мақсаттағы бұйымдарда пайдаланылған асыл тастар Әкетуге мәлімделген өндірістік-техникалық мақсаттағы бұйымдар Бұрын пайдаланылған асыл тастар Қоймадағы немесе өндірістегі асыл тастардың қалдығы
салмағы, карат құны, АҚШ доллары салма-ғы, карат құны, АҚШ доллары саны, данасы құны, АҚШ доллары салма-ғы, карат құны, АҚШ доллары салма-ғы, карат құны, АҚШ доллары
* Меншікті өндірісте өңдеу.
Бас директор
Бас бухгалтер М.О.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы №1479 қаулысымен бекітілген
Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидалары (бұдан әрі − Қағидалар) «Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының кеден одағын бірыңғай тарифтік емес реттеу туралы» ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің (Кеден одағының жоғары органы) 2009 жылғы 27 қарашадағы № 19 шешімімен бекітілген Бағалы металдарды, асыл тастарды және құрамында бағалы металдар бар шикізаттық тауарларды ЕурАзЭҚ шеңберінде Кеден одағының кедендік аумағына әкелу және ЕурАзЭҚ шеңберінде Кеден одағының кедендік аумағынан әкету тәртібі туралы ережеге (бұдан әрі − Ереже) сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағидалардың талаптары трансферттік баға белгiлеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын трансферттік баға белгiлеу кезіндегі бақылауға қолданылмайды.
3. Өңделмеген табиғи алмасты тек Кимберлий үдерісіне қатысушы елдерден әкелуге және әкетуге рұқсат етіледі.
4. Өңделмеген табиғи алмасты әкелу және әкету ашудан қорғалған контейнерлерде (пломбаланған сейф-пакеттерде) жүзеге асырылады.
5. Кимберлий үдерісінің хатшылығымен ақпарат алмасу электрондық хабарлар жолымен жүзеге асырылады.
6. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:
1) өңделмеген табиғи алмас – өңделмеген немесе жай араланған, сындырылған немесе рундист жағылған (7102 10 000 0, 7102 21 000 0, 7102 31 000 0 КО СЭҚ ТН кодтары) алмас;
2) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті;
3) уәкілетті ұйым – Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмасты сараптауды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ұйым;
4) мемлекеттік бақылаушы – уәкілетті органның мамандандырылған не Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы уәкілетті органы айқындаған кеден бекеттерінде өңделмеген табиғи алмасты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын өкілі;
5) өңделмеген табиғи алмасты мемлекеттік бақылау – уәкілетті орган жүзеге асыратын бақылау, ол мыналарды қамтиды:
өңделмеген табиғи алмасты өндіру кезінде оларды сорттық және бағалау сапасын бақылау;
сараптау (сәйкестендіру) үдерісінде анықталатын өңделмеген табиғи алмастың сыныптауыш белгілерінің дұрыс анықталуын бақылау;
ішкі нарықта 10 жұмыс күні ішінде өткізу үшін гауһар тастар өндірісі субъектілерінің экспорттауына арналған өңделмеген табиғи алмас партиясын міндетті ұсынуды бақылау;
өңделмеген табиғи алмастың шығу тегін және оларды иелену заңдылығын тексеру;
өңделмеген табиғи алмасты сертификаттаудың халықаралық схемасын іске асыру мақсатында өңделмеген табиғи алмасты әкелу кезінде экспорттаушы мемлекетке өңделмеген табиғи алмасты әкету сертификатының (Кимберлей үдерісінің сертификаты) болуын бақылау және есепке алу;
ішкі нарықта өңделмеген табиғи алмаспен жасалатын мәмiлелердi есепке алу;
6) өңделмеген табиғи алмасты сараптау – уәкілетті ұйымның өңделмеген табиғи алмастың сапалық-түстік, сандық және құндық сипаттамаларын анықтауы;
7) Кимберлий үдерісінің сертификаты – өңделмеген табиғи алмас партиясын сертификаттау схемасының талаптарына сәйкес келетін ретінде сәйкестендіретін белгіленген нысандағы құжат;
8) даулы алмас – ұрыс қимылдарын жүргізу аумақтарында өндірілген, сатудан түскен ақша өңірлік қақтығыстарды және халықаралық террорлық топтарды қаржыландыруға жұмсалатын алмас;
9) Кимберлий үдерісіне қатысушы – мақсаты алмас тауар айналымынан даулы алмасты алып тастау болып табылатын алмас өндіруші елдер мен тұтынушы елдер қауымдастығына қатысушы;
10) арнайы есепке алу – уәкілетті органның өңделмеген табиғи алмаспен жасалатын операцияларды жүзеге асыратын, оларды тізілімге енгізу үшін алымдарды алуды көздемейтін заңды тұлғалардың (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісін қоспағанда) және жеке кәсіпкерлердің тізілімін жүргізуі. Арнайы есеп жүргізу тәртібін уәкілетті орган белгілейді;
11) мәлімдеуші – табиғи алмасты, гауһарды, өңделмеген табиғи алмасты, өнімдер мен бұйымдарды өндіруші субъектілер, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген субъектілермен, комиссиялар шарттары және агенттік келісімдері бойынша өңделмеген табиғи алмаспен операцияларды жүзеге асыруға құқығы бар және уәкілетті органның арнайы есебінде тұрған заңды тұлғалар;
12) өңделмеген табиғи алмасты өндіретін субъектілер – Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағында табиғи алмас өндіруді жүзеге асыратын ұйымдар, бұл ұйымдар резиденттер болып табылады;
13) гауһар өндірісі субъектілері – резиденттері болып табылатын Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің аумағында гауһар дайындау мақсатында өңделмеген табиғи алмасты қырнауды жүзеге асыруға құқығы бар ұйымдар мен дара кәсіпкерлер;
14) өңделмеген табиғи алмастан алынған өнімдерді және бұйымдарды өндіруші субъектілер – резиденттерi болып табылатын Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағында өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы өнiмді, сондай-ақ тұрмыстық және зергерлiк бұйымдарды дайындау мақсатында өңделмеген табиғи алмасты өңдеуді жүзеге асыру немесе пайдалану құқығы бар ұйым және дара кәсiпкерлер.
2. Өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағына әкелу тәртібі
7. Өңделмеген табиғи алмасты Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу (бұдан әрі – әкелу) кезінде тауарларды кедендік декларациялаумен және кедендік тазартумен байланысты кедендік операциялар жүргізілгенге дейiн мәлімдеуші осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жүргізу үшін өңделмеген табиғи алмасты өңдеу үшін әкелуді қоспағанда, өңделмеген табиғи алмасты мемлекеттік бақылау рәсімінен өтеді.
8. Мәлімдеуші мемлекеттік бақылау үдерісінде уәкілетті ұйымда өңделмеген табиғи алмасты сараптамадан (сәйкестендіруден) өткізеді.
Сараптамадан өткізу кезінде Қағидалардың 11-тармағының 1) – 5) тармақшаларында көзделгендерден басқа, қосымша құжаттарды ұсыну талап етілмейді.
9. Өңделмеген табиғи алмасты сараптамадан (сәйкестендіруден) өткiзу үшiн уәкілетті ұйым мәлімделген өңделмеген табиғи алмастардан зерттеулер үшiн сынама алады.
10. Әкелінетін өңделмеген табиғи алмасты сараптау үш жұмыс күнi ішінде жүргiзiледi. Сараптау (сәйкестендіру) қорытындылары бойынша сараптамалық қорытынды үш данада жасалады. Бiрiншi және екiншi даналары мәлімдеушіге табыс етіледі. Бiрiншi данасы мемлекеттiк тексерушіге ұсынуға арналған. Үшiншi данасы уәкілетті ұйымда қалады.
11. Мемлекеттiк бақылаудан өту үшін мәлімдеуші мемлекеттiк бақылаушыға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) ұйымның деректемелері көрсетілген өтінім-хат және мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті қоса берілген құжаттар тізбесі;
2) орыс тіліндегі келісімшарттың (шарттың, келісімнің) көшірмесі, оның негізінде өңделмеген алмасты әкелу жүзеге асырылады, егер келісімшарт орыс тілінде болмаған жағдайда, онда келісімшарттың (шарттың, келісімнің) көшірмесіне мәлімдеуші бекіткен және куәландырған аудармасы (мәлімдеушінің лауазымын және күнін, қолы мен мөрін көрсете отырып) қоса беріледі;
3) өңделмеген табиғи алмастың ерекшелігі;
4) экспорттаушы мемлекеттiң өңделмеген табиғи алмасты әкету сертификаттары (Кимберлий үдерісінің сертификаты);
5) ұйымның жауапты өкілінің жеке басын куәландыратын және оған құжаттар мен өңделмеген табиғи алмасты ұсынуға құқық беретін сенiмхаты;
6) уәкілетті ұйымның сараптамалық қорытындысы.
12. Мемлекеттік бақылаушы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген құжаттарда қамтылған мәліметтердің дұрыстығын, арнайы есепке алынып тіркелгенін тексереді, тексеруден кейін Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік бақылау актісін (бұдан әрі – Акт) ресімдейді.
Мемлекеттік бақылаушы Актіде көрcетiлген өңделмеген табиғи алмастың келісімшартта және ілеспе құжаттарда көрсетілген деректерге сәйкестігін/сәйкессіздігін жазады.
Сәйкессіздіктер болмаған жағдайда мемлекеттік бақылаушы Актінің көрсетілген бөлімінде «тауарлар қойылған талаптарға сәйкес келедi» деген жазба жасайды.
Сәйкессіздіктер анықталған жағдайда «тауарлар қойылған талаптарға сәйкес келмейді» деген жазба жасалады және тауар әкетуге жатады.
13. Акт Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды алған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде ресімделеді және мәлімдеушіге беріледі.
14. Акт үш данада жасалады: бірінші және екінші данасы мәлімдеушіге табыс етіледі. Бірінші данасы кеден органдарына ұсынуға арналған. Үшінші данасы уәкілетті органда қалады. Актіге мемлекеттік бақылаушы қол қояды.
15. Өңделмеген табиғи алмасты әкелу кезінде мемлекеттік бақылаудан өткеннен кейін мәлімдеуші Қазақстан Республикасының және Кеден одағының кедендік заңнамасына сәйкес тауарларды кедендік декларациялаумен байланысты кедендік операцияларды жүргізеді.
16. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттарда кедендік аумақта өңделмеген табиғи алмасты кедендік қайта өңдеу рәсіміне орналастыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына кірмейтін елдерден тауарларды әкелу Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген құжаттарды ұсынған кезде жүзеге асырылады.
Өңделмеген табиғи алмасты қайта өңдеу шарттары туралы құжатты алу үшін мәлімдеуші уәкілетті органға жүгінеді және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) ұйымның арнайы есепке қойылғанын растайтын құжат;
2) қоса берілген ерекшелікпен бірге, өңделмеген табиғи алмасты қайта өңдеуге арналған келiсiмшарттың (шарттың) көшiрмесі;
3) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес келісімшарт бойынша гауhарларды өлшемдік-таразылық топтары бойынша дайындау болжамының есебi;
4) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес келісімшарт бойынша қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормаларының есебі;
5) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес келісімшарт бойынша өңделмеген табиғи алмасты пайдалану туралы анықтама;
6) өңделмеген табиғи алмастар қайта сұрыпталған жағдайда Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес өңделмеген табиғи алмасты қайта сұрыптау туралы анықтама беріледі, оның негізінде көрсетілген анықтама жасалған құжаттардың көшірмелерімен қоса ұсынылады;
7) өңделмеген табиғи алмастар қарулы қақтығыс аймақтарында («күмәнді алмасты») өндірілмегендігі туралы растама;
8) өңделмеген табиғи алмасты сату-сатып алу келісімшарттарының (шарттардың) және келісімшарттың (шарттың) талаптарына сәйкес меншiк құқығына ауысуды растайтын құжаттардың көшірмелері;
9) мәлімдеуші резидентi болып табылатын Кеден одағына мүше мемлекеттердің уәкiлеттi органы берген өңделмеген табиғи алмастар мен мәмілелердi есепке алу туралы хабарламалардың көшiрмелері;
10) Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес қайта өңдеуге әкелінетін өңделмеген табиғи алмастың тізбесі;
11) Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес өңделмеген табиғи алмастың қайта өңделген әкелінетін өнімдерінің тізбесі.
Өңделмеген табиғи алмасты қайта өндеу шарттары туралы құжатты қарау нәтижесі бойынша уәкілетті орган гауhарларды дайындау мақсатында мәлімдеушінің өңделмеген табиғи алмасты өзінің өндiрiстiк қызметiнде пайдалануы туралы жазбаша растамамен Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес қайта өңдеуге әкелінетін өңделмеген табиғи алмастың тізбесін және Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес өңделмеген табиғи алмастың қайта өңделген әкелінетін өнiмдерiнiң тiзбесін мәлімдеушінің атына жібереді.
Өңделмеген табиғи алмасты қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беру мерзімі өтінім берілген күнінен бастап он жұмыс күнін құрайды.
3. Өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағынан әкету тәртібі
17. Осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына кірмейтін елдерге әкету кезінде (бұдан әрі – әкету) мәлімдеуші мемлекеттік бақылау және сараптау (сәйкестендіру) рәсімдерінен өтеді.
18. Мәлімдеуші уәкілетті ұйымда өңделмеген табиғи алмастың сараптамасынан (сәйкестендіруінен) өтеді.
Сараптамадан өту кезінде мемлекеттік бақылаушыға Қағидалардың 21-тармағының 1)-10) тармақшаларында көзделгендерден басқа, қосымша құжаттарды ұсыну талап етілмейді.
19. Өңделмеген табиғи алмасты сараптауды (сәйкестендіруді) жүргізу үшін уәкілетті ұйымның өкілі мәлімделген өңделмеген табиғи алмастардан зерттеу үшін сынама алады.
Достарыңызбен бөлісу: |