Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2013 жылғы 31 желтоқсан №1587 Астана, Үкімет Үйі


-стратегиялық бағыт. Мемлекеттік басқару жүйесін және квазимемлекеттік секторды дамыту



бет3/22
Дата24.02.2016
өлшемі1.54 Mb.
#14525
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

4-стратегиялық бағыт. Мемлекеттік басқару жүйесін және квазимемлекеттік секторды дамыту

Мемлекеттік жоспарлау саласы

1. Негізгі даму параметрлері



Мемлекеттік басқарудың біртұтас және тиімді іске асырылуының жұмыс істеуі үшін Мемлекеттік жоспарлау жүйесі (бұдан әрі – МЖЖ) жұмыс істейді. Мемлекеттік жоспарлау Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының деңгейін арттыруға, азаматтар әл-ауқатының өсуіне және елдің қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған елдің даму процесінің мемлекеттік билік органдары мен өзге де қатысушылардың қызметін қамтиды.

Тиімді МЖЖ үшін оның құжаттарын әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау процестерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер бекітілді.

ДЭФ ЖБИ рейтингінде «Қабылданатын шешімдер ашықтығы» көрсеткіші бойынша Қазақстан 2012 жылғы қорытындылар бойынша 29-орынды иеленді.

2. Негізгі проблемаларды талдау



Мемлекеттік жоспарлау саласындағы ағымдағы жағдай қолданыстағы МЖЖ одан әрі жетілдіруді талап ететін нақты негізгі проблемаларды көрсетеді, оның ішінде:

1. Олардың тиімді іске асырылуын тежейтін МЖЖ-нің көптеген қабылданған және іске асырылатын құжаттары.

2. МЖЖ әзірленетін құжаттарының саны және олардың іске асырылуының тиімділігі.

3. МЖЖ құжаттары мен көрсеткіштерінің қайталануы.

4. Стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлаудың әлсіз өзара байланысы.

5. Тәуекелдерді тиімсіз басқару.

6. Жоспарлау процесінде жұмыспен қамтылған кадрлардың біліктілік деңгейі.

3. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

МЖЖ тиімді жұмысқа қабілеттілігіне әсер ететін сыртқы факторлар МЖЖ жетілдірудің үлкен әлеуеті және Қазақстан Республикасының тұрақты дамитын экономикасы болып табылады.

МЖЖ жұмыс істеуіне әсер ететін ішкі факторларға қойылған мақсаттар мен міндеттердің қол жетімсізділігі, мемлекеттік органдар қызметін тиімсіз басқару, бюджет қаражатын тиімсіз жұмсау және төрешілдіктің пайда болуы жатады.



Нәтижеге бағдарланған мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мен толыққанды жұмыс істеуінің саласы

1. Негізгі даму параметрлері

Тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару жүйесін кезең-кезеңмен жаңғырту жүзеге асырылып келеді.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында сапалы жаңа мемлекеттік басқару моделін корпоративтік басқару, нәтижелілік, транспаренттілік және қоғамға есеп беру қағидаттарында қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Сонымен қатар, мемлекеттік басқару жүйесін орталықсыздандыру, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, мемлекеттік басқарудың ауылдық деңгейін нығайту бойынша жұмыс жалғасуда.

Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында 2011 жылдан бастап жүйелі негізде «Жетекшілік ететін саладағы/аядағы/өңірдегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру» бағыты бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне жыл сайынғы бағалау жүргізіледі, сондай-ақ барлық бағыттар бойынша тиімділікті жалпы бағалау қалыптастырылады.

Жетекшілік ететін саладағы/аядағы/өңірдегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру» бағыты бойынша 2011 жылғы бағалау нәтижелері (83,37 балл) 2010 жылғы бағалау қорытындыларымен (69 балл) салыстырғанда мемлекеттік органдардың бағдарламалық құжаттарды жоспарлауы мен іске асыруының сапасындағы оң үрдістерді көрсетті. 2012 жылы аталған бағдар бойынша бағалау қорытындысына сәйкес орташа балл 84,21 құрады, бұл 2011 жылғы көрсеткіштен 0,84 балл жоғары.

Мемлекеттік аппараттың қызметін халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік қызметтер көрсету) сапасын арттыруға біртіндеп қайта бағдарлау бақыланады.

Осылайша, 2012 жылы жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсетудің жаңартылған тізілімі қабылданды, оған 566 мемлекеттік қызметтер енгізілді, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді стандарттау мен регламенттеу жұмысы тұрақты негізде жүргізіліп жатыр. 2012 – 2013 жылдар ішінде 480 көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарты мен 3200 регламенті қабылданды.

Осылайша, 2012 жылы 206 мемлекеттік қызметтен 566 қызметке кеңейтілген Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі қабылданды.

2013 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) қабылданды.

Жоғарыда көрсетілген Заң Қазақстан Республикасында бірінші кезекте, өз тұтынушысына бағдарланған мемлекеттік қызметтер көрсетудің жаңа тәсілдерін көздейді.

Осыған байланысты, Заңды іске асыру үшін адамның тыныс-тіршілігінің әртүрлі салаларындағы 647 мемлекеттік қызмет көрсетуді көздейтін жаңартылған Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі қабылданды.

2. Негізгі проблемаларды талдау

Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі реформаның өткен кезеңінің оң нәтижелеріне қарамастан, мемлекеттік органдардың фунциялары мен мемлекеттік басқару деңгейлерін нақты бөлу мәселесіне әлі де назар аударуды қажет етеді.

Осылайша, ықшамды үкімет құру тәсілі сақталмайды. 2012 жылы орталық атқарушы органдардың штат саны 71 511 бірлікті, ал жергілікті атқарушы органдардың штат саны 36 690 бірлікті құрады. Бұл ретте министрліктер мен агенттіктердің аумақтық органдарының саны 2007 жылы 1535-тен 2012 жылы 1749-ға дейін ұлғайды.

Стратегиялық жоспарлар және аумақтарды дамыту бағдарламаларындағы талдау нашар, оның ішінде өзекті емес статистикалық деректерді пайдалану, сапасыз жоспарлау, тәуекелдердің туындауы және тәуекелдерді айқындау жағдайында жоспарланған шаралардың ресми сипаты, «іс-шаралар – тікелей нәтижелер көрсеткіштері – нысаналы индикаторлар – түпкілікті нәтиже» деңгейлері арасында қисынды байланыстың болмауы орын алуда.

Бұдан басқа, орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша қызметінің ашықтығы деңгейінің төмендігі бақыланады, ол өз кезегінде қоғамның мемлекетке деген сенімінің деңгейін төмендетуге әкеледі.

Сонымен бірге, жұртшылықты мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін жетілдіру процесіне тарту бойынша жұмыс салыстырмалы түрде төмен қарқында жүргізілуде, көрсетілетін қызметті алушылармен «кері байланыс» тетігі нашар дамыған.

Осылайша, қазіргі уақытта мемлекеттік басқару саласында жетілдіру бойынша жүргізілетін жұмыс шеңберінде кешенді шешуді қажет ететін проблемалар бар.

3. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Мемлекеттік басқару саласының дамуына әсер ететін негізгі сыртқы факторларға елдегі саяси қайта құрулар жатады.

Негізгі ішкі факторларға жүргізілетін реформалар шеңберінде мемлекеттік басқару жүйесінің нормативтік құқықтық базасын жетілдіруге бағытталған іс-шараларды жатқызған жөн.

Мемлекеттік активтерді басқару саясаты саласы

1. Дамудың негізгі параметрлері

Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарлары Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары болып табылады.

Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларын орындау бойынша есептерді әзірлеу мен берудің бірыңғай тәртібі қалыптастырылуда. Министрлік жыл сайын есептіліктің бекітілген нысандары негізінде мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген мүлікті және заңды тұлғалардың жарғылық капиталында мемлекетке тиесілі акциялар мен қатысу үлестерін басқару жөніндегі қызметінің тиімділігіне байланысты мемлекеттік органдарға рейтингілік бағалау жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Стратегиялық объектілер жөніндегі комиссия шешімінің негізінде стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу және/немесе иеліктен шығаруға тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі.

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқаруды бағалау тәртібі айқындалған. Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқаруды бағалау қағидалары қабылданған және мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдарда корпоративтік басқаруға бағалау жүргізіледі.

2. Негізгі проблемаларды талдау

Бүгінгі күні стратегиялық объектілермен, оның ішінде иелігінде стратегиялық объектілер бар заңды тұлғалармен жасалатын мәмілелерді мониторингілеу және бақылау өзекті проблема болып табылады.

Осы міндетті орындау үшін стратегиялық объектілерге ауыртпалық салу және (немесе) иеліктен шығару бойынша жасалатын азаматтық-құқықтық мәмілелерге тұрақты бақылау қамтамасыз етілген.

Қолданыстағы заңнаманы талдау Экономикалық ынтымақтастық және дамыту ұйымдарының (бұдан әрі – ЭЫДҰ) корпоративтік басқару қағидаттарына сәйкестігі тұрғысынан Қазақстанда мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдарда корпоративтік басқаруды енгізудің төмен деңгейі анықталғанын көрсетті.

Корпоративтік басқару деңгейін арттыру үшін нормативтік құқықтық база жетілдірілуде.

3. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау



Саяси-құқықтық факторлар қалыптастыратын теріс өзгерістер (ішкі саяси жағдай, сыртқы қауіп-қатерлердің болуы, Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастарындағы проблемалар) мемлекет қатысатын компаниялар қызметіне кері әсерін тигізуі мүмкін.

Мемлекеттік активтер құрылымына мемлекет қатысатын 5 987 ұйым, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорын - 5 449 және 538 акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер кіреді. Жүргізілген талдау қорытындылары бойынша мемлекеттік активтер құрылымында квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің тиімділігін төмендететін бейінді емес активтердің елеулі үлесі бар екені анықталды.

Осы ұйымдарда активтерге қайта құрылымдауды жүргізу компаниялар қызметінің олардың негізгі қызметіне және шешуші құзыретіне шоғырландыруға, олардың операциялық және қаржылық тиімділігін арттыруға бағытталған.

Бұдан басқа, Министрлік жұмылдыру дайындығы саласында уәкілетті орган ретінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жұмылдыру іс-шараларын орындауға дайындығын арттыруға бағытталған жұмысты жалғастырады.


3-бөлім. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері
3.1. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері


1-стратегиялық бағыт. Елдің тиімді әлеуметтік-экономикалық саясаты

1.1-мақсат. 2020 жылға қарай қазақстандық экономиканың 2009 жылғы деңгейге қатысты нақты мәнде үштен бірінен аса артуын қамтамасыз ету

Бюджеттік бағдарламалар коды: 001,002, 003, 006, 007, 008, 011, 013, 017, 021, 022

Нысаналы индикаторлар

Ақпарат көзі

оның ішінде аралық мәні көрсетілген

есепті кезең

жоспарлы кезең

Өлш. бірл.

2012

жыл (есеп)



2013 жыл

(ағымдағы жоспар)



2014

жыл


2015 жыл

2016

жыл


2017 жыл

2018

жыл


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1. ЖІӨ НКИ

Стат. деректер

Алдыңғы жылға қарағанда %-бен

105,0

106,0

106,0

107,1

106,2

106,5

106,7

2. Шикізаттық емес сектордың ЖҚҚ НКИ

Стат. деректер

Алдың-ғы жылға қарағанда %-бен

108,3

106,1

107,1

107,1

106,6

106,6

106,8

3. Негізгі капиталға инвестициялар көлемінің өсімі

Стат. деректер

Алдыңғы жылға қарағанда %-бен

103,8

104,7

103,0

105,1

104,4

104,6

104,6

4. Көлеңкелі эконо-мика мөлшері

Стат. деректер

ЖІӨ-ге қарағанда %-бен

20 артық емес

20

артық емес



20 артық емес

20 артық емес

20 артық емес

20 артық емес

20 артық емес

5. «Салық салу деңгейі мен әсері» көрсеткіші бойынша ДЭФ ЖБИ рейтингіде жақсару

ДЭФ

ЖБИ есебі



Рейтингтегі орын

38

54

50

48

46

44

42

6. «Монополияға қарсы саясат тиімділігі» көрсеткіші бойынша ДЭФ ЖБИ рейтингінде жақсару

ДЭФ

ЖБИ есебі



Рейтингтегі орын

95

91

90

89

88

87

86

7. «Жалпы салықтық мөлшерлеме (жүктеме) % табыс» көрсеткіші бойынша ДЭФ ЖБИ рейтингіде жақсару

ДЭФ

ЖБИ есебі



Рейтингтегі орын

30

33

32

31

30

29

28

8. «Тікелей шетелдік инвестицияларға реттеу әсері» көрсеткіші бойынша ДЭФ ЖБИ рейтингінде жақсару

ДЭФ

ЖБИ есебі



Рейтингтегі орын

100

91

89

87

85

83

81

9. Концессиялық ұсыныстар санын ұлғайту

ЭБЖМ ақпараты

Жобалар саны

19

5

10

15

20

25

30

10. Концессияға беруге ұсынылатын объектілердің саны

ЭБЖМ ақпараты

Жобалар саны

5

4

4

4

5

6

7

11. Сауда НКИ

стат. деректер

Алдыңғы жылға қарағанда %-бен

114,6

112,5

111,8

110,9

109,4

108,4

108,6

12. Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар саласындағы қызметті реттеудің құқықтық негізін қамтамасыз ету

ЭБЖМ ақпараты

%

100

100

100

100

100

100

100

Нысаналы индикаторға қол жеткізу жолдары, құралдары және әдістері

1.1.1-міндет. Экономиканың болжанатын параметрлер шегінде дамуын қамтамасыз ету

Тікелей нәтижелер көрсеткіштері

Ақпарат көзі

Өлш. бірл.

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2012
жыл (есеп)

2013 жыл
(ағымдағы жоспар)

2014
жыл

2015 жыл

2016
жыл

2017 жыл

2018
жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1. Экономика өсуінің нақты қалыптасқан қарқынының ЖІӨ өсуінің нысаналы көрсеткіштерінен ауытқуы

Стат. деректер

пайыздық тармақтар

-0,4

± 3,0

± 3,0

± 3,0

± 3,0

± 3,0

± 3,0

Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар

жоспарлы кезеңдегі іске асыру мерзімі

2014
жыл

2015 жыл

2016
жыл

2017
жыл

2018 жыл

1

2

3

4

5

6

  1. Салаларды және жалпы экономиканы дамытудың болжамды көрсеткіштерін қамтамасыз ету бойынша орталық салалық мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру

X

X

X

X

X

  1. Экономиканың даму қарқындарына кері әсер ете алатын әлемдік және отандық экономикалардың дамуында әлеуетті кері үрдістерді анықтау

X

X

X

X

X

  1. Экономикалық өсу көздерін факторлық талдау және оның тұрақтылығы мен теңгерілімдігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу

X

X

X

X

X

  1. Орта мерзімді кезеңге арналған экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыру

X

X

X

X

X

  1. Қазақстанның бәсеке қабілеттілігінің деңгейін көтеру бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру

X

X

X

X

X

  1. Әлемдік рейтингтердің оператор-серіктестерімен тұрақты жұмыс жүргізу

X

X

X

X

X

  1. пайдалы қазбаларды барлауды, өндіруді, бірлесіп барлау мен өндіруді жүргізуге не барлауға және (немесе) өндіруге арналған келісімшарттардың, сондай-ақ оларға толықтырулардың жобаларына экономикалық сараптама жүргізу

X

X

X

X

X

Нысаналы индикаторға қол жеткізу жолдары, құралдары және әдістері

1.1.2-міндет. Шикізаттық емес және жоғары технологиялық өндірістерге инвестицияларды тарту үшін жағдайлар жасау

Тікелей нәтижелер көрсеткіштері

Ақпа рат көзі

Өлш. бірл.

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2012
жыл (есеп)

2013 жыл
(ағымдағы жоспар)

2014
жыл

2015 жыл

2016
жыл

2017 жыл

2018
жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1. ЖІӨ-дегі тікелей шетелдік инвестициялардның (ТШИ) үлесі

ҰБ

%




13,0

13,5

14,0

14,2

14,4

14,6

2. 2020 жылға қарай экономиканың шикізаттық емес секторындағы шетелдік және отандық инвестициялар кемінде 30 %-ға ұлғаяды

СА

%




112,0

115,0

118,0

121,0

124,0

127,0

Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар

жоспарлы кезеңдегі іске асыру мерзімі

2014
жыл

2015 жыл

2016
жыл

2017
жыл

2018 жыл

1

2

3

4

5

6


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет