2. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi
11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттiк қызмет алушы мынадай құжаттарды тапсырады:
1) өтiнiш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi (жеке куәлiгiнiң, Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, азаматтығы жоқ адам куәлiгiнiң, шетел азаматының тұруға ықтиярхатының, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейiн оралман куәлiгiнiң) көшiрмелерi;
3) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);
4) зейнетақы және жәрдемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнiң банк шотының не түзеу мекемелерiнiң арнайы шот нөмiрi туралы мәлiметтер.
Уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiне өтiнiш бергенде салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары мен көшiрмелерi ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқалары мемлекеттiк қызмет алушыға қайтарылады не нотариалды расталған көшiрмелерде ұсынылады.
Мемлекеттiк қызмет алу үшiн алушы орталық арқылы өтiнiш бергенде осы тармақтың 2) – 4) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерi «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен куәландырылады.
12. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн:
1) уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнде өтiнiш нысанын мемлекеттiк қызмет үшiн өтiнiш берген мемлекеттiк қызмет алушының тұрғылықты жерi бойынша уәкiлеттi ұйымның бөлiмшесiнде уәкiлеттi ұйымның маманы бередi.
2) орталықтарда бекiтiлген нысандағы өтiнiш бланкiлерi күту залындағы арнайы тағанда, сондай-ақ орталықтың www.con.gov.kz. интернет-ресурсында орналастырылады.
3) портал арқылы мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн тағайындау туралы ақпарат алу туралы электронды сұрау нысанын толтыру қажет.
13. Құжаттарды қабылдау тiкелей:
1) мемлекеттiк қызмет алушының тұрғылықты жерi бойынша уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнiң ғимаратында жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын жауапты адамның деректерi www.gcvp.kz интернет-ресурсында, сондай-ақ уәкiлеттi ұйым бөлiмшелерi үй-жайларының көрнектi жерiнде мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде орналастырылады.
2) орталықта «кедергiсiз» қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады.
14. Мемлекеттiк қызмет алушыға мемлекеттiк қызмет алу үшiн барлық қажеттi құжаттарды тапсырған кезде:
1) уәкiлеттi ұйымның бөлiмшесiне және орталыққа жүгiнген кезде мемлекеттiк қызмет алушыға мемлекеттiк қызметтi алатын күнi көрсетiлген құжаттардың қабылданғаны туралы белгiсi бар өтiнiштiң үзбелi талоны берiледi;
2) орталыққа өтiнiш бергенде:
сұраудың нөмiрi мен қабылдаған күнi;
сұратылған мемлекеттiк қызмет түрi;
қоса берiлiп отырған құжаттардың саны мен атаулары;
құжаттарды беру күнi (уақыты) мен орны;
орталық құжаттарды ресiмдеуге арналған өтiнiштi қабылдаған қызметкерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты;
мемлекеттiк қызмет алушының тегi, аты, әкесiнiң аты, уәкiлеттi өкiлдiң тегi, аты, әкесiнiң аты, және олардың байланыс телефондары көрсетiлген тиiстi құжаттарды қабылдау туралы қолхат берiледi.
3) портал арқылы өтiнiш берген кезде мемлекеттiк қызмет алушыға порталдағы жеке кабинетiне мемлекеттiк қызмет алушының мемлекеттiк қызмет нәтижесiн алатын күнi мен уақыты көрсетiлген мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн тағайындау туралы ақпарат алу үшiн сұрауды қабылдағаны туралы хабарлама-есеп жолданады.
15. Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн тағайындау туралы хабарлама беру тұрғылықты жерi бойынша уәкiлеттi ұйымның бөлiмшесiнде немесе орталықта алушы жеке өзi келген кезде жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк қызмет алушы қызметтiң нәтижесiн алу үшiн белгiленген мерзiмде келмеген жағдайларда, орталық оларды бiр ай мерзiмде сақтауды қамтамасыз етедi, одан кейiн оларды уәкiлеттi органға тапсырады.
Алушы портал арқылы өтiнiш берген кезде мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн тағайындау туралы ақпарат мемлекеттiк қызмет алушының жеке кабинетiне жiберiледi.
16. Егер осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген барлық құжаттар ұсынылмаған жағдайда мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартады.
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту кезiнде орталықтың қызметкерi мемлекеттiк қызмет алушыға жетiспейтiн құжаттар көрсетiлген қолхат бередi.
Мемлекеттiк қызмет алушы көрсетiлген кемшiлiктердi жойған жағдайда өтiнiш жалпы негiздемелерде қаралады.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнiң қызметi адамның конституциялық құқықтарының, қызметтiк борышын атқару кезiнде заңдылықтың сақталу қағидаттарына негiзделедi және сыпайылық, толық ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.
4. Жұмыс нәтижелерi
18. Мемлекеттiк қызмет алушыға мемлекеттiк қызмет көрсету жөнiндегi жұмыс нәтижелерi осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа мен тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
19. Уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнiң жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтiң сапасы мен тиiмдiлiгi көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң бұйрығымен жыл сайын бекiтiледi.
5. Шағымдану тәртiбi
20. Осы стандартқа 1-қосымшада уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнiң қызметкерлерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiретiн және шағым дайындауға жәрдемдесетiн лауазымды адамның байланыс деректерi көрсетiлген.
Орталық қызметкерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты call-орталықтың (1414) телефоны және осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар мен телефондар бойынша алуға болады.
21. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда шағымдар мемлекеттiк қызмет алушының таңдауы бойынша:
1) тiкелей уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнiң басшысына. Уәкiлеттi ұйым бөлiмше басшысының азаматтарды қабылдау кестесi осы стандартқа 1-қосымшада келтiрiлген, сондай-ақ www.gcvp.kz интернет-ресурсында орналастырылған;
2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң 8 (7172) 74-37-23, 74-33-65, 74-28-41 нөмiрлерi бойынша «сенiм телефонына»;
3) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң www.enbek.gov.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурсында «сұрақ-жауап» бөлiмiнде;
4) Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң блогына (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң www.enbek.gov.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурсының «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң блогы» парағы);
5) 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, № 8 үй, 6-кiреберiс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнде орналасқан шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшiк арқылы;
6) жазбаша шағыммен 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, № 8-үй, 6-кiреберiс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң кеңсесiне жүгiну арқылы жолданады.
22. Қызмет дөрекi көрсетiлген жағдайларда шағым мекенжайлары осы стандартқа 1, 2-қосымшаларда көрсетiлген уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнiң не орталық басшысының атына, сондай-ақ мекенжайы мен телефоны осы стандарттың 26-тармағында көрсетiлген «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттiк кәсiпорын басшысының атына берiледi.
23. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда мемлекеттiк қызмет алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.
24. Жеке тұлғаның шағымында оның тегi, аты, әкесiнiң аты, пошталық мекенжайы көрсетiледi. Шағымға мемлекеттiк қызмет алушы қол қоюға тиiс. Шағым бергенде әрекетiне шағым жасалатын органның атауы немесе лауазымды тұлғаның өтiнiш беру себебi және талаптары көрсетiледi.
25. Уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнiң жазбаша шағым жазған мемлекеттiк қызмет алушыға жауап алу күнi және шағымды қарау барысы туралы бiлуге болатын лауазымды тұлғаның байланыс деректерi көрсетiлген талон берiледi.
Шағымның қаралу нәтижесi жөнiнде мемлекеттiк қызмет алушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.
Орталық: пошта және қолма-қол қабылданған шағымды растау оны орталық кеңсесiнде немесе «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттiк кәсiпорында тiркеу болып табылады (мөр, кiрiс нөмiрi және тiркеу мерзiмi шағымның екiншi данасында немесе шағымға iлеспе хатта қойылады).
Мемлекеттiк қызмет алушыға шағымды қабылдаған адам, оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмiрi, күнi, шағымды қабылдаған адамның тегi, байланыс деректерi көрсетiлген талон бередi.
Шағымның қаралу нәтижесi жөнiнде мемлекеттiк қызмет алушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.
26. Уәкiлеттi органның және оның бөлiмшелерiнiң қызметi туралы ақпарат www.enbek.gov.kz., www.gcvp.kz интернет-ресурстарында орналастырылады, телефоны 8 (7172) 75 37 10.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, № 8-үй, «Министрлiктер үйi» Әкiмшiлiк ғимараты, 6-кiреберiс және Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Мемлекеттiк қызметтердi автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметiн үйлестiру комитетiнiң орталық РМК мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 43А, телефоны: 8 (7172) 94 99 95, интернет-ресурсы: http://www.con.gov.kz.
