Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы


Кесте. Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi



бет19/56
Дата03.07.2016
өлшемі8.61 Mb.
#175553
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   56
Кесте. Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi

Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы
нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызметтi ұсыну жағдайларының % (үлесi)










2. Сапасы

2.1. Қызметтi ұсыну үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)










3. Қолжетiмдiлiгi

3.1. Қызметтi ұсыну тәртiбi туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)










3.2. Электрондық форматта қол жеткiзуге болатын ақпарат қызметтерiнiң % (үлесi)










4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)










5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)










Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2012 жылғы     
№ қаулысына    
5-қосымша     

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң     
2011 жылғы 7 сәуiрдегi
№ 393 қаулысымен  
бекiтiлген     

«Бала тууға және бала күтiмi бойынша жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттiк қызметтi мекенжайлары осы стандартқа 3-қосымшада көрсетiлген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Бақылау және әлеуметтiк қорғау комитетi аумақтық органдары, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет алушыда электронды цифрлық қолтаңба (бұдан әрi – ЭЦҚ) болған жағдайда бала тууға және бала күтiмi бойынша жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат алу бөлiгiнде «электрондық үкiметтiң» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы көрсетедi.


      Өтiнiштердi қабылдау және рәсiмделген құжаттарды берудi Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтың қалалық, аудандық бөлiмшелерi (бұдан әрi – уәкiлеттi ұйым бөлiмшесi) және мекенжайлары осы стандартқа 1, 2-қосымшаларда көрсетiлген халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрi – орталық) жүзеге асырады.
      Мемлекеттiк қызметтiң қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында шалғайдағы елдi мекендердiң тұрғындарына мобильдiк орталық арқылы мемлекеттiк қызмет көрсетуге жол берiледi.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: iшiнара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы Заңының 4-бабы 1-тармағының және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 қаулысымен бекiтiлген Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақыларды тағайындау және төлеу ережесi 2-тарауының негiзiнде көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету туралы ақпарат:
      1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң http:/www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында;
      2) уәкiлеттi ұйымның www.gcvp.kz интернет-ресурсында;
      3) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының www.con.gov.kz интернет-ресурсында;
      4) орталықтағы, уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiндегi стендiлерде;
      5) порталда орналастырылады.
      Мемлекеттiк қызмет туралы ақпаратты сондай-ақ call-орталығының (1414) телефоны және уәкiлеттi ұйым бөлiмшесi call-орталығының (1411) телефоны бойынша алуға болады.
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi:
      1) уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнде немесе орталықта:
      бала тууға және (немесе) баланың күтiмi бойынша жәрдемақылар (бұдан әрi – жәрдемақы) тағайындау туралы хабарлама не мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы электронды құжат нысанындағы немесе қағаз жеткiзгiштегi дәлелдi жауап;
      2) порталда:
      тағайындалған бала тууға және (немесе) баланың күтiмi бойынша жәрдемақылар туралы ақпарат алу не мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнiң ЭЦҚ қойылған электронды құжат нысанындағы уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнiң бала тууға және (немесе) бала күтiмi бойынша жәрдемақы тағайындау жөнiндегi дәлелдi жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет бала тууға және (немесе) бала күтiмi бойынша жәрдемақы алуға құқығы бар Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтарға және оралмандарға (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет алушы) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
      1) орталық уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнде мемлекеттiк қызмет алушы өтiнiш берген сәттен бастап (құжаттарды қабылдаған күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi) бiр жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк қызмет алушыдан қабылданған осы стандарттың 11-тармағында айқындалған құжаттармен қоса хабарлама бередi.
      Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi уәкiлеттi ұйымның бөлiмшесiнде мемлекеттiк қызмет алушының өтiнiшi немесе мемлекеттiк қызмет алушыдан қабылданған құжаттармен қоса хабарлама тiркелген сәттен бастап он жұмыс күнi iшiнде.
      Уәкiлеттi ұйымның бөлiмшесi бала тууға және (немесе) баланың күтiмi бойынша жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешiм қабылданған сәттен бастап бес жұмыс күнi iшiнде алушыны немесе орталықты хабардар етедi.
      Порталда бала тууға және (немесе) баланың күтiмi бойынша жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат алу – уәкiлеттi ұйымның ақпараттық жүйесiне сауал түскен сәттен бастап – 30 минуттан аспайды.
      2) мемлекеттiк қызмет алушы өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн (тiркеу, талон алу кезiнде) мемлекеттiк қызмет алғанға дейiн күтудiң ең ұзақ шектi уақыты - 20 минуттан аспайды;
      3) мемлекеттiк қызмет алушы өтiнiш берген күнi мемлекеттiк қызмет алушыға қызмет көрсетудiң ең ұзақ шектi уақыты – 20 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      9. Жұмыс кестесi:
      1) уәкiлеттi ұйым бөлiмшелерiнде: демалыс және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгiленген мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн түскi үзiлiспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн.
      Мемлекеттiк қызмет алушыларды қабылдау: сағат 9.00-ден 14.00-ге дейiн, бұл ретте сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн азаматтарды қабылдауды кезекшi мамандар жүргiзедi.
      Алдын ала жазылу және жедел қызмет көрсету көзделмеген.
      2) орталықта - мемлекеттiк қызмет еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес түскi үзiлiссiз дүйсенбiден сенбiнi қоса алғанда күн сайын сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.
      Қабылдау жеделдетiп қызмет көрсетусiз «электронды кезек» тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      Мобильдi орталықтар құжаттарды қабылдауды орталық бекiткен кестеге сәйкес жүзеге асырады, бiрақ бiр елдi мекенде алты жұмыс сағатынан кем емес.
      3) порталда: тәулiк бойы.
      10. Мемлекеттiк қызмет мыналарда көрсетiледi:
      1) мемлекеттiк қызмет алушының таңдауы бойынша қызмет көрсетiлетiн уәкiлеттi ұйымның жеке кiреберiс, күту залы бар, мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшiн қолайлы жағдайлар көзделген, қажеттi құжаттарды дайындау үшiн орындықтармен (отырғыштармен) және үстелдермен, ақпараттық стендiлермен жабдықталған ғимаратында.
      Уәкiлеттi ұйым бөлiмшелерiнiң үй-жайлары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттардың қауiпсiздiк талаптарына сай, күзет және өртке қарсы сигнализациямен жарақталған.
      2) мемлекеттiк қызмет алушының таңдауы бойынша орталықтың мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшiн қолайлы жағдайлар көзделген ғимаратында. Аумақтық органдардың үй-жайларында және орталықтың ғимаратында күту залы, ақпараттық стендiлер бар.
      3) порталда – жеке кабинетте.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттiк қызмет алушы мынадай құжаттарды тапсырады:


      1) жәрдемақы тағайындау үшiн өтiнiш;
      2) баланың (балалардың) тууы туралы куәлiгi (куәлiктерi) не туу туралы актiнiң (актiлердiң) жазбасы (жазбалары);
      3) өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжат, сондай-ақ оралмандар үшiн – оралмандар куәлiгi;
      4) мемлекеттiк қызмет алушының тұрғылықты жерiн растайтын құжат (азаматтарды тiркеу кiтапшасы не мекенжай бюросының анықтамасы не ауылдық округ әкiмiнiң анықтамасы);
      5) отбасының құрамы туралы мәлiметтер.
      Уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiне өтiнiш бергенде салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары мен көшiрмелерi ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқалары мемлекеттiк қызмет алушыға қайтарылады не нотариалды расталған көшiрмелерде ұсынылады.
      Мемлекеттiк қызмет алу үшiн алушы орталық арқылы өтiнiш бергенде осы тармақтың 2) – 5) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерi «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен куәландырылады.
      Ата-анасының бiреуi, қорғаншылары немесе қамқоршылары жәрдемақы тағайындау туралы жеке өтiнiш жасай алмайтын жағдайда, ата-аналар, қамқоршы немесе қорғаншы белгiленген тәртiппен берiлген сенiмхат негiзiнде жәрдемақы тағайындау туралы өтiнiшпен баруға басқа адамдарға өкiлеттiк беруге құқылы.
      12. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн:
      1) уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнде өтiнiш нысанын мемлекеттiк қызмет үшiн өтiнiш берген мемлекеттiк қызмет алушының тұрғылықты жерi бойынша уәкiлеттi ұйымның бөлiмшесiнде уәкiлеттi ұйымның маманы бередi.
      2) орталықтарда бекiтiлген нысандағы өтiнiш бланкiлерi күту залындағы арнайы тағанда, сондай-ақ орталықтың www.con.gov.kz. интернет-ресурсында орналастырылады.
      3) портал арқылы бала тууға және (немесе) баланың күтiмi бойынша жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат алу туралы электронды сұрау нысанын толтыру қажет.
      13. Құжаттарды қабылдау тiкелей:
      1) мемлекеттiк қызмет алушының тұрғылықты жерi бойынша уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнiң ғимаратында.
      Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын жауапты адамның деректерi www.gcvp.kz интернет-ресурсында, сондай-ақ уәкiлеттi ұйым бөлiмшесi үй-жайларының көрнектi жерiнде мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде орналастырылады.
      2) орталықта «кедергiсiз» қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады.
      14. Мемлекеттiк қызмет алушыға барлық қажеттi құжаттарды тапсырған кезде:
      1) уәкiлеттi ұйымның бөлiмшесiне жүгiнген кезде мемлекеттiк қызмет алушыға мемлекеттiк қызметтi алатын күнi көрсетiлген құжаттардың қабылданғаны туралы белгiсi бар өтiнiштiң үзбелi талоны берiледi;
      2) орталыққа өтiнiш бергенде:
      сұраудың нөмiрi мен қабылдаған күнi;
      сұратылған мемлекеттiк қызмет түрi;
      қоса берiлiп отырған құжаттардың саны мен атаулары;
      құжаттарды беру күнi (уақыты) мен орны;
      орталық құжаттарды ресiмдеуге арналған өтiнiштi қабылдаған қызметкерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты;
      мемлекеттiк қызмет алушының тегi, аты, әкесiнiң аты, уәкiлеттi өкiлдiң тегi, аты, әкесiнiң аты, және олардың байланыс телефондары көрсетiлген тиiстi құжаттарды қабылдау туралы қолхат берiледi.
      3) портал арқылы өтiнiш берген кезде мемлекеттiк қызмет алушыға порталдағы жеке кабинетiне мемлекеттiк қызмет алушының мемлекеттiк қызмет нәтижесiн алатын күнi мен уақыты көрсетiлген бала тууға және (немесе) баланың күтiмi бойынша жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат алу үшiн сұрауды қабылдағаны туралы хабарлама-есеп жолданады.
      15. Бала тууға және (немесе) баланың күтiмi бойынша жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама беру тұрғылықты жерi бойынша уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiне, орталыққа алушы жеке өзi келген кезде жүзеге асырылады.
      Мемлекеттiк қызмет алушы қызметтiң нәтижесiн алу үшiн белгiленген мерзiмде келмеген жағдайда, орталық оларды бiр ай мерзiмде сақтауды қамтамасыз етедi, одан кейiн оларды уәкiлеттi органға тапсырады.
      Мемлекеттiк қызмет алушы портал арқылы өтiнiш берген кезде бала тууға және (немесе) баланың күтiмi бойынша жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат мемлекеттiк қызмет алушының жеке кабинетiне жiберiледi.
      16. Егер осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген барлық құжаттар ұсынылмаған жағдайда мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартады.
      Құжаттарды қабылдаудан бас тарту кезiнде орталықтың қызметкерi мемлекеттiк қызмет алушыға жетiспейтiн құжаттар көрсетiлген қолхат бередi.
      Мемлекеттiк қызмет алушы көрсетiлген кемшiлiктердi жойған жағдайда өтiнiш жалпы негiздемелерде қаралады.
      Мемлекеттiк қызметтi көрсетудi тоқтату үшiн мыналар негiздеме болып табылады:
      1) баланың қайтыс болуы;
      2) баланы толық мемлекеттiң қарауына беру;
      3) өтiнiш берушiнiң жәрдемақыны заңсыз тағайындауға әкеп соққан жалған мәлiметтер ұсынуы;
      4) Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгiленген жағдайларда ата-аналарды ата-аналық құқығынан айыру немесе шектеу, асырап алуды заңсыз деп тану немесе жою, қорғаншыларды (қамқоршыларды) өздерiнiң мiндеттерiн орындаудан босату немесе шеттету.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнiң қызметi адамның конституциялық құқықтарының, қызметтiк борышын атқару кезiнде заңдылықтың сақталу қағидаттарына негiзделедi және сыпайылық, толық ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.



4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Мемлекеттiк қызмет алушыға мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерi осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа мен тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.


      19. Уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнiң жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтiң сапасы мен тиiмдiлiгi көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң бұйрығымен жыл сайын бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      20. Осы стандартқа 1-қосымшада уәкiлеттi ұйым бөлiмшесi қызметкерлерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiретiн және шағым дайындауға жәрдемдесетiн лауазымды адамның байланыс деректерi көрсетiлген.


      Орталық қызметкерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты call-орталықтың (1414) телефоны және осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар мен телефондар бойынша алуға болады.
      21. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда шағымдар мемлекеттiк қызмет алушының таңдауы бойынша:
      1) тiкелей уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнiң басшысына. Уәкiлеттi ұйым бөлiмшесi басшысының азаматтарды қабылдау кестесi осы стандартқа 1-қосымшада келтiрiлген, сондай-ақ www.gcvp.kz интернет-ресурсында орналастырылған;
      2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң 8 (7172) 74-37-23, 74-33-65, 74-28-41 нөмiрлерi бойынша «сенiм телефонына»;
      3) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң www.enbek.gov.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурсында «сұрақ-жауап» бөлiмiнде;
      4) Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң блогына (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң www.enbek.gov.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурсының «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң блогы» парағы);
      5) 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, № 8 үй, 6-кiреберiс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнде орналасқан шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшiк арқылы;
      6) жазбаша шағыммен 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, № 8-үй, 6-кiреберiс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң кеңсесiне жүгiну арқылы жолданады.
      22. Қызмет дөрекi көрсетiлген жағдайларда шағым мекенжайлары осы стандартқа 1, 2-қосымшаларда көрсетiлген уәкiлеттi ұйым бөлiмшесi не орталық басшысының атына, сондай-ақ мекенжайы мен телефоны осы стандарттың 26-тармағында көрсетiлген «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттiк кәсiпорын басшысының атына берiледi.
      23. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда мемлекеттiк қызмет алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.
      24. Шағым шағымда қойылған мәселелердi шешу құзыретiне кiретiн субъектiге немесе лауазымды адамға жолдануы керек.
      Шағымда оның тегi, аты, әкесiнiң аты, пошталық мекенжайы көрсетiледi. Шағымға мемлекеттiк қызмет алушы қол қоюға тиiс. Шағым бергенде әрекетiне шағым жасалатын органның атауы немесе лауазымды тұлғаның өтiнiш беру себебi және талаптары көрсетiледi.
      25. Қабылданған шағым Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң ақпаратты есепке алу журналында тiркеледi және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгiленген мерзiмдерде қаралады. Өтiнiш берушiге күнi мен уақыты, өтiнiштi (шағымды) қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон берiледi. Өтiнiш берушiнiң шағымын қарау нәтижелерi туралы пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.
      орталық: пошта және қолма-қол қабылданған шағымды растау оны орталық кеңсесiнде немесе «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттiк кәсiпорнында тiркеу болып табылады (мөр, кiрiс нөмiрi және тiркеу мерзiмi шағымның екiншi данасында немесе шағымға iлеспе хатта қойылады).
      Мемлекеттiк қызмет алушыға шағымды қабылдаған адам, оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмiрi, күнi, шағымды қабылдаған адамның тегi, байланыс деректерi көрсетiлген талон бередi.
      Шағымның қаралу нәтижесi жөнiнде мемлекеттiк қызмет алушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.
      26. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, № 8-үй, «Министрлiктер үйi» Әкiмшiлiк ғимараты, 6-кiреберiс және Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Мемлекеттiк қызметтердi автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметiн үйлестiру комитетiнiң «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 43А, телефоны: 8 (7172) 94 99 95, интернет-ресурсы: http://www.con.gov.kz.

«Бала тууға және бала күтiмi бойынша


жәрдемақылар тағайындау»     
мемлекеттiк қызмет стандартына  
1-қосымша            

Уәкiлеттi ұйымның құрылымдық бөлiмшелерiлерiнiң тiзбесi

Ақмола облысы бойынша уәкiлеттi ұйымның құрылымдық бөлiмшелерi

Р/с


Уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнiң атауы

Уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнiң орналасқан заңды мекенжайы (қала, аудан, көше, үйдiң (пәтердiң) нөмерi), электронды поштаның мекенжайы

Қала коды және телефон нөмiрi

Жұмыс кестесi

1

Ақмола облыстық филиалы

Көкшетау қаласы, М. Горький көшесi, 73 akmola@gcvp.kz

8-71622 5-26-49

Демалыс және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мерекелерi туралы» заңымен бекiтiлген мереке күндерiн қоспағанда күн сайын сағат 9-00 бастап 18-00 дейiн, түскi үзiлiс сағат 13-00 бастап 14-00 дейiн

2

Ақкөл аудандық бөлiмшесi

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесi, 116 akmola4@gcvp.kz

8-71638 2-16-54

3

Астраханка аудандық бөлiмшесi

Астраханка ауылы, Әл-Фараби көшесi, 49 akmola7@gcvp.kz

8-71641 2-22-66

4

Атбасар аудандық бөлiмшесi

Атбасар қаласы, Сейфуллин көшесi, 2 а akmola1@gcvp.kz

8-71643 4-12-40

5

Аршалы аудандық бөлiмшесi

Аршалы ауылы, Тәшенов көшесi, 31/12 akmola17@gcvp.kz

8-71644 2-12-36

6

Бұланды аудандық бөлiмшесi

Макинск қаласы, Бөгенбай көшесi, 21 akmola16@gcvp.kz

8-71646 2-16-34

7

Бурабай аудандық бөлiмшесi

Щучинск қаласы, Толкунова көшесi, 72 akmola15@gcvp.kz

8-71636 4-42-58

8

Егiндiкөл аудандық бөлiмшесi

Егiндiкөл ауылы, Жеңiс көшесi, 1/1 akmola5@gcvp.kz

8-71642 2-13-00

9

Ерейментау аудандық бөлiмшесi

Ерейментау қаласы, Уәлиханов көшесi, 41 akmola12@gcvp.kz

8-71633 2-15-42

Демалыс және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мерекелерi туралы» заңымен бекiтiлген мереке күндерiн қоспағанда
күн сайын
сағат 9-00 бастап 18-00 дейiн,
түскi үзiлiс сағат
13-00 бастап 14-00 дейiн

10

Есiл аудандық бөлiмшесi

Есiл қаласы, Достық көшесi, 1 akmola8@gcvp.kz

8-71647 2-19-49

11

Еңбекшiлдер аудандық бөлiмшесi

Степняк қаласы, Уәлиханов көшесi, 2 akmola14@gcvp.kz

8-71639 2-18-71

12

Жақсы аудандық бөлiмшесi

Жақсы ауылы, Достық көшесi, 14 akmola3@gcvp.kz

8-71635 2-17-02

13

Жарқайың аудандық бөлiмшесi

Державин қаласы, Ғабдуллин көшесi, 102 akmola9@gcvp.kz

8-71648 9-15-53

14

Зерендi аудандық бөлiмшесi

Зерендi ауылы, Бейбiтшiлiк көшесi, 48 akmola11@gcvp.kz

8-71632 2-13-79

15

Қорғалжын аудандық бөлiмшесi

Қорғалжын ауылы, Т. Әубәкiров көшесi, 4 akmola18@gcvp.kz

8-71637 2-14-75

16

Сандықтау аудандық бөлiмшесi

Балкашино ауылы, Ленин көшесi, 121 akmola10@gcvp.kz

8-71640 9-23-46

17

Степногор аудандық бөлiмшесi

Степногор қаласы, 3-шағын аудан, 1 akmola13@gcvp.kz

8-71645 6-14-74

18

Шортанды аудандық бөлiмшесi

Шортанды ауылы, Лермонтов көшесi, 16а akmola2@gcvp.kz

8-71631 2-16-86

19

Целиноград аудандық бөлiмшесi

Ақмол ауылы, Гагарин көшесi, 15 akmola6@gcvp.kz

8-71651 3-11-23


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет