Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2014 жылғы 31 желтоқсан №1589 Астана, Үкімет Үйі



бет1/4
Дата24.02.2016
өлшемі383 Kb.
#14558
  1   2   3   4


Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2014 жылғы 31 желтоқсан №1589 Астана, Үкімет Үйі
Қазақстан Республикасы Бәсекелестiктi қорғау агенттiгiнiң (Монополияға қарсы агенттiк) 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Бәсекелестiктi қорғау агенттiгiнiң (Монополияға қарсы агенттiк) 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекiтiлсiн.

2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi С.АХМЕТОВ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2013 жылғы 31 желтоқсандағы №1589 қаулысымен бекітілген


Қазақстан Республикасы Бәсекелестiктi қорғау агенттiгiнiң

(Монополияға қарсы агенттiк) 2014 – 2018 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары
1. Миссиясы мен пайымы

Миссиясы. Бәсекелестiктi қорғау, монополистiк қызметтi шектеу және жосықсыз бәсекеге жол бермеу арқылы нарық субъектілері мен тұтынушылардың әл-ауқатын арттыру.

Пайымы. Адал бәсекелестiктi дамыту үшiн қолайлы жағдайлар қалыптастыруға бағытталған бәсекелестiктi қорғаудың тиiмдi жүйесi.
2.Ағымдағы ахуалды және қызметтің тиісті салаларындағы (аясындағы) даму үрдістерін талдау

1-стратегиялық бағыт. «Тауар нарықтарында бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу»


1. Реттелетiн саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлерi

2013 жылғы 4 қыркүйектегі Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ) есебіне сәйкес өткен жылмен салыстырғанда Қазақстан 1 позицияға көтеріліп, 148 елдің арасында 50-ші орынды иеленді. Бұл позиция Қазақстанның 2005 жылдан бастап ЖБИ рейтингісіне қатысу тарихындағы ең жақсы позиция болып табылады.

ЖБИ-дің 119 индикаторының ішінен 84 индикатор бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) (бұдан әрі – Агенттік) құзыретіне жатқызылған индикаторлар бойынша жақсарғаны байқалады.

Сонымен қатар, кейбір көрсеткіштердің деңгейі орташа мәннен елеулі төмендегенін атап өткен жөн. Мысалы, «Нарық үстемдігінің дәрежесі» бойынша 78 және «Жергілікті бәсекелестіктің қарқындылығы» бойынша 120-шы орын.

Себептерді анықтау мақсатында Агенттік тереңдетілген талдау жүргізді. Ол үшін екі индикаторды есептеуді көздейтін Қазақстан Республикасында бәсекелестіктің даму деңгейін айқындау әдістемесі әзірленді:

1) «Өңірлік бәсекелестіктің қарқындылығы» (өңірлерде бәсекелестіктің даму дәрежесін айқындайды);

2) «Экономиканың негізгі салаларының монополиялану деңгейі» (экономиканың негізгі салаларында бәсекелестіктің даму дәрежесін айқындайды).

Аталған индикаторлар ресми статистикалық деректерге және нарық субъектілеріне жүргізілген сауалнамаға негізделген. Жүргізілген зерттеу әрбір жекелеген өңірде экономиканың барлық салалары бойынша тұтастай бәсекелестіктің жай-күйін, сондай-ақ кейіннен басқару шешімдерін қабылдау үшін мемлекеттік органдардың бәсекелестікті дамыту жөнінде қабылдаған шараларының тиімділігін бағалауға мүмкіндік берді.

Қазіргі уақытта заңнамалық деңгейде табиғи монополияларға 15 сала жатқызылды, олар қызметтің 45 түрден астамын қамтиды. Қызметті 20 түріне мемлекеттік монополия енгізілді.

Бәсекелес орта тұтастай Қазақстан Республикасында қазіргі уақытта монополияланудың орташа дәрежесімен сипатталады. 2012 жылы Агенттік жүргізген зерттеуге сәйкес монополиялану деңгейі 0,58 балды (%) құрады.

Бұл ретте, экономикада неғұрлым монополияланған салалар электрмен жабдықтау, қалдықтарды жинау мен бөлуді бақылау, тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді әзірлеу, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер (нарықта мемлекеттік мекемелердің қатысуы есебінен) және т.б. болып табылады. Бәсекелестік өнер, ойын-сауық, демалыс, құрылыс, көтерме және бөлшек сауда сияқты және басқа да салаларда біршама дамыған.

Сонымен бір мезгілде 2012 жылдың қорытындысы бойынша өңірлік бәсекелестіктің қарқындылық деңгейі 0,52 балды (%) құрады. Атап айтқанда, бәсекелестік қатынас Астана қ., Алматы қ., Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және басқа да облыстарда айтарлықтай дәрежеде дамыған, Павлодар, Маңғыстау облыстарында және т.б. дамымаған.

Сонымен қатар, әрбір жекелеген облыста және әрбір жекелеген сегментте (тауар нарығында) бәсекелестік қатынастардың дамуының әртүрлі деңгейі байқалады. Бұл бірінші кезекте бәсекелестік қатынастардың дамуына кедергі келтіретін тоқсауылдардың болуына, саланың тартымдылық дәрежесіне және сұраныстар мен ұсыныстардың болуына байланысты. Мысалы, Қазақстандағы барлық инфрақұрылымдық қызмет табиғи монополия саласына жатқызылды (теміржол көлігі, электр және жылу энергетикасы, газ, мұнай өнімдерінің өндірісі, мұнай тасымалдау, азаматтық авиация, порттық қызмет, телекоммуникация және почта байланысы), бұл оның инвестициялық тартымдылығын төмендетеді.

Осыған байланысты, Агенттік тауар нарықтарына талдау жүргізеді, соның барысында аталған тауар нарықтарына кіру тосқауылдары анықталады және оларды жою бойынша ұсыныстар әзірленеді. Жүргізілген талдаулар нәтижесі бойынша тиісті мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының тауар нарықтарында бәсекелестікті қорғауға және дамытуға бағытталған іс-шараларды өткізу бойынша ұсыныстар жіберіледі. 2011 жылғы 10 айда 29 тауар нарығына талдау жүргізілді, 2012 жылғы ұқсас кезеңде 31 талдау жүргізілген. 2013 жылғы 10 айда Агенттік бәсекелестік ортаның жай-күйін бағалауға 24 талдау жүргізді, оның нәтижесі бойынша Үкіметке және салалық мемлекеттік органдарға 23 ұсыныс енгізді, олардың 9-ы іске асырылуға қабылданды.

Бұдан басқа, қазіргі уақытта кәсіпкерлік қызметте, оның ішінде бәсекелестігі басынан бастап дамыған сегменттерде квазимемлекеттік сектордың болуының жоғары деңгейі байқалады. Талдау сауда-делдалдық қызмет, көлік қызметтері, сервистік сипаттағы қызмет, құрылыс, типографиялық, баспа қызметтері сияқты және т.б. бәсекелес нарықтарда мемлекеттің қатысуымен кәсіпорындар болғандығын көрсетті. Осыған байланысты, Агенттік көрсетілген тауар нарықтарында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың одан әрі жүргізетін қызметіне келісім беруден бас тартты. Сонымен, «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Заң) әкімшілендіру кезеңінде Агенттік квазимемлекеттік сектор субъектілерінің одан әрі жүргізетін қызметіне 5,5 мыңға жуық өтінішхаттар қарады.

Үстем немесе монополиялық жағдайдың туындауының немесе күшеюінің және (немесе) бәсекелестікті шектеудің алдын алу мақсатында монополияға қарсы орган мәмілені (іс-әрекеттерді) жүзеге асыруға монополияға қарсы органның алдын ала келісімін алудан көрінетін экономикалық шоғырлануға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Сонымен, 2011 жылғы қаңтар мен қазан аралығындағы кезеңде экономикалық шоғырлануға 240 өтінішхат қарауға, 2012 жылғы ұқсас кезеңде – 327 өтінішхат келіп түсті. 2013 жылғы 10 айда экономикалық шоғырлануға барлығы 132 өтінішхат қарауға келіп түсті. Сонымен қатар, қазіргі уақытта аталған процесс уақыт бойынша ұзаққа созылады, нарық субъектілері беретін құжаттар санының көптігі белгіленді.


2. Негізгі проблемаларды талдау

Қазіргі уақытта бәсекелестіктің дамуына кедергі келтіретін бірқатар проблемалық (әлсіз) жақтар мен қауіптер бар.

Біріншіден, бұл жаңа компаниялардың нарыққа кіруі үшін кемсітушілік шарттар. Көрсетілген шарттарға әртүрлі әкімшілік тосқауылдарды жатқызуға болады, олар жаңа қатысушылардың нарыққа кіру ынтасын төмендетеді, өндірістік емес шығасыларды арттырады және сыбайлас жемқорлық пен «әкімшілік ресурстың» туындауына жағдай жасайды.

Мысалы, негізгі кедергілердің бірі мемлекеттің отандық нарық субъектілерінің бағасын реттеуін атауға болады. Атап айтқанда, тауарларды еркін орналастыру, шекаралардың болмауы жағдайларында жекелеген ұлттық тізілімдерді жүргізу не оны монополияға қарсы саясаттың құралы ретінде жетілдіру орындылығы мәселесін шешу қажет.

Бұдан басқа, Қазақстанда реттелетін нарықтарды қолдану жүйесін сақтау орындылығы күмән тудырады. Оған вагон операторлары нарығы көрнекі мысал болып табылады. Агенттік теміржол вагондары қызметінің нарығын реттелетін қызметтер тізбесінен алып тастауды ұсынды. Аталған ұсыныс Үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім ) енгізілген субъектілерді бағалық реттеу қазақстандық бизнесті Кеден одағы елдерінің субъектілерімен тең емес жағдайға қоюына байланысты, себебі аталған елдерде нарықтың осы сегментінде тарифтік реттеу жоқ.

Бұл ретте Бірыңғай экономикалық кеңістікке (БЭК) қатысушы елдердің тауар нарықтарында сау бәсекелес ортаны құру үшін бірінші кезекте, БЭК-ке қатысушы елдердің өзара саудасындағы тосқауылдарды жою қажет. Бұл жерде әңгіме БЭК-ке мүше мемлекеттердің, салдарынан елдің бірінен нарық қатысушысы басқа елдің нарық қатысушысымен тең дәрежеде бәсекелесе алмайтын не нарыққа мүлдем кіре алмайтын бәсекелестік мәселелері бойынша заңнамаларындағы әртүлілікте болып отыр. Мысалы, нарық қатысушыларына көршілес нарықтарға шықан кезде тосқауылдар кездеседі, мысалы лицензиялау саласында бұл жиі кездеседі, өйткені қазіргі уақытта лицензиялауға жататын қызмет түрлері тек Кеден одағына мүше мемлекеттердің бірінің аумағында ғана бар. Айталық, Ресейде меншікті детектив қызметі лицензияланады. Қазақстанда ғана электрмен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу лицензияланады. Белоруссияда ғана темекі өнімдерін бөлшек саудада өткізу лицензияланады. Мұндай тосқауылдар қарауға жатады.

Екіншіден, сала өсімінің төмен қарқыны, тіркелген шығындардың көптігі, алынатын кірістің төмен деңгейі бәсекелестіктің қарқындылығына, сондай-ақ қойылатын өнімдердің, қызметтердің сапасы мен бағасына теріс әсер етуі мүмкін.

Бұдан басқа, елеулі тосқауыл инфрақұрылымдардың даму қарқыны мен сапасының бизнестің сұранысына сәйкес келмеуі, оның ішінде табиғи монополиялар қуатының тапшылығы болып табылады. Мұның бәрі ішкі және сыртқы нарықтарда қазақстандық компаниялардың бәсекеге қабілеттілігіне әсер етеді. Неғұрлым дамыған ортаға және өз елдерінің инфрақұрылымына, оның ішінде қаржылық инфрақұрылымға қолжетімділігі бар шетел ойыншыларының жекелеген нарықтарда қазақстандық компаниялармен салыстырғанда, бәсекелестік артықшылықтары бар.

Мысалы, қант өндірісі нарығында шикізаттың өзіндік құны жоғары екендігі байқалады, қолданыстағы технологиялық жабдықтар моральдық және физикалық тұрғыдан ескірген, бұл өндірістің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік бермейді. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен қант зауыттары арасындағы өзара іс-қимыл проблемалары (зауыттардың қант қызылшасын сатып алу бағасын төмендетіп белгілеуі, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен және өніммен уақтылы есептеспеу) да саланың тартымдылығына теріс әсер етуде.

Үшіншіден, мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке негізсіз қатысуы. Бәсекелестік үшін әлеуетті қауіп басқа нарық субъектілерімен бәсекелестік жағдай болатын салаларда мемлекеттік корпорацияларды құру мен олардың қызметі болып табылады. Мұндай субъектілердің қызметі олардың ерекше мәртебесі мен әкімшілік және саяси ресурсын пайдалану мүмкіндігіне байланысты барынша ашық болуы тиіс. Заңның 77 және 78-баптарының талаптарына сәйкес қызметін одан әрі жүргізуге бас тарту алған мемлекет қатысатын кәсіпорындар жекешелендірілуі немесе мемлекеттік мекеме болып қайта құрылуы тиіс.

Төртіншіден, тұтынушылардың сұранысы мен сатып алу қабілеттілігі. Сатып алудың төмен көлемі, жоғары бағалар, салада сұраныстың төмен икемділігі де бәсекелестіктің қарқындылығына теріс әсер етуі мүмкін. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2013 жылғы екінші тоқсандағы тұтынушылық шығыстардың қарқыны ұқсас кезеңмен салыстырғанда, ақшалай шығыстардың жалпы санынан біршама төмендеді.

Мұндай жағдайдың туындау себептерінің бірі, мысалы параллель импортқа тыйым салу. Қазақстанда Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы реттеудің бірыңғай қағидаттары туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) қабылдануына байланысты тауар белгісіне ерекше құқықтардың аяқталуының өңірлік қағидаттары қолданылады, яғни БЭК аумағына, тиісінше Қазақстан, Белоруссия, Ресей аумағына азаматтық айналымға енгізілген барлық тауарлар тең дәрежеде танылады.

Сонымен қатар, көрсетілген нормаларды практикада пайдалану нарықтарда (сатушылар арасында) бәсекелестікті жасанды шектейді, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарына негізсіз қысым жасайды.

Бүгінгі жағдайларда таңбаланған тауар белгілері бар түпнұсқа тауарлардың импортымен өндіруші не оның ресми дистрибьютері («Тойота», «Лексус» автомобильдеріне түпнұсқа бөлшектер, электроника, тұрмыстық аппаратура, азық-түлік өнімдері және т.б.) ғана айналыса алады. Бұл ретте тауарға бағалық бәсекелестік болмайды, өйткені тауар белгісінің құқық иесі өзінің «заңды» монополиялық жағдайын пайдаланады. Құқық иесі оның шарттарын, тауарларды айналымға енгізу шарттарын айқындай отырып, импортқа құқыққа келісу немесе бас тарту арқылы бәсекелестікке елеулі әсер етуі мүмкін.

Параллель импортқа рұқсат етілген жағдайда, қандай да бір тауарды басқа да тұлғалар әкелсе, бұл сатушылар арасындағы бәсекелестікке, салдарынан аталған тауарларға бағаның елеулі төмендеуіне әкеледі. Бұл тұтынушыға пайдалы.

Бұл өндірісті тұқыртып, шетелдік капиталдың жылыстауына, инвестицияның қысқаруына және т.б. әкеледі деген қарама-қайшы пікірлер де бар.

Дегенмен, егер компания шарт бойынша өзіне инвестициялау туралы міндеттеме алса, оқшауланған өндіріс параллель импортқа түспеуі тиіс.

Егер өндіріс оқшауландырылса, онда жергілікті шикізат пен материалдар, жиынтықтар, кұрауыштар пайдаланылып, түптеп келгенде қазақстандық қамтудың ұлғаюына, жаңа өндірістердің, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына әкеледі.

Сонымен қатар, бұл өндірістер импорттан қорғалатын болады, алайда егер компания «ағытпалы жинаудан» басқа ештеңе ұсынбаса, онда жалпы жағдайларда «бәсекелестік теңізде» басқа да кәсіпкерлермен бәсекелесетін болады.

Басқаша айтқанда, параллель импортты дұрыс пайдаланған кезде – Қазақстанның инвестициялар процесінің қуатты ынтасы болады.

Аталған құрал өндіруге бізде қажетті жағдай жасалған тауарлар тобы бойынша өндірісті ынталандыруға және сонымен қатар өндіру орынсыз болып танылған тауарларға бағаны төмендетуге мүмкіндік береді.

Бесіншіден. Қазіргі сәтте Агенттікте экономикалық шоғырлануға бақылауды жедел жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе жоқ. Сонымен қатар, Агенттіктің тауар нарықтарындағы ахуалды бақылау бойынша қызметтің тиімділігін арттыру, сондай-ақ өтінішхаттарды қарау уақыттарын, нарық субъектілерінің беретін құжаттар санын қысқарту мақсатында Әділет, Индустрия және жаңа технологиялар министрліктерінің, Статистика агенттігінің, Салық комитетінің, акциялар тізілім ұстаушылардың дерекқорларымен және басқа да дерекқорлармен интеграциялану қажет.

Сонымен қатар, көрсетілген проблемаларды шешуде белгілі бір мүмкіндіктер бар.

Бірінші. Бұл табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін қысқарту жөніндегі жұмыстарды жалғастыру. Бұл жұмыс 2011 жылдан бастап ойдағыдай жүргізіліп келеді. Қазіргі уақытта интерконнект қызметі бәсекелес ортаға берілді.

Табиғи монополиялар саласының кейбір қызметтерін бәсекелес ортаға беру шығасыларды қысқартуға және тарифтерді төмендетуге әкелуі тиіс. Жеке жеткізушілер халықтың ерекше тобына жеңілдіктер беруі мүмкін. Осы монополиялардың меншігін сату салықтың көтерілуін болдырмауға, тіпті олардың кейбірін төмендетуге және жоюға мүмкіндік береді.

Мұнда АҚШ пен Жапонияның тәжірибесі үлгі боларлық. Табиғи монополияларды қайта реттеу нәтижесінде америкалық тұтынушылардың жылдық пайдасы $42-54 млрд, Жапонияда - $36 млрд. құрады. АҚШ-та әуе тасымалына баға 30%-ға, телекоммуникация саласында 50%-ға төмендеді. Бағалардың төмендеу себебі шынайы операциялық шығасылар көптеген секторларда 25–75%-ға төмендеді.

Екінші. Бұл мемлекеттік монополияға жатқызылған қызмет түрлерін қысқарту. Аталған жұмыс 2012 жылы жүргізілді. Оның нәтижесінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік монополия мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, оған сәйкес бәсекелес ортаға 24 қызмет түрінің 4-еуі берілді. Бұл коммуналдық қалдықтарды көму, гендік қорды сақтау мақсатында жануарлар әлемі объектілерін жасанды өсіруді қоса алғанда, өсіру; күзету қызметтерін көрсету; орман шаруашылығы.

Үшінші. Кәсіпкерлік қызметке негізсіз мемлекеттік қатысуды қысқарту. Атап айтқанда мынадай шараларды қабылдау қажет:

1) қызметін одан әрі жүргізуге монополияға қарсы органның бас тартуын алған квазимемлекеттік сектор кәсіпорындарын қаржыландыруға жол бермеу, мүдделі мемлекеттік органдар қолдады;

2) қызметін одан әрі жүргізуге монополияға қарсы органның бас тартуын алған мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет қатысатын АҚ, ЖШС-лардың тізбесін енгізу.
3. Сыртқы және ішкі факторларды талдау.

Кәсіпорындардың қызметіне, сондай-ақ тұтастай бәсекелестікті дамытуға әсер ететін негізгі ішкі факторларға мыналарды: әкімшілік, экономикалық, әлеуметтік және инфрақұрылымдық факторларды жатқызуға болады. Әкімшілік сипаттағы факторларға мемлекеттік органдардың экономикалық процестерге негізсіз араласуы жатады, оның ішінде мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің ықтимал белгілері, бизнес-ортаға әкімшілік жүктемелер, тұтастай бәсекелестікті дамыту бойынша мемлекет қабылдайтын шаралардың тиімділігі. Экономикалық фактор кредиттік, еңбек ресурстарының қолжетімділігін, кәсіпкерлікке инновациялық технологияларды қолдануды және т.б. қамтиды. Әлеуметтік факторларға кәсіпкерлік белсенділікті жатқызуға болады, ол шығарылған өнімдердің сапасын жақсартудан, оның ассортиментін кеңейтуден, жарнамалық, маркетингтік акцияларды өткізуден, яғни өз өнімдерін ілгерілетудегі белсенділігінен көрінеді. Сайып келгенде, негізгі құралдарға (үй-жайлар мен жабдықтарды жалға алу) қолжетімділік, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған кезде табиғи монополия субъектілерінің қызметіне кемсітусіз қолжетімділікті қамтамасыз ету де бәсекелестіктің даму дәрежесіне әсер ететін инфрақұрылымдық факторларға жатады.

Қазақстанның Кеден одағына кіруі отандық кәсіпкерлердің Кеден одағына қатысушы елдердің кәсіпкерлерімен бәсекелесу қабілетіне әсер ететін негізгі сыртқы факторлар болып табылады. 2013 жылғы 6 айда Кеден одағы елдерімен Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 12 081,6 млн. АҚШ долларын құрады, бұл ұқсас кезеңнен 9,6%-ға көп. Бұл ретте, 2013 жылғы 6 айдың қорытындысы бойынша Кеден одағының елдерімен экспорт 3 %-ға, ал импорт 12,3%-ға өсті. Осыған байланысты қазақстандық бизнес үшін елдің ішкі нарықтарында да, одан тыс жерлерде де бизнес жүргізуге мүмкіндік береді.

Қазақстан үшін Кеден одағында жұмыс істеу бұл, әсіресе, Белоруссия мен Ресей инфрақұрылымына кемсітусіз қолжетімділікті орнату, үшінші елден импортты қысқарту болып табылады. Және маңыздысы - бизнес құрылымды дамыту үшін қолайлы жағдай жасау.


2-стратегиялық бағыт. «Бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу»

1. Реттелетiн саланың немесе қызмет аясы дамуының негiзгi параметрлерi

Монополияға қарсы саясатты іске асырудың негізгі бағыттары монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу болып табылады. Монополияға қарсы заңнаманы бұзушылық фактілері бойынша Агенттік 2013 жылдан бастап 123 тергеуді аяқтады, оның 116-ысынан бұзушылықтар анықталды.

2013 жылғы қаңтар-қараша аралығы кезеңінде монополияға қарсы заңнаманы бұзушылық үшін бюджетке түсім сомасы 211,5 млн. теңгені құрады.

Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі рейтингісінде «Қаржы қызметтерінің қолжетімділігі» индикаторы бойынша Қазақстан позициясы едәуір жақсарды, Қазақстан позициясы 19-тармаққа (79-орыннан 60-орынға дейін) көтерілді, «Мемлекеттік органдардың шешімдеріндегі фаворитизм» (77-орын), «Мемлекеттік секторда шешімдерді қабылдау ашықтығы» 3 позицияға (32-ден 29-орынға), Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің рейтингісіндегі «Саясаткерлерге қоғамдық сенім» (37-ден 35-ке дейін) көтерілді.
2. Негізгі проблемаларды талдау

Сонымен қатар, бәсекелестік саясатты іске асыруға байланысты бірқатар проблемалар бар.

Монополияға қарсы заңнаманы бұзушылық бұрынғыдай көп көлемде сақталып отыр. Бұзушылық құрылымы мынадай: бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттер және нарық субъектілерінің келісімі – 9; үстем жағдайды теріс пайдалану – 23; жосықсыз бәсекелестік – 25; мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттері – 35.

Салалар бөлінісінде анықталған бұзушылықтардың ең көп бөлігі өзге де нарықтардың үлесіне келеді, оның ішінде қаржы нарықтарына – 32%. Мысалы Агенттік қаржы нарығында жосықсыз бәсекелестіктің фактілерін анықтады. Қосымша талаптарды орындай отырып, нарық субъектісіне кредит берілген кезде жасалған шарттардан бас тартуға клиентті мәжбүрлеу фактісі орын алған.

Қаржы қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі қабылданған шаралардың жеткіліксіздігін нарық субъектілеріне жүргізілген сауалнама да дәлелдейді. Онда 40,22 % респонденттер қиын екендігін деп атап өтті, ал сұралған респонденттердің 9,78 %-ы өңірде бизнес мақсаты үшін қаржы қызметін (банктер, инвестициялық банктер, сақтандыру және лизингтік компаниялар, брокерлік компаниялар) алу өте күрделі деп белгілеген.

Бұл ретте өңірде қаржы қызметтерін жеткізушілер арасында бәсекелестік қолжетімді баға бойынша қаржы қызметтері ұсыныстарын қандай деңгейде қамтамасыз етеді деген сұраққа 6,16 % респонденттер – өте жақсы, 40,6% – жақсы, 24,28 % – қамтамасыз етпейді, 7,61 % – мүлдем қамтамасыз етпейді, ал 21,4 %-ы – жауап беруге қиынсынды.

Бірқатар жағдайларда мемлекеттік араласу экономикалық тиімділікті арттыруға емес, керісінше төмендетуге әкеледі. Әкімшілік ресурсты пайдалану арқылы жабуға дейін әкелетін бизнеске әсер ету мүмкіндігінің өзі жиі шағын және орта кәсіпорындар үшін бәсекелестік ортаның айқындаушы факторы болып табылады. Мемлекеттік органдардың мүмкіндігі бәсекелестік күресте кеңінен пайдаланылып келеді және тек оң жағынан ғана емес. Мұны жүргізілген тексерулердің саны да растайды. Сонымен мемлекеттік органдарға қатысты бұзушылық 38%-ды құрайды. Сондай-ақ нарық субъектілеріне жүргізілген сауалнама көрсеткендей, респонденттердің 30%-ы сау бәсекелестік орта үшін ең көп қауіп мемлекеттік органдар қызметінен деп санайды, 25%-ы жауап беруге қиынсынғанын көрсеткен.

Мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерімен қатар, сондай-ақ монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтың қауіпті түрі бәсекелестікке қарсы келісімдер (картельдер) болып табылады. Сонымен қатар, қазақстандық монополияға қарсы практикада мұндай бұзушылықтардың жолын кесу жағдайлары өте сирек, бұл оларды анықтау үшін қажетті құралдардың (жедел іздестіру іс-шаралары) жетіспеуімен түсіндіріледі.

Мысалы, АҚШ, Еуропалық одақта, оның ішінде Германияда, Израильде, Венгрияда монополияға қарсы органдардың қызметтік үй-жайларда да, жекеменшік үйлерде де іздестіру мен құжаттарды алуды жүзеге асыруға өкілеттігі бар. Бұл ретте арнайы команда құрылады – басшы, команда мүшелері, ақпараттық технологиялар бойынша сарапшы, арнайы дағдысы бар мамандар (тілдік дайындық, жауап ала білу дағдылары), полицейлер.

Сонымен қатар, проблемалар блогында монополияға қарсы ден қою шараларын қолдану бойынша іс жүргізу рәсімдерінің ұзақтығы (әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалардан басқа іс материалдарына қосымша қажеттілігі туралы заңнама талабы, қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулы) атап өтілді.

Соттардың аталған талаптарын орындау әкімшілік жазаларды қолдану мерзімдерін созады және Агенттік пен құқық қорғау органдары арасында шамадан тыс хат алмасуларға әкеледі. Мысалы, «Локомотив» АҚ, «ҚазМұнайГаз Өнімдері» АҚ, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС және т.б. Соның салдарынан, қазіргі уақытта мемлекет бюджетіне 3 млрд. теңгеден астам аударылған жоқ.

Бұдан басқа, мынадай проблемалар сақталуда:

1) мемлекеттік органдардың өкілдері монополияға қарсы заңнама нормаларын жеткілікті түсінбейді, осының салдарынан бұрыс шешімдер қабылданады.

2) бәсекелестікті дамыту бойынша жағдайды нақты пайымдаудың және жүйелі құжаттың болмауы. Нәтижесінде, мұндай жағдай кәсіпкерлікке, олардың кейбірі жоғары шоғырландырылған болып қалып отырған экономика саласына тұтастай әсер етеді.

3) монополияға қарсы орган қабылдаған шешімдерге кейбір БАҚ-тардың дұрыс түсінік бермеуі.

4) нарық субъектілері адал бәсекелестік, бизнесті адал жүргізу қағидаларын жеткіліксіз түсінуі және соның салдарынан монополияға қарсы заңнаманы бұзушылық санының өсуі.

Бұдан басқа, Заңда бәсекелестікті насихаттауды жүзеге асыру бойынша монополияға қарсы органның функциясы бекітілгендігіне қарамастан, оның Тұжырымдамасы әзірше тұтастай басқа мемлекеттік органдардың қызметінде тиісті көрініс тапқан жоқ.

Соның салдарынан, кейбір кәсіпкерлердің монополияға қарсы заңнама және заңнаманың аралас түрлері туралы түсінігі жоқ. Мұны кәсіпкер жұмыс істейтін бәсекелестіктің даму деңгейіне, адал бизнесті жүргізу қағидасын тануына қатысты бизнес-орта өкілдеріне жүргізілген сауалнама растайды.

Сонымен қатар, бәсекелестікті адвокаттандырудың рөлі әсіресе монополияға қарсы заңнаманы, мінез-құлық қағидасын нарықта білмеу бизнестің шетелдік өкілдерімен толыққанды бәсекелесу үшін кедергі болатын жаһандық интеграциялану (Бірыңғай экономикалық кеңістік, Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі және т.б.) жағдайында ерекше маңызды.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта проблемалардың кейбірін шешуге мүмкіндік беретін белгілі бір мүмкіндіктер құрылды. Атап айтқанда, бұл монополияға қарсы заңнаманы жетілдіру. Айталық, 2012 жылы бәсекелестік саласындағы Қазақстанның заңдарын бірдейлендіру мен үйлестіру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. 2013 жылғы 6 наурызда Мемлекет басшысының 2013 жылғы 25 наурызда күшіне енген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қоюы осы жұмыстың нәтижесі болды. Сондай-ақ мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғалардың және оларға теңестірілген тұлғалардың, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттеріне жауапкершілік белгіленді. Бұл ретте монополияға қарсы заңнаманы бұзушылық мәліметтерін алдын ала қарау рәсімі алып тасталды. Аталған жаңалық монополияға қарсы ден қоюды неғұрлым жетілген деңгейге шығаруға мүмкіндік береді.


3. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Негізгі сыртқы факторлар тобына әлемдік экономиканы жаһандандыру, ТМД, Еуразиялық экономикалық қоғамдастық, Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде интеграциялық процестерді дамыту жатады.

Осы процестердің барлығы трансұлттық қосылулар санының ұлғаюымен, трансшекаралық монополистік қызметтің кеңеюімен қатар жүрді. Осыған байланысты, қолайлы құқықтық алаң құру қажет. Бұған 2013 жылғы 24 қазанда Минск қаласында ЕЭК Жоғарғы Кеңесінің кезекті отырысында үш мемлекеттің басшылары қол қойған Бәсекелестік туралы модельдік заң ықпал ететін болады. Құжаттың негізгі мақсаты бәсекелестік саясат саласындағы экономикалық реттеуді құқықтық жақындату болып табылады. Жоғарғы кеңестің шешіміне сәйкес Модельдік заңды ұлттық заңнамаға имплементациялау, ЕЭК-те жасалған жұмыс туралы есеп беру көзделді. Осыған байланысты, аталған жұмыс қолданыстағы монополияға қарсы заңнама нормаларын жаңа жағдайлар мен талаптарға бейімдеуге мүмкіндік береді. Монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтың санын төмендетуге әсер ететін ішкі факторларға нарық қатысушыларын, мемлекеттік органдарды, тұтастай қоғамды бәсекелестікті қорғау мәселелері бойынша ақпараттандырудың тиімді жүйесін жатқызуға болады. Мемлекеттік органдарды, бизнес өкілдерін бәсекелестік саясат шеңберінде іске асырылатын мақсаттар мен міндеттер туралы, іс-шаралар туралы ақпараттандыруды арттыру, сондай-ақ жұмысқа ғылыми қоғамдастықтар өкілдерін тарту тауар нарықтарында бәсекелес ортаны дамыту бойынша барлық қатысушылардың күштерін шоғырландыруды және кәсіпкерлік қызметті ынталандыратын жағдай жасауды қамтамасыз етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет