«Қазақстан Республикасының шетелдердегі азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттардың қабылданғаны туралы
№ ________ талон
_____________________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы)
Қабылданған құжаттардың тізбесі:
1._________________________________________________________________
2._________________________________________________________________
3._________________________________________________________________
4._________________________________________________________________
5._________________________________________________________________
6._________________________________________________________________
7._________________________________________________________________
8._________________________________________________________________
9._________________________________________________________________
Қабылдаған:
________________________ /____________/ __________________________
(қызметкердің лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә.)
_______ ж. «____» ______________
(Қабылданған күн)
Берілетін уақыты және күні: «___»__________ _____ ж. _____ сағ ____ мин
«Қазақстан Республикасының шетелдердегі азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартына 3-қосымша
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәндері
Сапа мен тиімділік көрсеткіштері
|
Көрсеткіштің нормативтік мәні
|
Келесі жылдағы көрсеткіштің нысаналы мәні
|
Есептік жылдағы көрсеткіштің ағымдағы мәні
|
1
|
2
|
3
|
4
|
|
1. Уақыттылығы
|
|
|
1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап қызметті белгіленген мерзімде ұсыну жағдайларының %-ы (үлесі)
|
|
|
|
|
2. Сапасы
|
|
|
2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)
|
|
|
|
|
3. Қолжетімділігі
|
|
|
3.1. Қызмет көрсету сапасы мен оны көрсету туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)
|
|
|
|
3.2. Электрондық форматта қол жеткізуге болатын ақпарат қызметтерінің %-ы (үлесі)
|
|
|
|
|
4. Шағымдану үдерісі
|
|
|
4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанатын тұтынушылардың %-ы (үлесі)
|
|
|
|
|
5. Сыпайылық
|
|
|
5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанатын тұтынушылардың %-ы (үлесі)
|
|
|
|
«Қазақстан Республикасының шетелдердегі азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартына 4-қосымша
Шағымды қабылдау туралы талон № ________________
Құжатты қабылдап алды:
______________________________________
(Консулдық лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.)
_____________________
(Қолы)
201__ жылғы « » ___________
Байланыс телефондары: _____________
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2013 жылғы 11 қаңтардағы №6 қаулысымен бекітілген
«Кеме шетелде сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлiк беру» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Кеме шетелде сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлiк беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері (бұдан әрі – шетелдердегі мекемелер) ұсынады.
2. Ұсынылатын мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабы 8-тармағына, «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 27 қыркүйектегі № 217 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Консулдық жарғысының 68-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 49 қаулысымен бекітілген Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тiркеудiң ережесiне сәйкес ұсынылады.
4. Мемлекеттік қызмет және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру бланкілерінің үлгілері осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген шетелдердегі мекемелердің интернет- ресурстарында және ақпараттық стенділерінде орналастырылады.
5. Осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, кеме шетелде сатып алынған және теңiз кемелерiнiң мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде немесе кеме кiтабында мемлекеттік тiркелгенге дейін, бiрақ бiр жылдан аспайтын уақытқа жарамды болатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлік (бұдан әрі – уақытша куәлік) беру немесе уақытша куәлік беруден бас тарту туралы дәлелді жауап ұсынылатын мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті тұтынушы) ұсынылады.
7. Мемлекеттік қызметті ұсынудың мерзімдері:
1) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды мемлекеттік қызметті алушының тапсырған сәтінен бастап – бес жұмыс күнінен артық емес;
2) мемлекеттік қызметті ұсыну үшін қажетті құжаттарды өткізу кезінде мемлекеттік қызметті алушының кезек күтуінің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – бір сағаттан артық емес;
3) уақытша куәлікті алу кезiнде мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – он минуттан артық емес.
8. Мемлекеттiк қызмет ақылы негізде көрсетілді, оны көрсету үшін Қазақстан Республикасының Салық Кодексімен белгіленген тәртіппен консулдық алым алынады.
9. Мемлекеттiк қызмет аптаның төрт жұмыс күнінде (сәрсенбі, демалыс және мереке күндерін қоспағанда) ұсынылады. Құжаттарды қабылдау сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін, ал құжаттарды беру сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттік қызмет ұсынылатын үй-жай шетелдегі мекеменің ғимаратында немесе бөлек тұрған ғимаратта орналасады.
Күту залы, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттардың тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стендiлермен жарақталады.
2. Мемлекеттік қызметті ұсыну тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтi алу үшiн мынадай құжаттарды (пошта арқылы құжаттар қабылдау жүзеге асырылмайды) ұсыну қажет:
1) жеке тұлғалар үшін:
еркін нысандағы өтініш;
мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;
кемеге меншік құқығын растайтын құжат;
кеменi бұған дейiн тiркеген мемлекеттің билiк орындары берген кеменің бұл мемлекеттің кеме тiзiлiмiнен шығарылғанын және ипотека ауыртпалығы жоқтығын куәландыратын (егер мұндай жағдай өтiнiш берiлгенге дейiн орын алған болса) құжат;
өлшем куәлігі;
біліктілік куәлігі;
жолаушы куәлігі (жолаушы кемелері үшін);
мемлекеттік қызметті алушы өзі келе алмаған жағдайда, мемлекеттік қызметті алушының атынан іс-әрекет жасауға құқық беретін құжат;
консулдық алымның бюджетке төленгендігін растайтын құжат (түпнұсқасы);
2) заңды тұлғалар үшін:
еркін нысандағы өтініш (мемлекеттік қызметті алушының сенім білдірген тұлғасы ұсынады);
мемлекеттік қызметті алушының құрылтай құжаттары немесе белгіленген тәртіппен куәландырылған олардың көшірмелері;
мемлекеттік қызметті алушының атынан әрекет ету өкiлеттігін растайтын құжат;
кемеге меншік құқығын растайтын құжат;
кеменi бұған дейiн тiркеген мемлекеттің билiк орындары берген кеменің бұл мемлекеттің кеме тiзiлiмiнен шығарылғанын және ипотека ауыртпалығы жоқтығын куәландыратын (егер мұндай жағдай өтiнiш берiлгенге дейiн орын алған болса) құжат;
өлшем куәлігі;
біліктілік куәлігі;
жолаушы куәлігі (жолаушы кемелері үшін);
консулдық алымның бюджетке төленгендігін растайтын құжат (түпнұсқасы).
Қажетті құжаттарды алған кезде консулдық лауазымды тұлға құжаттарды есепке алу журналына осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті жазба енгiзедi.
Уақытша куәлікті беру туралы әрбiр жазба тiркеу нөмiрiмен сәйкестендiрiледi. Мұндай нөмiр құжаттарды қабылдау кезiнде берiледi және қабылданған құжаттардың кiрiс нөмiрiмен сәйкес келедi. Ұсынылған құжаттарды тексергеннен кейін консулдық лауазымды тұлға уақытша куәлік береді.
Шетелдегі мекеме уақытша куәліктің берілгені туралы жазбаша хабарландыруды уақытша куәліктің көшірмесімен бірге он күннің ішінде уәкілетті органға (Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі) жолдайды.
12. Бланкілер (өтініш-сауалнама) берілмейді.
13. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша шетелдердегі мекемелерге өткізіледі.
14. Мемлекеттік құжатты мемлекеттік қызметті алушыға барлық қажетті құжаттарды өткізгенін растайтын, осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша талон беріледі.
15. Уақытша куәлік беру мәселесі бойынша қабылданған шешім туралы мемлекеттік қызметті алушыны консулдық лауазымды тұлға телефон арқылы немесе жеке қабылдауда хабардар етеді.
16. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметті ұсыну келесі жағдайларда:
1) құжаттарды өткізу кезінде толық емес және/немесе анық емес мәліметтерді ұсынса;
2) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың толық емес пакеті ұсынылса;
3) консулдық алым төленбесе бас тартылады.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Шетелдердегі мекемелердің қызметі сыпайылық, толық ақпарат беру, құжаттардың сақталуын, мемлекеттік қызметті алушы туралы ақпараттың қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Шетелдердегі мекемелердің жұмыс нәтижелері осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткiштерiмен өлшенедi.
19. Шетелдердегі мекемелердің жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердiң сапасы және тиімділігі көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен (бұдан әрі – Сыртқы істер министрлігі) бекiтіледi.
5. Шағымдану тәртібі
20. Мемлекеттiк қызмет ұсынудың нәтижелеріне шағымдану тәртібін түсіндіру бойынша ақпаратты мемлекеттік қызметті алушы осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша шетелдердегі мекемелерде ала алады.
21. Ұсынылған мемлекеттiк қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметті алушы шағымды жұмыс күндері 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері мен мереке күндерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің атына мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі, 31-ғимарат, телефон (7172) 72-05-18, факс: 8 (7172) 72-05-16, электрондық пошта: midrk@mfa.kz береді.
22. Дөрекі қызмет көрсетілген жағдайларда шағым осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша мемлекеттік қызметті ұсынған шетелдегі мекеме басшысының атына жазылады.
23. Ұсынылған мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сот органдарына жүгінуге құқығы бар.
24. Шағым еркін нысанда жасалған жазбаша түрде пошта не Сыртқы істер министрлігінің немесе шетелдегі мекеменің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Шағымда мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы және қолы қойылады. Шағымды беру кезінде іс-әрекеті шағымдалатын шетелдегі мекеменің атауы немесе лауазымды тұлға, шағымдану себептері мен талаптар көрсетіледі.
25. Қабылданған шағым Сыртқы істер министрлігінің немесе шетелдегі мекеменің кеңсесінде тіркеледі. Өтініштің/арыздың күні мен уақыты, қабылдаған адамның тегі, аты-жөні, сондай-ақ берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орны және шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс деректері көрсетілген осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген талон шағымның қабылданғанын растайтын құжат болып табылады.
Шағым «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қаралады.
26. Мемлекеттiк қызмет туралы қосымша ақпаратты осы стандартқа
1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша шетелдердегі мекемелерден алуға болады.
«Кеме шетелде сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтеріп жүзу құқығына уақытша
куәлiк беру» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша
Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесінің атауы
|
Байланыс деректері
|
Интернет-ресурс
|
АМЕРИКА
|
|
| |
Достарыңызбен бөлісу: |