6. Iздестiру-құтқару операцияларын (жұмыстарын) аяқтау және
тоқтата тұру
1-параграф. Жалпы ережелер
161. IҚО (Ж) мына жағдайларда аяқталған болып есептеледi:
1) iздестiру-құтқару операцияларына байланысты ӘК немесе адамдардың ендi апатқа ұшырау жағдайында еместiгi туралы ақпарат келiп түскенде;
2) iздестiрiлiп жатқан ӘК немесе адамдар табылған және тiрi қалғандары құтқарылғанда;
3) «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» 2010 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 102-бабына сәйкес апат кезеңiнде ӘК, оның жолаушылары мен экипажын iздестiрудi тоқтату туралы шешiм қабылданғанда.
Iздестiру-құтқару ӘК, ЖIҚК және ПДҚТ IҚО (Ж) жүргiзгеннен кейiн бастапқы орналасқан жерге қайтып келгенде IҚО (Ж) толық аяқталды деп есептеледi.
162. IҚО (Ж) апатқа ұшыраған ӘК болуы мүмкiн (ықтимал) орналасқан жерi туралы жаңа деректер қабылданған жағдайда қайта басталады.
2-параграф. Iздестiру-құтқару жұмыстарының аяқталуына байланысты
iс-қимылдар
163. IҚО (Ж) аяқталуы туралы Үйлестiру орталығы дереу IҚО (Ж)-ға қатыстырылған барлық органдарды, орталықтарды, қызметтердi немесе құралдарды хабардар етедi. Бастапқы хабарлама телефон (радио) арқылы, ал қорытынды хабарлама IҚО (Ж) аяқталған сәттен бастап бiр тәулiк iшiнде жүзеге асырылады.
3-параграф. Iздестiру-құтқару операцияларының (жұмыстарының)
нәтижелерi туралы есептiлiк және оны сақтауды ұйымдастыру
164. Үйлестiру орталығы мемлекеттiк авиацияның ҚҮО-мен бiрлесiп, жүргiзiлген IҚО (Ж) нәтижелерi туралы есептi бiр ай мерзiмде ресiмдейдi және оның көшiрмелерiн авиация саласындағы және мемлекеттiк авиацияның уәкiлеттi органдарына, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органға жолдайды.
Есептiлiк форматы осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес белгiленедi.
165. Есептiлiктi сақтауды IҚО (Ж) аяқталған күннен бастап бес жылдың iшiнде Үйлестiру орталығы жүзеге асырады. Үйлестiру орталығы әрбiр есептiлiкке сәйкестендiру нөмiрiн бередi.
4-параграф. Iздестiру-құтқару операцияларының (жұмыстарының)
шығыстарын өтеу тәртiбi
166. Әуе кемелерi IҚО (Ж)-ға қатысқан азаматтық авиация ұйымдарына iздестiру-құтқару ӘК-нi көтеруге команда берiлгеннен бастап IҚО (Ж)-ны аяқтауға немесе тоқтата тұруға және тартылған ӘК-нi бастапқы орналасқан жерiне қайтаруға (орналастыруға дейiнгi) кезеңде туындаған iздестiру-құтқару жұмыстарына кеткен шығыстар мемлекеттiк бюджет есебiнен өтеледi.
167. Азаматтық авиация ұйымы IҚО (Ж)-ны жүзеге асыру кезiнде мемлекеттiк бюджет есебiнен шығындарды өтеу үшiн IҚО (Ж) аяқталғанын немесе тоқтатылғанын хабарлаған күннен бастап отыз жұмыс күнiнен кешiктiрмей азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға дәйектемелер мен есептерi бар мынадай материалдарды ұсынады:
1) еркiн нысанда жасалған және ұйымның басшысы мен ұйымның бас бухгалтерi қол қойған келтiрiлген шығындарды өтеу туралы өтiнiштi (қаржы қаражатын бөлу үшiн заңдық және банктiк деректемелердi көрсете отырып (банктiң атауы, оның БСК, банк ЖСК, ағымдағы және жинақ шотының нөмiрiн қоса алғанда);
2) ұйым басшысы, ұйымның бас бухгалтерi мен IҚО (Ж) тартылған әуе кемесiнiң командирi растаған ұшу бағыттарын және ұшу уақытын көрсете отырып, IҚО (Ж)-ны жүзеге асыру кезiнде орындалған ұшу туралы мәлiметтердi қамтитын ұшудың жұмыс жоспарларының көшiрмелерi;
3) олардың бастапқы орналасқан жерiне қайта оралуын қоса алғанда, IҚО (Ж) жүзеге асыру кезiнде ұшудың нақты орындалуын растайтын аэронавигация ұйымынан алынған анықтама;
4) осы ұшулардың жұмыс жоспарының негiзiнде авиаотын және басқа да жанар-жағармай материалдарының нақты шығысының мөлшерi, сондай-ақ төлемге қойылған есеппен расталған оның құны туралы мәлiметтер;
5) «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» 2010 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 24) тармақшасына сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен субсидияланған бағыттарда ұшуды орындау кезiнде ұшу сағатының өзiндiк құнын есептеу жөнiндегi нұсқаулықтың негiзiнде жүргiзiлген ӘК ұшу сағатының өзiндiк құнының есептемесi.
168. Iздестiру-құтқару жұмыстарына кеткен шығыстарды өтеу туралы өтiнiштi тiркеу азаматтық авиация ұйымының өтiнiштi қабылдағаны туралы растау бере отырып, iздестiру-құтқару жұмыстары мен жасалған төлемдерге кеткен шығыстарды өтеуге арналған өтiнiштердi тiркеу журналында жүзеге асырылады.
169. Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган осы Қағидалардың 167-тармағында көрсетiлген материалдарды тiркеу күнiнен бастап он жұмыс күнi iшiнде оларды тексередi және:
1) дәйексiз немесе толық емес ақпарат анықталған жағдайда азаматтық авиация ұйымы ұсынған материалдарды қайтару себебiн көрсете отырып қайтаруды;
2) азаматтық авиация ұйымын хабардар ете отырып, шығындарды өтеу үшiн Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгiленген тәртiпте одан әрi iс-қимылдарды жүзеге асырады.
170. Осы Қағидалардың 167-тармағында көрсетiлген материалдар қайтарылған жағдайда, Азаматтық авиация ұйымы оларды алған күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде анықталған кемшiлiктердi жою шартымен азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға көрсетiлген материалдарды қайта ұсынады. Оларды қайта қарастыру тәртiбi осы Қағидалардың 167–169-тармақтарына сәйкес айқындалады.
171. Ұсынылған материалдардағы бұрын анықталған кемшiлiктердi қайта жоймаған жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган IҚО (Ж)-ны жүзеге асыру кезiндегi шығыстарды өтеу үшiн қарауға себебi көрсетiлген бас тартуды өтiнiш берушiге жiбередi.
172. Iздестiру-құтқару жұмыстарына кеткен шығыстар өтелгеннен кейiн iздестiру-құтқару жұмыстары мен жасалған төлемдерге кеткен шығыстарды өтеуге арналған өтiнiштердi тiркеу журналында күнi, төлем мөлшерi және төлем құжатының нөмiрi көрсетiлген тиiстi жазба жүргiзiледi.
173. Iздестiру-құтқару жұмыстарына кеткен шығыстарды мемлекеттiк бюджет есебiнен өтеуге үмiткер азаматтық авиация ұйымы мен азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган арасындағы оның құнын өтеу себебi бойынша туындаған даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген сот тәртiбiмен шешiледi.
174. Төлемдердi заңсыз алуға бағытталған iс-қимылдар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершiлiкке алып келедi.
5-параграф. Iздестiру-құтқару операцияларын (жұмыстарын) талқылау
175. IҚО (Ж)-ны аяқталғаннан кейiн азаматтық және мемлекеттiк авиация саласындағы және табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органдар осындай операцияға қатыстырылған персоналдың, апатқа ұшыраған ӘК пайдаланушысының және басқа да мүдделi мемлекеттiк органдар мен тұлғалардың қатысуымен IҚО (Ж)-ны талқылау ұйымдастырылады.
IҚО (Ж) талқылау IҚО (Ж) әдiстерiнiң тиiмдiлiгiн арттыру мен жетiлдiру мақсатында жүзеге асырылады.
IҚО (Ж) жүргiзудiң тиiмсiздiгi салдарынан адамдардың кiнәлiлiгiн белгiлеу талқылау нысанасы болып табылмайды.
176. Талқылаудың қорытындылары бойынша азаматтық және мемлекеттiк авиация саласындағы және табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органдар ұшуды iздестiру-құтқаруды қамтамасыз етудi жетiлдiру жөнiнде ұсынымдар әзiрлейдi, таратады және олардың орындалуын бақылайды.
Қазақстан Республикасының
аумағында ұшуды iздестiру-құтқарумен
қамтамасыз етудi ұйымдастыру
жөнiндегi қағидаларға
1-қосымша
Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды iздестiру-құтқарумен
қамтамасыз ету схемасы
Қазақстан Республикасының
аумағында ұшуды iздестiру-құтқарумен
қамтамасыз етудi ұйымдастыру
жөнiндегi қағидаларға
2-қосымша
Iздестiру мен құтқару ауданында (облысында) iздестiру-құтқару
операцияларын (жұмыстарын) ұйымдастыру мен жүргiзудiң үлгiлiк
жоспары
Негiзгi бөлiм
1. Оларға сәйкес жоспар жасалатын құжаттар.
2. Облыс аумағында iздестiру мен құтқаруды ұйымдастыру және өткiзу.
3. Iздестiру-құтқару күштерi және ұшуды iздестiру-құтқарумен қамтамасыз ету құралдары кезекшiлерiнiң жауапкершiлiк аудандары.
4. IҚО (Ж) жүргiзу үшiн бөлiнген күштер мен құралдар.
5. Iздестiру-құтқару күштерi мен құралдарының облыс аумағында шоғырлану орындары.
6. Облыс аумағындағы iздестiру-құтқару күштерi мен құралдарының кезекшiлерiн хабардар ету тәртiбi.
7. Түрлi ведомстволар мен ұйымдар арасында өзара iс-қимылды ұйымдастыру.
8. IҚО (Ж) жүргiзу кезiнде байланыс ұйымдастыру.
9. Емдеу-эвакуациялау iс-шараларының жоспары.
Қосымша
1. Iздестiру-құтқару күштерi мен құралдарының кезекшiлерiн және олардың өзара әрекет етуiн ұйымдастыру схемасы.
2. Кезекшi iздестiру-құтқару күштерi мен құралдарының жауапкершiлiк ауданының картасы.
3. IҚО (Ж) жүргiзу кезiндегi хабардар ету және жедел байланыс схемасы.
4. Облыс аумағындағы климаттық-географиялық және гидрометеорологиялық жағдайлар.
5. Облыс аумағында IҚО (Ж) жүргiзу кезiндегi жедел штабтың құрамы.
6. Телефон анықтамалығы.
Жоспар IҚО (Ж)-ға тартылған мемлекеттiк органдар мен тұлғалар қабылдаған iс-қимылдардың бөлшегiн:
1) iздестiру мен құтқару ауданында IҚО (Ж) жүргiзу тәсiлдерiн;
2) қолда бар байланыс жүйелерi мен құралдарын пайдалануды;
3) басқа iздестiру және құтқару үйлестiру орталықтарымен бiрлесiп қабылданған iс-қимылдарды;
4) бағыт бойынша ұшып келе жатқан ӘК мен теңiздегi суүстi кемелерiн авариялық хабардар ету әдiстерiн;
5) IҚО (Ж) жүргiзу тапсырылған адамдардың мiндеттерi мен құқықтарын;
6) метеорологиялық немесе басқа жағдайлардан туындаған құралдарды қайта орналастыру ықтималдығын;
7) метеомәлiметтер мен болжамдарды, NOTAM хабарламасын қабылдау әдiстерiн;
8) суға қонуға мәжбүр болған ӘК-нi суүстi кемелерi орналасқан аудаға бағыттау әдiстерiн;
9) iздестiру-құтқару ӘК-нi апатқа ұшырау жағдайындағы ӘК-ге бағыттау әдiстерiн;
10) заңсыз қол сұғу объектiсi екендiгi белгiлi болған немесе болжанған ӘК-ге қатысты көмек көрсету үшiн ӘҚҚ (ӘҚБ) органдары мен басқа мүдделi ведомстволармен өзара iс-қимылда қабылдануға жататын бiрлескен шараларды;
11) IҚО (Ж) кезiнде қолданылған ӘК мен суүстi кемелерiн, сондай-ақ жерүстi көлiк құралдарына мүмкiн болатын шекте қызмет көрсету және отын құю жөнiндегi шараларды қамтиды.
Қазақстан Республикасының
аумағында ұшуды iздестiру-құтқарумен
қамтамасыз етудi ұйымдастыру
жөнiндегi қағидаларға
3-қосымша
Iздестiру-құтқару әуе кемелерiн мүлiкпен және керек-жарақпен
жасақтау
1. Құтқару мүлкi мен керек-жарағының тiзбесi:
№
|
Мүлiктер мен керек-жарақтар
|
Өлшем бiрлiгi
|
Саны
|
1.
|
Ұйықтау қапшығы
|
жиынтық
|
2
|
2.
|
Палатка
|
жиынтық
|
1
|
3.
|
Құрғақ азық (бiр тәулiкке)
|
жиынтық
|
1
|
4.
|
Қаптамадағы алюминийден жасалған су құйылған фляга
|
дана
|
2
|
5.
|
Қоректендiру блогы бар авариялық радиостанция
|
жиынтық
|
2
|
6.
|
Сигналдық патрондар
|
дана
|
10
|
7.
|
Уранин
|
орам
|
4
|
8.
|
Пышақ
|
дана
|
2
|
9.
|
Батареясы бар электр шамы
|
жиынтық
|
2
|
10.
|
Құтқару кеудешесi (белдiгi)
|
дана
|
2
|
11.
|
Дәрi қобдишасы
|
жиынтық
|
1
|
12.
|
Санитарлық зембiлдер
|
дана
|
1
|
13.
|
10-20 л суы бар термос
|
дана
|
1
|
14.
|
Балта
|
дана
|
2
|
15.
|
Сүймен
|
дана
|
1
|
16.
|
Ағаш кесетiн қол арасы
|
дана
|
1
|
17.
|
Үшкiр күрек
|
дана
|
1
|
18.
|
Сiрiңке
|
дана
|
1
|
19.
|
Дүрбi
|
дана
|
1
|
20.
|
СУ-Р (тiкұшақтар үшiн)
|
жиынтық
|
2
|
21.
|
Құрғақ жанармай (таблетка тәрiздi)
|
таблетка
|
20
|
2. Құтқару мүлкi мен керек-жарағының тiзбесiнiң 1-20-тармақтарында көрсетiлген құтқару мүлкi мен керек-жарағы арнайы жұмсақ қаптарға немесе контейнерлерге салынады. Мүлiк (жүзу құралдарынан басқа) су өтпейтiн қаптарға салынады.
3. Құтқару кеудешелерi (белдiктерi) байламдардан алынады және олар үшiн көзделiп қолдануға дайындалған ораммен тиеледi.
4. Қаптардың (контейнерлердiң) сыртқы бетiне жиынтықтың iшiндегiнi белгiлейтiн енi 50 мм түрлi-түстi сақиналы жолақ түрiндегi таңба бекiтiледi:
ҚЫЗЫЛ – дәрi-дәрмек пен медициналық көмек көрсету құралдары;
КӨК - су және азық-түлiк;
САРЫ - киiм-кешек, ұйықтау қапшықтары, палатка;
ҚАРА - радиостанциялар, сигналдық құралдар, ыдыс-аяқ
Қазақстан Республикасының
аумағында ұшуды iздестiру-құтқарумен
қамтамасыз етудi ұйымдастыру
жөнiндегi қағидаларға
4-қосымша
Жерүстi iздестiру-құтқару командаларын ЖIҚК техникалық
құралдармен жарақтандыру
1. Жарақтандыру табелi:
№
|
Мүлiк және керек-жарақтар
|
Өлшем бiрлiгi
|
Саны
|
1.
|
Радиостанциялары бар жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары автомашиналар
|
дана
|
1
|
2.
|
Жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары көлiк құралына орнатылған және дауыс зорайтқыш құрылғымен жабдықталған басқарудың жылжымалы командалық пунктi
|
дана
|
1
|
3.
|
Тiкұшақ үшiн қону алаңын белгiлеуге арналған ақ және қызыл түстi жалаушалар (әрбiр түсте 8 данадан)
|
дана
|
16
|
4.
|
Қондыру шашкалары (түтiндi)
|
дана
|
10
|
5.
|
Компас
|
дана
|
2
|
6.
|
Батареялар жиынтығы бар электр шамы
|
жиынтық
|
6
|
7.
|
Көзбен шолып iздестiру палеткасы бар 1:200000 масштабтағы жергiлiктi жердiң топографиялық карталары
|
жиынтық
|
2
|
8.
|
Дүрбi
|
дана
|
2
|
9.
|
Қолғаптар (брезент)
|
жұп
|
6
|
10.
|
Металл кесуге арналған бензиндi ара
|
дана
|
1
|
11.
|
Балта
|
дана
|
4
|
12.
|
Сүймен
|
дана
|
2
|
13.
|
Үшкiр күрек
|
дана
|
4
|
14.
|
Бақан
|
дана
|
1
|
15.
|
Слесарь құралдары: шойбалға, кескiш, балға, қол ара
|
жиынтық
|
1
|
16.
|
Өрт сөндiргiш
|
дана
|
2
|
17.
|
Батареялар жиынтығы бар мегафон
|
жиынтық
|
2
|
18.
|
Фотоаппарат
|
дана
|
2
|
19.
|
Санитарлық зембiлдер
|
дана
|
2
|
20.
|
Медикаменттер
|
жиынтық
|
2
|
21.
|
Пышақтар (ЖIҚК-нiң әрбiр мүшесiне)
|
дана
|
1
|
22.
|
Бензоплитка (Примус)
|
дана
|
1
|
23.
|
4 орындық палатка
|
дана
|
2
|
24.
|
Iшетiн суы бар 12-20 литрлiк термос
|
дана
|
1
|
25.
|
Саптыаяқ, қасықтар (ЖIҚК-нiң әрбiр мүшесiне)
|
дана
|
1-еуден
|
26
|
Азық-түлiк (әрбiр адамға, тәулiкке)
|
жиынтық
|
1
|
2. Техникалық құралдардың тiзбесi iздестiру және құтқару ауданының климаттық, физикалық-географиялық, басқа да жағдайларына және мiндеттi орындаудың ерекшелiктерiне байланысты нақтыланады және толықтырылады.
Қазақстан Республикасының
аумағында ұшуды iздестiру-құтқарумен
қамтамасыз етудi ұйымдастыру
жөнiндегi қағидаларға
5-қосымша
Парашюттiк-десанттық құтқару тобын (ПДҚТ) техникалық
құралдармен жарақтандыру
1. Жарақтандыру табелi:
№
|
Мүлiк және керек-жарақтар
|
Өлшем бiрлiгi
|
Саны
|
1.
|
Маусым бойынша ҚПДТ әрбiр мүшесiне ұшу киiм-кешегi
|
жиынтық
|
1
|
2.
|
ҚПДТ-ның әрбiр мүшесiне арналған парашюттiк жүйе (даярлық деңгейi бойынша)
|
дана
|
1
|
3.
|
ҚПДТ-ның әрбiр мүшесiне запас парашюттiк жүйесi
|
дана
|
1
|
4.
|
Сақтандыру аспабы (әрқайсысына)
|
дана
|
1
|
5.
|
Парашюттiк биiктiк өлшегiш (әрқайсысына)
|
дана
|
1
|
6.
|
Секундомер (әрқайсысына)
|
дана
|
1
|
7.
|
Парашютшiнiң қорғаныш шлемi (әрқайсысына)
|
дана
|
1
|
8.
|
Арқан пышағы (арқан кескiш) (әрқайсысына)
|
дана
|
1
|
9.
|
Құтқару кеудешесi (белдiгi) (әрқайсысына)
|
дана
|
1
|
10.
|
Компас
|
дана
|
1
|
11.
|
Батареялар жиынтығы бар электр қалта шамы
|
жиынтық
|
1
|
12.
|
Қаптамадағы iшетiн су құйылған фляга
|
жиынтық
|
1
|
13.
|
Су өтпейтiн байламдағы желге төзiмдi сiрiңкелер
|
қорап
|
1
|
14.
|
Пышақ-ара
|
дана
|
1
|
15.
|
Бес саусақты техникалық қолғаптар
|
жұп
|
1
|
16.
|
1 тәулiкке арналған тамақ өнiмдерi (бұқтырылған ет, құрғақ нан, қоюлатылған сүт, шай, жарма) (әрқайсысына)
|
жиынтық
|
1
|
17.
|
Р-855УМ (Р-855А1) радиостанциясы
|
дана
|
1
|
18.
|
Оплеткасы бар 2 мл 5 % йод спирттiк ертiндi ампуласы (пеналда)
|
дана
|
2
|
19.
|
Көлемi 5 м х 5 см лейкопластырь
|
дана
|
1
|
20.
|
Көлемi 7 м х 14 см тазартылған медициналық дәке бинтi
|
дана
|
2
|
21.
|
2 орындық палатка
|
дана
|
1
|
22.
|
Р-855УМ радиостанциясына арналған пеленгациялық антенна
|
дана
|
1
|
2. Техникалық құралдардың тiзбесi iздестiру және құтқару ауданының климаттық, физикалық-географиялық, басқа да жағдайларына және мiндеттi орындаудың ерекшелiктерiне байланысты нақтыланады және толықтырылады.
3. Көрсетiлген техникалық құралдар ыдыстарға қатталады және парашютпен немесе парашютсiз лақтыра отырып, iздестiру-құтқару әуе кемелерiмен оқиға орнына жеткiзуiне дайындалады.
Қазақстан Республикасының
аумағында ұшуды iздестiру-құтқарумен
қамтамасыз етудi ұйымдастыру
жөнiндегi қағидаларға
6-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |