Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2013 жылғы 31 желтоқсан №1587 Астана, Үкімет Үйі


-бөлім. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл



бет10/22
Дата24.02.2016
өлшемі1.54 Mb.
#14525
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22


5-бөлім. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл
Министрліктің таңдалған стратегиялық бағыттар бойынша алға қойған мақсаттарына қол жеткізу көбінесе басқа да мүдделі тараптармен өзара іс-қимылының тиімділігі дәрежесіне байланысты болады.


Қол жеткізу үшін ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасау талап етілетін міндеттердің көрсеткіштері

Ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырылатын мемлекеттік орган

Мемлекеттік органдар жүзеге асыратын шаралар

1

2

3

1-стратегиялық бағыт. Елдің тиімді әлеуметтік-экономикалық саясаты

1.1-мақсат. 2020 жылға қарай қазақстандық экономиканың 2009 жылғы деңгейге қатысты нақты мәнде үштен бірінен аса артуын қамтамасыз ету

1.1.1-міндет. Экономиканың болжанатын параметрлер шегінде дамуын қамтамасыз ету

1. Экономика өсуінің нақты қалыптасқан қарқынының ЖІӨ өсуінің нысаналы көрсеткіштерінен ауытқуы




Салаларды дамытудың болжамды көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету, оның ішінде:

АШМ

ауыл шаруашылығы саласын дамыту және ауыл шаруашылығы өнімінің жекелеген түрлерін экспорттау көрсеткіштері бойынша

ИЖТМ

өнімнің жекелеген түрлерін өнеркәсіптік өндіру және экспорттау салаларын дамыту көрсеткіштері бойынша

МАМ

ақпаратты дамыту көрсеткіштері бойынша

Еңбекмині

әлеуметтік саланы дамыту көрсеткіштері бойынша

МГМ

отын-энергетикалық пайдалы қазбаларды (табиғи сипаттағы) және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру және экспорттау көлемінің көрсеткіштері бойынша

ККМ

көлік саласын және байланысты дамыту көрсеткіштері бойынша

ҰБ

қаржылық секторды, ақша-кредит саясатын және төлем балансын дамыту көрсеткіштері бойынша

ӨДМ

құрылыс секторын дамыту көрсеткіштері бойынша

1.1.2.-міндет. Шикізаттық емес және жоғары технологиялық өндірістерге инвестицияларды тарту үшін жағдайлар жасау

1. ЖІӨ-дегі тікелей шетелдік инвестициялардың (ТШИ) үлесі

ИЖТМ, ӨДМ, МГМ, АШМ,

басқа мүдделі мемлекетік органдар




1) Қазақстан Республикасының инвестициялық қызмет саласындағы нормативтік құқықтық базасын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарына сәйкес үйлестіру шараларын қабылдау.

2) Инвестициялық бизнес-ахуалды одан әрі жақсарту шараларын қабылдау.

3) Экономиканың шикізаттық емес секторларына инвестицияларды тарту жағдайларын жетілдіру және инвестициялық қызметті мамандандырылған даму институттарының сүйемелдеуі бойынша шаралар қабылдау.


2. 2020 жылға қарай экономиканың шикізаттық емес секторларындағы шетелдік және отандық инвестициялар кемінде 30 %-ға ұлғаяды.

1.1.3-міндет. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін дамыту

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік келісімшарттарының жаңа түрлерін енгізу

Мүдделі мемлекеттік органдар

1. Концессиялық жобаның құжаттамасын әзірлеу;

2. Концессиялық жобаның құжаттамасын сараптау;

3. Концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізу;

4. Концессия шартын жасасу;

5. Концессиялық жобаны іске асыру


1.1.4-міндет. Қазақстан Республикасы дамуының стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған салық және кеден саясатын жүргізу

Қазақстан Республикасының заңнамасын кеден ісі бөлігінде Кеден одағының кеден заңнамасымен біріздендіру

Қаржымині

Кедендік әкімшілендіруді жетілдіру

1.1.5-міндет. Ішкі сауданы дамыту

1. Бөлшек сауданың НКИ

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

1. Халықтың сауда алаңдарымен қамтамасыз етілуінің ең төменгі нормативтері бойынша ұсыныстар әзірлеу.

2. Халықтың сауда алаңдарымен қамтамасыз етілуінің ең төменгі нормативтері бойынша шараларды әзірлеу және іске асыру



СА

Статистикалық деректерді беру

2. Сауда саласындағы қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында бөлшек сауда айналымының жалпы көлемінде ірі сауда объектілері мен сауда желілерінің үлесін ұлғайту

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

1. Сауда инфрақұрылымын дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жағдай жасау және әзірлеу.

2. Сауда қызметкерлерін дайындау, қайта дайындау және біліктілігін арттыру жүйесін дамытуға және жетілдіруге, кәсіби негізде еңбек нарығын қалыптастыруға жәрдемдесу.

3. Сауда қызметінің субъектілеріне, оның ішінде отандық өндірістің азық-түлік тауарларымен сауданы жүзеге асыратындарға экономикалық ынталандыру шараларын қолдану.

4. Отандық сауда желілерін дамыту.



СА

Статистикалық деректерді беру

3. Баға белгілеудің ашықтығын арттыру мақсатында көтерме сауда айналымының жалпы көлемінде биржалар арқылы жасалатын сауда операциялары көлемінің үлесін ұлғайту

ИЖТМ, МГМ, БҚА, АШМ

Кейіннен биржалық тауарлар және ұсынылатын партиялардың ең төменгі көлемінің тізбесіне енгізу үшін тауарлық биржалар арқылы өткізілген тауарларға талдау жүргізу

Қаржымині

Тауарлық биржалар арқылы мемлекеттік сатып алуды өткізу үшін жағдайлар жасау

СА

Статистикалық деректерді беру

1.1.6-міндет. Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеу, бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу салаларындағы саясатты жетілдіру

Күнтізбелік жылға арналған табиғи монополиялар және реттелетін нарық субъектілері қызметтеріне тарифтердің (бағалардың, алым мөлшерлемелерінің) өзгеруінен инфляцияға салымның орындалуын қамтамасыз ету

ТМРА

1. ТМРА ұсынған реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтердің болжамдық өсу есептерін талдау

2.Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтердің шекті өсімінің инфляцияға жол берілетін салымының болжамдық есебін жүргізу.



1.1.8-міндет. «Жасыл экономиканы» дамыту

«Жасыл экономика» саласында нормативтік құқықтық актілерді қабылдау

Мүдделі мемлекеттік органдар

«Жасыл экономика» саласындағы заңнаманы жетілдіру

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға көшу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу

ЭБЖМ, ҚОСРМ

«Жасыл экономика» саласындағы заңнаманы жетілдіру

Ғимараттардың энергия тиімділігін арттыруды ынталандыру үшін қаржылық қолдаудың тетіктері бойынша қолданылатын шараларды толықтыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу

ӨДМ, ИЖТМ, ЭБЖМ

Гранттар, қарыздар, салықтық жеңілдіктер және пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау жүйесін әзірлеу т.б.

Қолданыстағы барлық субсидияларға талдау жүргізу және субсидиялаудың жақсартылған моделі бойынша ұсыныстар әзірлеу

ҚОСРМ, АШМ, ИЖТМ, ӨДМ, ТМРА, ЭБЖМ

1. Тиімді су пайдалануға ықпал етпейтін субсидияларды жою.

2. Су пайдалануға квоталарды бөлудің ашық тетігін әзірлеу.

3. Коммуналды кәсіпорындарға және өзге пайдаланатын ұйымдарға су инфрақұрылымын салу және жаңғыртуға шығындарды өтеу бойынша мүмкіндіктерді ұсыну.

4. Тиімді су пайдаланудың технологияларына өтуді мемлекеттік қолдау



2-стратегиялық бағыт. Бюджеттік саясат және жоспарлау

2.1-мақсат. Мемлекеттік қаржының теңгерімділігін қамтамасыз ету және бюджет тиімділігін арттыру

2.1.1-міндет. Фискалды шектеулерді, даму басымдықтарын ескере отырып, бюджет саясатын қалыптастыру және мұнай табыстарына тәуелділікті төмендету

Республикалық бюджетке түсімдердің жалпы көлеміндегі кепілдендірілген трансферттің үлесі

Қаржымині, ҰБ

Ұлттық қордан жыл сайынғы кепілдендірілген трансферт көлемі бойынша ұсыныстар енгізу

ЖІӨ-ге қатысты мемлекеттік бюджет тапшылығының төмендеуі

Қаржымині

Республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру үшін тартылатын тиісті жылға үкіметтік қарыздар бойынша болжамды деректерге қол жеткізуді қамтамасыз ету

Мұнай емес сектордан мемлекеттік бюджеттің ағымдағы шығыстарына кірістердің қатынасы

Қаржымині

Тиісті жылға арналған мұнай емес сектордан түсетін кірістер бойынша болжамды деректерге қол жеткізуді қамтамасыз ету

2.1.2-міндет. Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасын дамытудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясатын жүргізу

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін ЖІӨ-ден 20 % мөлшерінде төмендетілмейтін қалдықтан кем емес ұстап тұру

Қаржымині, ҰБ

Елдің экономикасын келешектегі сыртқы қауіптерден нивелирлеу мақсатында Республиканың Ұлттық қорында қаражатты жинақтау саясатын одан әрі қамтамасыз ету

3-стратегиялық бағыт. Халықаралық экономикалық интеграция және сыртқы сауда қызметі

3.1-мақсат. Әлемдік сауда-экономикалық жүйеге интеграциялау арқылы республиканың экономикалық мүдделерін жылжыту мен қорғаудың тиімді және жедел жүйесін құру, сондай-ақ сыртқы сауданы дамыту

3.1.1-міндет. Кеден одағының жұмыс істеуін және Еуразиялық экономикалық кеңістікті қалыптастыруды қамтамасыз ету

Кеден одағына мүше елдердің (Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы) импорттық кеден баждарының мөлшерлемесін біріздендіру

Қаржымині

1. Іске асырылуы республикалық бюджет есебінен көзделген іс-шараларды қаржыландыру.

2. Кеден статистикасын беру.

3. Кедендік-тарифтік және бейтарифтік реттеу мәселелері жөніндегі өзара іс-қимыл.

4. Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасын жүргізу.



СІМ

1. Халықаралық және республикалық іс-шаралар өткізу шеңберіндегі ынтымақтастық.

2. Келіссөз жүргізуші топтың іссапарына қаржылық қаражат бөлу, визалық қолдау.

3. Сыртқы саясат мәселелері бойынша, оның ішінде Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы кеден одағының, өңірлік тауарлық бірлестіктері шеңберіндегі позицияны әзірлеу және үйлестіру; екіжақты және көпжақты халықаралық шарттарды келісу


СА

Статистикалық деректерді беру

СІМ, Қаржымині, АШМ, ИЖТМ, ККМ,

БҒМ, ІІМ, ДСМ, Қорғанысмині,

ҚОСРМ, Еңбекмині, МГМ, ТЖМ, ӨДМ, ТМРА, БҚА, ҰБ, ҰҚК


1. Кеден одағының жұмыс істеуі және Бірыңғай экономикалық кеңістіктің қалыптасуы бойынша келіссөздер ұстанымын қалыптастыру

2. Екіжақты және өңірлік ынтымақтастық мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау

3. Түсіндіру жұмысын жүргізу


МАМ

Еуразиялық экономикалық комиссия, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы мен Кеңесі, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес қабылдаған шешімдерді және келіссөздер процесінің барысын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

3.1.2-міндет. Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру

Қазақстандық заңнаманы ДСҰ-ның түйінді келісімдерімен біріздендіру

Қаржымині

1. Кеден статистикасын беру

2. Кеден-тарифтік және бейтарифтік реттеу мәселелері жөніндегі өзара іс-қимыл жасау



СІМ

1. Халықаралық және республикалық іс-шаралар өткізу шеңберіндегі ынтымақтастық

2. Келіссөздер жүргізуші команданың іссапарына қаржылық қаражат бөлу, визалық қолдау

3. Сыртқы саясат мәселелері бойынша, оның ішінде Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы кедендік одағының, өңірлік тауарлық бірлестіктер шеңберіндегі позицияны әзірлеу және үйлестіру; екіжақты және көпжақты халықаралық шарттарды келісу


АШМ, ИЖТМ, ККМ, БҒМ, ІІМ, ДСМ, ҚОСРМ, Еңбекмині, МГМ, МАМ, ҚҚА, ҰҚК, ТМРА, БҚА, ҰБ

1. Екіжақты және көпжақты халықаралық шарттарды және басқа да тиісті құжаттарды уақтылы келісуді және дайындауды қамтамасыз ету

2. Түсіндіру жұмыстарын жүргізу



МАМ

Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі бойынша келіссөздер процесінің барысын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

3.1.3-міндет. Қазақстан Республикасының жетістіктерін халықаралық нарықтарда позицияландыру

Экспорт географиясын кеңейтуге ықпал ету

СІМ, ИЖТМ, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда Өкілдігі

Қазақстан Республикасының Халықаралық көрмелерге, конференцияларға, форумдарға қатысуын ұйымдастыру




Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда Өкілдігі, ИЖТМ

1. Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда Өкілдігінің қазақстандық кәсіпорындардың өз тауарларын ресейлік нарыққа ілгерілетуіне жәрдемдесуі

2. Қазақстанның экономикасына Ресейден инвестицияларды және қазіргі заманғы технологияларды тарту бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда Өкілдігімен конференциялар, таныстырылымдарды ұйымдастыру және өткізу






МАМ, Қаржымині

Өндірістік байланыстарды қалпына келтіру және халықаралық сауданы дамыту үшін электрондық ақпараттық-маркетингтік орталықтың жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастық




ҚОСРМ, ККМ, СІМ, ИЖТМ, БҒМ, МАМ, Астана қаласының әкімдігі («Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ)

Астана қаласында ЭКСПО-2017 өткізуді қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды уақтылы жүргізу

Ресей Федерациясына қазақстандық өнім экспортының өсуіне ықпал ету (мұнай мен газды жеткізу көлемдерін есепке алмағанда)

Қазақстан Республикасының Сауда өкілдігі, ИЖТМ

1. Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда Өкілдігінің құзыретті өкілдері арқылы қазақстандық тауарлардың экспорттық ілгерілуі бойынша Ресей Федерациясының өңірлеріндегі жұмыс

2. Ресей Федерациясының Сауда-өнеркәсіптік палатасымен, Ресей нарығына қазақстандық тауарларды экспорттық ілгерілету бойынша қауымдастықтармен және ритейлорлармен жұмыс



АШМ

ауыл шаруашылығы өнімінің кейбір түрлерінің экспортын арттыру

ИЖТМ

өнеркәсіптік өнімінің экспорт көлемін арттыру

МГМ

отын-энергетикалық пайдалы қазбалардың (табиғи сипаттағы) және мұнайды қайта өңдеу өнімдерінің экспортын арттыру

ККМ

көлік саласын дамыту

4-стратегиялық бағыт. Мемлекеттік басқару жүйесін және квазимемлекеттік секторды дамыту

4.1-мақсат. 2015 жылға қарай корпоративтік басқару, нәтижелілік, транспаренттілік және қоғамға есеп беру қағидаттарында мемлекеттік басқарудың жаңа моделін енгізу

4.1.1-міндет. Нәтижеге бағдарланған мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және оның толыққанды жұмыс істеуі

Мемлекеттік аппараттың ұтымды және тиімді құрылымын қалыптастыру

Орталық мемлекеттік органдар

Мемлекеттік аппараттың ұтымды және тиімді құрылымын қалыптастыру бойынша ұсыныстар беру

«Стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру» бағыты бойынша орталық мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалауды орта тиімділік (89 %) деңгейіне дейін арттыру


ПӘ

Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық мемлекеттік органдардың «Стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру» бағыты бойынша тиімділігіне бағалау жүргізу және Министрлікке тиісті қорытындылар ұсыну

ПМК

Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның «Стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру» бағыты бойынша тиімділігіне бағалау жүргізу және Министрлікке тиісті қорытынды ұсыну

ӨДМ

Жергілікті атқарушы органдарға «Стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру» бағыты бойынша бағалау жүргізу және Министрлікке тиісті қорытындылар ұсыну

Мемлекеттік органдар

Бағаланатын орталық мемлекеттік органдардың өткен жылдың қорытындылары бойынша стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу бойынша Министрлікке есепті ақпаратты ұсыну

4.1.2-міндет. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың қатысуын кеңейту

Мемлекеттік қызметтер стандарттарының әзірленген жобаларының санындағы мемлекеттік қызметтер стандарттары жобаларының өткізілген жария талқылауларының үлесі

Орталық мемлекеттік органдар

Белгіленген мерзімдерде жария талқылау үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын орналастыруды қамтамасыз ету

4.1.3-міндет. Квазимемлекеттік сектор қызметінің тиімділігін арттыру.

1. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдарды корпоративтік басқаруды енгізу деңгейі

Мүдделі мемлекеттік органдар

1. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдарды корпоративтік басқаруға бағалау жүргізу

2. «Халықтық IPO» бағдарламасына қатысудың міндеттері және шарттары туралы хабардар Қазақстан Республикасы халқының ақпарат алынған үлесі (сауалға қатысқандардың санынан)

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2. «Халықтық IPO» бағдарламасына қатысудың міндеттері және шарттары туралы халыққа ақпарат беру және түсіндіру жұмыстарын жүргізу

4.2-мақсат. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жүйесін жетілдіру (құпия)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет