Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы


Кесте. Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi



бет15/56
Дата03.07.2016
өлшемі8.61 Mb.
#175553
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   56
Кесте. Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi

Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызметтi ұсыну жағдайларының % (үлесi)










2. Сапасы

2.1. Қызметтi ұсыну үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)










3. Қолжетiмдiлiгi

3.1. Қызметтi ұсыну тәртiбi туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)










3.2. Электрондық форматта қол жеткiзуге болатын ақпарат қызметтерiнiң % (үлесi)










4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)










5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)










Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2012 жылғы 17 тамыздағы
№ 1059 қаулысына  
4-қосымша      

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң     
2011 жылғы 7 сәуiрдегi
№ 393 қаулысымен  
бекiтiлген     

«Еңбек ету қабiлетiнен айырылу; асыраушысынан айырылу; жұмысынан айырылу; жүктiлiгiне және босануына байланысты табысынан айырылу; жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылу; бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылу әлеуметтiк қатер жағдайларына әлеуметтiк төлемдер тағайындау» мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттiк қызметтi Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Бақылау және әлеуметтiк қорғау комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi – бақылау және әлеуметтiк қорғау жөнiндегi аумақтық органдар) көрсетедi.


      Өтiнiштердi қабылдау және рәсiмделген құжаттарды берудi Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтың аумақтық бөлiмшелерi (бұдан әрi – уәкiлеттi ұйым бөлiмшесi) және мекенжайлары осы стандартқа 1, 2-қосымшаларда көрсетiлген халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрi – орталық) арқылы жүзеге асырылады.
      Жүктiлiгiне және босануына байланысты табысынан айырылу; жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылу; бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылу жағдайларына әлеуметтiк төлемдер тағайындау мемлекеттiк қызметiн орталық арқылы көрсету көзделмеген.
      Мемлекеттiк қызметтiң қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында шалғайдағы елдi мекендердiң тұрғындарына мобильдiк орталықтар арқылы мемлекеттiк қызмет көрсетуге жол берiледi.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуiрдегi Заңының 20, 21, 22, 23, 23-1, 23-2-баптарының және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1307 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу, қайта есептеу (айқындау) және арттыру ережесiнiң негiзiнде көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету туралы ақпарат:
      1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң http:/www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында;
      2) уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнiң www.gcvp.kz интернет-ресурсында;
      3) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының www.con.gov.kz интернет-ресурсында;
      4) уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiндегi, орталықтағы стендiлерде орналастырылады.
      Сондай-ақ мемлекеттiк қызмет туралы ақпаратты call-орталығының (1414) телефоны және уәкiлеттi ұйымның call-орталығының (1411) телефоны бойынша алуға болады.
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi тағайындау не бақылау және әлеуметтiк қорғау жөнiндегi аумақтық орган шешiмiнiң көшiрмесiн бере отырып қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткiзгiштегi дәлелдi жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет әлеуметтiк төлемдi алуға құқығы бар Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет алушылар) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:
      1) орталық уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнде мемлекеттiк қызмет алушы өтiнiш берген сәттен бастап (құжаттарды қабылдаған күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi) бiр жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк қызмет алушыдан қабылданған осы стандарттың 11-тармағында айқындалған құжаттармен қоса хабарлама бередi.
      Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi уәкiлеттi ұйымның бөлiмшесiнде мемлекеттiк қызмет алушының өтiнiшi немесе мемлекеттiк қызмет алушыдан қабылданған құжаттармен қоса хабарлама тiркелген сәттен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде.
      2) мемлекеттiк қызмет алушы өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн (тiркеу, талон алу кезiнде) мемлекеттiк қызмет алғанға дейiн күтудiң ең ұзақ шектi уақыты - 20 минуттан аспайды;
      3) мемлекеттiк қызмет алушыға қызмет көрсетудiң ең ұзақ шектi уақыты – 20 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      9. Жұмыс кестесi:
      1) уәкiлеттi ұйым бөлiмшелерiнiң: демалыс және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгiленген мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн түскi үзiлiспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн.
      Мемлекеттiк қызмет алушыларды қабылдау: сағат 9.00-ден 14.00-ге дейiн, бұл ретте сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн азаматтарды қабылдауды кезекшi мамандар жүргiзедi.
      Алдын ала жазылу және жедел қызмет көрсету көзделмеген.
      2) орталықтың - мемлекеттiк қызмет еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес түскi үзiлiссiз дүйсенбiден сенбiнi қоса алғанда күн сайын сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.
      Қабылдау жеделдетiп қызмет көрсетусiз «электронды кезек» тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      Мобильдi орталықтар құжаттарды қабылдауды орталық бекiткен кестеге сәйкес жүзеге асырады, бiрақ бiр елдi мекенде алты жұмыс сағатынан кем емес.
      10. Мемлекеттiк қызмет мыналарда көрсетiледi:
      1) мемлекеттiк қызмет алушының тұрғылықты жерi бойынша уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнiң ғимаратында уәкiлеттi ұйымның жеке кiреберiс, күту залы бар, мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшiн қолайлы жағдайлар көзделген, қажеттi құжаттарды дайындау үшiн орындықтармен (отырғыштармен) және үстелдермен, ақпараттық стендiлермен жабдықталған ғимаратында.
      Уәкiлеттi ұйым бөлiмшелерiнiң үй-жайлары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттардың қауiпсiздiк талаптарына сай, күзет және өртке қарсы сигнализациямен жарақталған.
      2) мемлекеттiк қызмет алушының таңдауы бойынша орталықтың мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшiн қолайлы жағдайлар көзделген ғимаратында. Аумақтық органдардың үй-жайларында және орталықтың ғимаратында күту залы, ақпараттық стендiлер бар.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттiк қызмет алушы:


      1) еңбек ету қабiлетiнен айырылу жағдайына әлеуметтiк төлем тағайындау үшiн:
      жеке басын куәландыратын құжат;
      тұрғылықты жерi туралы мәлiметтер (мекенжай бюросының анықтамасы не ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң анықтамасы);
      еңбек ету қабiлетiнен айырылу дәрежесiн куәландыруды жүргiзу және белгiлеу туралы мәлiметтер.
      Уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiне өтiнiш бергенде салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары мен көшiрмелерi ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқалары мемлекеттiк қызмет алушыға қайтарылады не нотариалды расталған көшiрмелерде ұсынылады.
      Мемлекеттiк қызмет алу үшiн алушы орталық арқылы өтiнiш бергенде осы тармақта көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерi «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен куәландырылады.
      2) асыраушысынан айырылу жағдайына әлеуметтiк төлем тағайындау үшiн:
      жеке басын куәландыратын құжат;
      отбасы құрамы туралы мәлiметтер;
      асыраушысының қайтыс болуы туралы куәлiктiң көшiрмесi немесе соттың адамды хабар-ошарсыз кеттi деп тану немесе қайтыс болды деп жариялау туралы шешiмi;
      қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) адаммен туыстық қарым-қатынасын растайтын құжаттың (неке туралы, қайтыс болған асыраушы балаларының тууы туралы, асырап алу туралы куәлiктерiнiң) көшiрмесi;
      отбасы мүшелерi оқушы немесе студент болып табылатыны туралы оқу орнынан анықтама (жыл сайын оқу жылының басында жаңартылады);
      қорғаншылық туралы құжат (қажет болған кезде);
      мүгедектiк тобына куәландыру жүргiзу және белгiлеу туралы мәлiметтер (балалары, оның iшiнде асырап алған он сегiз жасқа толмаған және бұл жастан асқан балалары, iнiлерi, қарындастары/сiңлiлерi және немерелерi бала кезiнен I және II топтағы мүгедек деп танылған жағдайда).
      Уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiне өтiнiш бергенде салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары мен көшiрмелерi ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқалары мемлекеттiк қызмет алушыға қайтарылады не нотариалды расталған көшiрмелерде ұсынылады.
      Мемлекеттiк қызмет алу үшiн алушы орталық арқылы өтiнiш бергенде осы тармақта көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерi «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен куәландырылады.
      3) жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтiк төлем тағайындау үшiн:
      жеке басын куәландыратын құжат;
      тұрғылықты жерi туралы мәлiметтер (азаматтарды тiркеу кiтабы не мекенжай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң анықтамасы);
      жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның анықтамасы.
      Уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiне өтiнiш бергенде салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары мен көшiрмелерi ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқалары мемлекеттiк қызмет алушыға қайтарылады не нотариалды расталған көшiрмелерде ұсынылады.
      Мемлекеттiк қызмет алу үшiн алушы орталық арқылы өтiнiш бергенде осы тармақта көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерi «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен куәландырылады.
      4) жүктiлiгi мен босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылу жағдайында әлеуметтiк төлем тағайындау үшiн:
      жеке басын куәландыратын құжат;
      тұрғылықты жерi туралы мәлiметтер (азаматтарды тiркеу кiтабы не мекенжай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң анықтамасы);
      еңбекке жарамсыздық парағы;
      салық төлеушiнiң тiркеу куәлiгi;
      әлеуметтiк жеке код берiлгенi туралы куәлiк;
      жұмыс орнынан әлеуметтiк қатердiң басталуы алдындағы соңғы күнтiзбелiк он екi айдағы табысы туралы белгiленген үлгiдегi анықтама.
      Уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiне өтiнiш бергенде салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары мен көшiрмелерi ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқалары мемлекеттiк қызмет алушыға қайтарылады не нотариалды расталған көшiрмелерде ұсынылады.
      5) бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты әлеуметтiк төлем тағайындау үшiн:
      жеке басын куәландыратын құжат;
      тұрғылықты жерi туралы мәлiметтер (азаматтарды тiркеу кiтабы не мекенжай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң анықтамасы);
      баланың (балалардың) туу туралы куәлiгi;
      салық төлеушiнiң тiркеу куәлiгi;
      әлеуметтiк жеке код берiлгенi туралы куәлiк;
      отбасы құрамы туралы мәлiметтер.
      Уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiне өтiнiш бергенде салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары мен көшiрмелерi ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқалары мемлекеттiк қызмет алушыға қайтарылады не нотариалды расталған көшiрмелерде ұсынылады.
      12. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн:
      1) уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiне өтiнiш нысанын мемлекеттiк қызмет үшiн өтiнiш берген мемлекеттiк қызмет алушының тұрғылықты жерi бойынша уәкiлеттi ұйымның бөлiмшесiнде уәкiлеттi ұйымның маманы бередi.
      2) орталықтарда бекiтiлген нысандағы өтiнiш бланкiлерi күту залындағы арнайы тағанда, сондай-ақ орталықтың www.con.gov.kz. интернет-ресурсында орналастырылады.
      13. Құжаттарды қабылдау тiкелей:
      1) мемлекеттiк қызмет алушының тұрғылықты жерi бойынша уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнiң ғимаратында жүзеге асырылады.
      Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын жауапты адамның деректерi www.gcvp.kz интернет-ресурсында, сондай-ақ уәкiлеттi ұйым бөлiмшесi үй-жайларының көрнектi жерiнде мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде орналастырылады.
      2) орталықта «кедергiсiз» қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады.
      14. Мемлекеттiк қызмет алушыға мемлекеттiк қызметтi алу үшiн барлық қажеттi құжаттарды тапсырған кезде:
      1) уәкiлеттi ұйымның бөлiмшесiне жүгiнген кезде мемлекеттiк қызмет алушыға мемлекеттiк қызметтi алатын күнi көрсетiлген құжаттардың қабылданғаны туралы белгiсi бар өтiнiштiң үзбелi талоны берiледi;
      2) орталыққа өтiнiш бергенде:
      сұраудың нөмiрi мен қабылдаған күнi;
      сұратылған мемлекеттiк қызмет түрi;
      қоса берiлiп отырған құжаттардың саны мен атаулары;
      құжаттарды беру күнi (уақыты) мен орны;
      орталық құжаттарды ресiмдеуге арналған өтiнiштi қабылдаған қызметкерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты;
      мемлекеттiк қызмет алушының тегi, аты, әкесiнiң аты, уәкiлеттi өкiлдiң тегi, аты, әкесiнiң аты және олардың байланыс телефондары көрсетiлген тиiстi құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат берiледi.
      15. Уәкiлеттi ұйымның бөлiмшесiнде мемлекеттiк қызмет алушыға дайын құжаттарды беру күн сайын мемлекеттiк қызмет алушының мемлекеттiк қызметтi тiркеген және алатын күнi, құжаттарды қабылдаған адамның тегi және аты-жөнi көрсетiлген талонның негiзiнде жүзеге асырылады.
      Әлеуметтiк төлемдi тағайындау туралы шешiмнiң түпнұсқасы мемлекеттiк қызмет алушының қолына берiлмейдi.
      Әлеуметтiк төлемдi тағайындаудан бас тартылған жағдайда бақылау және әлеуметтiк қорғау жөнiндегi аумақтық орган шешiмде бас тартудың негiздемесiн көрсетедi және шешiмдi уәкiлеттi ұйымға жiбередi, олар мемлекеттiк қызмет алушыға бас тарту туралы хабарлайды және оған бас тарту туралы шешiмнiң көшiрмесiмен бiрге құжаттарын (өтiнiштен басқасын) қайтарады.
      Орталықта дайын құжаттарды мемлекеттiк қызмет алушыға берудi орталық қызметкерi «терезе» арқылы күн сайын, қолхаттың негiзiнде онда көрсетiлген мерзiмде жүзеге асырады.
      Егер мемлекеттiк қызмет алушы қызметтiң нәтижесiн алу үшiн белгiленген мерзiмде келмеген жағдайда, орталық оларды бiр ай мерзiмде сақтауды қамтамасыз етедi, одан кейiн оларды уәкiлеттi ұйымға тапсырады.
      16. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген барлық құжаттар ұсынылмаған жағдайда мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартады. Мемлекеттiк қызмет алушы көрсетiлген кедергiлердi жойған жағдайда өтiнiш жалпы негiздемелерде қаралады.
      Орталық қызметкерi құжаттарды қабылдаудан бас тартқан жағдайда мемлекеттiк қызмет алушыға жетiспейтiн құжаттар көрсетiлген қолхат берiледi.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнiң қызметi адамның конституциялық құқықтарының, қызметтiк борышын атқару кезiнде заңдылықтың сақталу қағидаттарына негiзделедi және сыпайылық, толық ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.



4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Мемлекеттiк қызмет алушыларға мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерi осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа мен тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.


      19. Уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнiң жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтiң сапасы мен тиiмдiлiгi көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң тиiстi бұйрығымен жыл сайын бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      20. Осы стандартқа 1-қосымшада уәкiлеттi ұйым бөлiмшесi қызметкерлерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiретiн және шағым дайындауға жәрдемдесетiн лауазымды адамның байланыс деректерi көрсетiлген.


      Орталық қызметкерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты call-орталықтың (1414) телефоны және осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар мен телефондар бойынша алуға болады.
      21. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда шағымдар мемлекеттiк қызмет алушының таңдауы бойынша тiкелей:
      1) уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнiң басшысына. Уәкiлеттi ұйым бөлiмшесi басшысының азаматтарды қабылдау кестесi осы стандартқа 1-қосымшада келтiрiлген, сондай-ақ www.gcvp.kz интернет ресурсында орналастырылған;
      2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң 8 (7172) 74-37-23, 74-33-65, 74-28-41 нөмiрлерi бойынша «сенiм телефонына»;
      3) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң www.enbek.gov.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурсында «сұрақ-жауап» бөлiмiнде;
      4) Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң блогына (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң www.enbek.gov.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурсының «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң блогы» парағы);
      5) 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, № 8 үй, 6-кiреберiс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнде орналасқан шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшiк арқылы;
      6) жазбаша шағыммен 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, № 8 үй, 6-кiреберiс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң кеңсесiне жүгiну арқылы жолданады.
      22. Қызмет дөрекi көрсетiлген жағдайларда шағым мекенжайлары осы стандартқа 1, 2-қосымшаларда көрсетiлген уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнiң не орталық басшысының атына, сондай-ақ мекенжайы мен телефоны осы стандарттың 26-тармағында көрсетiлген «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттiк кәсiпорны басшысының атына берiледi.
      23. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда мемлекеттiк қызмет алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.
      24. Жеке тұлғаның шағымында оның тегi, аты, әкесiнiң аты, пошталық мекенжайы көрсетiледi. Шағымға мемлекеттiк қызмет алушы қол қоюға тиiс. Шағым бергенде әрекетiне шағым жасалатын органның атауы немесе лауазымды тұлғаның өтiнiш беру себебi және талаптары көрсетiледi.
      25. Уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiне жазбаша шағым жазған мемлекеттiк қызмет алушыға жауап алу күнi және шағымды қарау барысы туралы бiлуге болатын лауазымды тұлғаның байланыс деректерi көрсетiлген талон берiледi.
      Шағымның қаралу нәтижесi жөнiнде өтiнiш иесiне пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.
      Орталық: пошта және қолма-қол қабылданған шағымды растау оны орталық кеңсесiнде немесе «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттiк кәсiпорнында тiркеу болып табылады (мөр, кiрiс нөмiрi және тiркеу мерзiмi шағымның екiншi данасында немесе шағымға iлеспе хатта қойылады).
      Мемлекеттiк қызмет алушыға шағымды қабылдаған адам, оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмiрi, күнi, шағымды қабылдаған адамның тегi, байланыс деректерi көрсетiлген талон бередi.
      Шағымның қаралу нәтижесi жөнiнде мемлекеттiк қызмет алушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.
      26. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, № 8-үй, «Министрлiктер үйi» Әкiмшiлiк ғимараты, 6-кiреберiс және Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Мемлекеттiк қызметтердi автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметiн үйлестiру комитетiнiң «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 43А, телефоны: 8 (7172) 94 99 95, интернет-ресурсы: http://www.con.gov.kz.

«Еңбек ету қабiлетiнен айырылу; асыраушысынан 


айырылу; жұмысынан айырылу; жүктiлiгiне және 
босануына байланысты табысынан айырылу;   
жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына 
байланысты табысынан айырылу; бала бiр жасқа 
толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан
айырылу әлеуметтiк қатер жағдайларына     
әлеуметтiк төлемдер тағайындау»        
мемлекеттiк қызмет стандартына         
1-қосымша                    

Уәкiлеттi ұйымның құрылымдық бөлiмшелерi мен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Бақылау және әлеуметтiк қорғау комитетiнiң аумақтық органдарының тiзбесi

Ақмола облысы уәкiлеттi ұйымның құрылымдық бөлiмшелерi

Р/с №

Уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнiң атауы

Уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнiң орналасқан заңды мекенжайы (қала, аудан, көше, үйдiң (пәтердiң) нөмiрi),электронды поштаның мекенжайы

Қала коды және телефон нөмiрi

Жұмыс кестесi

1

2

3

4

5

1

Ақмола облыстық филиалы

Көкшетау қаласы, М. Горький көшесi, 73 akmola@gcvp.kz

8-71622 5-26-49

Демалыс және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мерекелерi туралы» заңымен бекiтiлген мереке күндерiн қоспағанда күн сайын сағат 9-00 бастап 18-00 дейiн, түскi үзiлiс сағат 13-00 бастап 14-00 дейiн

2

Ақкөл аудандық бөлiмшесi

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесi, 116 akmola4@gcvp.kz

8-716382-16-54

3

Астраханка аудандық бөлiмшесi

Астраханка ауылы, Әл-Фараби көшесi, 49 akmola7@gcvp.kz

8-716412-22-66

4

Атбасар аудандық бөлiмшесi

Сейфуллин көшесi, 2 а akmola1@gcvp.kz

8-716434-12-40

5

Аршалы аудандық бөлiмшесi

Аршалы ауылы, Тәшенов көшесi, 31/12 akmola17@gcvp.kz

8-716442-12-36

6

Бұланды аудандық бөлiмшесi

Макинск қаласы, Бөгенбай көшесi, 21 akmola16@gcvp.kz

8-716462-16-34

7

Бурабай аудандық бөлiмшесi

Щучинск қаласы,Толкунова көшесi, 72 akmola15@gcvp.kz

8-716364-42-58

8

Егiндiкөл аудандық бөлiмшесi

Егiндiкөл ауылы, Жеңiс көшесi, 1/1 akmola5@gcvp.kz

8-71642 2-13-00




9

Ерейментау аудандық бөлiмшесi

Ерейментау қаласы,Уәлиханов көшесi, 41 akmola12@gcvp.kz

8-71633 2-15-42

Демалыс және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мерекелерi туралы» заңымен бекiтiлген мереке күндерiн қоспағанда күн сайын сағат 9-00 бастап 18-00 дейiн, түскi үзiлiс сағат 13-00 бастап 14-00 дейiн

10

Есiл аудандық бөлiмшесi

Есiл қаласы, Достық көшесi, 1 akmola8@gcvp.kz

8-71647 2-19-49

11

Еңбекшiлдер аудандық бөлiмшесi

Степняк қаласы, Уәлиханов көшесi, 2 akmola14@gcvp.kz

8-71639 2-18-71

12

Жақсы аудандық бөлiмшесi

Жақсы ауылы, Достық көшесi, 14 akmola3@gcvp.kz

8-71635 2-17-02

13

Жарқайың аудандық бөлiмшесi

Державин қаласы, Ғабдуллин көшесi, 102 akmola9@gcvp.kz

8-71648 9-15-53

14

Зерендi аудандық бөлiмшесi

Зерендi ауылы, Бейбiтшiлiк көшесi, 48 akmola11@gcvp.kz

8-71632 2-13-79

15

Қорғалжын аудандық бөлiмшесi

Қорғалжын ауылы, Т. Әубәкiров көшесi, 4 akmola18@gcvp.kz

8-71637 2-14-75

16

Сандықтау аудандық бөлiмшесi

Балкашино ауылы, Ленин көшесi, 121 akmola10@gcvp.kz

8-71640 9-23-46

17

Степногор аудандық бөлiмшесi

Степногор қаласы, 3-шағын аудан, 1 akmola13@gcvp.kz

8-71645 6-14-74

18

Шортанды аудандық бөлiмшесi

Шортанды ауылы, Лермонтов көшесi, 16 а akmola2@gcvp.kz

8-71631 2-16-86

19

Целиноград аудандық бөлiмшесi

Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Гагарин көшесi, 15 akmola6@gcvp.kz

8-71651 3-11-23


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет