«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына



Дата23.02.2016
өлшемі32.42 Kb.
#10502


«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір

шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА


Р/с



Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиісті мәліметтер тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі


Жоба «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын іске асыру мақсатында әзірленді, ондағы қойылған міндеттердің бірі мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру болып табылады және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің 2012 жылғы 18 шілдедегі № 17-5/05-418 хаттамалық шешімімен бекітілген мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде бизнес-процестерді оңтайландыру, халықтан талап етілетін құжаттар санын қысқарту жөніндегі Іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Жобаны қабылдау кері әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларды болдырмайды

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Қосымша қаржылық шығынды қажет етпейді


5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары жағдайда күтілетін нәтижелердің, мерзім және болжанатын тиімділігі

Жобаны қабылдау шаруашылық жүргізуші субъектілердің мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін арттыруға және оларды көрсету мерзімдерін тездетуге мүмкіндік береді.

Күтілетін нәтижелер мерзімдері – 2013 жыл және келесі жылдар



6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/ немесе Үкіметтің бұрын қабылданған кесімдері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер




7.

Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Қажет етілмейді

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) жүргізілген жағдайда оның нәтижелері

«Атамекен» одағы» ҚҰЭП жобаға берген сараптама қорытындысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1396 қаулысымен бекітілген Пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу, өндірістік сынақтарын жүргiзу және мемлекеттiк тiркеу қағидаларының (бұдан әрі - Қағида) 42-тармағында пестицидтердi (улы химикаттарды) мемлекеттік тiркеу

жөніндегі қабылданған шешім туралы тіркеуші (өтініш беруші) ведомствоның хабарлама мерзімі мен нысанын көрсетуді, сондай-ақ Қағиданың 41, 50-тармақтарында «жұмыс күндері» деген сөздерді «күнтізбелік күн» деп ауыстыруды ұсынады.

Жобаның 42-тармағы бойынша ұсыныс оның алып тасталуына байланысты ескерілмеді, себебі мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімін қысқартуды есепке ала отырып, қабылданған шешім туралы хабарлама 10 күнтізбелік күн ішінде мақсатқа сай келмейді.

Мемелекеттік қызметтерді көрсету мерзімі жұмыс күндерімен анықталды, осыған байланысты жоба Қағидада мерзімді жұмыс күндерінде белгілейді.



9.

Өзге де мәліметтер

Жоқ


10.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік жабдықтарына материалдар (көшірмелер) беру рұқсат етіледі

 

 

Қазақстан Республикасының



Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет