"Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды



бет5/5
Дата20.06.2016
өлшемі299 Kb.
#149325
1   2   3   4   5
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК мүшелері ӨҮК хаттамасына/хаттамадан үзіндіге қол қойғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде ӨҮК хаттамасының/хаттама үзіндісінің көшірмесін Лизингтік компанияға/тиісті Банкке/Даму Банкіне, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне және Қаржы агентіне жібереді.
ӨҮК шешімінің қолданылу мерзімі ӨҮК шешімі шыққан күннен бастап 6 ай.»;
«Субсидиялау тетігі» деген 5-бөлімде:
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінен ӨҮК хаттамасын алғаннан кейін және Субсидиялау туралы оң шешім болған кезде, Қаржы агенті, Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі және Кәсіпкер арасында Субсидиялау шарты жасалады, оған сәйкес Кәсіпкер Лизингтік компания/Банкке/Даму Банкіне Қаржы лизингі шартының өтеу кестесіне сәйкес сыйақы мөлшерлеменің субсидияланбайтын бөлігін төлейді, ал Қаржы агенті Лизингтік компанияға/Банкке/Даму Банкіне Субсидиялау шартын талаптарына сәйкес сыйақы ставкасын төлеуді жүзеге асырады.»;
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«28. Субсидиялау шартын Қағидаларда белгіленген нысанға сәйкес:
1) Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі:
Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінен үлгі жобалар бойынша хаттаманы алған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде;
Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінен ерекше жағдайларға ие жобалар бойынша хаттаманы алған кезден бастап 20 жұмыс күні ішінде жасайды;
2) Қаржы агенті:
Лизингтік компаниядан/Банктен/Даму Банкінен үлгі жобалар бойынша Субсидиялау шартын алған кезден бастап 3 жұмыс күні ішінде;
Лизингтік компаниядан/Банктен/Даму Банкінен ерекше шарттары бар жобалар бойынша Субсидиялау шартын алған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде жасайды.
Егер Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі осы Қағидалардың 28-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімде Субсидиялау шартын уақтылы жасамаған жағдайда, Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі Қаржы агенті мен Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін кідірту себептерін түсіндіре отырып, ресми хатпен хабардар етеді.»;
29-1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«29-1. Егер Банктік қарыз шартының және/немесе Субсидиялау шартының талаптары ӨҮК шешіміне және/немесе Бағдарлама талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, Қаржы агенті Субсидиялау шартына қол қоймайды. Бұл ретте, Қаржы агенті Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін, Банк/Даму Банкін және кәсіпкерді хабардар етеді.
Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі, Банк/Даму Банкі ескертулерді жойған жағдайда, Қаржы агенті Субсидиялау шартына қол қояды.
Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі, Банк/Даму Банкі Қаржы агентінің ескертулерімен келіспеген жағдайда, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі түпкілікті шешім қабылдау үшін ӨҮК-ке шығаратын Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне құжаттар топтамасын жібереді.»;
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«31. Қаржы агенті Субсидиялау шартына қол қойғаннан кейін субсидияларды төлейді. Субсидиялар Бағдарламаның тиісті өңірлік үйлестірушісінен қаражат болған кезде төленеді.»;
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«34. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі сыйақы ставкаларын субсидиялау үшін көзделген қаражат түскен сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Қаржы агентіне олардың арасында тиісті қаржы жылында жасалатын Бағдарлама шеңберінде субсидиялау және кепілдендіру туралы шартқа сәйкес Қаржы агенті көрсеткен шотқа қаражатты аударуды жүзеге асырады. Бұдан кейінгі төлемдер Қаржы агентінің өтінімдеріне сәйкес жүзеге асырылатын болады.»;
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«41. Егер Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі қолданыстағы Банктік қарыз шартының талаптарын өзгерткен жағдайда, Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін тиісті хатпен хабардар етеді, ол 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қаржыландырудың қолданыстағы талаптарына енгізілетін өзгерістер бойынша шешім қабылдайды және хатпен қаржыландыру талаптарына енгізілген өзгерістерді келіседі немесе келісуден бас тартады (бұл ретте хаттың көшірмесінде Қаржы агентін көрсетеді).
Бұл ретте қаржыландыру талаптарына енгізілген өзгерістерді (келісуден бас тартуды) келісу хатында нақты көрсетуі қажет.»;
«Субсидиялауды тоқтата тұру, тоқтату және қалпына келтіру тәртібі» деген 6-бөлімде:
44 және 45-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«44. Субсидиялар төлемдері тоқтатыла тұрған жағдайда, Қаржы агенті осындай шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Лизингтік компанияны/Банкті/Даму Банкін, Кәсіпкерді, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін субсидиялаудың тоқтатыла тұру себептерін көрсете отырып, хатпен хабардар етеді.
45. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі Қаржы агентінен кәсіпкерді субсидиялауды тоқтата тұру туралы хатты алғаннан кейін ұсыныстар әзірлейді және күн тәртібін қалыптастырады, ӨҮК отырысы өткізілетін күнді, уақытты және өтетін орынды айқындайды, ол туралы барлық ӨҮК мүшелерін хабардар етеді.»;
47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«47. ӨҮК отырысының хаттамасы ӨҮК отырысы өткізілген күннен
бастап 4 (төрт) жұмыс күні ішінде ресімделеді. Бағдарламаның өңірлік
үйлестірушісі ӨҮК хаттамасы ресімделгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне, Лизингтік компанияға/Банкке/Даму Банкіне және Қаржы агентіне мәлімет үшін жібереді.»;
«Бағдарлама мониторингі» деген 7-бөлімде:
53-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«53-1. Кәсіпкер тиісті қаржы жылының 31 желтоқсанына дейін Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана және Алматы қалалары бойынша - Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне) тиісті кезеңде валюталық түсімнің тиісті деңгейінің болуын растайтын құжаттарды ұсынады.
Егер Кәсіпкер жоғарыда көрсетілген мерзімге дейін тиісті кезеңде валюталық түсімнің тиісті деңгейінің болуын растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі тиісті хатпен Қаржы агентін жобаны субсидиялауды тоқтата тұру қажеттілігі туралы хабардар етеді және осы мәселені ӨҮК-ге шығарады.
Одан кейінгі іс-қимылдар осы Қағидалардың 6-бөлімінде белгіленген рәсімге және тәртіпке сәйкес жүргізіледі.».
4. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 541 қаулысында:
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде жобаларды ұйымдастыру және іске асыру үшін мемлекеттік гранттар ұсыну қағидаларында:
«Жалпы ережелер» деген 1-бөлімде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Гранттарды мемлекет Кәсіпкерлер (дара кәсіпкер немесе заңды тұлғаның құрылтайшысы (құрылтайшылары) ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге арналған «Бизнес кеңесші» жедел-курстарынан қысқа мерзімді оқытудан өткеннен кейін Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі арқылы ұсынады.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Гранттар ұсыну үшін көзделген қаражатты Уәкілетті орган Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне одан әрі Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне аудару үшін бағытталған нысаналы трансферт қаражаты есебінен аударады.»;
«Терминдер мен анықтамалар» деген 2-бөлімде:
мына:
«Грант Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі
ұсыну үйлестірушісі, Қаржы агенті және жеке
туралы кәсіпкерліктің ісін жаңа бастаған субъектісі
шарт арасында жасалатын, осы  Қағидалардың
3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша үш жақты
жазбаша келісім, оның шарттары бойынша
Кәсіпкерге нысаналы Грант ұсынылады.»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Грант ұсыну Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі, Қаржы
туралы шарт агенті және жеке кәсіпкер арасында жасалатын,
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан
бойынша үш жақты жазбаша келісім, оның
шарттары бойынша Кәсіпкерге нысаналы Грант
ұсынылады.»;
«Бағдарламаның Облыстардың, Астана және Алматы қалалары
жергілікті әкімдіктерінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп
үйлестірушісі деңгейдегі басқармасы;»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Бағдарламаның облыстық/астана, республикалық маңызы бар қала
өңірлік деңгейінде Бағдарламаны іске асыруға жауапты
үйлестірушісі облыстың (астананың, республикалық маңызы бар
қаланың) әкімі айқындайтын жергілікті атқарушы
органының құрылымдық бөлімшесі;
Бағдарламаның қалада немесе аудандық деңгейде Бағдарламаны
жергілікті іске асыруға жауапты, облыс әкімі айқындайтын
үйлестірушісі қаланың/ауданның құрылымдық бөлімшесі;»
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде жобаларды ұйымдастыру және іске асыру үшін мемлекеттік гранттар ұсыну тәртібі» деген 3-бөлімде:
9-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Моноқалаларда, шағын қалаларда, сондай-ақ олардың әкімшілік бағынысындағы елді мекендерде тіркелген және өз қызметтерін жүзеге асыратын Кәсіпкерлер экономиканың кез келген секторында жобаларды іске асырады.»;
15-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі конкурстық комиссияның жұмыс органы болып табылады, ол:»;
17-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Гранттар алуға үміткер кәсіпкерлер Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне жүгінеді және мынадай құжаттарды ұсынады:»;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі Кәсіпкерден өтінімді алғаннан кейін өтініммен бірге ұсынылатын міндетті құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады, құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі толықтыруға арналған жетпейтін құжаттарды көрсете отырып, Кәсіпкердің ұсынылған құжаттарын қабылдаудан бас тартады.»;
25-тармақтың үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Конкурстық комиссия Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі арқылы уәкілетті мемлекеттік органдардың ұсынылған конкурстық құжаттама бойынша салалық құзыреттік қорытындыларын алуға құқылы.
Конкурстық комиссия өтінімдерді зерделеу кезінде Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі арқылы тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардан, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардан өтінімде көрсетілген мәліметтердің шындыққа сәйкестігі туралы ақпарат сұрауға құқылы.»;
31-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«31. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі ӨҮК хаттамасы рәсімделген сәттен бастап мыналарды:»;
«Гранттарды ұсыну тетігінде»:
32 және 33-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«32. Қаржы агенті ӨҮК оң шешім қабылдаған жағдайда оның хаттамасы бекітілген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісімен және Кәсіпкермен Грант ұсыну туралы шартқа (бұдан әрі - «Шарт») қол қояды. 33. Шарт жасасқаннан кейін Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі (Астана және Алматы қалалары бойынша - Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі) ақшалай қаражатты Кәсіпкерге оның ағымдағы банктік шотына аударуды жүзеге асырады.»; 36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «36. Гранттың нысаналы тағайындалуы осы Қағидалардың шарттары мен критерийлеріне сәйкес келген жағдайда, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі Кәсіпкердің ағымдағы шотына транштың сұратылған сомасын аударады.»;

«Бағдарлама мониторингі» деген 4-бөлімде:

40-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) Кәсіпкерлер алған қаражаттың пайдаланылу нәтижелілігінің мониторингін жүргізеді және Жұмыс органы мен Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісіне Кәсіпкерлердің бизнес-жобаларды іске асырулары туралы есепті ұсынады.»;

42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«42. Кәсіпкер тарапынан грант қаражатын мақсатсыз пайдаланған жағдайда, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі мен Қаржы агенті мақсатсыз пайдаланылған грант қаражатын қайтару бойынша іс-шаралар өткізеді.».

5. «Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 683 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасында:

«Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен оны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері» деген 4-бөлімде:

«Міндеттері» деген бөлімде:



«Екінші бағыттың: Моноқалалар халқының жұмыспен қамтылуының оңтайлы құрылымын қамтамасыз ету үшін экономиканы әртараптандыру мен шағын және орта бизнесті дамытудың» 6-тармағы алынып тасталсын.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет