Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2013 жылғы 18 желтоқсан №1336 Астана Үкімет Үйі



бет1/6
Дата01.07.2016
өлшемі474.5 Kb.
#170581
  1   2   3   4   5   6


Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2013 жылғы 18 желтоқсан №1336 Астана Үкімет Үйі
«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы

25 қазандағы № 1358 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қазандағы №1358 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., №75-76, 1113-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.




Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 желтоқсандағы №1336 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қазандағы 1358 қаулысымен бекітілген

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу

қағидалары

1. Жалпы ережелер


1. Осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 34-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік тапсырманы орындаушы ретінде айқындаған денсаулық сақтау ұйымдарынан; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы №2016 қаулысымен бекітілген бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының азаматтары шетелге емделуге жіберілетін аурулардың тізбесіне және бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберілетін Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесіне сәйкес көрсетілетін медициналық қызметтерден; уәкілетті орган бекіткен тәртіпке сәйкес, отандық медициналық ұйымдар шартында шетелде емделуге үміткер Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға көрсетілген медициналық қызметтерден басқа Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (бұдан әрі – ТМККК) көрсету жөніндегі тиісті лицензиясы бар қызметтер берушіні таңдауды жүзеге асыру және оның шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1) азаматтарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына тіркеу – медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) ұйымдарының МСАК көрсету және азаматтардың ТМККК шеңберінде оны алу құқықтарын іске асыру жөніндегі міндеттемелерін тіркеу;

2) әлеуетті қызметтер беруші – ТМККК көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектісі;

3) бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі (бұдан әрі – әкімші) – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі не облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармалары (бұдан әрі – ДБ);

4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық қызметтер көрсету сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

5) жаңадан енгізілетін денсаулық сақтау объектісі – бюджет қаражаты есебінен салынған, алғаш рет пайдалануға берілген, оны басқару аталған объектіде тиісті қызметті жүзеге асыруға лицензия берілген ұйымға тапсырылған объект;

6) қосалқы мердігер – ТМККК көрсетуге арналған шарт бойынша міндеттемелердің бір бөлігін орындау үшін қызметтер беруші қосалқы мердігерлік шарт жасасқан денсаулық сақтау субъектісі;

7) қызметтер беруші – ТМККК көрсетуге шарт жасасқан денсаулық сақтау субъектісі;

8) қызметтер берушіні таңдау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) – осы Қағидаларға сәйкес тапсырыс беруші құратын тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган;

9) тапсырыс беруші – осы Қағидаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен ТМККК көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің аумақтық департаменті немесе тиісті облыстың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармалары;

10) тарификатор – уәкілетті орган бекіткен құны көрсетілген медициналық қызметтердің бірыңғай тізбесі.

11) ТМККК консультациялық-диагностикалық көмегін көрсетуге арналған ниет білдіру туралы шарт (бұдан әрі – ниет білдіру шарты) – әлеуетті қызметтер беруші мен электрондық тізілімге қосылған КДК әлеуетті қосалқы мердігер арасында жасалған шарт;

12) ТМККК консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін әлеуетті қосалқы мердігер (бұдан әрі – КДК әлеуетті қосалқы мердігері) – ТМККК көрсетуге арналған шарт бойынша міндеттемелердің бір бөлігін орындауға үміткер денсаулық сақтау субъектісі;

13) ТМККК консультациялық-диагностикалық көмегінің әлеуетті қосалқы мердігерлерінің электрондық тізілімі (бұдан әрі – электрондық тізілім) – осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін КДК әлеуетті қосалқы мердігерлерінің дерек қоры;

14) ТМККК көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау (бұдан әрі –қызметтер берушіні таңдау) – осы Қағидалардың талаптарына қызметтер берушінің сәйкестігін айқындауға және ТМККК көрсетуге шарт жасасу арқылы ТМККК орналастыруға бағытталған өзара байланысты дәйекті іс-шаралар кешенінен тұратын рәсім;

15) ТМККК көрсетуге арналған шарт (бұдан әрі – шарт) – осы Қағидаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тапсырыс беруші мен қызметтер берушінің арасында жасалған ТМККК көрсетуге арналған азаматтық-құқықтық шарт;

16) ТМККК орналастыру – комиссияның осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін әлеуетті қызметтер берушілерге ТМККК көлемін айқындауы.

3. Тапсырыс беруші әкімші бекіткен міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарының негізінде қызметтер берушіні таңдау рәсімін жүзеге асыру туралы шешім қабылдайды.

4. Қызметтер берушіні таңдау:

мынадай:

республикалық маңызы бар медициналық ұйымдардың:

психикалық, инфекциялық, онкологиялық аурулармен және туберкулезбен, алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын;

оңалту орталықтарындағы, санаторийлердегі науқастарға медициналық қызметтер көрсетуді қоса алғанда, стационарлық көмек пен стационарды алмастыратын көмек;

қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту;

республикалық маңызы бар медициналық ұйымдардағы амбулаториялық-емханалық көмектің нысандарында көрсетілетін медициналық көмектің білікті; мамандандырылған; жоғары мамандандырылған; медициналық-әлеуметтік түрлері бойынша республикалық бюджет қаражатының есебінен;

республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылатын ТМККК көрсету жөніндегі қызметтерді қоспағанда, медициналық көмектің түрлері мен нысандары бойынша облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді қоса алғанда, жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

5. Қызметтер берушіні таңдау мынадай қағидаттарды сақтай отырып жүзеге асырылады:

1) ТМККК қолжетімділігін қамтамасыз ету;

2) Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандардың денсаулық сақтау субъектілерін еркін таңдауын іске асыру;

3) ТМККК көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын ақша қаражатын қызметтер берушінің ұтымды жұмсауын қамтамасыз ету;

4) қызметтер берушілерді таңдау рәсіміне қатысу үшін әлеуетті қызметтер берушілерге тең мүмкіндіктер беру;

5) қызметтер берушіні таңдау процесінің ашықтығы мен айқындылығы;

6) әлеуетті қызметтер берушілердің арасындағы адал бәсекелестік;

7) денсаулық сақтау саласында аккредиттелген әлеуетті қызметтер берушілерге шарттар жасасуға басым құқық беру;

8) аумақтылық (қызметтер берушіні таңдау рәсімін жүзеге асыру туралы хабарламада көрсетілген ТМККК көрсету орны бойынша қызметтер берушінің орналасуы) қағидаттарын сақтай отырып, жүзеге асырылады.

6. Әлеуетті қызметтер беруші мынадай талаптарға сай болуы тиіс:

1) құқық қабілеттілігінің болуы;

2) төлем қабілеттілігінің болуы;

3) банкроттық не тарату рәсіміне жатпауы;

4) материалдық және еңбек ресурстарының болуы.

7. Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне бекіту рәсімі МСАК көрсететін қызметтер берушіні таңдау рәсімін өткізу үшін алдын-ала рәсім болып табылады және мынадай кезеңдерден тұрады:

1-кезең: Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне еркін бекіту науқанына қатысу үшін әлеуетті қызметтер берушілерді айқындау;

2-кезең: «Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларын және Азаматтарды бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы №1263 қаулысында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне еркін бекіту науқаны (бұдан әрі – бекіту науқаны).

8. Қызметтер берушіні таңдау рәсімі екі кезеңнен тұрады:

1-кезең:

1) тапсырыс берушінің әлеуетті қызметтер берушілерге қызметтер берушіні таңдау рәсімін жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлауы;

2) қызметтер берушіні таңдау рәсіміне қатысуға арналған өтінімдерді (бұдан әрі – қатысуға арналған өтінім) қабылдауы;

3) әлеуетті қызметтер берушілердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін айқындау үшін комиссияның қатысуға арналған өтінімдерді қарауы;

2-кезең:

1) ТМККК орналастыру және шарттар жасасу;

2) ТМККК орналастыру қорытындысы туралы хабарлау.


2. Комиссияны қалыптастыру және оның жұмыс тәртібі
9. Қызметтер берушіні таңдау рәсімін орындау үшін тапсырыс беруші комиссия құрады және оның хатшысын айқындайды.

10. Комиссия:

1) әлеуетті қызметтер берушілердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін айқындайды;

2) әлеуетті қызметтер берушілердің Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне еркін тіркеу науқанына қатысу үшін осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін айқындайды;

3) электрондық тізілімге қосу үшін КДК әлеуетті қосалқы мердігерлерінің осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін айқындайды;

4) Осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін әлеуетті қызметтер берушілерге ТМККК орналастырады.

11. Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ведомстволарының тиісті аумақтық департаменттеріне, ДБ, осы өңірдегі денсаулық сақтау субъектілері мен пациенттердің мүдделерін білдіретін үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктерге кандидатураларды ұсыну туралы жазбаша сұрау салу жібереді және жазбаша ұсынылған кандидатуралардың негізінде тапсырыс беруші комиссия құрамын қалыптастырады және бұйрықпен бекітеді.

12. Комиссияның құрамына комиссияның төрағасы, төрағаның орынбасары және басқа да мүшелері кіреді. Комиссия мүшелерінің жалпы саны кемінде жеті адамнан тұрады.

13. Тапсырыс берушінің бірінші басшысы немесе оның орынбасары болып табылатын лауазымды адам комиссияның төрағасы болып айқындалады.

Комиссияның төрағасы:

1) комиссияның жұмысын жоспарлайды және қызметіне басшылық етеді;

2) комиссияның отырыстарына төрағалық етеді;

3) осы Қағидаларда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Комиссия төрағасының орынбасарын комиссия мүшелері отырыста ашық дауыс беру арқылы сайлайды.

14. Комиссияның ұйымдастырушылық қызметін комиссия хатшысы қамтамасыз етеді. Комиссияның хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды және оның комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы болмайды.

Комиссияның хатшысы тапсырыс берушінің лауазымды адамдарының арасынан белгіленеді.

15. Комиссияның отырысы комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілігі қатысқан жағдайда өткізіледі.

16. Комиссия төрағасының немесе комиссия төрағасы орынбасарының және (немесе) қандай да бір мүшесінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес негізделген себептер бойынша ғана қатыспауына рұқсат етіледі. Бұл ретте комиссия отырысының хаттамасында оның болмау себебі растаушы құжатты қоса бере отырып көрсетіледі.

Комиссия төрағасы болмаған уақытта оның функцияларын төрағаның орынбасары атқарады.

17. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған отырысқа қатысып отырған комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасы немесе ол болмаған жағдайда комиссия төрағасының орынбасары дауыс берген комиссия мүшелерінің шешімі қабылданды деп саналады.

18. Комиссияның отырысын комиссия хатшысы катысып отырған комиссия мүшелері мен әлеуетті қызметтер берушілер және (немесе) олардың өкілдері, болмаған комиссия мүшелері (дәлелді, дәлелсіз себептер бойынша) және дауыстар санын (қарсы, қолдау) көрсете отырып, комиссияның отырысында қабылданған шешім туралы мәліметтерді қамтуға тиіс хаттаманы ресімдейді.

Комиссия отырысының хаттамасына комиссияның төрағасы, оның орынбасары, қатысып отырған мүшелері және комиссия хатшысы қол қояды.

19. Комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда осы комиссияның кез келген мүшесі ерекше пікірін білдіреді, ол жазбаша түрде баяндалуы және комиссия отырысының хаттамасына қоса берілуі тиіс.

20. Қатысуға арналған өтінімдерді комиссияның отырысын өткізбей қарауға рұқсат берілмейді.

21. Әлеуетті қызметтер берушілер және (немесе) олардың өкілдері комиссияның қызметіне араласпай, өтінімдерді қарау кезінде аудиожазу мен бейнетүсіруді жүргізу құқығымен қатыса алады.

22. Комиссия мүшелерінің қатысуға арналған өтінімдерді талаптарға сәйкес келтіруге (толықтыруға, ауыстыруға, түзетуге) бағытталған сұрау салуларына және өзге де іс-қимылдарына жол берілмейді.

23. Комиссия:

қатысуға арналған өтінімдер болмаған;

қатысуға арналған өтінім берген әлеуетті қызметтер берушілердің ешқайсысы осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес хаттама түрінде ресімделетін қызметтер берушіні таңдау рәсімін немесе тіркеу науқанына қатысу үшін әлеуетті қызметтер берушілерді айқындау рәсімін болмады деп тану және оны қайта өткізу туралы шешім қабылдайды.

24. Әлеуетті қызметтер берушінің немесе оның өкілінің сұрау салуы бойынша қабылданған шешімге қатысты комиссия отырысының хаттамасынан үзінді көшірме беріледі.


3. Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне еркін бекіту науқанына қатысу үшін әлеуетті қызметтер берушілерді айқындау тәртібі
25. МСАК көрсететін әлеуетті қызметтер берушілер (бұдан әрі – МСАК әлеуетті қызметтер берушілері) бекіту науқанына қатысады.

26. Тапсырыс беруші денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның шешімі негізінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес бекіту науқанына қатысу үшін әлеуетті қызметтер берушілерді айқындау рәсімін өткізу туралы бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі – БАҚ) және (немесе) интернет-ресурстар арқылы хабарлайды (бұдан әрі – бекіту науқанын өткізу туралы хабарландыру).

27. Бекіту науқаны үшін әлеуетті қызметтер берушіні айқындау рәсімін қалыптасуы мен қызметі осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылатын комиссия орындайды.

28. МСАК көрсетуге үміткер МСАК көрсететін әлеуетті қызметтер берушісі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мынадай құжаттарды қоса бере отырып, тапсырыс берушіге тіркеу науқанына қатысуға арналған өтінімді (бұдан әрі – қатысуға арналған өтінім) ұсынады:

1) мыналардың:

заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың (анықтаманың электрондық нысаны нотариаттық расталмайды);

тиісті мемлекеттік орган берген, заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың (жеке тұлға үшін);

әлеуетті қызметтер берушінің тиісті медициналық қызметтер көрсетуге арналған құқығын растайтын медициналық қызметпен айналысуға лицензиялар мен оларға қосымшалардың (электрондық лицензия және оған қосымшалар нотариаттық расталмайды) нотариаттық куәландырылған көшірмелерін;

2) мыналардың:

жеке куәлігінің немесе паспорттың (жеке тұлға үшін);

жарғының (егер жарғыда құрылтайшылардың, қатысушылардың немесе акционерлердің құрамы көрсетілмесе, сондай-ақ құрылтайшылардың, қатысушылардың құрамы туралы үзінді көшірме немесе құрылтай шартының нотариаттық куәландырған көшірмесі немесе акцияларды ұстаушылар тізілімінен үзінді көшірме ұсынылады);

денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу туралы куәліктің (бар болса) көшірмелері;

3) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес бірінші басшының қолымен расталған және әлеуетті қызметтер берушінің мөрімен бекітілген дәрігер кадрлардың болуы туралы мәліметтер (аккредиттеу туралы куәлік болған жағдайда аталған мәліметтер ұсынылмайды);

4) әлеуетті қызметтер берушінің мүддесін білдіретін адамға (адамдарға) комиссия отырыстарына қатысуға арналған өтінім беруге, қол қою құқығына сенімхат.

Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын әлеуетті қызметтер беруші өзінің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденті сияқты құжаттарды не осы талаптарға сәйкестігі туралы ұқсас мәліметтерді ұсынады.

29. Комиссия осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес шешімді бекіту науқанына қатысу үшін әлеуетті МСАК көрсететін қызметтер берушінің осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі (сәйкес келмейтіні) туралы хаттамамен ресімдейді.

30. Тапсырыс беруші бекіту науқанына қатысуға рұқсат алған МСАК көрсететін әлеуетті қызметтер берушілерін айқындау қорытындысын шығарған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей:

МСАК көрсететін әлеуетті қызметтер берушілерінің тізімін көрсете отырып, БАҚ және (немесе) интернет-ресурстар арқылы бекіту науқанын өткізу туралы хабарлайды;

тіркелген халық тіркелімінің (бұдан әрі – ТХТ) порталын қалыптастыру және сүйемелдеу бойынша қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымына осы әлеуетті қызметтер берушілерге тіркеу науқаны басталғанға дейін кемінде бір жұмыс күнінен кешіктірмей ТХТ-ға жіберу үшін хаттаманың көшірмесін жібереді.

31. Бекіту науқанын өткізу кезеңінде оған жіберілген әлеуетті қызметтер берушілер бекіту бойынша ақпараттық науқан жүргізеді.

32. Тапсырыс беруші МСАК әлеуетті қызметтер берушілеріне бекітілген халықтың санын айқындау арқылы бекіту науқанының қорытындысын шығарады.

33. Бекітілген халықтың саны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2131 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативіне сәйкес келетін МСАК әлеуетті қызметтер берушілері қызметтер берушіні таңдау рәсіміне жіберіледі.


4. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің консультациялық-диагностикалық қызметтерінің әлеуетті қосалқы мердігерлерінің электрондық тізілімін қалыптастыру үшін әлеуетті қосалқы мердігерлерді айқындау тәртібі
34. Тапсырыс беруші жыл сайын, 15 қарашадан кешіктірмей, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес электрондық тізілімді қалыптастыру туралы хабарландырады, ол тиісті облыстың, Астана және Алматы қалаларының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында және әкімшінің интернет-ресурсында жарияланады.

35. КДҚ әлеуетті қосалқы мердігері тапсырыс берушіге ТМККК консультациялық-диагностикалық қызметтерін көрсету үшін тапсырыс беруші белгілеген мерзімде осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес электрондық тізілімге енгізуге арналған өтінімді (бұдан әрі – тізілімге енгізуге арналған өтінім) мынадай құжаттарды қоса бере отырып ұсынады:

1) мыналардың:

заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың (анықтаманың электрондық нысаны нотариаттық расталмайды);

тиісті мемлекеттік орган берген, заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың (жеке тұлға үшін);

тапсырыс беруші көрсеткен аумақта тиісті медициналық қызметтер көрсетуге арналған құқығын растайтын медициналық қызметпен айналысуға арналған лицензиялар мен оларға қосымшалардың (электрондық лицензия және оған қосымшалар нотариаттық расталмайды) нотариат куәландырған көшірмелерін;

2) мыналардың:

жеке куәлігінің немесе паспорттың (жеке тұлға үшін);

жарғының (егер жарғыда құрылтайшылардың, қатысушылардың немесе акционерлердің құрамы көрсетілмесе, сондай-ақ құрылтайшылардың, қатысушылардың құрамы туралы үзінді көшірме немесе құрылтай шартының нотариаттық куәландырылған көшірмесі немесе акцияларды ұстаушылар тізілімінен үзінді көшірме ұсынылады);

денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу туралы куәліктің (бар болса) көшірмелерін;

3) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес кадрлардың біліктілігі туралы мәліметтер (аккредиттеу туралы куәлік болған жағдайда бұл мәліметтер ұсынылмайды);

4) оның мүддесін білдіретін адамға (-дарға) комиссия отырыстарында да тізілімге енгізуге арналған өтінім беруге, қол қою құқығына сенімхат.

Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын КДҚ әлеуетті қосалқы мердігері өзінің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденті сияқты құжаттарды не осы талаптарға сәйкестігі туралы ұқсас мәліметтерді ұсынады.

36. Тізілімге қосу үшін өтінімді КДҚ әлеуетті қосалқы мердігері тапсырыс берушіге тігілген түрде, нөмірленген парақтармен түзетулер мен жөндеулерсіз ұсынады. Бұл ретте тізілімге енгізуге арналған өтінімнің соңғы парағы бірінші басшының қолымен куәландырылады және мөрімен бекітіледі.

37. КДК әлеуетті қосалқы мердігері тапсырыс берушіге ұсынатын тізілімге енгізуге арналған өтінімдерді комиссияның хатшысы осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нөмірленуі, тігілуі тиіс тізілімге енгізуге арналған өтінімдерді тіркеу журналында тіркейді. Бұл ретте журналдың соңғы парағы бірінші басшының қолымен куәландырылады және мөрімен бекітіледі.

38. Комиссия егер:

1) қатысуға арналған өтінім және оған қоса берілетін құжаттар тиісінше ресімделмеген болса;

2) қатысуға арналған өтінімге осы Қағидаларда көзделген құжаттардың толық топтамасы қоса берілмесе;

3) ұсынылған құжаттарда дәйексіз ақпарат болса;

4) мәлімделген медициналық көмек осы Қағидалардың 35-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкес болмаса, тізілімге енгізуге арналған өтінімді қабылдамайды.

39. Комиссия отырысының нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес электрондық тізілімге енгізу немесе бас тарту туралы хаттамаға қол қойылады.

40. КДК әлеуетті қосалқы мердігерінің немесе оның өкілінің сұрау салуы бойынша қабылданған шешімге қатысты комиссия отырысының хаттамасынан үзінді көшірме беріледі.

41. Комиссия отырысы хаттамасының негізінде тапсырыс беруші ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей ДБ интернет-ресурсында осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес электрондық тізілімді қалыптастырады.

Электрондық тізілім республиканың бүкіл аумағында оны қалыптастырған күннен бастап бір жыл бойы қолданыста болады.

42. КДК әлеуетті қосалқы мердігері осы Қағидалардың 35-41-тармақтарына сәйкес электрондық тізілімнің қолданылу кезеңінде тізілімге енгізуге арналған өтінім беруге құқылы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет