21-6. Пайыздық ставканы субсидиялау номиналды сыйақы ставкасы 14 %-дан аспайтын кредит бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін, оның 10 %-ын мемлекет өтейтін болады. Бұл ретте, Банктер:
1) Кәсіпкер бастама жасайтын кредит беру шарттары талаптарының өзгеруіне байланысты;
2) Кәсіпкердің кредит бойынша міндеттемелерді бұзу себебі бойынша алынатындарды қоспағанда, кредитпен байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.
21-7. Егер кредит бойынша сыйақы ставкасы жылдық 14 %-дан төмен болған жағдайда, 10 %-ын мемлекет өтейді, ал айырмасын Кәсіпкер төлейді.
21-8. Кредиттер бойынша субсидиялау мерзімі 10 (он) жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен 3 (үш) жылға дейінгі мерзімді құрайды. Егер бұл жоба бойынша бірнеше Субсидиялау шарты жасалатын жағдайда, субсидиялаудың жалпы мерзімі Қаржы агенті бірінші Субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді. Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезінде субсидиялау мерзімі Қаржы агентінің қайта қаржыландыру жүзеге асырылған кредитор-банкте бірінші Субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді. 3 (үш) жыл өткен соң Субсидиялау шартының қолданылу мерзімін ұзарту ӨҮК мақұлдаған сәтте республикалық бюджеттен субсидиялау үшін қаражат болған кезде ғана Банк/Даму Банкі қолдаухатының негізінде ӨҮК шешімімен мақұлданады.»;
«Субсидиялар беру үшін Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимыл тәртібі» деген 4-бөлімде:
24-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Оң шешім алған кәсіпкер Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана мен Алматы қалалары үшін - Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне) кәсіпкердің өтініш-сауалнамасымен (Ынтымақтастық туралы келісімде көзделген нысан бойынша) жүгінеді, оған мынадай құжаттарды қоса береді:»;
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі өтініш-сауалнама мен құжаттарды алғаннан кейін:
1) өтініш-сауалнамамен бірге ұсынылатын міндетті құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады. Құжаттар топтамасы толық
ұсынылмаған не белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайда, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі үш күндік мерзімде Кәсіпкерге ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды пысықтау үшін қайтарады;
2) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне қарау үшін Кәсіпкердің жобасын жіберуді құжаттардың толық топтамасын алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.»;
25-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25-1. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі құжаттарды алғаннан кейін:
1) құжаттардың толықтығын тексереді;
2) кәсіпкердің жобасын Бағдарламаның шарттарына сәйкестігі тұрғысынан тексереді;
3) ӨҮК үшін кәсіпкерлердің жобалары бойынша ұсынымдар әзірлейді;
4) күн тәртібінің мәселесін қалыптастырады, ӨҮК отырысы өткізілетін күнді, уақытты және ететін отырысы айқындайды, бұл жөнінде ӨҮК барлық мүшелерін хабардар етеді.
Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған немесе белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі үш күндік мерзімде ұсынылған Кәсіпкерге/Бағдарламаның Жергілікті үйлестірушісіне құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, пысықтау үшін қайтарады. Құжаттар топтамасы бойынша кемшіліктер болмаған жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі кәсіпкердің жобасын ӨҮК кезекті отырысына шығарады.
ӨҮК отырысы жобалардың қалыптастырылу шамасына қарай, бірақ айына 2 реттен сиретпей өткізіледі.»;
мынадай мазмұндағы 25-2-тармақпен толықтырылсын:
«25-2. ӨҮК тиісті жылы субсидиялау үшін бюджет қаражаты болған жағдайда ғана жобаларды қарайды.»;
26-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) кәсіпкердің жобасын қараған кезде ӨҮК қажет болған жағдайда Банктен/Даму Банкінен Жобаны неғұрлым толық талдау және шешім қабылдау үшін қажетті қосымша мәліметтер мен құжаттарды сұратады. Бұл жағдайда Кәсіпкердің құжаттары Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне пысықтау үшін қайтарылады және ӨҮК кезекті отырысында қайта қарауға жатады;»;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК мүшелері ӨҮК хаттамасына/хаттамадан үзіндіге қол қойғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде ӨҮК хаттамасының/хаттама үзіндісінің көшірмесін Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне Банк/Даму Банкіне және Қаржы агентіне жібереді.
ӨҮК шешімінің қолданылу мерзімі ӨҮК шешімі шыққан күннен бастап 6 ай.»;
«Субсидиялау тетігі» деген 5-бөлімде:
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«28. Банк/Даму Банкі Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінен ӨҮК хаттамасын алғаннан кейін және Субсидиялау туралы оң шешім болған кезде, Қаржы агенті, Банк/Даму Банкі және Кәсіпкер арасында Субсидиялау шарты жасалады, оған сәйкес Қаржы агенті Банкке/Даму Банкіне Банктік қарыз шартының өтеу кестесіне және Субсидиялау шартының талаптарына сәйкес сыйақы ставкасын төлеуді жүзеге асырады.»;
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«30. Субсидиялау шартын Бағдарламада белгіленген нысанға сәйкес:
1) Банк/Даму Банкі:
Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінен үлгі жобалар бойынша хаттаманы алған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде;
Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінен үлгі жобалар бойынша хаттаманы алған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде;
Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінен ерекше шарттары бар жобалар бойынша хаттаманы алған сәттен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде жасайды;
2) Қаржы агенті:
Банктен/Даму Банкінен үлгі жобалар бойынша Субсидиялау шартын алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
Банктен/Даму Банкінен ерекше шарттары бар жобалар бойынша Субсидиялау шартын алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жасайды.
Егер Банк/Даму Банкі осы Ереженің 30-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімде Субсидиялау шартын уақтылы жасамаған жағдайда, Банк/Даму Банкі Қаржы агенті мен Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін кідірту себептерін түсіндіре отырып, ресми хатпен хабардар етеді.
Егер Банктік қарыз шартының және/немесе Субсидиялау шартының талаптары ӨҮК шешіміне және/немесе Бағдарлама талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, Қаржы агенті Субсидиялау шартына қол қоймайды. Бұл ретте Қаржы агенті Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін (Астана және Алматы қалаларында - Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін), Банкті/Даму Банкін және кәсіпкерді хабардар етеді.
Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі, Банк/Даму Банкі ескертулерді жойған жағдайда, Қаржы агенті Субсидиялау шартына қол қояды.
Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі, Банк/Даму Банкі Қаржы агентінің ескертулерімен келіспеген жағдайда, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі түпкілікті шешім қабылдау үшін ӨҮК-ке шығаратын Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне құжаттар топтамасын жібереді.
Субсидиялау шарты оған кәсіпкер, Банк/Даму Банкі және Қаржы агенті қол қойған күннен бастап күшіне енеді. Бұл ретте субсидиялау мерзімінің басталуы Субсидиялау шартына Қаржы агенті қол қойған күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын Субсидиялау шартында белгіленуі мүмкін.»;
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«32. Қаржы агенті Субсидиялау шартына қол қойғаннан кейін субсидияларды төлейді. Субсидиялар Бағдарламаның тиісті өңірлік үйлестірушісінен қаражат болған кезде төленеді.»;
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«34. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі Сыйақы ставкасын субсидиялау үшін көзделген қаражат түскен сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Қаржы агенті көрсеткен шотқа тиісті қаржы жылында Бағдарламаның бірінші бағытын іске асыруға бөлінген соманың 50 %-ы мөлшерінде Қаржы агентіне қаражат аударуды жүзеге асырады. Бұдан кейінгі төлемдер Қаржы агентінің өтінімдеріне сәйкес жүзеге асырылатын болады.»;
42-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«42. Егер Банк/Даму Банкі қолданыстағы Банктік қарыз шартының талаптарын өзгерткен жағдайда, Банк/Даму Банкі Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін (Астана және Алматы қалаларында - Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін) тиісті хатпен хабардар етеді, ол 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қаржыландырудың қолданыстағы талаптарына енгізілетін өзгерістер бойынша шешім қабылдайды және хатпен қаржыландыру талаптарына енгізілген өзгерістерді келіседі немесе келісуден бас тартады (бұл ретте хаттың көшірмесінде Қаржы агентін көрсетеді).»;
«Субсидиялауды тоқтата тұру, тоқтату және қайта қалпына келтіру тәртібі» деген 6-бөлімде:
45 және 46-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«45. Субсидиялар төлемдері тоқтатыла тұрған жағдайда, Қаржы агенті осындай шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Банкті/Даму Банкін, Кәсіпкерді, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін субсидиялаудың тоқтатыла тұру себептерін көрсете отырып, хатпен хабардар етеді.
46. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі Қаржы агентінен кәсіпкерді субсидиялауды тоқтата тұру туралы хатты алғаннан кейін, 5 (бес) жұмыс күні ішінде күн тәртібін әзірлейді және қалыптастырады, ӨҮК отырысы өткізілетін күнді, уақытты және өтетін орынды айқындайды, ол туралы барлық мүшелерді хабардар етеді.»;
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«48. ӨҮК отырысының хаттамасы ӨҮК отырысы өткізілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ресімделеді. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК хаттамасы ресімделгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана және Алматы қалалары бойынша - мәлімет үшін Лизинг компаниясына/Банкке/Даму Банкіне), Қаржы агентіне жібереді. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі ӨҮК хаттамасын Лизингтік компанияға/Банкке/Даму Банкіне мәлімет үшін жібереді.»;
«Кәсіпкерлерді өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымын дамыту бойынша қолдау» деген 8-бөлімде:
67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«67. Кәсіпкер инфрақұрылымды жеткізу немесе жақсарту қажеттілігі негіздемесін қамтитын жобаны өндірістік (индустриялық) инфрақұрылыммен қамтамасыз ету туралы өтініммен Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне жүгінеді.»;
мынадай мазмұндағы 67-1-тармақпен толықтырылсын:
«67-1. Астана және Алматы қалаларының кәсіпкерлері жобаны өндірістік (индустриялық) инфрақұрылыммен қамтамасыз ету туралы өтініммен Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне жүгінеді.»;
68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«68. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі қалыптастырған өтінімдердің іріктелген тізбесі, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың жаңа өнеркәсіптік алаңдар мен индустриялық аймақтарды ұйымдастыру және қолданыстағыларын дамыту жөніндегі ұсыныстары одан әрі ӨҮК шығару үшін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне беріледі.»;
2) «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау» бірінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша кепілдік беру ережесінде:
«Терминдер мен анықтамалар» деген 2-бөлімде:
мына:
«Бағдарламаның жергілікті Кәсіпкерлер үшін «жалғыз терезе» қағидаты
деңгейдегі үйлестірушісі бойынша жергілікті жерде Бағдарламаны іске
асыруға жауапты, облыстар Астана және
Алматы қалалары әкімдерінің шешімдерімен
айқындалатын жергілікті атқарушы органның
құрылымдық бөлімшесі;»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Бағдарламаның облыстық деңгейде (астана, республикалық
өңірлік үйлестірушісі маңызы бар қала)/өңірлік деңгейде
Бағдарламаны іске асыруға жауапты, облыстың
(астананың, республикалық маңызы бар
қаланың) әкімі айқындайтын жергілікті
атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;
Бағдарламаның қалада немесе аудандық деңгейде
жергілікті Бағдарламаны іске асыруға жауапты, облыс
үйлестірушісі әкімі айқындайтын қаланың/ауданның
құрылымдық бөлімшесі;».
«Кепілдіктер беру шарттары» деген 3-бөлімде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мынадай:
1) акцизделетін тауарлар шығаруды көздейтін Жобаларды іске асыруға бағытталған;
2) мұнай-газ өнеркәсібіндегі Жобаларды іске асыруға бағытталған;
3) Даму Банкін қоспағанда, Мемлекеттік даму институттары тікелей кредиторы болып табылатын;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
29 желтоқсандағы № 1771 қаулысына сәйкес Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібінде жобаларын іске асыратын кәсіпкерлердің;
5) сыйақы ставкасы бюджет қаражаты есебінен арзандатылған;
6) ұйымдардың үлестерін, акцияларын сатып алуға бағытталған кредиттер кепілдендіруге жатпайды.»;
7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Бағдарламаға № 1 қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 683-од бұйрығымен бекітілген экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (бұдан әрі — ЭҚЖЖ) сәйкес экономиканың басым секторларында жұмыс істейтін. Осы талап моноқалаларда, шағын қалаларда, сондай-ақ олардың әкімшілік бағынысындағы елді мекендерде іске асырылатын жобаларға қолданылмайды.»;
12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«12. 60 млн. теңгеден аспайтын мөлшердегі кредиттер бойынша кепілдіктер беру шарттары:
1) Кепілдік беру жүзеге асырылып жатқан кредиттің (кредиттердің) сомасы Кәсіпкердің әрбір жекелеген Жобасы бойынша 60 млн. теңгеден аспайды. Кредиттің (кредиттердің) сомасы Кәсіпкермен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті (кредиттері) бойынша берешегі есепке алынбай, оның әрбір жобасына жеке есептеледі, бұл ретте экономиканың басым секторларында (Бағдарламада көзделген) іске асырылатын Жобалар бойынша бір Кәсіпкер үшін кредиттердің жалпы сомасы 300 млн. теңгеден, ал басым емес секторларда іске асырылатын Жобалар бойынша - 150 млн. теңгеден аспауы тиіс;
2) кепілдіктің ең жоғары мөлшері кредит сомасының 50 %-нан аспауы тиіс, бұл ретте Кәсіпкер кредит бойынша (кепілдік) құны кредит сомасынан кемінде 50 %-ы мөлшерінде қамтамасыз етуді ұсынады. Кредиттің көрсетілген қамтамасыз етуінің құрамында басқа талаптарды қамтамасыз етуге (мүлікті кейіннен кепілге беру) тағы бір кепілдің нысанасы болып табылатын мүліктің ұсынылуына жол берілмейді. Бұл ретте, Бағдарламаға қатысу үшін қамтамасыз ету мөлшерінің жеткілікті болуын есептеген кезде болашақта кепілге қойылатын мүлік, талап ету құқығының кепілі, шаруашылық серіктестіктерінің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің кепілі ескерілмейді;
3) кепілдікті беру мерзімі 5 (бес) жылдан аспауы тиіс.
Айналым қаражатын толықтыруға 100 % бағытталған кредитті кепілдендіруге (жалақы бойынша есептеулерді, салықтық және өзге де міндетті төлемдер, кредиттерге, қарыздарға немесе лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерге ақы төлеу бойынша есептерді жүргізуден басқа және Кәсіпкердің негізгі қызметті жүзеге асыруымен байланысты емес өзге де мақсаттар) жол беріледі. Осы кредиттер бойынша кепілдікті беру мерзімі 3 (үш) жылдан аспауы керек.
13. Кәсіпкерлердің 60,0-ден 300 млн. теңгеге дейінгі (қоса алғанда) мөлшердегі кредиттері бойынша кепілдіктер беру шарттары:
1) Кепілдік беру жүзеге асырылатын кредит (-тер) сомасы экономиканың басым секторларында іске асырылатын Жобалар бойынша (Бағдарламада көзделген) бір Кәсіпкер үшін 300 млн. теңгеден, ал экономиканың басым емес секторларында іске асырылатын жобалар бойынша - 150 млн. теңгеден аспауы тиіс.
Бұл ретте кредит (-тер) сомасы онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті бойынша берешекті есепке алмай бір Кәсіпкер үшін есептеледі;
2) кепілдіктің ең жоғары мөлшері кредит сомасының 50 %-ынан аспауы тиіс, бұл ретте Кәсіпкер (кепіл) құны кредит сомасының кемінде 50 %-ы мөлшерінде қамтамасыз етуді ұсынады. Бұл ретте, Бағдарламаға қатысу үшін қамтамасыз ету мөлшерінің жеткілікті болуын есептеген кезде болашақта кепілге қойылатын мүлік, талап ету құқығының кепілі, шаруашылық серіктестіктің жарғылық капиталына қатысу үлесінің кепілі ескерілмейді;
3) Кәсіпкер Жобаны іске асыруға қатысуды Жобаны іске асырудың жалпы құнының 10 %-ынан төмен емес деңгейде меншікті ақшалай қаражатымен не Жобаны іске асырудың жалпы құнының 20 %-ынан төмен емес деңгейде меншікті жылжымалы/жылжымайтын мүлкімен (оның ішінде қамтамасыз етуге берілетін үшінші тұлғаның мүлкімен) қамтамасыз етуі тиіс;
4) кепілдік беру мерзімі 3 (үш) жылдан асуы тиіс;
5) Кепілдік беру айналым қаражатын қаржыландыру инвестицияларға, негізгі құралдарды сатып алу және/немесе жаңғыртуға арналған кредит шеңберінде жүзеге асырылатын, бірақ кредиттің жалпы сомасының 30 %-ынан аспайтын жағдайларды қоспағанда, айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредиттер бойынша жүзеге асырылмайды.»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі Қаржы агентіне төлейтін кепілдік құны кепілдіктің жалпы сомасының 20 %-ын құрайды. Бұл ретте, Қаржы агенті өзінің қалауы бойынша алынған қаражатты әртүрлі қаржы құралдарына орналастыруға құқылы.»;
«Кепілдік беру үшін Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимыл тәртібі» деген 4-бөлімде:
26-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Банктен/Даму Банкінен хат алғаннан кейін Кәсіпкер Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана және Алматы қалаларында - Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне) өтінішпен жүгінеді, оған мынадай құжаттарды қоса береді:»;
27 және 28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Бағдарламаның жергілікгі үйлестірушісі Кәсіпкерден өтініш алғаннан кейін мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
1) өтінішпен қоса берілетін міндетті құжаттардың толықтығын тексереді. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған не белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайда, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі Кәсіпкерге ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды пысықтау үшін қайтарады;
2) Жобаны алдын ала қарау және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі үшін жоба бойынша ұсынымдар әзірлеу.
28. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі барлық құжаттар мен ақпаратты алған сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде кәсіпкердің жобасын Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне жібереді, ол мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
1) жоба бойынша ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді;
2) кәсіпкердің жобасын Бағдарлама шарттарына сәйкестігі тұрғысынан тексереді;
3) ұсыныстарды, күн тәртібін қалыптастырады, ӨҮК отырысының күнін, уақытын және өткізу орнын айқындайды, ол туралы барлық ӨҮК мүшелерін хабардар етеді;
4) барлық құжаттар мен ақпаратты алған сәттен бастап 2 жұмыс күні ішінде кәсіпкерлер жобаларының тізімін, құжаттардың толық топтамасын қоса бере отырып, ӨҮК қарауына шығарады.
Құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған не белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана және Алматы қалалары бойынша - кәсіпкерге) ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды пысықтау үшін қайтарады.
ӨҮК отырысы Жобалардың қалыптасуына қарай, бірақ айына 1 реттен сиретпей өткізіледі.»;
30 және 31-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«30. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК отырысынан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде:
1) ӨҮК хаттамасын Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне, Банкке/Даму банкіне және Қаржы агентіне;
2) ӨҮК-де олардың жобаларын қарау нәтижелері туралы Астана және
Алматы қалаларының кәсіпкерлеріне жазбаша хабарлама жібереді.
31. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінен кәсіпкердің кредитіне ішінара кепілдік беруге келісу туралы ӨҮК хаттамасын алғаннан кейін Қаржы агенті Банкке/Даму Банкіне алдын ала кепілдік хатын жібереді.»;
37 және 38-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«37. Шығарылған кепілдіктерге ақы төлеу мақсатында Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі кезекті жылдың басында Қаржы агентіне кредиттерді кепілдендіруге бөлінген нысаналы трансферттер сомасының 50 %-ына аударады.
Нысаналы трансферттердің қалған бөлігі жылдың басында Қаржы агентіне аударылған қаражаттың бірінші жартысы толық игерілгеннен кейін кепілдік шарттарының жасалуына қарай Қаржы агентіне былайша аударылады:
1) Кепілдік шартын жасасқаннан кейін Қаржы агенті Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне тиісті хабарлама жібереді;
2) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі Қаржы агентінен Кепілдік шартын жасасу туралы хатты алған сәттен бастап Қаржы агентінің ағымдағы шотына кепілдік сомасының 20 %-ы мөлшерінде қаражатты аударуды жүзеге асырады.
38. Кәсіпкерлердің өтінімдерін Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі (Астана және Алматы қалаларында - Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі), қабылдайды. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК қарауына кәсіпкерлердің жобаларын жасалған кепілдік шарттары бойынша Қаржы агентіне төлеу үшін бөлінген бюджет қаражаты шегінде ғана шығарады.»;
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелін төмендету» үшінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау ережесінде»:
«Жалпы ережелер» деген 1-бөлімде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі Қаржы агентіне «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде өздерінің арасында жасалатын Субсидиялау және кепілдік беру шарты негізінде жергілікті бюджетке бағытталған нысаналы трансферт қаражаты есебінен аударады.»;
«Терминдер мен анықтамалар» деген 2-бөлімде:
мына:
«Жергілікті деңгейдегі Кәсіпкерлер үшін «жалғыз терезе» ережесі
Бағдарламаның бойынша жергілікті жерде Бағдарламаны іске
Үйлестірушісі асыруға жауапты жергілікті атқарушы органның
облыстар, Астана және Алматы қалалары
әкімдерінің шешімімен айқындалатын құрылымдық
бөлімшесі;»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Бағдарламаның облыстық деңгейде (астана, республикалық
өңірлік үйлестірушісі маңызы бар қала)/өңірлік деңгейде
Бағдарламаны іске асыруға жауапты, облыстың
(астананың, республикалық маңызы бар қаланың)
әкімі айқындайтын жергілікті атқарушы органның
құрылымдық бөлімшесі;
Бағдарламаның қалада немесе аудандық деңгейде Бағдарламаны
жергілікт ске асыруға жауапты, облыс әкімі айқындайтын
үйлестірушісі қаланың/ауданның құрылымдық бөлімшесі;»;
«Субсидиялар беру үшін Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимыл тәртібі» деген 4-бөлімде:
19-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Оң шешім алған кәсіпкер Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана және Алматы қалалары үшін - Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне) Кәсіпкердің өтініш-сауалнамасымен (Ынтымақтастық туралы келісімде көзделген нысан бойынша) жүгінеді, оған мынадай құжаттарды қоса береді:»;
20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі өтініш-сауалнама мен құжаттарды алғаннан кейін:
1) өтініш-сауалнамамен бірге ұсынылатын міндетті құжаттардың
толықтығын тексереді. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған не белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайда, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі үш күндік мерзімде ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды пысықтау үшін Кәсіпкерге қайтарады;
2) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне қарау үшін Кәсіпкердің жобасын жіберуді құжаттардың толық топтамасын алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
21. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі құжаттарды алғаннан кейін:
1) құжаттардың толықтығын тексереді;
2) кәсіпкердің жобасын Бағдарлама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексереді;
3) ӨҮК үшін кәсіпкерлердің жобалары бойынша ұсынымдар әзірлейді;
4) күн тәртібінің мәселесін қалыптастырады, ӨҮК отырысы өткізілетін күнді, уақытты және өтетін орынды айқындайды, бұл туралы ӨҮК барлық мүшелеріне хабарлайды. ӨҮК отырысы жобалардың қалыптасуына қарай өткізіледі.
Құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған не белгіленген нысандар сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана және Алматы қалалары бойынша - кәсіпкерге) ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды пысықтау үшін қайтарады.»;
Достарыңызбен бөлісу: |