Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2013 жылғы 31 желтоқсан №1592 Астана, Үкімет Үйі



бет1/23
Дата24.02.2016
өлшемі1.73 Mb.
#14638
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23


Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2013 жылғы 31 желтоқсан №1592 Астана, Үкімет Үйі
Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.

2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2013 жылғы 31 желтоқсандағы №1592 қаулысымен бекітілген


Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Мазмұны

1. Миссиясы мен пайымы

2. Ағымдағы ахуалды және қызметтің тиісті салаларының (аяларының) даму үрдісін талдау

3. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері

4. Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту

5. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл

6. Тәуекелдерді басқару

7. Бюджеттік бағдарламалар


1-бөлім. Миссиясы мен пайымы

Миссиясы: экономикалық, әлеуметтік және табиғатты қорғау аспектілерін біріктіру арқылы қоршаған ортаға жүктемені азайту және табиғи ресурстардың тозуы кезінде халықтың өмір сүру жағдайын, сапасын арттыру үшін климаттың өзгеруі, биологиялық әртүрлілікті сақтау, экономика салаларын және қоршаған ортаны сумен қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының төменкөміртекті дамуға және «жасыл» экономикаға көшуін қамтамасыз ету үрдістерін ескере отырып, қоршаған орта сапасын сақтау, қалпына келтіру және жақсарту бойынша жағдай жасау.

Пайымы: қолайлы қоршаған орта, қазіргі және келешек ұрпақ мүддесі үшін табиғи ресурстарды ұқыпты және ұтымды пайдалану, адам өмірі мен денсаулығы, экономика үшін экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
2-бөлім. Ағымдағы ахуалды және қызметтің тиісті
салаларының даму үрдісін талдау

1. 1-стратегиялық бағыт. Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру және жақсарту

1. Дамудың негізгі параметрлері

Қоршаған ортаға эмиссиялар

Атмосфералық ауаның ластануы халықтың денсаулығына теріс әсер ететін қоршаған ортаға әсер етудің жетекші факторларының бірі болып қалуда. Атмосфераны ластауға негізгі үлес қосатындар республиканың жылу-энергетикалық секторы, тау-кен өндіру және тау-кенді қайта өңдеу салалары және металлургиялық кешендері. Қазіргі кезде республиканың батыс аумағындағы мұнай-газ секторы шығарындыларының жылдам өсу қарқыны өзекті болып отыр.

2012 жылы ластаушы заттардың атмосфераға шығарындыларының көлемі 3,35 млн. тоннаны құрады. 2009 жылға қатысты төмендеу 1,5%-ды құрады.

2012 жылы ластаушы заттар төгінділері 2,8 млн. тоннаны құрады. Айталық, 2009 жылы аталған көлем 2,85 млн. тоннаны құрады және азаю 1,7 % болды.

Тазартылған шаруашылық-тұрмыстық сарқынды суларды төгу үшін жинақтауыш тоғандарын құру өзінің тиімсіздігін көрсетті. Осыған мысал уытты заттар құрамының тұрақты өсуінен, оның тасып кету және апаттық бұзылу мүмкіндігінен өңірдің экологиясы мен халқының қауіпсіздігі үшін күрделі қауіп тудыратын Сорбұлақ (Алматы) және Талдыкөл (Астана) сарқынды сулар жинақтауыштары болып табылады.

Мемлекет басшысының 2010 жылғы 9 ақпандағы № 01-25.27 жеке тапсырмасын орындау үшін 2010-2012 жылдар кезеңінде ғылыми зерттеулер жүргізілді, ал 2013 жылы «Қосалқы құрылыстарды қоса алғанда «Сорбұлақ» сарқынды сулар жинақтауышы көлін реконструкциялау» жобасын іске асыру үшін құжаттама дайындау бойынша жұмыстар басталды.

Мемлекеттік экологиялық бақылау Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарын орындау бойынша инспекциялық тексеріс жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің инспекциялық тексерістер жоспары жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қолжетімді және ашық болу мақсатында жыл сайын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сайтында орналастырылады.

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес табиғат пайдаланушылардың тәуекел дәрежесін бағалау құқық бұзушылық үшін жазалаудан бұрын алдын алудың басымдылығы қағидатына сәйкес іске асырылады.

Сонымен қатар, жыл сайын экологиялық инспекциясы бақылау объектілері санының қамтылуын кеңейтеді, тексерулердің жалпы саны азаюда. Сондай-ақ, орта статистикалық мәліметтер бойынша тексеру бірлігіне шаққанда құқық бұзушылықтар санының жылдан жылға азаюы байқалады (2008 жыл - 0,98; 2009 жыл - 0,95; 2010 жыл - 0,81; 2011 жыл - 0,76).

Құқық бұзушылықтар санының азаюы мемлекеттің жоспарлы саясатының, оның ішінде заңнамалық және табиғат пайдаланушылардың экологиялық заңнаманы сақтауы бойынша инспекциялық қызметтері тарапынан талаптардың күшейтілуінің нәтижесі болып табылады.

Қалдықтар.

2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кәсіпорындар аумағында


26 млрд. тонна өнеркәсіптік қалдық жинақталған. Өнеркәсіптік қалдықтарды кәдеге жарату пайызы республика бойынша 2012 жылы түзілгендерден 24 %-ды құрады. 2009 жылы осы көрсеткіш 20 %-ды құраған.

9 сот шешімінің негізінде иесіз деп танылған 4,7 млн. тонна қауіпті қалдықтар республикалық меншікке берілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 мамырдағы № 715 қаулысымен бекітілген Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару ережесіне сәйкес мұндай объектілерді басқару рәсімі оларды одан әрі қауіпсіз басқару жөніндегі шешім қабылдау үшін олардың физикалық-химиялық және өзге де қасиеттерін кешенді зерделеуді, сондай-ақ жан-жақты зерттеулерді талап етеді.

Жыл сайын республикада шамамен 4-5 млн. тонна қатты тұрмыстық қалдық (бұдан әрі – ҚТҚ) түзіледі, түзілетін ҚТҚ көлемінен бар болғаны 5%-ға дейін кәдеге жаратылады және қайта өңделеді, ал қалған барлық көлемі полигондарда орналастырылады.

2012 жылдың соңындағы жағдай бойынша республика аумағында


4459 ҚТҚ полигоны бар, оның ішінде 781 полигон (18 %) ресми заңдастырылған.

2013 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша елімізде 93,435 млн. тонна ҚТҚ жинақталған. Төмендегі кестеде облыстар бөлігінде мәліметтер көрсетілген.




Р/с




Өңір атауы

(облыс, қала)

Жалпы

млн. тонна

1

2

3

1

Ақмола

0,646

2

Ақтөбе

10,492

3

Атырау

2,759

4

Алматы

10,922

5

Шығыс Қазақстан

7,883

6

Жамбыл

2,315

7

Батыс Қазақстан

5,486

8

Қарағанды

7,601

9

Қостанай

3,648

10

Қызылорда

1,078

11

Маңғыстау

1,001

12

Павлодар

8,896

13

Солтүстік Қазақстан

3,102

14

Оңтүстік Қазақстан

3,395

15

Астана қ.

24,031

16

Алматы қ.

0,280

Жиыны

93,435

Гидрометеорологиялық мониторинг.

Қоршаған ортаның сапасын жақсарту мен тұрақтандырудың басым мақсаттарының бірі – Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің бақылау желісін дамыту болып табылады.

Қазіргі таңда болжамдық, режимдік-анықтамалық гидрологиялық, метеорологиялық, агрометеорологиялық, аэрологиялық ақпараттарды дайындау үшін гидрометеорологиялық мониторинг 287 метеорологиялық станцияда, 13 метеорологиялық бекетте, 298 гидрологиялық бекетте, 202 агрометеорологиялық бақылау пункттерінде, 9 аэрологиялық станцияда, 2 қар көшкіні станциясында және 24 қар өлшеу бағыттарында жүргізіледі.

Экологиялық мониторинг.

Атмосфералық ауаның жай-күйін бақылау 104 стационарлық бекетте 17 көрсеткіш бойынша жүргізіледі. Жер үсті суларының сапасын және жай-күйін 105 су объектісіне бөлінген, оның ішінде 78 өзенде, 16 көлде, 1 теңізде, 14 су қоймасында және 3 каналда (40 астам гидрохимиялық көрсеткіш бойынша) 240 гидрохимиялық тұстамада, 5 көрсеткіш бойынша 39 елді мекенде топырақ ластануының жай-күйін бақылау жүргізіледі.

«Қазаэросервис» АҚ қызметі.

Азаматтық авиация әуе кемелерінің ұшуларын қауіпсіз, тұрақты және тиімді жүзеге асыруға ықпал ету мақсатында нақты метеорологиялық ақпаратпен жедел қамтамасыз ету және ауа райының қауіпті құбылыстарының туындауын алдын ала ескерту қажет.

2011 жылы 18 әуежайдағы метеорологиялық жабдықты техникалық қайта жабдықтау және толық жаңғырту аяқталды.

Еліміздің барлық аумағында қос полярлы доплерлік локаторлар жүйесін құру бойынша жұмыс жүргізілуде. Желі қауіпті құбылыстарды 12 сағатқа дейін мерзімде болжауға мүмкіндік береді, ол ұшулардың қауіпсіздік деңгейін арттыруға және әуе көлігінде авиациялық оқиғалар мен инциденттердің санын азайтуға әсер етеді.

Қоғамдастықпен өзара іс-қимыл жасау.

Қазақстан Ақпаратқа қолжетімділік, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әдiлдiгiне қол жеткізу туралы конвенциясын ратификациялады (Орхус конвенциясы, 2000 жылғы 23 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы).

Конвенция мемлекеттік органдарға негізге алынатын үш негіз қалаушы қағидат: ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әдiлдiгiне қол жеткізу шеңберінде қоғам құқықтарын қамтамасыз етуді жүзеге асыру және қолдау бойынша міндеттерді жүктейді.

Экологиялық проблемаларды шешуде қоғамның қатысуын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тетіктерін қолданады.

Әлеуметтік жобалардың іске асырылуы экологиялық достық қағидаттарында өсіп келе жатқан ұрпақтардың тәрбиесіне, Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі негізгі қағидаттардың жариялануына маңызды үлес қосады, экологиялық білім беру және ағарту, су ресурстары, қалдықтар, биологиялық әртүрлілік салаларындағы жаһандық басымдықтарға қолдау көрсетеді.

Бүгінде Министрлік Қоғамдық экологиялық кеңес және жыл сайын өткізілетін Қоршаған орта және су ресурстары министрінің Экологиялық үкіметтік емес ұйымдармен (бұдан әрі - ҮЕҰ) кездесу атты екі диалогтық алаңы шеңберінде ҮЕҰ-мен өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Әлеуметтік жобалардың іске асырылуы қосымша диалогтық алаңдарды құруға мүмкіндік беріп, осы арқылы қоғамдық ұйымдардың еліміздің экологиялық проблемаларын шешуге қатысу пайызын арттыруға жол береді.

Қазіргі уақытта Министрліктің құзыретіне су, балық, орман және аңшылық шаруашылығы функцияларының берілгенін есепке ала отырып, Министрлік жалпы саны 41 мемлекеттік қызмет түрін көрсетуді жоспарлауда.

«Оңтайландыруға және автоматтандыруға жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесін және оларды электрондық нысанға ауыстыру мерзімдерін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiнің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 991 қаулысына сәйкес 2013 – 2015 жылдар кезеңінде 27 мемлекеттік көрсетілетін қызмет автоматтандырылуға жатады.

Сол қызметтерден Министрлік бойынша қазіргі кезде 8 мемлекеттік көрсетілетін қызмет электронды форматқа көшірілген, оның ішінде 4-уі халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) арқылы көрсетілуде. 2013 жылдың соңына дейін 10 мемлекеттік көрсетілетін қызметті автоматтандыру жоспарлануда. Осы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бойынша жұмыстар автоматтандыру жоспарына сәйкес «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлесіп жүргізілуде.

Сондай-ақ 2012 жылы автоматтандырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер 2015 жылы қайта автоматтандырылуға жататынын атап өту қажет.

Халықаралық ынтымақтастық.

Мемлекет басшысы Н. Назарбаев халықаралық қоғамдастық тарапынан қолдау тапқан бірқатар халықаралық бастамалар ұсынды.

Қазақстан Республикасы 2012 жылғы 20-23 маусым аралығында Рио-Де-Жанейро (Бразилия) қаласында өткен БҰҰ «Рио+20» орнықты дамуы бойынша Конференциясында қазақстандық бастамашылықты – «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасын ұсынды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау үшін, сондай-ақ «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасын одан әрі іске асыру мақсатында «жасыл» технологиялардың трансферті үшін институционалдық негіз құру қажет.

Қазақстан Республикасының төменкөміртекті дамуға және «жасыл экономикаға» көшуі.

Әлемдік ғалымдар клубы климаттың өзгеруімен байланысты қауіптердің үдей түсу дәлелдері бойынша дабыл қағуда. Көмірқышқыл газы шығарындыларының үдемелі көлемі құрғақшылық, су тасқыны, дауыл сияқты дүлей апаттардың жиілеуіне және үйлесімсіздігіне әкеп соқтырады. Климаттың өзгеруінің кері салдарының алдын алу үшін елдің стратегиялық дамуына «жасыл» экономика және төменкөміртекті даму қағидаттарын ендіру саясаты қабылдануда.

Қазақстан үшін «жасыл» даму бірінші кезекте индустриялық және энергетикалық секторларында төменкөміртекті дамуды, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды, су секторлары, ауыл шаруашылығы, қалдықтарды қайта өңдеу мәселелерін шешуді білдіреді. Елдің мемлекеттік басқару қағидаттарын қайта қарауы, неғұрлым қатаң экологиялық стандарттарды ендіруі, сондай-ақ жаңа «жасыл» технологияларды енгізуді де үйренуі қажет.

Қазақстан Республикасындағы жер пайдалану мен ауыл шаруашылығын ескерусіз парниктік газдар (бұдан әрі – ПГ) шығарындылары базалық 1990 жылы 358 млн. тоннаны, ал 2011 жылы СО2 эквивалентінің 274 млн. тоннасын құрады.

2011 жылы энергетикалық сектордың үлесі ПГ жалпы ұлттық шығарындыларының 85 % немесе СО2 эквивалентінің 232 млн тоннасын құрады. Осы сектордағы жиынтық шығарындылар 1990 жылмен салыстырғанда 22 %-ға, және 2010 жылмен салыстырғанда 5 %-ға азайды.

Тұрғындардың жан басына шаққандағы негізгі парниктік газдардың жылдық эмиссияларының көрсеткіші 2011 жылы жан басына шамамен СО2 эквивалентінің 17 тоннасын, ал 2009 жылдан 2011 жылға дейінгі кезеңде орта есеппен 15 тоннаны құрады. Бұл көрсеткіш салыстыру үшін БҰҰ Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына 1-Қосымшасына кірмеген елдерде бұл көрсеткіш 2,6 тоннаны құрайды.

2012 жылы Дохада (Катар) өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы Негіздемелік Конвенциясы (БҰҰ КӨНК) Тараптарының 18-ші Конференциясының қорытындысы бойынша Киото хаттамасының екінші іс-қимыл кезеңіне Қазақстанның парниктік газдардың шығарындыларын шектеу және қысқарту бойынша сандық міндеттемелері 2013-2020 жылдарға арналған Киото хаттамасы В Қосымшасының үшінші бағанында базалық 1990 жылдан 95 % көлемінде бекітілген. Киото хаттамасының 20 және 21-баптарына сәйкес осы түзету оны ратификациялаған мемлекеттер үшін күшіне енеді және елдердің қажет көлемі Киото хаттамасы Тараптарының төрттен үш бөлігі болуы тиіс. Қазақстанның ратификациялау мәселесі қазіргі уақытта Киото хаттамасының мәтініне енгізілген жаңа ережелермен байланысты қарастырылуда.

Парниктік газдардың шығарындыларына квоталарды сатудың ұлттық жүйесі құрылды, 2013 жылға арналған Парниктік газдардың шығарындыларына квоталарды бөлудің ұлттық жоспары қабылданды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 577 Жарлығымен Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға көшуі жөніндегі тұжырымдамасы бекітілді. Тұжырымдама Қазақстан экономикасын қайта құруға, бар экологиялық проблемаларды шешуге және келешекте экологиялық тәуекелдерді төмендетуге мүмкіндік береді.

Жаңартылатын энергия көздері.

Отын-энергетикалық ресурстарды үнемдеу, қоршаған ортаға теріс әсер етуді төмендету және БҰҰ КӨНК және Киото хаттамасы бойынша қабылданған міндеттемелерді орындау, сондай-ақ Қазақстанның БЭЖ-бен төмен электрлік байланысы бар өңірлерді электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында жаңартылатын энергия көздерін (бұдан әрі – ЖЭК) дамытуды қажет етеді.

Қолданыстағы ЖЭК объектілерінің жинақталған белгіленген қуаты 2012 жылға – 118,8 МВт құрады. 2012 жылға электр энергиясын өндіру 450,4 млн. кВтсағ. құрады, ол жылына өндірілген жалпы электр энергиясының 0,5 % үлесін құрады.

2013 жылғы 4 шілдеде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Көрсетілген Заңның негізгі тұжырымдамасы ЖЭК объектілері үшін тіркелген тарифтер жүйесін енгізу болып табылады, ол Заңның осы жүйені енгізу инвесторлар үшін салынған қаражаттың қайтарылуы бойынша кепіл болуына мүмкіндік береді, ЖЭК объектілері тарифінің мөлшеріне айқындылық беруге көмектеседі.

Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамасында Стратегия-2050 ЖЭК және баламалы көздер энергиясы есебінен 50% энергия тұтынуға қатысты мақсатқа жету үшін ЖЭК үшін мынадай нысаналы көрсеткіштер көзделген:

1) 2020 жылға қарай электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі ЖЭК 3%-дық үлесін жеткізу. Болжамды деректер (Қазақстанда баламалы және жаңартылатын энергетиканы дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес) ЖЭК үшін белгіленген қуаты бойынша - 1040 МВт;

2030 жылға қарай электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі ЖЭК үлесін 10 пайызға жеткізу. Болжамды деректер 2030 жылға белгіленген қуат бойынша: ЖЭС үшін 4,6 ГВт және КЭС үшін 0,5 ГВт.
2. Негізгі проблемаларды талдау

Қоршаған ортаға эмиссиялар



2013 жылы табиғат пайдаланушылар мәлімдеген қоршаған ортаға ластаушы заттардың шығарындылары мен төгінділерінің өсу үрдісі байқалды. Сонымен, 1-тоқсанның қорытындысы бойынша рұқсат берілген ластаушы заттардың шығарындыларының көлемі 3,6 млн. тоннаны, ал ластаушы заттардың төгінділері 4 млн. астам тоннаны құрады.

Ластаушы заттардың жалпы шығарындылары мен төгінділері нормативтерінің белгіленген көлемінің көрсеткіштері 2020 жылға дейін 5 млн. тонна деңгейінде барынша жоғары болып табылады. Эмиссиялардың мұндай көлемдері экологиялық қауіпсіздікке кепілдік береді, шаруашылық қызметтің тұрақты даму шарттарындағы табиғи ресурстардың тиімді пайдаланылуын және қалпына келтірілуін қамтамасыз етеді.

Кәсіпорындарда жүргізілген тексерулерді талдау нәтижесіне сай, жыл сайын табиғат пайдаланушылар экологиялық заңнама талаптарының бұзушылықтары біркелкі сипатқа ие екендігі анықталды.

Бұзушылықтарды жою бойынша берілген нұсқамаларды орындау ластанған учаскелерді бастапқы қалпына келтіру бойынша іс-шаралар өткізуді көздейді, ол айтарлықтай уақытты қажет етеді.

Қалдықтар.

Институционалдық деңгейде ҚТҚ басқару секторының инфрақұрылымы толыққанды құрылмаған, осы проблеманы шешуде аумақтардың бытыраңқылығы және қалдықтармен жұмыс істеу саласында бірыңғай саясаттың болмауы орын алған. Сектордағы проблемаларды шешу үшін қалдықтармен жұмыс істеудің бүкіл технологиялық тізбегі бойынша – қалдық «көздерінен» бөлек жинаудан бастап ҚТҚ-ның инертті бөлігін инженерлік полигондарда көмуге дейін өңірлік тәсілді енгізу қажет.

Қазіргі кезде Қазақстанда қалдық қалыптастыру «көздерінен» ҚТҚ-ны бөліп жинау жүйелік деңгейде қалыптаспаған, сондықтан бүкіл ел бойынша қалыптастыру көздерінен қалдықтарды бөлу, қалдықтарды бөлек шығару, қалпына келтірілген материалдарды өңдеу және сату жүйелерін кешенді экономикалық бағалау қиын.

ҚТҚ жеке жинаудың болмауы нәтижесінде ҚТҚ құрайтын құрамында сынап бар лампалары, электр қалдықтары, бояудың, лактың қолданылмаған қалдықтары, ЖҚОЛ, радиоактивті заттар және тағы басқалары сияқты қауіпті қалдықтар полигондарға түседі.

Қазақстанның 15 қаласына қоқысты жинауға арналған қажетті машиналар мен тетіктер, контейнерлер тізбесімен ҚТҚ жинау мен тасымалдаудың кешенді сызбасын қарастыратын ҚТҚ басқару схемасы ұсынылады, сондай-ақ кәдеге жаратылмайтын ҚТҚ көмуге арналған полигондарға және ҚТҚ қайта өңдеу бойынша заводтарды салуға арналған алаңдар таңдалады.

Қауіпті химиялық заттарды және қалдықтарды басқару мәселелерін реттейтін үш халықаралық конвенцияны: Базель, Стокгольм және Роттердам конвенциялары бойынша Қазақстанның міндеттемелерді орындауы бойынша жұмыс жалғастырылуда.

ҚТҚ өнеркәсіптік қайта өңдеудің проблемасы олардың морфологиялық құрамының күрделі болуында. Қазіргі уақытқа дейін ҚТҚ қайта өңдеу технологияларының қайсысы неғұрлым ұтымды болып табылатынына қатысты бірыңғай пікір жоқ.

Табиғат пайдаланушылар қабылдап жатқан шараларға қарамастан, өнеркәсіптік кәсіпорындардың ескірген өндірістік технологиялық лектері, қалдықтарды жеткіліксіз қайталама пайдалану, оларды кәдеге жаратудың болмауы немесе жеткіліксіздігі өндіріс қалдықтарының үлкен көлемдерінің түзілуіне ықпал етеді.

«Тарихи» ластануларды жою айтарлықтай өткір проблема болып қалуда. Бұл ең алдымен бұрынғы Алға зауытындағы иесіз қож жинағышпен негізделген Елек өзенінің броммен және хроммен ластануы, «ТЭМК» АҚ қалдықтарымен, Тоғызақ к. химиялық заттармен ластануын жою.

«Тарихи ластанулардың» түрлерінің бірі жойылуы қиын органикалық ластауыштар (бұдан әрі – ЖҚОЛ) болып табылады. Құрамында жойылуы қиын органикалық ластауыштары бар қалдықтардың қоры бойынша Қазақстан Республикасы Шығыс және Орталық Еуропа елдері арасында Ресей Федерациясынан кейін екінші орын алуда. Құрамында ЖҚОЛ бар қалдықтардың жалпы көлемі бүгінгі күні шамамен 250 мың тоннаны құрайды. Бұл 1500 тоннадан астам ескірген пестицидтер, құрамында полихлордифенилдері бар 50 мың бірліктен астам жабдықтар және 8 ластанған аумақ.

Гидрометеорологиялық мониторинг.

Қазақстанның гидрометеорологиялық қызметі өткен ғасырдың 80 жылдары өз дамуының ең жоғарғы кемеліне жетті. Алайда, содан кейін жағдай күрт төмендеді. 1983 жылдан бастап 1999 жылға дейін Қазгидромет жер үсті метеорологиялық станциялардың 35 %, гидрологиялық бекеттердің 65%, агрометеорологиялық бақылауы бар пункттердің 55 % және аэрологиялық станциялардың 47 % жуығын жабуға мәжбүр болды.

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның (бұдан әрі – ДМҰ) стандарттары бойынша Қазақстан Республикасы аумағының нақты тығыздығын, жер бедерін, сондай-ақ экономикалық игерілуін және елді мекендердің санын ескере отырып, бақылау желісінің ең төменгі саны: метеорологиялық станциялар – 421, гидрологиялық бекеттер - 814, агрометеорологиялық бақылауы бар пункттер - 280, аэрологиялық станциялар – 15 болуы тиіс. Бүгінгі күнге республика аумағын метеорологиялық мониторингпен қамтамасыз етілуі – 68%-ды, гидрологиялық мониторингпен – 59%-ды, агрометеорологиялық мониторингпен – 72%-ды құрайды.

Экологиялық мониторинг.

Топырақ пен атмосфералық ауа сапасы жай-күйінің мониторингі барлық елді мекендерде жүзеге асырылуға тиіс. Атмосфералық ауаның ластануына бақылау жүргізетін стационарлық бекеттердің саны «Атмосфераның ластануына бақылау жүргізу бойынша басшылық» Басшылық Құжатына (бұдан әрі – БҚ) сәйкес тұрғындар санына байланысты есептелуге тиіс.

Республика аумағындағы атмосфералық ауаның жай-күйіне бақылау жүргізетін бекеттердің ең аз саны БҚ сәйкес 250 құрауы тиіс. Қазіргі уақытта атмосфералық ауаның мониторингпен республика аумағын қамтамасыз етілуі 42%-ды құрайды.

Сынаманы қолмен алу әдісімен атмосфералық ауаның жай-күйіне бақылау пункттерінде атмосфералық ауаның жай-күйі туралы ақпарат тәулігіне толық бағдарлама кезінде – 4 рет, толық емес бағдарлама кезінде – 3 рет келіп түседі. Қолданыстағы бақылау желілері өнеркәсіп объектілерінен түсетін апаттық шығарындылар туындаған кезде ауа ластануын дер кезінде уақтылы бақылап тұруды қиындатады. Бұдан басқа, қазіргі уақытта атмосфералық ауа ластануының болжамын қамтамасыз ету бойынша құралдар іс жүзінде дамымаған. Ең бірінші кезекте, атмосфераның ластану болжамының сандық үлгілері және осы үлгінің есебін жүргізуге арналған суперкомпьютердің болмауы.

Үзіліссіз режимде жұмыс істейтін атмосфералық ауа мониторингісінің автоматтық бекеттерін ұлғайту ауа ластануының жоғары және төтенше жоғары деңгейдегі жағдайын анықтауға, жоғары ластану туралы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдарды уақтылы хабардар етуге мүмкіндік береді.

«Қазаэросервис» АҚ қызметі.

Қазіргі уақытта әуе көлігімен дәліздердің әлеуетті транзиттік мүмкіндігін пайдалану тек 44,6% (2011 жылға деректер) құрайды, сәйкесінше авиациялық пайдаланушылардың экономикалық шығынына алып келеді.

Тек 2 әуежайда ғана резервтік жабдық бар. 16 өкілдікті резервтік жабдықтармен жабдықтау қажет.

Жергілікті Үржар, Зайсан, Шалқар, Жарқамыс, Ойыл әуежайлары қажетті метеорологиялық жабдықтармен жабдықталмаған.

Ұшу және қону аймағында, ұшудың жолы мен ауданында бұлттылыққа байланысты ауа райының қауіпті метеорологиялық құбылысы туралы алдын ала ескерту үшін қос полярлы доплерлік метеолокаторлар желісін құрудың бірінші кезеңін Орал, Ақтау және Ақтөбе облыс орталықтары кіретін батыс аймағынан бастау болжануда.

Қоғаммен өзара іс-қимыл.

Мақсат пен міндеттің бірлігіне қарамастан, мемлекеттік орган мен қоғамдық ұйымдарда қоғамдық тыңдауларды өткізгеннен кейін және қандай да бір шаруашылық субъектісін іске енгізу туралы шешімдерді қабылдау барысында келіспеушіліктер жиі туындайды.

Қоршаған ортаны қорғау саласында құқық қолдану тәжірибелерінде нақты ластану туралы ақпарат қоғам арасында ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік органдарда да өте әлсіз таратылады. Мұндай ақпаратты тарату заңнаманы жетілдіруге, қоғам мен мемлекеттік органдар арасында келіспеушіліктерді болдырмауға, шешімдерді қабылдауда және сот әділдігіне қол жеткізуде жұртшылықтың көбірек қатысуына себепші болады.

Қазақстан Республикасының төменкөміртекті дамуға және «жасыл экономикаға» көшуі

Экономиканың әртараптандырылуымен және шикізаттық бағыттан кетумен байланысты энергетикалық отынды тұтынудың өсімі және сәйкесінше парниктік газдар шығарындыларының артуы болжанып отыр.

Қазақстанның квоталарды сату жүйесінің «нарықтық дайындығы» бойынша мүмкін проблемалар:

1) қондырғы деңгейінде шығарындылар бойынша нақты және тексерілген деректерді жинақтау проблемасы;

2) сауданың екінші кезеңін іске асыруға әзірлену үшін жоспарланған пилоттық кезең ұзақтығының жетістігі мәселесі;

3) Еуропалық сауда жүйесінің тиісті рәсімдерінің әсерінде болған жүйе де Қазақстанның өзіндік проблемалары мен тосқауылдарын ескеруі қажет;

4) көміртекті бірліктердің мемлекеттік тізілімін құру кезіндегі кешіктірулер.

Жаңартылатын энергия көздері.

ЖЭК дамыту саласындағы қолданыстағы мемлекеттік қолдау шаралары айтарлықтай тиімді емес. ЖЭК саласындағы нормативтік-техникалық құжаттамаларды әзірлеу және жетілдіру, сондай-ақ «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыруға қажетті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу талап етіледі.

3. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Қоршаған ортаға эмиссиялар лимиттерінің көтерілуіндегі негізгі факторлар өнеркәсіптегі жалпы өнімдер шығарылуының өсімі және құрал-жабдықтар жұмысының технологиялық режимінің тозуы болып табылады.

Экономикалық өсудің шамасына қарай эмиссиялар көздерінің көбеюі және өнеркәсіптік қызметтегі ауқымдардың кеңеюі ластану деңгейінің төмендеуі үшін табиғатты қорғау саясатының тиімділігінің үздіксіз көтерілуі міндетті шарт болып табылады. Экологиялық заңнаманың одан әрі дамуы оны жетілдіруге және халықаралық тәжірибеге жақындауға бағытталатын болады.

Қалдықтарды басқару секторы әлемдік тәжірибеде зерттелген болып табылады – оны жаңғырту үшін тексерілген технологиялар мен шешімдер бар. Сондай-ақ «жасыл» энергетиканы дамыту мақсатында нарық ҚТҚ пайдалану әлеуеті бар әлеуетті инвесторлар мен жеке қаржыландыру көздері үшін ашық болып табылады, ҚТҚ алынатын қайталама ресурстарды пайдалану әлеуеті бар.

Ішкі факторларға мыналар жатады: ҚТҚ-ны жинау, соның ішінде бөлек жинау жүйесі дамымаған; республиканың бүкіл дерлік аумағында қалдықтар алдын ала өңдеусіз көміледі; қалдықтарды өңдеу және кәдеге жарату көлемі төмен; қолданыстағы ҚТҚ көму объектілерінің санитариялық ережелер талаптарына сәйкес келмеуі; қалдықтар жиналған аймақтарда өте қиын экологиялық жағдайдың туындауы; түзілетін қалдықтар көлемінің бірнеше рет ұлғаюы; климаттың өзгеруіне әсер ететін қолданыстағы полигондардың атмосфераға шығарындылары.

Қазақстан Республикасы гидрометеорологиялық қызметінің халықаралық қызметі ДМҰ негізгі бағдарламаларына қатысу арқылы іске асырылатын болады. ДМҰ шеңберіндегі Қазақстанның міндеттемелері, сондай-ақ Қазақстан экономикасының салаларын дамыту гидрометеорологиялық және экологиялық ақпаратқа деген қажеттіліктің өсуімен негізделген. Гидрометеорологиялық қызметтің дамуын тежейтін факторлар: білікті мамандардың жетіспеушілігі, сондай-ақ республикалық бюджеттен жеткілікті қаржыландырылмауы болып табылады.

Орхус конвенциясын орындауды қамтамасыз ету мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі:

1) Экологиялық ақпараттың мемлекеттік қорын жүргізу;

2) интернет ресурстарды (блогтар, форумдар) және бұқаралық ақпарат құралдарын (БАҚ) пайдалана отырып, «Жасыл көпір» интернет-ресурсы арқылы қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жарыққа шығару;

3) Ластаушыларды тасымалдау және шығарындылар тіркелімін дамыту;

4) қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласында мамандардың біліктілігін арттыру.

ҚОҚ саласындағы әлеуметтік жобаларды іске асыру, үкіметтік емес сектормен іс-шараларды, конкурстарды өткізу.

Қазақстан Республикасының төменкөміртекті дамуға және «жасыл экономикаға» көшуі

Қазақстан экономикасының даму үрдісі артып келе жатқан жаһандық қауіптердің шешімін келісіп табуға тырысқан әлем қауымдастығының ерік-жігерімен қатар жүруі қажет. Бір мемлекеттерде парниктік газдарды реттеудің болуы және басқаларда осындай реттеудің жоқтығы кәсіпорындар мен тауарларды теңсіз бәсекелестік жағдайға қояды. Осыған орай, көптеген дамыған елдер өзінің нарықтарын қорғау, өзінің кәсіпорындары мен өнімдерінің бәсекелестігі мәселелерін қарастыруда. Шығарындылар бойынша халықаралық стандарттарды, өнімнің таңбалауын (СО2-labeling) және реттеудің шекаралық шараларын енгізу сияқты тетіктердің жобалары әзірленді. Осы қазақстандық кәсіпорындарға, олардың тауарларына да дамушы әсер ететін болады.

Осындай жағдайда «қоңыр» экономикадан бір жағынан шығарындыларды қысқарту арқылы жағымсыз әсер ету ауқымын төмендетуге, ал екіншіден – көміртекті шикізатқа тәуелділікті қысқарту арқылы экономиканың бәсекелестігін көтеруге жағдай жасайтын төменкөміртекті дамуға және «жасыл экономикаға» көшу ең маңызды шара болып табылады.

«Жасыл экономикаға» көшу бұл климатың өзгеруімен байланысты проблемаларды шешуге мүмкіндік туғызады. Бұл ретте ден қоюдың нақты шараларына «жасыл», төменкөміртекті, ресурс тиімді экономика құруды, оның ішінде Конвенциядан тыс, оның ішінде Конвенция шеңберінде әзірленетін жаңа тетіктер арқылы, Киото хаттамасының тетіктері арқылы инвестициялау болып табылады.

Пилоттық жоба ретінде Алматы қаласы аумағындағы іргелес тиімді әрі экологиялық таза ортасы бар 4 серіктес қала құруға бағытталған Green 4 жобасы іске асырыла бастады.

Жаңартылатын энергия көздері.

Жаңартылатын энергияның халықаралық агенттігімен (IRENA) келісімді ратификациялау елде ЖЭК дамуына мүмкіндік туғызады.

Бұдан басқа, жаңартылатын энергия көздерін дамытуды мынадай факторлар тежейді:

1) жаңартылатын энергия көздері саласындағы инвесторлардың өзіндік қаражатының болмауы;

2) жылына пайдалану сағаты жұмысының аздығынан жоғары шығару тарифтерінің болуы;

3) электр энергиясын өндіруге ықпал ететін тұрақсыз табиғи факторлар (жел, күннің сәулеленуі, гидроресурстар);

4) электр желілеріне ЖЭК объектілерін қосуға техникалық талаптар мен критерийлердің болмауы;

5) табиғи факторлардың құбылмалылығының тұрақсыздығы салдарынан энергия жүйесі жұмысының тұрақтылығы мен жұмыс сенімділігіне кері әсер ету, Жүйелік оператормен қуатты резервін тарту қажеттілігіне кері әсерін тигізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет