Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Сертификаттау және азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушы сертификатын беру қағидасын бекiту туралы" 2010 жылғы 18 қазандағы


Пайдаланушы сертификатының қолданылуын тоқтата тұру және оны



бет2/4
Дата23.02.2016
өлшемі287 Kb.
#11299
1   2   3   4

6. Пайдаланушы сертификатының қолданылуын тоқтата тұру және оны
қайтарып алу

      29. Мынадай:


      1) пайдаланушы сертификаттау талаптары мен шектеулердi сақтамаған;
      2) Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру түрлерi туралы заңдарының талаптарына сәйкес сақтандыру қамтамасыз етiлмеген;
      3) инспекциялық тексеру кезiнде, оның iшiнде шетел мемлекеттерiнде белгiленген ұшу қауiпсiздiгiне әсерiн тигiзетiн маңызды бұзушылықтар анықталған;
      4) пайдаланушы жазбаша өтiнiш берген жағдайларда, азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган пайдаланушы сертификатының қолданылуын тоқтата тұрады.
      30. Инспекторлық ұйғарымның белгiленген мерзiмде орындалмауы сертификаттың қолданылуын тоқтата тұру немесе қайтарып алу үшiн негiз болып табылады.
      31. Пайдаланушы коммерциялық әуе тасымалдарын алты айдан астам мерзiмге тоқтатқан жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган пайдаланушы сертификатын қайтарып алады.
      Бұл ретте азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган осы Қағиданың 1-тармағыны бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген мерзiм басталғанға дейiн күнтiзбелiк 30 күн бұрын пайдаланушыға сертификатты керi қайтарып алу мүмкiндiгi туралы хабарлайды.
      32. Осы Қағиданың 29-тармағының 4) тармақшасында көрсетiлген жағдайдан басқа, пайдаланушы сертификатының қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган тоқтата тұрудың себебiн көрсетедi және пайдаланушы сертификатының тоқтатыла тұру мерзiмiн белгiлейдi, бiрақ ол тоқтатыла тұрған кезден бастап алты айдан аспауға тиiс.
      Егер әуе кемесiн пайдаланушы анықталған бұзушылықтарды белгiленген мерзiмде жоймаған болса, азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган пайдаланушының сертификатын қайтарып алады.
      33. Пайдаланушы сертификаты тоқтатыла тұрған жағдайда, оның қолданылуын қалпына келтiрудi анықталған кемшiлiктердi пайдаланушы жойғаннан кейiн және азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» 2010 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес пайдаланушыны тексерудi жүргiзгеннен кейiн ғана азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      34. Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган пайдаланушы сертификатының қолданылуын қайта қалпына келтiру немесе қайта қалпына келтiруден бас тарту туралы шешiмдi тексеру аяқталған сәттен бастап 3 жұмыс күнi iшiнде пайдаланушыға жазбаша нысанда хабарлайды.
      35. Пайдаланушы сертификатының қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе ол қайтарып алынған жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган қабылданған шешiм туралы пайдаланушыға және аэронавигациялық ақпарат қызметiне дереу хабарлайды.
      36. Пайдаланушы сертификаты қайтарып алынған жағдайда, пайдаланушы сертификаттың түпнұсқасын азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға дереу қайтарады.
      37. Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган қайтарып алу туралы шешiм қабылданған сәттен бастап 10 жұмыс күнi iшiнде бұл туралы Халықаралық азаматтық авиация ұйымына (ИКАО) хабарлайды.

7. Пайдаланушы сертификатына өзгерiстер енгiзу, телнұсқасын
беру

      38. Пайдаланушы сертификатына өзгерiстер мен толықтырулар:


      1) пайдаланушының өтiнiмi бойынша;
      2) пайдаланушыға жүргiзiлген тексеру нәтижелерi бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның шешiмi бойынша енгiзiледi.
      39. Пайдаланушының атауының, оның мәртебесiнiң, ведомстволық тиесiлiлiгiнiң өзгеруi сертификаттау талаптарына сәйкессiздiктерге әкеп соқтырмайтын болса, мұндай жағдайда пайдаланушы сертификатына және пайдалану ерекшелiктерiне тиiстi өзгерiстер енгiзiледi. Өзгерiстердi енгiзу мерзiмi өтiнiм берiлген сәттен бастап күнтiзбелiк 10 күндi құрайды.
      40. Пайдаланушы бұрын өзi пайдаланбаған басқа үлгiдегi әуе кемелерiн сатып алған жағдайда, пайдаланушы осы Қағидаға 9-қосымшаға сәйкес құжаттармен бiрге азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға өтiнiм жiбередi.
      Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган өтiнiм келiп түскен сәттен бастап он күндiк мерзiмде:
      1) ұсынылған құжаттарды қарайды;
      2) енгiзiлетiн өзгерiстерге қатысты бөлiкте пайдаланушыны жоспардан тыс инспекциялық тексерудi жүргiзедi, оның нәтижелерi бойынша пайдаланушы сертификатына тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiледi.
      41. Егер:
      1) өтiнiш берушi ұсынған құжаттар осы Қағидаға 9-қосымшаға сәйкес келмесе;
      2) пайдаланушы бұрын өзi пайдаланбаған басқа үлгiдегi әуе кемелерiн сатып алған жағдайда, ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн, инспекциялық тексеру кезiнде белгiленген маңызды бұзушылықтар анықталса, мәлiмделген әуе кемесiн пайдаланушы сертификатына енгiзуден бас тарту жүргiзiледi.
      Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган мәлiмделген әуе кемесiн пайдаланушы сертификатына енгiзуден бас тартқан жағдайда, өтiнiш берушiге күнтiзбелiк 10 күн iшiнде бас тартудың себептерi көрсетiле отырып, жазбаша түрде негiзделген жауап бередi.
      42. Пайдаланушы сертификаты бүлiнген немесе жоғалған (ұрланған) жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган күнтiзбелiк 10 күн iшiнде пайдаланушы сертификатының телнұсқасын бередi.
      43. Пайдаланушы сертификатының телнұсқасын алу үшiн пайдаланушы азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға қажеттi негiздемемен бiрге және жоғалу (ұрлану) жағдайларын қоспағанда, бұрын берiлген пайдаланушы сертификатын қоса берiп, еркiн нысанда өтiнiш бередi.

Сертификаттау және азаматтық әуе


кемелерiн пайдаланушы сертификатын
беру қағидаcына         
1-қосымша            

Нысан


Өтiнiм

      Пайдаланушы сертификатын (ПС) алуға (ұзартуға) үмiткер толтырады


      Алғаш рет беру/қолданылу мерзiмiн ұзарту
            (керегiнiң астын сызу)

1. Жалпы ақпарат

      1. Компанияның ресми атауы және саудадағы атауы (егер өзгеше


болса):
      1) № ________________________________________ ПС өтiнiш берушi;
      2) пайдаланушы «_____________________________________________»;
      3) телефон, факс: ____________________________________________;
      4) электронды поштасының мекенжайы: __________________________.
      2. Заңды мекенжайы, телефоны және факсы: _____________________.
      3. Қызметтiк қосымша мекенжайы: ______________________________.
      4. Жұмысты бастау межеленген күн: ____________________________.
      5. Алғаш рет сертификатталған жағдайда, ұшу-пайдалану агенттiгi
үшiн сұралатын шартты белгiлер.
      6. ИКАО/ИАТА коды (3 әрiптiк/2 әрiптiк, бар болса):
________________________________________/___________________________.
      7. Басшылар мен негiзгi қызметкерлер.

Лауазымы

Т.А.Ә.

Телефоны, факсы, электронды поштасы

1

2

3

1) Пайдаланушының басшысы

 

 

2) Ұшу қауiпсiздiгi жөнiндегi инспекцияның басшысы

 

 

3) Ұшу қызметiнiң басшысы

 

 

4) Ұшуға жарамдылықты қолдау жөнiндегi басшы

 

 

5) Жер үстi қызмет көрсету жөнiндегi басшы

 

 

6) Персоналды даярлау жөнiндегi қызмет басшысы

 

 

7) Авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң басшысы

 

 

8) Бортсерiктер қызметiнiң басшысы (жолаушыларды тасымалдайтын пайдаланушылар үшiн)

 

 

9) Сапаны бақылау қызметiнiң басшысы

 

 

2. Техникалық қызмет көрсету және өтiнiш берушi тасымалдарының
түрлерi

      8. Пайдаланушы:


      техникалық қызмет көрсетудi өз бетiмен жүзеге асыруды/техникалық қызмет көрсетудi шарттар негiзiнде орындауды жоспарлап отыр (керегiнiң астын сызу).
      9. Тасымалдаудың ұсынылған түрлерi:
      жолаушылар және жүк/жүк/пошта жөнелтiлiмдерi (керегiнiң астын сызу).

3. Әуе кемелерi мен болжамды ұшулар ауданы туралы ақпарат

      10. Әуе кемелерi туралы мәлiметтер (меншiктi, жалға алынған):


      1) Түрi, моделi және версиясы бойынша әуе кемелерiнiң саны, сондай-ақ ұлттық айырым және тiркеу белгiлерi;
      2) Жолаушы креслоларының саны және/немесе пайдалы жүктелуi (кг, тонна);
      3) Әуе кемесiнiң рұқсат етiлген ең ауыр ұшып көтерiлу салмағы (MTOW).
      11. Әуе кемесiнiң (кемелерiнiң) лизингi туралы келiсiмдердiң деректерi, лизинг мерзiмi, әуе кемелерiн иеленушiнiң атауы мен заңды мекенжайы: __________________________________________________________
      12. Ұшудың болжамды ауданы (аудандары):
      Кариб өңiрi (CAR), Африка және Үндi мұхиты өңiрi (AFI), Еуропа өңiрi (EUR), Таяу Шығыс және Азия өңiрi (MID/ASIA), Солтүстiк Америка өңiрi (NAM), Солтүстiк Атлант өңiрi (NAT), Тынық мұхиты өңiрi (PAC), Оңтүстiк Америка өңiрi (SAM) (керегiнiң астын сызу).

4. Ұшу түрлерi, арнайы шектеулер мен рұқсаттар туралы ақпарат

      13. Ұшу түрлерi:


      тұрақты iшкi/тұрақты халықаралық/тұрақты емес iшкi/тұрақты емес халықаралық (керегiнiң астын сызу).
      14. Арнайы рұқсаттар/мақұлдаулар (әр әуе кемесiне толтырылады):
      1) Көрiну қашықтығы ҰҚЖ (RVR) (метр);
      2) Шешiм қабылдаудың қатысты биiктiгi DH (метр/фут);
      3) Көрiнiс шектеулi болғанда ұшып көтерiлу LVTO RVR (метр);
      4) Ең төменгi навигациялық сипаттамаларға қойылатын талаптар MNPS;
      5) Аймақтық дәл навигация P-RNAV (Precision RNAV);
      6) Аймақтық базалық навигация B-RNAV (Basic RNAV);
      7) Талап етiлетiн навигациялық сипаттамалар (RNP);
      8) Тiгiнен эшелондаудың қысқартылған минимумы (RVSM);
      9) Әуе қозғалысы туралы ақпарат беру және соқтығысудың алдын алу жүйесi (TCAS);
      10) Жерге жақындау туралы сигнал берудiң электронды жүейсi (EGPWS);
      11) Жаһандық навигациялық жерсерiктiк жүйе (GNSS);
      12) Қашықтан әрекет ететiн навигациялық жүйелер (LRNS);
      13) Жан-жаққа бағытталған АЖЖ-радиомаяк (VOR);
      14) Инерциялық тiрек блогi (инерциялық өлшегiш)/Инерциялық тiрек жүйесi (IRU/IRS);
      15) Қашықтықты өлшеу жабдығы (DME);
      16) Электронды ұшу құжаттамасы (EFB);
      17) Қауiптi жүктер;
      18) Қосалқы әуеайлаққа кететiн уақыт ұлғайтылған ұшуды орындау (EDTO): шектi уақыт _____ (минут), қашықтық ______ (теңiз милi NM);
      19) Қосалқы әуеайлаққа кететiн уақыт ұлғайтылмаған ұшуды орындау (non-EDTO) ______ (минут);
      20) Қосалқы әуеайлаққа дейiн ұшатын ең көп уақыт ________ (минут);
      21) Тұрған жерiн айқындаудың жаһандық жүйесi бойынша қонуға бет алу (GPS Approach) (қолданылатынының астын сызу, қажет болған жағдайда, толтыру).
      Арнайы шектеулер: ____________________________________.

5. Авиациялық персоналдың даярлығы туралы ақпарат

      15. Персоналдың ұсынылатын даярлығы (ұшу персоналына арналған пилотаждық тренажерлар және/немесе кабина персоналына арналған тренажерлық қондырғылар):


      16. Пайдаланушы сертификатын алуға өтiнiш беру ниетiн растау.

Қолы:

Күнi:

Т.А.Ә. және қызметi:

      17. Уәкiлеттi орган енгiзетiн мәлiметтер:

Өтiнiш пен құжаттардың келiп түскен күнi:




Тiркеу нөмiрi:




Жауапты лауазымды адам:




Сертификаттау және азаматтық әуе
кемелерiн пайдаланушы сертификатын
беру қағидаcына         
2-қосымша            

Пайдаланушы сертификатын алуға өтiнiмге қоса берiлетiн
құжаттардың тiзбесi

      1. Азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушыны сертификаттау үшiн алымның төленгенiн растайтын құжат.


      2. Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң* көшiрмесi немесе анықтама;
      Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгiзiлгенге дейiн берiлген заңды тұлғаны (филиалды, өкiлдiктi) мемлекеттiк (есептiк) тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейiн жарамды болып табылады.
      3. Өтiнiш берушi жарғысының және құрылтай шартының көшiрмелерi.
      4) Өтiнiш берушiнiң ақпараты, ол мынаны қамтиды:
      1) өтiнiш берушiнiң негiзгi деректерi мен құрылтайшысы;
      2) жоспарланатын коммерциялық әуе тасымалының түрлерi;
      3) ұшу жұмысын ұйымдастыру;
      4) ұшуға жарамдылықты қолдау жүйесi;
      5) ұшуды қамтамасыз ету;
      6) ұшу персоналы мен техникалық персоналдың әзiрлiгi;
      7) техникалық қызмет көрсету объектiлерiнiң әзiрлiгi;
      8) әуе кемелерiнiң әзiрлiгi;
      9) авариялық эвакуацияны демонстрациялау және демонстрациялық ұшуды өткiзу мүмкiндiгi.
      5. Ұйымдық құрылымы, басқару құрылымы мен қызметi, Т.А.Ә., бiлiмi, бiлiктiлiгi және жұмыс тәжiрибесi көрсетiлген жауапты тұлғалар.
      6. Мынадай басшылардың тағайындалғанын растайтын құжаттар:
      ұшу қызметi;
      ұшу қауiпсiздiгi жөнiндегi инспекция;
      ұшуға жарамдылықты қолдау;
      сапаны бақылау;
      авиациялық қауiпсiздiк;
      персоналды даярлау.
      7. Тұрақты тасымалдау үшiн жоспарланатын межелi пункттер мен қосалқы әуеайлақтардың, тұрақты емес тасымалдау үшiн ұшу аудандарының және жоспарланатын ұшу үшiн қолданылуына қатысты пайдалану базаларының тiзiмi.
      8. Түрi, моделi, сериясы, ұлттық және тiркеу белгiлерi, ұшуға жарамдылық сертификаттары, радиостанцияларға рұқсаттары, жергiлiктi жердегi шу бойынша сертификаттары (егер көзделген болса) көрсетiлген әуе кемелерiнiң тiзiмi. Әуе кемелерi жалға алынған жағдайда жалға алу (лизинг) шарттарын ұсыну қажет.
      9. Ұшу және жер үстi персоналын даярлау мен аттестаттауды ұйымдастыру бойынша ақпарат.
      10. Персоналды бастапқы даярлау және қайта даярлау бағдарламасы (Нұсқауы), бұл ұшуды жүргiзу жөнiндегi нұсқаудың бiр бөлiгi болып табылады немесе жеке құжат болып әзiрленедi.
      11. Ұшуды жүргiзу бойынша нұсқау.
      12. Техникалық қызмет көрсетудi реттеу бойынша пайдаланушының нұсқауы.
      13. Әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету бойынша бағдарлама (регламент).
      14. Сертификатталған ең ауыр ұшып көтерiлу салмағы 5700 кг асатын әуе кемелерiн пайдаланатын пайдаланушылар үшiн ұшу қауiпсiздiгiн басқару бойынша нұсқау.
      15. Байланыс рәсiмдерiн (dispatch) қоса алғанда, ұшуды орындауды басқаруды және бақылауды ұйымдастыру бойынша ақпарат.
      16. Қазақстан Республикасының сақтандырудың мiндеттi түрлерi туралы заңдарына сәйкес мiндеттi сақтандырудың сақтандыру полистерiнiң көшiрмелерi.
      17. Өзiнiң авиациялық қызметiнiң қажеттi түрлерiн пайдаланушының қамтамасыз етуi жөнiндегi шарттардың көшiрмелерi;
      18. Пайдаланушының басшысы бекiтетiн әуе кемелерiн бояу үлгiлерi мен мәтiндiк сипаттамасы.
      19. Азаматтық авиацияның қызметiне заңсыз араласу актiлерiнiң алдын алу жөнiндегi iс-шаралар туралы құжаттар.
      20. Пайдаланушының өзi жүзеге асыратын немесе шарттық негiзде жүзеге асырылатын ұшуды жер үстiнде қамтамасыз ету бойынша ақпарат.
      21. Пайдаланушы (өтiнiш берушi) ұсынатын операциялардың арнайы түрлерiне қатысты бақылау мақсатындағы тексеру карталары (Cat II, III, RVSM, EDTO, PBN, RNAV, RNP).
      22. Жұмыс түрлерi көрсетiлген сыртқы ұйымдармен техникалық қызмет көрсетуге жасалған шарттардың тiзбесi.
      23. сыртқы ұйымдармен ұшуға жарамдылықты қолдауға жасалған шарттардың көшiрмелерi.
      24. Жолаушы және жүк тасымалын ресiмдеу үшiн қажеттi құжаттардың үлгiлерi.
      Жоғарыда көрсетiлген құжаттардың бәрiнiң көшiрмелерi мемлекеттiк қызметтi алушының қолымен және мөрiмен куәландырылады.

Сертификаттау және азаматтық әуе


кемелерiн пайдаланушы сертификатын
беру қағидаcына         
3-қосымша            

Нысан


Пайдаланушы сертификатын алуға арналған өтiнiм бойынша шешiм

«___» __________ 20__ ж. № _____

_____________________________________________________________________
(өтiнiш берушiнiң атауы)

коммерциялық әуе тасымалдарын жүзеге асыруға азаматтық әуе кемелерiн


пайдаланушы сертификатын алуға арналған өтiнiмiн қарап, Сiз ұсынған
құжаттар Сертификаттау және азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушы
сертификатын беру қағидасына сәйкес (сәйкес емес) (құжаттар сәйкес
келмеген жағдайда сәйкессiздiк тармағы/тармақтары көрсетiледi)
келетiнiн хабарлаймыз.

      МО                                Уәкiлеттi органның басшысы не


                                        ол уәкiлеттiк берген адам
                                        ________________   __________
                                            (Т.А.Ә.)         (қолы)

Сертификаттау және азаматтық әуе


кемелерiн пайдаланушы сертификатын
беру қағидаcына         
4-қосымша            

Осы қағидаға 2-қосымшаның 6-тармағында көрсетiлген басшы құрам
жөнiндегi деректер

      1. Т.А.Ә., туған жылы, атқаратын қызметi.


      2. Бiлiмi.
      3. Азаматтық авиация маманының куәлiгi.
      4. Бiлiктiлiктi жетiлдiру курстарын өткенi туралы құжат.
      5. Басшы қызметтерде атқарған жұмысы (атқаратын қызметiндегi жұмыс өтiлi көрсетiледi).

      Басшы _________________________________________________________


                                  (күнi, қолы)

      Өтiнiш берушi осы қосымшаның 2, 3, 4-тармақтары бойынша өтiнiш берушiнiң мөрiмен және қолымен куәландырылған растау құжаттарының көшiрмелерiн ұсынады.

Сертификаттау және азаматтық әуе
кемелерiн пайдаланушы сертификатын
беру қағидаcына         
5-қосымша            

Ұшуды жүргiзу бойынша үлгiлiк нұсқау

      1. Ұшуды жүргiзу бойынша нұсқауды өтiнiш берушi әуе кемелерiн пайдалануды реттейтiн қолданыстағы қағидаларға, нұсқауларға және басқа нормативтiк-құқықтық актiлерге сәйкес әдiстемелiк құрал ретiнде ИКАО 9376-AN/914 құжатын және төмендегiлерде келтiрiлген ұшуды жүргiзу бойынша Нұсқауды пайдалана отырып әзiрлейдi:


      Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 6-қосымшаның В-толықтыруында. Әуе кемелерiн пайдалану, I бөлiм. Халықаралық коммерциялық көлiк. Ұшақтар – ұшақтарды пайдаланатын өтiнiш берушiлер үшiн;
      Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 6-қосымшаның Н-толықтыруында. Әуе кемелерiн пайдалану, III бөлiм. Халықаралық ұшулар, Тiкұшақтар – тiкұшақтарды пайдаланатын өтiнiш берушiлер үшiн.
      2. Ұшуды жүргiзу бойынша нұсқаудың төмендегiдей құрылымы бар:
      А бөлiгi. Жалпы ережелер;
      В бөлiгi. Әуе кемесiн пайдалану бойынша ақпарат;
      С бөлiгi. Аудандар, маршруттар мен әуеайлақтар;
      Д бөлiгi. Дайындық.
      3. Ұшақтарды пайдаланатын өтiнiш берушiлер үшiн Нұсқау мынадай ақпаратты қамтуы тиiс:
      А бөлiгi. Жалпы ережелер.
      1-тарау. Әкiмшiлiк және ұшуды жүргiзу бойынша нұсқауды бақылау.
      2-тарау. Ұшуды жүргiзуге қатысы бар персоналдың мiндеттерiнiң жалпы сипаттамасын қамтитын нұсқаулықтар.
      3-тарау. Шаршауды бақылауға қатысты ақпарат және саясат, мыналарды қоса алғанда:
      1) ұшу уақыты, қызметтiк ұшу уақыты және қызмет уақытының нормативтерi мен ұшу және кабина экипаждары мүшелерiнiң демалу уақытына қатысты ережелер;
      2) пайдаланушының FRMS жүйесiне қатысты саясат пен құжаттамасы.
      4-тарау. Сипаттамаларға негiзделген навигацияны пайдалану белгiленген әуе кеңiстiгiнде ұшуды жүргiзуге қатысты кез келген талаптарды қоса алғанда, бортта болуға тиiстi навигациялық жабдықтардың тiзбесi.
      5-тарау. Тиiстi ұшулар үшiн – қозғалтқыштың iстен шығуына байланысты ұзақ навигацияның ережелерiн пайдалануға жататын EDTO орындау рәсiмi, сонымен қатар қосалқы әуеайлақтардың тағайындалуы мен пайдаланылуы.
      6-тарау. Радиожиiлiлiктi тыңдау қажеттiлiгi туындаған жағдайлар.
      7-тарау. Ұшудың ең төменгi абсолюттi биiктiгiн анықтау әдiсi.
      8-тарау. Әуеайлақтардың пайдалану минимумдарын анықтау әдiстерi.
      9-тарау. Бортта жолаушылар болған жағдайда жанармай құю кезiнде қолданылатын iс-шаралар.
      10-тарау. Жер үстi қызмет көрсетудi ұйымдастыру және оның рәсiмдерi.
      11-тарау. Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 12-қосымшасында белгiленген оқиғаның куәгерi болған әуе кемелерi командирлерiнiң әрекет ету тәртiбi.
      12-тарау. Орындалатын әрбiр ұшу үшiн ұшу экипажының құрамы, сондай-ақ командирлiк басшылық ету сабақтастығының тәртiбi.
      13-тарау. Ұшудың барлық жағдайларын, оның iшiнде ұшу бағытында герметизациясын жою және бiр немесе бiрнеше қозғалтқыштардың тоқтап қалу мүмкiндiгiн ескере отырып, бактарда болуға тиiстi жанармай мен майдың санын есептеу бойынша нақты нұсқаулықтар.
      14-тарау. Оттегi және оттегiнiң қорлары пайдаланылатын жағдайлар.
      15-тарау. Салмақ пен салмақты орталықтандыруды бақылауға қатысты нұсқамалар.
      16-тарау. Мұз қатуды жою/алдын алу және осы операциялардың орындалуын бақылау жұмыстарына қатысты нұсқамалар.
      17-тарау. Ұшудың жұмыс жоспарына қойылатын техникалық талаптар.
      18-тарау. Ұшудың әрбiр кезеңi үшiн стандартты пайдалану рәсiмдерi (SOP).
      19-тарау. Әдеттегi бақылау тiзбелерiн пайдалану және пайдалану уақытына қатысты нұсқамалар.
      20-тарау. Күтпеген жағдайда ұшып кету қағидалары.
      21-тарау. Абсолюттi биiктiк туралы ақпаратты және автоматты құралдары немесе ұшу экипажының мүшелерi арқылы абсолюттi биiктiк туралы хабарлауға қатысты нұсқамалар.
      22-тарау. Аспапты метеожағдайларда автопилотты және күш автоматтарын пайдалануға қатысты нұсқамалар.
      23-тарау. Әуе қозғалысына қызмет көрсету органының рұқсатын нақтылау және қабылдау, оның iшiнде жергiлiктi жерден ұшып өтуге қатысты нұсқамалар.
      24-тарау. Ұшып кетуге және қонуға бет алуға қатысты нұсқамалық.
      25-тарау. Аудандармен, маршруттармен және әуеайлақтармен танысу рәсiмдерi.
      26-тарау. Қонуға тұрақтандырылған бет алу рәсiмi.
      27-тарау. Жер бетiнiң таяғанда жоғары жылдамдықты шектеу.
      28-тарау. Аспаптар бойынша қонуға бет алуды бастау немесе жалғастыру үшiн қажеттi шарттар.
      29-тарау. Аспаптар бойынша қонуға дәл және дәл емес бет алуға қатысты нұсқамалар.
      30-тарау. Түнгi уақытта аспаптар бойынша қонуға бет алу мен қону және аспаптық метеорологиялық жағдайлар кезiнде ұшу экипажының мүшелерi арасында мiндеттердi бөлу және жұмыс жүктемесiн реттеу рәсiмдерi.
      31-тарау. Ақауы жоқ әуе кемесiнiң жермен соқтығысуын болдырмау әдiстерiн оқыту жөнiндегi нұсқаулықтар мен талаптар, сонымен қатар жерге жақындау туралы ескерту жүйесiн (GPWS) пайдалану қағидаттары.
      32-тарау. Соқтығыстардың алдын алу әдiстерiн оқытудың және соқтығысуды болдырмаудың борттық жүйесiн (СЕБЖ) пайдаланудың қағидаттары, нұсқаулықтары, қағидалары мен талаптары.
      33-тарау. Азаматтық әуе кемелерiн басып алуға қатысты ақпарат пен нұсқаулықтар, оның iшiнде:
      a) Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 2-қосымшасында белгiленген басып алынатын әуе кемелерi командирлерiнiң iс-қимыл жасау тәртiбi;
      b) Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 2-қосымшасынан алынған басып алатын және басып алынатын әуе кемелерi пайдаланатын көрнекi сигналдар.
      34-тарау. 15 000 м (49 000 фут) жоғары биiктiкте пайдалануға жататын ұшақтар үшiн:
      a) ғарыштық күн радиациясының әсер етуi жағдайында пилотқа iс-әрекеттердiң тиiмдi жүрiсiн анықтауға мүмкiндiк беретiн ақпарат;
      b) мыналарды көздейтiн биiктiктi төмендету туралы шешiм қабылдау кезiндегi iс-әрекеттердiң тәртiбi:
      1) орын алған жағдай туралы әуе қозғалысына қызмет көрсету жөнiндегi тиiстi органға хабарлау және төмендеуге уақытша рұқсат алу қажеттiлiгi;
      2) әуе қозғалысына қызмет көрсету бойынша тиiстi органмен байланыс орнату мүмкiндiгi болмағанда немесе бұл байланыс үзiлген жағдайда, орындалуға тиiстi iс-әрекет.
      35-тарау. Ұшу қауiпсiздiгiн басқару жүйесi туралы толық мәлiметтер.
      36-тарау. Қауiптi жүктердi тасымалдау бойынша ақпарат және нұсқаулықтар, сонымен қатар авариялық жағдай туындаған кезде орындауға тиiстi iс-әрекеттер.
      37-тарау. Қауiпсiздiк бойынша нұсқаулықтар және нұсқамалар.
      38-тарау. Ұшақты тексерiп қарау қағидаларының бақылау тiзiмi.
      39-тарау. Коллиматорлық индикаторларды (HUD) және қажет болған жағдайда, визуализацияның кеңейтiлген мүмкiндiктерi бар техникалық көру жүйелерiн (EVS) пайдалану саласында дайындық бойынша нұсқаулықтар және талаптар.
      В бөлiгi. Әуе кемесiн пайдалану бойынша ақпарат.
      1-тарау. Сертификаттық шектеулер және пайдалану бойынша шектеулер.
      2-тарау. Әдеттегi, штаттан тыс және авариялық жағдайлар кезiндегi ұшу экипажы iс-әрекеттерiнiң тәртiбi және онымен байланысты бақылау карталары.
      3-тарау. Пайдалану бойынша нұсқаулықтар және барлық жұмыс iстейтiн қозғалтқыштардың биiктiк алуының сипаттамалары туралы ақпарат.
      4-тарау. Тартылыстың/қуаттың және жылдамдықтың белгiленген әртүрлi мәндерiн ұшу алдында және ұшуды жоспарлау үшiн ұшуды жоспарлау деректерi.
      5-тарау. Пайдаланылатын ұшақтың әрбiр түрi үшiн желдi бүйiр және бағыттас құрамдас бөлiгiнiң ең жоғары мәндерi және желдiң екпiнiн, нашар көрiнуiн, ҰҚЖ бетiнiң күйiн, экипаж тәжiрибесiн, автопилотты пайдалануды, штаттан тыс немесе авариялық немесе ұшуды жүргiзумен байланысты факторларды ескере отырып, қолдануға жататын азайтылған мәндер.
      6-тарау. Салмақты және салмақты орталықтандыруды есептеу үшiн нұсқаулықтар және мәлiметтер.
      7-тарау. Әуе кемесiне жүктеу және жүктi арқандап байлау бойынша нұсқаулықтар.
      8-тарау. Әуе кемелерiнiң жүйелерi, басқарудың тиiстi органдары және оларды пайдалану бойынша нұсқаулықтар.
      9-тарау. Пайдаланылатын ұшақтардың түрлерi үшiн ең төменгi жабдықтардың және конфигурациялардан ауытқулардың және сипаттамаларға негiзделген навигацияны пайдалану белгiленген әуе кеңiстiгiнде ұшуды жүргiзуге қатысты кез келген талаптарды қоса алғанда, рұқсат етiлген арнайы ұшулар тiзiмi.
      10-тарау. Авариялық және құтқару жабдықтардың бақылау тiзiмi, сонымен қатар оны пайдалану бойынша нұсқаулықтар.
      11-тарау. Жағдайлардың түрiне қарай арнайы рәсiмдердi, экипаждың iс-қимылын үйлестiрудi, авариялық жағдайда экипаж мүшелерiне жұмыс орындарын бекiту және экипаждың әрбiр мүшесiне тапсырылған авариялық мiндеттердi қоса алғанда, авариялық эвакуация қағидалары.
      12-тарау. Әдеттегi, штаттан тыс және авариялық жағдайларда қызмет етушi экипаж әрекеттерiнiң тәртiбi, соған байланысты бақылау карталары, сонымен қатар белгiленген талаптарға сәйкес әуе кемесiнiң жүйелерi туралы ақпарат және ұшу және қызмет көрсететiн экипаж әрекеттерiн үйлестiрудiң қажеттi рәсiмдерiн сипаттау.
      13-тарау. Түрлi бағыттарға арналған құтқару және авариялық жабдықтар және оттегiнiң қажеттi және бар қорларды анықтау процедураларын қосқанда, ұшу алдында жабдықтың қалыпты жұмысын тексеру бойынша қажеттi рәсiмдерi.
      14-тарау. Тiрi қалған адамдардың пайдалануы үшiн Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 12-қосымшасындағы «жер – ауа» көрнекi сигналдарының коды.
      С-бөлiгi. Маршруттар және әуеайлақтар
      1-тарау. Әрбiр ұшуда ұшу экипажын байланыс құралдары, навигациялық құралдар, әуеайлақтар, аспаптар бойынша қонуға бет алу, аспаптар бойынша ұшып келу және аспаптар бойынша ұшып кету туралы мәлiметтермен және пайдаланушы ұшуларды дұрыс жүргiзу үшiн қажеттi деп есептейтiн басқа мәлiметтермен қамтамасыз ету үшiн нақты ұшуға қажеттi бағыттық анықтамалық мәлiметтер.
      2-тарау. Әрбiр белгiленген бағытта ұшудың ең төменгi абсолюттi биiктiктерi.
      3-тарау. Белгiленген қону әуеайлағы немесе қосалқы әуеайлақ ретiнде пайдалану көзделетiн әрбiр әуеайлақ үшiн пайдалану бойынша минимумдар.
      4-тарау. Қонуға бет алуды қамтамасыз ету құралдарының немесе әуеайлақтық құралдардың жұмысы нашарлаған жағдайда әуеайлақтардың пайдалану минимумдарын ұлғайту туралы ақпарат.
      5-тарау. Мыналарды анықтауды қоса алғанда, қағидаларда көзделген ұшулардың барлық бағыттарын сақтау үшiн қажеттi ақпарат:
      1) ҰҚЖ бетi құрғақ, дымқыл болған және кiрлеген жағдайда ҰҚЖ ұзындығына қойылатын талаптарды, сонымен қатар ұшу аралығына әсер ететiн жүйелердiң iстен шығуымен негiзделетiн талаптар;
      2) ұшып кету кезiнде биiктiк алуды шектеу;
      3) маршрут бойынша ұшу кезiнде биiктiк алуды шектеу;
      4) қонуға бет алу және қону кезiнде биiктiк алуды шектеу;
      5) ҰҚЖ бетi құрғақ, дымқыл болған және кiрлеген жағдайда ҰҚЖ ұзындығына қойылатын талаптарды, оның iшiнде ұшу аралығына әсер ететiн жүйелердi iстен шыққан жағдайда қойылатын талаптар;
      6) қосымша ақпарат, мысалы пневматиктiң жылдамдығын шектеу.
      6-тарау. HUD және EVS пайдалана отырып, қонуға бет алу үшiн әуеайлақтарды пайдалану жөнiндегi минимумдарды анықтауға қатысты нұсқаулықтар.
      D-бөлiгi. Дайындық
      1-тарау. Ұшу экипажын дайындау бағдарламасы туралы толық мәлiметтер.
      2-тарау. Бортсерiктердi мiндеттердi орындауға дайындау бағдарламасы туралы толық мәлiметтер.
      3-тарау. Ұшуды жүргiзудiң бақылауын жүзеге асыру әдiстерiне сәйкес өз қызметтерiн орындайтын ұшуды қамтамасыз ету қызметкерiн/диспетчердi дайындау бағдарламасы туралы толық мәлiметтер.
      4-тарау. Қауiптi жүктердi тасымалдау үшiн авиациялық қызметкерлердi дайындау бағдарламасы.
      5-тарау. Авиациялық қауiпсiздiк бойынша авиациялық қызметкерлердi дайындау бағдарламасы.
      4. Тiкұшақтарды пайдаланатын өтiнiш берушiлер үшiн нұсқаулық мынадай ақпаратты қамтуға тиiс:
      А-бөлiмi. Жалпы ережелер
      1-тарау. Әкiмшiлiк және Ұшуды жүргiзу бойынша нұсқауды бақылау.
      2-тарау. Ұшуды жүргiзуге қатысы бар персоналдың мiндеттерiне жалпы сипаттамасы берiлген нұсқаулықтар.
      3-тарау. Ұшу уақыты мен қызметтiк ұшу уақытын нормалау ережелерi және ұшу экипажының мүшелерi мен бортсерiктердiң демалуы үшiн жеткiлiктi уақыт көзделетiн қағидалар.
      4-тарау. Бортта болуға тиiстi навигациялық жабдықтардың тiзiмi, сондай-ақ сипаттамаларға негiзделген навигацияны пайдалану белгiленген әуе кеңiстiгiнде ұшуды жүргiзуге қатысты кез келген талаптар.
      5-тарау. Радиожиiлiлiктi тыңдау қажеттiлiгi туындаған жағдайлар.
      6-тарау. Ұшудың ең төменгi абсолюттi биiктiгiн анықтау әдiсi.
      7-тарау. Тiкұшақ айлағының пайдалану минимумдарын анықтау әдiстерi.
      8-тарау. Бортта жолаушылар болған жағдайда жанармай құю кезiнде қолданылатын iс-шаралар.
      9-тарау. Жер үстi қызмет көрсетудi ұйымдастыру және оның рәсiмдерi.
      10-тарау. Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 12-қосымшасында белгiленген оқиғаның куәгерi болған әуе кемелерi командирлерiнiң әрекет ету тәртiбi.
      11-тарау. Орындалатын әрбiр ұшу үшiн ұшу экипажының құрамы, сондай-ақ, командирлiк басшылық ету сабақтастығының тәртiбi.
      12-тарау. Ұшудың барлық жағдайларын, оның iшiнде ұшу бағытында герметизациясын жою және бiр немесе бiрнеше қозғалтқыштардың тоқтап қалу мүмкiндiгiн ескере отырып, бактарда болуға тиiстi жанармай мен майдың санын есептеу бойынша нақты нұсқаулықтар.
      13-тарау. Оттегi және оттегiнiң қорлары пайдаланылатын жағдайлар.
      14-тарау. Салмақ пен салмақты орталықтандыруды бақылауға қатысты нұсқамалар.
      15-тарау. Мұз қатуды жою/алдын алу және осы операциялардың орындалуын бақылау жұмыстарына қатысты нұсқамалар.
      16-тарау. Ұшудың жұмыс жоспарына қойылатын техникалық талаптар.
      17-тарау. Ұшудың әрбiр кезеңi үшiн стандартты пайдалану рәсiмдерi (SOP).
      18-тарау. Әдеттегi бақылау тiзбелерiн пайдалану және пайдалану уақытына қатысты нұсқамалар.
      19-тарау. Күтпеген жағдайда ұшып кету қағидалары.
      20-тарау. Абсолюттi биiктiк туралы ақпаратпен қамтамасыз ету етуге қатысты нұсқамалар.
      21-тарау. Әуе қозғалысына қызмет көрсету органының рұқсатын нақтылау және қабылдау, оның iшiнде жердi ұшып өтуге қатысты нұсқамалар
      22-тарау. Ұшып кету және қонуға бет алуға қатысты нұсқамалық.
      23-тарау. Ұшу бағыты мен тағайындау пунктпен танысу.
      24-тарау. Аспаптар бойынша қонуға бет алуды бастау немесе жалғастыру үшiн қажеттi жағдайлар.
      25-тарау. Аспаптар бойынша қонуға нақты және нақты емес кiруге қатысты нұсқамалар.
      26-тарау. Түнгi уақытта аспаптар бойынша қонуға бет алу мен қону және аспаптық метеорологиялық жағдайлар кезiнде ұшу экипажының мүшелерi арасында мiндеттердi бөлу және жұмыс жүктемесiн реттеу рәсiмдерi.
      27-тарау. Азаматтық әуе кемелерiн басып алуға қатысты ақпарат пен нұсқаулықтар, оның iшiнде:
      1) Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 2-қосымшасында белгiленген басып алынатын әуе кемелерi командирлерiнiң iс-қимыл жасау тәртiбi;
      2) Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 2-қосымшасынан алынған басып алатын және басып алынатын әуе кемелерi пайдаланатын көрнекi сигналдар.
      28-тарау. Ұшу қауiпсiздiгiн басқару жүйесi туралы толық мәлiметтер.
      29-тарау. Қауiптi жүктердi тасымалдау бойынша ақпарат және нұсқаулық, сонымен қатар авариялық жағдай туындаған кезiнде орындалуға тиiстi iс-әрекеттер.
      30-тарау. Қауiпсiздiк бойынша нұсқаулықтар және нұсқамалар.
      31-тарау. Тiкұшақты қарап тексеру ережелерiнiң бақылау тiзiбесi.
      В-бөлiмi. Әуе кемесiн пайдалану бойынша ақпарат.
      1-тарау. Сертификаттық шектеулер және пайдалану бойынша шектеулер.
      2-тарау. Әдеттегi, штаттан тыс және авариялық жағдайлар кезiндегi ұшу экипажы iс-әрекеттерiнiң тәртiбi және онымен байланысты бақылау карталары.
      3-тарау. Тартылыстың/қуаттың және жылдамдықтың белгiленген әртүрлi мәндерiн ұшу алдында және ұшуды жоспарлау үшiн ұшуды жоспарлау деректерi.
      4-тарау. Салмақты және салмақты орталықтандыруды есептеу үшiн нұсқаулықтар және мәлiметтер.
      5-тарау. Әуе кемесiне жүктеу және жүктi арқандап байлау бойынша нұсқаулықтар.
      6-тарау. Әуе кемелерiнiң жүйелерi, басқарудың тиiстi органдары және оларды пайдалану бойынша нұсқаулықтар.
      7-тарау. Пайдаланылатын тiкұшақтардың түрлерi үшiн ең аз жабдықтардың және сипаттамаларға негiзделген навигацияны пайдалану белгiленген әуе кеңiстiгiнде ұшуды жүргiзуге қатысты кез келген талаптарды қоса алғанда, рұқсат етiлген арнайы ұшулар тiзiмi.
      8-тарау. Авариялық және құтқару жабдықтардың бақылау тiзiмi, сонымен қатар оны пайдалану бойынша нұсқаулықтар.
      9-тарау. Жағдайлардың түрiне қарай арнайы рәсiмдердi, экипаж әрекеттерiн үйлестiрудi, авариялық жағдайда экипаж мүшелерiне жұмыс орындарын бекiту және экипаждың әрбiр мүшесiне тапсырылған авариялық мiндеттердi қоса алғанда, авариялық эвакуация қағидалары.
      10-тарау. Әдеттегi, штаттан тыс және авариялық жағдайларда кабина экипажы әрекеттерiнiң тәртiбi, соған байланысты бақылау карталары, сонымен қатар белгiленген талаптарға сәйкес әуе кемесiнiң жүйелерi туралы ақпарат және ұшу және қызмет көрсететiн экипаж әрекеттерiн үйлестiрудiң қажеттi рәсiмдерiн сипаттау.
      11-тарау. Түрлi бағыттарға арналған құтқару және авариялық жабдықтар және оттегiнiң қажеттi және бар қорларды анықтау рәсiмдерiн қоса алғанда, ұшу алдында жабдықтың қалыпты жұмысын тексеру бойынша қажеттi рәсiмдерi.
      12-тарау. Тiрi қалған адамдардың пайдалануы үшiн Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 12-қосымшасындағы «жер – ауа» көрнекi сигналдарының коды.
      С-бөлiгi. Маршруттар және әуеайлақтар
      1-тарау. Әрбiр ұшуда ұшу экипажын байланыс құралдары, навигациялық құралдар, әуеайлақтар, аспаптар бойынша қонуға бет алу, аспаптар бойынша ұшып келу және аспаптар бойынша ұшып кету туралы мәлiметтермен және пайдаланушы ұшуларды дұрыс жүргiзу үшiн қажеттi деп есептейтiн басқа мәлiметтермен қамтамасыз ету үшiн нақты ұшуға қажеттi бағыттық анықтамалық мәлiметтер.
      2-тарау. Әрбiр белгiленген бағытта ұшудың ең төменгi абсолюттi биiктiктерi.
      3-тарау. Белгiленген қону тiкұшақ айлағы немесе қосалқы тiкұшақ айлағы ретiнде пайдалану көзделетiн әрбiр тiкұшақ айлағы үшiн пайдалану бойынша минимумдар.
      4-тарау. Қонуға бет алуды қамтамасыз ету құралдарының немесе тiкұшақ айлақтық құралдардың жұмысы нашарлаған жағдайда әуеайлақтардың пайдалану минимумдарын ұлғайту туралы ақпарат.
      5-тарау. HUD және EVS пайдалануды ескере отырып, қонуға бет алу үшiн әуеайлақтарды пайдалану бойынша минимумдарды анықтауға қатысты нұсқаулықтар.
      D-бөлiгi. Дайындық
      1-тарау. Ұшу экипажын дайындау бағдарламасы туралы толық мәлiметтер және қойылатын талаптар.
      2-тарау. Бортсерiктердi мiндеттердi орындауға дайындау бағдарламасы туралы толық мәлiметтер.
      3-тарау. Ұшуды жүргiзудiң бақылауын жүзеге асыру әдiстерiне сәйкес өз қызметтерiн орындайтын ұшуды қамтамасыз ету қызметкердi/диспетчердi дайындау бағдарламасы туралы толық мәлiметтер.
      4-тарау. Қауiптi жүктердi тасымалдау үшiн авиациялық қызметкерлердi дайындау бағдарламасы.
      5-тарау. Авиациялық қауiпсiздiк бойынша авиациялық қызметкерлердi дайындау бағдарламасы.

Сертификаттау және азаматтық әуе


кемелерiн пайдаланушы сертификатын
беру қағидаcына         
6-қосымша            


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет