20. Әкетілетін өңделмеген табиғи алмасты сараптау (сәйкестендіру) үш жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Сараптама (сәйкестендіру) қорытындысы бойынша үш данада сараптамалық қорытынды жасалады. Бірінші және екінші даналары мәлімдеушіге беріледі. Бірінші данасы мемлекеттік бақылаушыға беруге арналған. Үшінші данасы уәкілетті ұйымда қалады.
21. Өңделмеген табиғи алмасты әкету кезінде мемлекеттік бақылаудан өту үшін мәлімдеуші мемлекеттік бақылаушыға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) ұйымның деректемелері көрсетілген өтінім-хат және мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті қоса берілетін құжаттардың тізбесі;
2) ұйымның арнайы есепке қойылғанын растайтын құжат;
3) өңделмеген табиғи алмастың экспортына арналған лицензияның көшірмесі;
4) орыс тіліндегі келісімшарттың (шарттың, келісімнің) көшірмесі, оның негізінде өңделмеген табиғи алмасты әкету жүзеге асырылады, егер келісімшарт орыс тілінде болмаған жағдайда, онда мәлімдеуші келісімшарттың (шарттың, келісімнің) көшірмесіне мәлімдеуші бекіткен және куәландырылған (мәлімдеушінің лауазымын және күнін, қолы мен мөрін көрсете отырып) аудармасын қоса береді;
5) өңделмеген табиғи алмастарға ерекшелік;
6) Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәлімдеуші ұсынған өңделмеген табиғи алмастар құнының есебі;
7) беру актілері және ерекшеліктер (жинақтау ведомостері) бар, (оның ішінде, егер осы келісімшарт (шарт) бойынша өңделмеген асыл тастар партиясының бір бөлігі әкетілген жағдайда) Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағында өңделмеген табиғи алмасты сатып алуға арналған келісімшарттардың (шарттардың) көшірмесі;
8) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен берілген өңделмеген табиғи алмасты сатып алуға берiлген келiсiмшарттар (шарттар) бойынша (өңделмеген табиғи алмасты Кеден одағына мүше мемлекеттердiң iшкi нарығында сатып алу) экспорттаушының мәмiлелерiн есепке алу туралы растама.
Экспорттаушылар мәмілелерін есепке алуды уәкілетті орган жүргізеді.
9) Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес әрбiр шикiзат шарты бойынша өңделмеген табиғи алмастың әкетілетін партиясының салмағы және құны туралы жалпы анықтама;
10) жауапты өкілдің жеке басын куәландыратын және оған құжаттар мен тауарларды ұсыну құқығын беретін ұйымның сенімхаты;
11) уәкілетті ұйымның сараптамалық қорытындысы.
22. Мемлекеттік бақылаушы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген құжаттарда қамтылған мәліметтердің дұрыстығын тексереді, тексеруден кейін Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік бақылау актісін (бұдан әрі – Акт) ресімдейді.
Актіде мемлекеттік бақылаушы:
1) келісімшартта және ілеспе құжаттарда көрсетілген деректерге ұсынылған өңделмеген табиғи алмастың сәйкестігін/сәйкес еместігін;
2) өңделмеген табиғи алмастың құнын бағалауды;
3) өңделмеген табиғи алмастармен мәмілелер жасаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптары бұзылуының болуын/болмауын жазады.
Сәйкессіздіктер болмаған кезде мемлекеттік бақылаушы Актінің көрсетілген бөлімінде «тауарлар ұсынылған талаптарға сәйкес келеді» деген жазба жасайды және мәлімдеуші кедендік декларациялау рәсімінен өтеді.
Сәйкессіздіктер анықталған жағдайда «тауарлар ұсынылған талаптарға сәйкес келмейді» деген жазба жасалады және ұсынылған тауар әкетуге жатпайды.
23. Акт Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген құжаттарды алған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде ресімделеді және мәлімдеушіге беріледі.
24. Акт үш данада жасалады: бірінші және екінші данасы мәлімдеушіге табыс етіледі. Бірінші данасы кеден органына ұсынуға арналған. Үшінші данасы уәкілетті органда қалады. Актіге мемлекеттік бақылаушы қол қояды.
25. Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру кезінде бұзушылықтар болмаған жағдайда мемлекеттiк бақылаушы мемлекеттік бақылау актiсімен бiр уақытта Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының сертификатын (бұдан әрi – Сертификат) ресімдейді және береді.
26. Өңделмеген табиғи алмасты әкету кезінде кедендік декларациялау мақсаты үшін Сертификат міндетті құжат болып табылады және ол оған қол қойылған күнінен бастап алпыс күн ішінде қолданыста болады.
27. Сертификаттарды ресімдеу және беру тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
28. Өңделмеген табиғи алмасты әкету кезінде мынадай талаптар сақталуға тиіс:
1) өңделмеген табиғи алмастың тиiстi партиясы сатуға ұсынылған күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының iшкi нарығында сатылмауы;
Өңделмеген табиғи алмасты сату туралы ұсыныс Кеден одағы комиссиясы хатшылығының ресми сайтында жарияланады;
2) экспорттық келісімшартта белгіленген әкетілетін партияның бағасы осы партия Қазақстан Республикасының iшкi нарығында ұсынылған бағадан төмен емес.
Өңделмеген табиғи алмастар, егер сыртқы сауда шартында белгіленген келісімшарттық құны мемлекеттiк бақылаудан өту үдерісінде мемлекеттік бақылаушы белгілеген жалпы құннан аз болса, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілмейді.
29. Қазақстан Республикасы аумағынан Кеден одағына кірмейтін елдерге өңделмеген табиғи алмасты әкету кезінде кедендік аумақтан тыс өңдеудің кедендік рәсімінде оның сомасын кейін қайтару арқылы кедендік баждың әкету төлемін қамтамасыз етуді міндетті түрде енгізген жағдайда жүзеге асырылады.
30. Өңделмеген табиғи алмасты Кедендік декларациялау жүргізілгенге дейін кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудiң кедендiк рәсіміне орналастыру үшін беру осы Қағидалардың 16-тармағында көзделген оларды әкелу кезінде қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беру тәртібіне ұқсас жүзеге асырылатын қайта өңдеу шарттары туралы құжатты ұсыну қажет.
Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидаларына 1-қосымша
Бекітемін ___________________________________
(Мәлімдеушінің басшысы лауазымының атауы)
_______________________
(Мәлімдеушінің атауы)
М.О.____________________
(қолы, Т.А.Ә.)
«____» ______________ 20___ж.
(Мәлімдеушінің атауы)
_____ _________ № ___ келісімшарт бойынша өлшемдік-салмақтық топтар бойынша гауhар дайындау болжамының есебі
1-кесте
Р/с №
Алмас шикiзатының сипаттамасы және өлшемдiк – салмақтық тобы Алмас шикізатының салмағы, караты Гауhардың өлшемдiк – салмақтық тобы Гауhардың салмағы, карат Алмас шикiзатына қатысты гауhардың салмағының %
ең аз ең көп орташа мәні ең аз ең көп орташа мәні
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
1 90-120 және <
60-90
40-60
30-40
25-30
20-25
15-20
10-15
7-10
6-7
5-6
4-5
3,4-4
0,30-0,39
0,40-049
0,50-0,59
және т.б.
ЖИЫНЫ:
2
ЖИЫНЫ:
2-кесте
_________ № ___ келісімшарт бойынша бөлу қорытындысы
Гауhардың өлшемдiк – салмақтық тобы Гауhардың салмағы, карат
ең аз ең көп орташа мәні
1 2 3 4
90-120 және <
60-90
40-60
30-40
25-30
20-25
15-20
10-15
7-10
6-7
5-6
4-5
3,4-4
0,30-0,39
0,40-049
0,50-0,59
ЖИЫНЫ:
Ескертпе:
Мәлімдеушінің технологиялық қызметі
басшысы лауазымының атауы __________________ ________________
(Т.А.Ә.) (қолы)
Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидаларына 2-қосымша
Бекітемін ________________________
(Мәлімдеушінің басшысы лауазымының атауы)
___________________
(Мәлімдеушінің атауы)
М.О.____________________
(қолы, Т.А.Ә.)
«____» ______________ 20___ж.
20___ж. _________ №_____ келісімшарт бойынша қайта өңдеу
өнiмдерiнiң шығу нормаларының есебі
Р/с № Алмас шикізатының салмағы, карат Гауhарлардың салмағы, карат Қайта өңдеу өнімдерінің шығыс нормалары %,
ең аз ең көп орташа мәні ең аз ең көп орташа мәні
1 2 3 4 5 6 7 8
Ескертпе:
20__ж. __________ №______ келісімшарт бойынша қалдықтар санының есебі
Алмас шикізатының салмағы, карат Қалдықтардың саны, карат Алмас шикізаты салмағы қалдықтарының саны
Сқалд., %
ең аз ең көп ең аз ең көп
Қалдықтардың саны мына формула бойынша есептеледі:
Сқалд.= С а/ш * Сқалд
мұнда,
С қалд. – алмас шикізатын өңдеу кезінде алынатын қалдықтар салмағы, карат
С а/ш – алмас шикізатының салмағы, карат
С қалд. – қалдықтар санының статистикалық коэффициенті, %
Мәлімдеушінің технологиялық қызметі
басшысы лауазымының атауы __________________ ________________
(Т.А.Ә.) (қолы)
Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидаларына 3-қосымша
________ № ________ келісімшарт бойынша өңделмеген
табиғи алмастарды пайдалану туралы анықтама
Р/с № Iшкi нарыққа сатып алынған алмас шикiзат Бұрын қайта өңдеуге және экспортқа мәлімделген алмас шикiзаты Қайтадан өңдеуге әкетілетін алмас шикiзаты Алмас шикiзатының
қалдығы
келісімшарт
(шарт) сату-шы беру актісі жинақтау ведомосы сал-мағы, карат есептiк құны, АҚШ доллары салмағы, карат есептiк құны, АҚШ доллары келісім-шарттың бағасы, АҚШ доллары салмағы,
карат есептік құны, АҚШ доллары шарт-тың бағасы, АҚШ доллары салмағы,
карат есептік құны, АҚШ доллары
№ күні № күні № күні
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18
Ведомостары бойынша ЖИЫНЫ:
БАРЛЫ-ҒЫ:
Мәлімдеуші лауазымының атауы Мемлекеттік органның уәкілетті тұлғасы лауазымының атауы
(қолы) (Т.А.Ә.)
Мәлімдеушінің Бас (қолы ) (Т.А.Ә.)
бухгалтері
(қолы) (Т.А.Ә.)
М.О. М.О.
__________________________
Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидаларына 4-қосымша
Мәлімдеуші: ____________
Қайта сұрыптау туралы шарт бойынша өңделмеген табиғи алмастарды қайта сұрыптау туралы анықтама
__________ № ______
Р/с № Өңделмеген және табиғи алмастары бар мәмiленiң есептiк нөмiрі және есепке алу күні
Өңделмеген және табиғи алмастары бар мәмiле актiсінiң нөмiрі және күні Ішкi нарықта сатып алған алмас шикiзат Оның iшiнде, қайта сұрыптауға жіберілген алмас шикiзаты
келісім-шарттың (шарттың) № күні актілер беру №№ күні сатушы салмағы, карат құны, доллар,
доллар.
США саны, дана салмағы, карат есептік құны, доллар.
США
20_ жыл ішіндегі жиыны:
20_ жыл ішіндегі жиыны:
барлығы:
Пакеттерді біріктіру кезіндегі ( ____ № ___ таразылық ауытқулардың актiсі) таразының айырмашылығы
қайта сұрыптауға (құндылықтары бар жөнелтілімдерді қабылдау туралы тiзiлiм №_ , акті №_____, жүкқұжат ерекшелігі №_____) жiберiлген
Қайта сұрыптауға қабылдау кезіндегі салмақтық айырмашылық (ашу және қарап шығу актісі № __)
Қайта сұрыптауға қабылданды
Технологиялық шығындар (партия бойынша а/тастармен жасалатын технологиялық операциялар актісі №__)
Қайта сұрыптаудан кейінгі құндылықтарды беру актісі № ___ (№___ жинақтау ведомосы)
Орындалған жұмыстарды қабылдау-тапсыру актісі № _______
Мәлімдеушінің басшысы лауазымының атауы
(Т.А.Ә.)
(қолы)
Мәлімдеушінің
бас бухгалтері (Т.А.Ә.)
(қолы)
М.О.
______________________
Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидаларына 5-қосымша
Үлгі
Қайта өңдеуге әкелінетін (әкетілетін) өңделмеген табиғи алмас
ТІЗБЕСІ
Р/с №
Мәлімдеу-шінің атауы Келісім-шарттың күні және нөмірі КО СЭҚ ТН бойынша тауардың атауы КО СЭҚ ТН бойынша тауардың коды КО СЭҚ ТН бойынша тауардың өлшем бірлігі Тауар саны Тауар бағасы, АҚШ доллары Тауарды деклара-
циялауды жүргізе-тін кеден органы
1 2 3 4 5 6 7 8 9
Мәлімдеуші лауазымының атауы Мемлекеттік органның уәкілетті адамы
лауазымының атауы
(қолы) (Т.А.Ә.)
Мәлімдеушінің Бас (қолы ) (Т.А.Ә.)
бухгалтері
(қолы) (Т.А.Ә.)
М.О. М.О.
Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидаларына 6-қосымша
Үлгі
Қайта өңдеуге әкелінетін (әкетілетін) өңделмеген табиғи алмастардың
ТІЗБЕСІ
Р/с №
Мәлім-
деушінің атауы Келісім-шарт, күні және нөмірі КО СЭҚ ТН бойынша тауардың атауы КО СЭҚ ТН бойынша тауар коды КО СЭҚ ТН бойынша тауардың өлшем бірлігі Тауар бағасы, АҚШ доллары саны ( ___-нан ___ға дейін аралығында) Тауарды декларациялауды жүргізетін кеден органы
Тауар өнiмі Қайта өңдеу өнімдері Шығын
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
Мәлімдеуші лауазымының атауы Мемлекеттік органның уәкілетті адамы
лауазымының атауы
(қолы) (Т.А.Ә.)
Мәлімдеушінің Бас (қолы ) (Т.А.Ә.)
бухгалтері
(қолы) (Т.А.Ә.)
М.О. М.О.
Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидаларына 7-қосымша
Өңделмеген табиғи алмастың жалпы құны есебінің ұсынылатын нысаны
Саны,
салмағы Бағасы (АҚШ доллары) Негізі
(прейс-
куранттың және прейскурант бойынша позицияның нөмiрi) Келісімшарттық құны (АҚШ доллары) (2х3-бағ.) Жалпы құны (АҚШ доллары) (2х4-бағ.)
келісімшарттық прейскурант
1 2 3 4 5 6
Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидаларына 8-қосымша
______________________ № ________________ экспорттық келісімшартқа өңделмеген табиғи алмасты пайдалану туралы анықтама
Р/с № Шикізат құжат-тары-ның №, күні Беру актіле-рінің №, жинақтау ведомос-тарының № Келісімшарттар, берілетін актілер, жинақтау ведомостары бойынша өңделмеген табиғи алмас Экспортқа өткізу үшін өңделген асыл тастарды дайындауға арналған пайдаланылған өңделмеген табиғи алмас Ішкі нарықта өткізу үшін өңделген асыл тастарды дайындауға арналған пайдаланылған өңделмеген табиғи алмас Ішкі нарықта сатылған өңделмеген табиғи алмас Бұрын әкетілген өңделмеген табиғи алмас Әкетуге мәлімденген өңделмеген табиғи алмас Қоймадағы немесе өндірістегі өңделмеген табиғи алмаст қалдығы
сал-мағы, карат бағасы, АҚШ доллары сал-мағы, карат бағасы, АҚШ доллары сал-мағы, карат баға-
сы, АҚШ доллары салма-ғы, карат бағасы, АҚШ доллары салма-ғы, карат бағасы, АҚШ доллары салма-ғы, карат бағасы, АҚШ доллары салма-ғы, карат бағасы, АҚШ доллары
Кәсіпорын басшысы
Бас бухгалтер, М.О.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы №1479 қаулысымен бекітілген
Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған бұйымдарды таңбалау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған бұйымдарды таңбалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесінің (Кеден одағының жоғары органы) «Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Кеден одағын бірыңғай тарифтік емес реттеу туралы» ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің (Кеден одағының жоғары органы) 2009 жылғы 27 қарашадағы № 19 шешімімен бекітілген Бағалы металдарды, асыл тастарды және құрамында бағалы металдар бар шикізаттық тауарларды ЕурАзЭҚ шеңберінде Кеден одағының кедендік аумағына әкелу және ЕурАзЭҚ шеңберінде Кеден одағының кедендік аумағынан әкету тәртібі туралы ережеге сәйкес әзірленді.
2. Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдар (бұдан әрі − зергерлік бұйымдар) осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен сынамалауға және таңбалауға жатады.
3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізі ұғымдар:
1) сынама – бағалы металл қорытпасының мыңдаған салмақтық бөліктеріндегі таза бағалы металдың салмақтық бөліктерінің саны;
2) бағалы металл қорытпасы – кемінде біреуі бағалы болып табылатын екі немесе одан да көп металдан жасалған қатты қоспа;
3) сынамалық таңба – зергерлік бұйымға салынатын, осындай бұйымдағы бағалы металл сынамасын растайтын белгіленген үлгідегі белгі;
4) таңбалау – зергерлік бұйымдарға сынамалық таңбалау бедерін салу;
5) сынамалау – зергерлік бұйымдардың сынамасын белгіленген әдістермен айқындау немесе растау;
6) бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдар – бағалы металдардан және олардың қорытпаларынан, басқа да әртүрлі көркемдік өңдеуді пайдаланып жасалған асыл, өнделген, түрлі-түсті тастар және өзге де табиғи немесе жасанды материалдар орнатылған немесе орнатылмаған бұйымдар;
7) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті;
8) уәкілетті ұйым – асыл тастарға, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарға сараптама жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ұйым;
9) мәлімдеуші – кәсіпкерлік қызмет субъектісі ретінде тіркелген, Кеден одағына мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасына сәйкес бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыруға құқығы бар және уәкілетті органның арнайы есебінде тұрған заңды және жеке тұлғалар.
4. Осы Қағидалар:
1) сынамасы:
платина қорытпасы үшін 900-ден;
алтын қорытпасы үшін 375-тен;
палладий қорытпасы үшін 500-ден;
күміс қорытпасы үшін 800-ден төмен бағалы металдар қорытпасынан жасалған зергерлік бұйымдарға;
2) бағалы металдар мен олардың қорытпаларынан жасалған, ғылыми, өндірістік, медициналық, стоматологиялық, ветеринариялық және басқа арнайы мақсаттарға арналған аспаптарға, зертханалық ыдысқа және өзге де бұйымдарға;
3) бағалы металдардың, оның ішінде бағалы металдардан жасалған бұйымдарға әшекей ретінде пайдаланылатын саф металдарға;
4) алтын түстес бағалы металдарға;
5) бағалы металдар құймаларына;
6) қолданыстан алынған монеталарды қоса алғанда, эмиссиядан өткен бағалы металдардан жасалған монеталарға;
7) шыбық, жолақ, сым және түтік секілді шала өнімдерге;
8) бағалы металдармен қапталған бағалы емес металдардан жасалған бұйымдарға;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында құқықтық мәртебесі айқындалған мемлекеттік наградаларға;
10) автоқаламдарға арналған бағалы металдардан жасалған қауырсындарға қолданылмайды.
2. Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған бұйымдарды таңбалау тәртібі
5. Зергерлік бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде мәлімдеуші зергерлік бұйымдарды сараптау және мемлекеттік бақылау рәсімдерінен өтеді.
6. Зергерлік бұйымдарды сараптау үдерісінде уәкілетті ұйым зергерлік бұйымдарды сынамалауды және таңбалауды жүзеге асырады.
7. Уәкілетті ұйым әкелінетін зергерлік бұйымдардың белгіленген сынамаға сәйкестігін тексереді.
8. Зергерлік бұйымдарды сынамалау Қазақстан Республикасында қолданылатын стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес жүргізіледі.
9. Әкелінетін зергерлік бұйымдар сынамасының сәйкестігі анықталғаннан кейін уәкілетті ұйым зергерлік бұйымдарды таңбалауды жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: |