«Мемлекеттiк базалық зейнетақы
төлемiн тағайындау»
мемлекеттiк қызмет стандартына
1-қосымша
Уәкiлеттi ұйымның құрылымдық бөлiмшелерi мен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Бақылау және әлеуметтiк қорғау комитетiнiң аумақтық органдарының тiзбесi
Ақмола облысы уәкiлеттi ұйымның құрылымдық бөлiмшелерi
Р/с №
|
Уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнiң атауы
|
Уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнiң орналасқан заңды мекенжайы (қала, аудан, көше, үйдiң (пәтердiң) №),электронды поштаның мекенжайы
|
Қала коды және телефон нөмiрi
|
Жұмыс кестесi
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
Ақмола облыстық филиалы
|
Көкшетау қаласы, М. Горький көшесi, 73 akmola@gcvp.kz
|
8-71622 5-26-49
|
Демалыс және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мерекелерi туралы» заңымен бекiтiлген мереке күндерiн қоспағанда күн сайын сағат 9-00 бастап 18-00 дейiн, түскi үзiлiс сағат 13-00 бастап 14-00 дейiн
|
2
|
Ақкөл аудандық бөлiмшесi
|
Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесi, 116 akmola4@gcvp.kz
|
8-71638 2-16-54
|
3
|
Астраханка аудандық бөлiмшесi
|
Астраханка ауылы, Әл-Фараби көшесi, 49 akmola7@gcvp.kz
|
8-71641 2-22-66
|
4
|
Атбасар аудандық бөлiмшесi
|
Сейфуллин көшесi, 2 а akmola1@gcvp.kz
|
8-71643 4-12-40
|
5
|
Аршалы аудандық бөлiмшесi
|
Аршалы ауылы, Тәшенов көшесi, 31/12 akmola17@gcvp.kz
|
8-71644 2-12-36
|
6
|
Бұланды аудандық бөлiмшесi
|
Макинск қаласы, Бөгенбай көшесi, 21 akmola16@gcvp.kz
|
8-71646 2-16-34
|
7
|
Бурабай аудандық бөлiмшесi
|
Щучинск қаласы, Толкунова көшесi, 72 akmola15@gcvp.kz
|
8-71636 4-42-58
|
8
|
Егiндiкөл аудандық бөлiмшесi
|
Егiндiкөл ауылы, Жеңiс көшесi, 1/1 akmola5@gcvp.kz
|
8-71642 2-13-00
|
9
|
Ерейментау аудандық бөлiмшесi
|
Ерейментау қаласы, Уәлиханов көшесi, 41 akmola12@gcvp.kz
|
8-71633 2-15-42
|
Демалыс және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мерекелерi туралы» заңымен бекiтiлген мереке күндерiн қоспағанда күн сайын сағат 9-00 бастап 18-00 дейiн, түскi үзiлiс сағат 13-00 бастап 14-00 дейiн
|
10
|
Есiл аудандық бөлiмшесi
|
Есiл қаласы, Достық көшесi, 1 akmola8@gcvp.kz
|
8-71647 2-19-49
|
11
|
Еңбекшiлдер аудандық бөлiмшесi
|
Степняк қаласы, Уәлиханов көшесi, 2 akmola14@gcvp.kz
|
8-71639 2-18-71
|
12
|
Жақсы аудандық бөлiмшесi
|
Жақсы ауылы, Достық көшесi, 14 akmola3@gcvp.kz
|
8-71635 2-17-02
|
13
|
Жарқайың аудандық бөлiмшесi
|
Державин қаласы, Ғабдуллин көшесi, 102 akmola9@gcvp.kz
|
8-71648 9-15-53
|
14
|
Зерендi аудандық бөлiмшесi
|
Зерендi ауылы, Бейбiтшiлiк көшесi, 48 akmola11@gcvp.kz
|
8-71632 2-13-79
|
15
|
Қорғалжын аудандық бөлiмшесi
|
Қорғалжын ауылы, Т. Әубәкiров көшесi, 4 akmola18@gcvp.kz
|
8-71637 2-14-75
|
16
|
Сандықтау аудандық бөлiмшесi
|
Балкашино ауылы, Ленин көшесi, 121 akmola10@gcvp.kz
|
8-71640 9-23-46
|
17
|
Степногор аудандық бөлiмшесi
|
Степногор қаласы, 3-шағын аудан, 1 akmola13@gcvp.kz
|
8-71645 6-14-74
|
18
|
Шортанды аудандық бөлiмшесi
|
Шортанды ауылы, Лермонтов көшесi, 16 а akmola2@gcvp.kz
|
8-71631
2-16-86
|
19
|
Целиноград аудандық бөлiмшесi
|
Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Гагарин көшесi, 15 akmola6@gcvp.kz
|
8-71651 3-11-23
|
Ақтөбе облысы уәкiлеттi ұйымның құрылымдық бөлiмшелерi
р/с №
|
Уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнiң атауы
|
Уәкiлеттi ұйым бөлiмшесi орналасқан заңды мекенжай (қала, аудан, көше, үйдiң (пәтердiң) №), электронды поштаның мекенжайы
|
Қала коды және телефон нөмiрi
|
Жұмыс кестесi
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
Ақтөбе облыстық филиалы
|
Ақтөбе қаласы, Асау Барақ көшесi, 45 aktobe@gcvp.kz
|
8-71322 1-00-13
|
Демалыс және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мерекелерi туралы» заңымен бекiтiлген мереке күндерiн қоспағанда күн сайын сағат 9-00 бастап 18-00 дейiн, түскi үзiлiс сағат 13-00 бастап 14-00 дейiн
|
2
|
Алға аудандық бөлiмшесi
|
Алға қаласы, Байтұрсынов көшесi, 15 aktobe02@gcvp.kz
|
8-713373-20-45
|
3
|
Әйтеке би аудандық бөлiмшесi
|
Комсомол ауылы, Алтынсарин көшесi, 3 aktobe03@gcvp.kz
|
8-713392-12-60
|
4
|
Байғанин аудандық бөлiмшесi
|
Байғанин ауылы,Барақ батыр көшесi, 54 aktobe04@gcvp.kz
|
8-71345 2-28-02
|
5
|
Ырғыз аудандық бөлiмшесi
|
Ырғыз ауылы, Алтынсарин көшесi, 10 aktobe05@gcvp.kz
|
8-71343 2-15-65
|
6
|
Мәртөк аудандық бөлiмшесi
|
Мәртөк ауылы, Байғанин көшесi, 114-1 aktobe06@gcvp.kz
|
8-71331 3-10-83
|
7
|
Мұғалжар аудандық бөлiмшесi
|
Қандыағаш қаласы Гагарин көшесi, 2 aktobe07@gcvp.kz
|
8-71333 3-61-98
|
8
|
Қарғалы аудандық бөлiмшесi
|
Бадамша ауылы, Әбiлқайыр хан көшесi, 71 aktobe08@gcvp.kz
|
8-71342 2-23-94
|
9
|
Темiр аудандық бөлiмшесi
|
Шұбарқұдық ауылы, Асау Барақ көшесi, 7 aktobe09@gcvp.kz
|
8-71346 2-23-01
|
10
|
Ойыл аудандық бөлiмшесi
|
Ойыл ауылы, Көкжар көшесi, 69 а aktobe10@gcvp.kz
|
8-71332 2-17-06
|
11
|
Қобда аудандық бөлiмшесi
|
Қобда ауылы, Астана көшесi, 31 aktobe11@gcvp.kz
|
8-71341 2-12-36
|
12
|
Хромтау
аудандық бөлiмшесi
|
Хромтау қаласы, Шиловский көшесi, 6 aktobe12@gcvp.kz
|
8-71336 2-11-53
|
13
|
Шалқар аудандық бөлiмшесi
|
Шалқар қаласы, Әйтеке би көшесi, 109 aktobe13@gcvp.kz
|
8-71335 2-11-19
|
Алматы облысы уәкiлеттi ұйымның құрылымдық бөлiмшелерi
р/с №
|
Уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнiң атауы
|
Уәкiлеттi ұйым бөлiмшесi орналасқан заңды мекенжай (қала, аудан, көше, үйдiң (пәтердiң) №), электронды поштаның мекенжайы
|
Қала коды және телефон нөмiрi
|
Жұмыс кестесi
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
Алматы облыстық филиалы
|
Алматы қаласы, Абылай хан көшесi, 93/95 almatyobl@gcvp.kz
|
8-72726 7-71-38, 7-15-50
|
Демалыс және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мерекелерi туралы» заңымен бекiтiлген мереке күндерiн қоспағанда күн сайын сағат 9-00 бастап 18-00 дейiн, түскi үзiлiс сағат 13-00 бастап 14-00 дейiн
|
2
|
Капшағай қалалық бөлiмшесi
|
Қапшағай қаласы, Достық көшесi, 3 almaty3@gcvp.kz
|
8-72772 4-36-08
|
3
|
Талдықорған қалалық бөлiмшесi
|
Талдықорған қаласы, Төлебаев көшесi, 58/64 almaty4@gcvp.kz
|
8-72822 4-29-67
|
4
|
Текелi қалалық бөлiмшесi
|
Текелi қаласы, Тәуелсiздiк көшесi, 6 almaty5@gcvp.kz
|
8-72835 4-25-87
|
5
|
Ақсу аудандық бөлiмшесi
|
Жансүгiров ауылы, Бұланов көшесi, 1 almaty6@gcvp.kz
|
8-72832 2-17-38
|
6
|
Алакөл аудандық бөлiмшесi
|
Үшарал қаласы, Садық Құсайын көшесi, 89 almaty7@gcvp.kz
|
8-72833 2-27-90
|
7
|
Балқаш аудандық бөлiмшесi
|
Бақанас ауылы, Қонаев көшесi, 85 almaty8@gcvp.kz
|
8-72773 9-15-82
|
8
|
Еңбекшiқазақ аудандық бөлiмшесi
|
Есiк қаласы, Пугачев көшесi, 76 almaty9@gcvp.kz
|
8-72775 4-09-76
|
9
|
Еңбекшiқаза қ аудандық бөлiмшесi
|
Шелек ауылы, Жiбек жолы көшесi, 40 almaty20@gcvp.kz
|
8-72776 2-05-64
|
Демалыс және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мерекелерi туралы» заңымен бекiтiлген мереке күндерiн қоспағанда күн сайын сағат 9-00 бастап 18-00 дейiн, түскi үзiлiс сағат 13-00 бастап 14-00 дейiн
|
10
|
Жамбыл аудандық
бөлiмшесi
|
Ұзынағаш ауылы, Бәйдiбек би көшесi, 184 almaty2@gcvp.kz
|
8-72770 2-26-87
|
11
|
Iле аудандық бөлiмшесi
|
Өтеген батыр ауылы, Титов көшесi, 3 а almaty10@gcvp.kz
|
8-72752 2-12-35
|
12
|
Қаратал аудандық бөлiмшесi
|
Үштөбе қаласы, Құсмолданов көшесi, 17 almaty11@gcvp.kz
|
8-72834 2-22-48
|
13
|
Қарасай аудандық бөлiмшесi
|
Қаскелең қаласы, Наурызбай батыр көшесi, 35 almaty1@gcvp.kz
|
8-72771 2-20-44
|
14
|
Кербұлақ аудандық бөлiмшесi
|
Сарыөзек ауылы, Мәметова көшесi, 6/4 almaty12@gcvp.kz
|
8-72840 3-16-21
|
15
|
Көксу аудандық бөлiмшесi
|
Балпық би ауылы, Қабанбай батыр көшесi, 10 almaty13@gcvp.kz
|
8-72838 2-06-14
|
16
|
Панфилов аудандық бөлiмшесi
|
Жаркент қаласы, Розыбакиев көшесi, 18 almaty14@gcvp.kz
|
8-72831 5-34-63
|
17
|
Райымбек аудандық бөлiмшесi
|
Кеген ауылы, Қонаев көшесi, 104 almaty15@gcvp.kz
|
8-72777 2-10-20
|
18
|
Сарқанд аудандық бөлiмшесi
|
Сарқанд ауылы, Абай көшесi, 62 almaty16@gcvp.kz
|
8-72839 2-11-01
|
19
|
Ескелдi аудандық бөлiмшесi
|
Қарабұлақ ауылы, Балпық би көшесi, 122 almaty17@gcvp.kz
|
8-72836 3-04-39
|
20
|
Талғар аудандық бөлiмшесi
|
Талғар қаласы, Гагарин көшесi, 76 almaty19@gcvp.kz
|
8-72774 5-67-02
|
21
|
Ұйғыр аудандық бөлiмшесi
|
Шонжы ауылы, Кентал Исламов көшесi, 89, almaty18@gcvp.kz
|
8-72778
2-16-56
|
Достарыңызбен бөлісу: |