Ықтимал тәуекелдің атауы
|
Тәуекелдерді басқару жөніндегі шараларды қабылдамаған жағдайда болуы мүмкін салдарлар
|
Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар
|
1
|
2
|
3
|
Сыртқы тәуекелдер
|
Қазақстан экспорттайтын энергия ресурстарына әлемдiк бағалардың құбылмалылығы
|
Бағалардың өсуi кезiнде:
1. Мұнайдың әлемдiк бағаларының өсуi нәтижесiнде мұнай мен мұнай өнiмдерiне iшкi бағалардың өсуi
2. Мұнай экспорты көлемдерiнiң ұлғаюы нәтижесiнде iшкi нарықта мұнай мен мұнай өнiмдерiне ұсыныстар көлемiнiң төмендеуi
3. Экономиканың шикiзаттық бағыттылығының және оның сыртқы нарыққа тәуелдiлiгiнiң күшеюi
4. Инфляция деңгейiнiң өсуi
5. Энергия ресурстарына бағалардың өсуiнен мультипликативтiк әсердiң есебiнен экономиканың өсу қарқынының баяулауы
|
1. Әлеуетті тәуекелдерді дер кезінде айқындау үшін, оның нәтижелерін Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму қортытындысы туралы баяндаманы және басқа да талдамалық ақпаратты әзірлеу кезінде пайдалану үшін әлемдік экономиканың (АҚШ, ЕО, Жапония, Қытай, Кеден одағы және әлемнің басқа да дамушы экономикалары) негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің серпінін қадағалау, негізгі шикізат өнімдеріне (мұнай және мұнай өнімдері, газ, түсті және бағалы металдар, бидай), Қазақстандағы және әлемде болып жатқан экономикалық үдерістерге жедел мониторинг жүйесінде (ЖМЖ) ішкі нарықтағы мұнай өнімдеріне бағаның серпінін қадағалау.
2. Қолайсыз ахуал, оның ішінде ұлттық экономиканың баяулауы, рецессиясы немесе дағдарысы туындаған жағдайымен сипатталатын энергия ресурстарына әлемдік бағаның күрт ауытқуы салдарын Көп деңгейлі дағдарысқа қарсы ден қоюдың қадамдық жоспары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 17 қыркүйектегі № 36 хаттама) қамтыған экономиканы тұрақтандырудың қажетті шараларын пайдалану жөніндегі мәселені ЭСК отырысына шығару. 3. Отандық экономиканың шикізаттық бағдарын төмендетуге (Қазақстанның сауда әріптестерін әртараптандыру, ҮИИДМБ-ні және басқа да мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру) бағытталған қолданылып жатқан шараларды іске асыру бойынша жұмысты күшейту.
|
Бағалардың төмендеуi кезiнде:
1. Мемлекеттiк бюджет пен Ұлттық қорға түсетiн түсiмдердiң қысқаруы
2. Инвестициялық жобаларды қаржыландыру көлемiнiң қысқаруы
3. Экономиканың өсу қарқынының төмендеуi
|
Ауыл шаруашылығы шикiзатына әлемдiк бағалардың құбылмалылығы
|
Бағалардың өсуi кезiнде:
1. Iшкi нарықта азық-түлiк бағаларының өсуi
2. Iшкi нарықта азық-түлiк шикiзаты мен тамақ өнiмдерiне ұсыныстар көлемiнiң төмендеуi
3. Инфляция деңгейiнiң өсуi
Бағалардың төмендеуi кезiнде:
1. Ауыл шаруашылығы саласында кiрiстiлiктiң және ауыл шаруашылығында өсу қарқынының төмендеуi
2. Мемлекеттiк бюджетке түсетiн түсiмдер көлемiнiң қысқаруы
|
1. Әлеуетті тәуекелдерді және жағымсыз үдерістерді дер кезінде анықтау, Қазақстан Республикасы Үкіметіне Қазақстан Республикасындағы инфляциялық үрдістер туралы талдамалық ақпаратты әзірлеу кезінде мониторинг қорытындыларын пайдалану үшін ЖМЖ-де ауыл шаруашылығының шикізатына әлемдік бағаның серпінін қадағалау.
2. Салық салынатын базаны кеңейту бойынша ұсыныстарды әзірлеу.
|
Әлемдік экономиканың өсу қарқынының тежелуі
|
1. ЖІӨ өсу қарқынының төмендеуі
2. Мемлекеттік бюджет пен Ұлттық қорға түсімдердің қысқаруы
|
1. Әлемдік экономика дамуының қолайсыз деңгейіне (әлемдегі дағдарыстық үрдістер мен әлемдік экономика қарқынының, сондай-ақ шикізат тауарларына бағаның өзгеруі) байланысты ұлттық экономиканы тұрақтандырудың шараларын іске асыру бойынша мәселені тиісті Көп деңгейлі дағдарысқа қарсы ден қоюдың қадамдық жоспарының конъюнктуралық пакетін ЭСК отырысына шығару
2. Мемлекеттік бюджетті оңтайландыру және басым емес шығыстарды секвестрлеу, бюджет тапшылығы көлемін арттыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу
|
Қазақстан экономикасына инвестицияларды тарту шараларының тиімсіздігі
|
1. Қазақстан экономикасына инвестициялардың жоқтығы
|
1. Қазақстан экономикасына инвестициялық тартымдылықты және инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша шаралар тиімділігінің мониторингі
2. Инвестициялық ахуалды жетілдіру бойынша озық әлемдік тәжірибелерді зерделеу
3. Қазақстан қатысушы болып табылатын интеграциялық және жаһандандыру процестерінің ықтимал теріс салдарын нивелирлеу және оң әсерін барынша қолдануды қамтамасыз ету
|
Концессиялық жобаларға қатысу үшін жеке және халықаралық капиталды тартудың мүмкін еместігі
|
1. Жобаларды іске асырмау
2. Концессионерді тартпау
|
1. Мемлекет пен концессионер арасындағы тәуекелдерді бөлу
2. Концессия бойынша келісімшарттарды мониторингілеу
|
Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыратын келісімдерді іске асыру мақсатында құжаттарды әзірлеудің Күнтізбелік жоспарын уақтылы орындамау
|
Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастырудың созылуы
|
Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру процесін үйлестіру, тиісті келіссөздер жүргізу
|
Шетелдік мемлекеттің Қазақстанға қатысты ішкі нарықтағы жағдайды елеулі нашарлататын сауда шараларын қолдануы
|
Бағалардың тұрақсыздануы, тұтынушылар және отандық өндірушілер жағдайының нашарлауы
|
Сауда шараларын қолданған Тараппен келіссөздер жүргізу, жағдайды тұрақтандыруға бағытталған шаралар кешенін әзірлеу
|
Халықаралық нарықтарда Қазақстан Республикасын теріс қабылдау
|
Халықаралық ықпалдың және Қазақстан имиджінің төмендеуі
|
Халықаралық көрмелер, форумдар, дөңгелек үстелдер өткізу және/немесе қатысу жолымен халықаралық нарықтарда Қазақстан Республикасын позицияландыру
|
Экспорттық тауарлар бағаларының елеулі төмендеуі
|
Сыртқы сауда айналымының төмендеуі
|
Экспорт құрылымын әртараптандыруға жәрдемдесу
|
Жалпы әлемдік экономикалық конъюнктураның нашарлауы
|
Экономикалық ахуалдың нашарлауы
|
1. Әлемдік экономика дамуының қолайсыз деңгейіне (әлемдегі дағдарыстық үрдістер мен әлемдік экономика қарқынының, сондай-ақ шикізат тауарларына бағаның өзгеруі) байланысты ұлттық экономиканы тұрақтандырудың шараларын іске асыру бойынша мәселені тиісті Көп деңгейлі дағдарысқа қарсы ден қоюдың қадамдық жоспарының конъюнктуралық пакетін ЭСК отырысына шығару .
2. Мемлекеттік бюджетті оңтайландыру және басым емес шығыстарды секвестрлеу, бюджет тапшылығы көлемін арттыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу
|
Экономикалық дағдарыстың пайда болуы
|
Экономикалық ахуалының нашарлауы
|
1. Әлемдік экономика дамуының қолайсыз деңгейіне (әлемдегі дағдарыстық үрдістер мен әлемдік экономика қарқынының, сондай-ақ шикізат тауарларына бағаның өзгеруі) байланысты ұлттық экономиканы тұрақтандырудың шараларын іске асыру бойынша мәселені тиісті Көп деңгейлі дағдарысқа қарсы ден қоюдың қадамдық жоспарының конъюнктуралық пакетін ЭСК отырысына шығару
2. Мемлекеттік бюджетті оңтайландыру және басым емес шығыстарды секвестрлеу, бюджет тапшылығы көлемін арттыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу
|
Ішкі тәуекелдер
|
Ресурстардың экономиканың салалары арасында бiрдей бөлiнбеуiнiң салдарынан экономиканың шикiзат секторына тәуелдiлiгiнiң күшеюi
|
Елде «голланд ауруының» дамуы
|
1. Қорларды құру және қайта өндірудің оңтайлы пропорцияларын қолдау есебінен тұтынуды, инвестициялық белсенділікті жандандыру.
2. Құрылымдық және инвестициялық саясаттың үйлестірілген фискалдық, ақша-кредит саясат құралдарының келісілуі.
|
Инфляция деңгейінің берілген параметрлерден асып кетуі және тауар нарықтарының тиімді жұмыс істеуіне кедергі келтіретін факторлардың пайда болуы.
|
Макроэкономикалық тұрақтылықтың нашарлауына алып келуі мүмкін
|
1. Тарифтік саясат және бәсекелестікті қорғау саласында жұмыс сапасына бақылауды күшейту.
2. Табиғи монополиялар субъектілерінің инфляцияға салымдарының шекті деңгейлерін қайта қарау.
|
Реттелетін тарифтерден инфляцияға үлес деңгейінің берілген параметрден асып кетуі және тауар нарықтарының тиімді жұмыс істеуіне кедергі келтіретін факторлардың пайда болуы
|
Макроэкономикалық тұрақтылықтың нашарлауына алып келуі мүмкін
|
1. Тарифтік саясат және бәсекелестікті қорғау саласында жұмыс сапасына бақылауды күшейту;
2. Табиғи монополиялар субъектілерінің инфляцияға салымдарының шекті деңгейлерін қайта қарау.
|
Мемлекеттік органдардың Кеден одағының жұмыс істеуі және Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру мәселелері жөніндегі Қазақстан тарапының ұстанымын сапалы және уақтылы әзірлемеуі
|
Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімдер қабылдау процесін тежеу, ЕЭК-тің Қазақстан Республикасы мүдделеріне сәйкес келмейтін шешімдер қабылдауы
|
Қазақстан тарапының ұстанымын пысықтау процесін үйлестіру, тиісті келіссөздер жүргізу
|
Мемлекеттік органдардың стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру тиiмдiлiгiн бағалау қорытындылары бойынша берілген ұсынымдарды тиімді іске асырмауы
|
«Стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу» бағыты бойынша орталық мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалаудың төмендеуі
|
Стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру тиімділігін бағалау мәселелері бойынша семинарлар, конференциялар және дөңгелек үстелдер ұйымдастыру арқылы мемлекеттік органдар арасында түсіндіру жұмысын жүргізу
|
«Электрондық үкімет» веб-порталында, Интернет-ресурста және т.б. БАҚ-та жария талқылау үшін мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарының жобаларын орналастырмау
|
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібінің ашық болмауы
|
Жария талқылау үшін мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарының жобаларын орналастыруды мониторингілеу
|